Шетел тілінен өзіндік жұмысты ұйымдастыру өзін – өзі талдау, өзін – өзі бағалау, өздігінен даму жолы ретінде


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

(ЖОО-ң атауы)

(Факультеттің атауы)

(Кафедраның атауы)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӨЗІН - ӨЗІ ТАЛДАУ, ӨЗІН - ӨЗІ БАҒАЛАУ, ӨЗДІГІНЕН ДАМУ ЖОЛЫ РЕТІНДЕ

Орындаған: . . .

Ғылыми жетекші: . . .

Тапсыру мерзімі: . . .

Қорғау мерзімі: . . .

Бағасы: . . .

(Қаланың атауы), 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: І Тарау. ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 1
3: Өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық және лингвистикалық негіздері . . .
6
КІРІСПЕ . . .: 1. 2
3: Өзіндік жұмысты ұйымдастыру шарттары мен талаптары . . .
7
КІРІСПЕ . . .: 1. 3
3: Шетел тілін оқытуда білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру технологиялары . . .
9
КІРІСПЕ . . .: ІІ Тарау. ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ . . .
3: 11
КІРІСПЕ . . .: 2. 1
3: Ағылшын тілі сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету . . .
11
КІРІСПЕ . . .: 2. 2
3: Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында интерактивті әдісті қолдану . . .
15
КІРІСПЕ . . .: 2. 3
3: Ағылшын тілі сабағында формативті бағалау . . .
19
КІРІСПЕ . . .: 2. 4
3: Шет тілі сабағында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру . . .
23
КІРІСПЕ . . .: 2. 5
3: Ағылшын тілі сабағында саралап, денгейлеп оқыту технологиясының қолдану мазмұны . . .
30
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 34
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 37

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі.

Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н. Ә. Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды

Бүгінгі оқытушы білім алушының тану-ойлау қызметін ұйымдастырушы, білім алушы өз бетінше белсенді түрде жұмыс жасаушы, оның өзіндік даярлығына тиесілі уақыт аудиториялық сағатқа қарағанда екі есеге артық не 70 пайыздан кем болмауы керек, өйткені әрқайсысының білім деңгейі, қабілеті бірдей емес.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Өзіндік жұмыстарын жетілдіру мәселесі көптеген психологтардың, педагогтардың және әдіскерлердің зерттеулеріне арқау болған.

ӨЖ - болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттыру-дың ең басты резервтерінің бірі. Осыған орай әр білім алушының ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуін, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеруді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және

жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді, түрлі күрде-лі сұрақтарды шығармашылықпен шеше білуді үйренуін талап етіледі.

ӨЖ - білім алушылардың өзіндік әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше бір құралы.

Оқып-үйренушілерде өзіндік жұмысты орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, өзіндік жұмыстың психологиялық құрылымы Н. А. Менчинская, Д. А. Андреева, Е. М. Иванова, В. А. Крутецкий, Н. Ф. Талызына, қазақстандық психологтар: И. Ә. Әбеуова, М. Қ. Бапаева және т. б. зерттеулеріне нысан болған.

Зерттеудің өзектілігі.

Шетел тілін оқыту теориясы мен практикасында рефлексивті жол (өзін өзі тексеру мен бағалау) оқытудағы тиімді жолдардың бірі ретінде және тұлғаға бағдарлы оқытуды іске асыру ретінде қарастырылуда. Бірақ, отандық әдістемеде бағалау іскерлігін қалыптастыру механизмдері қажетті деңгейде жүзеге асырылмайды.

Қазақстандық ғалымдар К. Б. Сматова мен К. М. Араповалар өздерінің кандидаттық диссертациялық зерттеулерінде білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын туризм және т. б. салалар бойынша анықтап, зерделеген. Бұл жұмыстар біздің зерттеу мәселемізге арқау болды.

Алайда, жоғарыдағы аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерде оқытудың ерекшеліктері мен білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың теориясы және әдістемесі түрлі бағытта қарастырылғанымен, шетел тілі мамандығы бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің арнайы зерттеу нысанасы болмағандығын көрсетеді.

Зерттеу проблемасы аясында жарық көрген ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасаған талдау, қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының толықтай білім беру жүйесіне көшу кезінде бұл мәселенің ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, білім беру жағдайында білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын жеке пәндер бойынша орындауды тиімді ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік құралдарының қажеттілігі, оқу үдерісінде білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын орындау деңгейі мен қазіргі білім беру жүйесінің талаптары арасындағы қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын «Шетел тілінен өзіндік жұмысын ұйымдастыру өзін - өзі талдау, өзін - өзі бағалау, өздігінен даму жолы ретінде (ағылшын тілі негізінде) » деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысаны. Білім беру мекемелерінде білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үдерісі.

Зерттеу пәні. Шетел тілінен өзіндік жұмысын ұйымдастыру өзін - өзі талдау, өзін - өзі бағалау, өздігінен даму жолы ретінде.

Зерттеу мақсаты. Білім беру жүйесі негізінде оқу орны білім алушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық, әдістемелік негіздерін тұжырымдау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Оқу орындарында білім беру негізінде білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеу
  2. Білім беру жүйесінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық және лингвистикалық негіздерін айқындау
  3. Оқу орындарында білім беру негізінде білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің тиімділігін тексеру.

Зерттеудің дереккөздері. Білім беру саласындағы ресми материалдар мен құжаттар, зерттеу проблемасы бойынша философ, психолог, педагог ғалымдардың еңбектері; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясы; Жаңа шет тілдік білім беру тұжырымадамасына басқа да білім беру мәселелеріне қатысты нормативтік құжаттар, оқу әдістемелік кешендер (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқу құралдары және т. б. ) ; жеке ғалымдар диссертациялары.

Зерттеудің теориялық негіздеріне таным теориясы, тұлғаға бағдарлы теория, лингвистика, тұлға және іс-әрекет теориясы, ғылым мен тәжірибені кіріктіру теориясы, өзіндік таным теориясы және субъектінің өзін-өзі басқару және бағалау теориясы және т. б. алынды.

Зерттеу әдістері ҚР білім туралы Заңы 2011ж., ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, бақылау және талдау. Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқу орындарының тәжірибелерін зерделеу, талдап қорыту, білім алушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау, оқу үдерісінің мақсатына сай тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу, оның нәтижесін математикалық талдау арқылы өндеу және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • оқу орындарында білім беру негізінде білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру теориялық тұрғыда негізделді; білім беру жүйесінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық және лингвистикалық негіздері анықталды; оқу орындарында білім беру негізінде білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі.

Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру, болашақ мамандардың қоғам талабына сай біліктілігін жетілдіреді. Оқу мақсатын дәл анықтап, тақырыпты, тарауды, тілді игеру деңгейіне нақты талаптар қоя отырып, білім алушының өзіндік оқу әрекетін дұрыс жоспарлауға жағдай жасап, өзін-өзі дамытуға қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық мәні:

Білім беру жүйесі бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзін - өзі талдау, өзін - өзі бағалау және өздігінен дамуға жағдай жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы оқу орындарында білім беру жүйесі бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру білім алушылардың өзіндік таным іс-әрекетін қазіргі заман талыбына сай қалыптастыруға негіз бола алады.

Қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны жинақталып білім беру жүйесі бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы ой-тұжырымдар қорытындыланды.

І Тарау. ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық және лингвистикалық негіздері

Л. С. Выготскийдің пайымдауынша, шетел тілін меңгеру ана тілін дамытуға қарама-қайшы басқа жолдары арқылы жүргізіледі. Баланың ана тілін меңгеруі үнемі тілдік ортаның болуы, сансыз түрде қоршаған ортаны ерекше тіл формасымен игеруі, оның барысында бір мезгілде баланың ойлау қабілеті дами түседі, себебі бала ойын тіл арқылы жеткізу барысында қоршаған ортаны таниды. Сансыз түрде басталған бұл үдеріс бала есейген сайын саналы тілдік шығармашылыққа ұласады. Одан әрі, ана тілін әдеби жағынан үйрену, ауызша ойын жеткізу барысында саналы тұрғыда игеріледі [6] .

Шетел тілін үйрену барысында бала ана тілін жетік меңгеріп, өз ойын өз тілінде жеткізе білу қабілетіне ие болады. Бұл үдеріс барысында оқушы ойын жеткізудің жаңа тәсілдеріне дағдыланады (соның ішінде, ұлттық-мәдениет ерекшеліктері) бірақ жаңа ойлау түріне емес. Шетел тілін үйрену тілі туралы және халықтың мәдениеті туралы білімін меңгеру саналы фазасына жету, тілдік ортада емес үнемді ұйымдастырылған оқыту аясында шетел тілінің ішкі құрылымы мен құбылыс жүйесіне жетуден басталады. Тағы айта кететін жайт, кішкентай бүлдіршінге ана тілі өмірде қажетті шынайы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалғыз қарым-қатынас құралы болып табылса, ал шетел тілін үйрету барысында түрткі болу проблемасы маңызды болып табылады.

Шетел тілін үйретудің тиімділігі көп жағдайларда оқу үдерісінің табиғи тілдік жағдайда тілді меңгеруді басқаруға жақындылығы деңгейімен анықталады, бұл өз тұрғысында келесілерді болжайды: қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы оқу уақытын кеңейту, үйренушілердің лингвомәдениетімен салыстыру элементтеріне сүйенуде тең түпнұсқа сөзін және тең түпнұсқа тілін қолдану, үйренушілердің нақты қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, дербестіктерін ынталандыру мақсатында тілге қатысты үйретудің мазмұндық аспектілер маңыздылық меншікті салмағын көтеру, себептерді көбейту. Соның негізінде біз шетел тілін үйретуде тілдік білім беру ортаны құру туралы қорытындыға келдік.

  1. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру шарттары мен талаптары

Пән ретінде оқытылатын «Шет тілінің» практикалық және зертханалық сабақтары білімгерлердің дара қасиеттері мен ойлау қабілеттерін дамытуға, тақырыпты терең меңгертуге, танымдық және шығармашылық әрекеттерін арттыруға, өзіндік жұмыстарға қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеуге сабақ санының шектеулі бөлінуіне байланысты жеткілікті мүмкіндіктер бере алмайды.

Білім алушылар дәстүрлі сабақтар кезінде оқытушының мамандыққа қажетті берген дайын білімдерімен ғана шектеліп, яғни « қалыпты белсенділік » әрекетінде қалыптасып қалмай, білімді ары қарай өз бетінше белсенді қабылдау, іздену, тану, шығармашылық іс-әрекеттермен айналысу арқасында дамытуы қажет.

Неміс философы Зиммель «білімді адам - ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам» деген екен. Алайда « арнайы өзіндік жұмыс » оқу үдерісінің екінші деңгейінде көрініс алғанымен, оқу жүйесі бойынша білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытатын негізгі деңгей болып табылады, ол «ізденушілік, шығармашылық белсенділік » әрекетінде білімгерлердің жас ерекшеліктеріне, ойлау қабілеттерінің даму дәрежесіне қарай әр түрлі деңгейде өрбиді, әртүрлі әрекет етеді, сондықтан « арнайы өзіндік жұмысты» және « қосымша өзіндік жұмысты » орындауға қойылатын шарттар мен талаптар да әртүрлі болуы тиіс.

Сонымен, білім алушы оқу түрінің қай деңгейінде болмасын өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша мына шарттарды есте сақтауы керек:

  • білім алушы өзі атқаратын жұмысының мақсатын түсіну;
  • білім алушы өз жұмысының оң нәтиже беруіне қызығу;
  • білім алушы өз жұмысының ойдағыдай аяқталуына сену;
  • білімалушы жұмысты өз тарапынан орындауы;
  • білім алушы өз ой-әрекетін басқара алуы;
  • түрлі құбылыстар мен ғылыми үдерістерді болжауы.

Қазіргі кездегі оқытушының міндеті бұл сабақтарды бұрынғы дәстүрлі әдіс-тәсілдер деңгейінде қалып қоймай, теорияны міндетті түрде тәжірбиемен байланыстыра отырып жүргізуді, білімгерлердің ой-өрісін кәсіби деңгейде дамуға жетелейтін өзіндік жұмыспен ұштастырып отырудың жолдарын, ең бастысы, сабақты жаңа ақпараттық технологияны қолданып өткізу әдіс-тәсілдерін қарастыру болып табылады.

Сондықтан, білім беруші білім алушының өзіндік жұмыс тапсырмаларын ұйымдастыруда мына талаптарды есте ескеруі керек:

  • ӨЖ-ді оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
  • білім алушының жеке дербестігін арттыру;
  • білім алушының икем дағдыларын қалыптастыру;
  • білім алушының өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
  • білім алушының шығармашылық даралығының дамуына үн қосу;
  • білім алушының өзіндік жұмысының мазмұнына ағымдық ақпараттардыенгізу;
  • жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең қолдануға;
  • білім алушының белсенді үрдіске енуіне жағдай жасау;
  • өз бетінше әрекет етуге машықтандыру;
  • ғылыми талдау негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Шетел тілін оқытуда білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру технологиялары

Білім беру жүйесіндегі білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың білім алушылар үшін ерекше бір маңызы - болашақ мамандар, білімнің әр түрлі аймағынан ақпаратты қолдана отырып, нақтылы тәжірибелік мәселелердің шешуін тауып үйренулеріне әсерін тигізеді. Нақтырақ айтқанда, өздігінен орындайтын жұмыстың мақсаты - білім алушы алған білімін жан-жақты қарастырып дамыта білуіне, ізденіске ұмтылуына, өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін алған ақпаратты қолдана білуіне себеп болуға негізделген [7] . Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар білім алушылардың өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады, ал бұл - білім алушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Өздігінен орындайтын жұмыстың нәтижесі жақсы болуы үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы және білім алушыларды оқу-әдістемелік, анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз етілуі қажет. Оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдарға: әр пәннің аудиториялық жұмысына арналған білім алушыларге таратып берілетін материалдары: лекцияның тақырыптары, семинар сабақтарының жоспары, аудиториялық сабақтарға арналған мультимедиялық көріністер, Білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған материалдары: үй тапсырмаларының тақырыптары, әр тақырыпқа арналған өзіндік тексеру материалдары, курстық жұмыстар мен рефераттардың типтік үлгілері, оқу электрондық материалдары, алған білімді тексеру материалдары, жазбаша бақылау тапсырмалары, жазбаша электрондық тест сұрақтары, сынақ билеттері және әр пәнге арналған жоспар жатады. Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру мақсатын тиімді шешудің және бір түрі - дәстүрлі оқыту әдісінен алшақ, қазіргі кезге сай ғылыми дәйектелген және жете зерттелген оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарын, инновациялық технологияны (білім алушының әр түрлі ақпарат қорларын еркін қолдануға мүмкіндік беретін және оқытудың электрондық тәсілін қолдануға оңтайлы жағдай жасайтын, техникалық құралдардың жиынтығы: электронды оқу құралы, компьютерлік оқыту бағдарламалары, бақылайтын бағдарламалар, демонстрациялық бағдарламалар, компьютерлік модельдер және т. б. ) оқыту үдерісіне енгізу. Сол сияқты ақтырақ айтқанда технологиялық тапсырмалардың «кейс-стади» технологиясын қолданудың да мәні зор, оны орындау барысында білім алушы өзінің жаңашыл ойын, дәстүрге кірмеген әдіс-амалын көрсетіп жеткізуіне болады.

Тағы да айта кететін жай, өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, тапсырманы әр білім алушының дайындық деңгейін ескере отырып, нәтижесінде білім алушы өзін тек қана пайдаланушы ретінде ғана емес, жаңа білімді таратушы ретінде де, өзінің жеке танымдық іс-әрекетінің қоғамдық маңызы бар екенін сезінетіндей «ақпарат - білім - ақпарат» жүйесіне сәйкестендіріп құрастыру керек. М. Н. Скаткинның Білім алушылардың тиісті дайындығы болса, зерттеушілік әдісті қолдануға болады деген құнды пікірін қолдай отырып жоғарыда аталған лекция тақырыбы бойынша бір семинар сабағын өткіздік [8] . Оны өткізуде Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруда семинар сабақтарының төмендегідей маңызды теориялық және әдістемелік мазмұны ескерілді. Семинар - білім алушылардың теориялық алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдану мақсатында өткізілетін сабақ түрі. А. М. Матюшкин пікірінше, семинар сабақтары оқу жағдайында білім алушылардың шығармашылық әрекетін, танымдық мотиві мен білімін кәсіптік тұрғыда қолдана білуге бағытталуы тиіс. Білім алушылар баяндамашы, оппонент рөлінде мәселе, міндеттерді шешуде біліктілігі мен дағдысы арқылы дәлелдеме келтіру, өз көзқарасында тұру, теориялық дайындық деңгейін демонстрациялауға үйренуі керек [9] .

Білім беру жүйесіндегі Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың білім алушылар үшін ерекше бір маңызы - болашақ мамандар, білімнің әр түрлі аймағынан ақпаратты қолдана отырып, нақтылы тәжірибелік мәселелердің шешуін тауып үйренулеріне әсерін тигізеді. Анығына келсек, өздігінен орындайтын жұмыстың мақсаты - білім алушы алған білімін жан-жақтылай қарастырып дамыта білуіне, ізденіске ұмтылуына, өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін алған ақпаратты қолдана білуіне себеп болуға негізделген [10] .

ІІ Тарау. ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ.

2. 1. Ағылшын тілі сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.

Осындай технологиялардың бірі Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

  • релеванттық ақпараттар жинауды;
  • дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;
  • кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
  • ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін-өзі тануға қатысты эмоция да болуы ықтимал) .

Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, көзқарастарға көңіл бөлу) .

Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 39-бет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
Топтық оқыту технологиясы
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту құралы
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz