Бухгалтерлік және қаржылық есеп



1. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі
2.Алдағы кезең кірістерінің есебі
3. Дивидендтер бойынша есеп айырысу операцияларының есебі
4. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
5. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
Пайдаланылған әдебиеттер
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады, Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымнын алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген енбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе онын алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алын өздерінің жұмысын жандандырьш жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Несие - бір занды тұлғаның екінші бір занды тұлғаға немесе жеке адамның занды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытка заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалык қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялык және
1. «Бухгалтерлік есеп және каржылық есеп беру туралы» 2002 жылғы
24 маусымдағы Қазақстан Республикасының №309-11 заңы.
2. Қазақстан Республикасы Президентіиің «Қазақстан Республи-
касындағы аудиторлык қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы
№20 заң күші бар Жарлығы (2001 жылға 15 карашадағы өзгертулер
және толыктырулармен).
3. «Салык және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
4. 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-11 Қазақстан Республикасының
Салык кодексі.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Акционерлік қоғамдар
туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі №2811 заң күші бар Жарлығы.
6. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының
Ұлттық комиссиясы. - Алматы, 1996-2003 және
7. .Халықаралык каржылық есеп беру стандарттары. (Аудармашы
Тарусина В.И.), - М., 1998.
8. Халықаралык бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары.
(Құрастырушы Рапопорт М.М.), - М., 1992.
9. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 кыркүйектегі
№438 бұйрығьмен бекітілген.
10. Абленов Д.О. Основы аудита. - Алматы: Әкономика, 2003.
11. Ажибаева З.Н. Аудит. — Алматы: Әкономика, 2004.
12. Андреев В.Д. Практический аудит. - М.: Әкономика, 1994.
13. Андросов А.М. Бухгалтерский учет. — М.: Финансы и статистика,
14. Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. '
- Алматы: АЙАН, 2001.
15. Безруких П.С. Бухгалтерский учет. — М., 1996.
16. Блейк Д., Амат О. Европейский бухгалтерский учет: Справочник:
Пер. сангл.-М., 1997.
17. Ван Хорн Дж. К. Основы управления финансами. - М: Финансы и
статистика, 1996.
18. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. — Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ
Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында
меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды
да қолданады, Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер
деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін
қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің
алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын
тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымнын алдында қарыз
болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын
кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен
қызметкерлеріне олардың істеген енбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі
салықтар үшін қарыз немесе онын алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі
таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет
елдерден қарыз, несие алын өздерінің жұмысын жандандырьш жатқан, сондай-ақ
міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай
жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы
айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай
саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз.
Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы
міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Несие - бір занды тұлғаның екінші бір занды тұлғаға немесе жеке
адамның занды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу
үшін белгілі бір уақытка заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге
байланысты пайда болатын экономикалык қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялык және банктік болып
екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие — бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан
тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты
туындайды.
Банк несиесі - ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға ағымдағы
қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес
және кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған
келісімшарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін
объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелетін (қайтарылу) мерзімі,
міндеттемесі өзара қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім мөлшерлемелері мен
оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және
бір-біріне беретін құжаттарының тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.
Кәсіпорындар банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын не сие алудың
кажеттілігін оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық
банктердің несие беру, өтеу, өсім пайызы мөлшерлемелерімен және басқадай
талаптарымен танысып, әдетте алдын ала шешіп алуы кажет. Банк мекемелері,
әдетте несие сұраушы ұйымның төлем кабілеттілігі және қаржы тұрактылығы
жағдайын тексереді. Ол үшін кәсіпорынның тиісті бухгалтерлік ақпаратты
мәліметтерін алып танысады. Берілетін уақыт аралығына сәйкес банк несиесі
қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзак мерзімді (бір жылдан
артық уақыт) болып екіге бөлінеді.
Несиенің объективті қажеттігі — бұл, кәсіпорынның өндірістік және
сауда айналымы капиталының зандылықтарына негізделген.
Банк мекемелері несиелерінің есебі
Банк несиесі есебі қысқа және ұзак мерзімді несие беру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі
бекітетін Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне сай
жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын
көздердің бірі болып саналады.
Несиелер қайтарымдылык, төлем және мерзімділік шарттары бойынша
келісіп, коммерциялық негізде беріледі.
Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш
береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның
жұмсалатын мақсаты мен бағытын, өтелу яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар
осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар
және тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында
жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінін жарғысын, кұрылтайлық
кұжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды
табыс етуі керек.
Жалпы кәсіпорындарға берілетін несие сомасы, банк мекемесінің
жауапты мамандары ұйымның өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан-ақ кейін,
несие бойынша борышты және пайызды қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған
меншік туралы келісімшарттың орындалуына сәйкес беріледі.
Банк мекемесі мен несие алушы кәсіпорын арасындағы несиелік қызмет
көрсету бойынша келісімшарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге
жасалады. Егер келісімшарт бір жылдан артық уақытқа жасалған жағдайда несие
жыл сайын бекітілетін несиелік келісімшарт негізінде беріледі. Несиелік
келісімшарт банк мекемесімен әрбір несие алушы ұйым (клиент) үшін жеке-жеке
жасалады.
Қысқа мерзімді банк несиелері (бір) жылдан аспайтын уақытқа
беріледі (яғни 12 (он екі) айдан артық емес уақытқа). Кейбір жағдайларда
түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ
ұзартылған мерзімін қоса есептегенде онын мерзімі екі жылдан аспауы керек.
Банк несиесі кәсіпорыннын, яғни несие алушының есеп айырысу
шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне (көлеміне) қарамай-ақ беріледі
және қолма-кол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан онын
есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу
тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер
несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік
борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының
рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап
қояды.
Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында:
Д-т: Ақшалар немесе Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу және
тағы да басқа шоттар;
К-т: Банк мекемесінің қарызы шоты түрінде бухгалтерлік жазуы
жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т: Банк мекемесінің қарызы шоты;
К-т: Ақшалар шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: Сыйақы түріндегі шығын шоты;
К-т: Төленетін сыйақы шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: Төленетін сыйақы шоты;
К-т: ақшалар шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Шетел валютасы түріндегі несиелер есебі
Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция
тартып, әр түрлі дүние жүзіндегі ірі банктерден де иесие алынады. Соның
ішіне есептелетін пайызы мен берілетін пайдалану мерзімі жағынан тиімді де
маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше елдеріне
берілетін СТЭД-БАЙ иесиесі болып табылады. Бұл қордың мүшелігіне кіретін
елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уакыт
ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына,
кедендік төлемдерді төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар.
• Шетелдік банктерден немесе басқалардан шетелдік валюта түрінде
несие алған ұйымның бухгалтериясында:
Д-т: Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар немесе Шетелдердегі
валюталық шоттардағы ақшалар шоттарының тиістісі,
К-т: Банк мекемесінің қарызы шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
- Ал ұйым бұл несиені қайтарған уақытында:
Д-т: Банк мекемесінің қарызы шоты
К-т: Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар немесе Шетелдердегі
валюталық шоттардағы ақшалар шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі
Бухгалтерлік есеп және қаржылык, есеп беру туралы заңға сәйкес
барлық кәсіпорындар өздерінің меншігіндегі ақшаларының қозғалысын еркін
пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни өзінің бос тұрған
ақшаларын кәсіпорын басқа кәсіпорындарға инвестиция ретінде салуға немесе
несиеге беруіне болады. Міне, сондықтан да ұйымдар өзіне қажет ақшаны тек
қана банк мекемелерінен емес, басқа заңды немесе жеке тұлғалардан да
несиеге, қарызға алуларына болады. ¥йымдардың басқа кәсіпорындардан алған
несиесіне бухгалтерияда жазылатын екі жақты жазу банк мекемелерінен
алынатын несиеге жазылатын жазуға ұқсас болып келеді.
Ұйым банктен тыс мекемеден несие алған уақытында:
Д-т: Ақшалар шоты;
К-т: Банктен тыс мекемелердің қарызы шоты түрінде бухгалтерлік
жазуы жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т: Банктен тыс мекемелердің карызы шоты;
К-т: Ақшалар шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: Сыйақы түріндегі шығын шоты,
К-т: Төленетін сыйақы шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорындар бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: Төленетін сыйақы шоты,
К-т: Ақшалар шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Басқадай несиелік операциялар есебі
Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес,
төлем қаржысы есебінде, яғни пайдаланатын вексель түрінде береді. Несие
алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен,
тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен
есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші
банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісімшартта қарастырылып
белгіленеді. Бұл айтылған вексельдер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан
екінші ұйымға төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Олардың
пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне
төлем ретінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған ұйым несиелік
келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес
есептелетін пайыз сомасын аударады.
Әрбір кәсіпорын өз қалауы бойынша Басқадай қарыздар деп аталатын
шотта Басқадай қысқа мерзімді несиелер және Басқадай ұзақ мерзімді
несиелер деп аталатын аралық шоттарын ашуларына болады. Сонымен қатар бұл
шоттарда алынған несиелердің басқадай түрлері де есептеледі. Кәсіпорынның
бухгалтерлік есебінде нақты несиеге алынған ақшаларына:
Д-т: Ақшалар шоты.
К-т: Басқадай қарыздар шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Бұл алынған қаржы бойынша ееептелген пайыз (процент) сомасына:
Д-т: Сыйақы түріндегі шығын шоты;
К-т: Басқадай қарыздар шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Ал вексельдерді дисконттау бойынша операцияларға:
Д-т: Басқадай қарыздар шоты;
К-т: Алынған вексельдер шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Банк және банктен тыс мекемелердің қарыздары шоты бойынша
жүргізілетін операциялар

Алдағы кезең кірістерінің есебі
Кәсіпорынның ағымдағы (есепті) кезенде алған, бірақ бұдан кейінгі
есепті кезендерге жататын табыстары алдағы (болашақ) кезендерінін
табыстары болып ееептеледі. Есепті кезендер арасындагы осындай
кезендерді шектеу ұйымның шаруашылық қызметін дәлме-дәл анықтау, салық салу
және қаржылык есеп беруді тиімді етіп жасау үшін қажет болып табылады.
Алдағы кезендер табыстарының есебі Алдағы кезең табыстары деп аталатын
шотта жүргізіледі.
Кәсіпорындар орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды олардың
атаулы (номиналдық) кұнынан жоғары бағамен сату арқылы таратуына болады.
Бұл жағдайда сату бағасы мен атаулы құнының арасындағы жағымды айырма
Алдағы кезең кірістері деп аталатын шоттың кредиті бойынша есепке алынып,
содан кейін құнның төмендеуіне қарай:
Д-т: Алдағы кезең кірістері деп аталатын шот,
К-т: Бағалы қағаздардың шығыл өтілуінен алынатын кірістер деп
аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Алдағы кезең кірістері деп аталатын шотта алдын ала сатылған айлық
және тоқсандық жол жүру билеттері бойынша кәсіпорынға келіп түскен ақшалар
және жүк немесе жолаушылар таситын көлік (автокөлік, теміржол көлігі, әуе
жолы көлігі және тағы басқа) құралдары үшін күні бұрын төленген ақы
есептеледі. Жоғарыда аталған төлемдер кәсіпорынға келіп түскен кезде:
Д-т: Ақшалар шоты,
К-т: Алдағы кезең кірістері шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Қаржының төлеуіне карай есепті (ағымдағы) айдың табысы болып
саналатын, бұрын яғни алдын ала алынған табыстар ұйымның бухгалтерлік
есебінде:
Д-т: Алдағы кезең кірістері деп аталатын шоты;
К-т: Тауарларды сатудан алынатын және басқадай алынатын кіріс;
Акциялардан дивиденд және сыйақы түріндегі кіріс немесе Негізгі
емес қызметтен алынатын басқадай кіріс деп аталатын шоттардың тиістілері
түрінде жазылған бухгалтерлік жазуда көрсетіледі.
Жоғалған, ұрланған немесе басқа да жетіспейтін құндылықтар бойынша
кінәлі адамдардан өндіріп алынуға тиісті, яғни олардың төлеуге тиісті
мойындалған, немесе соттың шешімі шығарылған
Д-т: Жұмысшылар мен қызметкерлердің борышы деп аталатын шот;
К-т: Алдағы кезең кірістері деп аталатын шот түрінде екі жақты
жазу жазылуы тиіс.
Бүлінген, жоғалған, ұрланған немесе басқа да жетіспейтін құндылықтар
бойынша кінәлі адамдардан өндіріп алынуға тиісті. яғни олардың да төлеуге
тиісті берешек сомалары өтелуіне қарай:
Д-т: Ақшалар немесе Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп
айырысу шоты,
К-т: Жұмысшылар мен қызметкерлердің борышы деп аталатын шот
түріндегі бухгалтерлік жазуда көрсетіледі.
Алдағы кезең кірістері деп аталатын шот бойынша операциялардың
есебі алдағы кезендегі табыстардың түрлері бойынша арнайы бағаланған
тізімдемеде немесе машинограммада жүргізіледі.

Алдағы кезең кірістері шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Дивидендтер бойынша есеп айырысу
операцияларының есебі
Дивиденд дегеніміз акционерлерге олардың акцияларының саны мен
түрлеріне қарай (сәйкес) тиесілі акционерлік қоғам табысыныц бір бөлігі
болып табылады.
Ал оның мөлшері осы қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында
бекітіледі. Ескертетін жағдай, артықшылығы бар акциялар бойынша есептелетін
дивиденд сомасының мөлшері ол акцияны шығарған кезде белгіленген мөлшерден
және де жай акцияларға есептелетін дивиденд сомасы мөлшерінен кем болмауы
тиіс. Сондай-ақ акцияның артықшылығы бар деп аталатын түрі үшін кәсіпорын
дивиденд сомасын есепті жылы табыс алғаны немесе алмағанына қарамастан
есептеп төлеуі тиіс. Акционерлер мен оларға төленуге тиісті дивидендтер
бойынша есеп айырысу есебі Дивидендтер бойынша есеп айырысу деп аталатын
бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі. Дивидендтер есептеген уақытта:
Д-т: Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоты немесе
есепті жылда алынған бөлінбеген табыс сомасы жетіспеген жағдайда Өткен
жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) деп аталатын шоты,
К-т: Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу немесе Артықшылығы
бар акциялар бойынша есеп айырысу деп аталатын шоттардың тиістілері
түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Акцияларға, дивиденд төлеу бойынша заң актілерінде немесе үлес
қосушылардың құжаттарында қаралған міндеттемелер негізінде, бөлінбеген
табыстың болмауынан немесе жетіспеушілігінен, резервтік капиталдың есебінен
артықшылығы бар акцияларға есептелген дивиденд сомасына:
Д-т: Резервтік капитал деп аталатын шот;
К-т: Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу деп аталатын
шоттар түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Акционерлерге есептелген дивиденд сомасынан ұсталатын табыс салығы
сомасына:
Д-т: Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу немесе Артықшылығы
бар акциялар бойынша есеп айырысу деп аталатын шоттардың тиістілері;
К-т: Бюджетпен басқадай операциялар бойынша есеп айырысу деп
аталатын шоты негізінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Ал бұл есептелген табыс салығының сомасы бюджетке аударылған уақытта
кәсіпорынның бухгалтериясында:
Д-т: Бюджетпен басқадай операциялар бойынша есеп айырысу шоты;
К-т: Ақшалар шоты түрінде екі жақты жазу жазылуы тиіс.
Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлерге дивидендтер
төленген уақытта:
Д-т: Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу немесе Артықшылыгы
бар акциялар бойынша есеп айырысу деп аталатын шотгардың тиістілері;
К-т: Ақшалар шоты түріндегі екі жақты жазуы ұйымның
бухгалтериясында жазылады.Сондай-ақ, жай және артықшылығы бар акциялар
бойынша акционерлерге дивидендтерді төлеген кезде, есеп айырысулардың
талдамалық есебі әрбір акционер бойынша есеп айырысу шоттары жөніндегі
айнальш тізімдемесінде жүргізіледі.
Дивидендтер бойынша есеп айырысу шоты аркылы жүргізілетін
операциялар

Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі
Бюджет - жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану,
жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы
экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін
көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.Қазакстан Республикасының
салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар,
Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салық - заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін
салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл
салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың
атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу
қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның
еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп
кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмыс-шылар мен
қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды: Әлеуметтік салықты
төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына
табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде: әр түрлі сыйақылар,
жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың
еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де,
келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында
әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу
жазылады:
Д-т: Жалпы және әкімшілік шығындар деп аталатын шот;
К-т: Әлеуметтік салық деп аталатын шот.
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде:
Д-т: Әлеуметтік салық деп аталатын шоты;
К-т: Ақшалар деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы
жазылады.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Есепті жылда салық салынатын табыстары бар занды тұлғалар табыс
салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды
түлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлімшелер
кіреді.
Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық
табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен
шеккен зияндардың сомасын шегереді.
Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларынын
жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен
көрсетілген қызметі және басқа да операциялар үшін салық төлеушінің алуға
(алған) тиісті ақшалай немесе басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып
алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші
тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге
жіберілген қаржылар жатады.
Салық салынатын табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен
жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық
кодексінде каралады.
Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына Занды тұлғаның салық
салынатын табысының декларациясын ұсынуға тиіс.
¥йым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын
есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Д-т: Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар шоты;
К-т: Төленетін корпоративтік табыс салығы - шоты.
Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:
Д-т: Төленетін корпоративтік табыс салығы деп аталатын шот;
К-т: Ақшалар деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы
жазылады.
Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі
Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады.
Салық салынатын табыстың (зиянның) сомасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы
Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта қр-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер