Солақайлық мәселесі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Өзектілігі. Адам жан дүниесінің қилы - қилы қыр сыры мен тіршілік әрекеті зерттейтін психология ғылымы - бірден - бір жетекші ғылым психология болғандықтан, оның қарастырар мәселелері қашан да маңызды.

Психология сферасы өте кең және қызықты бүгінгі таңда да көптеген шешілмеген сұрақтар, жасырын феномендер және де түсініксіз құбылыстарға толы.

Солақайлық- баланың оқу мен тәрбие үрдісінде ерекше ескеретін маңызды және бас ерекшелігінің бірі. Ол ауруда, кемістікте емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты болып келеді. Солақайлардың ми қызметінің өзіндік ерекшелігі бар.

Солақай - баланың оқу мен тәрбие үрдісінде ерекше ескеретін маңызды жеке бас ерекшелігінің бірі. Ол ауруда, кемістікте емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты болып келеді. Солақайлардың ми қызметінің өзіндік ерекшелігі бар.

Солақай бала деп «сол қол» кестесі бойынша қосулары көп баланы айтамыз. Егер мұндай балалар жазуға үйрену кезінде қаламды сол қолына алып ыңғайланса, онда «оң қолмен жаз» деп талап етудің қажеті жоқ. Кейде бала « оң қол» кестесі бойынша қосуларды көп алса да, бірақ суретті оң қолға қарағанда сол қолмен жақсы салса, онда оң қолымен жазуға итермелеу, талап ету керек емес ( егер бала өзі сол қолмен жазуға талпынған жағдайда) .

Баланың бір қолының басымдылықпен анықтау мектептегі оқу жүгбесіне енген кезде қиындықтардың алдын алу мен баланың табиғи мүмкіндіктерін толық пайдалану зор маңызға ие болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

  1. Бала солақайлығының мектеп сатысында кездесетін қиындықтың бірі деп есептеп, зерттеу жұмысын жүргізу.
  2. Солақай баланың іс-әрекетті орындау барысында табыстарға жетуі: оң қолды балалармен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсететіндігін айқындауөзектілігі:

Қазіргі кезде солақайлық мәселесі және де оның себебі неде деген сұрақтың әлі нақты анықталған жауабы жоқ, әрі солақайлардың оң қолдардан еш айырмашылығының байқалмайтындығы оның негізінің патологияға қатыссыздығы, әрі ақыл - ойы кемістермен қатысының жоқтығы деуанықталады. Соңғы кезде сол қола жетекші «оң жартышарларлы» балаларға көңіл бөлу қолға алынып отыр. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, таңда мұғалім баланың іс-әрекеттегі жетекші қолын анықтап оны І-ші оқу күнінен бастап назардан тыс қалдырмағаны абзал. Және осы мәселе туралы тереңірек ойлану керек.

Қазіргі уақытта, осы солақайлық мәселесі оқу іс-әрекетіне қолай әсер ететінін дігі туралы жан-жақты білім болуы керек. Ол үшін мынадай шаралар қолдану керек: лекция оқу, индивидуалды жұмыс істеу, тренинг жүргізу т. с. с.

Практикалық маңыздылығы:

Қазіргі кезде, уақытта мәселесі негативті құбылыс ретінде емес, керісінше оны нақты булыс ретінде қаратырамыз. Егер мектеп кезінен бастап осы мәселеге көңіл аударып, онымен жұмыс істесе, солақайлық оқу іс-әрекетіне ешқандай қиындық туғызбайды.

Біз жұмысымызда солақайлықтық оқу іс-әрекетіндей ерекшеліктерін, оңақай балалармен салыстырғанда айырмашылықтары бар екенін көрсете алдық.

I Теориялық бөлім

1. 1 Солақайлықтың психологиялық негізінің теориялық мәселелері

Әлеуметтік - экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманында білім беру саласының әр сатысында көптеген мәселелер туыедауда. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басын дамыту., психакалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан - жақты зерттеу негізінде оқу - тәрбие жұмысының балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.

Баланың мектепке даярлыығн анықтауға арналған психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде бұл мәселелердің бұл мәселелердің аспектілері жан-жақты зерттелгені еш дау тудырмайды. Алайда « құптарлық емес» құбылыстар қатарына жататын солақайлық мәселесінің де баланың мектепке даярлығы процесінде өзіндік қиындықтарының бірі болуы мүмкін деген пікірді енгізуді ұсынамыз.

Баланың ойлау процесінің дамуы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі бола отырып, осы міндеттердің дұрыс шешімін таба алмауы көптеген педагогтардың әрекетін құнсыздандырып, баланы - кейін ересек адамды да өмірдің қарапайым талаптарының өзіне де қарсы тұра алмауына әкеледі. Алайда ойлау әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның психологиялық механизмдері мен дамуының мүмкін бағдарын ескерген жөн. Психология ғылымының осы саладағы ауқымды жетістіктерді мидың жарты шарлары арасындағы ассиметрияның, яғни оның екі жарты шарларының - түрлі қызметтерінің ашылуымен байланысты.

Физиология мен психологияда ми жарты шарларының өзара функционалды ассиметрияларының ашылуы, физикадағы атом ядросының бөлінуі сияқты өтңкеріспен текткс болып табылады. Мұндай жаңалықтың, шашылуы АҚШ зерттеушісі, кейін нобель атындағы сыйлықтың иегері Р. Сиперідің есімімен байланыстырылады.

Хомская Е. Д. мидың сол жақ жарты шарының қызметі дамның ауызша, жазба сөйлеу тілін түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс жауап беруіне жағдай жасайды және де адам формальды логикамен бұрын меңгерілген ережелер негізінде сандармен математикалық формулаларды жеңіл пайдалана алады. Бірақ мидің сол жақ жарты шарының белсенділігі дыбыс интонациясы мен дауыстың модуляциясын жапыратуға мүмкіндік бермейді. Сол жақ жарты шардың арқасында әлемнің бір тұтас бейнесі қалыптасатын болса, оң жарты шардыбөлек бөлшектерінен әлемнің үлгісін жинақтайды. Сонымен бірге мидың оң жарты шарлары санадан тыс психикалықпен байлынысты. Солақайлық мәселесі педагогиканың күрделі мәселелерінің бірі - көп уақыт бойы оң жақ қолына қарғанда сол жақ қолымен белсендірек әрекет ететін балаларды, жалпыға бірдей бір түрге келтіру мақсатында қайта үйрету тиіс деп есептелініп келеді. Алайда мұндай әрекеттің еш жақсылыққа әкелмейтіні, керісінше көпшілік балаларда невротикалық реакциялардың пайда болуына жағдай туғызатынын байқауға болады. Солақайлық дербес көзқарасты талап ететін балалардың тобы, өйткені дәл осы балалар астеноневротикалық реакцияға сезімталдыққа бейім келеді. [1, 23 -33 б]

Тарихқа көз салсақ, солақайлық құптарлық құптарлық емес құбылыстардың негізінде болғандықтан, солақайларды міндетті түрде оңақайлыққа қайта үйрету қолға алына бастады. Осы уақытқа дейін өскелең ұрпақтың тәрбиесімен, денсаулығымен айналысқан мамандар солақайлардың міндетті түрде күшпен болсада оңақайлыққа үйрету қажет деп есептеді. Баланың сол қолымен жазуға, әрекет етуге күш көрсеткен жағдайда сол мезетке дейінгі баланың бойында, байқалмаған астеникалық белгілер көрініс бере бастайды, атап айтқанда бала тез шаршағыш болады, жұмыс істеу қабілеті төмендеп, сол қолының шаршағандығы мен басының ауырғандығының белгілері көрінеді. Осы аралықта баланың түнгі, ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті шаппай, балалардың бойында ызалаңқылық, ұстамсыздық, қызбалық байқалып, ата-аналарына, тәрбиешілеріне, педагогтарына қатысты қарсылық реакциясы жиіленеді. Сирек жағдайда тұтықпа, дәретін ұстай алмау жағдайлары орын алады.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) денсаулық сақтау министрлігінің солақайлықты анықтау және солақай балалардың психогигиенасы атты әдістемелік нұсқауларында солақай баланы күштеп оңқайлыққа үйрету невротикалық ауытқулардың дамуына әкелетіндігі сөз етілді. Тіптен нейродермит, бронхиалды астма ауруларының көрінісі күшейе түседі. Сонымен бірге солақайларды оңқайлық әлемге ешқандай жағымсыз жағдайларсыз да қайта үйретуге де болады. Сондықтан балаларды қайта үйрету мәселесі әрбір нақты жағдайға сәйкес, атап айтқанда олардың денсаулық жағдайларын, ағзаның бейімделе алу мүмкіншіліктерін, ішкі еснімдерін физиологиялық алғышарттарын, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Кейде солоақайлықтың өзі қайта үйрету дағдыларынсыз да баланың психикасына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда солақайлықпен қосарлана жүретін барлық сыртқы белгілерін тексере отырып, қайта үйреткен жөн. Ал егер де солақайлық тұқым қуалаған болса, үйрету әрекеттерінің жүзеге асырмалғаны дұрыс.

Солақай бала мектеп табалдырығын аттағанда қиыншылыққа тап болады. Мәселен, мұғалімнің қаламды оң қолыңмен ұста, неге қарындашты тағы сол қолыңмен ұстадың? Деген т. б. ескерулері балаға ыңғайсыздық туғызады. Қанша талап қойылса да, оң қолымен ұстап жазсада, ырқына көнбей, қайта-қайта басқа жаққа қарай қисайып кете береді. Сондықтан ата-ана, мұғалім тарапынан баланың шынымен солақай екнін анықтап алуы - басты мәселе.

Кеңестік кезеңнің тәлім - тәрбие мәселесінде бұл мәселе тез шешімін табатын. Егер бала солақай болатын болса, онда ол міндетті түрде оң қолымен жазуы тиіс деген жалпыға бірдей талап қойылатын. Балалардың денсаулығы мен мүмкіндіктерін және физиологиялық ерекшеліктері назардан тыс қалып отыратын.

Адмадарда болатын солақайлықтың болу - себебі, әлі ашылмаған, ғылыми нақты бір тұжырымға келмеген мәселелердің қатарына жатады. Ғалымдардың болжамы бойынша солақайлық жылдан - жылға ұлғайып бара жатқанын көрсетеді.

Ресейлік ғалымдардың зерттеулері бойынша шынымен адамзаттың көп бөлігі оң қолды, тек 5 - 12 пайызы ғана солақай екені анықталды. Бірақ солақаймен оңқолдыларды біржақты топтар деуге болмайды.

жоғары дәрежелі солақайлар және жоғарғы дәрежелі оңқолдылар болады, сонымен қатар қолының әрекет етуі бірдей белсенді болып келу ерекшелігң де анықталған, оны ғылымда амбидекстер деп атайды. Шетел ғалымдарының ойынша солақайлар пайызы көбеюде. 1928 ж шетелдегі зерттеу бойынша үлкендер арасында солақай әйел адамдар 3, 3% - ке, ал солақай ер адамдар 4, 7% - ке жеткен, ал 1973 жылы солақайлық әйел адамдар арасында 8, 8% - ке өссе, ал ер адамдарда да 10, 4% - ке жеткен. 1979-88 жылдары солақайлық әйел адамдардың арасында 12, 4% - ке және ерлер арасында 13, 9% - ке жеткен, осыдан, солақайлық мәселесі өмірде сирек те болса, кездесіп тұратын құбылыс екендігін байқап отырамыз.

Ресейлік нейрофизиолог А. А. Айропетянцтің зерттеуінде 1987 жылы 7-9 жасар балаларда 13, 3% солақай ұл балалар және 10% қыз балалар болған. Ал 14 жастарында ұлдарының ішінде солақайлар 4, 4% ал қыздар арасында 4, 1% солақайлар кездескені айқындалған. [2, 62-91б]

Көтеген шетелдегі зерттеулердің нәтижесіне көз жүгіртсек, солақай балаларын оң қолға үйретпейді, керісінше оларға арнап оқулықтар, құрал - жабдықтар, сонымен қатар мамандық алуына жағдай жасалған, яғни солақайлармен тиімді қарым-қатынас жасау арқылы олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалған. Көптеген шетел қалаларында солақайларға арналған түрлі тұрмыстық заттар, дене тәрбиесіне арналған құралдар, іс машиналары, клавиштері сол қолға арналған компьютерлер және де қажетті заттар сатылатын арнайы дүкендер бар. Өкінішке орай біздің елімізде солақайларға қатысты мұндай жағдай жасау ескерілмеген.

Атақты американ оқымыстылары С. Спингер мен Г. Дейч өздерінің «Сол ми, оң ми» атты еңбектерінің бір тарауын «Сол қолдың құпиясы» деп атаған.

« . . . біз әлі солақайлар оң қолдарында несімен ерекшеленеді және солақайлық патологияға жатпайма?» деген сұраққа жауап таба алмадық дейді. Енді осы сұрақтар түрлі көзқарастар мен зерттеулерде қалай талданғанына назар аудармайық.

Негізінде солақай деген сөз көптеген тілдерден аударғанда «икемсіз, қолайсыз, қабілетсіз» деген мағынаны білдіреді.

Ағылшын тіліндегі «Lefthanded» деген сөзінің синонимі тек епсіз, икемсіз ғана емес - тұйық және арамза деген мағыналарды білдірсе, ал франсузша “Gauche”-«сол жақ» ебедейсіз, шыншыл емес деген мағына берген, немісше “Link” - «сол жақ» «икемсіз» деген мағынаны, нигерияда сол қолды «ово оси», яғни «икемге келмейтін» деп атаған.

Американдық психологтар С. Спингер мен Г. Дейчтің айтуы бойынша, бұл мағыналарға аса зер салмау керек. Тарихта аты әлемге әйегілі көптеген адамдардың солақай болғаны бізге мәлім. Мысалы, А. Македонский, Наполеон, Леонардо да Винчи, Павлов, қазақтың дарынды ұлы композиторы Н. Тілендиев т. б. сол сияқты солақайлар да өз өмірінде көптеген жетістіктерге жеткендерін дәлелдеп отыр. [3, 17-31б]

Солақай баланың келешегіне кедергі келтірмей, қателік жібермес, оның еш кедергісіз әлеуметтік ортаға бейімделуі үшін ата - ана, мұғалім, тәрбиеші тарапынан баланың шынымен солақай екенін анықтап алуы басты мәселе. Осыған орай бала туғаннан бастап, оның қай қолы жетекші болатынын білуге болады. Яғни алғаш туған кезде қай жұдырған тығыз жұмса , бесікте жатып сол жағына басын бұра берсе, сылдырмақты сол қолымен ұстаса, ұсынған затқа сол қолын берсе т. б. белгілер бар.

Физиологиялық ерешеліктеріне байланысты солақайлардың сөйлеу орталығы: сол жақ жарты шарда, кейде оң жақ жарты шарда немесе екі жақ жарты шарда болатыны анықталған. Осындай ерешеліктерге байланысты оң және сол жарты шарының зақымдануынан пайда болатын әртүрлі ауру түрлері кездеседі. Мектеп табалдырғына келгенде солақай балада қиыншылықтар қатары орын алады. Мұндағы қиыншылық себебі, барлығы оң қолға икемделіп жасалынғандықтан туындайды.

Осылайша солақай баланы қайта үйрету мәселесі әрбір нақты жағдайға ағзаның физиологиялық және психологиялық ерешеліктерін, баланың әлеуметтік - бейімделуші қабілеттерін ескере отырып, қатаң түрде дербес шешілуі тиіс.

1. 2 Солақайлықтың физиологиялық негіздері.

Қай жастан және қай қолмен іс-әрекетті орындай бастау қажеттігі туралы нақты дәлел жоқ. Соған орай енді физиологиялық ерешеліктеріне тоқтала кетсек: сол мен оң қолдар миының қызметі әр түрлі. Солақайларды оң қолға үйрету арқылы біз олардың миының физиологиялық ерешеліктерін бұзамыз. Көп жағдайда адамдардың іс-әрекеттегі жетекші қолын білу арқылы, оның миындағы басым жарты шарын айтуға болады. Мысалы: оң қолды балада сөйлеу орталығы мидың сол жақ жарты шарында орналасса, сол қолды балады мидың ол оң жақ жарты шарында болуы мүмкін. Сонымен қатар ол сол және оң жарты шарларда яғни симметриялы болуы мүмкін. Көбінде солақайлар миының 2 жартышары бірдей қызмет етеді. Баланы теріс үйрету арқылы біз мидың іс-әрекетінің құрылымын да өзгертеміз.

Р. Римская Көбінде мектепке дейінгі кезенде ата-аналар мен тәрбиешілер баланың қай қолы жетекше екеніне көп мән бере бермейді, сондықтан бала сурет салып, жазып үйрене бастаған кезде ғана үлкендер оған мән беріп, қолын ауыстыруын сұрайды. Солақайлық - тұқым қуалау арқылы да берілуі мүмкін деген пікір кездеседі. Жанұяда солақайлық әке - шеше, әже - атасында болса, әсіресе осындай жанұялар мектепке дейінгі солақай балаларды оң қолға үйретуге тырысады. Мұндағы негізгі себеп неден дейтін болсақ, көбінде ата-анасы өздерінің көрген қиыншылықтарын баласы көрмесе деген ойдан деп топшылауға болады. Осы орайда ата-аналар мен тәрбиешілердің солақай балалармен жұмыс жүргізуінің құрылымдық үлгісін ұсынып отырамыз. [4, 14-27б]

Кесте 1- Солақай балалармен жеке жұмыс жүргізудің құрлымдық үлгісі

Солақайлықтың пайда болуының негізгі себебі туралы нақты пікір жоқ. Кейбір зертеушілер генетикалық яғни тұқым қулауға негізделеді деп тұжырымдаса, кейбір зерттеушілер, солақайлық бала организмінің дамуының алғашқы кезеңіндегі сол жақ жарты шаралардың зақымдалуынан деген тұжырым жасайды.

Өкінішке орай, солақайлар мен ақыл-ойында кемістігі бар адамдардың ұқсастығы бар деген пікірлер де кездеседі. Алайда арнайы психофизиологиялық тексерулер мұндай ойды теріске шығарады. Дегенмен де ақыл-ойы кеміс балалар ігінен солақайлардың саны басымырақ екендігі байқалған. Мұндай жағдайда солақайлық паталогия нәтижесі болуы мүмкін деген де күмән туындайды.

Сонымен солақайлықтың себебі неде деген сұрақтың әлі нақты анықталған жауабы жоқ, әрі солақайлардың оң қолдылардан еш айырмашылығының байқалмайтындығы оның негізінің паталогияға қатыссыздығы, әрі ақыл-ойы кемістермен қатысының жоқтығы деуге анықталады. Соңғы жылдары сол қолы жетекші «оң жартышарлы» балаларға көңіл бөлу қолға алынып отыр. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, таңда мұғалім баланың іс-әрекеттегі жетекші қолын анқтап оны І-ші оқу күнінен бастап назардан тыс қалдырмағаны абзал.

Альманах алайда солақайлықты анықтау баланың сәби кезінен бастаған жөн. Мәселен, солақайлықты анықтау жолдарына тоқтала кетсек, ең кішкентай кезіңде баланың қай қолының жұдырғы тығыз болса, кейінірек қай қолымен сылдырмақты ұзағырақ ұстаса, туғаннан кейін 4 апта өткеннен кейін бала төсекте жатып басып жиі сол жаққа бұра берсе, оң аяғы мен оң қолының жиырылуы қалыпты болса, бала солақай болуы мүмкін. Сонымен қатар 3 айлығынан бастап, қай қолымен әрекеттерді орындауына көңіл бөлу қажет. Ойнаған кезде ойыншыққа қолын созғанда, сол қолын жиі жүгіртсе, бала солақай болуы мүмкін. Ал, ересек баладан солақайлықты сұрақ қою арқылы білуге болады. [5, 21-27б]

Өткен ғасырдың ортасында француз хирургы Поль Брока сөйлеудің бұзылуы мен мидың сол жақ жартысының зақымдануының қатысы бар ененін дәлелдеді. Осы көз қарасқа байланысты барлық оң қолдылардың сөйлеуінің орталығы сол жартышар, болуы мүмкін. Бұл ереже тек оң қолдыларда дұрыс болуы мүмкін. Кейбір солақайларда сөйлеу орталығы Броканың айтуынша, оң жартышарда болса, кейбір солақайларда оң қолдылардағы сияқты сол жартышарда болады.

Одан арғы зерттеулердің көрсетуінше, сол жартышар сөйлеу қызметінғана басқармайды, сонымен қатар басқа да жоғары функцияларды атқарады. Осындай көрініс сол жартышар қызметінің басты екенін айқындаса, оң жақ жартышар сол жақ жарты шарға бағынышты болып қосалқы қызметті атқарады. Көп жылға дейін оң жақ жартышардың функциясының маңызы жете қарастырылмады. Кейінірек сол және оң жартышардың өзіне тән функцияларының бар екендігі жайлы клиникалық ақпарат жиналды. Сол жақ жартышары зақымданған адамдардың сөйлеу қызметі ғана бұзылып қоймай, сонымен қатар басқа да функциялары атап айтқанда хат жазуы, оқуы, т. б. әрекеттерінің бұзылғандығы байқалған. Ал, оң жартышардың жарақаттануынан іс-әрекеттің бұзылуы және қоршаған ортада бағдарлануы әрекетінің бұзылуы, қарапайым қозғалыстардың қиындауы т. б. байқалған. Мидың оң жақ жартышарының зақымдануынан музыкалық қабылдауы төмендейді. Адамның өлең айту қасиеті жоғалып, «музыкалық сыңырлаулық» пайда болады. Оң және сол жартышардың зақымдануынан есте сақтаудың мазмұны бұзылады және әртүрлі эмоциялық жағдайлары жоғалады, ойлау жүйесінің қарқыны төмендейді. Осының қортындылай келе, біз солақай баланы қайта үйретудің нәтижесінде оның биологиялық табиғатын өзгертетінімізге көз жеткізе аламыз.

Солақайлардың сөйлеу орталығының қай жарты шарда қаншалықты қарқындылығына қарай түрлі топқа бөледі: 1) сөйлеу орталығы оң жақ жартышарда болуымен, 2) сөйлеу орталығы сол жақ жартышардың қатысуымен, 3) сөйлеу орталығы екі жартышарда да орналасуымен сипатталатындар.

Сонымен қатар әртүрлі себеппен туындаған солақайлықтың да түрі болады: 1) генетикалық, 2) патологиялық, 3) мәжбүр болған солақай түрлері. [8, 10-19]

Зерттеушілер солақайлардың өсу, даму ерекшеліктерін, денсаулық- жағдайларын ескере келе, оларға арнайы күтім керек дейді. Көбі солақай балаларды - «тәуекел топтары» деп атайды, себебі мектепте оқу материалдарын игеру І-ші жылдың, І-ші айында, оқушыдан көп нәрсені талап етеді. Бұның бәрі жалығуға да әкеледі. Жаңа орта, жаңа достары, сыныптастары, жаңа міндет, талаптар әр оқушыға қиын, ал солақайларға мұның бәрі мүлдем күрделі болады.

Арнайы зерттеушілердің көрсеткіші бойынша, яғни солақай балалардың мектеп жағдайына қалыптасуының кейбір ерекшеліктері болатынын, оларға бәрі қиындық тудыратынын растайды, олар эмоционалды түрде әрнәрсеге таңырқай қарап, өздеріне деген сенімдерінің әлсіздігімен ерекшеленді. Егер солақайлар кластастарымен келіспеушілікке ұшыраса, бәл оларды психологиялық тұрғыда жарақаттауы мүмкін. Зерттеушілер де, ата-аналар да, мұғалімдер де солақайлардың жеке қалуға құмар екендіктерін, қарым-қатынасқа қиын түсінетіндіктерін - ескереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солақайлықтың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Солақайлықтың физиологиялық негіздері
Солақай адамдардың ерекшеліктері
Баланың мектепте оқуға дайындығы
М.ӘУЕЗОВ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
Терең тұлға аралық қатынастары
Дислексия және кеңістік түсініктердің бұзылысы
Тіл көгермей, ел көгермес
Ахмет Ясауи және ХІ – ХІV ғасырлардағы түркі поэзиясындағы сопылық ағымы
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz