Экологиялық мониторинг



Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.
Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет

Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-
әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау,
бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-
сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның
қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы
маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және
антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің
деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме
саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен
аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің
тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық
жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы
шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол
бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның
шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне
апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп
пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі
жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып
кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі
қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен
топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір
тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи
процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі
қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне
тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын
антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық
шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің
тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы
өзгеріссіз сақтап отырды.
Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар
биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады Осы процестердің
өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет
ақаратын (гидрометеорологиялық,сейсмикалық ,ионосфералық және басқалар)
жүйелер жүргізеді.
Биосфераның абиоталық құрамының антропогендік өзгеруін және осы
өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің
арқасында кезектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге ,
бағалауға, болжауға экологиялық мониторингтің информациялық жүйесі
жасалды.
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі
міндеттері:
1. антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау
2. антропогендік әсер факторларын бақылау
3. антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін
процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау
4. табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау
5. антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын
өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және
есептеу техникалары пайдаланылады. Қазақстанда бірнеше ведомствалық
мониторинг жүйелері қызмет атқарады, мысалы, қоршаған ортаның ластануын
анықтайтын гидрометеорологиялық торап,яғни гидрометеорология жөніндегі
мемлекеттік комитет жүйесіне енетін барлық обсерваториялар, бекеттер,
құрылыстағы, көліктегі бақылау пунктері мен тұрақтар жиынтығы,жылжымалы
және тұрақты лабораториялар, инспекциялық қызмет орындары және басқалар.
Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады:жағдайды бақылау, бағалау
және болатын өзгерістерді болжау.Монторинг обьектілеріне атмосфера,
атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер,
жер асты сулары , криосфера (климаттық жүйені құрушылар) жатады. Бақылау
обьектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық,ауалық, гидросфералық
(жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық, климаттық
мониторинг, сейсмикалық, ионосфералық Күн, магнитометриялық,
биологиялық, өсімдіктер, жануарлар тұрғындар денсаулығының мониторингі
және т.с. Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге, әсер ауқымына
байланысты да топтастырылады.
Әсер факторларының мониторингі-әр түрлі химиялық ластағыштардың
(ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар
әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл)
мониторингі.
Ластағыш көздердің мониторингі-нүктелі стационарлы көздер
(зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық
заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағына байланыстфы мониторинг кеңістік және уақытша
мониторингтерге бөлінеді. Мәліметтрді ортақтастыру сипаттамасына қарай
мынадай мониторинг жүйелерін құрайды:
1. ғаламдық (биосфералық)- халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер
биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға
ұстап, экстремальды қолайсыз жағдайлырдың болуы туралы уақытылы ескерту
жасап отыру.
2. базалық (фондық)– жалпыбиосфералық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мониторингті жүзеге асыру тәртібі
Экологиялық мониторинг жасаудың техникалық құралдары
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Экологиялық мониторинг жайлы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг жайлы жалпы түсінік
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Климаттық мониторинг
Экологиялық мониторинге түсінік және оның міндеттері
Пәндер