Микроэкономика


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Микроэкономика

Мазмұндама

1 тарау. Үкіметтің микроэкономикалық саясатын талдау

2 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясат концепциясын негіздеу және оның мәні

3 тарау. Жаңа аграрлық, инвестициялық саясаттардың негіздері және олардың мәні

4 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың механизмдері

1 тарау. Үкіметтің микроэкономикалық саясатын талдау

Үкіметтің тұтас микроэкономикалық саясаты жоқ. Үкіметтің ұсынған бағытындағы басты қателік - мемлекет иелігінен алу мен жекешелендруге иек артуы, тауар өндірушілерден, тұтыну рыногын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен тікелей қамтамасыз ететін меншік иелерінің ауқымды тобының пайда болуы үшін, экономикалық реформаларды жеделдету үшін халықтың өзін, әсіресе ауыл халқын қозғалысқа түсіретін нақты негіз қалыптастырудан өздігінен сырт қалғаны.

Бұрынғы және жаңадан құрылған салалық министрліктер осы уақытқа дейін өнеркәсіп саясатын жасамады. Айталық, энергетика және оның ресурстары министрлігі мен Мұнай-газ министрлігі өздерін мемлекеттік монополиялық энергокомпанияға және монополиялық көмір, мұнай, газ және «ЖЖМ» холдингтеріне біріктіріп жіберді. Мұндай ведомстволарға өздерінің өнімдеріне нарықка қарсы ішкі бағаларды өсіру, дайын өнімдерді емес, шикізатты сыртқа шығаруды арттыру тимді. Мұндай монополияшы-ведомстволар құрылымының өзі нарық идеологиясына және реформаның тереңдеуіне қарсы жұмыс істейді.

Транспорт тарифтерінің өсуімен бірге осы өндіріс салаларында бағаны босату нәтижесінде олардың өнімдерінің құны әлемдік баға деңгейінен де артып отыр. Бұл сатылған өндіріс салаларында еңбек өнімділігінің құлдырауын, олардың техникалық және технологиялық деңгейлерінің төмен екенін көрсетеді.

Көмір өндіру саласындағы монополияшылардан басқа көмір өткізу жүйесінде де үстем құрылымдар бар. Мұнай өнеркәсібінде өндіру және ЖЖМ-ді бөлу жөніндегі монополияшылар дербес өмір сүріп отыр. Газ саласында өндіру, тасымалдау және тұтынушыларды жабдықтау әртүрлі монополиялық кешендерге бөлшектеліп кеткен. Технологиялық жағынан бір-бірімен байланысты кен-металлургия өндірісі де монополиялық ұстындарға бөлінген. Олардың әрқайсысы үстем бағаларды «ширатып» жіберуге және несиелерді тек қана өз учаскесінде пайдалануға мүдделі, ал оларды бір министрлік, холдингке немесе ҰАК-ке біріктіру кәсіпорындарды шаруашылық дербестігінен айырады.

Осы уақытқа дейін тауар айналымы жүйесін және тауарлар мен табыстар қозғалысын есепке алуды ұйымдастыру ретке келтірілмеген, бірыңғай делдалдық үстеме ақы жоқ, бірыңғай монополияға қарсы реттегіштер мен тисті заң құжаттары жасалмаған. Республика өнеркәсбі жүйесі тиімділігін көтерудің басты буыны машина жасау, ғылымды керексінетін өндірістерді және ғылымның өзін жедел дамыту болып табылады. Үкімет осы жетекші басым салаларға аз қөңіл бөледі. Республикада машина жасауды дамытудың қазіргі деңгейі құрылымы жағынан да, оның республика қажетін камтамасыз етуге бағытталуы жағынан да артта қалған.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазіргі принципі де қанағаттанғысыз түрде қалып отыр. Біріншіден, жекешелендіру үшін ғана жүргізу мемлекеттің стратегиялық мүдделеріне түбегейлі қайшы келеді, мемлекеттік меншік негізін бұзады. Екіншіден, мемлекеттік меншікті беталды таратып беру микроэкономикалық саясаттың жаңа бағытына және тұтас алғанда экономиканың мейлінше тиімділігінің, басқарудың жеделділігін жақсартудың, жекеше күрделі қаржыларды қосымша тартудың әлемдік тәжірибесіне сай келмейді. Сатып алуға ниеті және қаражаты бар өндіріс тиімділігін өсіріп, басқаруды жетілдіруді қамтамасыз ететін, қосымша күрделі қаржыларды тартуға мүмкіндігі болатындар ғана меншік иесі болуға құқығы бар. Үшіншіден, сатылған меншік үшін мемлекеттің нақты баға алуы әрі кәсіпорынның білікті басқарылуы мақсатына орай әлемдік тәжірибеге сәйкес реформаның табиғи экономикалық бағыты бойынша алдымен инкорпорация жасап алған жөн. Сөйтіп, ақша құнсыздануы тенденция тоқтаған кезде барып кезең-кезеңімен жекешелендірілуі қажет.

Төртіншіден, жаппай жекешелендіру және жедел ақша құнсыздануы жағдайында жаңа меншік иелері осы меншік үлесін басқаруға әрі оны жеке өзі тегін иеленуге өлшеусіз мүмкіндік алады. Қателік мемлекеттік меншікті жекешелендіруде емес, оны іске асыруда, мемлекет иелігінен алудың принципі мен мәнерінде болып отыр.

Инвестиция кешенінін қазіргі жағдайы дағдарысты тез ауыздықтауға мүмкіндік бермейді, инвестиция кешеніндегі дағдарыс, тіпті, күйретерліктей қарқын алды. Соңғы үш жылда инвестицияға бөлінетін қүрделі қаржы мен бюджет қаржысының мөлшері күрт қысқарып кетті.

Кәсіпорындардың көпшілігінде нақты қаржы ресурстарының болмауы, банк процентінің өлшеусіз жоғары ақысы, жинақталған қаражаттың болмауы, банк процентінің өлшеусіз жоғары ақысы, жинақталған қаражаттың өсімді бөлігі баға өсімін өтеу үшін еңбекке ақы төлеуге жұмсалуы _ осының бәрі айналып келгенде кәсіпорындардың инвестициялық ырғағын бұзды.

Банк несиенің қымбаттығы салдарынан кәсіпорындар мұны іс жүзінде күрделі қаржыны қаржыландырудың көзі ретінде пайдаланбайды. Инвестициялық белсенділіктің осындай құлдырауы құрылымдық қайта қйру мен әлеуметтік міндеттерді шешуді тұсап қана қоймай, сонымен қатар өндіргіш күштердің де толық сарқылуы қаупін төндірді, Инвестиция үшін қажетті қаражаттың болмауына негізгі қорлар қйнын төмендетуге ықпал еткен орынсыз саясат, амортизациялық шығындардың құнсыздануы мен экономикалық реформаны жүзеге асырудың қате бағыты теріс тигізген, Осының бәрі және басқа да жағдайлар жаңа микроэкономикалық саясат концепциясын жасау қажеттігін талап етеді.

Инвестициялық белсенділіктің қатты құлдырауымен бірге қор сақтау мен қорды инвестициялаудың арасындағы сәцкессіздік арта түсуде. Бұл капиталдың өндіріс сферасынан басқа жаққа ағуын сипаттайды:

  1. Салық механизм~арқылы ресурстардың бір бөлігі бюджет шығындарын қаржыландыруға жұмсалуда;
  2. Шет елдердегі Қазақстан банктерінің корреспонденттік есеп-шоттарындағы қаржы-қаражат сомасының өсуі түрінде шкі капитал сыртқа ағуда;
  3. Материалдық өндіріс сферасын және инвестициялық сұранымын қаржыландыру байланысын үзген банк жүйесйинде өте күрделі ақша-капитал ресурстары жоғарыланған;
  4. Импортты және мүлік пен шет ел валютасымен, құнды қағаздармен спекулятивті сауда-саттық операцияларын жүргізу үшін жиналған қаржы-қаражат ресурстарын тікелей немесе жанамалы түрде шығындау.

Капиталдың өндіріс сферасынан сауда сферасында ауытқуы, оның спекулятивті операцияларын қаржыландыруға жұмсалуы тұрақсыздықтың негізгі факторларына айналды, өндірістің қйлдырауы мбағалардың бір уақытта өсуінің негізгі себебі болып отыр.

2 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясат концепциясын негіздеу және оның мәні

Жаңа өнеркәсіп саясатының концепіясы. Жаңа өнеркәсіп саясатын жасаудың қажеттігін тек қана өнеркәсптің қазіргі жай күйі емес, сондай-ақ нарықтық экономикаға көшу мен біздің экономикамыздың өтпелі ахуалы да талап етіп отыр.

Жаңа өнеркәсіп саясат бірқатар міндеттерді: мемлекеттік меншіктің тағдырын, оның жаңа нарық жүйесіндегі мәртебесін, экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару жүйесін қайта құруды; мемлекеттің экономиканың мемлекеттйик емес секторына қатынасын; өнеркәсптегі аралас меншіктің тағдырын шешуге тиіс.

Жаңа өнеркәсіптік саясат тек мемлекеттің жалпы мемлекеттік экономикалық, әлеуметтіқ немесе қорғаныс мүдделерін көздейтін экономиканың белгілі бір секторларына. Жекелеген салалар мен өндірістерге ғана қатысты өзіне міндеттеме алатын даму басымдығы қағидаттарына құрылады.

Республиканың индустриялық базисін құрылымдық, технологиялық, техникалық және ұйымдық-басқару жағынан қайта-құру өнеркәсіптік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл кезеңдегі құрылымдық қайта түзілімдер жекелеген сфералар мен өндірістердің арасындағы тепе-тендікті өзгерту үшін нарық жағдайының кешенін жасаумен байланысты.

Жаңа техникалық негізде өндірісті қайта құру экономикадағы құрылымдық лгерушіліктермен инвестициялық және амортизациялық саясаттарымен тікелей байланысты болады. Ол республиканың ғылыми-техникалық қуатына сүйеніп, экономикалық дамудың мемлекеттік басым бағыттарына біріктірілуі тиіс, Қалған барлық міндеттер өнеркәсіптік саясаттың қалған қүрамдастары сияқты арнаулы бағдарламалар шеңберінде шешілуге тиісті.

Жаңа өндірістік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібін қайта құру сияқты, бәсекеге қабілетті ұсақ және орташа кәсіпорындарды көп мөлшерде құру болып табылады. Арнаулы бағдарламалардың тізімі өнеркәсіптік саясаттың қосымшасы болуға тиіс.

3 тарау. Жаңа аграрлық, инвестициялық саясаттардың негіздері және олардың мәні

Аграрлық саясат мемлекеттік қолдау мен реттеудің неғұрлым дамыған жүйесін негізге ала отырып, бір жағынан, ұлттық азық-түлікпен қамту мүмкіндігін және екінші жағынан, село халқының өмір сүру деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс. Проблемалардың бір бөлігі ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі көлемінде мемлекеттік сатып алу жүйесі шеңберінде шешілуде. Қалған проблемаларды шешу үшін Қазақстандағы аграрлық сектордың маңызын ескере отырып селодағы шағын және орта бизнесті қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламасы әзірленуге тиіс.

Инвестициялық саясат Республиканың алдағы ұзақ мерзімдік стратегиялық даму мақсаттары мен мүдделерін көздейді, сондықтан ол күнделікті өзгеріп-қалыптасып тұратын ішкі және сыртқы экономикалық жағдайлардың конъюнктурасынан тәуелсіз болғаны дұрыс, керісінше, сыртқы экономикалық саясат қоғам дамуының түпкілікті мүдделерінің іске араласуына жол ашып жағдай жасауға бағытталады. Сонда ішкі ұлттық тауар өндірушілер сыртқы даму көздерін пайдаланатын болады. Сонымен бірге инвестициялық саясатты жүргізгенде баға және салық сияқты экономикалық ықпалы күшті ынталандыру құралдарын да қоса пайдаланған дұрыс.

Инвестициялар болмай экономикалық өрлеу мүмкін емес, бірақ Қазақстандағы инвестициялық сала көп қиындықка кездесті. Сол себепті қалыптасқан нақты жағдайды ескертіп инвестициялық саясат қажет.

Қазіргі кезеңдегі барлық мемлекеттік мүмкіндіктер өнеркәсіптік саясат пен мемлекеттік сатып алу аграрлық саясат шеңберінде іске қосылуға тиіс. Шағын бизнес бұл саясатқа тек Концепцияда белгіленген барлық шаралар жиынтығында ғана шешілетін осыған икемді экономикалық орта жасау үшін тартылуы мүмкін.

Инвестициялық саясат Республиканың болашақтағы мүдделерін ескеруге және ол сыртқы экономикалық саясатқа бағынуға тиіс, ал сыртқы экономикалық саясатболашақтағы экономикалық мүдделердің шешімін табуына ықпал етуі қажет Сонда отандық тауар өндірушілерді қолдау қазіргімен салыстыруға келмейтін сыртқы үстеме қорек кездеріне ие болады.

  1. тарау. Жаңа микроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың механизмдері

Жаңа микроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың механизмдері мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
Сұраныс көлемінің өзгеруі
Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы
Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері
Нарықтық тепе-теңдік және оның түрлері
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz