Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметі.

Мазмұны

Кіріспе

I тарау. Ақпан революциясының Қазақстанға ықпалы.

I. 1. Ақпан революциясы қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-

экономикалық және саяси жағдайы.

I. 2. Уақытша үкімет және ұлттық автономия мәселесі.

II тарау. Ақпан революциясынан кейін қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру

мәселесі.

II. 1. Мемлекеттік автономия мәселесіне байланысты қазақ зиялыларының

көзқарастары.

II. 2. Қазақ комитеттерінің құрылуы мен міндеттері.

II. 3. Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының мемлекеттік

тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күресі.

III тарау. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы және мемлекеттік автономия

мәселесі.

III. 1. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы және қазақ зиялыларының

ұлттық автономия мәселесін жүзеге асыру жолдарын іздестіруі.

III. 2. Қазақ комитеттері және Кеңестер.

III. 3. Қазақ революциялық комитеті және Алашорда үкіметі.

Қорытынды.

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына он алты жыл толып отыр. Тәуелсіздік жолы қиын-қыстау кезеңдерден, қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, азаға толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, Отан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыс пен ұлт зиялыларының тәуелсіздік жолында жүргізген қажымас күресін өз дәрежесінде объективті түрде зерттеу және оны халық санасына дұрыс жеткізу тәуелсіз ел тарихшыларының алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Ұлттық тәуелсіздік күресінің барысында пайда болған Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы ұлт зиялыларының ұлттық мемлекеттікті жүзеге асырудағы күресінің нәтижесі болды. Себебі кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе негізінде қалыптасқан тарих ғылымы ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайларда біржақты етіп көрсетіп, ақиқатты бұрмалап, жаңсақ көзқарастарға негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болып, орнығуына жол ашты. Осыған байланысты тарихи процестерді ақиқаттан алшақ, таптық, партиялық тұрғыдан баяндап, оған марксистік-лениндік методология негізінде баға беру, нақты тарихи оқиғалардың қасіреті мен зардаптарын жасырып қалу сияқты зерттеу тәсілдері орын алды.

Алайда, Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін алуына байланысты тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным бағытында зерттеп, зерделеу мүмкіндігі туды. Отан тарихында халықтың өзін-өзі танып-білуі мемлекеттілік мәселесіндегі қиын да күрелі процестерді зерттеу барысында жүзеге асады.

Алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері қазақ елін тәуелсіздік жолындағы күресте әрдайым көш бастаушы болды. Қазақ зиялыларының алға қойған басты мақсаттарының бірі мемлекеттік автономия мәселесі еді.

Мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жолында ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің маңызы зор. Ұлттық зиялылар деп кімді айтамыз? Бұл сауал жөнінде қазақ халқының ардақты азаматтарының бірі Мұстафа Шоқай: “Оқыған, тәрбие көрген адамдардың бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзі тән болған ұлттың “ұлттық зиялысына” қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсіз қателесеміз. Біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады” - деген болатын. Сондықтан да, ұлттық зиялылардың міндеті ұлы да қасиетті болды. Олар мақсатқа жету жолының ауырлығына мойымай, туған халқының жарқын болашағы үшін еңбек етті.

Біз қарастырып отырған тарихи кезеңде де мемлекеттілік үшін күрестің мәні мен мазмұны нақты бағдарламалық сипат алды. Біріншіден, азаттыққа қол жеткізу үшін қозғалыс басына ұлт зиялылары келді. Олар азаттық идеологиясын жасау, саяси партия құру сияқты күрделі мәселелерді қолға алды. Екіншіден, қазақ зиялылары бұл мақсатқа жетудің түпкі жолдары мен құралдарын да қарастырды. Қазақ зиялыларының түсінігі бойынша мақсатқа жеткізер негізгі ішкі фактор - ұлттық тұтастыққа жету мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру еді. Келесі негізгі маңызды фактор - Ресей империясында басқа да ұлттардың, әсіресе мұсылман және түркі халықтарының дербес мемлекет болуы жолындағы күресте күш біріктіруі болды. Басқаша айтқанда, дербес мемлекеттілік үшін күрес дәл осы тарихи кезеңде ұлттық ауқымда да, сондай-ақ жалпыресейлік кеңістікте де жаңа мақсатты сапаға көтерілді.

Өз кезегінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіруге талпынысы мен бүгінгі таңдағы мемлекеттілік тәуелсіздігімізді нығайту арасындағы тікелей сабақтас байланысты аңғару қиынға түспейді.

Қазіргі ұрпақ үшін қазақ зиялыларының қандай тарихи жұмыс атқарғандығы ғана маңызды емес, нақ сондай дәрежеде олардың қайраткер ретінде бар болмысы мен кім болғанын зерттеудің мәні зор болмақ. Өткені барлық өркениетті қоғамда әрбір ұрпақ өзінің ерекшелігін, тарихи борыш-міндеттерін осындай мәселелерді зерттеу арқылы тарихи контексте зерттеу арқылы терең толық түсіне алмақ.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертацияның мақсаты - 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ мемлекеттік автономия мәселесін күн тәртібіне негізгі мәселе етіп қойған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің негізгі бағыттарына сол тарихи кезеңде қалыптасқан тарихи, саяси өзгерістермен қатар байланыстыра отырып талдау жасау.

Уақытша үкімет тұсындағы және азамат соғысы жылдарындағы қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы күресін айқындап зерделеу зерттеуіміздің көрінісі болып табылады.

Нақты деректер негізінде осы кезеңде қазақ тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы қазақ зиялылардың озық өкілдерінің атқарған қызметін, олардың идеялары мен бағыттарын қазіргі уақыт талабына сай шындық пен объективті тұрғыдан жан-жақты зерттеу болып табылады.

Қазақ зиялыларының ақпан революциясынан кейінгі және кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде мемлекеттік автономия мәселесіне көзқарастарын ашып тыңғылықты талдаудың маңызы зор.

Кеңестік дәуірде бұл мәселелерге тарихшылардың ерекше мән беріп, баса назар аударуға мүмкіндігі болған жоқ. Сондықтан да партиялық идеология бағытындағы еңбектердің негізінде тарихи шындыққа баға беру қажеттілігін анықтау қажет болды.

Зерттеудің осы айтылған мақсатына байланысты төмендегі міндеттер қойылды:

  • зерттеу тақырыбына байланысты мұрағат құжаттары мен басқа да дерек көздерін айқындау, жинастыру және оларды талдау;
  • Ақпан революциясының Қазақстанға ықпалын көрсету;
  • мемлекеттік автономия мәселесіне байланысты қазақ зиялыларының көзқарсатарын анықтау;
  • Қазақ комитеттерінің қоғамдық-саяси қызметін көрсету;
  • Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және қазан төңкерісі кезеңдеріндегі қазақ зиялыларының ұлттық автономияға қол жеткізу жолындағы жүргізген күрестерінің бағыттарын анықтау;
  • Қазақ зиялыларының Қазақстанда кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кездегі ұлттық автономия мәселесін жүзеге асыру жолдарының бағыттарын көрсету.

Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметтері нақты тарихи тұрғыдан бағаланып, соңғы он жылдан бері мұқият зерттеле бастады.

Алаш қайраткерлеріне қатысты жаңа көзқарас қалыптастыруда ашық та, батыл пікірлер айтып, дәлелді тұжырымдар жасауда К. Нұрпейісовты “Алаш һәм Алашорда”, М. Қойгелдиевтің “Алаш қозғалысы” монографияларын атап айтуға болады.

Қазақстанда “батыстық” бағыттағы құқықтық мемлекет құрылымын қалыптастыру, оны ұлттық мақсат пен мүддеге үйлестіру, елде қазақ ұлтының жетекшілік позициясын айқындау, Қазақстан құрамына түрлі әкімшілік жүйесіне бағындырылған қазақ жерлерін біріктіру, халықтың рухани сұраныстарын ұлттық менталитетке сәйкес ету бағыттарында белсенді қызмет атқарған қазақ зиялыларының қызметін ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы көрсету де, зерттеудің маңыздылығы болып табылады.

Қазақ зиялылары ақталғанға дейінгі уақытта шыққан еңбектерден ақиқатты анықтау қиын. Пікірлердің дұрыс-бұрыстығын анықтаудан гөрі біз олардың жазылған кезеңіне назар аударуымыз керек.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі және 1920 жылы Ресей құрамындағы автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) құрылғанға дейінгі кезеңді қамтиды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Ғылыми жұмысты жазуға тарих ғылымында бұрыннан белгілі - тарихилық, жүйелік және Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңаша көзқараспен жазу, қалыптасқан объективтік және сыншыл талдау мен сараптау принципі алынды.

Қазақ мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру идеясына байланысты XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, т. б. ) еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар зерттеу барысыныда басты методологиялық принцип ретінде негізге алынды.

Қазақ халқының ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінің негізгі шарты ұлттық деңгейдегі мемлекеттікті қалпына келтіру болды. Соған байланысты 1917 жылы Жалпықазақ Желтоқсан құрылтайы федеративке негізделген Ресей құрамында қазақтардың саяси және экономикалық дербестігін қамтамасыз ететін автономиясын құру басты мәселе ретінде көтерілді ///.

Жұмысты жазу барысында нақты-тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері, сонымен қатар логикалық әдістер қолданылды.

Зерттеу тақырыбының зерттелу деңгейі . Қазақ зиялыларының қазақ мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру мәселесін тарихи шындық тұрғысында ашып көрсетуде А. Байтұрсынұлының “Революция және қазақтар” атты мақаласының орны ерекше ///. Осы шағын көлемді еңбегінде А. Байтұрсынов 1917 жылғы Ақпан және Қазан революцияларын қазақ халқының қалай қарсы алуына өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорданың Уақытша сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч) және Колчак билігімен қандай қарым-қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды. Сонымен қатар бұл мақаласында А. Байтұрсынұлы қазақ мемлекеттік дербестігін қалпына келтірудегі Алашорда үкіметінің халықтық сипатын көрсете отырып, болашақта құрылар Кеңестік Қазақ мемлекетінде де ұлттың өзін-өзі басқаруы мәселесін және Одақтағы биліктің өз кезегінде аймақты билікпен санасуының қажеттілігін көрсетеді.

Қазақ мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру мәселесіне қатысты ресми тұрғыда таптық және партиялық тұрғыдан “зерттеу” Ф. Голощекиннің Қазақстанның партия ұйымын басқаруға келген уақытынан бастап күшейе түсті.

Осы кезеңнен бастап Алаш партиясы, Алашорда үкіметі, Түркістан автономиясы (Қоқан) автономиясы мен жалпы қазақ зиялыларының қызметтерін қаралайтын еңбектер пайда бола бастады. Партиялық тапсырыстармен сол уақыттағы республикалық мемлекеттік баспаның директоры А. К. Бочагов 1927 жылы Алашорда туралы “Краткий исторический очерк о национально-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-1919 гг. ” атты кітапшасын жазып шығарды ///. Бұл еңбек партияның идеологиялық тапсырысымен жазылғандығына қарамастан, құжат материалдарын дерек ретінде келтірілгенмен де өз құндылығын осы күнге дейін жойған жоқ. Большевиктік партия үшін сәтсіз деп табылған А. К. Бочаговтың еңбегінен кейін құрылған Комиссия жұмысы Қазақ өлкелік комитетінің 1928 жылғы 13 мамырдағы Секретариатының мәжілісі “Алашорданың” құжаттарын шығару жөнінде құжатқа байланысты алғы сөзбен және ескертпелермен шығару қажеттілігін көрсетеді. Нәтижесінде 1929 жылы Н. Мартыненконың құрастыруымен “Алашорда: Сборник документов” атты құжаттар жинағын шығарды ///. Сол кезеңдегі оқиғаларға талдау жасауға мүмкіндік беретін құжаттар жинағы ретінде қазіргі зерттеушілер бұл жинақты кеңінен пайдаланатын болды.

Қазақ Өлкелік Комитетінің жанындағы Партия тарихы институтының қызметкерлері С. Брайнин мен Ш. Шафиро 1935 жылы “Алашорда тарихы бойынша очерктер” деген кітап жариялады ///.

Кітап жарық көрісімен жан-жақтан сынға алынды. Ақырында ВКП (б) Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросы 1935 жылғы 15-сәуірдегі қаулысында айтылған кітапқа қосымша ретінде жарияланған құжаттар тізбегі Алашорданың котрреволюцияшыл ұлтшылдық идеологиясын таратуға қызмет етті деп бағалады. Сондықтан да “Очерки по истории Алаш-Орды” деген кітапты бюро пайдаланудан алып тастау жөнінде қаулы алды. Көп кешікпей осындай қаулы жоғарыда әңгіме болған Н. Мартыненко құрастырып, жариялаған құжаттар жинағы туралы да алынды.

Сонымен, Алаш пен Алашорда тақырыбына қалам тарту іс жүзінде тоқтатылды да, Алаш қозғалысын жан-жақты зерттеуге ресми түрде тиым салынды.

Сол отызыншы жылдардың ортасынан сексенінші жылдардың соңына дейін Алаш қозғалысына байланысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Тек қана соңғы он-он бес жылдың ішінде жүзінде осы жасырын да құпия болып келген тақырып жөнінде тарихи шындықты қалпына келтіруге бағытталған талпыныстар жасалуда.

90-шы жылдардан бастап ұлттық-мемлекеттілік құрылымдардың тарихи тәжірибесін зерттеу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Қазақстандық ғалымдар қазақ мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру мәселесіне қатысты, яғни хандық билік жойылғаннан бастап, Алашорда үкіметі, Түркістан автономиясы (Қоқан) ұлттық-мемлекеттілік құрылым ретіндегі қызметін және ұлт зиялыларының тәуелсіздік жолындағы қоғамдық-саяси қызметін талдап көрсететін іргелі зерттеулер жасап, еңбектер жазды. К. Нұрпейісовтың “Алаш һәм Алашорда”, М. Қойгелдиевтің “Алаш қозғалысы”, “Мұстафа Шоқай және Тұтас Түркістан идеясы”, Д. А. Аманжолованың “Казахский автономизм и Россия” сияқты құнды еңбектерімен қатар ғалым заңгер С. Өзбековтың “Арыстары Алаштың” деген еңбегі де тақырыпқа байланысты зерттеуді ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыруды көздейді ///.

Сонымен қатар, осы кезеңде, бұл тақырыпқа байланысты бірқатар кандидаттық диссертациялық да жазылды. Олар: Хасанаева Л. М. Қазақ мемлекеттігін жаңғырту үшін күрес: түрлі көзқарастар мен саяси қозғалыстар тарихынан (XX ғ. алғ. ширегі) ; Ілиясова К. М. Қазақ съездері: қаралған мәселелері, шешімдері және олардың орындалуы (1917-1919 жж. ) ; Махаева А. Ш. Қазақ комитеттері: құрылуы мен қызметінің тарихы (наурыз 1917ж. - маусым 1918ж. ), т. б. диссертациялар зерттеу жұмысымыздың ашыла түсуіне өз септігін тигізеді.

Зерттеу тақырыбының деректік негізі. Зерттеу жұмысының жазылу барысында төмендегідей дерек көздері пайдаланылды: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұрағатының 15-қоры, Ішкі істер министрлігінің Семей облыстық басқармасы, И-17 қор Ішкі істер министрлігінің Сырдария облыстық басқармасы.

Сол заманда шығып тұрған “Қазақ”, “Бірлік туы”, “Сарыарқа” деген ұлттық газеттер беттеріндегі деректемелік материалдар, сонымен қатар “Речь”, “Жизнь национальнстей” атты баспасөз беттеріндегі материалдар да дерек ретінде пайдаланылды.

Алаш қозғалысының Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты жетекші қайраткерлерінің еңбектерінде кездесетін деректемелер де өз септігін тигізді.

  1. Ақпан революциясының Қазақстанға ықпалы.

1. 1. Ақпан революциясы қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-

экономикалық және саяси жағдайы.

1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстан Россия империясының оңтүстік шығысындағы аса ірі отарлық аймағы болды. Оның экономикасының жетекші саласы мал шаруашылығы болды.

Патша үкіметі қазақ халқы мекендеген жерді мемлекеттің меншігі деп жариялап, құнарлы алқаптарды қоныс аудару қорына, казак әскерлерін орналастыру учаскелеріне, патша әулетінің жеке меншігіне, т. с. с. күштеп тартып алып отырды. Қазақ ауылын басқаратын төменгі әкімшілік аппарат, болыстар мен старшындар патша үкіметінің жергілікті билеу органдарымен біте қайнасып кеткен бай-феодалдар өкілдерінің қолында болды. Олардың басым көпшілігі царизмнің отарлаушы саясатының қолшоқпары ролін атқарып, өздерінің тарапынан шаруаларды езіп-жаншыды.

XX ғасырдың басынан қалыптаса бастаған өнеркәсіп өлкеде нашар дамыды. Қазақстанның қисапсыз табиғи байлықтары өте баяу игерілді. Өлкенің өндіріс орындарының көпшілігі ауыл шаруашылығының, оның ішінде ең алдымен мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін кәсіпорындары еді. Мұнымен қатар өлкеде біршама тау-кен рудниктері, көмір шахталары мен түсті рудаларын өндіретін кәсіпорындары болды. Темір жол жүйесі де өте жеткіліксіз еді.

Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына Россия капиталистерімен қатар шетелдік кәсіпшілер де қол сұқты. Мұнда шетелдік ірі сауда және кәсіпкерлер компанияларының өкілдіктері жұмыс істеді, өлке қалаларында, ең алдымен облыс орталықтарында Россияның Орыс-Азия, Сібірдің Сауда, Орыстың Сауда-өнеркәсіп сияқты ірі банктерінің бөлімдері ашылды. Сонымен қатар аса ірі сауда компанияларының: Орал-Каспий мұнай қоғамының, Риддер Тау-кен қоғамының, Атбасар мыс кендері қоғамының бөлімшелері құрылды. Олардың басқармалары Лондонда, Петроградта орналасқан болатын. Осы компания басқармалары мүшелерінің қатарында аса ірі орыс капиталисі А. Путилов, ағылшындық алпауыт Л. Уркарт, т. б. болды.

Қазақстанға капиталистік қатынастардың ене бастауы өлкеде өндіріс орындарының, темір жолдардың пайда болуына және қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастауына негіз болды.

Қазақстанда болған өзгерістердің маңызды ерекшелігі сол, өлке экономикасын Россия капитализмінің аясына енгізу ұлт жұмысшы табының қалыптасуына әсер етті, ол жұмысшы табының қалыптасу процесі ұлттық буржуазияның пайда болуынан озық жүрді.

Орта және ұсақ кәсіп орындарында, шахталарда, рудниктерде, кәсіпшіліктерде, құрылыстарда және теміржол пайдалануда қызмет еткен 60 мың жұмысшылардың кәсіби мамандығы жоқтарының көпшілігі қазақтар еді.

Бұл өндіріс орындарының жұмысшылары өте ауыр жағдайда өмір сүріп, еңбек етті. Олар 12-14 сағатқа созылған жұмыс күні үшін өмір сүру минимумына жетер-жетпес жалақы алды. Әсіресе, ешқандай кәсіптік мамандығы жоқ қазақ жұмысшыларының хал-жағдайлары аса қиын болды. Патша үкіметі мен империалистік буржуазияның отарлық саясатының нәтижесінде қазақ өлкесі шикізат көзі мен товар өткізетін рынокқа айналды.

Қазақ ауылының, баяу да болса, капиталистік қатынастардың шеңберіне тартыла бастағанымен, жалпы алғанда онда 1917 жылдың қарсаңында капиталистік өндіріске дейінгі қатынастар үстем болды. Сондықтан да Қазақстан жағдайында буржуазияшыл ұлтшылдықты уағыздайтын таза ұлттық саяси партия құру үшін әлеуметтік негіз қалыптаспаған еді.

1. 2. Уақытша үкімет және ұлттық автономия мәселесі.

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.

Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газетінің 9 наурызындағы санында: “Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Русия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш”-деп, бостандық күні туды деп жар салды ///.

«Қазақ» газеті осы жылғы наурыздың 24 күнгі санында Минскідегі Ә. Бөкейханов, М. Дулатов бастаған қазақ қайраткерлерінің Қазақстанның сол кездегі негізгі орталықтарына жолдаған жеделхат текстін жариялады. Жеделхатта: «Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың-бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі - демократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі»///, - деп жазылған болатын.

Жеделхаттан қазақ қайраткерлерінің саяси айқындамасы анық көрінеді. Олар, біріншіден, халықты жаңа үкіметті қолдауға шақырып, демократиялық республика ұранын алға тартты. Екіншіден, жер жөніндегі мәселелерді шешуді күн тәртібіне қоюды ұсынды. Үшіншіден, Құрылтай жиналысына дайындық жұмысын жүргізу арқылы ұйымдасуға, бірлесуге, сөйтіп, ұлт тағдырына қатысты мәселелерді шешуге үндеді.

Майдан жұмысында жүрген қазақ зиялылары «Ресей барша халыққа ағайындақ, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек», - деп, М. Тынышпаев, А. Тұрлыбаев, Ә. Сатбаев, Т. Құнанбаев, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов, Т. Шонанов, С. Ақаев, Қ. Қожықов және т. б. қазақ зиялылары жаңа үкіметке толық қолдау көрсетіп, соның шеңберінде ұлт тағдырына қатысты зәру мәселелері шешуге деген ұмтылыс байқатты ///.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметтері
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі
Ақпан революциясынан кейін
ХХ ғасырдағы Қазақстанның либерал-демократиялық зиялыларының өкілдері. О.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
Қазақ саяси партиясы
Әлихан Бөкейханов ұлы тұлға
Қазақ халқының ежелгі досы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz