Меншікті капитал



Жоспар

I Кіріспе
Меншікті капитал

II Негізгі бөлім
а) Капитал туралы түсінік
ә) Жарғылық капиталдың есебі
б) Резервтік капиталдың есебі
в) Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі

III Қорытынды
Меншікті капиталдың есебі

Капитал туралы түсінік
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің кұрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы үйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да кездерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебІн жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен қүрылымы бухгалтерлік баланстың актісінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
¥йымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі қүралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған қүрылыстан құралады. Жалпы
айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. ¥йымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
• жарғылық капитал;
• резервтік капитал;
• бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және үзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе
Меншікті капитал

II Негізгі бөлім
а) Капитал туралы түсінік
ә) Жарғылық капиталдың есебі
б) Резервтік капиталдың есебі
в) Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі

III Қорытынды

Меншікті капиталдың есебі

Капитал туралы түсінік
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің кұрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы үйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да кездерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебІн жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет
атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен қүрылымы
бухгалтерлік баланстың актісінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
¥йымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және
айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай негізгі (айналымнан тыс) активтер және айналымдағы
активтер деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі қүралдардан, материалдық емес
активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған
қүрылыстан құралады. Жалпы
айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға
және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға
негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа
мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық
борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан
құралады. ¥йымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
• жарғылық капитал;
• резервтік капитал;
• бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа
қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және үзақ
мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық
борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін
қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай үйымның жарғылық
қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және
ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары.
Жарғылық қор мөлшері үйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық
күжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі
мүмкін.
Қосымша төленген капитал — қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы
(номиналдық) қүнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн
айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал — кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі
құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының
өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтың, сақтаулы) капитал — келешекте (алдағы уақыттарда) болуы
мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып
кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік
капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен
құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның)
жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық
жүмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен
(пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы
қалған бөлігі болып табылады.

Жарғылық капиталдың есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған
акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары,
сондайақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік
қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында
бекітіледі. Жалпы кез-келген үйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда
(Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның
акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші түлғаға
сатуға үсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі Жарғылық қор бөлімінің:
• Жай акциялар;
• Артықшылығы бар акциялар;
• Салымдар мен жарналар
деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондайақ
қосымша әмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін әсіргенде немесе
акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жарғылық қордың өскен
сомасына:
Д-т: Төленбеген капитал шоты;
К-т: Жай акциялар немесе
Артықшылығы бар акциялар шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған
жағдайда:
Д-т: Ақшалар шоты;
К-т: Теленбеген капитал шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:
• Ел ішіндегі валюталык шоттардағы ақшалар;
• Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар;
• Есеп айырысу шотындағы ақшалар;
• Кассадағы үлттық валюта түріндегі ақшалар;
• Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар деп аталатын шоттарының
тиістілері дебиттелінеді.
Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін Материалдық емес
активтер, Негізгі кұралдар, Материалдық қүндылықтар және тағы да басқа
түрде салатын болса:
Д-т: Материалдық емес активтер;
Негізгі құралдар;
Материалдық қүндылықтар және тағы да басқа шоттардың тиістілері;
К-т: Төленбеген капитал деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Сондайақ серікгестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық
жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:
Д-т: Материалдық емес активтер;
Негізгі құралдар;
Материалдық құңдылықгар;
Ақшалар және тағы да басқа шоттардың тиістІсі.
К-т: Салымдар мен жарналар шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға тиіс.
Қайтарылып алынған капитал деп аталатын шот акционерлік қоғамның
акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл
жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында
бухгалтерлік есепте:
Д-т: Қайтарылып алынған капитал шоты;
К-т: Ақшалар шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта,
айналымнан алынған акцияның құнына:
Д-т: Қарапайым акциялар немесе
Артықшылығы бар акциялар шоттарының тиістісі,
К-т: Қайтарылып алынған капитал шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда Қосымша төленген капитал деп
аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары
бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал Қосымша төленбеген
капитал деп аталатын шотта ақшаның құнсыздануына және тағы да басқа
жағдайларға байланысты ұйымның негізгі кұралдарын, инвестицияларын,
сондайақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған
капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз
акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың
келіп түсуіне қарай:
Д-т: Ақшалар шоты;
К-т: Қосымша төленген капитал шоты түрІнде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық)
бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:
Д-т: Қайтарылып алынған капитал шоты;
К-т: Қосымша төленген капитал шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорынның негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді
қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:
Д-т: Негізгі құралдар;
Материалды құндылықтар;
Инвестициялар және тағы да басқа шоттардың тиістісІ.
К-т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал;
Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал;
Басқа да қосымша төленбеген капитал шоттарының тиістілері түріндегі
бухгалтерлік жазу жазылады.
Сонымен қатар:
• негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу
сомасына:
Д-т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К-т: Негізгі құралдардың тозуы шоты түрінде;
• негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай олардың қосымша
бағаланған сомалары және есептен шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған
мерзімі ішінде белінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының
сомасына:
Д-т: Негізгі құралдарды кайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты,
К-т: Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шоты түрінде;
• негізгІ қүралдардың бүрынғы қайта бағалау кезіндегі
анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның қүнының
азаю сомасына:
Д-т: Негізгі қүралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К-т: Негізгі қүралдар шоты түрінде бухгалтерлік жазулар жазылады.
Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал
шоты бойынша шаруашылық субъектІнің бухгалтерлік есебінде:
• қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы
шегінде иивестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:
Д-т: Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К-т: Қаржылық инвестициялар шоты түрінде;
• қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:
Д-т: Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К-т: Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) немесе Бағалы қағаздарды сатудан
алынатын табыс шоттарының тиістілері түрінде жазулар жазылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдярдағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін
операциялар
Операциялар мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін
шот
1 2 3 4
Үлес қосушылар мен 511 501, 502
салымшылардың акционерлік
қоғамның жарғылық қорына
қосқан үлесінің сомасы
2 Серіктестіктердің 101-106, 121-126, 503
(акционерлік қоғамдардан 201-208, 221-224,
басқа) жарғылық қорының 421-423, 431,432,
қосқан пайлар және басқадай 441,451,452
үлестер есебінен құрылуы
(калыптасуы)
3 Серіктестіктердің 503 101-106,
(акционерлік қоғамдардан 121-126,
басқа) жарғылық қорынын 201-208,
акционерлердің шығып кетуі 221-224,
себебінен азаюы 421-423,
431,432,
441,451,452
4 Кәсіпорынның өзінін 501, 502 521
акцияларының айналымнан
шығарылғандарының құнына
5 Серіктестіктердің 503 431,432,441,
(акционерлерден басқа) 451, 452
қоғамның жарғылық қорына
қосқан пайлары және басқадай
үлестері қайтарылды
6 Үлес қосушылар мен 511 501, 502
қүрылтайшылардың және басқа
да салымшылардың акционерлік
қоғам жарғылық корына қосуға
тиісті қарыздары
7 Жарғылық қорға шетелдік 511 725
валюта түрінде қосуға тиісті
қарыздардың оң курстық
(бағамдық) айырмашылыққа
байланысты өсуі
8 Жарғылық қорға шетелдік 844 511
валюта түрІнде қосуға тиісті
қарыздардын теріс курстык
(бағамдық) айырмашылықка
байланысты кемуі
9 Үлес қосушылар мен 431,432,441, 451, 511
құрылтайшылардың және 452
салымшылардың ақшалай түрде
косқан үлес сомаларының келіп
түсуі
10Үлес қосушылар мен 101-106, 121-126, 511
кұрылтайшылардың және 201-208,
салымшылардың акционерлік 221-223
қоғамға материалдық емес
активтер, негізгі құралдар,
материалдар, тауарлар түрінде
қосқан үлестерінің кіріске
алынуы
11АкционерлІк қоғамның 521 431,432,
акционерлерден сатып алған 441,451,452
өзінің акцияларының құнына
12Сатылып алынған 521 561 561 521
акциялардың сатып алу және
атаулы құнының арасындағы
айырмашылығының сатып
алынған уақытында көрсетілуі:
- егер акциялар өзінің
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал құрылымын оңтайландыру
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары
Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау
Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі
Банктің мешікті капиталы
Меншікті капиталды есепке алу
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Кәсіпорынның кірісіне талдау жүргізу
Пәндер