Қазақтың шешендік сөздері арқылы студенттерді тапқырлыққа тәрбиелеу



КІРІСПЕ
1 СТУДЕНТГЕРГЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҮЙРЕТУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
2 Шешендік өнердің тарихына шолу 10
1.1 Шешендік өнерді үйрету әдістемесінің шешендік
тану және лингвистикалық негіздері
2 ШЕШЕНДІКТАНУДЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Шешендік өнерді үйрету әдістемесінің дидактикалық негіздері


2.2Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
факультеті студенттеріне шешендік өнерді үйрету
әдістемесі 87
2.1 Ғылыми.педагогикалық экспериментті ұйымдастыру
және оның нәтижелері

2.3.1 Анықгаушы тәжірибені үйымдастыру
2.3.2 Оқыту бағдарламасын тәжірибеден өткізу барысы және
оның нәтижелері 128
ҚОРЫТЫНДЫ 152
ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 154
Қазақ халқының ұлттық шешендік өнер тарихы Түркі Қағанаты мен сонау қараханидтер, монғолдар, қыпшақгар т.б. мемлекеттері дәуірінен бастау алады. Зерттеуші ғалымдарымыз айтып жүргендей, (VI—IX ғасырлардағы) түркі тілдес халықгарға ортақ саналатын орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі (Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк ескерткіштері) қашалып жазылған жырлардан бері таратылады.
Жүсіп Баласағүнидің "Құтадғу білік11 (Құтты білік) /9-260/ Махмуд Қашкаридің "Диуани лүғат-ат-түрік" (Түрік сөздігі) /10-600/, Қожа Ахмет Иассаудің "Диуани хикмет" (Ақыл кітабы) /11/, Ахмет Игүнекидің Тибатул Хаманың" (Ақиқат сыйы) /12/ сияқгы көптеген кемеңгерлер еңбектерінің (Х-ХІІІ ғ.) өркениет әлеміндегі орны ерекше. Әбу Насыр әл-Фарабидің "Риторика" атты трактатында, түркі халықгарына ортақ Шешендік сөз өнеріне алғаш рет ғылыми-теориялық талдаулар жасалынған. Оның көрсетуінше, егер де диалектика тек шынайы білімге негізделген қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалған ой қорыту тәсілі болса риторика шешендік қисынға, ой-пікір жұйелілігіне, үғымдар үйлесімдігіне негізделеді; сонымен қатар көз жеткізу, көкейге ұялату, ден қойып тындау, дәлелді пікір айту, шыншыл көз карас, тиянақгы білім, сөйлеушінің бет-жұзі, қимыл әрекеті сияқгы ұтымдарды жіктеп, бажайлап түсіндіреді /13, 100/. Әл-Фарабидің айтуынша: Адам -"сөйлеуші", сөйлеушінің тұбірі-сөз, ал "сөз" деген тіл арқылы пікір айтуды білдіреді. Адам өзінің ойында барды тілмен айтып жеткізеді... және оның дүрыстығының күралы... деп сипатгайды. Қазіргі "парламенттік риторика" деп жүргенімізді Әл-Фараби "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері" атты трактатында сол кезде-ақ айтып кеткен болатын.
Соньнен қатар "халықгар мен қалаларды ерікті түрде оқытып, үйрету үшін пайдаланылатын адамдар бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнер дамыған адамдар" болу керектігі бүгінгі күні қажеттілік ретінде қалыптасуда.
Авторы белгісіз (XIII—XV ғ.) "Кодекс Куманикус" (Қыпшақ тілінің сөздігі), "Огыз Нама" т.б. жырлардын да айтуға болады. Сондай-ақ кейініректе жазылған қазақ тарихшылары Хайдар Дулатидің ("Тарихи Рашиди"), Қыдырғали Жалайридің ("Жамиғ-ат Тауарих"), Захариден Бабырдың ("Бабырнама") тарихи-әдеби көркем шежірелері шешендік өнерге соқпай кеткен жок, Бүған жалғас бес ғасырға (XV—XIX ғ.) созылған қазақгың көркем ауыз әдебиетіндегі шешендерді (Асан Қайғы, Жиренше, Майқыдан басталған) билерді (Төле , Қазбек ,Әйтеке, Сырым, Бөлтірік , т.б.) түгел айту мүмкін де емес және ол біздің міндетімізге де жатпайды.
Қазақтың шешендік өнері - ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде қазақ фольклорының өзіндік бітім-болмысын айқындайтын,халық дүниетанымын көрсететін ерекше жанр. Ал әлеуметтік феномен түрғысынан алғанда, шешендік дәстүр - белгілі бір әлеуметтік ортада, қоғамда, қалайда бір адами оқиғаға байланысты туып, қалыптасып, айрықша
1. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті.-А.:, 1971.-152 б.
2. Платон. Сочинение. Т.20.-М.:, 1961. 256 с.
3. Античные риторики (пер. Н.Платоновой.) - М.: Моск.
Университет, 1978.-352 с.
4. Об ораторском искусстве (сост. А.В.Толмачев). - М.: Поштшдат,
1973.-367 с.
5. Цицерон М.Т. Три трактата об ораторском искусстве. -М. 1972. -
47 с.
6. Негимов С. Шешендік өнер. - Алматы: Ана тілі, 1997. - 206 б.
7. Кекілбаев Ә. Әйтеке би. Егеменді Қазақстан, 1991, 23 қараша.
8. Адамбетов Б. Шешендік сөздер. - Алматы: Жазушы, 1967. - 140 б.
9. Бөлтірік шешен. (Құрас. Дәдебаев). - А.: Ғылым, 1994. - 140 б.
10. Құнанбаев А. Шығармалар. Қүрас, Шәріпов Ә., Дәуітов С. -
Алматы: Жазушы, 1970. - 312 б.
11. Маметова А. Ораторские речи казахских биев и их место в
истории литературы. Автореферат дисс. канд. филол. наук. -Алма-
Ата, 1975.
12. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: ҒА, 1968. - 267-281 б.
13. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: ҒА, 1960. - 144-179 б.
14. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі. I тарау. Шешендік
сөзер. - Алматы: ҒА, 1987. - 112 б.
15. Бисенов К.Ш. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой
кешу үрдістері. дисс. философия ғылымының кандидаты. - Алматы,
1998 .
16. Сыздықова Р. Сөз кұдыреті. - Алматы: Санат, 1997. - 224 б.
17. Сөз өнері (жинақ). - Алматы: ҒА, 1978. - 125 б.
18. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. - Алматы: Отау, 1992. - 188 б.
19. Адамбаев Б. Шешеңдік өнер. - Алматы: Жалын, 1969. - 140 б.
20. Адамбаев Б. Халықданалығы. - Алматы: Мектеп, 1976. - 160 б.
21. Қоңыратбаев. Кдзақ фольклорының тарихы. - Алматы: Ана тілі
1991. - 288 б.
22. Қазақ халық әдебиеті (Құрас, С. Садырбаев). - Алматы: Рауан,
1990. - 240 б.
23. Уалиев Н. Сөз мәдениеті. - Алматы; Мектеп, 1984, - 117 б.
24. Нұрмүханов X. Сөз және шеберлік. - Алматы: Ғылым, 1987. – 27б 25. Құнанбаев А. Шығармалар. I т. - Алматы: Жазушы, 1986. - 302 б.
26. Әбілқасымова А. Е. Студенттердің танымдық іздемпаздығын
қалыптастыру. - Алматы: Білім, 1994. - 192 б.


27. Алдамұратов. Тіл таным күралы. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1995. -
№6.
28. Тұрғынбаев Ә., Есімханов Г., Раев Д. Логика.- Алматы: Жеті
жарғы, 1996, - 231 б.
29. Квинтиллиан М.Ф. Правила ораторского искусства. Кн. 10 (Пер.
В.Алексеев) Спб., 1986 29. Ш.Қүрманова М.Ж. Сөз тіркесін оқыту барысында окушылардың
тілін дамыту әдістемесі (әдістемелік көмекші күрал). - Алматы,
1999
30. Қазақтың би-шешендері (Қүрас. Н.Төреқұлов, М.Қазбеков). -
Алматы, 1993. - 400 б.
31. Тлеужанов М. Халық тағлымы. - Алматы: Рауан, 1996. - 57-65б
32.Адамбаев. Қазақтың шешендік өнері. - Алматы: Ғылым, 1984. -
1356. 33.О.Төреқұлұлы Н. Қазақгың 100 би-шешені. - Алматы: Қазақстан,
1995. - 384 б.
. 142.Р.Нүрғалиев. Өнер алды-қызыл тіл. - Алматы: Мектеп, 1974. -
1726.
34. Тілеужанов М. Р. Ел әдебиеті. –Алматы, Ана тілі, 89 б

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ТАПҚЫРЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

Орындаған Қалдыбаева Ж.С. педагогика
кафедрасының 2-курс магистранты.

Қазақстан Республикасы
Алматы
2005
МАЗМҮНЫ

КІРІСПЕ

1. СТУДЕНТГЕРГЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҮЙРЕТУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

2. Шешендік өнердің тарихына шолу 10
1. Шешендік өнерді үйрету әдістемесінің шешендік
тану және лингвистикалық негіздері

2 ШЕШЕНДІКТАНУДЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

2.1 Шешендік өнерді үйрету әдістемесінің дидактикалық
негіздері

2.2Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
факультеті студенттеріне шешендік өнерді үйрету
әдістемесі 87
1. Ғылыми-педагогикалық экспериментті ұйымдастыру
және оның нәтижелері

1. Анықгаушы тәжірибені үйымдастыру
2. Оқыту бағдарламасын тәжірибеден өткізу барысы және
оның нәтижелері 128
ҚОРЫТЫНДЫ 152
ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 154

Қазақ халқының ұлттық шешендік өнер тарихы Түркі Қағанаты мен сонау
қараханидтер, монғолдар, қыпшақгар т.б. мемлекеттері дәуірінен бастау
алады. Зерттеуші ғалымдарымыз айтып жүргендей, (VI—IX ғасырлардағы) түркі
тілдес халықгарға ортақ саналатын орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі
(Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк ескерткіштері) қашалып жазылған жырлардан
бері таратылады.
Жүсіп Баласағүнидің "Құтадғу білік11 (Құтты білік) 9-260 Махмуд
Қашкаридің "Диуани лүғат-ат-түрік" (Түрік сөздігі) 10-600, Қожа Ахмет
Иассаудің "Диуани хикмет" (Ақыл кітабы) 11, Ахмет Игүнекидің Тибатул
Хаманың" (Ақиқат сыйы) 12 сияқгы көптеген кемеңгерлер еңбектерінің (Х-
ХІІІ ғ.) өркениет әлеміндегі орны ерекше. Әбу Насыр әл-Фарабидің "Риторика"
атты трактатында, түркі халықгарына ортақ Шешендік сөз өнеріне алғаш рет
ғылыми-теориялық талдаулар жасалынған. Оның көрсетуінше, егер де диалектика
тек шынайы білімге негізделген қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалған ой
қорыту тәсілі болса риторика шешендік қисынға, ой-пікір жұйелілігіне,
үғымдар үйлесімдігіне негізделеді; сонымен қатар көз жеткізу, көкейге
ұялату, ден қойып тындау, дәлелді пікір айту, шыншыл көз карас, тиянақгы
білім, сөйлеушінің бет-жұзі, қимыл әрекеті сияқгы ұтымдарды жіктеп,
бажайлап түсіндіреді 13, 100. Әл-Фарабидің айтуынша: Адам -"сөйлеуші",
сөйлеушінің тұбірі-сөз, ал "сөз" деген тіл арқылы пікір айтуды білдіреді.
Адам өзінің ойында барды тілмен айтып жеткізеді... және оның дүрыстығының
күралы... деп сипатгайды. Қазіргі "парламенттік риторика" деп жүргенімізді
Әл-Фараби "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері" атты трактатында сол
кезде-ақ айтып кеткен болатын.
Соньнен қатар "халықгар мен қалаларды ерікті түрде оқытып, үйрету үшін
пайдаланылатын адамдар бойына ізгі қасиеттер мен шешендік өнер дамыған
адамдар" болу керектігі бүгінгі күні қажеттілік ретінде қалыптасуда.
Авторы белгісіз (XIII—XV ғ.) "Кодекс Куманикус" (Қыпшақ тілінің
сөздігі), "Огыз Нама" т.б. жырлардын да айтуға болады. Сондай-ақ
кейініректе жазылған қазақ тарихшылары Хайдар Дулатидің ("Тарихи Рашиди"),
Қыдырғали Жалайридің ("Жамиғ-ат Тауарих"), Захариден Бабырдың ("Бабырнама")
тарихи-әдеби көркем шежірелері шешендік өнерге соқпай кеткен жок, Бүған
жалғас бес ғасырға (XV—XIX ғ.) созылған қазақгың көркем ауыз әдебиетіндегі
шешендерді (Асан Қайғы, Жиренше, Майқыдан басталған) билерді (Төле , Қазбек
,Әйтеке, Сырым, Бөлтірік , т.б.) түгел айту мүмкін де емес және ол біздің
міндетімізге де жатпайды.
Қазақтың шешендік өнері - ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде
қазақ фольклорының өзіндік бітім-болмысын айқындайтын,халық дүниетанымын
көрсететін ерекше жанр. Ал әлеуметтік феномен түрғысынан алғанда, шешендік
дәстүр - белгілі бір әлеуметтік ортада, қоғамда, қалайда бір адами оқиғаға
байланысты туып, қалыптасып, айрықша тапқырлықпен, суырыпсалмалықпен,
көркем тілмен айтылатын үлгілік ойлар, мүраттар, тұжырымдар үрдісі.
Қазақ халқының осы ойға ұшқыр, сөзге тапқыр қасиеті мен кейбір
шешендеріне шығыстанушы галымдар, орыс саяхатшалары, әсіресе ауыз әдебиеті
нұсқаларын жинаушылар (В.В.Радлов 22, Н.Г.Потанин 23, М.Ф.Шлиоранский,
А.Янушкевич 24 т.б.) көп көңіл бөлген. Қазақ оқымыстылары (Ш.Уалиханов,
Диваев, М.Көпеев т.б.) қазақтың халық ауыз әдебиетін, оның ішінде,
Шешендік, тапқырлық, мақал, мәтел, жұмбақ, нақыл сөздерін алғаш жинап,
бастырушылар бодды. Ыбырай Алтынсарин "Қырғыз хрестомахиясына" шешендік
сөздерді ("ІзбасшьГ, "Байұлы", "Жәнібек, Жиренше шешен" т.б.) молынан
енгізген. Бертін келе "Қазақ", "Айқап", "Дала", "Дала уалаяты", "Түркістан
уалаяты" газетгерінде бірнеше мақалалар (Ш.Құдайбердиев - "Би һәм билік
туралы", Ә.Бөкейханов "Би һәм билік", "Тағы да би һәм билік" т.б.) жарық
көрді. Х.Досмүхамедовтың айтуынша, "Халық әдебиетін тыңдаушы және сақтаушы
қазақ халқының өзі болғанымен, халық шығармашылығын жарқыратын көрсетушілер
- өлеңшілер, халықтың суырыпсалма ақындары және халық билері. Қалың бұқара
арасынан шыққан шешендер - халық қазынасының мән-мазмұны мен тіл тазалығын
сырттан келетін жат әсерлерден қорғаушылар, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, қазак халық әдебиетін сақтаушылар. Билік сөздерді алғаш арнайы
жинап, зерттеп, жүйелеп, тұңғыш жариалаған ұлы ағартушы Ш.Уалиханов болды"
25, 32. Ш.Уалиханов: "Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай
да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес,
тек сот рәсімін терең білетін оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа
ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа
түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған", - дей
отырып, "Сот реформасы жайындағы жазбалар" 26, 135 деген еңбегінде,
шешендікті шешендік өнер түрғысынан емес, би-билік, соттық, кұқықтық
(судебная риторика) тұрғысынан қарастырған. Шоқан мен Абайдың ойларынша
билерге әдет заңдарын білумен қатар, шешендік өнер басты маңызды
міндеттердің бірі болған 27, 312,
Қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог ғалым және
Қазақстан ғылымын алғаш үйымдастырушылардың бірі - Ахмет Байтұрсынов. Ол
өзінің Әдебиет танытқыш атты еңбегінде шешен сөзге түңғыш рет жан-жақты
сипаттама береді.
Оның түсіндіруінше, шешен сөздің басты нысанасы-баяндап,
сипаттап, анық түсіндіріп беру. Шешен сөзге алғаш теориялық
тұрғыдан келіп, оның бөліктерін беске бөліп теориялық
пайымдаулар жасай отырып өнер атаулыны тірнек және көрнек
өнері деп екі топқа бөліп алады да, көрнек өнерін іштей бес тарауга
бөледі. А.Байтұрсыновтың айтуынша көсем сөзінен жазылған
шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын
түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма пайымдама деп
аталады. Пайымдаманың зор мүшесі төртеу деп 1. Бастамасы,
2. Ұсынбасы 3. Баяндамасы 4. Қорытпасы дейтін бөлімдерден
тұратынын көрсетеді 28. Біздің мұны шешендіктің жазба тілдегі
жүйесі деп қабылдаймыз. Шешен сөздің зор мүшелері бесеу деп,
1. Бастамасы 2. Ұсынбасы 3. Мазмұндамасы 4. Қыздырмасы
5. Қорытпасы деп, беске бөліп көрсетеді. Шешен сөздің мағыналық
кұрылым жүйесіндегі түтастық көне дәуір данышпандары мен
Ахмет Байтұрсынов арасындағы ой тұтастығының бірлігі сақталған.
Бұл пікірімізді айқындау үшін оларды салыстырмалы түрде
былайша топтадық:
Аристотельде: М.Цицеронда:
М.В.Ломоносовта:
1) ұсынбасы—предложение 2) талқылама 2)талқылама—
бастамасы—вступление 1) бастама 1) бастама—вступление
2) истолкновение
3) дәлелдеме-доказательсгво 3) дәлелдеме 3) бекітпе-утверждение
4) қорытпасы-заключение 4) балқытпа 4) қорытпа-заключение

5) толқытпа
6) қорытпа
Аристотельде дәлелдеу шарт болса, Цицеровдағы балқытпа мен толқытпа сол
дәлелдеуден кейінгі жай-күйді меңзейді. Ломоносовтағы бекітпеде сол
дәлелденген нәрсе ғана бекітілмеген тәрізді. Ғүлама ғалым А. Байтұрсынов
Аристотельдің жүйелеу жолын нысанаға алғанға ұқсайды. Дей түрғанмен,
Цицеронның "Балқытпасы" мен "Толқытпасына" АБашүрсыновтың "қыздырмасы
жуықтайды-ау дейміз. Бұл жерде ғалым Шешендік өнердегі қазақ халқының өзіне
тән табиғи дарындылығын, ерекшелігін көрсетеді. "Сөз қанға, жанға әсер
етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып билеп алып кетуге
ыждаһат етеді".

Демек, көне дәуір данышпандарының барлығына тән ортақ нәрсе шешен сөздің
а) бастамасы; ә) ортасы; б) қорытындысы А.Байтүрсыновта да көрініс тапқан.
Оны былайша "а) Үш таған" көрінісі ретінде өрнектедік:

(мазмұны);
б) қорытындысы.
Академик М.Әуезовтың "Әдебиет тарихы" атты еңбегіңдегі (1927) "Билер
айтысы" деген тарауында, шешендік өнер жанрлық тұрінде толық жиналмайтыны,
сондықтан да жіктеу, ерекшеліктерін анықтау, түбегейлі тексеру уақытша
қиындық тудырып отырғанын жазады 29. Сәкен Сейфуллин өзінің "Қазақ
әдебиетінің" I кітабында, шешен билердің әлеуметтік қызметтерін, шешендік
сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтап, біраз нұсқаларын
жариялаған. Ру басы, би болған адамдар жасынан сол ескіліктен қалған,
екшенді, түйінді, қорытынды, тәжірибе сөздерін зерттеп, ескі сөз білетін
адамдардың сөздерін көп тыңдап, соларды жадына тоқитын сондай ескі
тұрмыстан қалған тіл, сөз, өнеге мүрасына ие болып "үлгі", "өнеге",
"нақыл", "заң" ереже сөздерін әдемілеп айтуға дағдылана беретін .
Сәкен өзінің кітбында біраз билердің шешендік сөздерін жинақтап,
билердің аты-жөнімен, яғни авторымен көрсеткен (Асан би, Байдалы би, қыпшақ
Айтқожа шешен, Киікбай би, Арғын Алшынбай би, Айдабас Торайғыр би, Ішекті
Мүңке би, Шеркеш Түрке би, Нүрке би т.б.). Сәкеннен соң шешеңдік сөздерге
қатысы бар материалдарды жинап, өздерінің еңбектеріне нысана еткен
ғалымдарымыз да болды (Х.Досмағамбетов, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев,
Қ.Жүмалиев,Е.Ысмайлов т.б.) 31, 265-284.
Қазақ шешендік сөздерін арнайы гылыми түрғыдан алғаш зерттеп диссертация
жазып, көлемді еңбек еткен ғалым Әмина Маметова "Қазақтың шешен билерінің
сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның орны" дейтін кандидаттық
диссертациясында ескі заманды елестететін ертектерден бастап шешендік сөз
нұсқаларын халықгың өлең-жырларының, сан алуан дастандарының бәрінде
кездеседі деп санайды 32. Шешендік сөздер - ұзақ ойдың қорытындысы,
тұжырымы. Халықтың ғасырлар бойы жасаған шешендік сөздері өмірдің талай
асуларынан асып, бізге жеткен дей отырып, ол арналған тақырыбына, айтылған
мазмүнына, айтылу ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: бірі—шешендік
толғау, екіншісі — шешендік дау 33, 267-281.
1945-ші жылдан (яғни, Ә.Мәметовадан кейін) 1960-шы жылдарға дейін,
шешендік сөздерді зерттеу қолға алынбаған, Кешегі коммунистік партия шексіз
өктемдік қүрған кезеңде осындай мән-маңызы зор шешендік өнер де едәуір
көмескі тартты, көпшілігі үстем таптың өкілдері болды деген желеумен атақты
билер мен шешендердің сөздерін оқымақ түгіл, аттарын атауға да зар болып
қалған кез бодцы.
XX ғ-дың 60-жылдарынан бастап бүкіл саналы ғұмырын шешендік өнерді
шешендік сөздерді жинақтауға, зерттеуге, дәріптеуге арнаған ғалым Балтабай
Адамбаев болды 34, Оның шешендік өнерге байланысты 1967 жылдан бастап
біраз еңбектері жарық көрді ("Қазақтың шешендік өнері" (1984), "Алтын
сандық" (1989), "Шешендік сөздер" (1990), "Тозған қазды топтанған қарға
жейді" (1991), "Шешендік сөздер" (1992), 'Шешендік өнер" (1990,1999).
Б.Адамбаевтан кейін "үнсіз" қалған шешендік өнердің тамырына қан
жүгірткен және кейінгі кездегі шешендік өнер - шешендік сөздердің
зерттелуіне түрткі болған негізгі еңбек - "Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі"
(1987) (Ред. баскдрған Р.Сыздықова). Бұл кітапқа тарау болып енген ҚР ҮҒА
корр. мүшесі Р.Сыздықованың "Шешендік сөздерін" айрықша атап айтамыз.
Ғалымның осы еңбегі 80-жылдардың ортасында жарық көрсе де, шешендік өнер
тақырыбы төңірегіндегі зерттеулердің, пікір айтушылардың, окулық
жазушылардың т.б. ешбіреуінің (Б.Салықовадан басқа) не пайдаланган
әдебиеттерінде, не сілтемелерінде көрсетілмей келді, тіпті ауызға алынбады
десек артық айтқандық болмас. Р.Сыздықова "Шешендік сөзінде" шаршы топ
аддывда сөйленетін шеіпен сөзге теориялық пайымдаулар жасай отырып, мынадай
мәселелерді кдрастырады.
1. Шешендік өнер мен шешендік сөз туралы ұғым.
2. Шешендік сөздің негізгі белгілері.
3. Шешендік сөздің түрлері.
4. Шешендік сөздің тіддік көркемдік белгілері.
5. Шешендік сөздің лексико-грамматикалық белгілері.
6. Шешендік сөздің көркем әдебиеттегі көрінісі.
7. Шешендік сөздің публицистика тіліне әсері мен қатысы.
8. Шешен нені білу керек? 35,
Дей тұрғанмен, шешендік сөздерді ішінара тіл мәдениеті (М.Балақаев)
ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшелігі (Р.Әміров) жағынан, әдеби
тіл (С.Исаев) мәселесі тұрғысынан қозғау салған ғалымдарымыз да болды.
Шешендік сөздерді авторларымен бірге жинап қүрастырып, оларды жариялап
жарыққа шығарып жүрген ғалымдарымызды да (Р.Бердібаев, Н.Төреқұлов,
Т.Кәкішев, О.Нұрмағамбетов, С.Қасқабасов, Г.Есхожин, М.Әлімқүлов,
М.Есламғалиев, Ж.Дәдебаев, С.Негимов т.б.) атап айта аламыз.
Соңғы кезде жарық көрген оқулықтарда баршылық (С.Негимов, ЖДәдебаев).
Шешендік сөздер табигаты да зерттеуге нысана болып келді (А.Бұлдыбаев,
Б.Шканова).
"Шешендік өнер - рухани мәдениеттің бір бөлігі, әлеуметтік қызметтің бір
түрі болғандықтан, философия ғылымының, шешендіктің кұрылымын тануда
логиканың, оның тындаушыға ететін әсерін айыруда психология мен
эстетиканың, этиканың, тілдік-стильдік белгілерін көрсетуде лингвистиканың
қатысы да бар. Ғылымның осы аталған салаларының танымдары мен теорияларына
сүйене отырып, қазак шешендік өнерінің теориялық негізін салу, жалпы
шешендікке тән ортақ белгілер мен қатар, ұлттың ерекшеліктерін, әсіресе
даму тарихы мен даму жолдарын айқындау алдымызда түрған ғылыми міндетгердің
бірі болмақ",-деп 80-ші жылдардың ортасында айтқан Р.Сыздықованың пікірін
дәлелдегендей, соңғы уақытта шешендік өнерді әр саладан зерттеген
диссертацияларды да атап өтуге болады. Философтардың (К.БисеновтыңЗ6
заңгерлердің (А.Қосжанов 37) филологтардың (Б.Шканова 38) т.б.
еңбектерінде атап өткен жөн.
Соңғы кездерде әдістемелік зерттеулер де жарық көре бастады. Бұл ретте
ғалым М.Қондыбаеваның еңбегін ерекше айтуымызға болады. Сонымен бірге
М.Қондыбаеваның басшылығымен орыс аудиториясына арналып жазылған бірнеше
кандидаттық диссертациялар (Б.Балғазина 39, Б.Салықова 40 т.б.)
қорғалды.
Бүгінгі кұні баспа сөз беттерінде көптеген мақалалар жариялануда
("Шешендік өнер - дәстүрлі құбылыс" - А.Қасабек, Д.Раев, "Сөз кұдыретіне
табынған" - Б.Ахан; "Ақиқат", 2000, №4). Қорыта айтқанда, қазақ ауыз
әдебиетінің ұмыт бола бастаған сан ғасырлық тарихы, әлеуметтік қоғамдық
мәні бар, мемлекет тағдырын шешуде ерекше қызмет еткен ұлттық шешендік
өнерді бүгінгі демократия мен жариялылық заманында қайта жандандырып, оқу
бағдарламасына енгізіп, әдістемесін жасауға мүмкіндік туып отыр.
1.2 Шешендік өнер және шешендік сөз бен оньщ түрлері.
Шешендік өнер мен шешендік сөз бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен,
екеуі екі басқа түсінік атаулары. Шешендік өнер деген-ең алдымен актінің,
іс-әрекет үғымының атауы, яғни шешен сөйлеу дегенді білдіреді, ол
әлеуметтік қызмет атқарады. Ал шешендік сөз-сол шешендік өнерде
қолданылатын материал, ягни шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдывда
сөйлейтін сөзі Шешендік өнер теориясы 42,көне дәуірден бері "риторика"
(грек. гһеіогісе) деп аталып келді. Барлығына түсінікті халықаралық термин
болған соң қазақ тілінде де, ішінара "риторика" термині кездесіп отырады.
Риторика ғылым ретінде де,филологиялық пән ретінде де (В.В.Виноградов,
Л.В.Щерба, Т.О.Винокур) әдебиеттің ерекше жанры ретінде де, сөйлеу түрінің
(ауызша және жазбаша) шеберлігі ретінде де, ауызша сөз өнері ретінде де
қаралып келеді (В.ИАнушкин, Н.Н.Кохтев, ЕАНожин, Ю.В.Рсщцественский т.б.).
Бүгінгі таңда риторика логикалық, лингвистикалық, психологиялык,
физиологиялық, көркемдік шығармашылык, және тілдік қарым-қатынастың басқа
да аспектілерін қамтитын жүйелік ілім (пән) (С.И.Гивдин, В.И.Андреев,
Ф.Снэлл, О.Эрнст) ретінде қарастырылады.
Риториканың негізгі ұғымы - шешен (оратор-латынша огаге-сөйлеу) -
көпшілікке немесе шаршы топқа сөз сөйлеуші адам. Оның сөзі кімдерге
арналса, солар көпшілік сөзді тыңдаушылар (грекше-гһеіог-тындау) болып
табылады 41, Шешен мен оның аудиториясы сөйлеу барысында бір-бірімен
тығыз қарым-қатынаста, байланыста болып, соның негізінде бұқаралық сөз
(публичная речь) пайда болады (Г.Белостоцкая, М.В.Бессараб, Н.Н.Кохтев,
В.ПЛихачев т.б.). Бұл жерде бұқаралық сөз деп кез келген сөз емес, қоғамдық
маңызы, әлеуметтік мазмұны бар сөзді айтамыз. Шешен сөзге қойылатын
талаптар-оның мәнді, мазмүнды болуы, жүртқа бір нәрсені әуелі түсіндіріп,
немесе бір іс-әрекетке үмтылдырып, ең ақырында тыңдаушыға жақсы әсер етіп
сүйсіндіру екендігін көрсетеді. Шешендік сөздің негізгі белгілері мен оған
қойылатын шарттар қандай? Олар мынадай:
1) шешендік сөздің белгілі бір әлеуметтік мәні болуы керек;
2) әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болуы керек;
3) тыңдаушыға әсер ететін эстетикалык, қасиеті болуы керек;
1) тыңдаушының ақыл-ойы мен еркіне ыкпалын тигізіп, оларды
белгілі бір іс әрекетке үмтылдыратын сөз болуы керек
5)айқындық пен түсініктілік.
Бұл айтылғандар риториканың өзгермес заңдылықтары деп
қарастырылады.
Р.Сыздықова "Сөз құдыретінде" (1997) шешендік сөзгеойылатын шарттардың
төртеуін былайша таратып көрсетеді. Ол шарттар: біріншіден, әлеуметтік мәні
бар әңгіме болуы керек, ол белгілі бір жиын, топ көбінесе шаршы топ
(көпшілік аддында) айтылатын сөз болуы қажет, екіншіден. айтылатын сөздің
дәлелі (кімге, неге, не мақсат көздей айтылғавдығын түсіндіру, ойланту)
болуы шарт, үшіншіден және қиыны тыңдаушыға
әсер ететін эстетикалық касиеті, тілінің айшықты астарлы, әуезді
дегендей көрікті болуы қажет, төртіншіден, басты шарттарының бірі-
көпшілікке қаратыла айтылған сөз баршаға түсінікті, ойы (идеясы) айқын
болып келуі. Осы шарттар орындалған күнде ғана шешендік сөз, яғни шаршы топ
алдында айтылған сөз тыңдаушылардын ақыл-ойы мен еркіне әсер етіп, оларды
белгілі бір іс-әрекетке үмтылдыратын сөз болып шығады. Соңғысын шешендік
сөздің түпкі мүраты деп, баса көрсетеді 47,
Қазақ тілі энциклопедиясында (1988) Р.Сыздықова шешендік сөзге қойылатын
талаптарды топтап келіп үшке бөледі.
Ғалымның айтуынша шешендік сөздер мына талаптарға жауап беруі керек: 1)
белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыптан көпшілік алдында айтылатын
ауызша сөз; 2) әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болуға тиіс, соның
арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып,
ақырында белгілі бір харекетке үмтылдыруды көздеуі қажет; 3) тындаушыларға
әсер етіп қүлақ құрышын қандыратын эстетикалық қасиеті болуға тиіс.
Профессор Р.Әміровтың пікіріне сүйенсек: "Сөздің мазмұнын анықгау,
жоспарлау, оны қүрау жолымен қатар, шешендік сөздің сөйлем құрау, сөз
талгау, интонациялық бейнесін анықтау сияқгы таза тіл қазынасына тірелетін
жайлары тағыбар... Тілдік амалдарға жататындар тұрлі экспресивті, эмоциялық
сөздер, сөйлемдер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер, полемикалық
пікірді білдіру мақсатына арналған риторикалық сөйлемдер, дауыс ырғағы,
сөздерді, сөйлемдерді ритмикалық үндес етіп теру, кұрау т.б. Бұл амалдар
ұзақ дәуірлерде қалыптаскдн. Сол амалдарды дұрыс біліп, талғап жұмсау-
шешендік сөздің бір талабы. Осы айтылғандардың бәрі де бірін-бірі айқындап,
толықгырып тұрғандай.
Шешен аудитория алдында сөйлеген кезде, әдетте, екі мақсатты көздейді:
біріншісі-өз ойын біддіру, екіншісі—өзін билеп түрған сезімді өзгеге
жеткізу.
Ой мен сезімнің қабысуы, өзара бітісуі, олардың ара салмағы шешендік
өнердің алуан түрлі жанрын тудырады. Шешендік сөздерді жанрлық, тақырыптық
жағынан жинақтап топтастыруға болады.
Шешендік сөздер мазмүны мен түрі жағынан біркелкі емес. А.Байтүрсынов
шешендік сөздерді алтыға бөліп саралаған:
1. Саясат шешен сөзі.
2. Билік (соттағы) шешен сөз.
3. Қошамет шешен сөз.
4. Ділмар шешен сөз,
5. Діңдарлар сөзі.
6. Көсем сөз 28,
Ә.Мәметова екіге бөледі:
1. Шешеңдік дау.
2. Шешендік толғау 32, 267.
Б.Адамбаев та шешендік сөздерді тармағына қарай бөліп қарастырады:
1. Шешендік арнау.
2. Шешендік толғау.
3. Шешендікдау49,
Р.Сыздықова бүрынғы шешендік сөздерді мазмұнына қарай былайша топтайды:
1. Әлеуметтік-саяси мазмұнды сөздер.
2. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмүнды сөздер.
3. Билік мазмұнды сөздер 35, 26
Сотта қолданылатын сөздер деп төртке бөледі.
1998 жылы шыққан Қазақ тілі энциклопедиясында казіргі заманғы
шешендік сөздерді мазмұнына қарай беске бөледі де, бесінші қылып діни
қызметтегі шешендікті көрсетеді41,
1. Әлеуметтік-саяси тақырыптағы.
2. Академиялық шешендік.
3. Сот ісіндегі шешендік.
4. Әлеуметтік тұрмыстағы.
5. Діни қызметтегі шешендік.
Ал, ғалым Ә.Қоңыратбаев шешендік сөздерді заңдылық нақылдық,
философиялық, сатиралықдеп бөледі 25.
Қазақгың шешендік сөздерінің типтері мен түрлеріне тоқталған профессор
үшке бөліп жіктейді:
а) салтанатты екпіңді сөздер; ә) нақтылы кысқа түйінді сөздер;
б) майда, биязы, сыпайы сөздер деп бөледі де, былайша3.
Әлеуметтік-тұрмыстық
тақырыптағы
майталмақцық
Бұл жіктеулерді салыстыра отырып, А.Байтұрсыновтың, Г.З.Апресянның40
және ҮҒА корр. мүшесі Р.Сыздықованың шешендік сөздің түрлерін жіктеу
жөніндегі ойлары бір-біріне жақын, теориялық негізінде белгілі бір бірлік
бар екенін көреміз. Осы жіктемелерді басшылыққа алып және бүгінгі куннің
шешен сөзге қойылар талаптарын ескере отырып, үлттық шешендік өнеріміздің
тарихи түрі мен қазіргі мазмұн кеңдігіне орай, шешендік сөзді былайша
көрнекілеуге болады. Сызбада көрсетілгендей (1-сызбаны қараңыз), жалпы
ұлттық шешендік өнерді екіге бөліп қарастырдық:
Бірі — қазақтың дәстүрлі шешендік сөздері.
Екіншісі - қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері.
Ғалымдар көрсеткеніндей, әлеуметтік-саяси, академиялық, соттағы,
әлеуметтік-тұрмыстық, діни уағыз сөздері қатарына бүгінгі күнгі қоғамдық
жағдайға байланысты шешендік өнердің жаңа түрлерін: кәсіптік-іскерлік,
әскери-саяси, тәлімдік-педагогикалық және сауда-саттық жарнама сөздерді де
кірістірдік.
Шешендік сөздердің жұмсалатын орындарына түгел токталмай-ақ, өз мақсат-
міндеттерімізге тікелей қатысты академиялық және тәлімдік-педагогикалық
шешен сөздерге назар аударайық. Академиялық шешендік сөздер:
-жоғары оку орындарындағы лекциялар;
-ғылыми баяндамалар;
-ғылыми шолулар;
-ғылыми хабарламалар
деп бөлінеді (Г.З.Апресян, Р.Сыздықова),
Білім-ғылымдық мазмұндағы шешендікті көрсететін орындар: жоғарғы оқу
орындарының кафедралары, яғни лекциялар; ғылым мәселелеріне арналған
жиналыс-конференцияларда, талас-диспуттарда сөйленетін сөздер,
симпозиумдарда жасалатын баяндамалар, ғылыми хабарламалар, диссертациялар.
Сол академиялық шешендік сөздің өзін біз үш үлкен топқа бөліп қарастырдық
(2-сызбаны қараңыз).
Шешендік сөздің түрлері

Әлеуметтік тұрмыстық

Шешендік
дау, билік

Әлеуметтік саяси
Кдзақгың дәстүрлі шешендік сөздері

Әлеуметтік-ташыстык

таза академиялық ғалымдар ортасы;
1) жоғары білім беретін мектеп;
2) тәлімдік-педагогакалық шешендік.
Академиялық шешендік сөздің ең бастысы дәледді болуы, логиканың күшті
болуы, сөздің біршама қатаң стильде айтылуы және ғылыми терминдердің
молынан орын алуы. Басты мақсат - білім мен ғылым саласынан хабар беру,
ғылымды таныту. Соған қарап, академиялық лекцияларда шешендік сипаттың
болуы шарт емес сияқгы көрінуі де мүмкін. Ал, шындығында, бүларға қойылатын
талаптар әңгіме өзегінің нақтылығы, тілінің барынша түсініктілігі және
тындаушыларға әсер етіп, оларды қызықтыратындай болуы шешендік сөздің
үдесінен шығады 35,. Қоғамдық пәндерден оқылатын лекцияларда тілдік-
көркемдеуіш элементтің келуі (әсерлі теңеулер метафоралар мен эпитеттердің
т.б. болуы) шешендік сөздердің белгілерін қамтиды,

Академиялық шешен сөз

Хабарламалар

Ғылым & Теориялық Әдістемелік
Таза академиялық

Көпшілік лекция, шолу
Конференция, симпозиумдар

Жоғарғы мектеп

Диссертациялар (док. канд.) Лекциялао

Диплом, курстық жүмыс

Тәлімдік педагогика-
Сөйлеу мәдениеті, шешендік өнерді үйрену және оның әдістемесі Мектеп
лекциясы, сүрақ жауап

Мүғалімнің сөйлеу мәдениеті (Іәлімдік-әдістемелік)

Тіл дамыту (ауызекі сөйлеу, жазбаша сөз т.б.). Шешендік өнерге баулу және
оның әдістемесі

Тәлімдік-педагогикалық шешендіктің ерекшеліктері неде?

Мектеп мұғалімдерін кәсіптік даярлауда риторика материалдарын пайдалану
жоғары оку орындарының оқу процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары
мектеп дидактикасы принциптеріне негізделіп, жүйелі түрде үсынылған күнде
ғана нәтижелі болатынын есте үстаған жөн. "Өнегелі дана жоқ жерде-өнерлі
бала жоқ" деген халық мақалында көрестілгендей, өз халқының рухани, мәдени
дамуынан хабардар, дана ұстаз жоқ жерде халықтың қадір-қасиетін
қүрметтейтін, жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу мүмкін емес деп
ойлаймыз. Осыған орай бүгінгі студент ертеңгі мектеп мұғалімінің шешендік
өнерді қажет ету себебіне нақгырак тоқталайық.
Біріншіден, шешендік өнер педагогке өз сөзін дәл, нақты, кисынды да
дәлелді етіп құруға көмектеседі әрі оқушылармен шығармашылық, әріптестік
негізде ұдайы пікірталас ұйымдастыру арқылы өз сабағын қызықты көрініске
айналдырып, берілетін мағлұмат көлемін көбейтуге, әсерлі, сапалы жеткізуге
мүмкіндік алады.
Екіншіден, шешендік өнер мұғалімге небір қиын деген сыныптармен оңтайлы
байланыс орнатуға, терең қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Соның
нәтижесінде бұрын сүхбаттасу мүмкін болмаған, ал үстаздың баяндауын
оқушылардың түсінбеуі, кұлықсыздық танытуы, тіпті қажет етпеуі салдарынан
мақсатқа жетпей қалу қаупінен құтқарады.
Үшіншіден, кез келген педагогтік әсер-ықпал, яғни мүғалімнің өзін
шәкірттер алдында айқындауы сөз арқылы іске асады: ол оқытады, тәрбиелейді,
өз көзқарасын ұсынады және оған окуышыны иліктіреді, талас туғызады,
окушының санасына сыйымды ғажайып көркем бейнелер сыйлайды.
Төртіншіден, шешендік өнер оку процесі барысында туындайтын көптеген
"Неліктен?" деген сауалға жауап береді.
Еліміздегі демократиялық өзгерістердің тереңдей түсуіне байланысты
халықтың әлеуметтік белсенділігі, шығармашылықпен айналысуға деген
талпынысы үдеп, қарым-қатынас аясы кеңіген сайын шешендік өнерге деген
қызығушылық та арта түсуде. Соған байланысты академиялық шешендіктің ауқыми
кеңи түсті де, Іпешендік өнер сала-салаға бөлініп оқытыла бастады.
Мысалы заң институттарында соттық шешендік (судебная риторика),
халықаралық байланыс оқуларында парламенттік шешендік (парламентская
риторика), басқару институттарында іскерлік шешендік (деловая риторика),
педагогикалық оку орындарында шешендік өнерге үйрету әдістемесі
(педагогическая риторика), орта мектептерде~тіл дамыту, шешендік өнер деп
жеке-жеке оқытылуда.
Орта мекгепте "Шешендік өнер" пәні жүргізіле бастады. Мүндағы басты
мақсат - окушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын
молайту, сөздік қорын кеңейту.
Сөз өнері-адамды тіршілік әлемінің ең жоғары сатысына көтеріп, оның
адалдыгын сипаттайтын ең үлы қасиеттердің бірі.
Сөз мәдениеті-адам баласы мәдениетінің, білім деңгейінің көрсеткіші.
"Парасатты адам үшін сөйлей бімеу—оқи, жаза білмеу тәрізді ұят саналуы
тиіс" (А.П.Чехов).
Шешендік сөздің жасалуындағы қызмет аткаратын тілдік заңдылықтарға
тоқталып көрейік.
Тіл-адамның барлық саналы өмірінің байланыс кұралы өнер-білімді,
мәдениеттілікгі, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді.
Тіл-әлеуметтік кұбылыс. Тіл қолданысқа түскенде, әлеуметтік қызмет
атқарады, яғни адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасына, олардың әр түрлі
әлеуметтік ортасында тіл жұмсау мақсатына сай қызмет етеді . Тілдің
әлеуметтік қызметіне қарай стилъдік бөлінісіне келгенде тіл элементтерінің:
сөздердің, грамматикалық амалдарын, көріктеу кұралдарының әр түрлі қарым-
қатынас саласында, яғни коммуникативтік ортада жұмсалу тәсілдері, қолданылу
жиілігі, тіркесу қабілеттері сияқты сыртқы факторлар ескеріледі.
Функционалдық стиль - тіл қолданысына, дәлірек айтсақ, тілдің қандай
мақсатта, кімге арнап жұмсалатындығына қатысты құбылыс. Сондықтан да оның
қызметтік, сипатын танудың мәні зор. Ол қызметтердің түрлерін зерттеушілер
былайша көрсетеді: мысалы, А.А.Леонтьев 1) қарым-қатынастық қасиеті
(коммуникативтік қызметі), 2) ойлау кұралы ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың
әлеуметтік-тарихи тәжірибесін меңгеру құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлттың
мәдени саладағы қызметі, 5) таным кұралы ретіндегі қызметі деп бөледі .
Қазіргі кезде ішкі қүрылысы жағынан да, әлеуметтік қызметі жагынан да
барынша дамыған, үлттық сипатқа ие болған әдеби тілдердің қоғамға екі түрде
қызмет ететіні белгілі: жазбаша және ауызша. Оған бүрынғы қазақ
шешендерінің (билердің) сөздері де, жиналыстарда сөйлеушілердің, ауызша
баяндама, хабарлама жасаушылардың, мұғалімдер мен окушы немесе
студенттердің сабақ барысында айтылатын сөздері де жатады.
Біз күнделікті тұрмыста айтылатын сөзді ("тілді") "ауызекі сөз"-деп, ал
соңғысын "шаршы топ алдындағы сөз" дейміз .Соңғысы көбіне "шешендік сөз"
деп те аталады. "Қазақтың жоғары деңгейдегі өнері" деп бағаланатын
"шешендік сөздері" дегеніміз ~ шаршы топ алдындағы сөздердің бірден-бір
көрінісі. Қазіргі шешендік сөздер - негізінен, шаршы топ алдында айтылатын
сөздер. Шаршы топ аддында сөз айту - сөйлеу нормаларын бұзбай, дұрыс
пайдалана отырып, көшпшкке үйрету, тарату, орнықтыру, бекіту . Ауызекі
сөйлеуде сөздің әрін келтіріп, оны әсерлі ету мақсатында жазба тілдің қатаң
қағидаларын аттап өтуге де болады. Жазба сөз өз бойына интеллектуалдық
акпаратты көбірек сіңірсе, ауызша сөздің адамның жан сезімін, көңілкүйін,
көзқарасын білдіру үшін сөз саптаудың "тауып сөйлеу", "қазып сөйлеу",
"жарып сөйлеу" "мысқылдап сөйлеу" сияқгы үлгілері ыңғайлырақ болып келетін
ерекше тұстары да бар.

Сөйлеу түрлері

Ауызша Қатынас стилі Жазбаша
(функдионал-дық
стиль)

теориялық

ч р





Қатыс, қатынас, әңгімелесу карым-у, диалог
Ауызекі
Сөйлеу

Пьеса, кинофильм, көркем шығармалық 'мәтін




Ауызша сөзде тұрлі салалық стильдердің араласып, бірігіп кетуі жиі
үшырасады. . Ауызша сөздің негізін әдеби-кітаби логика кұрайды,
сонымен қатар, саяси сөз, лекция, баяндама сиякты жанрларда ғылыми және
ресми-іскерлік стильдер пайдаланылады. Бірақ шешендік өнердің қай жанрында
да публицистикалық, көркем сөз және ауызекі сұхбат стильдері кеңінен
қолданылғанда ғана сөз жоғары бағаланады, онсыз сөз жансыз көрінеді.
Шешендік сөздің осы бір қасиетін академик В.Виноградов былайша көрсеткен:
"Қазіргі ауызша сөздің пікірталас, лекция, консультация, баспасөз
маслихаты, баяндама, сүхбат тәрізді формалары әдетте кітаби және ауызекі
сөз элементтерінің өзара араласып, сіңісіп немесе алма-кезек ауысып
қолдануынан құралады.
Адамдардың өзара тілдесуі табысты болуы үшін, тілді, оның грамматикасын,
күрамын жақсы игерумен ғана шектелуге әсте болмайды. Студенттерді сөз
арқылы өзгенің көңілін аударып, тыңдаушының жүрегіне жол тауып, санасына
әсер етіп, оны өз жагына тартып, серік ете білуге үйрету керек.
Қолдаушылардың алдында сөйлегені сияқгы, студенттер қарсыластары алдында да
сөйлей білуі керек, олардың шағын ортада да, көпшілік қауыммен де
әңгімелесе білуі қажет. Әркімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін оның
өзіне қажетті шешеннің сөзіне қойылатын талаптарды танып алуы керек.
Ол үшін, ең алдымен, сөз бен тіл, сөз бен болмыс, сөз беп тыңдаушының
санасы, сөз бен қарым-қатынас жасау жагдайларының арақатынастары жүйесін
білу қажет. Осыларды қарастыру арқылы біз сөздің төмендегідей қасиетгерін
айыра аламыз. Ондай қасиеттер - сөздің дүрыстыгы, қысқалығы, дәлдігі,
кисындылыгы, байлыгы, мәнерлілігі. Бүл тізімді әрі қарай толықтыруға және
нақтылай түсуге де болады. Алайда, сөздің үғымдылығы мен өтімділігін
кдмтамасыз ететін негізгі ерекшеліктер осылар деп аталып жүр 39.
Дүрыс сөйлеу тіл грамматикасын, сөзді қолдану және дыбыстау
(произношение) ережелерін (нормаларын) мұқият сақтауды керек етеді. Сөздің
әсерлі болуы, ұтымдылығы, мәнерлілігі де дүрыс сөйлей білгенде гана іске
асады.
Сөз байлығының тағы бір күралы-дауыс екпіні, интонация. Дауыс әуезін
шебер өзгерте отырып сөйлеген шешен табысқа жетуге бір табан жақын түрады.
Демек, актерлік қабілет те белгілі бір дәрежеде шешеннің ажырамас серігі
болып табылады.
Тілімізді шұбарлап жұрген тағы бір кесел-КЛуковскийдің анықтамасы
бойынша, "канцеляриттерде, яғни кеңсе қағаздарында пайдаланылатын сөздерді
орынсыз қолдану; "шешім қабылдау", "шара қолдану", "күн тәртібі" т.с.с.
Мұндай жасанды да жансыз тіркестер шешен сөзінің сұрқын кетіріп қана
қоймай, мағынасына да кұңгірт рең дарытады.ІПешендік сөз тыңдаушының ақыл-
ойына, сана-сезіміне әсер етеді. Демек, шешен сөзі қызу қанды, әсерлі де
сезімге толы болғанда ғана тыңдаушының жүрегіне жетіп, өтімді болмақ
(Жүректен шыкцаса, жүрекке жетпейді). Ғалымдар мұндай сөз адамның ойына,
жадына, назарына оң әсер ететінін анықтаған.

2.Шешендіктанудың Жоғары оқу орындарында қолдану жағдайы

2.1 Шешендік өнерді үйрету әдістемесінің дидактикалық негіздері

Қазақстандық жоғары мектеп саласындағы болашақ мұғалімдерді даярлау
ісінде студенттердің кәсіпкерлік сөйлеу шеберліктерін шыңдаудың бір жолы
ретінде біз оларға шешендік өнерге баулу әдістемесін ұсынып отырмыз. Мұндай
әдістеме, бір жағынан, жоғары мектептегі окудың жалпы мақсаттарымен тығыз
байланысты болса, екіншіден, оның өзіндік ерекшелікгері де бар.
Педагогтардың кәсіптік тілдік даярлық мәселесі-терең зерттеуді кджет
ететіні белгілі.
Осыған орай біз адцымен осы зерттеп, жасап, ұсынып отырған курсымыз-
жалпы түтас оку процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, мұнда
дидактиканың негізгі заңдылықгары мен принциптерін басшылыққа алдық, ал
шешендікке үйретудің-өз мектебі болғандықтан және оның өзінің белгілі бір
тарихи сала екендігінен, шешендікке баулудың принциптері мен зандылыкгарын
тануды бөліп қарастырдық. Осылардың бірлігі ретінде біздің жүмысымыздың
дидактикалық негіздерін анықтадық,
"Дидактика" деген сөздің өзінің грек тілінен аудармасы-оқыту,
түсіндіру, дәлелдеу дегенді білдіреді, сонымен қатар,”оку”” дегенді
танытады. Бүл сөздің шешендікті танытудага маңызы да зор. Өйткені
"шешендіки-дүниетанымдық заңдылықтарды оқытуды. дәлелдеуді, ұғындыруды
білдіреді.
Оқыту процесінің жоспарлылыш, жүйелілігі оньщ белгілі бір тәртіпке,
зандарға бағынатынъш көрсетеді. Ал шешендік өнерге үйрету процесі оқыту
процесі ретінде өзінің табиғатына сәйкес осы заңдылықтардың ретін анықтап,
сол ерекшеліктерге сәйкес жоспарланъш кұрылады.
Біздің негізгі мақсат-студенттерді шешендік өнер табиғатынан хабардар
ету, студенттердің ертеңгі мүғалім ретіндегі сөйлеу шеберліктерін
қалыптастыру және дамыту, студенттердің шешендік өнерге деген
бейімділіістерін ұштау және дамыту.
Аристотель риториканың табиғатын түсіндіре келіп, мынадай пікір айтады:
"Шешендік өнер-дәрігерлік өнерге үқсас, дәрігерлік өнер-барлық адамды
бірдей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер
Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Ақындар айтысы өлеңмен айтыс
Шешендік сөздер түрлері
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
Халық ауызекі шығармашылығын адамгершілік тәрбиесінде қолдану идеясы
Пәндер