Ащысай кен орны


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Ключевые слова: Гидромониторные долота,

гидромониторрый эффект,

профиль, конструкция,

градиент давления,

насыщения.

В дипломном проекте рассматриваются вопросы проводки эксплуатационной скважины глубиной 1250м в сложных геологических условиях роторным способом на нефтегазовым месторождении Ащысай.

В его недрах встречаются нефть и газ с разными физико-химическими свойствами. В проекте выбраны спооб бурения, оптимальные типы долот, а также вид и параметры промывочной жидкости с учетом особенности геологических условий месторождения.

В проекте также рассматриваются меропрития по улучшению условий труда и охраны окружающей среды.

АҢДАТПА

Өзекті сөздер: Гидромониторлық қашаулар,

,

Профиль, құрылма, қысым градиенті, қанығу қысымы.

Дипломдық жобада Ащысай кен орнында 1250м пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілмен бұрғылау мәселесі қаралады.

Оның қойнауында қасиеттері жағынан әртүрлі мұнай және газ кездеседі. Жобада, бұрғылау тәсілі, қашаудың оптимальдық түрі мен бұрғылау тәртібі, сондай-ақ бұрғылау ерітіндісі параметрлері мен түрі кен орнының ерекше геологиялық жағдайына сай таңдалынып алынған.

Жобада сондай-ақ еңбек жағдайын жақсарту жолдары және қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Геологиялық бөлім

1. 1Геологиялық және экономикалық жағдайлар

1. 2Ауданның геология - геофизикалық зерттелу тарихы

1. 3Стратиграфия

1. 4Тектоника

1. 5Мұнай газдылығы және оның перспективасы

1. 6Сулылығы

1. 7Ұңғыманы қазу кезінде кездесуі мүмкін қиындықтар аймақтары

1. 8Керн алу аралықтары

1. 9Перспективалы қабаттары ашу және сынау

1. 9. 1Қабаттарды сынаудың тәсілдері мен аралықтары

1. 9. 2Өнімді қабатты ашу

1. 10Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер

2 Техникалық және технологиялық бөлім

2. 1Бұрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу

2. 2Ұңғыма құрылмасын жобалау және дәлелдеу

2. 3Бұрғылау қондырғысын таңдау

2. 4Бұрғылау тәртібінің параметрлерін жобалау

2. 4. 1Бұрғылау тәсілдеріне байланысты, әр тереңдік аралықтары үшін жуу сұйығының шығынын жобалау

2. 4. 2Қашауға өстік салмақ пен және оның айналу жиілігін жобалау

2. 5Ұңғымаларды бекіту

2. 5. 1Шегендеуші құбырлар тізбектерін жобалау және оларды беріктікке есептеу

2. 5. 2Аралық және пайдалану құбырлар тізбегінің төменгі құрылмалары

2. 5. 3Шегендеуші құбырлар тізбегін түсіруге дайындық жұмыстары және оларды түсіру

2. 6Ұңғымаларды игеру

2. 6. 1Өнімді қабаттарды ашу және байқау

3 Экономикалық бөлім

4 Еңбекті қорғау бөлімі

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Оңтүстік Торғайда 80-ші жылдардың бірінші дартысында “мұнай мен газға ғылыми зерттеулер жүргізу” бағдарламасы бойынша комплексті геолого-геофизикалық зерттеулер жүргізілді.

Ауданды региональды зерттеу мақсатында 1п-Ақшабұлақ параметрлік ұңғымасы қазылды. Бұл ұңғыма біздің ауданның батыс шекарасында.

Арысқұм иіліміндегі Ақсай, Ащысай алаңында мұнай мен газ кеніштерін іздеу жобасы бойынша Ащысай алаңында 1989 ж іздеу бұрғылау басталды.

1990 ж Оңтүстік және Солтүстік Ащысай құрылымында төменгі бор қабатының Арысқұм горизонтында мұнай байқалған.

Ащысай алаңындағы іздеу бұрғылау жұмыстары нәтижесінде үш бөлек мұнай кеніштері ашылды: екеуі орталық және Солтүстік Ащысай құрылымының төменгі бор қабатында және біреуі Батыс Ащысайда юра қабатында.

1997 жылы АҚ “ХК КОР”, ЖШС “Мұнайгазгеолсервис” 01. 10. 1997 жыл бойынша Ащысай кен ронының мұнай кен рорнының мұнай қорын бағалады. Мұнай қорын бағалау арқылы барланған мұнайдың көп бөлігі Орталық және Оңтүстік Ащысай құрылымының М-І өнімді қабатында орналасқандығы анықталды. Қазір кен орнында мұнай өндіріліп жатыр.

1 Геологиялық бөлім

  1. Геологиялық және экономикалық жағдайлар

Әкімшілік аймаққа байланысты жұмыс жүргізілетін ауданның оңтүстік бөлігі Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында, солтүстік бөлігі Қарағанды облысының Жезді ауданында орналасқан. Ең жақын мекендер: Жусалы және Жалағаш темір жол станциялары оңтүстік батыста сәйкесінше 170-180 км жерде, Қызылорда облысының орталығы оңтүстікте 170 км жерде орналасқан. Кен орнынан шығыста 220 км жерден Омск-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Жол қатынасы нашар дамыған. Далалық грунтты жолдармен жылдың құрғақ мезгілінде барлық автотранспортпен жүруге болады. Қыс-күз айларында өте қиын.

Жалғыз асфальттанылған сапалы жол Қызылорда - Құмкөл, жобаланылған жұмыс аймағынан 30 км жерден өтеді.

Орографиялық жағынан жұмыс аймағы қырлы, тақырлы болып келеді. Қырлардың биіктігі және сайлардың тереңдігі 20 м-ден аспайды. Алаңнан батыс және оңтүстікке қарай құмды Арысқұм массивімен шектеледі, ол жартылай бекітілген түйіршікті құмнан құралған. Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар дамыған. Жаз мезгілінде сирек кездесетін су көздерінен мал шаруашылығымен айналысатын шопандарды кездестіруге болады. Халықты және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету құдық және бұлақтардан жүзеге асады. Біраз құдықтар артезиянды, оның дебиті сағатына 1000 л-ге жуық. Мұндай сулар тұщы, сапасы жақсы болып келеді.

Өсімдігі шөлді және жартылай шөлді болып келеді. Құмдар бұталы шөптесін өсімдіктермен бекіген. Құмдарда кей жерде құмсыз жерлерде сексеуіл өседі.

Аудан климаты күрт - континенталды, тәлік темперетурасының күрт өзгерітіндігімен және өте аз түсетін ылғал мөлшерімен (120 мм) ерекшеленеді.

Қысы (қарашаның ортасынан - наурыздың ортасына дейін) суық, қары аз. Аяздар желтоқсанның басында басталады. Қаңтардың орташа температурасы -5 -10 С түнде -14 -18 C(ең төмен -40 С) . Аздаған қар жауады, қалыңдығы 15 см-ге дейін. Жер қыртысы 1 м тереңдікке дейін үсіп қатады.

Көктем ауа -райы тұрақсыз, бірінші жартысы салқын, екінші жартысы едәуір жылы. Күндіз ауа температурасы 20 С, түнде -2 ден +10 С.

Жаз өте ыстық және құрғақ. Ауа температурасы 25-30 С (ең жоғарғысы +43 С) . Жаздың екінші жартысы ыстық және шаңды жел тұрады.

Күздің бірінші жартысы құрғақ, жылы, температура 12-18 С, түнде 5-10 0 С, күздің екінші жартысы суық. Қар аралас жаңбыр жауады.

Жел көбісіне солтүстік, солтүстік-шығыстан тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 4-5 м/с. Күзде және қыста жылдамдығы 15 м/с дейін қатты жел тұрады, кейде жылдамдығы 25 м/с дейін құмды боран тұрады.

Ұңғыманы бұрғылауды техникалық сумен қамтамасыз ету, тереңдігі 160 м суға бұрғыланылған ұңғымамен жүзеге асырылады. Ауыз суы 30 км жердегі артезиян ұңғымасынан әкелінеді.

  1. Ауданның геология - геофизикалық зерттелу тарихы

Алпысыншы жылдардың бірінші жартысы және жетпісінші жылдардың екінші жартысында лицензияланған аймақта аз масштабы (1:2) геология - гидрогеологиялық түсірулер жүргізілген.

80-ші жылдардың бірінші жартысында “Оңтүстік Торғайда мұнай мен газға ғылыми зерттеулер жүргізу” бағдарламасы бойынша комплексті геолого - геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Оны 1982 ж Мин Гео КАЗ ССР бекіткен. Параметрлік және профильдік бұрғылау арқылы регионалды сейсмопрофильдеу жүргізілді.

Ауданды региональды зерттеу мақсатында 1п-Ақшабұлақ параметрлік ұңғымасы қазылды. Бұл ұңғыма біздің ауданның батыс шекарасында. Протерезай -томенгі палеозой фундаментінің жабындысы 2785 м тереңдікте орналасқан.

Ашылған қима қалыңдығы 15 м төртік шөгінділер, 155 м палеоген, 630 м жоғарғы бор, 770 м төменгі бор, юра 1060 м сипатталады. Мұнай белгілері 2003-2095 м білінген.

“Орталық Арысқұм және Арысқұм иіліміндегі Ақсай, Ащысай алаңында мұнай мен газ кеніштерін іздеу” жобасы бойынша Ащысай алаңында 1989 ж іздеу бұрғылау басталды. Осы жоба бойынша 1989-1993 жылдар аралығында 3 (1989-1990ж), 1, 2, 4, 5(1990ж), 9 (1991ж), 6 (1993ж) іздеу ұңғымалары бұрғыланылды. 1998 ж Орталық және Шығыс Ащысайда арысқұм горизонтына екі борлау ұңғымасы (11, 12) бұрғыланылды.

Іздеу бұрғылау жұмыстарының негізгі нәтижесі Ащысай кен орнының ашылуы. Ол 1989 ж ашылды. 3 ұңғымадан жоғарғы юра өнімді қабаттарынан (1774-1872м) фонтанды мұнай ағысы алынды.

1990 ж Орталық және Солтүстік Ащысай құрылымында тәменгі бор қабатының арысқұм горизонтында мұнай байқалған.

Ащысай алаңындағы іздеу бұрғылау жұмыстары нәтижесінде үш бөлек мұнай кеніштері ашылды: екеуі Орталық және Солтүстік Ащысай құрылымының төменгі бор қабатында (өнімді қабат м- ) және біреуі Батыс Ащысайда юра қабатында.

1997 жылы АҚ”ХК КОР”, ЖШС “Мұнай Консалтинг” және ЖШС “Мұнайгазгеолсервис”01. 10. 1997 жыл бойынша Ащысай кен орнының мұнай қорын бағалады. Мұнай қорын бағалау арқылы барланған мұнай арқылы барланған мұнайдың көп бөлігі Орталық және СолтүстікАщысай құрылымының М-I өнімді қабатында орналасқандығы анықталды. Ащысайда бұрғыланған ұңғымалардағы M-I қабатының қалыңдығы 5м ден 10м-ге дейін өзгереді.

Шығыс Ащысайда бұрғыланған барлама ұңғыма дұрыс нәтиже бермеді, ал бірақ орталық Ащысайда барлау ұңғымасынан күтіліп отырғаннан да жоғары нәтиже алынды.

  1. Стратиграфия

Ащысай алаңы Оңтүстік-Торғай ойпатының Арысқұм иілімінде орналасқан.

Иілімнің құрылуына төрт структуралық комплекс қатысады (төменнен жоғары) : қаланбалы фундамент, жоғарғы протерезой, төменгі полезой метоморфикалық жыныстардан құралған; квазиплатформалық комплекс, ортаңғы палеозой Арысқұм иілімінің батысында дамыған, карбонантты жыныстармен көрсетілген; рифтогенттік комплекс және платформалық комплекс бор-кайназой.

Юра рифтогенді комплексінің тектоникалық құрылымы субмеридионалды созылған грабен-синклиналдармен ұзындығы 200-250 км, ені 20-30 км және оларды бөлетін горсттантиклиналдар ені 15-20 км.

Платформалық құрылымдық комплекс пиликативті тектоникалық құрылыммен сипатталады. Арысқұм иілімінің ортаңғы бөлігінде оның қалыңдығы 1700м. Иілімнің шет жағында оның қалыңдығы 700 м ден аспайды.

Ащысай алаңында палезой шөгінділері комплексі жоқ және фундамент жыныстарында юра немесе бор шөгінділері орналасады. Жоба бойынша барлама бұрғылаудың объектісі төменгі бор кеніші болғандықтан, төменде бор - кайназой жыныс комплектісі литолого - стратиграфиялық қимасы қарастырылады.

Орталық Ащысай.

Жобалық горизонт - арысқұм горизонты (К 1 псам)

Жобалық тереңдік-1150м.

Жобалық литолого-стратиграфиялық қима бұрғылау аралықтары бойынша жоғарыдан төмен көрсетілген.

Аралық 0-80 м, қалыңдығы - 80 м, палеоген (Р) . Сұр, күңгірт саздардың қабатталуы, фосфоритті құм және құмдақ қабатты мергель және карбонатты саздар.

Аралық 80-360 м, қалыңдығы -280 м, жоғарғы бор (К 2 ) турон - сенон (t-sn) . Жоғарғы жағында (150м) құм араласқан сұр карбонатты саздар, алевролит және әктастар, төменгі бөлігі (130м) сұр құм қабаттасқан кұңгірт түсті саздар.

Аралық 360-540 м, қалыңдығы 180м, жоғарғы альб-сеноман (al 3 -c) . Құммен қабаттасқан сазды алевролиттер мен күңгірт түсті саздар.

Аралық 540-880 м, қалыңдығы -340 м, төменгі бор (k 1 ) апт-альб (a-al) . Жоғарғы бөлігінде (260м) қара сұр саз араласқан сұр құмдар, төменгі бөлігінде саз араласқан сұр конгломерат.

Аралық 880-1080 м, қалыңдық -200 м, жоғарғы неоком (nc 2 ) . Жоғарғы бөлігі (40-60м) қызыл түсті саздардың карбонатты қоңыр кварцполевошпатты құмдармен араласқан түрі, төменгі бөлігі саз, құм алевролитттермен қабаттасқан.

Аралық 1080-1200 м, қалыңдық - 120 м, төменгі неоком (ПС 1 ) жоғарғы горизонттты (ПС 2 1 ) . Алевритті қызыл қоңыр саздар.

Аралық 1200-1280 м, қалыңдық - 80 м, Арысқұм горизонты (ПС 1 ar) . Жоғарғы бөлігі (мұнайлы) қалыңдығы 20 метрге дейін: жабынды бөлігі сазды конглемерат қабаттасқан алевролит, төмені (М-I) құмдар, карбонатты цементті полевошпатты құмдар. Ортаңғы бөлігі (25-30 метр) сазды алевролиттер, құмдар мен құмдақтар. Төменгі бөлігі (М-II) қалыңдығы 30-40 м, нашар цементтелінген құмдар және алевролит қабаттасқан құмдар.

Солтүстік Ащысай.

Жобалық горизонт-Арысқұм (к 1 nc 1 ar)

Жобалық тереңдік-1250м.

Аралық 0-20м, қалыңдық-20м, палеоген(р)

Аралық 90-140м, қалыңдық-50м, жоғарғы бор(к 2 ), жоғарғы сенон (t-sn 1 ) .

Аралық 460-550м, қалыңдық 90м, жоғарғы альбсеномон (к 1-2 al 3 -c) .

Аралық 550-880м, қалыңдық-330м, төменгі бор (к 1 ), апт-альб (a-al 2 ) .

Аралық 880-1080м, қалыңдық-200м, неоком надярусы (к 1 nc), жоғарғы неоком (nc 2 )

Аралық 1080-1200м, қалыңдық-120м, төменгі неоком (nc 1 ), жоғарғы горизонт (bc 1 2 ) .

Аралық 1200-1250м, қалыңдық 50м, Арысқұм горизонты (nc 1 ar), 1200-1210м М-І өнімді қабаты, 1210-1240м сазды алевролит қабаты, 1240-1250м-М-ІІ өнімді қабаты.

Ұңғыманың жобалық тереңдігін СМЖ нүктесінен (1202м) аламыз, зумлфа (50м), ұңғыма сағасының альтидудасы ( 100м) .

  1. Тектоника

Оңтүстік Торғай ойпаты Туран плитасының солтүстік шығысына орналысқан. Ойпат бор палеогеннің табан бойындағы кешенінің шөгінділері теріс құрылым түрінде көрсетіліп, Ұлытау антиклиналының арасына тіркелген және оның оңтүстік жалғасы шығыста, төменде сырдария қосылған. Оңтүстігі шығыс қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде Қостанай седловинасымен жалғасады,

Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінген:Арысқұм, Мыңбұлақ седловинасына бөліктелген.

Ащысай алаңы Ащысай горст-антиклиналы және оған кіретін Ақшабұлақ грабен-синклиналы батыста, оңтүстік батыстаБозінген грабен-синклиналінің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Жобада (ОГ-Р 2 ) фундаментінің қарастырылып жатқан горст-антиклиналының ортаңғы бөлігі көтеріңкі болып келеді. Ащысай көтерілімі ОГ-Р 2 бойынша 1400м изогипспен тұйықталған, оның өлшемі 17*4-6 км амплитудасы 200м. Ащысайдан басқа антиклиналды көтерілім түсірілмеген.

ОГ-IV бойынша Ащысай горст-антиклиналының батыс бөлігі және Бөзінген грабен - синклиналінің оңтүстік - батыс тармағы карталанған.

ОГ-IV бойынша батыс бөлігінде үш антиклиналь емес стратиграфиялық тұтқыштар айқын көрінген. Олардың ішіннен ортаңғысы ғана жартылай антиклиналды тұтқыш.

ОГ-ІІІ бойынша жоғарғы юра құмкөл свитасының жабындысымен Ащысай алаңының негізгі ортаңғы бөлігі түсірілген.

Бұл жерде юра комплексінің тектоникасы қарастырылмайды. Себебі барлау обьектісі болып төменгі бор шөгінділерінің платформалы комплекісі жатады.

Платформалық комплексі бойынша ОГ-ІІ, бойынша түсірілген тектоникалық структура төменгі бор арысқұм горизонтының жабынымен стратифицерленген. Ащысай алаңы солтүстік-батысқа созылған мониклиналды болып келеді.

Өзінің негізгі орталық бөлігі (1200-1600м изогипсі арлығында) моноклиналь локальді брахиантиклиналды және күмбез тәрізді аз амплитудалы структуралардан құралған. Олардың ең ірілері Орталық Ащысай (1, 12 ұңғыма төңірегі) Шығыс Ащысай (4, 11ұңғыма төңірегі) және Солтүстік Ащысай (5 ұңғыма төңірегі) .

Бор өнімді қабатына сипаттама.

Бор шөгінділерінің (М-І горизонты) мұнайлылығы Орталық және Солтүстік Ащысай құрылымдарынан анықталды.

Орталық Ащысай құрылымы ОГ-ІІ аг бойынша Солтүстік шығысқа созылған аз амплитудалы (20км дейін) брахиантиклиналдардан тұрады. Ол 1150м изогипсте тұйықталғанөлшемдері 6-7*24 км 13км 2 алаң. Құрылымның батыс қанаты амплитудасы 40м дейін оңтүстік бағытта төмендейді.

“Тұрлангеононсалтинг” ЖЩС сейсмобарлау материалдары мәліметтері бойынша кей жерлерде құрылымда арысқұм горизонтының жоқ екендігі байқалды, бұл горизонттың қалыңдығының азаюы төменгі (М-ІІ) горизонтының көтерілуіне байланысты. осылайшы М-І мұнайлы горизонты құрылым аймағында түгел тараған, кей жерлерде оның қалыңдығы 3м-ге азайған.

Солтүстік Ащысай алаңында сейсмоматериалдарды зерттеу нәтижесінде ОГ-ІІ аг бойынша көлемі 10км 2 структура-стратиграфиялық тұтқыш айқын көрінген.

Ол оңтүстік және батыстан 1100м изогипсімен тұйықталған жартылай свод. Тұтқыш өзінің солтүстік және оңтүстік бөлігінде күмбез тәрізді құрылымнан тұрады.

  1. Мұнай газдылығы және оның перспективасы

Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-ші құрылымдық ұңғымасынан мұнайлылығы жөнінен бірінші хабар алдық, бұл 33541 сейсмопрофиль аймағында орналасқан. Неоком және юра шөгінділерінен алынған керннен күшті жанар май иісімен мұнай белгілері жақсы байқалды және керндердің бетінде ала дақтар болды.

Арысқұм иілімінде жүргізілген геология барлама жұмыстар нәтижесінде үш кешеннен тұратын ортаңғы юра, жоғарғы юра және төменгі неоком шөгінділерінің мұнайлылығына көз жеткізілді.

Бұдан басқа трис, төменгі- триас кешені бөлініп Ік-Арысқұм көрсеткіш ұңғымасын бұрғылау барысы нәтижесінде газдың белсенді түрде шығуы байқалды.

Жоғарғы юра шөгінділері Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігінде жетілген. Шөгінділердің өндірістік өнімді қабат қоры Құмкөл, Арысқұм және Қызылқия кен орындарында орналасқан.

Караваншы алаңынан мұнай ағысын жоғарғы юра шөгінділерін сынау кезінде қабат сынағышпен алынды. Ақшабұлақ Ғг-параметрлік ұңғымасан және 2к Арысқұм ұңғымаларын құрылымдық бұрғылау жұмыстарымен бірнеше ұңғымадан қатарларынан алынған керндерден мұнайлардың жағылған түрдегі және майдың иісі шығып байқалды.

Арысқұм иілімінде мұнай және газ кеніштері ортаңғы юра дошан свитасында, жоғарғы юра Құмкөл свитасында, төменгі бор арысқұм горизонтында байқалды. Одан басқа кіші мұнай мен газ кеніштері жоғарғы юра ақшабұлақ свитасы мен жоғарғы неоком шөгінділерінде анықталған.

Ащысай алаңында ұңғымаларды бұрғылау және сынау барысында жоғарғы юра ақшабұлақ (Ю-О) және құмкөл (Ю-І, Ю-І-ІІ) свиталарынан және төменгі бор арысқұм горизонтынан (М-І) мұнай байқалды.

Жоғарғы юра мұнайлы горизонты.

Жоғарғы юра, құмкөл (J 3 К м ) және ақшабұлақ (J 3 ак) свиталарының мұнайлылығы батыс ащысайда 3, 10 ұңғымаларды сынау кезінде анықталды. Қарастырылып отырған тұтқыш қимасында төрт мұнайлы горизонт: Ю-О ақшабұлақ свитасының ортаңғы бөлігі (10 ұңғыма) ; Ю-І құмкөл свитасында; Ю-ІІ-І құмкөл свитасының ортаңғы бөлігінде (3, 10 ұңғымалар)

Ю-О және Ю-ІІ горизонттары қалыңдықтары сәйкесінше 0, 8 және 1, 4м алдын-ала бағалау бойынша өндірістік маңызы жоқ.

Ю-І горизонты қалыңдығы 1, 0-1, 2м фильтрациялық сыйымдылық қасиетінің төмендігіне байланысты ұңғымадан сынау және құйылыс алу кезінде қиындық туғызды. Бұл горизонт қалыңдығы алаңда солтүстік және орталық бөлігінде қалыңдайды.

Ю-ІІ-ІІ горизонтты қалыңдығы тиімді 1, 8-9, 6м (ұңғыма 3, 10) 3 ұңғымада ол мұнайға қаныққан. горизонтты сынау нәтижелері кестеде келтірілген.

1-кесте - Ю-ІІ-І горизонтын сынау нәтижесі

Ұңғыма№:

Ұңғыма

Сынау аралығы, м: Сынау аралығы, м
Штуцер диаметрі, мм: Штуцер диаметрі, мм
Q, м3/тәул: Q, м 3 /тәул
Қабаттық депрессия, МПа: Қабаттық депрессия, МПа
Ұңғыма№: 3
Сынау аралығы, м: 1828-1832
Штуцер диаметрі, мм:

2

3

4

5

Q, м3/тәул:

12, 33

20, 53

27, 88

31, 28

Қабаттық депрессия, МПа:

0, 98

1, 39

2, 2

2, 44

М-І мұнайлы горизонты

М-І горизонты Арысқұм страграфиялық горизонтының жабынды астында орналасқан. Бұл горизонт 1, 4, 5, 6, 9, 11, 12 ұңғыма қимасымен анықталған, бұл жерде жалпы қабат қалыңдығы 2, 6м ден 9, 5м-ге дейін өзгереді.

Моноклиналдың батыс бөлігінде ОГ-ІІ аг бойынша И-І горизонты литологиялық сыналып, сазды алевролитке еніп кетеді.

М-І горизонтының мұнайлылығы №1, 5 және 12 ұңғымалар қимасынан байқалды, басқа бұрғыланылған ұңғымаларда бұл горизонт жоқ немесе суланып кеткен.

М-І горизонты №1және 5 ұңғымаларда тізбекте сыналды. Горизонтты сынау нәтижелері төмендегі кестеде көрсетілген.

М-І мұнайлы горизонтын сынау нәтижелері.

2-кесте - М-І мұнайлы горизонтын сынау нәтижелері

Құрылым,ұңғыма№:

Құрылым,

ұңғыма№

Сынау аралығы, м: Сынау аралығы, м
Қабат қысымы, МПа: Қабат қысымы, МПа
Штуцер қысымы, МПа: Штуцер қысымы, МПа
Q, м3/тәул: Q, м 3 /тәул
Қабаттықдепрессия,МПа:

Қабаттық

депрессия,

МПа

Құрылым,ұңғыма№:

Орталық

Ащысай,

№1

Сынау аралығы, м: 1213-1221
Қабат қысымы, МПа: 12, 65
Штуцер қысымы, МПа:

5

7

9

7

6, 2

Q, м3/тәул:

14, 28

12, 5

16, 96

16, 51

10, 71

17, 5

Қабаттықдепрессия,МПа:

12, 13

2, 03

2, 48

2, 62

2, 13

2, 05

Құрылым,ұңғыма№:

Солтүстік

Ащысай,

№2

Сынау аралығы, м: 1202-1207
Қабат қысымы, МПа: 11, 6
Штуцер қысымы, МПа:

4

5

6

7

Q, м3/тәул:

32

54

89

120

Қабаттықдепрессия,МПа:

0, 5

0, 9

1, 4

1, 8

Мұнайдың физика -химиялық анализі бойынша ол төмендегі физикалық көрсеткіштермен сипатталады:

№5 ұңғыма, аралық 1202-1207м, (мұнай қабат қысымы 11, 75 мПа, температурасы 54 С алынған)

Қанығу қысымы-2, 8 мПа.

Көлемдік коэфценті-1, 06.

Газдылығы- 2, 19 м 3 3

Қабат жағдайындағы мұнай тығыздығы - 0, 822 г/см 3 .

Суу температурасы +19 C.

Парафиннің еру температурасы +36 C

Мұнай құрамында (%-пен) : механикалық қоспалар - 0, 01; парафин -17, 3; смола - 3, 52; асфальт - 0, 4; күкірт - 0, 11; тұздар - 0, 03 г/л.

Мұнайда еріген газ тығыздығы - 1, 5 г/л. Компоненттік құрамы (%) : метан - 32, 2; этан - 23; пропан - 32, 8; изобутан - 2, 43; изопентан - 0, 1; көмірқышқыл газы - 0, 09; күкіртсутегі - 0, 0; азот - 0, 36; оттегі - 1, 56.

  1. Сулылығы

Бұрғылау жұмыстары жүргізілетін аймақ Оңтүстік Торғай артезианды бассейіне жатады.

Неоген- төрттік, палеоген және жоғарғы бор шөігінділерінің грунттық және қабаттық сулары гидро геологиялық түсіріліп зерттелінген. Төменгі бор және юра шөгінділерінің қабаттық сулары мұнай мен газға бұрғыланылған параметрлік, іздеу және барлау ұңғымаларында зерттелінген.

Неоген-төрттік және палеоген щөгінділерінің сулы горизонттары техникалық сумен қамтамасыз етуге жарамсыз, алолардың гидрохимиялық көрсеткіштері мұнай іздеуі мақсатында қолданылмайды. Сол үшін олар жайлы мәліметтер берілмейді. Жоғарыда айтылғандай жер үсті тұщы су көздерін мал шаруашылығына пайдаланады.

Қимада жоғарғы және төменгі гидрохимиялық зона көрсетілген, ал иілімнің ортаңғы бөлігінде аралық гидрохимиялық зона айқын байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ащысай кен орнындағы тереңдігі 1250 м пайдалану ұңғымасын бұрғылау жобасы
Бұрғылау ерітіндісінің технологиялық көрсеткіштері
Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары
Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері
ІІІ кен шоғыры
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқұм иінді ойысында орналасқан Приозерный құрлымының мұнайгаздылы қорын есептеу
Түзілімдердің қалыңдығы 136 метр
Ақшабұлақ кен орны
Түркістан - мәдени мұра
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz