Қызылорда облысының жер қорын ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланудың экономикалық-географиялық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультетінің магистратурасы
Экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедрасы
Магистрлік диссертация
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Орындаушы И. Б. Сарсенова
« » 2007ж.
Ғылыми жетекшісі Е. Ү. Жамалбеков
« » 2007ж.
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі Ш. М. Надыров
« » 2007ж.
Алматы 2007
РЕФЕРАТ
Магистрлік диссертация 2- курс магистранты Сарсенова И. Б арқылы орындалды. Магистрлік диссертация 70 беттен, 2 картадан және сурет пен 23 кестеден тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі - 30. Жұмыс компьютерде терілген. Ғылыми мақсаты - жер қорын ауыл шаруашлығында тиімді пайдалану және күріш өндірістілігін көбейту. Ғылыми жұмыс нәтижесінде 2000 жылы №2 (23) «ҚазҰУ хабаршысы» атты географиялық басылымда «Қызылорда облысының аумағында күріш өндірісін көбейту мүмкіншілігі» тақырыбында мақала жарияланды.
.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Әдебиеттерге шолу . . . 5
1. 1 Қазақстанда күріш өсімдігінің дамуы мен шығуының қысқаша тарихы . . . 7
1. 2 Қызылорда облысының табиғи-климаттық ресурстары және жер қорларын бағалау . . . 9
1. 3 Қызылорда облысын табиғи -экономикалық зоналау және ауыл шаруашылығын орналастыру мен мамандандыру . . . 17
1. 4. Облыстың ауыл шаруашлығын дамытудағы Арал теңізінің экологиялық мәселелері . . . 21
2. Облыс ауыл шаруашылығында тұрақтылықты жоғарлатудағы негізгі бағыт - өсімдік шаруашылығы (күріш мысалында) . . . 25
2. 1 Облыстың суармалы егіс жерлерін өнімділігін арттыруда ауыспалы егіс жүйесімен тыңайтқыштарды қолдану мәселесі . . . 29
2. 2 Облыстағы күріш өндірісінің экономикалық тиімділігі және оны дамыту. 44
2. 3 Облыстағы қазіргі кезде мал шаруашылығын орналастыру және оның экономикалық тиімділігін бағалау . . . 51
3. Қызылорда облысы суармалы жерлерінің мелиоративтік жағдайы және оны жақсарту тәсілдері . . . 54
3. 1 Облыстағы суармалы егістіктің қазіргі даму мүмкіншілігі . . . 64
3. 2 Облыстағы жер ресурстарын қорғаудағы экологиялық стратегиясы және тиімді пайдалану мәселелері . . . 66
Қорытынды . . . 68
Қолданылған әдебиеттер . . . 69
Жердің құйқасын танып, қойнын ашып, қазынасын ала білген адам дәулетті . . . (Ы. Жақаев) /1/
Қызылорда облысы - негізгі күріш өсіруші аймақ болып табылады, мұнда Қазақстан бойынша күріш мәдени өсімдік өндірісінің 80% шоғырланған.
Күріш өндірісі саласын тұрақты дамыту үшін негізгі міндеттер және мәселелер болып:
- ҚР күріш кластерін тиімді функциялау және ұйымдастыру
- Арал экологиялық дағдарыстың кері әсерлерін алдын алу және суармалы егістік жерлерге мелиоративтік іс-шараларды жүргізу
- Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы күріш сегментін ДСҰ-да тең құқылы өнім ретінде қатысуға және оның бәсекеге төтеп беруі мен өнім сапасын көтеруге жол ашу.
Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілдердің бірі болып - күріш өндірісін динамикалық өсіп дамуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық саласын қолайлы дамытуда өндірістік-техникалық жабдықтармен қаруландыру. Сонымен қатар өсімдік шаруашылығында керекті тыңайтқыштар мөлшерін бөлінудің реттілігін қарастыра отырып, ауыл шаруашылық секторын толығымен жөндеуден өткізуде қаржы материалдық жағдайына көңіл бөлу
Зерттеу мақсаты: Қызылорда облысының жер қорын өсімдік шаруашылығында тиімді пайдалану және соның ішінде күріш өндірісін дамыту, суармалы егіншілік жерлерді қалпына келтіру, республика деңгейінде күріш ресурсын сақтау мен жоғары сапалы деңгейде өндірілуін қамтамасыз ету, сонымен қатар Қызылорда облысының жер қорын мал шаруашылығын дамытуда тиімді пайдалану.
Ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары:
- экологиялық жағдайды залалсыздандыру бойынша АӨК-де табиғатты қалпына келтіру және табиғатты қорғау іс-әрекет шараларды ғылыми түрде қамтамасыз ету.
- Аралмаңында агроэкология мәселелерін шешуге бағытталған және өткізілген зерттеулер тиімділігін бағалау;
- Жоғары өнімді сорттар, ресурстарды үнемдейтін экологиялық қауіпсіздік технологияларды және де тағы басқа ауылшаруашылық өсімдіктерін өндіріске енгізу және өңдеу;
- Суармалы жерлер топырақ өнімділігін арттыру, Арал теңізінің құрғаған табанын фитомелиорациялау, орман мелиоративтік жұмыстарын дамыту және сонымен қатар экологиялық дағдарыс зонасында шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту және ғылыми негізде өңдеп сақтау;
- Қызылорда облысында судың жетіспеушілігіне байланысты өсімдік диверсификациялау бағдарламасын өңдеу;
- Сүтті және етті мал шаруашылығы мен қаракөл өнімділігінің зоналық жүйесін өңдеу;
- ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның негізгі салаларының бірі. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуінде. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауылдық аумақтармен тығыз байланыста. Өндіріс құралдарына жеке меншік иелену құқығына және өзін-өзі басқару принципіне негізделген отбасылық ферма (шаруа қожалығы), кооператив, шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының базар экономикасына ең бейім түрлері екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Кеңшарлар мен ұжымшарларды қайта құрылымдау осы тәжірибеге негізделген. Ауыл шаруашылығын реформалау жеке меншік нысанындағы шаруашылық жүргізу нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің санын ұлғайтумен қатар жүргізілді.
2006 жылдың басында біздің елде 4919 мемлекеттік емес кәсіпорындардан (ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері, түрлі шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар), 157 мың шаруа (фермер) қожалықтарынан және 65 мемлекеттік заңды тұлғалардан (ғылыми-зерттеу институттарының, мекемелердің, оқу орындарының тәжірибелік шаруашылықтары) құралған негізінде тұрақты аграрлық құрылым қалыптасты.
Оған қоса, аграрлық құрылымның құрамына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл халқының 2 миллионнан аса жеке шаруашылықтарын және шамамен 3 мың бау-бақша шаруашылықтары мен саяжай кооперативтерін жатқызу керек.
Жер үшін төлем енгізілуіне байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер өнімділігі төмен жерлерден бас тартты, нәтижесінде жер пайдаланушылар пайдалануындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 2, 5 есе, егістік жерлердің аумағы 1, 6 есе, шабындық жерлер мен жайылымдардың аумағы 3 есе қысқарды. Пайдаланудағы жерлер құрылымында егістік жерлердің үлесіне 28, 3%, шабындық жерлерге 2, 2% және жайылымдарға 65, 8% тиесілі.
Қазақстанның экономикасын көтеруде ауыл шаруашылығы маңызды сектор болып табылады. Төменде келтірілген суретте Қазақстан Республикасы бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің құрылымы берілген. Республикадағы жер қорларының диаграммасын жасай отырып, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер үлесі көрсетілген. Ең алдымен жер құрылымын Қазақстан деңгейінде қарастыра отырып, Қызылорда облысының жер қорын осы көрсеткіштен өз үлесін анықтауымызға мүмкіндік береді. Сондықтан да, бүгінгі таңда суармалы егістік жерлерге көңіл бөле отырып, соның ішінде республика бойынша күріштің 80% өндірісін беретін Қызылорда облысының жер қорын ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланудың мәселелерін қарастыруымыз керек.
Сурет 1 - 2006 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің құрылымы
Ауыл шаруашылық өндірісін дамытуда, яғни оның даму бағыты, ұйымдастыру және басқару жүйелерін көрсетуде ғылымның алатын рөлі зор. Бұл жерде басты шешуші рөлде аграрлық ғылым екені белгілі. Экономикалық жағдайларды ескере отырып, ғылыми зерттеудің басты бағыттарын, қаржы көздерін, ғылыми күш пен материалды ресурстарды анықтау міндетті болып табылады. Ол жақын және болашақ жобалардың шешілуіне мүмкіндік береді. Аграрлық зерттеу сұрақтарымен бүгінгі таңда Аралмаңы ғылыми зерттеу геоэкология және ауылшаруашылық институты айналысады.
Ауыл шаруашылық өндірісінің көп қабатты даму экономикасында басты міндет - шаруашылықтандыру мен алуан түрлі жеке қожалық формаларын қалыптастыру және өнеркәсіптік тауарлармен ауыл шаруашылық өнімдердің нарықтық инфрақұрылымын түзумен қатар, АӨК инфрақұрылымын бәсекелік формаларын жасау негізінде ауыл шаруашылық сферасында экономикалық тиімділікті арттыру.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында басты рөлде аграрлық саясат жатады. Республика ауыл шаруашылығында соңғы жылдары тұтастай бағытталған анықталған бағыттар байқалуда.
Біріншіден, барлық аймақтарда көп қабатты экономика түзілді, қожалық типті агротүзілімдер мен шаруашылықтар арасында тиімді арақатынас орнады.
Екіншіден, өңдеу бойынша агросервис қызметтері мен өзара экономикалық өнімдерді шығару үрдісінің біртіндеп алға жылжуы.
Үшіншіден, заң-құқықтық база құрылған, яғни белгілі бір деңгейде ауылшаруашылық өнімдердің өндіріс көлемін көбейту мен кіріс алуда шаруашылықтың әртүрлі формаларын тұрақтандырады.
Бірақ та аграрлық сектордың оң бағыттарына қарамастан, Арал маңында соңғы жылдары ауыл шаруашылық өсімдіктерді егу ауданы біршама қысқарғаны байқалады.
Облыстағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті агроөнеркәсіптік кешеннің сыртқы экономикалық әрекеті болып азық-түлік импортын біртіндеп азайту, олардың экспорттарын дамыту. Сол уақытта азық-түлік импорты тұтыну нарық құрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді, бірақ импорттық экспансия отандық тауарөндірушілерді нарықтан ығысуына әкеледі.
Қызылорда облысында соңғы 5 жылда сыртқы тауар айналымы көрсеткендей, 11, 2 есеге ұлғайса, (35, 5 млн АҚШ долларынан 396, 6 млн АҚШ долларына дейін), экспорт - 56, 7 есеге (6, 0 млн АҚШ долларынан 340, 3 АҚШ долларына дейін), импорт - 1, 9 есеге (29, 5 млн АҚШ долларынан 56, 3 млн долларға дейін) ұлғайды. Сыртқы тауар айналымы көрсеткендей, аймақ белсенді әлемдік шаруашылық қатынастар қатарына кірігеді. Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарының негізгі экспорты - күріш және тұз.
Күріш бағалы мәдени дақыл болып табылады. Әлемдік жер шаруашылығында бидайдан кейінгі екінші орында, жалпы жиналуы мен өнімділігі бойынша бірінші орынды алады. Күріш - бүкіл жер щары тұрғындарының 3/5 үшін негізгі қоректену өнімі, ал 2/5 бөлігі үшін диеталық қоректену өнімі.
Тамаққа күріш ұнтағы пайдаланылады. Ол орташа есеппен 7, 7% ақуыз, 75, 2% көмірсу, 0, 4% май, 2, 2% клетчатка, 0, 5% күл және 14% судан тұрады. Күріш дәнінен ұн, күріш крахмалы, спирт, сыра шығарады. Күріш өндірісінің қалдықтары малға азық ретінде, сонымен қатар В 1 фитин дәруменін және басқада емдік препараттар жасау үшін шикізат ретінде қолданылады. /2/
- ҚАЗАҚСТАНДА КҮРІШ ӨСІМДІГІНІҢ ДАМУЫ МЕН ШЫҒУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Қазақстанда күріш егу екі оазисте шоғырланған - Іле және Қаратал өзен аңғарларында (Алматы облысы) және Сырдария өзенінің ортаңғы және төменгі ағысында, негізінен Қызылорда облысында орналасқан. Бірінші оазисте күріш мәдениетінің бастауын 1871-1872 ж. ж Қытайдан осында Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер мен тараншылыр негізін салды. Сырдария өзені ағысында күріш мәдениеті XVII ғ соңында аймаққа қарақалпақтардың қоныстануымен пайда болды. 1820 жылы өлкені Қоқан хандығының басып алуымен Сырдария оазисінде суармалы жер шаруашылығы бірнеше жылдарға дейін толық құлдырады. . Күріш жасаудың дағдылары жойылып қана кетпей сонымен бірге мәдениет ретінде күріштің өзі де жойылды. Бірақ 1840-1850 ж. ж өзінде-ақ Ақ - Мешіт қала төңірегінде жермен айналысудың ұсақ ошақтары қайтадан пайда болды. /3/
1853жылы Ресей патшалығы өлкені жаулап алғаннан кейін жер шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту үрдісін күшейтті. Түбегейлі өзгеріс 1879 жыл байқалды. Мұнда қатаң қыс және жем -шөптің жетпеуі жартыдан көп мөлшерде малдың қырылуына әкелді, және де көптеген халықтар үшін жер шаруашылығы тіршіліктің негізгі көзі ретінде болды.
XIX ғасырдың соңғы жартысында Орта Азияда күріш ауданының тез өсуі судың әсерінен мақтамен бірге оның бәсекелесін тудырды. Бұл билікті жаңа жерлерге күріш егуді орналастыру мүмкіншілігі үшін шараларды қолдануға мәжбүр етті. 1885 жылдан бастап ежелгі иригациялық жерлерде бірінші кезекте жаңа суармалы жерлер жобасын құрастыру мақсатымен жүйелік зерттелер басталды: Сырдарияның сол жағалауы бойынша Жалаңаш даласынан қазіргі Қызылорда облысының территориясымен Жаңадарияның құрғақ арнасына дейін. Бірінші егістіктер 1896 жылы пайда болды. Ал 1897 жылда күріш өсімдігі 300 га жерді құрайды. Жаңа жерлерді игеру Шиелі кентінің төңірегінде және Қараөзек пен Сырдария өзенінің арасындағы көлдік ойпаттарда басталды. Содан кейін егістік жерлер Сырдарияның сол жағалауында Шіркейлі ағысы бойында Қуаңдария бойынша, Далакөліне жақын және көп ұсақ көлдер жағалаулары бойыншща таралды. /3/
1912-1914 жылы Сырдария сол жағалауында Қаракеткен стансасының маңында жаңа массив қалыптасты және облыстың күріш егу даму тарихындағы маңызды этап аяқталады: Күріш мәдениет ретінде жаңа ауданда түбегейлі бекіп орнықты. XX ғасырдың соңында ЦК РКП (б) шешімімен байланысты мақталы ауданнан күріш егісін ысыру туралы шешіммен байланысты Сырдарияның төменгі ағысы үлкен маңызға ие болды. Мұнда КСРО -ның мақта белдеуі аяқталды. Бос жер территориялар және су кеңістігіне ие болды, ал топырақ климаттық жағдайлар күріштің Арал теңізіне дейін таралуына мүмкіндік жасады. Бұл қазіргі уақытқа шейін расталып келеді, ал Қызылрда облысы территориясындағы Сырдарияның төменгі ағысы Қазақстанның күріш өнідірісінің ірі ауданы болды.
Сондықтан, Қызылорда облысы күріш егудің дамуын негізгі төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1896 -1920 ж. ж аралығын қамтиды. Облыс территориясында күріш мәдениетінің дамуы және күріш өндірісінің алғашқы тұрақты аудандары пайда болды. Бірінші дүние жүзілік және азаматтық соғыстар күріш егуді үлкен дағдарысқа алып келді, ал егістік жерлер ауданы 320 га дейін қысқарды.
Екінші кезең 1921-1930 ж. ж аралығын қамтиды. Қайта қалпына келтіру кезеңі. 1921 жылдың тамыз айынын бастап ескі жерлерді қалпына келтіру және жаңа суармалы жерлерді өндеу басталды. Күріш егу дамуын тұрақтандыру мақсатында және халықта отырықшы өмірге айналдыруына өтуде халықты жер шарушылығымен айналысуына әкелді. 1928 жылы Қиыр Шығыстан облысқа кәрістерді қоныстандыру басталды. Жергілікті жерге алғаш агроэкономикалық бағалаулар жүргізілді және күріш егісін дамыту жобалары атап көрсетілді.
Үшінші кезең 1931-1960 ж. ж аралығын қамтиды. Күріш өндірісіне маманданған колхоздар ұйымдастырылып, ұжымдастыру жүргізілді. Ірі, жоғары механикаландырылған күріш егу кешеннің индустриялы негізі қаланды. 1957 жылы Қызылорда су торап құрылысының аяқталуы күріш егуді одан әрі қарай дамыту үшін маңызды ирригациялық жағдайлар жасады.
Төртінші кезең 1961 жылдан басталады. Ірі жоғары механикаландырылған шаруашылық қалыптасты. Ирригациялық құрылысқа капитал салымдары айтарлықтай өсті. 1960 ж. ж соңында Сырдарияның төменгі ағысында Қазақстанда күріш егудің қазіргі ірі аймағы пайда болды.
Суармалы зоналардың кеңеюі облыста күріш ауданының 1960 жылдан 12, 3 мың га - дан 1970 жылға 62, 6 га -ға дейін көбеюіне алып келді. 1991 жылға дейін ауданның өсуі үлкен қарқынға ие болды және ол 100 мың га ие болды /3/. Бірақ та содан кейін жаңа жерлерді игеру күрделілігіне, су ресурсының шектеулігіне байланысты 1998-2000 ж. ж аралығында егістік жерлерді 60-65 мың га дейін қысқарту басталды.
Өнімділік тез өсті және 1960-1991 ж. ж бойынша үш есеге дейін көбейді: 18, 5-тен 49-50 ц га-ға дейін. 1991 жылдан бастап агромелиоративтік жұмыс кешенін орындау үшін құралдар бөлінбеді. Бұл 1990 жылдардың аяғында өнімнің 30-40 ц га - ға дейін төмендеуіне алып келді. Осыған ұқсас күріштің жалпы жинағы да өзгерді. 1960 жылғы салыстыру бойынша 1995 жылы 18 есеге көбейді (22, 5 мың т және 299, 8 мың т) рекордтық өндіріске 1983 жылы (442, 8 мың т) және 1991 жылы (402, 2 мың т) жетті. Соңғы он жылдықтағы белгілі экономикалық қиыншылықтарға қарамастан Қызылорда күріш өндірісінің жетекші аймағы болып қалуда, оның үлесіне бүкіл Қазақстандық көлемнің 80 % сәйкес келеді.
Топырақ құнарлығын құрайтын заттардың ішінде шіріндінің (гумус) алатын орны ерекше. Себебі, топырақтың көптеген агрохимиялық көрсеткіштері оның құрамындағы қара шіріндінің мөлшері мен құрамына тікелей байланысты болады.
Сырдың төменгі ағысындағы өлкені қамтитын сұртопырақты белдік топырақтарындағы қара шіріндінің мөлшері мен құрамы жайлы бір топ ғалымдар: И. И. Синигин, Ф. Ю. Гельцер, Н. К. Балябо, Т. П. Ласукова, Н. И. Болотова, В. М. Боровский, И. Д. Шарапов, Р. А. Чиркова, А. И. Волков, А. М. Нұрғызарынов, Х. Д. Рамазанов, К. Шермағамбетовтер зерттеулер жүргізген. Олардың мәліметтері бойынша атыраулық топырақ түрлерінің ішінде құрамында қара шіріндінің мөлшері біршама жоғары болатындары: батпақты, шалғынды аллювийлі және шалғынды батпақты топырақтар. Бұл топырақтар Сырдария өзенінің атырауының ылғалды бөліктерінде тараған. Торырақтың жоғары жарты метрлік (0-50см) қабатында қара шіріндінің қоры гектарына 94-117 тонна аралығында болады (Боровский) . Бұл көрсеткіш сұр топырақты белдіктегі кәдімгі сұр топырақтағы қара шірінді мөлшерінен анағұрлым артық. Ылғалды топырақтағы қара шіріндінің мол болу себебін өсімдіктің қалың өсуінен деп түсінуге болады, яғни олардың органикалық қалдықтары қарқынды түрде қара шіріндіге айналып отырады (гумификация) . Бұл жерлерде қара шіріндіге айналу процесімен қатар органикалық заттардың минералдануы да тез жүреді, соның арқасында қара шіріндінің мөлшері үздіксіз жаңарып отырады (Нұрғызарынов) .
Кейінгі жылдары перспективалы егіншілік жүйесін дамытуда егіс құрылымының тиімді түрін таңдап алуға көптеген ғалымдар мен шаруашылық мамандары ерекше көңіл бөліп отыр.
1. 2 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ МЕН ЖЕР ҚОРЛАРЫН БАҒАЛАУ
Географиялық орны. Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Жер аумағы - 226, 0 мың км 2 . (Қазақстан жерінің 8, 3%-ы) . Халқы 607, 1 мың адам (2004 ж) . Орталығы - Қызылорда қаласы. Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Оңтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған), 3 қала (Арал, Қазалы және Республикалық деңгейдегі Байқоңыр қаласы) бар. Географиялық координаттары: 42 0 38 / -ден 47 0 49 / с. е. дейін және 59 0 02 / -тан 68 0 09 / ш. б. дейін созылып жатыр. Қызылорда облысы республиканың оңтүстігінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Айтарлықтай бөлігін Тұран ойпатының жазық жер бедері алып жатыр. Батыс бөлігінде Арал теңізінің солтүстік және шығыс бөлігі, оңтүстігінде - Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде - Арал маңы Қарақұмдары, Арысқұмдар, Орталық Қазақстанның шеткі шөл үстірттері кіреді. Облыстың жер бедері негізінен жазық, құмды белестер, төбешік, шоқылар болып келеді. Биіктік ауытқуы 53-200 м-ді құрайды. Ең төмен жері батысында Арал теңізінің жағалауында, ең биік жері шығысындағы Қаратау сілемдерінде (1491 м) орналасқан. /4/
Геологиясы мен кен байлығы . Облыстың негізгі бөлігі геологиялық жағынан күрделі өзгерістерге ұшыраған. Қазір оның басым бөлігін Сырдария өзені бағытымен оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай Арал теңізіне дейін созылған Сырдария жазығы алып жатыр. Бұдан 80-100 млн жылдар бұрын бор дәуірінің шөгінділері, палеоген және төрттік кезеңдегі түзілімдер сақталған. Қаратау сілемдері төменгі палеозой құрылымдарына жатада. Кен байлықтарының ас тұзы, мирабилит, тенардит тұздарының өнеркәсіптік маңызы зор. Құрылысқа қажетті ұсақ қиыршық тастар, әйнек және шыны бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы, құрылыс тастары, әктас, тақтатас (Майлыбас), қоңыр көмір (Құланды) және басқа кен байлықтарының мол қоры бар. Қызылорда облысы түсті металл кені бойынша Қазақстанда үшінші орын алады. отандық сапалы ас тұзының 60 %-ы, мұнай мен газ конденсатының 21, 4 %-ы, мырыштың 15, 1 %-ы, уран қорының 14 %-ы Қызылорда облысының еншісінде. Оңтүстік Торғай иінінің
облыс бөлігінде 350 млн т мұнай, 2 трлн млрд м 3 газ қоры бар. (2004) /5/
Климаты. Облыстың климаты тым континентті, қысы суық, жазы құрғақ, әрі аңызақты ыстық. Ауа райының орташа температурасы қаңтарда - 13 0 С, шілдеде - 26-28 0 С. Жазда ыстықтың көтерілу шегі 42-44 0 С-қа дейін барады. Құм 60-70 0 С-қа дейін қызады. Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлануына байланысты ауа райы мүлдем өзгерді. Облыс жерімен Сырдария өзеннің 1 мың км-ге жуық төмен ағысы өтеді. Облыс климаты өте құрғақ, бірінші зонада ылғал жылына 152-159 мм-ге дейін түссе, ал қалған территориясында олардың мөлшері 128-135 мм-ден аспайды. Бірінші зона ауданында түсетін ылғал мөлшері жылдың суық кезеңіне келеді (қараша-наурыз), ал қалған зоналарда - жылы кезеңге (сәуір-қазан) сәйкес келеді. Жауын-шашын мөлшері жыл бойынша өте өзгермелі. Тек жеке құрғақ жылдарда 40-70 мм ылғал берсе, ылғалды жылдары ол көрсеткіш - 200-213 мм-ге дейін жетеді.
Желдің орташа жылдамдығы 3-4м/с аспайды. Ең үлкен жылдамдық көктем және қыс айларына сәйкес келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz