Ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметінің құрылымдық
ерекшеліктері
1. 1 Ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметінің мәні . . . 8
1. 2 Педагог-психолог маманның мектептеріндегі оқушылармен
жүргізетін жұмыстарының ерекшелігі . . . 21
2. Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің
ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызмет
ерекшелігінің моделі . . . 37
- Педагогикалық-психологиялық тәжірибенің нәтижесі ұсыныстар . . . 44
Қорытынды . . . 58
Әдебиеттер тізімі . . . 64
Қосымшалар . . . 67
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ішінде шағын жинақталған мектептерге мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру желеуімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдыруы тиіс емес.
Адам бойындағы ұлттық мінез-құлық қасиеттерін, өз халқының рухани дүниесін қалыптастырып, ұлтымыздың зиялыларын даярлайтын, рухани дүние негізін құрайтын, рухани дүние негізін қалайтын ауыл мектебі болады.
Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің қала мектептерімен салыстырғанда айырмашылықтары бар екендігі сөзсіз. Атап айтсақ, олар ауыл мектептерінің көбіне тән шағын жинақталған сипаты, ауыл мектептерінің ірі мәдени, ғылыми орталықтардан алшақтығы, шалғай елді мекендерде орналасуы, ауылдық жерлерде мектепке дейінгі, мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жеткіліксіз болуы, мектепке қарасатын шағын аудандардың аумақтық жағынан шашыраңқылығы және т. б.
Кез келген мемлекетттiң өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң негiзi мектепте қаланып, мектепте қанат жаяды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: “Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi”, - деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу қажет екенiне баса мән бердi. Сол себепті де қазiргi нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының бiлiм беру ісін ұлттық құндылықтар мен әлемдiк педагогика жетiстiктерiн ұштастыру аясында дамытудың ғылыми-әдiснамалық негiздерiн жасау мақсатында жүйелi жұмыстар жүргiзудiң қажеттiгi заман талабынан туындап отыр.
Ауылдағы бiлiм мекемелерін реформалап, оны нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiнің құрылымдық жүйесiн жетілдіруді қоғамдық өмiр мен әлеуметтiк құбылыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, дамыту да өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр. [1, 〈. 33]
Қазіргі өркениетті заманда жан-жақты, рухани, үйлесімді, жоғары мәдениетті адамды қалыптастыруға психология ғылымы ерекше үлес қосып отыр. Оның ішінде ауылдық мектептік педагогикалық-психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісіне ғылыми және практикалық психологияға аса мұқтаж. Осыған байланысты елімізде күнделікті дамып келе жатқан ауылдық мектептік педагогикалық-психологиялық қызметтің ұйымдастырылуының ғылыми негіздемелері практикалық тәсілдеріне қатысты көптеген сұрақтар туындап отыр.
Мұндағы зерттеуіміздің мақсаты, ауылды қайта көркейтіп, дамыту және жастарды өркениеттілікке ұмтылдырып, білімді де тәрбиелі, ұлтын, туып өскен жерін қадірлеп, жаңалыққа талпынысын қанағаттандыру. «Ұлттық рух пайда болмай, балада ұлтына деген ерекше сезім пайда болмайды» -деп әл-Фараби рухани-адамгершілікті тәрбиелеген жеткіншек ғана өз ұлтын сүйетін, мейірімді, қайырымды азамат болатынын түсіндіреді. Осыған байланысты жалпы адамзаттық қадір-қасиетінің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді, рухани-адамгершілік сапа-қасиеттері бар, ұрпақ тәрбиелеу міндетін шешудегі ең алдыңғы мәселе ауыл мектептеріндегі педагогикалық-психологиялық қызметін дамыту болып отырғаны анық. Яғни, білім, білік, дағды алуын қаматамасыз етуге олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттілігі артуда. Қазақстандағы халық ағарту ісі және педагогикалық-психологиялық ой-пікірдің даму тарихына арналған қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері мен диссертациялық жұмыстарының қарастырып отырған тақырыпты ғылыми тұжырымдауда мәні ерекше (Қ. Б. Бержанов, Қ. Б. Жарықбаев, А. Н. Ильясова, С. Қалиев, Қ. Құнантаева, Қ. Б. Сейталиев, А. И. Сембаев, Ә. Сытдықов, Т. Т. Тәжібаев, С. А. Ұзақбаева, Г. А. Уманов, Г. М. Храпченков, В. Г. Храпченков, К. Ж. Қожахметова, М. М. Мұқанов, Ж. И. Намазбаева, С. М. Джакупов, Н. Джандильдин) .
Ауыл мектептерінің жұмысы мен олардың дамуын тарихи аспектіде қарастырған еңбектерде біршама (В. М. Величкина, П. Жильцов, А. Е. Кондратенков, Г. Ф. Суворова және т. б. ) . Бұл зерттеу жұмыстарында ауыл мектептерінің даму тарихына жалпы сипаттама берілген. Ал, ТМД елдерінде ауыл мектептері мәселелерімен Л. Г. Борисова, Н. В. Горбунова, А. Ф. Иванов, А. М. Низамов, Л. А. РОдова, И. М. Чередов, В. А. Сластенин, А. П. Чалов және т. б. ғалымдар айналысқан. Республикада ауыл мектептерін Г. З. Әділғазинов, З. А. Алдамжаров, Ж. С: Сардарова, Қ. Б. Сейталиев, Е. Б. Сақипов, Т. Машенбаев, Н. М. Сламбекова, К. Әбдімәжитұлы және т. б. зерттеген. [37, б. 4]
Педагогика ғылымында ауыл мектебі оқушыларымен педагог-психологтың қызметімен тәрбиелеу мәселелері кейбір ғылыми зерттеулерде арқау болған. Бірақ нақты жоқтың қасы. Қазіргі кезде қоғамдағы әсіресе, ауыл мектептерін де қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселеге тоқталмас бұрын, рухани адамгершілік ұғымына тоқталып өтсек, оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу қажеттілігін айқындап отыр. Атап айтқанда: рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, маңызы туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам қайраткерлері мен ағартушы педагогтар әл Фараби, Ж. Баласағұн, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қожа Ахмет Йассауи, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. ; Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамбедов, Н. Құлжанова т. б., қарастыра, құндылықты бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселелерін Г. К. Нұрғалиева, Г. Байделдинова, Б. Айтмамбетова т. б. зерттеген, - ал, адам сүйгіштік, имандылық қасиеттерге баулу А. Бейсенбаева, Ж. Р. Бәшірова, А. Н. Көшербаева, Қ. Қ. Шалғымбаева, Қ. Әтемова, Н. Әлқожаева, А. Елемесова, Б. И. Иманбекова т. б. еңбектері арқау болған. Қоғамдағы саяси және идеологиялық өзгерістер еліміздегі психология ғылымы дамуына да күрт өзгерістер алып келді. Ғылыми білімнің детерминациясындағы мәнді факторларды ашып көрсететін экстерналдық тұрғыға сүйене отыра, әлеуметтік-саяси фактордың отандық педагогика-психология ғылымы дамуындағы қозғаушы күш рөлін атқаратынына көзіміз жетті. Бұрындары еліміздегі жоғары білікті педагог-психолог кадрларды даярлау республикадан тыс жерлерде жүзеге асса, енді тікелей Қазақстанның өзінде мамандар әзірлеуге мүмкіндік ашылды.
Қазақстандағы ауыл мектептері дамуы туралы зерттеулерді Шұғаева Г. Қ. өзінің «Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы» атты диссертациялық жұмысында қарастырған, ал қарастырған. Ауыл мектебі рухани байлығымыздың бастауы және ошағы өйткені, жас ұрпағымыз өз тілін, ділін құрметтеп және өткен рухани байлығымыздың нәрімен осында сусындатып, келешекте ұлтымыздың тәлім-тәрбиесін дамытып, жалғастыратын, ұлт тілегін орындайтын болашақ ел иелері, ауылдан шығатынына сенімдіміз. Ауыл мектебі туралы ғалымдар М. П. Гурьянова, Л. Ф. Стирлин мен Е. С. Зайцева, Ғ. Жалғаспай, Ә. Сәдуақасұлы және т. б. «Ауыл мектебі - оқушыға білім беретін орын ғана нмнс, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан жүгіртетін, рухани қсуіне ықпал ететін ордасы» және «бұл ауыл аумағында орналасқан жалпы білім беру, ұйымдар түрлерінің жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлі, оқушылардың білім және еңбек дайындығының ерекше міндетін орындауға және балалардың білім талаптарын қанағаттандыруға тырысады»- деп ауыл мектебінің оқу-тәрбие үрдісінің қалалық ортадан ерекше менталитет артықшылығы, халықтық тұрмысы мен өндірісі, қызметтің шартталған ортасында өтетінін бірнеше ғалымдар түсіндіріп өткен болатын.
Жоғарыда көрсетілген бірнеше ғалымдардың еңбектерін сараптай келе әлі де өз деңгейінде ауыл мектептерінде педагог-психолог мамандардың жетіспейтіндігін, ауыл оқушыларымен жұмыс жасайтын педагог-психолог қызметін көбіне жеке пәндерді жүргізетін мамандар орындайтынын зерттеу жұмысы барысында осындай қайшылықтар байқалғандықтан бітіру жұмысының тақырыбын «Ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты : Қазіргі ауыл мектептердегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу және педагогикалық-психологиялық эксперименттер арқылы жұмыстың тиімділігін көрсету.
Зерттеу объектісі: ауыл мектептеріндегі педагог-психологтың қызметінің жүйесі.
Зерттеу пәні: оқушылармен педагог-психологтың атқаратын қызметінің міндеті.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазіргі ауыл мектептердегі барлық сынып оқушыларынаь педагогикалық-психологиялық жеке көмек беру;
- педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, ауыл және қала мектептерінің ерекшеліктерін анықтай отырып, оқушылардың тұлғалық, жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
- мектеп әкімшілігімен сынып жетекшілерінің және ата-аналардың сұраныстары бойынша педагогикалық-психологиялық қызмет, психологиялық сақтандыру, диагностикалық түзету, психокоррекциялық жаттығулар, кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
Зерттеудің болжамы: Егер, ауыл мектептердегі педагог-психолог қызметінің ғылыми мазмұны теориялық тұрғыда негізделсе, онда педагог-психолог мамандар қоғам талабына сай қызмет атқарып, оқушылардың бойына ізгі қасиеттермен жеке тұлғалық қасиеттер қалыптасуына ықпал етіп, мінез-құлықтар мен шынайы қарым-қатынастың реттелуіне мүмкіндік туар еді.
Зерттеудің негізгі ойы. Қазіргі ақпараттық ғасырда ауыл мектептерінде қызмет жасайтын педагог-психолог мамандардың оқушыларды жан-жақты дамытуы компьютер, интернет, жаңа оқыту технологиялары және қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты. Педагог-психолог мамандар бұл ақпаратпен өзін-өзі қамтамассыз ету арқылы өзінің іскерлігін, белсенділігін, білімділігін, мәдениетін, жалпы айтқанда ғылымми көзқарасын дамытып, оқушылардың оқу-тәрбие сапасының жақсаруына тиімділігін тигізіп, адами-құндылық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
1. Ауыл мектебіндегі педагог-психологтың жұмысының ұйымдастырылуын жүйеленді
2. Ауыл мектебіндегі педагог-психологының міндеті атқаратын жұмыс бағыттарын анықталып, ғылыми негізделді.
3. Ауыл мектебіндегі педагог-психологының диагностикалау жұмысының ерекшелігі анықталды.
Қорғауға ұсынылады:
- «ауыл мектебі» ұғымының мәнін аша келе, «психологиялық-педагогикалық қызмет», -ұғымына өзіндік тұрғдан берілген анықтама;
- психологиялық-педагогикалық қызметтің теориялық моделі;
- ауыл мектебіндегі психолиялық-педагогикалық қызмет көрсетудің педагогикалық шарттары.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің даму мәселелеріне арналған философиялық, психологиялық, әлеуметтік, тарихи деректер және педагогикалық еңбектердегі әдіснамалық және теориялық қағидаларды басшылыққа алуымен, зерттеуін қамтамасыз ету.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Зерттеу жұмыстарының әдістері: салыстырмалы талдаулар, жинақтау, зерттеу, аналитикалық шолу, ғылыми дәйектеу, ғылыми тұжырымдау, әдіснамалық негіздеу.
Алынған нәтижелер:
- ауыл мектептерiнiң қазiргi құрылымдық жүйесiне және шағын жинақталған мектептердегi оқыту үрдiсiнiң ұйымдастырылуына жасалған талдаулық мәліметтер мен деректер жиынтығының сипаттамасы;
- нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының қазіргі даму деңгейiнiң сипаттамасы, мектеп пен ауыл социумының өзара қарым-қатынасын жетiлдiруге септiгiн тигiзетiн оң әрекеттердiң сараптамасы.
1 Ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметінің құрылымдық ерекшеліктері
1. 1 Ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметінің мәні
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Астана, 19 наурыз, 2004 жыл) деп нақты тоқталып өткен . [40, б. 2]
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.
Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады.
Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.
Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы ауыл мектептеріне педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.
Қазіргі кезеңде ауыл мектептерінде және кәсіби орта оқу орындарында педагог-психологтың қызметі өте қажет. Біз педагогикалық практика барысында байқағанымыздай, көптеген ауыл мектептерде кәсіби мамандығы педагог-психологтар емес, сағат жетіспеген физик, математик, тарихшы мамандар педагог-психолог қызметін атқарып жатыр. Олар тек тәрбиелік іс-шаралар, сынып жетекшісінің қызметі деңгейінде жұмыс жасайды. Ауыл мектептеріндегі педагог- психолог болсын жоғары деңгейлі педагог-психолог болсын іс-әрекет - бұл кәсіби іс-әрекет, оның мазмұны оқушыларға білім беру, оқыту, тәрбиелеу, психологиялық кеңес беру және т. б. қызметтер көрсету.
Педагогикалық- психологиялық іс-әрекеттің ең маңызды қасиеттерінің бірі - бұл іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі шыңдауы мен оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытуы.
Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қызмет атқаруға қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру. Бұл білім-біліктерді меңгере отырып, теориялық және практикалық педагогиканы меңгересіздер; іс-єрекеттің жоғары нәтиже алу үшін, кәсіпкерліктің жоғары деңгейіне жету үшін қажет білімдермен қаруланып шыңдаласыздар.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды: тәрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагог деп атайды.
Ойланып көріңіздер, педагогикалық іс-әрекет ауқымы қандай кең, осы іс-әрекет арқылы қанша адам өтеді?
Отбасында оқытады, тәрбиелейді (ата-ана, әже мен ата, бала бағушы, репетиторлар, үй мұғалімдері) ; балабақшада оқытады, тәрбиелейді (тәрбиешілер, үйірме жетекшілері, т. б. ) ; мектепте оқытады, тєрбиелейді (педагог-психологтар, сынып жетекшілері, ұзартылған топ педагогтары, қосымша білім беретін педагогтар, т. б) . Сондықтан өсіп келе жатќан адам балалық шағынан бастап, көптеген адамдардың педагогикалық іс-әрекеттің нысаны болып табылады.
Әрбір педагог-психолог мамандығын алып шыққан соң, өмірде өз білімін тереңдетіп, мамандығын көтеріп, іс-әрекетін өзгертеді, тіпті әртүрлі себептерге байланысты мамандығын да өзгертуге тура келеді. Осыған орай, ол әр түрлі курстарда оқып, білім жетілдіру институттарында білім алады, жаңа және қосымша білім алады және педагогикалық іс-әрекетке түседі. Яғни, бірде бір адам педагогикалық іс-әрекет нысаны болмай өмір сүре алмайды екен. Енді іс-әрекеттің шығуына, пайда болуына келейік. Бұл іс-әрекет қашан пайда болды? Осы сұраққа жауап беруге бола ма? Жауапты педагогика, психология сөздігінен қарастырайық.
Онда Антикалық Грецияда алғашқы мектептер ашылып, сауаттылық, білімділік азаматтардың ерікті қабілет-қасиеті болып есептеле басталды. Мұнда мектепке барар алдында ерікті азаматтардың балалары отбасылық тәрбие алған. Құл иеленшілердің балаларын репетиторларға құлдар жетектеп апарған. Осыдан баланы жетектейтін - педагогика пайда болған.
Ғалымдар былай деп есептейді: тәрбие мен оқыту адамдардың әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерінің маңызды түріне жатады. Педагогикалық іс-әрекеттің тууы, оның кәсібилігі, арнайы білімдер мен біліктіліктерді меңгеруі сауаттылық, жазу пайда болуымен байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген. Таным тарихында іс-әрекет ұғымы екі түрлі мәнде, біріншіден, дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік ғылымдарға негіз болған.
ХХ ғасырда әлеуметтік өмір формалары мен мәдени құндылықтардың пайда болуының негізі, қайнар көзі іс-әрекет деп қарайтын ұстанымы бірқатар әлеуметтік ғылымдардың қалыптасып дамуына негіз болды. Күнделікті өмірде „іс-әрекет“ сөзі - еңбек, іс деген қарапайым ұғымды білдіреді. Ал ғылымда адамның болмысымен байланысты қарастырылады, онымен ғылымның бірнеше салалары: философия, психология, тарих, мәдениеттану, педагогика жєне т. с. с. шұғылданады
Л. А. Беляеваның пікірінше, «Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық шындық болмысының тәсілі. Педагогикалық іс-әрекеттен тыс тәрбие туралы да, педагогикалық шындықтың басқа құбылыстары туралы да айтуға болады».
Педагогикалық іс-әрекеттің пәні (нысаны) - өзіндік белсенділігі басқа адам, сондықтан іс-әрекет субъектілердің өзара әсері жағдайында жүзеге асады. Егер іс-әрекетке екі немесе одан да көп субъект: мұғалім жєне оқушы, оқытушы жєне студент, мұғалім және сынып, оқушы жєне топ, мұғалім және педагогикалық ұжым және т. с. с., яғни педагогикалық іс-әрекет көпсубъектілі немесе субъекті аралық сипатта болады. Субъект - іс-әрекетті жасайтын адам, объект - іс-әрекеттің бағытталуы. Педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы нысаны - педагог-психолог және оқушы.
Іс-әрекеттің түрлері төмендегідей көрсетілген. (кесте 1)
Педагогтың іс-әрекет объектісі - оқушының іс-әрекеті. Педагогикалық іс-әрекетті бейнелеуге, құрастыруға, бағдарлауға және басқаруға болады. Бұл тәсілдердің әрқайсысы педагог-психологтың белгілі бір іс-әрекетінің негізі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет аясында ауыл мектептеріндегі педагог-психологтың оқушымен қарым-қатынас процесінде ғылым әлемін байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше пән мұғалімі білім мазмұнын бере отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады, сөйтіп жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен, педагогикалық іс-әрекет - педагогтың білім мазмұны мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:
1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;
2) оқушы мен педагог-психолог оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, процесі және ұйымдастыру түрлері;
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні, мазмұны мен құралдары, нәтижелері.
Сонымен қатар, Н. В. Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделін ұсынды:
1) гностикалық, педагогикалық жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін шешеді;
2) жобалаушылық, бұл - оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;
5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz