Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары
Орындаушы: Нұрпейсова Г. Т.
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к, . доцент Дайрабаев Е. Б.
Пікір жазушы
п. ғ. д., профессор Қалиев С. Қ
Норма бақылаушы
оқытушы Сатыбалдиева А.
Қорғауға жіберілді
«___» 2007 ж.
Жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының меңгерушісі Исаева З. А.
Алматы 2007
Мазмұны
1-тарау. ОҚУШЫЛАРҒА МЕДИАБІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. Медиа-білім беру ұғымының мәні және оның қалыптасу, даму жолдары . . .
1. 2. Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім беру мәселесінің зерттелу жәйі . . .
2-тарау. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МЕДИАБІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
2. 1. Медиа-білім берудің әдістемесі . . .
2. 2. Оқушыларға медиа-білім берудің мазмұны, құрылымы және қызметі . . .
2. 3. Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім беру болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуының кепілі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Түйін
Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары»
Мақсаты: жоғары сынып оқушыларының өзіндік ойлау қабілетін белсендендіру мен дамыту, тәрбиелеу үшін ең қолайлы формалар мен әдістерді анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің негіздерін айқындау, медиа-білім беру түсініктемелерін нақтылау;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогкалық шарттарын анықтау және құрылымдық моделін жасау;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің әдістемесін жасау;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің ғылыми әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру;
Зерттеу нысаны: жоғары сыныптарда медиа-білім беру үрдісі.
Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларының көп жақты дамуын медиа-білім беру арқылы дамытудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бүгінгі жылдамдығы көзге ілеспейтін жаһандық қоғам ақпаратына сай жоғары сынып оқушыларына медиа білім берудің ғылыми педагогикалық негізерін анықтасақ, онда бұқаралық қатынас құралдары арқылы жеткен ұғым түсінікке байыппен қарап, өзіңндік қорытынды жасай алады, өйткені медиа-білім беру тұлғаның көп жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Жетекші идеясы: жоғары сынып оқушыларына сыни ойын дамытып,
өзіндік әрекет етуге қалыптастыруға, түрлі ақпаратты қабылдай білуге бейімдеу.
Жұмыс көлемі:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кесте саны:
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасырда ақпараттың қарқынды әрі үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына өзгерістер енгізіп, білім беру үрдісін жаңаша бағытта қалыптасуына ықпал етіп отыр. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарының (баспасөз, телевизия, киноматография, радио, видео және интернет) кең таралуының барысында жасөспімдер ақпарат тасқыны астында қалуда. Осының әсері жасөспірімдердің «ақылы мен жүрегіне» бойлай сіңіп, қоғамымызға, әсіресе, ұлтық тәрбиемізге қауіп төндіріп отыр.
Ақпарат құралдары арқылы жеткен ұғым, түсінік тұлғаның мінез-құлқына, психикасына әсерін тигізеді. Сондықтан ондағы мән-мазмұнды пайымдау білуге, заңдылықтарды ажырата алуға баулып, дұрыс қоытынды жасай білуге қалыптастыру бүгінгі білім беру, тәрбиелеу саласының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында білім беру реформасының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатын деңгейге көтерілу болып табылады дей отырып, әлемлік стандарт деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу керек екенін айрықша атап көрсетеді, Оқыту тәжірибесін он-лайн тәсілінде дамытып, елімізде оқу теледидары құру және оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізудің маіызды екенін атап көрсетті /1/. Медиа-білім беру туралы еліміздің педагогика ғылымында нақты зерттеулердің зәрулігінің нәтижесінде Ресейлік ғалымдарыдың ғылыми-тәжірибелік зерттеулерін үлгі етуге тура келіп отыр. Бұған дәлел ретінде жоғары мектепте медиабілім беру мәселесі (Федоров А. В, Бондаренко Е. А, Иванова Л. А, Левшина И. С. ), медиа-мәдениет, медиа- социология туралы ( Шариков А. Я. ), медиа білім беру тарихы (Челышева М. В, Новикова А. А. ), медиа-білім беруді орта мектепте пән ретінде кіріктіру мәселелері (Тихоморова К. М. ) сияқты ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылады/2/
Еліміздің педагогикалық саласында медиа-білім беру туралы нақты зертеулер болмағанымен ақпаратық білім беруді жетілдіру барысындағы зерттеулердің орны ерекше. Атап айтатын босақ, жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық білім беру жағдайында оқу үрдісінің тиімділігін көтеру, ақпараттық технологияны пайдалану (Иманғожина О. З, Рах С. В, Муканова С. Д, Корвяков В. А, Джеренова Р. О. Тульбасова Б. К, Жолдасбеков А. А. Әмірбеков А. Әбуов А. Е, Медешова А. Б) /3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; / білім сапасын арттырудағы баспасөздің орны туралы (Сейітқазы П. Б. Абдукадирова С. Тіленбаева А), /13; 14; 15; / ақпараттық мәдениетті қалыптастыру (Жусубалиева Д. М. Лактионова С. В. ) /16; 17; 18; / сияқты мәселелер қарастырылады.
Кеңестік білім беру жүйесінде тұлғаның еркін дамуына айтарлықтай мән берілмеді. Себебі идеология құрсауынан босап шыға алмаған білім беру ошақтарында оқушы тек мұғалім мен оқулықтың айтқанынан шықпады, олардың өздігінен ойлануына мүмкіндік болмады. Мұғалім білім саласындағы барлық істерді атқаратын білімдер, беделді адам болса, бүгінде мұғалімнің рөлі өзгерді, ол тек кеңесші, ақылшы және бағдар беруші. Сондықтан мектепте медиа-білім берудің қажеттілігі: тұлғаны өздігінен ойлантуға, өздігінен әрекет етуге жаттықтыру, ынталандыру, «мендік» түсінігін жетілдіру, жаңаша ойлауға, түсінуге қалыптастыру медиа-білім берудің басты міндеті/ /.
Бұқаралық қатынас құралдарының көз ілеспейтін жылдамдықпен таралуы, дамуы және оның жасөспірімдер тәрбиесіне тигізер әсері арасында қайшылықтар пайда болып отыр. Осы аталған қайшылықтардың шешімін іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларын медиа-білім берудің педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің нысаны: Жоғары сыныптарда медиа-білім беру үрдісі.
Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларының көп жақты дамуын медиа-білім беру арқылы дамытудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларына медиа білім берудің педагогикалық шарттарын айқындау, теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бүгінгі жылдамдығы көзге ілеспейтін жаһандық қоғам ақпаратына сай жоғары сынып оқушыларына медиа білім берудің ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтасақ, онда бұқаралық ақпарат және қатынас құралдары арқылы жеткен ұғым түсінікке байыппен қарап, өзіндік қорытынды жасай алады, өйткені медиа-білім беру тұлғаның көп жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің негіздері, медиа-білім беру түсініктемелері;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары және құрылымдық моделі;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің әдістемесі;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің ғылыми әдістемелік ұсыныстары;
Жетекші идеясы: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сыни ойын дамытуда, өзіндік әрекет етуге дағдысын қалыптастыруға, түрлі ақпаратты қабылдай білуге бейімдеу.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: таным процесі; мемлекеттің «Білім туралы» заңы, мемлекеттік білім бағдарламалары мен тұжырымдамалары, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық, оқу әдістемелік негіздер; тұлға дамуының жалпы диалектикалық принциптері; пәндер интеграциясы мен дифференцация теориясы, педагогикалық эксперимент және диагностикалық зерттеу.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының заңы, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, оқу әдістемелік кешен (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т. б. ), шетелдік ғалымдардың тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, орта мектептің оқу құжаттарын (стандарт, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар), озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, оқу үрдісін бақылау, тестілеу, эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу, қорыту.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2005-2006 ж. ж. ) зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталды, философия, педагогика, психология, информатика салалары бойынша ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, шетелдік және отандық тәжірибелер бойынша материалдар жүйеге келтірілді. Медиа-білім беру тарихы, дамуы, медиа-мәдениет, медиа-білім терминологиясы, мектептегі медиа-білім беру, шетел тәжірибелерінің үлгілері сұрыпталып, жүмыстың ұғымдық ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңде (2006-2007 ж. ж. ) тәжірибелік жұмысы жүргізіліп, оның барысында жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің моделі мен педагогикалық шарттардың тиімділігі тексерілді. Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің қысқаша курсы құрастырылып, оны білім беру үрдісінде қолдану әдістемесі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен теоиялық маңыздылығы:
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің теориялық негізі анықталды;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің теориялық моделі және педагогикалық шарттары анықталды;
Жұмыстың практикалық мәнділігі:
«Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім беру негіздері» атты арнайы курс бағдарламасының жобасы жасалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- медиа-білім берудің құрылымы;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикаық шарттары және оларды іске асырудың әдістемесі;
- жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттарының тиімділігін дәлелдейтін эксперимент нәтижелері;
Зерттеудің базасы: Алматы қаласының Қ. А. Яссауи атындағы №123 көп салалы мектеп гмназиясының 10-11 сыныптың 143 оқушысы қатысты.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейтестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, пәні, міндеті нысаны, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық, теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, жүзеге асырылуы баяндалады.
«Оқушыларға медиа-білім берудің тарихи-педагогикалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде медиа-білім берудің тарихи негіздері, медиа-білім берудің мәні және жасөспірімдердің тұлғалық дамуына тигізетін әсері, медиа-білім берудің теориялық негіздеріне талдау жасалынып, медиа-білім берудің құрылымы ұсынылады.
«Жоғары сынып оқушыларына медиа білім берудің негізін жетілдірудегі пайымдаулар» атты екінші бөлімде жоғары сынп оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық негіздері анықталып, оларды іске асыру әдістемесі көрінеді. Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың мазмұны баяндалып, оның нәтижелеріне талдау жасалады.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасалады.
Қосымшаларда оқушыларға ұсынылған сауалнамалар диагностикалық материалдар келтіріледі.
1 -ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА МЕДИА-БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Медиа-білім беру ұғымының мәні және оның даму, қалыптасу жолдары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz