Киіз бұйымдарын жасау


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы : Киіз бұйымдарын жасау

Кіріспе

Қазақстанда ұлттық қол өнер шеберлері, яғни зергерлер, қыш құюшылар, нақыштаушылар, ағаш кесушілер қашанда болған. Олардың өнер түрлері бүгінге дейін сақталған, алайда бәріне қарағанда киіз, яғни түйе терісінен өнім өндіру өнері ерекше және үлкен сұранысқа ие болып есептеледі.

Киіз кілем беті мен киімдерді сонымен қатар, көшпенділердің мекені - киіз үй дайындауда қолданылған. Киіз үй киізбен сыртынан және ішінен қапталады. Ал оның табиғи қасиеттерін (жылу ұстап тұрғыштығы, төзімділігі) көптеген әлем елдері мойындаған. Киізді декоративті бағытта қолдануға болады. Декоративті киізбен жұмыс жасайтын шеберлер арқасында ол сән трендіне айналды.

Қазіргі дизайнерлер оны киім үлгілерінің бөліктеріне қолданып қана қоймай, одан жеке костюмдер тігетін болды. Соңғы кездері киізден жасалған сырғалар, алқалар, білезіктер кең тарауда. Сонымен қатар, сөмкелерді, ұялы телефондарға арналған қапшаларды, аяқ киімдерді, т. б. да атауға болады.

Заман талабына сай адамдардың талғамы өзгеруде, сол себептен киіз бұйымдарын жасау бір жағынан ата - бабамыздан қалған салт - дәстүрді дамыту болса, екінші жағынан халықтың киіз бұйымдарына деген сұранысын қанағаттандыру арқылы, жаңа табыс көзін ашу.

Жобаның тұжырымдамасы : Өскемен қаласында киіз бұйымдарын жасайтын цех ашу

Киіз бұйымдарын жасайтын цехтың негізгі шығаратын өнімдері:

  • Киіз шұлықтар
  • Киіз моншақтар
  • Жылы орамал
  • сөмке
  • Киіз ұлтарақтар
  • Байпақтар
  • Бас киім
  • сырмақ

кейінгі жылдары бұл бұйымдарға қоса жаңа бұйымдар шығарылатын болады.

Цех жалпы алаңы 80 шаршы метрлік жалдамалы орын-жайда орналасатын болады.

Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.

Өнімді тұтынушылар : Өскемен қаласының тұрғындары

Жоспарланып отырған мерзім : 2015-2018 жылдар

Ғимараттар: Болжанып отырған цехтың аумағы шамамен 100 шаршы метрді құрайтын кәсіпорын басшысының өз меншігіндегі жерде орналаспақ. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады.

Жобаны қаржыландыруды жоба басшысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың теңге
Сомасы
Кезеңі
Үлесі
Қаржыландыру көзі, мың теңге: Негізгі капиталға инвестициялар
Сомасы: 1 200 000
Кезеңі: 12. 2014
Үлесі: 67%
Қаржыландыру көзі, мың теңге: Айналым капиталы
Сомасы: 1 000 000
Кезеңі: 12. 2014
Үлесі: 33%
Қаржыландыру көзі, мың теңге: Барлығы
Сомасы: 2 200 000
Кезеңі:
Үлесі: 100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы
тенңе
Кредит валютасы: Пайыздық ставка, жылдық
тенңе: 7%
Кредит валютасы: Өтеу мерзімі, жыл
тенңе: 2, 0
Кредит валютасы: Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
тенңе: ай сайын

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- Өскемен қаласында жаңа жұмыс орнын құруға;

- Өскемен қаласының бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

- Өскемен қаласының тұрғындарын киізден жасалатын бұйымдардың түрімен таныстыру, олардың бұйымға деген сұранасын қанағаттандыру және өзге қалаларға да бұйымдарды сатуға шығару.

Өнімнің сипаттамасы

Киіз - жүн және түкті тері қалдықттарын илеу арқылы немесе минералды мақтаға тұтқыр материал қосып, жылумен өңдеп, қалыптау тәсілімен жасалған аралық төсем, тығыздау арқылы дыбыс пен жылуды оқшаулау үшін пайдаланылатын зат.

Киіз (ағыл. Felt, нем. Filz) (түрікше ajlyk - жамылғы, жапқыш) - қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б. з. б. 1-мыңжылдықта белгілі болған. Киіз Басу - дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр (қалпақтық биязы киіз) басу процестері де Киіз Басу дәстүрлі технологиясымен бірдей.

Жүн - ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механиклық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 - 35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0, 55 г/см3 (байпақтың табаны 0, 42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.

Киіз басу барысы

Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 - 4 рет ағынды суға тоғытады.
Киіз басу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады:

Сабау . Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабайды.

Шабақтау. Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет тартып машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі, екі-үш адам орындаса, жүн ала-құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды.

Булау. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3 - 4 әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Түгел жиналған шидің сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10 - 12 адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам - “қой бастар” киізді алға қарай (өзіне қарай) домалата сүйрейді. Бұдан кейін шидің шандуларын шешіп, шиыршықталған киізді жазып босатады. Киіздің асты-үстін ауыстырып отырып, 3 - 4 рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды.

Білектеу. Ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып, тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Білектеліп болған киізді ұзыннан екі қабаттап бүктеп, оның екі басын бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді.

Қарпу. Киіз басушылар киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады. Қусырылған киіздің әр жерінен қамти ұстап, оңды-солды қарпиды. Қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Енді оны ұзынынан шығара созғылай есіп шиыршықтайды да, әуелі бір жақ шетін жұмарлай білектеп есе отырып, екінші басына жеткізеді. Одан кейін екінші басын тағы да соза білектей отырып бірінші басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегістеліп шығады. Дайын болған киізді арналған мақсатына қарай өре киіз, кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, сатымсақ киіз, қозы жүнді киіз деп бірнеше түрге бөліп айтады.

Механикаландырылған киіз басу

Қазіргі заманғы Киіз Басу жұмыстары механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен көпсітіліп, майланып, араластырылады да, тарақтап түту машинасымен түтіледі. Түтілген жүн жасалатын бұйым пішіміне сай тартылып, талдыру машиналарында дірілдеткіш, қызған тақталар көмегімен талдырылады, күкіртқышқылының ертіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол білектеуден өтіп нығыздалады, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейеді. Білектеу бірнеше рет қайталанады. Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңынан байпақ пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп, ал киізді булы кептіргіштерге жайып кептіреді. Киіз Басу - әрлеу, түгін қырқып тазалау, престеу, кесу т. б. жұмыстармен аяқталады. Шұға өндірісіндегі Киіз Басу тек өңдеу процесінің бірі боп саналады.

Жабдықтардың тізбесі мен оны сатып алу шығындары келесі кестеде берілген.

Цех жабдықтарының тізбесі

Атауы
Саны
Бағасы, мың теңге
Сомасы, мың теңге
Атауы: Көпсітетін машинкасы
Саны: 5
Бағасы, мың теңге: 40
Сомасы, мың теңге: 200
Атауы: Тарақтап түту машинасы
Саны: 2
Бағасы, мың теңге: 45
Сомасы, мың теңге: 90
Атауы: Талдыру машинасы
Саны: 1
Бағасы, мың теңге: 25
Сомасы, мың теңге: 25
Атауы: Басы машинасы
Саны: 5
Бағасы, мың теңге: 15
Сомасы, мың теңге: 75
Атауы: Кергіш машинасы
Саны: 5
Бағасы, мың теңге: 8
Сомасы, мың теңге: 40
Атауы: Булы кептіргіш
Саны: 1
Бағасы, мың теңге: 30
Сомасы, мың теңге: 30
Атауы: Өндірістік инвентарь
Саны: 1
Бағасы, мың теңге: 70
Сомасы, мың теңге: 70
Атауы: Жиыны
Саны:
Бағасы, мың теңге:
Сомасы, мың теңге: 530

Жобада орын-жайды қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда электр, сумен және жылумен жабдықтау, сондай-ақ телефон байланысы болады. Қажет болған жағдайда цех жұмыстың талаптарына сай қажетінше бейімделетін болады.

2015 жылға арналған инвестициялық шығындар

Атауы
Сомасы, мың теңге
2015ж
қаңтар
Атауы: Жабдық
Сомасы, мың теңге: 530
2015ж: 530
Атауы: Жиыны
Сомасы, мың теңге: 530
2015ж: 530

Жабдықтарды жеткізу шығыстары оның құнына қосылған.

1. Шиге жүнді 9. Қыл-қыбырынан

сабақтап орау тазалау

2. Ыстық су себу

8. Кептіру

3. Тебу

7. Ұзындау

4. Кірігу үшін 6. Қарпу

булау

5. Білектеу

тығыз жұқа

мықты босаң

Бас киім сырт киім аяқ киім

Дайын болған киізді арналған мақсатына қарай өре киіз, кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, моншақ, сырға, бас киімдер болып бірнеше түрге бөлінеді.

Технологиясы

Киіз өндірісі - белгілі бір шеберлікті қажет ететін күрделі үдеріс.

  • Киіз өнімдерінің бірі -киіз шұлықтар. Киіз шұлықтар жасау үшін арнайы жұқа, жұмсақ, ақ және қоңыр түсті киіз қолданылады. Әр шұлықты біркелкі киізден пішеді. Табаны мен қонышы бір тігіспен тігіледі. Үстін қара түсті мақта матадан тігу керек.
  • Сыйлық және кәдесыйөнімдерін табиғи материалдардан (қой терісі) дайындайды, олар кестеленіп әдемілеп тігіледі.
  • Киіз ұлтарақтарыңғайлы, төзімді әрі жылы болып келеді. Ондай ұлтарақтар суық мезгілде далада жұмыс істейтіндерге (балықшылар, аңшылар, құрылысшылар, шахтерлер, геологтар мен әскерилерге) арналған. Киіз ұлтарақтары қан айналымды реттеп, аяқтың шаршағандығы мен ауырғандығын басады, суық тию мен түрлі аурулардың алдын алады. Оларды түрлі өлшемде жасайды.
  • Киізден жасалған жабық тұмсықтыбайпақжылы болады. Оларды пішу үшін үлгі ретінде үйдегі ескі аяқ киімдер жарайды. Тігістерін сөгіп, жеке бөлшектерін қағазда түсіріп, киізге аударыңыз. Тұтас киіз қолданған дұрыс. Табан, ұлтарақ пен ұйықтың үстіңгі және астыңғы бөлігін жекелеп дайындау керек. Ұйықтың екі бөлігін бір-біріне жабыстырып, үстіңгі бөлігін ораңыз. Оларды кантпен өңдеуге болады. Үстіңгі бөлік кант немесе аң терісімен өңделеді. Аң терісінен де ұлтарақ жасауға болады. Табаны мен ұлтараққа поролон салып жабыстырыңыз. Бәрін қосып, ұштарын айналдырып ораңыз.
  • Киізденбас киімде тігуге болады. Әйелдерге арналған қалпақтарды жасау оңай. Олар үшін көлемі жағынан үлкен киіздер қолданылады. Бөліктер біркелкі материалдан тігіледі. Үлгі бойынша қалпақтың үстіңгі бөлігін дайындаймыз. Үстіңгі бөлік айналдырылып тігіледі. Қалпақтың жиектері де оралып тігіледі. Әйелдерге арналған қалпақтардан бөлек, моншаға арналған қалпақтар, кілемшелер тігуге де болады.
  • Сырмақ- халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы. Сырмақ еденге төселетін бірден - бір жарасымды дүние.

«Сырмақ» сөзі - «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымак» болып айтылып, кейін келе «ы» әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып калыптаскан.

Сырмақ түрлері:

Сырмақтар ұсталатын орнына қарай от киіз ( от сырмақ), отбасы сырмағы, тізе сырмағы, тер сырмақ, іргелік (ірге киіз), бұйым сырмак т. б деп аталады.

Үлгілеу және істелеу жолдарына карай бірнеше түрге бөлінеді. Байырғы үлгіден дәстүрлі сырмақ, оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, жиек сырмақ, кестелі сырмақ, біз кестелі сырмақ, баспа кестелі сырмақ, ашамай кестелі сырмақ, жапсырма кестелі сырмақ, кілем пішінді сырмақ, көне, жаңа үлгідегі от киіздер.

Істелеу материалына қарай оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, кестелі сырмақ, жиек сырмақ, кілемше сырмақ, құрақ сырмақ деп аталады.

Мына екі түсті киізді біріне-бірін ойыстыру арқылы шығарылған бұйым сырмақ деп аталады.

Сырмақ сыру технологиясы:

  1. Екі түсті киізді біріне-бірін беттестіріп көктеп бетіне ою-өрнек сызу.
  2. Киіз ою. Өткір пышақпен асқан шеберлікпен ойып алу.
  3. Салңастыру - көктеу жібін сөгіп, киіздін екі түсінің ортасын ауыстырып киыстыру.
  4. Үйлестіру - оюларды жіппен іліп косу.
  5. Біріктіру - оюларды түйістіріп, жөрмеп тігу.
  6. Жиектеу жұмысы

Осындай өнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге казіргі заман талабына сай күнделікті өмірде колдануға жарайтынына көз жеткізу керек. Сырмақ тек қана киізден ғана емес матадан, түрлі жіптермен ою нақыштарын келтіріп сыйлыктык бұйымдар жасауға болады. Осындай бұйымдардың бірі мойынға салатын жылы орамал .

Жылы орамал жасаудың технологиясы:

  1. Шолк пен жүнді бояу
  2. Боялған шолкты ұзыннан жаю
  3. Үстіне боялған жүнді жұкалап екі рет тігінен және көлденең тастау
  4. Бетіне жүнді оюлап және гүлдендіріп тастау
  5. Жүн бетіне жұқа тор матамен жабу
  6. Аздап жылы су сеуіп, қолмен уқалау
  7. Жүн шолкқа біріккен соң суын сығып, тақтайға ұру
  8. Дайын бұйымды матадан ажырату.

Киізден сөмке басу технологиясы

1. Алдын -ала жүнді бірнеше рет жуу, жасыл түске бояп кептіру

2. Шиді немесе төсенішті дайындау

3. Киіз сөмкеге салынатын өрнек (түр) түрлерін анықтау.

4. Керекті материалдар мен құрал-жабдығын дайындау.

5. Шиге жіптен түр салу

6. Өрнекті айналдыра жүн тарту(тігінен, көлденеңінен)

7. Су бүрку, бетін орамалмен жауып сабын жағу

8. Шиге орап бірнеше рет шиыршықталып орап, басу(төрт жағынан қайталау)

9. Тағы жүн салып су бүрку, сабын жағып орау, басу, шетін тегістеу(сөмке түріне келгенше)

10. Оқтаумен оқтаулау

11. Таза сумен шаю, сосын уксус тамызылған сумен шаю, кептіру

Бұйымдардың көпшілігі ою-өрнектермен әсемделініп жасалынады. Жасаушылардан ерекше талғампаздықты, нәзіктікті, эстетикалык талғамды талап етеді.

Ою-өрнек түрлері: Ою-өрнек түрлері
Мысалдары:: Мысалдары:
Ою-өрнек түрлері:

1. Зооморфтық

2. Өсімдік тектес

3. Геометриялық

4. Космогониялық

Мысалдары::

Қошқармүйіз, құсқанат Арпабас, сегізжапырақ Ирек, сызык, т. б

Айшық, жұлдызша

Бұйымдарға өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу қажет. Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы.

Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым

табуы - колорит деп аталады.

Жалпы алғанда, ою-өрнек - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.

Ою түрі: Ою түрі
Атауы: Атауы
Қолданылатын орны: Қолданылатын орны
Оюдың мағынасы: Оюдың мағынасы
Ою түрі:
Атауы: Тоғызтөбе
Қолданылатын орны: «Тоғызтөбе» ою-өрнегін Айша - бибі күмбезін өрнектеу ушін қолданған
Оюдың мағынасы: Бұл ою ең көне оюлардың бірі
Ою түрі:
Атауы: Тіс
Қолданылатын орны: Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тігістерді өрнегінде қолданылады
Оюдың мағынасы: Тіс - малдың, аңның тісіне ұксас, молшылыктың белгісі
Ою түрі:
Атауы: Иттабан
Қолданылатын орны: Киіз үйдің есігіне, қораның кақпасына салынады
Оюдың мағынасы: Ит жеті казынаның бірі деп құрметтейді
Ою түрі:
Атауы: Төртайшық
Қолданылатын орны: Тертайшық элементтерінен шексіздікке ұласатын ою-өрнектер киюға болады
Оюдың мағынасы: Төртайшық - айды тұспалдайды
Ою түрі:
Атауы: Таңдай
Қолданылатын орны: Бұл ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің, кимешектің жағасына салынады
Оюдың мағынасы: Таңдай ою - өрнегі мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан
Ою түрі:
Атауы: Сынықмүйіз
Қолданылатын орны: Бұл ою - өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр, алашаларды безендіреді
Оюдың мағынасы: Малдын сынған мүйізіне ұксайды
Ою түрі:
Атауы: Құсқанаты
Қолданылатын орны: Тұрмыста қолданылатын бұ-йымдардың барлығында кездеседі
Оюдың мағынасы: Құсқанаты - мүйіз оюы немесе шахмат шаршылары бейнеленген кұстың қанаты тәріздес ою - өрнек
Ою түрі:
Атауы: Қос дөңгелек
Қолданылатын орны: Бұл өрнекпен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді
Оюдың мағынасы: Ежелгі көшпенділер дүниетанымында тұспалдайтын дөңгелек таңбасында тылсым күш бар деп сенген
Ою түрі:
Атауы: Гүл
Қолданылатын орны: Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына салады
Оюдың мағынасы: Гүл ою - өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды

Ылғалды киіз басу техникасындағы бұйым үлгілері

Қол дорба қолғап ойыншық

Панно пима гүл

Өндірістер бағдарламасы

Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы келесі кестеде берілген.

Көрсеткіш
2015
2016
2 017
2 018
Көрсеткіш: Қуаты, %
2015: 58%
2016: 78%
2 017: 90%
2 018: 95%
Көрсеткіш: пима, дана
2015: 700
2016: 930
2 017: 1200
2 018: 1500
Көрсеткіш: шұлық, дана
2015: 710
2016: 820
2 017: 980
2 018: 1300
Көрсеткіш: байпақ, дана
2015: 730
2016: 880
2 017: 1000
2 018: 1450
Көрсеткіш: ұлтарақ, дана
2015: 1050
2016: 1400
2 017: 1750
2 018: 2000

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулердің нәтижелері негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылар кірісінің орташа деңгейімен анықталған сатып алу қабілеттілігі ескерілді.

Сатуға жоспарланған баға, мың теңге

Көрсеткіш
Бағасы, теңге
Көрсеткіш: пима, дана
Бағасы, теңге: 10 000
Көрсеткіш: шұлық, дана
Бағасы, теңге: 3 000
Көрсеткіш: байпақ, дана
Бағасы, теңге: 3 500
Көрсеткіш: ұлтарақ, дана
Бағасы, теңге: 800

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

ҚР-да киіз бұйымдарының нақты көлемінің индексі 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда артты. Мәселен, киіз бұйымдары өндірісінің индексі 2013 жылы 72, 5%, 2014 жылы - 88, 9% (ұлғаюы 16, 4% құрады) құрады.

ҚР киіз бұйымдарының нақты көлемінің индексі, %

Кәсіпорынның өнімдерін тұтынушылар Өскемен қаласының қарапайым тұрғындары және арнайы қызмет атқаратын қызметкерлері болатындықтан осы қаланың еңбек нарығын қарастырған орынды.

Қазіргі таңда киіз бұйымдарын жасау Қазақстанда жақсы дамып келеді. Әсіресе, қысқы уақытта аяздың 30 °С тан төмендеуі қала тұрғындарының жаппай киізден жасалған пималардың сатып алуына әкеп соғады. Келесі динамикадан біз киіз бұйымдарының Қазақстанда сатылу шамасын көре аламыз, пайыз есебінде 2014жыл.

Көріп отырғанымыздай, тұтынушылардың басым көпшілігі пима алады, 43, 7пайыз, кейінгі орында ұлтарақ 25, 5 пайыз, байпақ 20 пайыз, шұлық 10, 8 пайыз. Бұл дегеніміз, киіз бұйымдарын жасау арқылы жақсы табыс табуға болатындығын көрсетеді.

Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Өскемен қаласындағы киіз бұйымдарытн жасайтын кәсіпорындар болып табылады.

Өскемен қаласындағы киіз бұйымдарын жасайтын кәсіпорындар тізімі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Ағаштан жасалатын бұйымдар
ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар
Киімнің негізгі міндеттері
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Қазақ халқының дәстүрлі өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz