Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу


Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу.

Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу - жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұнын жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

Сонымен бірге жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер еңгізді. Мысалы, В. В. Петровтың пікірі бойынша экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда «кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі экологиялық сақтауын тексеру».

Профессор Н. Б. Мухитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелу туралы ойға тап боламыз. «Мемлекет - деп есептейді ол - табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұнын қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамассыз ету үшін қанлшалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады».

Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. Бақылау нысаның анықтау.
  2. Белгіленген нысанды зерттеу.
  3. Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру.
  4. Зерттеу жұмысын жоспарлау.
  5. Бақылау нысаның жағдайына баға беру және оны ақпараттық модельмен салыстыру.
  6. Бақылау нысаның жағдайының өзгеруін болжау.
  7. Қодануға ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға жеткізу.

Экологиялық бақылау жүргізудің мақсаттары:

1. Табиғатты қорғау қызметі және экологиялық қауіпсіздік жүйелерін нақты жаңа заман талабына сай ақпаратпен қамтамассыз ету.

2. Адам өмір сүретін ортаның жағдайын және экологиялық жүйенің функционалдық, бүтіндік көрсеткіштеріне баға беріп тексеру.

3. Осы көрсеткіштің өзгеру себептерін анықтау және бұл өзгерістердің әсерін бағалау, сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында іс-шараарды анықтау.

Осы мақсатқа негізделе отырып жұмыс барысын іске асырыады. Экологиялық бақылау жүргізудің ерекшеліктері бірі болып бақылаудың соңғы қорытындысы саналады.

Осы үш мақсатар мынадай үш көрсеткішке бағытталады.

* бақылау *диагностика *алдың алу.

Экологиялық бақылау жүргізудің негізгі міндеттері:

  1. Антропогенді әсер ететін көздерге бақылау жүргізу ( өнеркәсіп, кәсіпорындар, құрылыс орындар т. б) .
  2. Қоршаған ортаның жағдайына осы антропогенді әсер ететін факторлардың салдарынан болып жатқан немесеоның сапасына бақылау жүргізу.
  3. Қоршаған ортаның жағдайына салыстырмалы түрде баға беріп, болжау жасау.
  4. Бақыланған ортаға нақты түрде ақпаратпен қамту.

Экологиялық бақылау жүргізу іс- шараларға бағытталған.

Іс-шаралар негізінде мынадай обьектілер қамтылады:

  • Атмосфералық ауаны ластаушы көздер.
  • Су бағытын ластаушы көздер.
  • Техногенді территорияларды ластаушы көздер.
  • Жоғарғы улы қалдықтар.
  • Тұрмыстық қатты қалдықтар.
  • Табиғи және жасанды ядролық жасанды аномалия көздері.

Қазіргі кезде Қазақстанда экологиялық жағдайдыжақсарту мақсатында мынадай экологиялық бақылау жүргізу негізге алынып қадағалануда.

  • Мұнай өндіру қызметінде, яғни қоршаған ортаның мұнаймен ластануы.
  • Магистральді су жүйелерінің - Ертіс, Үлбі, Сырдария, Нұраның ластануы.
  • Ірі өндірісорталықтарының - Өскемен, Риддер, Глубокий, т. б. қоршаған ортаға тигізер әсерін.
  • Аудан бойынша радиактивті газ радон көп бөлінетін аумақтар.
  • Семей аймақтарымен т. б. жарылыс болған жердегі радионуклейттермен ластанған аумақтар.
  • Қазақстанның оңтүстік аумағындағы жер асты сулардың радионуклейтінің табиғи ластануын бақылауға алуда.
  • Қазақстанның оңтүстігі мен батыс және солтүстігі бөлігінің ауыл шаруашылығыда пестициттермен қоршаған ортаны ластауы.
  • Республикамыздың оңтүстік бөлігі шөлдену және көп жерлердің деградацияға ұшырауы.
  • Облыс бойынша экологиялық бақылау жасау арқылы адамдардың ауруға шалдығуы және ауру түрлерін көрсету барысында карта схема түрінде мәлімдеу.

Экологиялық бақылаудың өзінің түрлері мен нысандары болады:

Қолданыстағы заңға сәйкес экологиялык бақылау мыналарға бөлінеді:

  1. мемлекеттік бақылау;
  2. ведомствалық бақылау;
  3. өндірістік бақылау;
  4. қоғамдық бақылау;

Мемлекеттік бақылау арнайы уәкілетті органдардың қызметі болып табылады, ол қандайда бір ведомствалық мүделерге тәуелді болмайды және белгілі бір заңдылыққа ие болады. Оны жүзеге асыру Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі. Экологиялық бақылаудың обьектілері ретінде мыналар қарастырылады: шаруашылық және өзгеде қызметтің ықпалымен қоршаған ортаның және оның жекелеген обьектілері өзгерулерінің жай-күйі мен деңгейі; экологиялық заңды сақтау; табиғат қорғау шараларын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманның нұсқамаларын орындау жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі; қоршаған ортаны қорғау, арнайы табиғат пайдалауға жасалған шарттарда (келісім шарттарда), лицензияларда көзделген шарттарды орындау.

Обьектілерге байланысты экологиялық бақылаудың нысандарын ажыратады; барлық қоршаған ортаны қамтитын тығыз ұштасқан бақылау, обьектілер тобы мен кешендерді қорғаумен байланысты кешенді бақылау; табиғаттың жекелеген обьектілерін қорғауға бағытталған жіктеп саралап бақылау.

Сондай-ақ экологиялық бақылаудың. заңда баянды етілген хабарламалық, алдын ала ескерту, ағымдағы, жазалау нысандары болып ажыртылады. Хабарламалық, бақылау алдын ала ескерту не жазалау шараларын қабылдау максатында оны тиісті органдарға беру үшін қажетті экологиялық хабарламаны жинаудан және жинақтаудан керінеді. Алдын ала ескерту жэне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру кезінде ықтимал зиянды зардаптарды болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабыданады, олар экологиялық, заңды бұзу, табиғат қорғау шараларын орындамау салдарынан туындауы мүмкін.

Қоршаған ортаға зиян келтіруге, экологиялық, заңды бұзуға кінәлі адамдарға мемлекетік мәжбүрлеу шараларын колдану бакьлаудың жазалау нысаныньң мазмұны немесе экологиялық, бакылаудың, дербес ұйымдык-құқықтық нысаны болып табылады.

Бакылаудың барлық аталған нысандары өзара тығыз байланысты болады және бірін-бірі өзара толықтырады. Хабарламалық, және ағымдағы бақылаудан өзгеше бақылаудан, жазалау нысаның тек арнайы уәкілетті мемлекетік органдар жүзеге асырады.

Экологиялық бақылау сипаттамасындағы елеулі элемент оньң әдісі болып табылады.

Экологиялық, бақылау әдістерінің ұғымы заң әдебиетінде қабылданған қоғамдьқ, қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдерінің аньқтамасына сай келеді. Әдістердің көмегімен праттикада тиісті бақылаушы инспекциялардың кызметін іске асыру жузеге асырылады. Экологиялық бақылаудың әдістерне мыналарды жатқызу керек:

- коршаған ортаньң және жекелеген табиғат объектілерінің сапалық, жай-күйін байкау;

- экологиялық, және санитарлық, органдардың нұскамаларын орындауды тексеру;

- экологиялық, заңньң нормалары мен талаптарын сактауды тексеру;

- экологиялық, жағынан зиянды өндірістерді шектеу, тоқтата тұру, тоқтату;

- кінәлі адамдарды жауапқа, тарту.

Ведомстволық, және өндірістік экологиялық, бақылауды жүзеге асыру коршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамассыз етудің елеулі шарты болып табылады сонымен бірге, сөз жоқ, бұл мәселе жеке зерделеудің нысаны болып табылады.

Қазіргі министрліктер, акционерлік қоғамдар, жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар табиғи ресурстарды пайдалануды бақылауды өздерістерінің өкілеттіктері шегінде жүзеге асыруға міндетті.

Ведомстволық, және өндірістік экологиялық, бақылаудьң нысындары мен әдістерінің ауқымы мемлекетік ведомствонлық үстінен жасалатын бақылауға қарағанда елеулі түрде "тар". Ведомстволық және ендірістік экологиялық бақышауды жүзеге асырудың міндеттері мен мақсаттарын да мемлекет анықтайды. Атап айтқанда арнайы уәклетті мемлекетік орган ведомстволық және өрдірістік экологиялық бақылауды қандай өлшемдермен, қандай тәсілдермен және эдістермен жүзеге асыратын болады, ведомстволық және әдістермен кызметтердің есеп берулері нысаны қандай болуға тиіс.

Ведомстволық бақылаудьң айрықша белгісі оньң қолданылуы саласы ведомствоға қарасты объектілерге ғана қолданылатындығында, нұскаулары лауазымды адамдар мен уәклетті объектлердің қызметкерлерінің атқаруы үшін міндетті болатындығында деу керек.

Өндірістік экологиялық бақылау жеке өндірістің немесе кәсіпорының шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді өзінің міндеті етіп алға кояды. Бақылаудың бұл түрі, егер кәсіпорынның қызметі қоршаған ортаға және оның жекелеген компоненттеріне зиянды ықпал еткен жағдайда жүргізіледі. Өндірістік экологиялық бақылаудьң құқықтық негізгі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы (78-бап), сондай- ақ шаруашылық жугізуші субъектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құқықтық актілері болып табылады. Оларға Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы "Мемлекетік кәсіпорын туралы", 1995 жьлғы 5 қазандағы "Өндірістік кооператив туралы", 1995 жылғы 2 мамырдағы "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Жарлықтарын жатқызу керек. Оларды жалпы ереже - кәсіпорынның негізгі мақсаттары мен міндеттері, құқықтары мен міндеттері олардың жарғыларында анықталады, демек, өндірістік' бақылау органдарының өкілеттілігі, міндеттері кәсшорынның жарғысында анықталады.

Қоғамдық бақылау экологиялық бақылау түрлерінің жүйесін аяктайды. Мемлекетік бақылаудан өзгеше, оның міндетті күші болмайды. Оның қорытындысының ұсынымдық сипаты болады, бірақ мемлекеттік органдар қоғамдық-экологиялық ұйымдардың қызметіне кұлақ асуға міндетті.

Жүзеге асырудың құқықтық негізі ҚР Конституциясының 38 бабы, ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 79-бабы, сондай-ақ ҚР-ның "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңының нормалары, белгілі бір ұйымның жарғылары, ережелері болып табылады.

Қоғамдық бақылау жұртшылықтың табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ісіне қатысуы нысандарының бірі болып табылады. Оның мақсаты - мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қоршаған ортаға және оның жеке объектілеріне зиянды ықпалдарының алдын алу мен анықтауға жәрдемдесу.

Мемлекеттік экологиялық инспектордың құқықтық мәртебесі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77-бабында баянды етілген. Оған сәйкес олардың мынадай:

- ұйымдар мен басқа да объектілерге кедергісіз баруға;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ережелері
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы ақпарат
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдық-қүқықтық нысандары
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг жайлы жалпы түсінік
МЭЭ қорытындысының талаптарын орындауға мемлекеттік экологиялық бақылау
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi 160-I Заңы
Нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz