Сусымалығы нашар құрама жем құрауыштарының сапасын жақсарту


Мазмұны
Кіріспе
1 бөлім. Сусымалығы нашар құрама жем құрауыштарының сапасын жақсарту туралы әдебиеттерге шолу
1. 1 Құрама жем туралы жалпы мәліметтер
1. 2 Сусымалығы нашар құрама жем құрауыштарына сипаттама
1. 3 Табиғи минералдар шунгит, вермикулитке сипаттама
2 бөлім. Зерттеуді жүргізудің нысаны мен әдістемелері
2. 1 Зерттеудің нысаны
2. 2 Зерттеуді жүргізудің әдістемелері
3 бөлім. Сусымалығы нашар құрауыштардың сапасын жақсарту жолдары
3. 1 Сусымалығы нашар құрауыштардың физика-химиялық қасиеттері
3. 2 Табиғи минералдарды құрама жемге енгізу рецебін есептеу
3. 3 Сусымалығы нашар құрауыштардан алдын-ала қоспа дайындау
3. 4 Шунгит пен вермикулиттің құрама жем құрауыштарымен араласуының біркелкілігі
3. 5 Құрамына шунгит, вермикулит енгізілген құрама жемнің сақтау мерзіміндегі сапасының өзгеруі
4 бөлім Зерттеудің техника - экономикалық тиімділігі
Кіріспе
Қазіргі кездегі еліміздің экономикалық саясатының негізгі бір мәселесі - мал, құс шаруашылығындағы жемдік қорды күшейту. Толыққұрамды азықтандыру - мал өнімділігін жоғарылатудың бірден - бір шешімі. Ауылшаруашылығы малын, құсын ғылыми негізбен азықтандыруды ұйымдастыруда құрама жемнің маңызы зор.
Мал шаруашылығының тиімділігін жоғарылату, одан жоғары нәтижелер алу құрама жемнің сапасына тікелей байланысты.
Құрама жем өндірісін дамытудағы басты мәселе - оның шикізат қорларын кеңейту және кәсіпорынның техникалық деңгейін жоғарылату негізінде сапасын жақсарту.
Шаруашылықты жүргзудің қарқынды әдісіне көшуге байланысты ғылыми - техникалық прогрестің жетістіктері енгізіле бастады. Құрама жем өндірісінде ғылыми - техникалық потенциалды жүзеге асыру арқылы өндірісті кеңейту және құрама жемнің сапасын жақсартуға байланысты.
Жаңа прогрессивті технологияны игеру шикізатты дайындау және өңдеудің технологиялық желілерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дайындау желілеріндегі ең маңызды орынды дәнді, гранулданған және сусымалығы нашар минералды шикізаттардың алдын - ала қоспасын дайындау желісі алады. Құрама жем кәсіпорындарында соңғы кезде жүргізілген қайта жөндеу жұмыстары алдын - ала мөлшерлеу және араластыру желісін енгізуді қарастырады.
Алдын - ала қоспа желісін қолдану мөлшерлеудің дәлдігін жоғарылатып, дайын құрама жемнің біркелкілігін жоғарылаталы, сусымалығы нашар шикізаттардың технологиялық қасиеттерінің жақсаруынан технологиялық жабдықтың өнімділігі жоғарылайды.
Құрама жем зауыттарындағы тәжірибелер алдын - ала қоспа желілерін енгізудің тасымалдау желілері мен мөлшрлеу желісіндегі мөлшерлегіштің санын, қораптар санын азайту, өнім сапасын жақсартуға жіне сонымен қатар өндіріске шикізатты дайындау уақытының 15-20% азаюына байланысты өндірістің өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. /1, 2, 3/
Осыған байланысты нашар құрауыштар мен сусымалығы жақсы минералды шикізаттардың алдын - ала қоспасын дайындап, соның негізінде құрама жем дайындау - дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Табиғи минералдар - шунгит, вермикулиттердің жақсы физика - технологиялық қасиеттеріне қоса бай химиялық құрамы да құрама жемді қосымша макро- және микроэлементтермен байытып, сапасын жақсартады.
1 бөлім. Сусымалығы нашар құрама жем құрауыштарының сапасын жақсарту туралы әдебиеттерге шолу
- Құрама жем туралы мәліметтер
Ғылыми негізделген азықтандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру мәліметтері негізінде құрылған құрама жемнің маңызы зор.
Жеке азықтар (дән, кебек, күнжара, пішен, сабан, балық және т. б. ) немесе біртекті қоспалар (сұлы немесе сұлы ұны, бидай немесе бидай кебегі) малдың қоректік заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, бұл қоспаға кіретін қоректік заттардың құрамы біртекті және организмге қажетті ақуыз, минералды тұздар, витаминдер, амин қышқылдарының толық жиынтығын сақтай алмайды. Соның нәтижесінде бұндай азықпен азықтандырылған малдар өнімнің қажетті мөлшерін бере алмай, дамуы тежеліп, өміршеңдігі төмендеп, көп ауырады.
Жеке азықтарды әр түрлі қатынас пен үйлесімде қолдану толық құнды рационды жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бір азықтағы қажетті қоректік заттардың жетіспеген мөлшері басқа азықтар арқылы толықтырылып, соның нәтижесінде құрама жемнің қоректік құндылығы жоғары болады. Құрамалы рационды құрауыштарды алдын - ала дайындамай, яғни тазалау, кептіру, ұнтақтау, жылумен өңдеусіз қолдану мүмкін емес.
Құрама жем дегеніміз ғылыми негізделген рецепт бойынша дайындалып, малдың толық құнды азықтандырылуын қамтамасыз ететін әртүрлі жем қоспасы мен микроқосымшаның тазаланған және қажетті ірілікке дейін ұнтақталған біркелкі қоспасы.
Жем тағамдылығының өлшем бірлігі немесе жемдік бірлік ретінде - көлемдік массасы 450-480 г/л, ылғалдылығы 13% 1 кг сапалы сұлының тағамдылығы қабылданған.
Жемдік маңыздылығына қарай құрама жем келесі түрлерге бөлінеді: толық рационды құрама жем концентраты, нәруызды (белокты) - витаминді қосымшалар, жем қоспасы, премикс, байытқыш қоспа және карбамидті концентрат.
Толық рационды құрама жем - негізінен құс, доңыз, жылқы, ірі қара және жас малға арналған. Мұндай құрама жем мал мен организмін керекті тағамдық затармен толық қамтамасыз етіп, жемнің басқа түрлерін қосуды қажет етпейді. Ал жылқыға арналған толық рационды құрама жемге пішен шөп қосқан тиімді болады.
Құрама жем конценраты - мал мен құстың ірі және құнарлы жем азықарына қосуға арналған, оның құрамында протеин, минералды заттар мен микроқосымшалар көп мөлшерде болады.
Нәруызды - витаминді қосымшалар - әдее ұсатылған дән қоспаларын байыту үшін қолданылады. Олардың құрамында нәруызға, витаминдерге, минералды заттарға, микроэлементтерге және антибиотиктерге бай шикізаттар болады.
Премикстердің құрамында белсенді биологиялық заттар көп. Сондықтан құрама жем мен нәруызды витаминді қосымшаларды керекті биологиялық заттармен байыту үшін қолданады.
Жем қоспасы - үш немесе төрт компоненттерден немесе дән өңдеу өндірістерінің жанама өнімдерінен дайындалады. Оны ірі қара мен қойлардың азығы ретінде қолданады.
Байытқыш қоспа дегеніміз - құрама жем кәсіпорындарының арнаулы жем рецептісі бойынша жасалынатын біркелкі ұсатылған нәруызды, минералды және микроқосымшалармен толықтандырылған заттар.
Карбамиді концентрат дегеніміз - ұсатылған дән, карбамид және бентониттен бекітілген рецепт бойынша жасалынған біркелкі ұсатылған жем азығы.
Құрама жем, нәруызды - витаминді және минералды қосымшалар шашпа немесе гранул түрінде шығарылады. Мөлшері процентпен берілген нәруыз немесе протеин аса маңызды азықтық за болып табылады. Бірақ, іс жүзінде ірі организм үшін оның сіңімді бөлігінің маңызы ғана ескеріледі.
Малға сіңетін жем бірлігіндегі энергияны алмасу энергиясы деп атайды. Дайын өнімдегі мөлшері шектелетін клечатка - сутекті зат, оны тек күйіс қайыраын мал сіңіре алады.
Келтірілген негізгі көрсекіштермен қатар нәруызды құрайтын амин қышқылдары минералды жемдердегі бөлек элементтер, мысалы, кальций, фосфор, натрий, т. б.
Құрама жем, нәруызды - витаминді қосымшалар, премикстер және басқа құрама жем өндірісі өнімдерін шығару үшін өсімдік, жануар және минерал тектес шикізаттардың жүзден астам түрлері қолданылады.
1. Дәнді дақылдарға: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, тары және басқа да дән түрлері жатады. Сондай - ақ өзге астық дақылдарының табиғи қоспалары да кіреді.
Төрт түлік малға және құстарға арпа азық ретінде беріледі. Оның қабығы ядромен біесе өскен, сондықтан дәннің 9-16%-ін құрайтын қабықты ажырау қиын.
Құрама жемге қосылаын қара бидайдың крахмалы мал асқазанында қаы ісініп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. Сол себепті жемге қосатын қара бидайдың мөлшерін шекеу қажет.
Сұлының азықтық құндылығы аса жоғары деп саналады. Оның дәні мөлшері 30 %-ті құрайтын оңай ажырайтын қабықпен қапталған. Жас мал мен құсқа сұлыны қабықсыз берген дұрыс. Бұршақ құрама жем өндірісінде кең қолданылатын дақыл болып саналады.
2. Диірмен және жарма өндірістерінің жанама өнімдері: ұн және жарма алу кезеңінде түзілген жем, ұншық және жемдік ұнақ пен кебек.
Диірмен өндірісінің негізгі жанама өнімдері кебек пен жемдік ұншық. Қабық құрамында протеин мөлшері дәнмен пара - пар, бірақ крахмалы аз, клечаткасы көп болады. Сондай - ақ фосфор мен В отбындағы виаминдер өте көп. Жемдік ұншық пен дән көрсеткіштерінің айырмасы аз.
3. Май өндіреін заводтардың жанама өнімдері: күнжара мен шұлық (күнбағыс, соя, мақта, зығыр, т. б. ), және фосфаидті концентрат.
Май айырып алу заводары қалдықтары - майсыздандырылған дақылдар. Егер майды престеу арқылы алса, күнжара, ал органикалық еріткіштермен айырса, шұлық түзіледі. Мақта, күнбағыс күнжаралары мен шұлықары кең тараған.
4. Қант кәсіпорындарының жем өнімдері: кептірілген қызылша жомы және жемдік сірне.
Қантын бөліп алып, кептірілген қызылша жаңқаларын жом деп атайды. Қызылша жомы мен сірнесі қант кәсіпорындарының негізгі қалдықтары.
Жем патокасы - құрамында 50%-ке дейін қанты бар қалыпты температурадағы сұйық зат. Жом мен сірне дән шикізаын алмастырыа алады.
5. Крахмал кәсіпорындарының жем өнімдері: экстракциялы және экстракциясыз жүгері мен бидай езінді жемдері, гидрол.
6. Ашыу (арақ, шарап, сыра, т. б. ) кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы, кептірілген сыра быыршақары.
7. Жануар ектес жем ұндары: етті-сүйек, қан-жын, гидролизденген қауырсын ұндары; балық теңіз сүтқоректілері мен шаян тәріздес жәндіктердің жемдік ұны.
Жануар текес жем ұндарының құндалығы жоғары. өйткені олардың құрамында тиімді аминқышқылды нәруыз көп (50-60% ) . Етті-сүйек, сүйек ұндары кальций мен фосфорға аса бай.
8. Шөп және көк бұтақшалардың витаминді ұны.
Шөп ұнын орылған шөпті кептіргіште кептіріп, оны балғалы ұсатқыштарда ұнтақтау арқылы алады. Құрамындағы протеині дәнді дақылдармен шамалас және каротин А провитаминге бай шөп ұнын шашпа және гранулденген түрде шығарады.
9. Минерал текттес шикізаттар: бор, әк, ас тұзы, бетонитті ұнтақ, жемдік фосфат, фосфат дикальциі, т. б.
Минерал ектес шикізаар құрама жемнің дәмін жақсарту, сондай - ақ кальций мен фосфор, натрий мен калийдің қажетті қатынастарын түзеуге арналған.
10. Химия, микробиология (медицина) кәсіпорындарының өнімдері: карбамид және басқа синтетикалық азотты заттар, микроэлемент тұздары, витаминдер, антибиотиктер, амин қышқылдары, т. б.
Құрама жемге енгізеін витамин мөлшерін масса немесе халықаралық бірлік арқылы белгілейді.
А витамині - тірі организмді өсіруші витамин. Құрама жемге көбінесе, каротин түрінде қосады (шөп ұны) . Организмнің минералды алмасуын реттейтін Д витамині жем ашытқыларында көптеп кездеседі. Мал мен құстардың табиғи көбеюіне ықпал ететін Е витамині дәнді дақылдардың ұрығының құрамында болады. Микробиологиялық синтез жолымен алынған В витамині (цианкобаламин) өсімдік нәруыздарын сіңіруге көмекеседі.
Антибиотиктер мал мен құстарды аурудан сақтап, олардың өсуін жеделдетеді.
Мал, құс рационында берілген жемнің ең жоғарғы қорытылуын қамтамасыз ету үшін қажетті қоректік заттар дұрыс, үйлесімді қатынаста болуы қажет. Бұндай қоректік заттарға ақуыз, майлар, көмірсулар, витаминдер, микроэлементтер жатады.
Ақуыз, ақуызды заттар.
Олар тірі клетканың негізін құрайды. Клетка ақуызы үнемі азықтың ақуызды заттарымен жаңарып тұрады, ал ақуызды заттар жаңа клетка түзіп, әр түрлі ұлпа түзуге, ферменттер мен гормондарды жасауға қатынасады.
Азықтың ақуызды заттарының биологиялық құндылығы оның аминқышқылдық құрамына байланысты. Мал үшін әсіресе лизин, цистин, метионин, триптофан, тирозин, аргенин, гистидин аминқышқылдары өте қажет. Аминқышқылынсыз немесе азықтағы оның жетіспеуі организмнің өсуі мен дамуын тежейді, өнімділік төмендеп, әр түрлі ауруға ұшырайды.
Азықтың ақуызды заттарын шартты түрде шикі протеин деп атайды. Шикі протеинде ақуыздар және ақуыз емес азотты заттар- амидтер болады. Амидтер - бейорганикалық заттардан (аммиак және т. б. ) ақуыздың синтезделуі кезінде өсімдікте пайда болатын аралық өнімдер.
Құрама жемнің бағалығын қоректік заттар, майлар мен көмірсулар анықтайды.
Майлар. Азықта әртүрлі мөлшерде сақталады. Өсмдікте ол негізінен тұқымы мен дәнінде көп, ал сабағы мен жапырағында аз, тамыры мен түйнегінде өте аз болады. Майлардың ақуыз бен көиірсулардан калориясы көп және жылу бөлгіш қасиеті бар. Майлар мал организмінде энергетикалық қорды құрайды, организмді тез тоңудан, механикалық зақымдалудан қорғап, клеткарың құрамына аздап кіріп, организмде В витаминінің тұрақтап қалуына әсер етеді.
Ауылшаруашылығы малдарының ішінде май түзушілік қабілетті ағынан шошқалар бірінші орында. Сондықтан шошқаны бордақылау-бағалы мал майын алудың ең тиімді әдісі.
Шикізат пен құама жемдегі май мөлшері « шикі майдың массалық үлесі» атты көрсеткішпен белгіленеді. Шикі май-шикізатты этил эфирімен өңдегенде бөлінетін әртүрлі заттар. Өсімдік майлары (майлы дақылдарды өңдеу өнімдері) малға жақсы сіңеді. Негізінен майлр организмге көмірсулар арқылы синтезделеді.
Көмірсулар. Олар құрамажем құрамына кіретін азотсыз экстактивті қосылыстарға жатады. Қоректік заттардың түзілуінде көмірсулардың синтезі жетекші орын алады. Көмірсулардың химиялық өзгеруі нәтижесінде мал организмінде өміршеңдік процестер мен бұлшық еттің жұмысына жұмсалатын энергия бөлінеді. Көмірсулар мал организмінің барлық клеткаларына гликоген (мал крахмалы) мен қант түрінде енеді. Одан май, ақуыз және басқа заттр түзіледі. Құрама жемде көмірсулар ең көп пайызды құрайы, өйткені олар өсімдік текті азықтарда болады.
Крахмалды дән бір дәннің құраушы бөліктерінде біркелкі таралмайды және сонымен қатар құрамы мен химиялық қасиеттері бойынша өзгеше болады. Крахмалдың көп мөлшері (65-80%) дәнді дақыл дәндерінде болады. Мал организмінде крахмал асқазан сөлінң ферментерінің әсерінен глюкозаға айналады, ал ол малды көмірсулық азықтандыруда бірінші орынды иеленеді. Глюкоза мал организміндегі 50% шамасында энергияны құрайды.
Клечатка (целлюлоза) өсімдіктің клеткалы қабырғасының негізгі массасын құрайды. Алайда құрама жемнің қоректілігі клечатка мөлшері көбейген сайын төмендейді. Клетчатка көп мөлшерде ірі азыта дән сабағында (40 . . . 45%), пішенде (20 . . . 35%), дақылды дәнде (2 . . . 12%) сақталады. Мал текті шикізат клечатканы сақтамайды. Құрама жемдегі клечатка мөлшері « шикі клечатканың массалық үлесі » деген көрсеткішпен белгіленеді.
Микроэлементтер. Олардың мал организмі үшін маңызы зор. Күкірт, калий, кальций, магний, темір, фосфор, магний және басқа микроэлементтер топырақтан өсімдікке тұз ерітіндісі күйінде түседі. Минералды заттардың мал организмінде өміршеңдік функцияларды дұрыс ұстап тұруға қатысады. Мал организмінде олар биологиялық тамақтың қорытылу процесіне әсер етеді және жүйке мен бұлшық еттің дұрыс қозушылығына қажет, сонымен қатар дене клеткаларына қоректік заттардың сіңу және қорытылу процестеріне қатынасып, ұлпа ақуыздарының, сүйек ұлпасы, тері бүркеніштері, қан құрамына кіреді, организмде ішкі және сыртқы секреция бездері гормондарын, ферменттерін, сүтті түзуде қолданылады.
Витаминдер. Мал дұрыс өсуі үшін қажет витаминдердің негізгі көзі - өсімдік текті азықтар. Малдарды ұзақ уақыт витаминді аз сақтайтын азықпен азықтандырса, авитаминоз және гиповитаминоз деген ауруларға шалдығады. Малдардың витаминге деген қажеттілігі олардың түрі, жасы мен физиологиялық жағдайына байланысты.
Өндірістік мал және құс шаруашылықтарында табиғи витамин көздері жоқ жағдайда, мал рационына міндетті түрде витаминдер енгізеді.
Егер малдың ақуыз бен көмірсуларға деген қажеттілігі граммен есептелсе, ал көптеген витаминдер грамның мыңдық және миллиондық үлесімен есептеледі. Көбінесе синтетикалық жемдік витаминдерді құрама жемге премикс құрамында енгізеді.
Ферменттер. Ферменттер тірі клеткада түзіліп, биологиялық катализатор ретінде, яғни алмасу процесін жылдамдатқыш ретінде қызмет атқарады. Ферменттердің жіктемесі лоардың әсер ету сипатына байланысты - біреулері ақуыздың әсерін күшейтеді, басқалары - көмірсудың. Ферменттерді құрама жем құрамына бірден немесе премикс құрамына енгізеді.
Қарастырылған азықта сақталатын қоректік заттардың мал организмінде түзілетін органикалық қосылыстардан айырмашылығы бар. Мысалы: өсімдік азықтарынд негізінен көмірсулар (клечатка, крахмал мен қант) сақталса, мал организмінде көмірсу өте аз, ал клечатка жоқ.
Құрама жемнің құрамын анықтағанда қоректік заттардың ең тиімді қолданылуын қамтамасыз ететін құрауыштардың үйлесімін таңдайды. Ол үшін құрама жем құрауыштары аминқышқылдық құрамы бойынша теңгерілген протеиннің жеткілікті мөлшерін сақтап, витамин, микроэлемент, антибиотик, фермент және басқа да малдың өсуі мен өнімділігіне ықпал ететін қосымшалармен байытылуы керек.
Жем және құрама жемнің түрлері.
Мал азығында қолданатын өнім жемдік азық деп аталады. /4, 5, 6, 7, 8, 9, 10/
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемдік азықтарға өсімдік және минерал текті азықтар жатады. Сонымен қатар, мал рационына минералды заттар мен ынталандыратын қоспалар енгізіледі. Азық өзінің шығу тегі, консистенциясы мен қоректілігіне байланысты мына топтарға бөлінеді:
- ірі;
- шырынды;
- жасыл;
- құнарлы;
- минералды;
- басқа өндіріс қлдықтары.
Ірі азыққа пішен, сабан, топан, ағаш азықтары, ал шырындыға (қыстық) - сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер, картоп, бақшалық дақылдар; жасылға (жаздық шырынды) - шөптер, шөпті және жемісті дақылдар; құнарлыға - әртүрлі дәндік дақылдар, дәнді өңдеуде алынатын қалдықтар мен жанама өнімдер; минералдыға - ас тұзы, бор, әктас және т. б. әртүрлі өндіріс қалдықтарына - қант қызылшасы, спирт, сыра және басқа өндірістердің жаңа қалдықтары (кептірілмеген) жатады.
Құрама жем дайындауда алуан шикізат түрлері қолданады.
Шикізат - құрамажем зауыттарында құрама жем құрауышын дайындауда қолданатын жемдік азық.
Құрама жем құрауышы - деп оның рецепт бойынша технологиялық дайындалған құраушы бөлігін айтады. Құрамажем дайындау үшін 4- тен 12 дейін әртүрлі шикізат түрлері (көбінесе 6-9), микроқосымшаларды есепке алмағанда қолданады. Құрамажем зауытында құрама жем дайындау үшін қолданатын шикізат, егер қажет болса, қоспалардан тазартылып, қауыздалып, ұнтақталады, одан кейін құрауыштар мөлшерленіп, араластырылады.
Құрама жемді ауыл шаруашылығы малдары, құстары, терілі аңдар мен балықтарға түрін, жасын, бағытын есепке алып дайындайды. Құрамажем қажетті қатынаста малға қажетті барлық қоректік заттарды сақтайды. Құрамажем минералды заттарға (фосфор, калий, кальций, натрий) бай және микроқосымшалармен байытылған.
Микроқосымшалар - бұл малдың өсуі мен өнімділігін ынталандыратын биологиялық белсенді заттар: витаминдер (A 1 , B 2 , PP және т. б. ), микроэлементтер (кобальт, мыс, йод және т. б. ), антибиотиктер мен басқа да құрама жем құрамына ең аз мөлшерде (10 мг- 100 г дейін 1 т құрама жемде) кіретін заттар.
Кейбір зауыттарда құрама жемге енгізу үшін ақуызды - витаминді қосымша (АВҚ) мен премикс жасалынады.
Ақуызды - витаминді қосымша (АВҚ) - қажетті дәрежеге дейін ұнтақталған жоғары ақуызды жемдік азық пен микроқосымшалардың біркелкі қоспасы. Ол құрама жем өндіру үшін қолданады.
Премикс - биологиялық белсенді заттардан (антибиотик, витаминдер, микроэлементтер және т. б. ) тұратын микроқосымшалар мен толықтырғыштың біркелкі ұнтақталған қоспасы.
Премикс тоықтырғышы - микроқосымшалардың дұрыс таралуына қажетті орта ретінде қолданылып, премикстің құрама жемде арласуының ең жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін құрамажем құрауышы. Негізінен премикс толықтырғышы ретінде бидай кебегі көп қолданады.
Физикалық күйіне байланысты құрама жемнің келесі түрлері болады: шашыранды, гранулданған, брикеттелген және галет күйінде.
Шашыранды құрамажем - біркелкі ұнтақталған өнім күйінде болады. шашыранды құрамажем дайындағанда шикізатты бөтен қоспалардан тазалап, қауыздайды (қауызды дақылды) және ұнтақтайды. Осылай дайындалған құрауыштар мөлшерленіп араластырылып.
Брикеттелген құрамажем - бұл биологиялық дұрыс пшіндегі және белгілі өлшемдегі тақта күйіндегі өнім. Мысалы, сегізбұрыш пішіндегі брикеттер, ұзындығы - 160-170 мм, ені- 70-80 мм, қалыңдығы (биіктігі) - 30-60 мм. Оны дайындау үшін ұнтақталған құрауыштардың қоспасын дайындайды, алынған сусымалы масса арнайы араластырғышқа түседі, оған бір мезгілде мөлшерленген меласса түседі. Ұнтақталған құрауыштар мен мелассадан тұратын қоспа сығымдағышта брикеттеледі. Кейбір брикеттелген құрама жемге ұнтақталған пішен мен сабан қосылады.
Гранулданған құрамажем - белгілі пішін мен өлшемдегі тығыз түйірлерден тұратын сусымалы масса. Әдетте: белгілі диаметр мен биіктіктегі кішкене цилиндр күйінде болады. гранул жасау үшін екі әдіс - құрғақ және сулы қолданылады.
Гранулданған құрамажем көбінесе тоған балықтар мен терілі аңдар үшін пайдалы.
Гранулданған жемді ұнтақтау арқылы тағы бір дайын өнім - құрама жем қиыршығын алады . Оны жас балапандарға, балықтарға арнап дайындайды.
Гранулданған және брикеттелген құрама жемдер тасымалдау, сақтау мен азықтандыруда қолайлы болып саналады.
Өзінің құрамы мен жемдік құндылығы бойынша құрама жем екі негізгі топқа: толық рационды құрамажем мен құрамажем - концентратына бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz