Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі



Жоспар:

1. Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік құқығы.
2. Қазақстандағы жекешелендіру және оның құқықтық қамтамасыз етілуі.
3. Жекешелендіру бізге не берді? Заңгерлер үшін толғану.
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік құқығы.
«Не-қалай-кім үшін өндіреміз?» деген іргелі сауалдардан басқа, «экономикалық өкіметке кім қожалық етеді?» деген тағы бір негізгі сұрақ бар. Яғни, экономикалық ресурстар және өндіріс нәтижелері : тауар мен қызмет кімдікі болып саналады.
Меншік проблемасымен біздің әрқайсысымыз өмір бойы күн сайын ұшырасып отырамыз. Адамдар «менікі» және «басқанікі» «біздікі» деген ұғымдарды айыра білу қажеттілігі ұдайы ұшырасады. Басқаша айтқанда, бұл ұғымды экономикалық жүйенің орнығуына үкіметтің шараларына, табысты бөлісуге меншік ықпалын талдай келіп түсінуге болады.
Меншік – адамдардың өндірістік және өндірістік емес заттардың иемденуінің тарихи анықталған қоғамдық тәсілі. Ол әрқашанда бұйымдармен байланысты (мүліктермен, иемдену нысандарымен).
Меншік және меншік қатынастарының құқықтарын айыра білу талап етіледі.
Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету, ұйғарым жасау және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып шығады. Меншік құқығы біздің қатысуымызбен қоғамдық өзара бірлескен әрекеттер реттейтін ереженің басым бөлігін құрайды.
Меншіктің шынайы қатынастары оның экономикалық жүйелерінің негізін құра отырып тарихи – мәдени, ұлттық, географиялық, демогафиялық және қоғамның басқадай ерекшеліктерінен жинақталынады.
Өндіріс құралдарын меншіктену өндіріс процесінде болатын адамдар арасындағы экономикалық өзара қатынастар (өзара байланыс) сипаты ғана емес, сонымен бірге өндіріс өнімін (тауар, қызмет), оның айырбасталу және тұтыну формаларын да анықтайды.
Мемлекет заңнама негізінде «ойын ережесін» бекітеді: кім, қандай жағдайда, қандай жүріс жасай алады?
Сонымен қатар меншік құқығы өз мақсатын көздеген адамдардың таңдау еркіндігін анықтай отырып, не және кімге тән, меншік иесінің ауысуы қалай өтеді деген мәселелерді айырады.
Бұл ретте меншіктің объектісі мен субъектісі деген ұғымдарды айыра білу қажет. Мәселен: «бұл – Абайдың үйі» дегенде, үй меншік объектісі болып, ал, Абай – субъектісі болып саналады.
Меншік құқығы дегеніміз адамның «өзінікі сияқты» немесе «бөтендікі сияқты» заттарға қатысатын айтады және ол: «субъект → объекті деген формулаға негізделеді».
Алайда «бұл Абайдың үйі» деген байламда, Абайдың үйге деген меншіктік құқығы қалай туды және ол енді қалай мойындалады.
Егер меншікті адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп қарайтын болсақ, онда оған жауап беруге болады. Меншіктік қатынас – заттарға байланысты адамдар арасындағы: субъект ↔ субъект: объект деген формула арқылы айқындалады. Басқаша айтқанда, меншік қатысты дегеніміз игілікті иемдену мен оны басқаның иелігінен алу жөнінен субъектілері арасындағы қатынастар жүйесі, ең алдымен өндіріс факторлары қатынастарының жүйесі болып шығады.
«Иемдену – иелігінен алудың» байланыс күші әртүрлі болуы мүмкін. Заттарды жай ғана пайдалануға болады, яғни оның иесі болмай тұрып-ақ оны белгіленген жағдайға қолдануға болады. Меншік иесі заттардың пайдалы қасиеттері әрқашан өз қызығы үшін алынуын қалайды. Заттарды иемденуге немесе соған жуықтау жағдайда белгілі бір мерзімге дейін, яғни толық иесі болмай тұрып-ақ тұтынуға немесе шектеусіз мерзімге дейін, яғни толық иесі ретінде пайдалануға болады.
Бірнеше жағдайларды ұсынамыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік
құқығы.
Не-қалай-кім үшін өндіреміз? деген іргелі сауалдардан басқа,
экономикалық өкіметке кім қожалық етеді? деген тағы бір негізгі сұрақ
бар. Яғни, экономикалық ресурстар және өндіріс нәтижелері : тауар мен
қызмет кімдікі болып саналады.
Меншік проблемасымен біздің әрқайсысымыз өмір бойы күн сайын
ұшырасып отырамыз. Адамдар менікі және басқанікі біздікі деген
ұғымдарды айыра білу қажеттілігі ұдайы ұшырасады. Басқаша айтқанда, бұл
ұғымды экономикалық жүйенің орнығуына үкіметтің шараларына, табысты
бөлісуге меншік ықпалын талдай келіп түсінуге болады.
Меншік – адамдардың өндірістік және өндірістік емес заттардың
иемденуінің тарихи анықталған қоғамдық тәсілі. Ол әрқашанда бұйымдармен
байланысты (мүліктермен, иемдену нысандарымен).
Меншік және меншік қатынастарының құқықтарын айыра білу талап
етіледі.
Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету, ұйғарым
жасау және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып шығады.
Меншік құқығы біздің қатысуымызбен қоғамдық өзара бірлескен әрекеттер
реттейтін ереженің басым бөлігін құрайды.
Меншіктің шынайы қатынастары оның экономикалық жүйелерінің негізін
құра отырып тарихи – мәдени, ұлттық, географиялық, демогафиялық және
қоғамның басқадай ерекшеліктерінен жинақталынады.
Өндіріс құралдарын меншіктену өндіріс процесінде болатын адамдар
арасындағы экономикалық өзара қатынастар (өзара байланыс) сипаты ғана
емес, сонымен бірге өндіріс өнімін (тауар, қызмет), оның айырбасталу және
тұтыну формаларын да анықтайды.
Мемлекет заңнама негізінде ойын ережесін бекітеді: кім, қандай
жағдайда, қандай жүріс жасай алады?
Сонымен қатар меншік құқығы өз мақсатын көздеген адамдардың таңдау
еркіндігін анықтай отырып, не және кімге тән, меншік иесінің ауысуы қалай
өтеді деген мәселелерді айырады.
Бұл ретте меншіктің объектісі мен субъектісі деген ұғымдарды айыра
білу қажет. Мәселен: бұл – Абайдың үйі дегенде, үй меншік объектісі
болып, ал, Абай – субъектісі болып саналады.
Меншік құқығы дегеніміз адамның өзінікі сияқты немесе бөтендікі
сияқты заттарға қатысатын айтады және ол: субъект → объекті деген
формулаға негізделеді.
Алайда бұл Абайдың үйі деген байламда, Абайдың үйге деген
меншіктік құқығы қалай туды және ол енді қалай мойындалады.
Егер меншікті адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп қарайтын
болсақ, онда оған жауап беруге болады. Меншіктік қатынас – заттарға
байланысты адамдар арасындағы: субъект ↔ субъект: объект деген формула
арқылы айқындалады. Басқаша айтқанда, меншік қатысты дегеніміз игілікті
иемдену мен оны басқаның иелігінен алу жөнінен субъектілері арасындағы
қатынастар жүйесі, ең алдымен өндіріс факторлары қатынастарының жүйесі
болып шығады.
Иемдену – иелігінен алудың байланыс күші әртүрлі болуы мүмкін.
Заттарды жай ғана пайдалануға болады, яғни оның иесі болмай тұрып-ақ оны
белгіленген жағдайға қолдануға болады. Меншік иесі заттардың пайдалы
қасиеттері әрқашан өз қызығы үшін алынуын қалайды. Заттарды иемденуге
немесе соған жуықтау жағдайда белгілі бір мерзімге дейін, яғни толық иесі
болмай тұрып-ақ тұтынуға немесе шектеусіз мерзімге дейін, яғни толық иесі
ретінде пайдалануға болады.
Бірнеше жағдайларды ұсынамыз.
1. Жағдай. Сіздің сағат жөндейтін шеберханаңыз бар, және өзінің
жөндеумен шұғылданасыз.
2. Жағдай. Меншігіңіздегі сағат жөндейтін шеберханаңызда жалданған
қызметкер бар. Ол өзі атқарған жұмысына жалақысы үшін шеберхана
табысын иемденеді. Ал, сіз оның жұмыс нәтижесін – жөнделген,
тұтынуға болатын сағаттарын иемденесіз.
3. Жағдай. Сіздің өз шеберханаңызбен шұғылдануыңызға уақытыңызға жоқ,
бірақ оны сатқаңыз да келмейді, сондықтан да оны 5 жылға жалға
бересіз. Жалгер 5 жыл бойы шеберхананы өз қалауынша пайдаланады.
Сіз жалдау төлемін табыстан аласыз, ал жалгер өз еңбегінің
нәтижесін иемденеді.
4. Жағдай. Барлығы 3-ші жағдайдағыдай, бірақ жалгер өзі жұмыс
істемейді, сіздің шеберханаңызда өзінің жобасын жүзеге асыратын
жұмыскерлерді жалдайды, және жалданған жұмыскерлердің еңбек
нәтижесін өзі иемденеді. Сіз өз шеберханаңыздың ақысы үшін табысты
иемденесіз.
Осы жағдайларда кімнің меншік иесі, кімнің қожа екендігін, шеберхананы
және
шеберханадағы еңбек нәтижелерін кімнің пайдаланатындығын анықтаңыз.
Жауапты 1 кестеден табасыз.

1 Кесте

Жағдай Шеберхана Шеберхана Шеберхананы Еңбек
иесі қожасы пайдаланушы нәтижесінің
иесі
1 Сіз Сіз Сіз Сіз
2 Сіз Сіз Жалгер Сіз
3 Сіз Жалгер Жалгер Сіз – жалдау
төлемі, жалгер
4 Сіз Жалгер Жұмыскер Сіз – жалдау
төлемі, жалгер

Бұл жағдайлардан мынаны көруге болады: меншіктің өндіріс факторлары
қатынастарынан меншік қатынастары және еңбек нәтижелері шығады. Меншік
табыс әкеле бастаған сәттен өзін экономикалық жағынан ақтай алады. Меншік
қатынастарын бір жағында – жеке меншік, екінші жағында – қоғамдық меншік
бар екі полюс секілді түсінуге болады.
Капиталистік жүйе жағдайында материалдық қорлар үкіметтік емес, жеке
институттар мен жеке адамдардың меншігі болып табылады.
Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке
тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша
тауып, бақылап, қолданып және кәдеге жаратуларына ерік береді. Жеке меншік
институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатталынады, яғни жеке меншік иесі
болып әкесі өлген соң баласы мұрагер болып қалады.
Бұл жекеменшік құқығының бұдан өзге де заңды шектеуі бар. Мәселен,
есірткі өндіру үшін қажетті қандай да болмасын ресурстарды пайдалануға заң
жүзінде тиым салынған.
Коуз теоремасы меншік құқығының мазмұны мен бөлінуінің қорлар
бөлінуіне де, сондай – ақ айырбастың көлемі мен жағдайына, табыстың бөлінуі
мен деңгейіне, бағаның құрылу процесіне және сыртқы эффектіге ықпалын
дәлелдеуге арналған. Бұл теорема 1960 жылы жарияланған Әлеуметтік шығындар
проблемалары деген мақаласында тұжырымдалынған. Қазір ол Батыста соғыстан
кейінгі кезеңдегі экономикалық ойдың ең бір озық жетістігіндей қабылданған.
Коуз теоремасы төтенше (сыртқы) тиімділік проблемасына арналған. Ол
меншік құқығын бөлісу арқылы рынок процесіне қатысушылардың ішкі шығындарын
қалай өзгертуге болатындығын дәлелге келтіреді. Р. Коуз өзінің логикалық
толғамын фермердің егінін көршілес орналасқан ранчо қожасының ірі қараға
таптатуы арқылы түйіндейді. Егер ранчо қожайыны өзінің табындарымен егінді
таптатқаны үшін заң жүзінде жауапкершілікке тартылмаса, онда ол өзінің мал
басы мәселесін шешкенімен, біреуідің зиян шеккенін қаперіне де алмайды.
Егер ранчо қожасынан оның біреуге келтірген зиянына тең боларлықтай айыппұл
төлеуін талап етер болса, онда ол өз ісінің терістігін сөзсіз түсінер еді.
Мұндай жағдайда оның сыртқы әрекеті ішкі жандүниесіндегі (интернальды)
арпалысқа айналары хақ.
Р. Коуздың логикалық толғамында бұл басқаша түсіндіріледі: ол фермер
мен мал өсіруші қатынасынан мемлекетті төрелік міндеттен алып тастап,
егіннің тапталынуына байланысты адамдардың өз беттерінше келісімге
келулерінің мүмкін екендігін айтады. Ол мұндай жағдайда ранчо қожасы өзінің
жасаған зиянкестігі үшін жауапкершілікке тартыла ма, тартылмай ма, оның
ешқандай мәні жоқ деп ойлайды.
Р. Коуздың айтуынша, егер мал өсіруші егіндікті малына таптатқандығы
үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмаса, оған одан келер зиян да бірдей
болып шығады. Бұндай жағдайда диқангер тапталған егіннің құны үшін, оның
бұдан былай мал басын өсірмейтіндігіне уәдесін алады. Коуз мынандай
қорытынды жасайды: егер меншік құқығы айдай анық және түсінікті болса, егер
адамдар өз еріктерінше жасалған алмасу нәтижесін нық сақтайтын болса, онда
ешқандай сыртқы мәселе туындамайды. Нарықтық ақсату болмайды, олай болса,
болған іске түзету ендіру мақсатында мемлекеттің араласуына ешқандай негіз
жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188 бабында меншік
құқығының ұғымы мен мазмұны берілген. Нақтырақ айтқанда, оның 1 – ші
тармағында былай делінеді: Меншік құқығы – субъектінің өзіне тиесілі
мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және иелік құқығын заң актілерінің
мойындауы және қорғауы.
Меншік құқығы былай жіктелінеді:
1. иемдену құқығы;
2. пайдалану құқығы;
3. басқару құқығы;
4. табысқа құқығы;
5. егемен құқығы;
6. қауіпсіздікке құқығы;
7. игілікті мұрагерлікке беру құқығы;
8. игілікті мәңгілік иемдену құқығы;
9. қоршаған ортаға зиян келтіретін тәсілдерді пайдалануға тиым салу
құқығы;
10. жаза түріндегі жауапкершілікке құқығы;
11. қалдық сипатындағы құқық яғни бұзылған заңды қалпына келтіруді
қамтамасыз
ететін институттар мен рәсімдердің болу құқығы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 – шы бабында былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
танылады
және бірдей қорғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық
игілікке
қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері,
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудағы көлемі мен шегі, олардың
қорғалу кепілдігі заңменен анықталынады.
3. Жер және оның қойнауындағы қазбабайлық, су, өсімдік және жануарлар
әлемі,
басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады. Жер, сондай – ақ ,
бекітілген негізгі, жағдайға және ауқымға орай жеке меншіктік те бола
алады.
Шынайы шындыққа келетін болсақ, таза түрдегі жеке және қоғамдық
меншік
сирек кездеседі. Мемлекеттік, әртүрлі топтық (кооперативтік, үлестік
(пай), акционерлік) болып бөлінетін көп түрлі формадағы меншіктердің
араласып, құраласқан, әртүрлі нұсқалары бар.
Сонымен, меншік дегеніміз экономика мен құқықтың бөлінбес тұтастығы
болып шығады.

Қазақстандағы жекешелендіру және оның құқықтық қамтамасыз етілуі.

Әкімшіл - әміршілдікпен нарықтық жүйеге өту үшін игіліктерді мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіруді жүзеге асыру талап етіледі. Меншікті
мемлекет иелігіне алуды, мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа
формасына (мемлекеттік емес) қайта құру деп ұққан жөн. Әкімшіл - әміршіл
жүйе кезінде постсоциалистік елдерде мемлекет меншік өктемдікте болды.
Жекешелендіру дегеніміз азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің
акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, сондай – ақ кәсіпорындардың
акцияларының (пайларының) барлығын немесе бір бөлігін жекеменшікке алуы
болып табылады.
Кәсіпорындарға қатысты үкіметтің негізгі стратегиясы мемлекеттік
кәсіпорындарды нарықтық бәсеке жағдайында жұмыс істей алатындай жекеменшік
фирмаларға айналдыру. Мұны жаңа фирмаларды құру, сондай – ақ бұрыннан
барларын жекешелендіру арқылы жүзеге асыру жобаланған еді. Жекеменшік
секторын дамытуды ынталандыру мақсатында үлкен ұйымдастыру істері мен
кеңмасштабты құқылық реформа қабылданды.
Жеке меншік құқық негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясына
ендірілген, сондай – ақ ол құқық жекеменшік туралы, мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіру туралы заңдармен бекітілген. Басқа да қосымша заңдар,
дәлдеп айтқанда, кәсіпорынға, мүліктік аманатқа, жалға беруге, банкротқа
ұшырауға байланысты заңдар қабылданды.
Жекешелендірудің негізгі мақсаты – мемлекетке тиесілі өндірістік
нысандарды, басқадай материалдық және материалдық емес активтерді төлеусіз
және төлемді ету арқылы мемлекеттің република халқына ұлттық мүліктерді
қайтару процесінде меншік құқығын дербестеп, орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар тудыру болып
табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай басты мәселелерді шешу
ойластырған:
- мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігін акциялауды, мемлекеттік
меншік нысандарын шағын және жаппай жекешелендіруді жүзеге асыру арқылы
нарықтық бағдарламалы шаруашылық құрылымдарының қалыптасуларын тездету;
- жекешелендіру кезінде халықтың барлық тобына жағдай тудыру;
- аса шаруақой субъектілері есебінде жекеменшік иелері тобын
қалыптастыру;
- бәсекелестік орта құрып, өндірістегі монополияны жоюды қамтамасыз
ету;
- шағын және орташа бизнестерді дамыту;
- ірі және бірегей халық шаруашылығы нысандарын қайта құрудың жеке
жобаларын жүзеге асыру;
- шет ел инвесторларын тарта отырып, жеке меншік бизнесті қайта
құруға байланысты ұйымдық – шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
- бағалы қағаздар рыногының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым
жүйесін дамыту және нығайту.
▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬ ▬▬▬
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
1993 – 1995 жылдардағы (ІІ кезең) арналған ұлттық бағдарламасы
(қысқаша мазмұндау)
Жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы үш жоспарлы стратегияны қамтиды,
атап айтқанда, мына элементтерді:
▪ Дүкендер, қоғамдық тамақтандыру пунктері сияқты майда
кәсіпорындарды аймақтық аукциондар немесе сауда шегінде қолма – қол
есептесу немесе пайдаланылмаған жекешелендіру чектері арқылы тез сату.
Бәсекелестікке жәрдемдесу мақсатында жекелеген аукциондар арқылы көтерме
сауда кәсіпорындарын және еліміздегі жүк автокөлік кәсіпорындарының бір
бөлігін бөлектеу және саудалау;
▪ Номиналы нақтылы көрсетілмеген материалдық емес жекешелендіру
купондарын Қазақстан азаматтары салған 50 – 100 жеке инвестициялық қорларға
аукцион арқылы бақылау пакетін сату есебінен шамамен 5000 орта – ірі
кәсіпорындарды (оларды толықтай мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар ретінде
инкорпорацияланғаннан кейін) жаппай жекешелендіру;
▪ Тиісті алдын – ала құрылымдық қайта құрудан және нормативтік жүйені
өзгертуден кейін жеке негізде аса ірі кәсіпорындарды (көп жағдайда мұндай
кәсіпорындар бүтіндей қала болып табылады) жекешелендіру.
Бұл бағдарламада, сонымен қатар, жекешелендірудің экономикалық
құрылымдар мен әрекеттердің белгіленген өзгертулеріне жәрдемдесетін
бірқатар ережелер бар. Біріншіден, барлық кәсіпорындар жекешелендірудің
мүмкін боларлықтай ең төменгі деңгейіне жатады (мысалы, нан өнімдері
комбинатын жеке наубайханаларға айналдырады). Екіншіден, бағдарламада
мыналар ескерілген: 1﴿ жаппай жекешелендіру кем дегенде тиісті кәсіпорынның
51 пайыз акциясын қамтиды; 2﴿ бірде – бір инвестициялы қор барша аукциондар
ауқымында 10 пайыздан астам акцияны ала алмайды; 3﴿ 10 пайыздай акция ғана
еңбек ұжымы мен басшылар арасында бөлінеді. Ең ақырында, мемлекеттік
өкіметтің құзіретін шектеу және мүмкін боларлықтай сатып алушымен құпия
келісімге келуді болдырмау мақсатында премьер – министрдің орынбасары
басқаратын біртұтас орган – Мемлекеттік мүлік комитеті (ММК) құрылған
болатын, оның міндеті бүткіл процестің жүзеге асырылуын бақылау.

Жекешелендірудің бастапқы кезеңі. 1991 – 1993 жылдың басқы кезіне
өнеркәсіп қорын жекешелендірудің алғашқы кезеңі аясында бірсыпыра шаралар
қабылданды. 7000 – ға жуық кәсіпорын (барлығы 45000 – 50000) ресми түрде
жекешелендірілді. Ол жұмыспен қамтылудың 12 пайызын қамтамасыз ететін
мемлекеттік кәсіпорындардың 10 пайызын құрайтын. Жекешелендірудің бастапқы
кезеңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
Экономикалық жүйедегі меншік
Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Қаржы ресурстарының экономикалық негізі
Пәндер