Қазақ этнонимінің мәніне тарихи талдау


Мазмұны
Кіріспе- - - - -- -- - - - - - - - - - - - - - 3-10
1-тарау. «Қазақ» сөзінің мәнін түсіндірудегі әр түрлі пікірлерге талдау
1. 1. Діни және тарихи аңыздарға негізделген пікірлерді
талдау- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 11-17
1. 2. Лингвистикалық тұрғыда жасалған пікірлерге талдау. -18-29
1. 3. Тайпа атауларына байланысты туындаған пікірлерді
талдау- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 30-41
2-тарау. «Қазақ» этнонимінің мәніне талдау.
2. 1. Әлеуметтік мәнге талдау (8-13 ғ. ғ) - - - - - - - - - 42-49
2. 2. Әлеуметтік-саяси мәнін талдау (13-15 ғ. орт) - - - - - -50-60
2. 3. Саяси-этникалық мәні (15 ғ. орт) - - - - - - - - - -60-67
2. 4. Этникалық мәні (15 ғ. орт. -16ғ) - - - - - - - - - - - 68-78
Қорытынды- - - - - - - - - - - - -- - - - - - - 79-83
Пайдаланған әдебиеттер тізімі- - - - - - - - - - - -84-86
Кіріспе
Бүгінгі таңда еліміз Егемендік алып, тәуелсіздік тұғырына қол жеткізгелі бері қоғамымызда біршама сапалы түбегейлі өзгерістер болды. Идеологиялық үстемдіктен арылған тарих ғылымы Отан тарихының барлық мәселелерін зерттеуге еркіндік алды және тарихтағы күрделі өзгерістер әрбір қазақ азаматы алдына зор міндеттер қойып отыр. Солардың ең бастыларының бірі төл тарихымызды ақиқат деректер негізінде қайта жазу және қазақ атауының мәнін ғылыми тұрғыдан дәл түсіндіру болып табылады. Мемлекетіміздің кешегісі мен бүгінгісі арасындағы тарихи байланыстылық мәселелері тек тарихшы зерттеушілердің ғана емес, сонымен қатар жалпы оқырман қауымның, тіпті шетелдік ғалымдар мен азаматтардың да қызыға ынта қоюын туғызып отырғаны анық. Біздің негізгі көтерген тақырыбымыз «қазақ» сөзінің мәніне байланысты болғандықтан осы тақырыптың өзектілігін мынадан көреміз. Соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, атап айтқанда, қазақ сөзінің мәніне ден қою едәуір арта түсті. Бұл мәселе әлі күнге дейін Отандық тарих ғылымында әлі өз шешімін толық таппаған, қарама-қайшылықты тұжырымдарға толы, бірақ та міндетті түрде зерттеуді қажет ететін тақырыптардың біріне жатады.
Мәселе бір кезде Еуразия кеңістігінде қалыптасқан ұлан асыр дербес мемлекеттің пайда болуы, одан бергі жердегі отаршылдық заманында оның бұрмалануы туралы сөз етуде емес, сонымен қатар қазіргі әлем жұртшылығының назарын өзіне аударып отырған тәуелсіз қазақ мемлекетінің шығу тегін нақты деректермен дәлелдеуде жатыр.
Халық, ұлт аты саналатын «қазақ» сөзінің шығуы, пайда болуы, мән-мағынасы тұманды, қай-қашанда тарихнамада сан алуан жорамалдарды жарыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қоюы қиын күрделі мәселе. Тарихшы, әдебиетші, тілші және басқа да мамандық иелері тарапынан әркез айтылған пікір-болжамдар саны қыруар көп-ақ. Көпшілік тарапынан мәселеге мұндай жіті назар аударылуы -өркениеттіліктің талабы. Немесе бір ұлттың атауы болған «қазақ» сөзінің шығу тегін һәм пайда болуын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын, халықтың қалыптасу процесін білуге, түсінуге тигізер септігі мол. Бұның өзі халықтың құрылуы мен оның атауы (этнонимі) арасындағы уақыт алшақтығы я ілгерінді-кейінді болуы, немесе бір кезеңде орын алды ма деген сауалға жауап берері сөзсіз. Сондықтан зерттеу жұмысымның барысында «қазақ» сөзі қашан пайда болды, алғашқы күндерден этникалық мәнге айналды ма деген мәселелерге, Кеңес дәуірі тұсында қалам тартқан зерттеушілердің еңбектеріне тарихнамалық талдау жасауға, жүйелеуге талпыныс жасалады.
Біз жалпыға ортақ «қазақ» этнонимінің мәселесіне сүйене отырып, оны өзіміздің басқалардан өзгешелейтін ерекшелігімізге сай және өзімізден басқа ұлт өкілдерін, олардың төл тума ерекшеліктерін құрметтей, сыйлай отырып, өз түсінігімізді қалыптастырсақ. Сондықтан да өз туындыларында «қазақ» этнонимі мәселесіне тоқталып, осы құбылыстың сырына үңілген авторлар еңбектерін саралап шығу, бүгінгі ғылыми білім деңгейіне сай бүгінгі талаптарды қанағаттандыратын ең Зерттеу жұмысының деректік көзі.
« Қазақ» сөзіне байланысты біршама жазбаша деректер бар. Бірақ олардың бәрін бірдей осы сөздің дәл өзі деу қиын, әйтсе де бізге дейінгі мамандардың көпшілігі осылай деп отырғандықтан, ең алдымен, солардың пікірлеріне тоқталсақ.
Бұл сөзге өз түсінігін берген- «Тарих-и-Рашиди» («Хақ жолындағылар тарихы» ) еңбегінің авторы- М. Х. Дулати болды [ 1; 107-108 ] . Ол былай деп жазды: «Ол күндері Әбілхайыр хан дүйім Дешті Қыпшақты билеп тұрған еді. Ол Жошы әулетінің сұлтандарына тыныштық бермегендіктен Жәнібек хан және Керей хан одан бөлініп, Моғолстанға барады. Есенбұға хан оларды жылы қабылдап, елінің батысы Шу бойындағы Қозыбасын береді. Олар мұнда жайбарақат тұрғанда Әбілхайыр хан өліп, ел арасынан үлкен жік шығып, халқының көпшілігі Жәнібек пен Керейге қарай бет бұрады. Жәнібек пен Керей қауымының саны екі жүз мыңға жетіп, олар осы тұстан бастап «өзбек-қазақ» атана бастады», - дейді. Бұл тұжырымды орыс және кейбір қазақ тарихшылары сол күйінде өзгеріссіз қабылдап «қазақ» атауы «қашақ», «қазақлықтан» шықты делінетін формула пайда болды.
Мен тарихшы ретінде М. Х. Дулати еңбегінің тарихи деректемелік және информациялық құндылығын жоққа шығарғым келмейді. Бірақ «Рашидтер тарихын» қазақ тарихының жалғыз арман мұраты деп тануға негіз жоқ. Біріншіден, ол басынан аяғына дейін Моғолстанды сақтап қалу үшін күрескен моғолдық билеуші тобының өкілі. Ал қазақ хандығының құрылуы, оның нығаюы моғолстандықтар және шайбаниліктер әулетінің саяси аренадан кетуіне елеулі ықпал еткен күш. Екіншіден, М. Х. Дулати аталмыш еңбегін қазақ хандығы қайта шаңырақ көтергеннен жүз жылға жуық уақыт өткен соң жазған. Үшіншіден, М. Х. Дулати еңбегі қазақ тарихын жүйелі түрде жазуға арналмаған. Ол қазақ тарихының бірер эпизодтарын тек сөз арасында берген.
«Қазақ» сөзіне тағы да өз пікірін қосқан Махмұд бин Уали. Ол өзінің парсы тілінде жазған «Бахр әл-асрар фи манакиб әл- Ахйар» [2; 353-363] деген еңбегінде «қазақтар уақытын қалмақ пен қырғыздарға шабуылдаумен, оларды тонаумен өткізеді» деген. Сондықтан осы атаққа ие болғанға саяды. Бірақ автор оларды тура «тонаушы», «қарақшы» дей алмағанмен соған жуықтатады. Автор феодализм кезіндегі «соғыс демократия» дәстүрін есінен шығарған. Оның дәстүрі бойынша соғыс кезінде емес, тіпті бейбіт жағдайда жауын немесе өз халқынан басқа халықты барымталау, әсіресе бөгде діндегі кәпірлерді тонап, мал-мүлкін олжалау ерлік, ептілік, мақтанарлық іс болған. Өйткені әкелінген олжа жарлы- жақыбайларға бөлініп берілген. Ондай дәстүр орыстарда да болған, олар тіпті мұны «богоугодное» деп, яғни «құдайға да ұнамды іс» санаған. Сондықтан халық арасында жауы түгілі көрші елдерді тонау жеккөрініш эмоциясын туғызбаған және ондай ат тағылса да, ұзаққа бармайтын, өйткені ол «қазақ» сөзінен туындамаған автордың жеке басының сезімінен туып, оның еңбегінде ғана қалған.
Ш. Құдайбердиев: «Сол кезде әбілхайыр деген хан қазан ханына да, Қырымдағы ханға да қарамай өз алдына Жошы ұлысының күншығыс жағын 1552 жылдан 1555 жылға дейін билеп тұрды. Сол кезде әр рудан қосылған қырғыз-қазақ деген ел бар еді. Мағынасы «өз еркімен өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деген сөз», -деп түсіндіреді. 1552 жылдан кейін Әбілхайыр ханның елін Ойраттың Өзтемір Тайшы шауып кетеді. Әбілхайырдың бұл бақытсыздығының үстіне қол астынан қырғыз, қазақ және тағы басқа да бірталай елін алып, Әбілхайырға өкпелеп Жәнібек пен Керей Шудағы Шағатай нәсілінің ханына барады» [3; 21-23], -деген пікірін айтады. Ал Қ. Халид «Тауарих Хамса» («Бес тарих») деп аталатын еңбегінде «қазақ» сөзіне байланысты алты түрлі нұсқаны ұсынады [4; 40-45] .
Византияның императоры Константин Порфирородный өз жазбаларында Кубаннан шығысқа қарай мекендеген елді «Қазақия» деп аталғандығын жазады [5; 20-21] . Ол кезде (Х ғасырда) Кубанның шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол тайпалардың бірі қыпшақ елі тұрғандығы тарихқа әйгілі. Егер қыпшақтар өздерін «қазақ» деп атамаған болса Константин Порфирородный оны қалай ойлап тапсын. Ал ол кезде орыс пен украйн казачествосының аты да, заты да жоқ еді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
«Қазақ» атауын зерттеу күрделі, сан қырлы құбылыс болғандықтан, қоғам өмірінің бар саласымен ықпалдасатындықтан ол тарихшылардың, философтардың, саясаттанушылардың, филологтардың, әлеуметтанушылардың зерттеуінің негізгі нысаны. Мәселені қарастыруда бір жақтылыққа ұрынбау үшін оларды өзара байланыста қарағанымыз абзал. Қ. Т. Жұмағұлов айтқандай: «мәліметтерді сыни електен өткізбей, жеткілікті пайдаланбай, сондай-ақ өзге деректермен салыстыруға болмайды. Деректердің бірін-бірі толықтырып отыратын мәліметтерді қатар пайдалану тәсілімен бірге пән аралық бағыттарда кеңінен пайдалануы керек» [6; 80-85] .
Бұл тақырып түрлі тарихи кезеңде де өз мәнін жоғалтпаған. Ол ежелгі түркі-монғол дәуірінен дәл қазіргі күнге дейін қоғамдық әлеуметтік ғылымдар саласының күн тәртібінен түспей келеді. Сондықтан мәселені талқылау барысында, тақырыпты зерттеу барысында әр тарихи дәуір өкілдерінің өз кезеңіне сай ерекшелігін ескергеніміз абзал.
Қандай да бір этнос, ұлт туралы сөз болғанда оның ат-атауына тоқталмай өту мүмкін емес. «Қазақ» сөзінің мәнін айқындау халқымыздың тарихын зерттеудің аса қажетті де күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның қажеттілігі қазақ ұлтының өткені мен келешегіне тікелей байланысты болса, күрделілігі аталмыш мәселе төңірегінде көп жазылып шиырланып, шытырманға айналып кеткендігінде.
Кейінгі кезде бұл тақырыпқа байланысты жарыққа шығып жүрген қоғамдық ғылым өкілдері, зерттеушілердің біршама еңбектері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ зиялы қауым өкілдерінің арасында бұл тақырыпқа байланысты жарыққа шығып жүрген қоғамдық ғылым өкілдерінің, зерттеушілердің біршама еңбектері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ зиялы қауым өкілдерінің арасында бұл тақырыпқа байланысты түсінбеушіліктер, келіспеушіліктер кездеседі. Себебі, біреуі «қазақ» сөзіне дұрыс көзқарастағы мағынаны айтса, енді біреулері әлі де болса бұрынғы кеңестік дәуірдегі қағйданың тар аясынан шыға алмайды. Әлемдік тарихта өз орны бар ойшылдардың «қазақ» этнонимі мәселесіне байланысты еңбектеріне сүйену, оны өз ойыңа арқау ету дұрыс та, бірақ оны пайдаланар алдында оның да бір ұлт өкілі екенін, өз еңбегін өз ұлттық ерекшелігіне, өз ұлттық ойлау жүйесіне сай жазғандығын ескергеніміз жөн.
«Қазақ» сөзінің хат бетіне түскенінен бері дегенде сегіз ғасыр, оның этноним (халық аты) болғанына бес-алты ғасыр, ал мағынасы мен түбірі зерттеле бастағанына екі ғасыр болды. Осы мәселені шешуге сексенге тарта ғалымдар атсалысса да, сөздің дәл түбірі әлі табылған жоқ. Оған басты себеп-этнонимнің шығу тегін халқымыздың бір этносқа бірігу тарихымен ұштастыра зерттелмегендігінде.
Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде «қазақ» сөзіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кездерде айтылған көзқарастарға негізделген.
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт «қазақ» сөзінің шығуын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда «қазақ» сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді тегінде әзірше ешкім айта алған жоқ.
Тарихшыларымыздың, ғалымдарымыздың «қазақ» сөзінің әу бастағы түп-төркіні мағынасын шаршамай талмай ұзақ жылдар сарыла іздеуінің сыры, міне, осында.
«Қазақ» сөзі туралы тікелей және жол-жөнекей қалам тартқан авторлардың ішінен тек біздің зерттеу нысанамызға іліккендердің өзі біршама. Олардың қатарында П. Бутков [7; 13. 12], В. В. Вельяминов-Зернов [8; 144-145], К. Ибрагимов [9; 68-69], Н. М. Карамзин [10; 376-377], С. Г. Кляшторный [11; 250-253], А. Левшин [12; 140-141], А. Н. Самойлович [13; 13-16], А. Н. Чулошников [14; 56-58] тағы басқа да авторлардың еңбектерін келтіруге болады.
Өз ұлтымыздың өкілдері ішінен Ш. Уалиханов [15; 207-208], М. Ақынжанов [16; 8-12], Ә. Марғұлан [17; 142-143], М. Тынышбаев [18; 111-113], Н. Мыңжан [19; 19-20], Б. И. Көмеков [20; 16. 7] тағы басқаларды да атауға болады. Сонымен сөз болып отырған мәселе төңірегінде ұшан-теңіз еңбек жазылған, бірақ біздің пікірімізше мәселе түйіні әлі де шешіле қойған жоқ. Әрине мен де бұл жолы шытырманды айырып беремін деп кесіп айта алмаймын, бірақ шығыс, әсіресе, қытай, монғол деректеріндегі жаңа мүмкіндіктерге сүйене отырып, «қазақ» сөзінің тегіне тарихи-этнологиялық және семантикалық /мән-мағыналық/ жаңаша бір сүрлеумен іздеу салып көрмекпін.
«Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн бұл әдістемелік тәсіл зерттеушілік пратиканың көрсетіп отырғанындай салыстыратын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де болса көп жеткіліксіз. «Қазақ» сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардың этникалық байланыстарының тереңдігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді.
1822 жылы академик П. Бутков түрліше өзара байланыстары жоқ мағыналарды айта келіп, «жалаңаш», «кедей», «шекара сақшысы» [7; 13. 12] дегендерге тоқталады. Бұл ешқандай ғылыми негізі жоқ болжам. Орыс казактарының мемлекет шекарасындағы әскери қызметінің көрінісі ғана.
1832 жылы А. Левшиннің бұл мәселеге қосқан үлесі оның дұрыс тұлғасы қазақ болуы керек деуі [12; 140-141] . Ал оның «қазақ» сөзі 10 ғасырда этноним болды деуі дәлелденбеді.
Сондай-ақ «қазақ» сөзінің ерте кездерден термин ретінде жұмсалғанын Ш. Уалиханов пен В. В. Вельяминов-Зернов еңбектерінен білеміз. Ш. Уалиханов жазбасы бойынша қазақ Жошы ұлысы құлаған соң ғана 14 ғасырда пайда болған [15; 207-208] . Бұл термин 15 ғасырда Волга бойындағы түркі халықтарында және Россияда орыс тарихи деректерінде кеңінен қолданылғанын В. В. Вельяминов-Зернов былай деп көрсетеді: «Данияр земли Мещерской участвовал в походе со своими царевичами, князьями и казахами» [8; 145] . Сол кездегі қыпшақтар мен ноғайлар, түркі тайпаларының кейбіреулерінің де қазақ аталғанын осы еңбектен анық оқи аламыз. Бұл екі ғалымда ол кездерде «қазақ» әскери термин ретінде қолданылып, «ер жүрек», «батыл» деген мәнді білдіргенін баяндаған. Сонда 14-15 ғасырларда «қазақ» сөзінің тек әскери мәнде қолданылғаны, әлеуметтік, қоғамдық терминге ие болғаны байқалады.
Бұл сөздің тарихи мәнін жарқын ашқан А. А. Семенов [21; 15] пен Г. И. Рамстедт [22; 69-70] болды. А. А. Семеновтың айтуы бойынша ескі дәуірлерде ғұн мен қыпшақтар қолданған күймелі арбаны қазақтар да ерекше пайдаланған, бірақ бері кезде ұмытып кеткен. Ол күймелі арба монғол тілінде «қасағ-терген». Г. И. Рамстедт: «Қазақ» сөзінің түбірі «қаз», «қас» негізінен шығуы анық. Монғол тілінде сақталған «қасағ-терген»- «алыптардың күймесі»-соның бір дәлелі дейді.
«Қазақ» сөзінің мәні туралы мәселені шешкен кезде А. Н. Бернштам «қазақ» сөзі жайындағы зерттеушілердің пайымдауларын талдай келіп, «қазақ» сөзінің мән-мағынасын екі дәуірге бөліп қарайды. Яғни «қазақ» деген сөз ежелгі замандағы каспи және сақ тайпасының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің қазіргі мағынасы (еркін адамдар тағы басқалар) кейін шыққан ұғым» [23; 60-67], - деп тұжырымдайды.
Белгілі турколог А. Н. Самойлович пікіріне қарағанда «қазақ» сөзі қандай болған күйде де түріктер арасында 11 ғасырдан ерте пайда болмаған дейді. Ол жаңа кеңестік саясатқа икемделді ме бұрынғысынан гөрі жағымдылау түсінік берді. Ол: «өз халқынан, немесе әлеуметтік ортасынан бөлініп, шет жерде, не елсіз жерде жиһан кезген ғажайып құмар адамдар» [13; 13-16], -дейді. Бұл кейін халық атына ауысқанға саяды.
А. Н. Чулошников [14; 56-58] «15 ғасырдан бұрын өзіндік қазақ топтары болды деп жар салудан еш нәтиже шықпайды» . . . Егер қазақтар 10-11 ғасырлардан бері қазақ халқын құрап келе жатқаны рас болса ол тек кездейсоқтықтан деп әсіре менмендікке салынды. Мұндай кесім-пішім қазақ сөзін тарихты басқаша қырынан қарастыруға ұмтылғандардың жолын кес-кестеп тығырыққа тірей берді. Қазақтың тегін тектеуде жан-жақты ғылыми ізденістерге барған атақты М. Тынышпаев [18; 111-113] ағамыздың өзі ақыры «қазақ» сөзінің мән-мағынасын іздеу деген орыс, араб, француз, ағылшын этнонимінің тегін тектейміз деп сандалған әрекет сияқты бос әурешілік екен деп тауы шағылған тұстары бар.
С. К. Ибрагимовтың осы мәселеге байланысты «Еще раз о термине «казах» деген мақаласында автор терминнің Шығыс Дешті Қыпшақта, Орта Азияда немесе түркі тайпалары жойылған аумақтың барлығында пайда болғандығын айта келіп, «қазақ» сөзінің мынадай эволюциялық жолын береді: «13-15 ғасырларда әлеуметтік, 15 ғасырдың аяғынан «өзбек» терминіне қарсы саяси мәнге ие болды, . . . 16 ғасырдың басында этнткалық мазмұнға айналды» [9; 69], -деп қорытындылайды. Әлбетте, зерттеушінің ойынан «қазақ» сөзі 13 ғасырда тарих сахнасына шыққанын және одан кейінгі эволюциясында дұрыс түсіндірме жасағанын байқаймыз. С. К. Ибрагимовтың «қазақ» сөзіне қатысты айтқан тұжырымы зерттеушілер тарапынан да зор қызығушылық тудырды.
Қазақстанның жаңаша бес томдық тарихының екінші томының авторлары жоғарыдағы тарихнамалық материалдарды талдай келіп, «9-10 ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақтың құрамында «қазақ» атауымен әлеуметтік, ал 11-12 ғасырларда этнткалық-әлеуметтік топтардың болғаны жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік бар»-деген қорытынды жасаған болатын. Бұл тарихи таным тұрғысынан ақиқатқа бірден-бір жақын қорытынды. Бірақ авторлар «қазақ» этнонимін талдауға келгенде бұрынғы үйреншікті ұғымнан шыға алмаған. «Қазақ» сөзі, - дейді олар тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылды. Әрине бұл «қазақ» этнонимикасын іздестіру жолындағы ең оңай және төте шешім. Авторлар бұл жолы «қазақ» атауын «еріктілер» деп сәл сыпайырақ атағаны болмаса, атаудың түп төркінін баяғы «кезбелік», «қазақылықтан» / «казачество»/ сабақтап шығарып отыр [24; 303-308] .
Зерттеу жұмысының мақсаты
« Қазақ» сөзінің мәні мен мазмұнын, шығу тегін түп деректер мен зерттеулер негізінде ғылыми тұрғыдан талдау.
Міндеті: Зерттеу жұмысының мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін туындатады.
- «қазақ» сөзіне байланысты әр түрлі пікірлерге шолу жасау;
- лингвистикалық тұрғыдан зерттелуіне талдау жасау;
- діни және мифтік аңыздарға негізделген пікірлерді талдау;
- тайпа атауына байланысты туындаған көзқарастарға талдау;
- әлеуметтік мәнге талдау жасау; (ҮІІІ-ХІІІ ғасыр) .
- әлеуметтік-саяси мәнін талдау; (ХІІІ-ХҮ ғасыр) .
- саяси этникалық мәнін талдау; (ХҮ ғасырдың орт) .
- этникалық мәнін талдау ( ХҮ ғасырдың орт. -ХҮІ ғасыр) .
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.
Түркі-монғол дәуірінен 15 ғасырдың ортасы мен 16 ғасырға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Методологиялық негізі мен әдістері.
«Қазақ» сөзінің көп ғасырлық тарихын зерттеуде тарихилық ұстанымдар тұрғысынан қарастырдым. Ғылыми зерттеу жұмыстарының жүйелілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау әдістерін қолдандым. Аталған жұмысымды жазу барысында Отандық тарих ғылымындағы соңғы жылдарда жарыққа шыққан зерттушілердің еңбектерін басшылыққа ала отырып, олардың теориялық методологиялық әдістерін негізге алдық.
Зерттеу жұмысының нысаны . «Қазақ» этнонимінің мәніне тарихи талдау қарастырылады.
Зерттеу жұмысының пәні. «Қазақ» этнонимінің мәнінің әлеуметтік, әлеуметтік-саяси, этникалық, саяси-этникалық мәндері зерттелді.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы.
Ортағасырлық Қазақстан тарихын оқу барысында жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін дәрістік және арнаулы семинар сағаттары кездерінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы Диссертацияның ғылыми жаңалығы- мәселенің кешенді түрде зертелуінде. «Қазақ» сөзінің тек мәнін ғана көрсетіп қоймай, әлі де болса сыры ашылмай, тереңде жатқан сөздің нақты формаларын ұсынып, оны терең қарастыру.
- тайпа атауындағы деректерге талдау жасап, өз тұжырымын ұсынған;
- тілдік тұрғысындағы зерттеулерге анықтама берген;
- аңыз және діни тұрғысындағы деректерге терең талдау жасалған;
- «Қазақ» сөзінің әлеуметтік саяси - әлеуметтік мағыналарын талдай келіп, оларға өз көзқарасын білдірген;
- этникалық мәндерін жаңа тың деректермен толықтырып, өз ой-тұжырымын шығарады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz