ХIII ғ. Европа мен Азия байланыстары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақтың Ұлттық Педагогикалық Университеті
Кафедра: Жалпы тарих
М А Г И С Т Р Л І К Д И С С Е Р Т А Ц И Я
ТАҚЫРЫБЫ: «ХІІІ ғ. ЕВРОПА МЕН АЗИЯ БАЙЛАНЫСТАРЫ»
ОРЫНДАҒАН: «6А0115 - құқық
және экономика негіздері»
мамандығының 2 курс магистрі
ТУЛЕУБАЕВ ҚАЙРАТ ҚАЛЕНҰЛЫ
«»2007 ж.
Ғылыми жетекшісі:
т. ғ. д., профессор
СЫЗДЫҚОВ САТАЙ МАҚСУТҰЛЫ
«» 2007 ж.
Ресми оппонент:
т. ғ. к., профессор Алдажұманов Қ. С.
«» 2007 ж.
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі: т. ғ. д., профессор Алтаев А. Ш.
«» 2007 ж.
Алматы, 2007
Ж О С П А Р
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ. ЕУРОПА МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ
БАЙЛАНЫСТАР . . . 20
- Марко Поло және оның «Кітабы» . . . 20
- Сауда қатынастары . . . 29
ІІ ТАРАУ. ЕУРОПА МЕН ҮНДІСТАН АРАСЫНДАҒЫ
БАЙЛАНЫСТАР . . . 50
2. 1. Батыс елдері мен Үндістанның сауда қатынастары . . . 50
2. 2. Сауда ісінің дамуы . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75
К І Р І С П Е
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан үшінші мынжылдыққа аяқ басты, жалпы-тарихтың эволюциясының динамикасын белгілейтін басты тенденциялардың бірі, глобальды әлеуметтік- экономикалық, қоғамдық саяси процестер мен көріністердің одан әрі интенсивті интеграциясы болады. Мұндай жағдайда, дипломатиялық, сауда байланыстары сияқты қоғамдық болмыстық салалары, интеграция идеяларын терең қабылдауға бейім. Сондықтан елімізде қазіргі тәуелсіздік жағдайында Қазахстанның Батыс елдерімен әртүрлі тарихи кезеңдерде дипломатиялық, сауда мәселелерін қарастыру ғылымда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының президенті Назарбаев Н. А. өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында былай дейді: «Қазір Қазахстанның құшағы әлемге айқара ашылып отырған шақта көптеген кісілер Батыс елдерімен өмірдің бар саласында тікелей байланыс орнатуда. Былайға жұрттың өздері де елімізге емін-еркін келгіштеуде. Сөз жоқ, мұның бәрі қазақ ұлтының өркендеуіне, осы заманғы тарихи үрдіске сай келетін техникалық және гуманитарлық-институттық саладағы Батыс тәжірибесін игеруіне әсер етеді.
Мұндай бағыт-бағдардың терең негіздері бар екенін ұғыну қажет. Жаңарудың Батыс технологиясын меңгермей тұрып, қоғамдық өмірдің алуан саласындағы оның институттық тәжірибесін игермей тұрып жүзеге асыру қай жағынан да мүмкін еместігін түсіну ең бастысы.
Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» /1, 79 б. /.
Табалдырығын енді ғана аттаған ХХІ ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындап отыр, өйткені сан - сапалы дүниежүзілік процестердің өай-қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланысты.
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың барынша кеңейуі, интеграциялану мен ғаламданудың қарқын алуға бүкіл әлемдік тарихи процеске әртүрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін ерекше күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе сауда, дипломатиялық ықпалдастық, оның жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі артып отыр.
Бұл арада Халықаралық қатынастар деп тек қана мемлекетаралық, әр түрлі ұйымдар арасныдағы қатынастарды емес, сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасқан тұрақты, аймақтық өркениеттердің, конфессионалдық қоғамдастықтардың өзіндік генетикалық ерекшеліктері мен құндылықтарын сақтай отырып, олардың қатар, өзара байланыста өмір сүруін айтамыз. Осылардың барлығы адамдардың іс-әрекетіне ықпал жасап, дүниетанымын анықтайды, аларалық қатынастардың сипатын белгілейді. /2., 13/.
Алғашқы орта ғасырлар қарағанда ХІІІ ғасыр төңірегінде еуропадағы әртүрлі елдерде айтарлықтай берік экономикалықғ сайси және дипломатиялық қарым-қатынастар біртіндеп орнай бастайды, бұл қарым-қатынастар дау-жанжалдардың, соғыстардың салдарынан әрдайым үзіліп қалып отырғанына қарамастан қайтадан қалпына келіп, одан әрі дамып жатты. Еуропа мен Азия елдерінің байланысы кеңейіп, барған сайын нығая берді. ХI-ХV ғасырлар ішінде еуропада халықаралық қатынастардың белгілі бір жүйесі қалыптасты, біртіндеп, әсіресе кейінгі римдік және византиялық дәстүрлер ықпалының арқасында ортағасырдағы дипломатияның кейбір ережелері мен дәстүрі қалыптасты.
Осы кезеңдегі халықаралық қатынастардың дамуында төмендегідей шешуші факторлар болды: Феодализмге өту процесінің аяқталуына, өндіргіш күштің өсуіне, қалалардың пайда болуына, әсіресе халықтардың және мемлекеттердің өзара жақындасуына себеп болған ішкі және сыртқы сауданың кеңеюіне байланысты Еуропада экономика өсті. Сонымен бірге сыртқы сауда көп жағдайларда сауда бәсекесінен өршіген олардың өзара қарама-қайшылығын туғызатын, ал бұл қайшылықтар кей кезде ұрыс-жанжалдар, тіпті соғыстарға апарып соқтыратын (мысалы, 1367-1370 жылдары Ганза мен Данияның соғысы, Венеция мен генуяның соғысы және басқалары) ; Экономиканың өсуі оған байланысты шаруашылықтардағы өзгерістер, дәлірек айтқанда, нарықтың дамуы феодалдардың материалдық қажетін арттыруды, ал бұл жағдай жеке елдердің өз ішіндегі феодалдық қанауды күшейтіп қана қоймай, феодалдар басқа елдердің жерін және байлығын жаулап алуға жанталаса асыға түсті. Осының салдарынан еуропаның өз іші де және одан тысқары жерлер де сан алуан соғыстарға ұшырады; Көптеген Батыс еуропа елдері феодалдық қоғамның саяси өмірінде бір орталыққа бағыну тенденциясының артуы, король өкіметінің күшеюі, сөйтіп феодалдық бытыранқылықтың біртіндеп жойыла бастауы. Мұндай құбылыстарды бірсыпыра феодалдық сеньорларды, тіпті бүтін мемлекеттерді дау-жанжалдарға, қарулы қақтығыстарға апарып соқтыратын. Бұл жағдайларда династиялық мүдде де аз рөл атқармайды.
Бір елдің өз ішінде болып жатқан саяси бірлікті нығайту процесімен қатар еуропада бір ел екінші елді бағындыру тенденциясы дами бастады. Өз гегемониясы астында көпжақты мемлекет құрып, дүние жүзін билейміз деген өкімет иелері бірінен соң бірі шығып жатты. Осындай тенденцияның негізгі қолдаушылары римдік папалар мен герман императорлары болатын. Сол кезеңдегі Еуропада әлсін-әлі қарулы қақтығысулар болып, құрылып, ажырап жатөан одақтар кездесетін, мемлекет шекаралары әрдәйім өзгеріп тұратын.
Еуропада халықаралық қатынастардың дамуына халықтардың құралуы процесі мен ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесінің басталуы үлкен әсер етті. Бұған сыртқы факторлар да алдымен Шығыс тайпалары мен халықтарының қозғалысы ХІ ғасрыда - кіші азия мен Шығыс Жерорта теңіздегі түрік-селжүктердің жаулап алулары, ХІІІ ғасырда - Шығыс және Оңтүстік еуропаға татар-монголдардың шабуылы, ХІV - XV ғасырлардағы Алдыңғы Азия мен Балқан түбегінде түрік-османдардың орнығып, қоңыс тебуі әжептеуір ықпал жасады.
Тек қана Еуропа елдерінің емес, тіпті Батыс елдері мен Азия елдерінің арасындағы экономикалық, саяси және дипломатиялық қатынастарының ХІ-ХІІІ ғасырларда өсіп, нығайыуына Батыс елдері мен Азия елдерінің ішкі әлеуметтік - экономикалық қатынастарының дамуына крест жорықтарының да әсері тиді.
Ортағасырлар тарихында ХІІІ ғасыр бетбұрысты кезең деседе болады. Дәл осы ғасырда өзінің ең жоғары дамуына-феодалдық әлемнің төңірегінде қол жеткізерлік және оған мүмкін формада-әлемдік бірлестік идеясында өзінің көрінісін тапқан, орталыққа ұмтылған күштер жетті. Бұл күштер ескі Дүниенің екі жағынан да көрінді - Азияда және Еуропада. Азияда бұл идеяның өмірге келуі, көшпелі тайпаларды бастаған Шынғысханның атымен байланысты болса, еуропада-күресуші шіркеудің көсемі, папа Иннокентий ІV есімімен байланыстырылады. Екеуі де армандарының шамамен бір уақытта жүзеге асатындығын көрді: 40- ыншы жылдары Тынық мұхитының жағалауларынан бастап Карпатқа дейінгі кеңістікті жаулап алу, монғол державасының пайда болуына алып келді; 50-інші жылдары Германиадағы Гогенштауфен әуелтінің құлауымен, Рим папалары өзінің жеңісін тойлай алды.
Ескі Дүниенің екі жағынада болған бұл жағдайлар, үлкен және күрделі мағынаға ие болды. Ең алдымен оларға саяси партианың өзгеруі ықпал етті. Шығыс пен батысты, қарым-қатынастың жаңа түріне алып келді: бірінші Шығыс пен батысты, қарым-қатынастың жаңа түріне алып келді: бірінші Шығыс пен монғолдардың түрінде, Батыспен күресте қақтығысты (орыстармен, поляқтармен, немістермен) ; содан кейін бұрынғыға қарағанда кеңірек, осы екі дүние арасында дипломатиялық және сауда байланыстары басталды. Ал бұл жағдайлардан да маңыздысы, олар ортағасырлық дамудың тарихи жүрісін қиыстырды: ортағасырлық дәуірдің дүниенің жоғарғы көрінісінің ғасыры-иерархиялық мемлекеттердің әлемдік идеясы-сонымен бірге осы ортағасырлық, феодалдық дүниенің басы мен аяқ ғасырына айналды. ХІІІ ғасырдан бастап Шығыста да батыста да капитализмінің элементері дами бастайды: батыста ең алдымен Италияда, Шығыста ең бірінші Қытайда. Осыдан бастап бұл дамудың әркелкілігі байқалады. Сондықтан ХІІІ ғасырда жалпы тарихтың жағдайының мағынасы осындай болғандықтан оны зерттеу өте қажет.
Марко Поло мәліметтері арқылы ХІІІ ғасырдағы Еуропа мен Азия байланыстары жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеудің пәні Батыс пен шығыстың өзара дипломатиялық, сауда байланыстарын, ықпалдастығын, еуразиялылықтың тарихи тамырларын зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жұмыс жазудағы алға қойған басты мақсатымыз Марко Полоның мәліметтері арқылы тарихи дамудағы халықтар арасындағы өзара діни, дипломатиялық, сауда байланыстарынң маңызын көрсету болып отыр. Осындай кең байланыстар орын алған ортағасырлық Юань империясы дәуірін зерттеуіміздің нысаны ете отырып, осы дәуірдегі Орталық Азия халықтарының өмірінде болған өзгерістерді анықтау, негізгі мақсатымыз. Сонымен қатар тағы бір мәселе, еуропалықтардың Азия елдеріне ұйымдастырған саяхаттары батысқа қандай нәтиже бергенін ашып көрсету. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды.
- Батыс елдері мен Қытайдың жүргізген діни, дипломатиялық байланыстары.
- ХІІІ ғасырда еуропа мен Юань империясы арасындағы сауда байланысын қарастыру.
- Еуропа мен Азия сауда байланыстарындағы қолөнердің рөлін ашып көрсету.
- ХІІІ ғасырдағы Үндістанның саяси жағдайына әртүрлі деректерді пайдалана отырып сипаттама беру.
- Марко Поло мәліметтері арқылы ХІІІ ғасырдағы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеу.
Жұмыстың зерттеудің хронологиялық шеңбері. Бұл жұмыста біз негізінен ХІІІ ғасырды, яғни монғол жаулап алушылықтары кезеңін қамтыдық. Өйткені ортағасыр тарихында ХІІІ ғасыр жалпы тарихта ерекше оран алады. Дәл осы ғасырда өзінің ең жоғарғы дамуына-феодалдық әлемнің төңірегінде қол жеткізерлік және оған мүмкін формада-әлемдік бірлестік идеясында өзінің көрінісін тапқан, орталыққа - ұмтылған күштер жетті. Бұл күштер ескі Дүниенің екі жағынан да көрінді-Азияда және Еуропада. Азияда бұл идеяның өмірге келуі, көшпелі тайпаларды бастаған Шынғысханның атымен байланысты болса, еуропада күресуші шіркеудің көсемі, папа Инокентий ІV есімімен байланыстырылады.
Жұмыстың тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Дамыған феодализм кезеңі Еуропа халықтарының өмірінің едеәуір ілгері басқандығымен сипатталады. Қалалар пайда болып ұлттық мемлекеттер қалыптаса бастады. Ұлттық мәдениет туып келе жатты. Бұл құбылыстар қоғамдық қатынстарды әлдеқайда күрделендіре түсті, мұның өзі зерттеу еңбектерінің сан жағынан өсуіне және олардың алуан-түрлі болуына жағдай жасады. Жалпы, ХІІІ ғасырдағы халықтар арасындағы байланыстар тарихшылардың назарын аударды. Қай халық болмасын басқа халықтармен қарым-қатынаста болып, бір-біріне ықпал әсерін тигізу арқылы бойын, алға басып отыратыны белгілі. Бұл турасында өз кезінде атақты шығыстанушы Бартольд В. В. былай деп атап көрсеткен еді: «Прогрестің басты факторы-халықтар арасындағы өзара тығыз қарым-қатынастың болуында екені қазір дәлелденіп отыр, халықтардың өркендеп, немесе кері кетуі олардың нәсіліне немесе оларды қоршаған табиғи ортаға да байланысыс емес, оның басты себебі-бұл халықтар өз тарихының әр түрлі кезеңінде халықтар арасындағы байланыс көпірін тұрғыза алды ма, жоқ па, міне осыған байланысты» /3., 28 б. /. Азия тарихы жөнінде, ең алғашқы көлемді зерттеу еңбектерін Майя М., д Оссон, картмер Э. Және тағы басқалары жазып бастаған. Олардың зерттеулері тек саяси тарихты қамтып қана қоймаған -//. ХІХ ғасырдың басында Франция, Англия, Германияда алғашқы шығыстану ғылыми қоғамдары пайда бола бастайды, осыған байланысты д Оссонның шығармалары қызығушылық тудырады. Өмірінің біраз бөлігін Еуропаның бірсыпыра қалаларында, соның ішінде Парижде елші болып өткізген швед дипломаты Абрахам Константин Мураджа д Оссон (1779-1851) Шығыспен өзінің әкесі Мураджа д Оссонның (1740-1807) арақасында шұғылдана бастайды. Оның әкесі Стамбулда туылып, Швецияда қызметте болған, 22 жылдық еңбегінен кейін Парижде осман империясы және жалпы мұсылман әлемі жөнінде үлкен еңбек жариялаған. Кең профильді тарихшы-шығыстанушы, Иран бойынша да жазған, Швецияның ғылым Академиясының және басқа да ғылыми қоғамдардың толық мүшесі д Оссон, 1824 жылы Парижде француз тілінде «Шыңғыс ханнан бастап Тимур-бекке немесе Тамерланға дейінгі монғолдардың тарихы» атты еңбекті шығарады. Көптеген деректердің ішінен ол тек негізгілерін ғана таңдап алып, оны пайдалана білген және өзінің назарын көбінесе саяси оқиғаларға бөлген. Бірақ өзінің бұл еңбегінде д Оссон, монғол жаулап алушыларының Батысқа жылжыған жорығын тоқтатуды неміс рыцарлық оркендердің алған рөлін арттырып жіберген. Ол бірінші болып кең көлемде Рашид ад-диннің «Жылнамалар жинағын» пайдаланған. Ал ең алғаш рет бұл құнды деректі д Оссонның замандасы, 1823 жылдан бастап Париждегі шығыс тілдер Мектебініің профессоры Этьен Марк Картмер (1782 - 1851) зерттеп, жариялаған. 1836 жылы ол «Джами ат-Таварих» материалдарына сын-ескертпелер мен француз тілінде текстер жазады. Бұл публикациялардың құныдылығы, Рашид ад -Диннің ескерткіштерімен бірге биографиясын да зерттеуге мүмкіндік беруінде. Сонымен қатар біз алып отырған кезең бойынша ауқымды еңбектердің бірі, неміс синологы, Мюнхен университенің профессоры болған Герберт Франкенің «Монғолдардың үстемдігі кезінде Қытайдағы ақша мен шаруашылық» атты монографиясы. Бұл еңбек әлеуметтік - экономикалық мәселелерге арналған. Негізінен Юань империасы кезіндегі Қытайдың экономикалық жағдайына анализ бере отырып және Қытай деректері мен материалдарына сүйене отырып, Құбылай ханның ақша ауласына, ақша реформаларына үлкен мән береді. Осы арада тағы бірқатар Батыс еуропа тарихшыларын атап кетуге болады: Синор Д., Шварц Г., Оппенгейм Л., Паркер Е., Юл В., Хеннинг Р., Харт Г. / 4- 14/.
ХІІІ ғасыр, соның ішінде Батыстың халықаралық қатынастары басқа да ғалымдардың назарында болған. Мәселен ағартушылық кезеңінде неміс ойшылы Гердер И. Г. Еуропа мен Азияның жағдайына тоқтала отырып, өкінішке орай еуропацентристік тұрғыдан әлем тарихына қараған. Бұл көзқарас кейінгі неміс тарихнамасына да өз әсерін тигізеді. Мәселен 1976 жылы шыққан еңбекте Тепфер Б. Мен Енгель Е. ХІІ - ХІV ғасырлардағы Германия мен Батыстың басқа шет елдермен байланыстарын қарастыра отырып, тек қана крест жорықтарына жалпылама тоқталған /5-16/. Шетелдік бұл ғалымдардың пікірін зерттеу жұмысымызда пайдаланғанымызбен, олардың пікірлерінің объективтік шындыққа сәйкес келмейтін жақтарын да ескердік. Бұл зерттеулердің барлығы дерлік Шығыс пен Батыс қатынастарының белгілі бір кезеңдеріне немесе арнаулы мәселеріне талдау, шолу жасаумен шектеледі.
Сонымен қатар, біз алып отырған дәуірде саяхатшы, дін таратушы монах, барлаушы болған Плано Карпинидің еңбегң көптеген тілдерге айдарылған. Француз тіліне ол ең алғашқы рет ХVІІ ғасырда, Пьер Бержеронның «Voyages faits principalement en Asie dans les ХII, ХІІІ, ХІV et ХV siecles» (Paris, 1634, екі рет жарық көрген 1723 және 1735 жылдары) атты еңбегінде аударылып, жарық көрген. Ал ағылшын тіліне аударманы ХVІ ғасырда «Principal Navigations» (1598 ж. ) саяхаттар жинағының авторы Хэклейт және «His Pilgrims» (1625 ж. ) еңбегінің авторы Перкис жасаған.
Осы арада ХІІІ - ХІХ ғасырлардағы еуропа саяхатшыларының еңбектеріне аударма және комментарий жасаған авторларды айтып кеткен жөн. Орыс тарихнамасына келетін болсақ, ең алғашқы аударманы француз тілінен Алексей Маленовский жасап, аударманың астына тек өзінің инициалдарын ғана қалдырған (алғашқы аудармасы 1795 жылы, екіншісі 1800 жылы шыққан) .
Бір ширек ғасырдан кейін орыс тіліне аударма Языков Д. И. жазған «татарларға саяхаты жинағының» бірінші томына кірген /6., 25/.
Языков Д. И. бұл еңбектің тек бірінші томын ғана шығарған, оған Плано Карпини мен Асцелиннің шығармаларын кіргізген. Ол бастаған еңбегінің мақсаты мен маңызын түсіне отырып, жұмысының алғашқы сөзінде былай дейді: «Монғолдарға саяхат біздің отан тарихымызға қажет» /6., 9 . /.
Латын тілінен ең жақсыаударманы Малеин А. И. береді. Бұл жоғарғы деңгейдегі латинист жасаған аударма қазіргі кезге дейін маңызын жоймаған. Осы арада ортағасырлық Шығысқа саяхаттың классикалық суреттемелерінің аудармашысы және комментаторы жөнінде қысқаша мәлімет беріп кету қызықты деп ойлаймыз.
Александр Иустинович Малеин (1869-1938) ірі ғалым, латинист және ортағасырлық латынданған әдебиеттің маманы болған. Петербургтегі тарих-филологиялық институты бітіріп, 30 жыл бойына сол жерде қызмет еткен. Оның магистрлық диссертациясы римдік ақын Марциалға, ал докторлық диссертациясы-ортағасырлық ағылшын эпископы Альдгельмнің шығармасына арналған еді. Жоғарыда айтып кеткен қызметімен бірге Малеин А. И. Санкт-Петербург университетінде дәрістер оқып, ғылым Академиясының Библиологиялық қоғамында қызу жұмыстар атқарған. Бертін келе Малеин А. И. Кеңес Одағына кіретін халықтардың тарихын зерттеп, Ресей арқылы жүрген шетел саяхатшыларының шығармаларына аударма жасап, комментарий жазған. Солардың қатарына қазіргі кезге дейін бірнеше рет жаңартып шығарылып жүрген Плано Карпинидің «Моңғолдар тарихы» және Рубруктың «Шығыс елдеріне саяхаты» жатады /7., 45/. Плано Карпинидің саяхаты тек мамандардың қызығушылығын тудырып қойған жоқ, оған көркем басылымдар мен мақалалар да арналды. Солардың ішінде Шервуд М. Жасаған «Қытайға барған жолдар» туралы кітабының аудармасы бар. /8., 23/.
Еуропалық саяхатшылардың материалдарына маңызды ескертулер Пелльо П., Бартольд В. В., Владимирцов Б. Я. еңбектерінде бар /9-10/. Плано Карпини мен Рубруктың мәліметтері, Ежелгі Русь, Хорезм, Дешті-Қыпшақ және осы саяхатшылар өткен басқа да жерлерді зерттеумен айналысқан тарихшылардың еңбектерінде кездеседі: Якубовский А. Ю., Толстов С. П., Артомонов М. Н. . Насонов А. Н. . Киселев С. В. /11-15/. Сонымен қатар Вернадский Г. В., Шмидт Я. И., Ковалевский М. М., Бичурин И. Я., Васильева В. П., Позднеева А. М., Майский И. М., Мясников В. С. /16-22/.
Зерттеу жұмысында кейбір мәселелер бойынша жауапты, орта ғасырлардағы қытайлық жүйеде сыртқы байланыстар бойынша мамандарынан Бокщанин А. А., Фишман О., Чигринский М. Ф., және т. б. алуға болады /23-25/. Сонымен қатар, авторы Малявин В. В. «Саяхаттар кітабын» айта кетуге болады. Бұл еңбекте зерттеу жұмысымызға тікелей қатысты деректер жиналған. Ол, «Әлемнің әркелкілігі жөнінде кітапты» (Книга о раннобразии мира) көрсете отырырп, Марко Поло «Ертегідей бай елдің феерикалық келбетін суреттейді, ал бұл өз алдына әркелкілілігі мен кереметтілігі арқылы бүкіл әлемді бағалауға және қадірлеуге үйретеді» - дейді /26-29/. Деректерді сараптаумен қатар, автор Шығыс пен батыстың танусуындағы тарихи процестер жөнінде айтып кетеді. Сонымен қатар зерттеген тұлғаларының биографиясына да көп көңіл бөлген. Автор соңында мынандай қорытындыға келеді: «Қытай жөнінде еуропалықтардың айтқандары бекер болған жоқ, бірақ Еуропа мен Қытай арасында ашық диалог орнаған жоқ» /26-30/.
Келесі еңбектердің біреуі Дубровскаяның Д. В. «Иезуиттердің Қытайға миссиясы» туралы кітабы. Бұл жұмыста императорлар ауласына еуропалық ықпалдың тарихы зерттеледі. /27/.
Жекелеген зерттеулерге келсек, Кычанов Е. И. «Очерк истории Тангутского государства», «Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир» еңбектерін атауға болады. /28/.
Котвич В. Л. «Образцы ассигнации Юаньской династии в Китае» еңбегінен монғол билеушілерінің қытайда жүргізген ақша саясаты, неліктен күміс, алтын монеталардың орнына қағаз ақшаларды көптеп шығарғандағы, оның жергілікті халықтың тұрмыс -тіршілігіне қаншалықты әсер етті деген мәселелердің төңірегінде жауап аламыз. /29/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz