Басқару жүйесіндегі саяси менеджмент


БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ
Резюме
Объектом исследования данной магистрской диссртации является политический менеджмент.
Целью диссертации является теоретико - методологическое и практическое исследование политического менеджмента.
Методологическую и теоретическую основу исследования составляют научные труды зарубежных и отечественных исследователей, на их основе положения по изучению понятия, использования и взаймосвязи с другими технологиями. Следует отметить системный, сравнительный и ретроспективный подход, используемые магистрантом.
Научная новизна магистерской диссертации заключается в том, что представленная работа является первой попыткой в казахстанской политической науке комплексного исследования политического менеджмента.
Практическая значимость диссертации заключается в том, что ее положения и выводы могут быть использованы в научных исследованиях политического менеджмента. Они также могут быть применены в деятельности органов государственной власти, институтов гражданского общества.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
- Саяси менеджмент түсінігі . . . 8
- Саяси менеджменттің даму тарихы . . . 19
2 САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ ПЕН САЯСИ PR-ДЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ . … . . . …25
2. 1 Саяси менеджмент түрлері және қызметі . . . 25
2. 2 Саяси PR, саяси менеджменттің ерекше түрі. . ………32
3 ҚОҒАМДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ . . . 40
3. 1 Саяси менеджмент мемлекеттік - әкімшілік басқарудың технологиясы ретінде . . . 40
- Саяси кампания менеджменті . . . 47
- Саяси процестегі коммуниация менеджменті . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қандайда бір болмасын саяси кампанияны мен коммуникацияны ұйымдастырып басқару үшін, белгілі бір кезеңге сәйкес келісімдік, мақсаттылыққа негізделген, жалпы саяси жағдайды қамтамасыз ететін стратегиялық мақсатты жоспар қажет. Жалпы алғанда саяси кампаниялар қоғам назарын мәселеге аударту үшін жүзеге асырылады, ықпал етіп адамдар пікірін өзгертуге бағытталады. Мұндай мақсатта адам мінез - құлқын өзгерту жолымен қоғамдық пікірді өзгерту арқылы жетуге болады. Осы орайда саяси процесте саяси менеджменттің орны ерекше. Қазіргі таңда Қазақстан республикасы тәуелсіз ел болып, «әлемдегі 50 дамыған елдердің қатарына қосыламыз» [1] - деп талаптану барысында елді модернизациялау үшін саяси менеджментке сүйену өте маңызды екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі бұрынғы Кеңес Одағында болған әкімшілдік - әміршілдік аппаратқа сүйену мүмкін болмай ықпал етудің басқа ерекше түрлерін заман өзі талап етіп отыр. Оның бірі саяси менеджмент. Мұндай мақсатқа адам мінез-құлқына ерекше амалдар арқылы, қоғамдық пікірді өзгерту арқылы жетуге болады. Осы орайда мемлекеттің және саяси партиялардың немесе ұйымдардың күнделікті өмірде және сайлау науқанында іс - әрекеттерінде саяси менеджменттің орны ерекше. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпанынндағы «Жаңа замандағы жаңа қазақстан» атты халыққа жолдауында басқару жүйесіндегі әкімшілік реформа нақты көрсетілді [2] . Сондықтанда бүгінгі күнде мемлекеттік - әкімшілік басқару жүйесіндегі өзгерістер саяси менеджменттің қатысуынсыз өтпейді және оны жүзеге асыру барысында саяси менеджменттің мемлекттік басқарудың басты құралы екендігі көрініп отыр. Бұл мәселе осы орайда өзекті болып саналады.
Саяси менеджмент ауыр психологиялық және әлеуметтік феноменге ие өзгеше құрылымды мемлекеттің немесе саяси ұйымдардың, тіпті лидерлердің саяси беделін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Саяси партиялар немесе басқа саяси субьект, президент, үкімет немесе министрлік, саяси бағдарлама немесе идеяларды орындаушы саясаткер беделі туралы айтылғанда, осы саяси субьектінің қалыптасып үлгерген бейнесі көрініс табады. Ықпал ету алға қойылған мақсатқа жетуге арнайы жасалатын саяси әрекет. Ықпал ету біздің түсінігімізше бұл - обьективті саяси шындықтың субьективті көрінісі. Стратегиялық саяси мақсаттарға қол жеткізетін саяси менеджмент және басқа да құралдар арқылы ықпал жасалады. Саяси консультанттар тәжірибесінде бұл ұғым стратегиялық ықпал ретінде қалыптасқандықтан, біз де солай атаймыз.
Саясаткер, партия немесе саяси және сайлау кампаниясы кезінде кандидаттың стратегиялық бейнесін және беделін қалыптастыруда, сонымен қатар PR жұмыстары электораттың әлеуметтік-психологиялық және саяси - психологиялық ерекшеліктерін талдауы тиіс. Осындай талдаудан кейін ғана саяси менеджменттің ықпал ету стратегиясын бастауға болады. Соңғы он жыл саяси процесс субьектілерінің саяси технологияларды қарқынды игеру кезеңі болып, әсіресе мемлекет тарапынан көптеген мәселелерді, соның ішінде саяси лидерлік пен саясаткердің нәтижелі имиджін қалыптастыруға қатысты болды. Бүгінгі таңда он жыл көлемінде қалыптасып келе жатқан саяси менеджментке назар аударыла бастады. Басқарудағы әкімшілік рформаның жүргізілуі барысында, 2004 жылғы Парламент сайлауынан кейін және 2005 жылғы Президенттік сайлауынан кейін біздің ойымызша «Басқару жүйесіндегі саяси менеджмент» тақырыбы өте өзекті.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Саяси менеджмент мәселесі біздің қоғам үшін жаңа мәселелердің бірі. Бірақ бізге дейін бұл мәселемен шетелдік ғалымдар айналысып саяси менеджменттің дамуына өз үлестерін қосты. Сяси менеджменттің жаңа құбылыс екендігін ескерсек, саяси менеджмент мәселесі де зерттеу нысанасына кейінгі кездері айналып отыр. Саяси менеджментті зерттеуге үлес қосқан батыс зерттеушілерінің арасынан Армстронг П, Г. Лассуэлл, Уатс Д, Лавлии Дж, Ф. Тейлор және т. б. сынды ғалымдарды атап өтуге болады.
Осы саланы зерттеуші Ресей ғалымдарының арасынан Г. В. Пушкареваның ғылыми еңбектерін ерекше атап кеткен жөн. Саяси менеджмент мәселелерін зерттеген ғалым, өзінің еңбектерінде ресейдегі саяси менеджменттің жаңа технологиялары туралы жазды. Сонымен қатар автор саяси менеджменттің саяси процестегі, саяси коммуникациядағы және саяси кампаниялардағы алатын орнын көрсетті. Ресейлік ғалымның бұл мәселені зерттеудегі қосқан басты үлестерінің бірі саяси менеджментті посткеңестік елдердің саяси процестеріне жария етуі болып саналады. Г. В. Пушкарева саяси менеджменттің, коммуникацияның электоралдық мінез-құлыққа әсер ету мәселелерін тереңірек зерттеп, сайлау науқанындағы саяси менеджменттің маңыздылығын көрсетіп, саяси менеджменттің түрлері мен жанрларын, оның түрлі байланыстық формаларын анықтайды [3] .
В. И. Жукова саяси менеджменттің тарихына тоқталып, оның пәнін анықтап саяси бейне құрылымына, позитивті және негативті менеджменттің дайындау әдістеріне, технологиялардың манипуляциялық мүмкіндіктеріне ерекше мән береді. Және де бұл еңбектің ерекшеліктерінің бірі саяси менеджмент мәселесіне психологиялық тұрғыдан келеді. Сондықтанда болар олар саяси менеджментті басқару психологиясымен бірдей қылып қарастырады [4] .
А. Ю. Горчева Батыстық саяси менеджмент негізінде Ресей тарихының түрлі кезеңдеріндегі саяси менеджменттің ерекшеліктерін қарастырды [5] . Сонымен бірге, С. Лисовский, А. И. Соловьев, Т. Е. Дубатова, Б. Л. Борисов, Т. В. Ляпин, Д. В. Ольшанский, Г. Г. Почепцов, О. Ф. Шабров, В. А. Мельник, И. В. Тихомирова, В. Б. Тихомиров, Л. Г: Лаптев, А. В. Карпованың еңбектерінің теориялық және тәжірибелік маңызы бар.
Қазақстан ғалымдарының сайлау технологияларын зерттеуге арналған біршама еңбектерінің болғанына қарамастан, саяси менеджмент мәселе бір ғана автордың мақалаларынды көрініс табуда. Саяси менеджмент біздің қазақстандық ғалымдардың назарынан тыс қалып отыр. Дегенмен бұл мәселе бойынша ғылыми мақалалар азда болса жазылуда. Саяси менеджмент мәселесімен қазіргі таңда қазақстандық ғалымдардың ішінен жас ғалымдардың бірі А. С. Абулкасова айналысуда. Ол өзінің жоғарыда аталған мәселелерге байланысты көзқарастарын бірқатар ғылыми - практикалық маңызы бар мақалаларында білдірді. Автор өзінің мақалаларында саяси менеджменттің технологиялық мәселелеріне аса зор көңіл аударуда. Ғалымның мақалаларындағы саяси менеджменттің қырлары ПР технологиясымен, БАҚ - мен және коммуникациямен байланысты қарастырылады.
Тағы да бір автор Б. Б. Абдығалиев саяси менеджменттің қолдану барысын Теміртау тәжірибесі ретінде көрсетеді. Бұл еңбектің ерекшелігі саяси менеджменттің теориялық негізі қарастырылмаған, ал керісінше практикалық қолдану деңгейі орын алып отыр [6] .
Сонымен қатар саяси менеджментті тікелей зерттемесе де оның кейбір мәселелері әсіресе Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі уақыттар аралығында тоталитаризмнен демократияға өтумен қатар, әлеуметтік- экономикалық және саяси даму жолын таңдаудың күрделі процесін өткеру жолындағы ерекшеліктері мен кейбір мәселелері Л. Ә. Байділдиновтың «Теориялық саясаттану» оқу құралында баяндалған. Және де Ғ. Ж. Ибраева, С. Ю. Петренко, Л. Ф. Адилова, Платонов С. В, Рысбаева С. Ж. , және тағы да басқа авторлардың еңбектерінен басқару, технология, коммуникацияға байланысты ойларды көруге болады.
Зерттеу объектісіне саяси менеджмент жатады.
Зерттеудің негізгі мақсаты қазақстандық саясаттану ғылымы үшін саяси менеджменттің теоретикалық - әдістемелік және практикалық жақтарын зерттеу.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- шетелдік және отандық дерекнамалар негізінде саяси менеджменттің қалыптасуын көрсетіп типологиясын беру;
- саяси менеджмент пен PR-дың өзара байланысын айқындау;
- саяси менеджменттің саяси кампаниялар мен коммуникациядағы орнын көрсету;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері негізінде саяси менеджменттің түсінігі, түрлері қарастырылды. Саяси менеджменттің кейбір ұғымдары саясаттанудың қазақ тіліндегі ғылыми терминологиялық қорына қосылды. Саяси менеджментті қазақстандағы мемлекеттік - әкімшілік басқаруда және саяси кампанияларда қолданудың барысы талданып көрсетілді.
Диссертациялық жұмыстың әдістемелік негізіне саяси процестерді және саяси институттарды ретроспективті және салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі тұжырымдамалар және жүйелі, тарихи, салыстырмалы талдау әдістері арқау болды.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізін шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің оқу құралдарындағы мәліметтер мен ғылыми журналдардың материалдары құрайды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы . Диссертациялық жұмыста баяндалған теориялық және практикалық мәселелер ғылыми ізденістерді жетілдіруге және жоғары оқу орындарында пайдалануға болады. Диссертация материалдарын жоғары оқу орындарындағы саясаттану бөліміндегі арнайы курстарда немесе жалпы курстар шеңберінде және саяси басқару мекемелеріде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
1. Саяси менеджмент технология ретінде тек қана сайлау науқандарында емес сонымен қатар мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесінде де қолдануға болады. Өйткені қазіргі таңда мемлекеттік әкімшілік - басқарудың ықпал ету құралдары ескіріп отыр және бүгінгі ақпараттық ағым заманында басқарудың ерекше түрін қажет етуде.
2. Басқарудың ерекше түрі саяси менеджментті Қазақстанда қолдану барысы дұрыс дамымауда. Соңғы өткен саяси кампаниялардағы саяси менеджменттің қолдану барысы көрсеткендей әлі де болса басқа технологиялардан дұрыс ажырата алынбай жүргендігі.
Зерттеу нәтижесінің апробациясы. Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны, қағидалары 4 ғылыми мақала түрінде баяндалды:
1. 2006 жылдың 30-31 нурызында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында өткен "Азамат - қоғам - мемлекет: өзара қатынастарының өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда;
2. 2006 жылдың 11 қарашасында әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен “Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси модернизациядағы жаңа кезеңі: жүзеге асару мәселелері” атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция;
3. 2007 жылдың 20 ақпанында әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен “Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың орны” атты халықаралық ғылыми конференцияда;
4. 2007 жылдың сәуірінде әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «7 - 8 Мустафин оқуы» атты ғылыми конференцияда.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі бет.
- САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Саяси менеджмент түсінігі және оның қызметі
Басқару - бізді қоршаған ортадағы әмбебап және қажетті элемент. Басқару сөзін кең көлемде алғанда - ол субъектінің объектіге әртүрлі амалдармен әсер етуі. Бұл ықпал етудің мақсаты объектінің жағдайын, іс әрекетін және сапасын өзгерту болып табылады. Басқару деп, көп жағдайда мақсатты бағытталған әрекеттеді атайды. Бұл тұрғыдан алғанда объект адамдар жағынан реттеліп отырылады. Басқарудың ықпалына біздің қоғамдағы құбылыстар түсуде. Соның ішінде біздің қарастырғалы отырғанымыз қоғамдағы басқару және де соның бір ғана түрі - саяси менеджмент.
Менеджмент(ағылшын тілінен аударғанда management - басқару) - басқару түрлерінің теориясы мен практикасы [7] . Ол біріншіден әртүрлі ұйымдарда адамдарды басқару әрекетінің түрі және интеллекті, еңбекті, адамдар әрекетін пайдалана отырып мақсатқа қол жеткізу; екіншіден менеджмент қызметін атқаруға көмек көрсететін адам білімінің аумағы [8] ; Сонымен, менеджмент түсінігі шетел тілінен еніп өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару әдістері мен қағидалары, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді [9] . Қазіргі заманда менеджмент - ұйымдасқан түрде әрекет етілетін, әртүрлі ұжымдар мен адамдарды басқаруға қатынасы бар өнердің, практиканың және ғылымның саласын атайды. Менеджмент әрекет ретінде - ықпал етудің амалы және үрдісі болып табылады. Бұл үрдісте адам психикасын қалыптастыруға, басшылықтың басқару әрекетіне бағытталады. Менеджмент, субъектінің жеке және жалпы шешім қабылдауынада байланысты немесе басқаша айтқанда нақты мақсатты іске асыруда процестер мен ұймдастырудың орынды түрлерін таңдау болып табылады [10] .
Соңғы уақыттарда қазіргі ғылыми білімдердің сөз қорларына жаңа түсініктер мен ұғымдар келе бастады. Әсіресе басқарудың ерекше түрлерін көрсететін ұғымдар. Айталық, мемлекеттік менеджмент, стратегиялық менеджмент, дағдарыс менеджменті, PR менеджмент, саяси менеджмент және т. б. Жаңа ұғымдардың келуі және олардың теориялық негіздері қазіргі қоғамдағы басқару барысының қиындығын көрсетеді. Бұл үрдістің негізінде бірқатар факторлар жатыр. Бір жағынан алғанда әлеуметтік байланыстың дифференциялануы, әлеуметтік өмірдің дәстүрлі негіздерінің ыдырауы, жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуы, адамдардың құндылықтарының өзгеріске ұшырауы және т. б. ; екінші жағынан қарастырғанда - басқарудың әркезде дамытылып отырылуы, әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып қойылған міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін басқарудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеу болып табылады.
Басқарудың ерекше түрін көрсетуге құқығы бар жаңа түсініктердің айналымға енуі әркезде ғылыми пікір таластар туғызады. Пікір таластар барысында түсініктің мазмұны қарастырылып нақтыланады, талдаудың пәндік кеңістігі анықталады. Сондай түсініктердің бірі, әлі де болса өзіндік ғылыми таныту процесінде тұрған “саяси менеджментті” айтуға болады. Әдебиеттерде осы түсінікті бір жақты түсіндірумен бірге терминологиялық шатастыруларды да кездестіруге болады. Тіпті “саяси менеджмент”, “саяси басқару”, “саяси маркетинг”, “саяси PR” түсініктері ғылыми ортада бірін - бірі ауыстырушы ретінде де қабылданады. Сондықтанда осы бөлімде, әрі де диссертациялық жұмысымда “саяси менеджмент” түсінігінің мазмұнын нақтылы, оның болмысының негізін анықтап және қазіргі қоғамдағы, басқару жүйесіндегі орнын көрсету.
Жалпы алғанда «менеджмент» термині мәні жағынан «басқару» терминінің аналогы, оның синонимі, бірақ толықтай осы пікірде қарастыру қате болып есептеледі. «Басқару» ұғымы кең мағынада болып келеді, өйткені оның қолдану аясы кең және адам әрекетінің әралуан түрлерінде қолданылады (автомобильді басқару) ; іс - әрекеттің әртүрлі саласында өлі табиғатты басқару, биологиялық жүйеде, мемлекеттік басқару) ; басқару органдарында (мемлекеттегі және қоғамдық ұйымдардағы бөлімдер, сонымен қатар кәсіпорындарда) ;
«Менеджмент» ұғымы тек қана әлеуметтік - экономикалық процестерді басқаруда қолданылады.
«Саяси менеджмент» түсінігін ғылыми тұжырымдау соңғы он жылдықта басталды. Бұл біздің ойымызша саясат пен басқарудың дәстүрлі бөлінуімен байланысты. Бұндай бөлініс Г. В. Пушкареваның пікірінше - «бір жағынан мемлекеттік басқару ғылымының өзіндік дамуымен байланысты болса, екінші жағынан саяси салада басқа, басқару түрлеріне назардың аз бөлінуімен байланысты. Осы уақытқа дейін саяси ғылым, саяси саланың объективті процесінің өзіндік реттеулерін зерттеп келіп, басқару және басқару технологиясы мәселелеріне аз көңіл бөліп олар саяси білімде кенже қалып келген» [11] .
Осы жіберілген қателіктерді дұрыстауға деген ұмтылыстар бірқатар ғалымдарды «саяси менеджмент» түсінігіне назарларын аударудың себебі болды. Бұл ұмтылыстар ғылыми қауымның назарынан тыс қалған қоғамның саяси саласындағы басқару түрлерін теориялық жағынан тұжырымдауға жол ашты. Бірақ, бұл ұмтылыстар саяси менеджменттің пәндік кеңістігін анықтау барысында қарама - қайшылықтар туындап отырды. Айталық, Л. В. Сморгунов пікірі бойынша «Саяси менеджмент - қоғамдық - құықтық салада шешім қабылау мен таңдау барысында пайда болатын, саяси акторлар (азаматтар, жетекшілер, саяси топтар және т. б. ) арасындағы қатынастарды басқару жүйесі» [12] . Сонымен қатар ол «саяси менеджментті тар және кең мағынада» түсіну керектігін айтады. Бірінші мағынада оның пікірінше «тікелей және өкілді демократия мен халықаралық қатынасты басқару процесін, сонымен қатар мемлекеттік басқару саласын қамтиды» десе, екінші мағынада саяси менеджменттің теориясы мен пратикасын, яғни «кең көлемдегі саяси кампанияларды және мемлекетке ықпал ететін азаматтық қоғамды, саяси процестерді басқару» - дейді [13] . В. А. Мельник саяси менеджментті «саясат саласында басқару мен жетекшілікке байланысты әрекеттің түрі» [14] - деп анықтайды. Бұл әрине бірыңғай терең берілмеген анықтамалардың бірі. Себебі анықтама жалпылама түрде көрсетілген. Саяси менеджмент мәселесімен тығыз шұғылданып жүрген Ресей ғалымы Г. В. Пушкарева пікірі бойынша «Саяси менеджмент - басқару субъектісі белгілі бір саяси мақсатқа жетуге ұмтылған заңды күшке сүйенуге және жалпыға бірдей міндетті норма жасау мүмкіндігі болмағандықтан өз міндеттерін шешу үшін ерекше тәсілдер мен амалдарды және әртүрлі саяси технологияларды қолдануға мәжбүр ететін басқарудың ерекше түрі» [15] . Зерттеуші саяси менеджмент түсінігін анықтау барысында басқарудың түрлерімен саяси технологияларға мән беріп басқарудың ерекше түрі деп көрсетеді. Әрине келісуге болады, дегенмен нақтылық жоқ секілді. И. В. Тихомирова және В. Б. Тихомиров саяси менеджментке «саяси оқиғаларға қатысушылардың нақты саяси мүдделерін жүзеге асыру үшін бағытталған саяси оқиғаларды басқару» [16] деп анықтама береді. Т. В. Ляпин бойынша, «саяси менеджмент - саяси мінез - құлықты басқару өнері мен ғылымы» [17] - болып табылады. Ал Д. В. Ольшанский болса саяси менеджментті «қалыптасқан жағдайда саясаткердің (партияның, ұйымның және т. б. ) әрекетін және саяси процесті максималды дәрежеде тиімді қылатын саяси процесті басқаратын ұйым» [18] - ретінде қарастырады.
Авторлардың анықтамаларының өзгешеліктеріне қарамастан олардың саяси менеджменттің пәндік кеңістігі бойынша пікірлерінде ұқсастықтар кездеседі. Біріншіден, басқару субъектісімен бірге басқару объектісінде саяси процесс, саяси оқиға, саяси мінез - құлықтарда саяси құбылыс тобына жатқызылады. Әдебиетте басқарудың басқа да әсер ету объектілері көрсетіледі. Мысалы, қоғамдық және экономикалық процестер [19] . Біздің ойымызша басқару қатынастарына саяси саламен шектеу нәтижесінде жаңа түсініктер дүниеге келеді. Ғылымда ондай түсініктер баршылық. Айталық, мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат, саяси басқару. Соңғы түсінікті саяси менеджменттің тікелей қазақша аудармасы деп түсінуге болмайды. Саяси басқару әдебиеттерде қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерін, қоғамның өзіне саяси ықпал ететін процесс ретінде көрсетіледі. Т. Е. Дубатованың пікірінше, «саяси басқару әрекеттің түрі ретінде қоғам дамуының стратегиялық және тактикалық мақсаттарын анықтайды» [20] . Мемлекттік басқару ғылымның жеке саласына айналуына орай кейбір авторлар мемлекет тарапынан іске асырылатын саяси ықпалды «саяси әкімшілік басқару» [21] - деп көрсетеді. Бірақ бұл түсініктің мазмұндық саласы жартылай мемлекеттік басқарумен, жартылай саяси менеджментпенде сай келеді. Сондықтанда бұл түсініктің жеке екенін көрсете алмайды. Екіншіден, көптеген авторлар саяси менеджментітң қолданатын әдістері мен технологиялық амалдарының ерекше екенін атап өтеді. Саяси басқару «мемлекеттік механизм» [22] арқылы жүзеге асырылып «биліктің, басқарудың шешімін жасайтын процесс ретінде көрсетілсе» [23], ал саяси менеджмент «менеджерлік амалды» қолданады, «тиімді ұйымды іске қосады» (Д. В. Ольшанский) . Басқаша айтқанда, негізінде мемлекеттік міндеттеуі жоқ, ал сендіру, еліктіру технологияларын қолданатын басқару амалдарына сүйенеді.
Қазақстандық ғалымдар саяси менджментті әліде болса жеке зерттеу объектісі ретінде қарастырмауда. Оны тек қосымша технология ретінде айтып келеді. Біздің ойымызша саяси менеджмент жеке ғылым объектісі ретінде зерттелуі қажет. Өйткені дамып отырған қоғамдағы әлеуметтік - саяси басқару процесінің өсуіне орай маңызды болып отыр. Бұнда саяси билік қатынастары қысым немесе мәжбүрлеу негізінде емес, ал ықпал етудің басқа жаңа амалдары арқылы жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz