Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Миграция халқы еліміздің экономикалық және саяси өмірінде басты орында тұр.
Біздің елімізде мигранттармен жасалған қылмыстар тенденциясы тұрақты түрде өсуде, бұл криминологиялық жағдайға кері әсерін тигізуде. Республикадағы экономикалық және саяси тұрақтылық көп тұлғаларды, әсіресе олардың ішінде босқындарды, қоныстанушыларды және заңсыз эмигранттарды құқық бұзуға тартады.
Мемлекеттердің заң шығару базасының, керекті әдістерінің жоқтығы миграциялық процессті шешуге қиындық тудырады. Мигранттардың жасаған қылмыстардың санының ұлғаюына байланысты, республикадағы криминалогиялық жағдай күшейтілуде.
Статистикалық көрсеткіш бойынша жылдан жылға мигранттардың қылмыстары өсуде.
Ішкі мигранттарға қарағанда, ТМД азаматтарының қылмыстары Қазақстан республикасының тыныштығын бұзады.
Осы уақыттағы жалпы миграция ағымы жасырын мигранттардан тұрады.
В. С Кузьмчев, М. М Бабаев, В. И Гладких, М. В Королева, В. Г. Трапш мигранттардың қылмыстарын зерттегенде үлкен үлестерін салған Ресей ғалымдары болды.
Криминологиялық миграция қылмыстың жеке түрі деп С. Е Метелев өзінің диссертациялық жұмысында бөліп көрсетті.
Қазақстан Республикасындағы миграцияға байланыты мәселелерді әр-түрлі ғылым саласын зерттушілермен қарастырылды. Демографтар, тарихшылар, соцолыктар:А. Б Галиев, Н. Е Бекмаханов, В. В Козин, Е. А Садовск миграция - бұл көп қырлы оқиға деп бекітеді. Бірақта осыған байланысты, заңгерлердің еңбектері аз. Мысалы: А. М Нурмағанбетова еңбек қатынасына, еңбек миграциясы әсер етеді деген мәселені зерттеген. Бірақта ол өз еңбегінде мигранттардың қылмыстарының жағдайын қозғамаған.
Құқық саласында «Миграциялық құқықты» дербес құқық жүйесі деп қарастыруға болады. Мирациялық құқық адамдарды аймақ арқылы шетелге ауыстыру процестерін реттеу үшін өмір сүреді деп Украин ғалымы айтады.
1970-1980 жылдардағы Ю. М Антонян, В. И Кудрявцев, А. Б Сахаров, Н. Ю Кузнецова, У. С Джекебаев зерттеулерінде қылмыстың теориялық және методологиялық мәселесін зерттеп дайындаған.
Қазіргі уақыттағы мигранттардың қылмыстарын алдын алу жолдары жетілген. Статистикалық көрсеткіш бойынша мигранттардың қылмыстарына қарсы күрес жүргізу, жалпы мемлекеттің міндетіне жатады.
1995 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайлары туралы» Заң ТМД-аймағына келу және кету мәселесіне жауап бермейді.
Мынандай жағдайлар миграцияны зерттеуге алып келді: шетел мемлекетінің экономикалық және әлеуметтік жағдайының төмендеуі, азаматтардың өз елін тастап Қазақстан Республикасына келуіне себеп тудырады.
Заңсыз мигранттардың көбеюіне байланысты біріккен діни экстремистік ұйымдар, криминалдық элеметтер тайда болды.
амалсыздан қоныстанатындар және босқындар басқа мемлекеттің тәртібіне үйрене алмау салдарынан, көбінесе қылмыс жасау жолдарына түседі.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Мигранттардың қылмыстарын алдын алудың арнайы амалдарын және ұйымдасқан-құқықтықты толық жетілдіруге бағытталған іс шараларды дайындау. Бұндай мақсатқа жету үшін алдымен келесідей мәселелерді шешіп алу қажет:
- қылмыстың өсуіне мирациялық процесстің байланысы барма, соған зерттеу жүргізу қажет;
- мигранттардың қылмыстарының динамикасын және құрлымының жағдайын бекіту:
- қылмыскер-мигранттың тұлғасына криминологиялық сипаттама беру;
- мигранттардың қылмыс жасауына себеп болатын жағдайлар мен себепттерді анықтау;
- мигранттардың қылмыстарының алдын алуға арнайы амалдармен және ұйымдасқан құқықтық бағыттарды табу;
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен миграциялық саясаты.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік. негіздерін Отандық және шет елдік демограф, саясаттанушы, миграциолог, социолог ғалымдардың еңбектері және әлемдік саяси ғылымда танылған, уақыт пен тәжірбиемен шындап бекітілген әдістер құрайды. Олар, факторлық, ретроспективті, жүйелі, компаративті, контент-анализ. Бұлармен қатар, саясаттануда ғана емес, басқа да ғылымдарда пайдалынылатын философиялық және жалпы логикалық тәсілдер де қолданылады. Олар диалектикалық тәсіл, абстрактіден нақтылыққа өту, индукция мен дедукция.
Сандық мәліметтерді жинақтап, талдау үшін, статистикалық тәсіл, математикалық талдау қолданылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми ережелер :
- Миграциялық саясат Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі. Миграциялық процестер мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға, саяси тұрақтылыққа имманентті қатер болып табылатындықтан, оны тиімді түрде іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс. Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздік котекстіндегі миграциялық саясаттың қалыптасуында ең алдымен тұрғылықты халықтың жағдайын күшті қарастырған дұрыс. Сондықтанда, миграциялық саясатты жетілдірудің ең басты мәселесі өз тұрғын халқымыздың мүдделерінің басымдығы болуы керектігін ескерген жөн.
- Миграциялық процестердің ішінде Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі де өте маңызды мәселе болып табылады. Миграцияның Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігіне төндіретін бірқатар қатерлері бар. Осыған байланысты 21 ғасырда, Қазақстан Республикасының алдында демографиялық қауіпсіздік аумағына байланысты екі міндетті тапсырма шешімін табуы тиіс. Бірінші-бұл өлім-жетімді азайту, өмір қауіпсіздігі мен ұзақтығын арттыру. Бұл тапсырма оңай болмағанымен, әлем елдерінің тәжірбиесі оны шешуге болатынын дәлелдеп берді. Екінші тапсырма- ұжымды сақтап қалу тапсырмасы, яғни депопуляцияға қарсы тұру. Оны шешудің теориялық екі жолы бар: біріншісі тууды көбейту және екіншісі иммиграцияны ұлғайту.
- Этномәдени қауісіздігімізге миграциядан туындайтын қатерлер мынандай жағдайларда болады, яғни келушілер мен қабылдаушылардың арасындағы әр түрлі этникалық ерекшеліктер мен мәдени алшақтар зор болса. Нәтижесінде басқа этностық мигранттардың ағымы, қабылдаушы жақтағы қалыптасқан «мәдени генофонтың» этникалық стреотиптері мен этнофобияның нашар жақтарының күшеюіне әкеледі.
- Жұмыс күші миграциясының экономикалық тұрақтылығымсызға ықпалын және салдарын жан-жақты қарастыру барысында, келуші гастарбайтерлердің келешекте «бесінші баған» эффектісін де беру мүмкіндігі бар екенін көреміз. Осыған байланысты еңбек ресурсы миграцияны басқару іс-шараларды жетілдіруді және Қазақстан азаматтарының шетелге еңбек миграциясы аумағындағы нормативтік-құқықтық базаны дамытуды, осымен қатар Қазақстан Республикасынан кетіп қалған білікті мамандардың, Қазақстан Республикасына реэмиграциялануын ынталандыруды қарастыру өте орынды.
- Қазақстан Республикасының ұлтық қауіпсіздігіне заңсыз миграцияның Алматы қаласы мен Алматы облысының тәжірбиесінде ұқпалы қарастырылып, оның алдын-алу талданды. Заңсыз миграцияның көлемі мен қарқыны мемлекетімізге оптималды миграциялық саясат үлгісін даярлау қажеттігінің туындағанын көрсетуде. Мигранттардың қорғалмауы мен қауіпсіздік деңгейінің жоқтығы олардың өздерінің және қоғамның қылмыстық жағдайының ұлғаюына әкелді. Осы себептен миграциялық саясат мынандай формуламен анықталуы керек: мигранттардың қауіпсіздігі = қоғамның да қауіпсіздігі.
Зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы. Бұл жұмысымдағы теориялық тұжырымдар, миграция, қауіпсіздік мәселелеріне арналған зерттеулердің әрі қарай дамуына көмектеседі. Осы жұмыстың ғылыми нәтижелерін және тұжырымдарын тұрғын халықтың миграциясын реттеу мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламаларын, концепцияларын дайындауда қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом 6 беттен, таблицадан, кестеден, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
- Мигранттардың қылмыстарына криминологиялық сипаттама
1. 1 Мигранттардың жасаған қылмыстарының түсінігі және классификациясы.
Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға, қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге шүғыл көңіл бөлетін жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін, миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай білу, миграцияны пайда болдыратын факторларды және миграцияның салдарын бағалай білу өте қажет.
Миграциялық саясат дегеніміз-бұл тұрғын халықтың миграциялауына алып келетін әлеуметтік мінез-құлықтың, әрекеттің бір түрі немесе элементі болып табылатын миграциялық қозғалысқа деген ықпал ету. Біздің елімізде миграциялық процестер ынталандырушы және шектеуші іс-шаралар арқылы реттелінеді. Шектеуші іс-шаралар таңдаулы түрде қолданылады, әсіресе ірі қалаларға деген миграцияға байланысты. Ал елдің экономикалық дамуына қарай ынталандырушы экономикалық іс-шаралар кең қолданыла бастайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-жылғы «5» қыркүйектегі № 1346 қаулысымен мақүлданган, Қазақстан Республикасының Миграциялық саясатының тұжырымдамасында былай айтылған:
Миграция процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді
Миграциялық саясат Қазақстанның мемлекеттік сыртқы жөне ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуга тиіс. Миграция саясатының субъектілері - орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Тұжырымдама адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, миграция саясатының негіздерін айқындайды делінген. 1
Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындарының санын бірден көбеюіне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсенді ықпал етеді.
Қазіргі ғылымда, әсіресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда бір жағынан бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі біршама қарсы келетін екі негізгі теориялық парадигмалар бар. Біріншісі, қ ұрылымдық парадигма. Бүл парадигма миграцияны түсіндіргенде орталық орынды адамды немесе топты миграциялауға итермелейтін құрылымдарға береді. Осы парадигма макротеориялық парадигма ретінде анықталады, өйткені миграцияның себептері экономикалық және саяси құрылымдар мен қоғамның капиталистік трансформациялануы болып табылады. Қазіргі кездегі миграцияның себептерін талдау да, орын ауыстыруда экономикалық детерминация рөлінің маңыздылыгының күшті екендігін көрсетеді.
Миграция теориясындағы екінші парадигма, миграциялау туралы мәселеде субъективті факторға басты орынды береді. Субъективтік парадигма микродеңгей теориясы етіп анықталады, өйткені адам миграцияның басты агенті ретінде талданады. Микродеңгей теориясы миграцияның макротеориялық себептерінің маңызын жоққа шығармайды, бірақ та ол деңгей, объективті факторлар бәрібір де жеке тұлғаның шешіміне байланысты болады дейді. Бұдан көретініміз миграцияны талдаудағы микротеориялық тәсіл жеке тұлгалардың шешімдерін зерттеуге көп көңіл бөледі. Бұл парадигма аясында мигрант өзіндік ерекшеліктері бар, миграциялаудан түсетін шығындар мен табыстарды бағалай алатын адам ретінде қарастырылады. Бәрінен анығы, миграциялау туралы шешім қабылдау-тұтастай қиын себептер комплексi болып табылады, оның арасында мигрант арқылы саналанған және санасынан тыс қалған да себептер болады.
Тарихқа үңілсек, ең алғашқылардың бірі болып миграциялық процестерді жүйелендірген ағылшын ғалымы Е. Г. Равенштейн болған еді. Ол 1885 жылы Ұлыбритания мен Солтүстік Америка тәжірибесінде миграцияның он бір заңын немесе ережелерін (Ravtnstein s Laws of Міgration) қалыптастырып берді2, бұл ережені қазірдің өзінде миграциялық теорияны жасаушылар негізге алады. Осы он бір ереженің ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
1) көбіне миграция қысқа қашықтықта жүзеге асады; (бұл жерде
мигрант-спринтер жөнінде пікір білдіріледі, алайда, қазіргі кезенде мигрант-
стайерлер де көп) ;2) территориялық орталық ірі болған сайын, ол өзінің тартымдылығын
күшейтеді;
- әр миграциялық ағымға өзіндік қарсы ағым сай болады;
- ірі қалалардың өсуі, қала тұрғындарының табиғи өсіміне емес, халықтың қоныс аударып келуіне байланысты;
- халықаралық миграция, елдің ішіндегі болып жатқан дамиды;
6) миграцияның көлемі өндірістің, сауданың, әсіресе көліктің дамуына
байланысты көбейе түседi;7) миграцияның ең басты анықтаушысы-экономикалық себептер болады.
Ал бүгінгі күнде қоғамның дамуында жоғарыда айтылған әсіресе, екі
соңғы заңдылық берік және анықтаушы сипатқа ие. Демографиялық процестердің арасында тұрғындардың миграциясы ерекше орынды алады. 1989 жылгы жарық көрген «Миграциология» деген еңбекте, миграция дегеніміз-бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс деп жазылган. Миграцияның мынандай категорияларға негізделген интегралды классификациясы бар, олар: 1) типі; 2) түрi; 3) формасы; 4) себебі; 5) деңгейі.
1) Миграциялық қозғалыстар бір елдің ішінде де, осымен бірге мемлекеттердің арасында да болады. Сол себептен де тұрғын халықты
миграциясының екі типін бөліп алады: Халықаралық (мемлекетаралық, сыртқы) және ішкі (мемлекет ішілік) .
Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсініктер тән. Біріншісі, бір елге жұмысқа орналасуға немесе оқуға түсу мақсатында жөне басқа да себептерге байланысты басқа елге барып кіруді білдіреді. Екіншісінде елден кету туралы айтылады. Осыган байланысты иммигранттар және эмигранттар болып бөлінеді. Халықаралық миграция континент аралық (мәселен, Еуропадан АҚШ-қа және Австралияға) және ішкі континенталдық (мысалға, Еуропа шеңберінде) болып бөлінеді.
Ішкі миграция дегенімІз-бір мемлекеттің территориясы көлеміндегі қозғалыс. Ішкі миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлінеді: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.
2) Ішкі де, сыртқы миграцияға да мынандай негізгі түрлер тән. Атап айтар болсақ, қоныс аудару қайтарымсыз және тұрақты-уақытша миграцияга бөлінеді, біріншісі тұрақты мекен-жайының, азаматтығының өзгертумен байланысты, ал екіншісі болса жаңа жерде (жаңа елде) шектеулі бір уақытпен анықталған, кей кезде біршама ұзақ мерзімге де (БҰҰ-ның анықтамасы бойынша, бір жыл және одан көп уақытқа кететіндер «ұзақ мерзімді» мигранттар болып есептеледі) .
Маусымдық миграция міндеттІ түрде қайта оралумен бірнеше айға созылады, алайда бір жылдан аспайды. Негізінен, маусымдық миграция еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгілі бір маусымдық жұмыстарда, мысалға: құрылыстарда, ауыл шаруашылығындағы егін піскен кезінде, т. б. Нақтырақ мысал келтіретін болсақ, Оңтүстік Қазақстандағы мақта терімге Өзбекстаннан келетін маусымдық мигранттар.
Маятниктік миграция (челноктық, шекаралас) -бұл тұрақты мекен-жайынан оқу немесе жұмыс мақсатымен күнделікті (апталық та болады) басқа бір облыс, ауданға немесе басқа бір мемлекет территориясына орын алмастыруды айтады. Мәселен, фронтьерлік (ағылшын тілінен-шекаралық) миграция. Фронтьер-жұмыскерлер күнделікті, апта салып мемлекет шекарасынан өтіп, басқа бір мемлекетте еңбек ететіндер. Мәселен, шекараласып жатқан Қазақстан мен Ресей арасында. Мұнымен қатар кейінгі жылдары «желілік маркетинг» еңбек миграциясының түрі да кең тарауда. Желілік маркетинг-бүл дистрибьюторлар арқылы тауарды өткізу.
Эпизодтық миграция - бұл төртінші және негізгі түр болып табылады. Ол іскерлік, туристік және т. б. құралады. Мәселен, 1993 жылдардағы әлемдегі туризм мен саяхаттаудан түскен пайда 3, 5 трлн дол., бағаланса, ал туристер саны 443 млн құраған3.
Жоғарыда айтылғандармен қоса, қазіргі кездегі миграцияның ең бір кең тараған түрі, саяси және экологиялық себептерден туындаған-мәжбурлі миграция. Мәселен, саяси тұрақ іздеген босқындарды айтуға болады. Бұрынғы КСРО-ға келер болсақ, 1930-40 жылдардағы әр түрлі ұлт өкілдерін Орталық Азияға, Қазақстан мен Сібірге депортациялауды мәжбүрлі миграция қатарына жатқызуга болады. Осының нәтижесінде 2 млн адам қоныс аударылды, оның 70% әйелдер мен балалар құраған еді.
Сыртқы миграцияға байланысты тағы бір түрді-заңсыз
(астыртын) миграцияны
да бөліп алуға болады. Заңсыз мигранттар дегеніміз-жұмыс табу, өмір сүру мақсатында басқа бір елдерге заңсыз келушілер. Дүниежүзінде, әсіресе 70-жылдардың ортасынан бастап заңсыз мигранттар саны өсіп, қазіргі кезеңде көлемі одан сайын ұлғаюда. Бұл миграция түрінің шынайы көлемін толығымен анықтау мүмкін емес. Осы жоғарыда айтылған миграция түрлерiмен қатар, қазіргі кезде зерттеушілер
моралъді миграция
түрін де бөліп алуда. Яғни, адам қоныс аударғысы келгенімен қаржысының жоқтығынан көшіп кете алмайды, осымен қатар бүл жерде кедейлік миграциялауға себеп те болады және қоныс аударуға кедергі келтіретін де фактор болып табылады. Формасына қарай миграциялық қозғалыстарды былай деп белуге
болады: мемлекеттің немесе әр түрлі қоғамдық құрылымдар (мәселен,
ұйымдастырылған түрде еңбекшілерді жинау, қоғамдық үндеулер бойынша
миграция) көмегі арқылы жүзеге асатын қоғамдық-ұйымдасқан және
ұйымдаспаған, яғни мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асатын. Кейінгі кезде
осылардың үлесі біздің елімізде өсуде. Бірақ та ұйымдасқан миграцияда да,
ұйымдаспаган миграцияда да қоныс аудару туралы жеке тұлға өзі шешім
қабылдайды.
Миграциялық қозғалыстарды себептеріне байланысты жіктей отырып мыналарды бөліп алуға болады, олар: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, діни, нәсілдік, әскери, демографиялық (отбасының бірігуі, некелік миграция) жөне т. б.
Қазіргі кезеңде миграцияны қандай факторлардың анықтағанша қарамастан, басты орынды экономикалық алады. Тұрғын халықтың миграциясы үш деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгей-
бұл миграциялау туралы шешімді қабылдау. Екіншісі-бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда айтқандай ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған, яғни мигранттың өзінің тәуекеліне байланысты.
Үшіншісі-бүл мигранттың жаңа орынға, жаңа жүмысқа бейімделуі және үйренуі деңгейі.
Мемлекеттік миграция саясатының қалыптасу кезеңдерін қарастыратын болсақ, халықтың миграциясы объективті әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде бір-бірімен тығыз байланысты құрамдас бөліктерден тұрады. Яғни, сыртқы миграция: эмиграция мен иммиграция және ішкі миграция (ауыл мен қалашық, қала мен қала, т. с. с. ) .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-жылғы «5» қыркүйектегі
№ 1346 қаулысымен мақұлданған, Қазақстан Республикасының
Миграциялық саясатының тұжырымдамасы бір мезгілде сыртқы да, ішкі да миграцияны реттеуге арналған. Мұндай саясат, мемлекеттің белгілі бір аймақтағы мигранттардың қозғалысының ағымы мен құрамына ықпал ете отырып халқының санын және құрамын сақтап қалуға немесе өзгертуге бағытталады 4.
Оның басты мақсаты-экономиканың және халықтың тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін тұрғын халықты дұрыс саналы орналастыру.
Казақстан Республикасының 2002 жылғы 27 наурыздағы және 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Мигрант халқы» деген заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Онда миграцияға мынандай анықтама берген. «Миграция-бұл бір мемлекеттен басқа мемлекетке, жеке тұлғаларды тұрақты немесе уақытша, еркін немесе амалсыздан ауыстырылуы, сонымен қоса мигрант -ол Қазақстан Республикасының ішкі мемлекетіне келуші немесе Қазақстан Республикасынан кетуші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішіне ұзақ уақыт бойы себепсіз, тәуелсіз түрде қоныстанатын тұлға».
Жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес иммигранттар-Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. Оларға репатрианттар, реэмигранттар, қоныс аударушылар, амалсыздан қоныс аударушылар, босқындар деген мәртебе беріледі.
Репатриант-тарихи елінен қуып жіберілген және саяси жазалау актісінің күшіне байланысты азаматтығынан айырылған, заңсыз реквизицияланған, күштеп коллективтелген, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға мақсат қойған, еркін түрде қоныс аударған тұлға. Реэмигрант-ол эмиграцияда болған және еліне қайтатын адам.
ҚР-ң ІІМ-ң 1999 жылғы 12 мамыр айындағы № 5 нұсқауында Репатриант, рэмигрант, қоныс аударушы және амалсыздан қоныс аударушының мәртебесіне анықтама берілген онда өзіне және жан ұясына саяси, ұлттық, діни т. б қысым көрсеткен жағдайда, өзінің тұрақты өмір сүретін жерін амалсыздан тастап кететін тұлға. Коныс аударушы мәртебесі өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, еркін түрде тастап кеткен шетелдіктерге жене азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Басқа мемлекетке тұрақты және уақытша тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының азаматы эмигрант мәртебесіне ие болады.
Біздің елімізге жыл сайын шетел азаматтары келеді. Шетел азаматтары белгілі уақытқа әр-түрлі мақсаттармен келеді: дипламатиалық өкілеттілік және оларға теңестірілген тұлғалар ретінде, экономикалық, сауда, ғылыми, техникалық және т. б. мәселелерді шешуге жұмыс бабымен командировкаға келген, үкімет аралық келісім бойынша жұмыста болатын, оқушылар, туристер, жеке шақырумен келген, келесі транзитпен келген азаматтар.
Криминалды мигранттар, олар қылмыс жасау мақсатымен келеді. Қылмыскерлер- гастрольде жүрушілер, сотталғандар, жасырын түрде келетін мигранттар.
Криминалдық талдау бойынша «мигрант» түсінігіне Кузмьмичев В. С. мынандай анықтама берген «Мигранттар- тұратын жерін өзгерткен тұруыа уақытша тіркелген тұлға».
Криминалдық миграцияны С. Е. Метелев былай түсіндіреді: саяси, қоғамдық қауіпсіздік оқиғасы; қылмыс жасау мақсатымен территорияларда ауысып жүретін тұлға 5.
«Мигранттардың қылмыстары дегеніміз- бір мемлекеттен басқа мемлекеттке ауысқанда, тұлғалардың жасаған қылмыстарының жиынтығы болып табылады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz