Кеден одағының тарихы



Жоспар:

1. Кеден Одағының тарихы

2. Одақтың пайдасы

3. Одақтың алғашқы нәтижелері
Егер Кеден одағына бірігу оқиғасының өзіндік тарихына назар аударатын болсақ, Қазақстан жоғарыдағы аталған елдермен, сондай-ақ ТМД-ның басқа да елдерімен еркін сауда аймағын құрып, оған қатысушылар бір-бірімен сауда жасағанда өзіндік жеңілдіктерді пайдаланып келген болатын. Бірақ тәуелсіздік жылдарында экономикалық жағдайлары жақсарып, алыс-беріс ауқымын одан әрі тереңдете түсуді көздеген Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерін қарым-қатынастың бұл түрі оншама қанағаттандыра қойған жоқ. Сондықтан осы үш елдің мемлекет бас­­шылары 2006 жылдың 16 тамызында Қазақстан, Беларусь, Ресей арасында еркін сауданың неғұрлым жоғары сатысы болып табылатын Кеден одағын құру жөнінде шешім қабылдады. Содан бастап осы одаққа бірігу жөнінде дайындық жұмыстары басталды. 2007 жылдың 6 қазанында Кеден одағын қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. 2009 жылдың 9 маусымында бірыңғай кедендік аумақ құрудың кезеңдері мен мерзімі мақұлданды. Осы шешім бойынша Кеден одағының әрекет етуі 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталып, одақтың толыққанды жұмысын жолға түсіретін барлық қажетті үдерістер 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс деп белгіленді. 2009 жылдың 27 қарашасы күні мемлекет басшыларының Минск қаласындағы кездесуінде Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қол қойылды. Бұл кодекс үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін болады.
Сөйтіп, жоғарыда айтып кеткеніміздей, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап осы одақты қалыптастырудың нақты қадамы ретінде үш мемлекеттің кедендерінен өтетін тауарлардың бірыңғай тарифы жұмыс істеуге кірісті. Яғни Кеден одағы өзінің нақты мәнінде өмірге келді.
Бұл одақтың өмірге келуі аталған үш мемлекеттің сауда-экономикалық саясатына елеулі өзгерістер енгізуді қажет етеді. Соның ең бастысы осы үш елдің ортасында тауарлар экспорты мен импортының баж салығынсыз жүргізілетіндігі. Яғни осы үш ел шығаратын және бір-біріне саудалайтын тауарлар мемлекеттік шекаралардан өткен тұста олардан бұдан былай кедендік алым алынбайтын болды. Сонымен қатар осы үш ел Кеден одағына біріккен соң өздерінен тыс үшінші бір елге қатысты бірыңғай сауда саясатын жүргізуге тиіс. Бұл саясат төмендегідей бағыттардан тұрады: бірыңғай кеден тарифтерін қарастыратын бірыңғай кедендік тарифтік саясат; тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын бірлесе отырып қабылдап, өмірге енгізу; елдердің ішіндегі кеден заңдылықтарының біріздендірілуі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. www.abai.kz Ақпараттық порталы;

2. www.egemen.kz Егемен Қазақстан газеті;

3. www.dmk.kz Дала мен Қала газеті.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кеден Одағының тарихы

2. Одақтың пайдасы

3. Одақтың алғашқы нәтижелері

Кеден Одағы

Егер Кеден одағына бірігу оқиғасының өзіндік тарихына назар аударатын
болсақ, Қазақстан жоғарыдағы аталған елдермен, сондай-ақ ТМД-ның басқа да
елдерімен еркін сауда аймағын құрып, оған қатысушылар бір-бірімен сауда
жасағанда өзіндік жеңілдіктерді пайдаланып келген болатын. Бірақ
тәуелсіздік жылдарында экономикалық жағдайлары жақсарып, алыс-беріс ауқымын
одан әрі тереңдете түсуді көздеген Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерін қарым-
қатынастың бұл түрі оншама қанағаттандыра қойған жоқ. Сондықтан осы үш
елдің мемлекет бас­­шылары 2006 жылдың 16 тамызында Қазақстан, Беларусь,
Ресей арасында еркін сауданың неғұрлым жоғары сатысы болып табылатын Кеден
одағын құру жөнінде шешім қабылдады. Содан бастап осы одаққа бірігу
жөнінде дайындық жұмыстары басталды. 2007 жылдың 6 қазанында Кеден одағын
қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді.
2009 жылдың 9 маусымында бірыңғай кедендік аумақ құрудың кезеңдері мен
мерзімі мақұлданды. Осы шешім бойынша Кеден одағының әрекет етуі 2010
жылдың 1 қаңтарынан басталып, одақтың толыққанды жұмысын жолға түсіретін
барлық қажетті үдерістер 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс деп
белгіленді. 2009 жылдың 27 қарашасы күні мемлекет басшыларының Минск
қаласындағы кездесуінде Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қол
қойылды. Бұл кодекс үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа
енгізілетін болады.
Сөйтіп, жоғарыда айтып кеткеніміздей, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан
бастап осы одақты қалыптастырудың нақты қадамы ретінде үш мемлекеттің
кедендерінен өтетін тауарлардың бірыңғай тарифы жұмыс істеуге кірісті. Яғни
Кеден одағы өзінің нақты мәнінде өмірге келді.
Бұл одақтың өмірге келуі аталған үш мемлекеттің сауда-экономикалық
саясатына елеулі өзгерістер енгізуді қажет етеді. Соның ең бастысы осы үш
елдің ортасында тауарлар экспорты мен импортының баж салығынсыз
жүргізілетіндігі. Яғни осы үш ел шығаратын және бір-біріне саудалайтын
тауарлар мемлекеттік шекаралардан өткен тұста олардан бұдан былай кедендік
алым алынбайтын болды. Сонымен қатар осы үш ел Кеден одағына біріккен соң
өздерінен тыс үшінші бір елге қатысты бірыңғай сауда саясатын жүргізуге
тиіс. Бұл саясат төмендегідей бағыттардан тұрады: бірыңғай кеден тарифтерін
қарастыратын бірыңғай кедендік тарифтік саясат; тарифтік емес реттеудің
бірыңғай шараларын бірлесе отырып қабылдап, өмірге енгізу; елдердің
ішіндегі кеден заңдылықтарының біріздендірілуі.
Қазіргі күні Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру
жұмыстарын аяқтауға бағытталған 38 халықаралық келісім қабылданды. Мұның
сыртында Кеден одағының аясында, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданған 13
халықаралық келісім әрекет етуге кірісті. Кеден одағының жұмысын ретке
келтіріп отыратын негізгі органдар құрылды.
Кеден одағының ең жоғарғы органы Мемлекет басшылары немесе Үкімет
басшыларының кеңесі болып табылады. Онда қабылданған шешімдерді жүзеге
асыру одақтың негізгі жұмысшы органы – Кеден одағы комиссиясына
тапсырылады. Мемлекет басшыларының 2007 жылдың 6 қазанында қол қойған
келісіміне сәйкес Кеден одағы комиссиясының шешімдері осы үш елдің
мемлекеттік аумақтарында бірдей қолданылады. Сонымен қатар комиссия тиімді
жұмыс істеу үшін оған кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында
бірқатар өкілеттіктерді беру жоспарланып отыр және жүзеге асу үстінде.
Әрбір мемлекет Кеден одағы комиссиясына өзінің бір өкілін ұсынады. Ол
өкілдердің әрқайсысы бір-бір дауысқа ие. Қазіргі күні осындай тәртіппен
Кеден одағында үш өкіл жұмыс істеуге кірісті. Олар: Қазақстан жағынан –
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ
Шөкеев, Ресей жағынан – Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші
орынбасары Игорь Шувалов, Беларусь жағынан – Беларусь Республикасы Үкіметі
Төрағасының орынбасары Андрей Кобяков.
Кеден одағын құру барысында аталған үш мемлекеттердің басшыларының
алдын ала жасалынған келісіміне сәйкес онда Қазақстанға өтпелі кезең
қарастырылған. Осы өтпелі кезең бойынша Қазақстан еліміз үшін неғұрлым
қажетті деп табылатын 400-ге тарта импорттық тауарлар түрі бойынша неғұрлым
төмен кедендік баж салығын белгілеу құқығын өзінде қалдырып отыр. Мұның өзі
дәрі-дермек секілді бірінші кезектегі қажетті болып табылатын тауарлардың
Кеден одағына кірмейтін шет мемлекеттерден елімізге бұрынғысынша арзан
бағамен келуіне мүмкіндік береді.
Жалпы, Кедендік одақ дегеннің өзі – бұл одаққа мүше-мемлекеттер
арасындағы баж алымынсыз жүргізілетін сауда және үшінші елдер үшін кедендік
баждардың келісілген мөлшері. Осының негізінде қаңтардың 1-інен бастап
Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасында баж алымынсыз сауда
жүргізілетін болады. Бүгінгі күні сарапшылар сауда-экономикалық байланыс,
кедергісіз тауар айналымын арттыру, негізгі өнімдер арасындағы бәсекелестік
пен кедендік тарифтер мәселесін қоса алғанда, жаңадан қалыптасқан кедендік
одақтың экономикамызға тигізер әсері жөнінде әрқилы пікір айтуда. Ең
алдымен, аталған үш мемлекеттің арасында кедендік бақылау, санитарлық-
эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау жүзеге
асырылмайды. Яғни, алдағы уақытта Кедендік одақтың ішкі шекараларынан
бақылаудың барлық осы түрлері алынып, тек шекаралық бақылау ғана қалады.
Мұның тауарларды еркін жылжыту тұрғысында айтарлықтай әсер ететіні
түсінікті. Сондай-ақ, әкімшілік кедергілер азайған соң, Одаққа мүше-
мемлекеттер арасындағы сауда да жылдам жүрмек. Кедендік одақ аясында
Біртұтас экономикалық кеңістік құру еліміз үшін шикізаттық емес экономиканы
дамытуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Ол үшін ең алдымен, сату нарығы
маңызды. Өйткені, біздің экономикамыздың шикізаттық бағыты оның әлсіз жағы.
Дегенмен, қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде Қазақстанның негізгі
экспорттық ұстанымын мұнай және өзге де қазба байлықтар қалыптастырып
отырғаны анық. Әйтсе де, шикізатқа кіндігінен байланып қалған экономикамыз
республика халқының өмір сүру деңгейін арттыруға тікелей ықпал ете
алмайтынына көзіміз жетіп отыр. Сол себепті, отандық тауар өндірушілер
өнімін үлкен нарыққа шығарғанда ғана бәсекелестік қабілетке ие болмақ. Бір
есептен осы олқылықтардың орнын толтыру үшін де еліміз Кедендік одаққа
кіргелі отыр. Ең бастысы, аталған Одақ көлемінде – 170 миллион адамы бар,
жалпы ішкі өнімінің көлемі 2 триллион долларға жуық үлкен нарық ашылады.
Мұның өзі тұтыну нарығының айтарлықтай әлеуетке ие екенін көрсетіп тұр.
Алайда, біздің ел үшін Одақтың көлеңкелі тұстары да жеткілікті. Мәселен,
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы былтыр 20 млрд. долларға
дейін өсіпті. Десе де, Ресей Қазақстанға 8 млрд. долларға жуық тауарды
артық әкелетін көрінеді. Бұл бір жағынан, Ресейдің өндірістік әлеуетінің
мүмкіндігін әйгілесе, екінші жағынан экономикалық байланыстарымызда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Кедендік одақ құрылуының алғышарттары
ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру
Кеңестік жүйеден кейінгі кеңістіктегі интеграция мәселесі
ТМД-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан
ТМД-ғы интеграция тарихы
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
Экономикалық интеграция
Пәндер