Биполярлы жүйенің аяқталуы және Европадағы интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістердің күшеюі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 113 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны:
Кіріспе 2-17
- Биполярлы жүйенің аяқталуы және Европадағы
интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістердің
күшеюі 18-24
- Еуропалық саясаттың факторы ретіндегі Германия және
оның бірлесуінен кейінгі дербес сыртқы саясаты 25-36
- Еуропа континентіндегі қақтығысты үрдістер:
Оңтүстік - Шығыс Еуропа дезинтеграциясы 36-39
- Социалистік Федеративті Югославия Республикасының
құлауы және жаңа Балқан қақтығысы ( Босния және
Герцеговина мен Косово қақтығысы) 40-49
2 Балқандағы қақтығыстарды реттеудің жолдары
және Германияның саясаты 50-51
2. 1 Солтүстік альянс және жаңа Бундесвер 51-55
2. 2 САО жоспарлары және қақтығыстарды реттеудегі ЕО 55-65
3 Балқан саясатындағы еуропалық фактор 66-69
3. 1 Косово және Македониядағы этникалық
Қақтығыстарды реттеудегі Германия дипломатиясы 70-77
3. 2 Сербия мен Черногория қатынастары 77-86
3. 3 Косово мәселесі 86-88
Қорытынды 89-92
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 93-97
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. 90 жж. әлемдік саяси бетбұрыс сипатындағы оқиғалар, яғни екі неміс елдері Федеративті Германия Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының қосылуы, Шығыс және Батыс қақтығысының аяқталуы, Кеңес Одағының құлауы, Варшава Шарты Ұйымының тарауы Оңтүстік - Шығыс Еуропа аймағында дезинтеграциялық үрдістердің орын алуына себепкер болды. Олар екі түрлі жолда дамыды, яғни аймақтағы көпұлтты және автономиялық республикалардан тұратын федерациялар бейбіт және қақтығысқа толы формада ыдырауға ұшырады.
Югославияның күйреуі мен ұлтаралық және діндер арасындағы қақтығыстардың бірте-бірте орын алуына алып келген Балқан түбегіндегі дағдарыс бірполярлы әлем кезеңіндегі алғашқы аймақтық ірі қақтығыстардың бірі болып саналды.
Балқан түбегі көп мөлшерде әлемнің өзге аймақтарына қарағанда радикалды өзгерістер мен тоқтау салынбайтын зорлық - зомбылықтың ортасына айналды. Сонымен қатар, бұл жер қақтығыстарды реттеу барысындағы жаңа әдіс - тәсілдердің қолданылған кеңістігі болды. Батыс пен Шығыс қарама - қайшылықтарының нәтижесінде бұрын қатаң коммунистік ішкі саясат пен мемлекетаралық тұрақтылық орнаған аймақ 90 жж. мультиэтникалық көп дінді ұстанушы мемлекеттердің қанқұйлы күйреуін, соғыстар қасіретін, ұлттық қудалаушылық пен «этникалық» тазартуды басынан өткізді. Осының барлығы Еуропалық Одақтың қауіпсіздік кепілдігі болу рөлін қарастырған аймақта орын алды және тұрақтылық пактісін өз тәжрибесі ретінде қақтығыстардан зардап шеккен осы аймақ мәселесіне көрегендік шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін қолданды. Дәл осы жерде зорлық - зомбылық қақтығыстарына тегеурінді шек қою үшін күш қолдану заңдылығын тану туралы мәселесі ерекше қауырттықты талап етті.
Балқан түбегінде бүкіл «қырғиқабақ соғысы» кезеңінде халықтардың өзін - өзі анықтау шекарасы туралы мәселесінде қалыптасқан халықаралық консенсус ерекше бір шиеленісті жағдайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін деколонизация үрдісі халықтардың өзін - өзі анықтау мақсатында және соның нәтижесінде жүргізілді.
Жалпылама мойындау - өзін-өзі анықтау бұрын колония болған елдерге тәуелсіздік алып беру қағидасына байланысты болды, алайда ол тәуелсіздік кейбір мультиэтникалық елдердің бөліктеріне таратылмады. Себебі, арықарайғы анықталу қағидаларының кейбір мүлде аз халықтар арасында орынсыз таратылуы көптеген өмір сүруге қабілетсіз мемлекеттердің пайда болуына, бір сөзбен айтқанда бытыраңқылыққа әкелетін еді.
Коммунизм мен “қырғиқабақ соғысының” аяқталуы мультиэтникалық және көпдінді мемлекеттер тұтастығын қамтамасыз ететін тәртіп және билік жүйесін әлсіретті. Югославияның құлауы онда аса қатерлі зорлық - зомбылықтың пайда болуымен жалғасын тапты, Кеңес Одағында ұқсас үрдісте салыстырмалы түрде зорлық - зомбылық аса қатерлі болмады, ал Чехословакияда ондай жағдай мүлде орын алған жоқ. Алайда, көпұлтты мемлекеттердің кейбір бөліктерінің тәуелсіздік алу құқығын талап ету жағдайы күн тәртібіне халықтардың өзін - өзі анықтау шекаралары туралы мәселені қояды.
Батыста Балқан түбегін Еуропаның ең дамымай қалған аймағы деген тенденция қалыптасқан, яғни бірін-бірі жеккөрушілік пен зорлық - зомбылықтың ордасы деп саналған. Сондықтан да 90 жж. көптеген байқаушылар осы аймақтағы орын алған «ұлттық қудалаушылық», ұлттық тазалауға, Балқан қақтығыстары нәтижесіне әкелетінін алдын - ала болжау жасаған. Осы мәселеде әрдайым кімнің «дұрыс», кімнің «бұрыс» екеніне көз жеткізу әрқашанда қиындыққа әкеледі. Осы жөнінде орынды пікір айтқан Герман сыртқы саяси қауымдастығының ғылыми - зерттеу институтының проф. Карл Кайзер былай дейді: «диктатор Слобадан Милошевич пен оның билік құрылымындағылардың бейбіт нұсқа, яғни конфедерация құру бағытына кері әсер еткендігін ескергеніміз жөн, яғни сол нұсқа арқылы соғыстың бірінен кейін бірі орын алған қанқұйлы зорлық көрсетулерді болдырмау мүмкіндігі қарастырылған еді. Милошевич серб ұлтшылдығына ерік берді, ол оның арты кек қайтару салдарына айналды» /1/.
Балқандағы жағдайға байланысты қабылданған ұлы державалардың барлық шараларының шешуші маңызы - билеуші элиталардың этникалық кіші ұлттарға сыйласу және тактикалық қарым - қатынасты орнатуға бағытталғандығы. Оған мысал ретінде 1995 ж. Дейтон келісімдерінің орындалуы, сондай-ақ Косово соғысынан кейінгі қол жеткен келісім - шарттар, тұрақтылық пактісі, Македониядағы конституциялық реформалар немесе Черногория мен Сербия арасындағы дәнекерлік ету әрекеті. Бұрынғы Югославия территориясы бойынша шақырылған халықаралық трибунал және біршама жетістіктерге жеткізген Милошевич пен т. б. әскери тәртіп бұзушыларды Гаага сотына берудегі қысым көрсетушіліктің мақсаты тек қана оларға өткен оқиғаларға қатысты қылмыстары үшін үкім шығару емес, сонымен бірге бұл шаралар аймақтың өзге басшыларына үрей туғызатын, келешекке бағытталған белгі, яғни халықтар арасындағы қатынастарда қабылданған заңдылықтардан бас тарту - ауыр жазаға тартылатындығы көрсетілген.
Балқан түбегі гуманитарлық интервенция жүргізілген алғашқы аймақ емес, алайда дәл осы жерде осындай саясаттың аса дағдарысты дилеммасы туындады, яғни оның нәтижелілігі мен заңдылығы туралы мәселе қарастырылды. Бұрынғы Югославия территориясындағы қақтығыстың алғашқы кезінде әлемдік державалардың басым көпшілігі осы интервенцияға қаржы бөлуге дайын болмады. Олардың көпшілігі бұл қақтығыстарды «Югославияның ішкі істері» ретінде қарастырып, кез келген араласуға қарсы пікірлер айтты. БҰҰ - ның соғысушы жақтарды ажыратуға арналған күші ешқандай нәтижеге әкелмеді. Мандаттар нақты қойылмады, институционалдық шаралары жеткіліксіз, ал әскери құралдары қанағаттанарлықсыз жағдайда еді.
Балқандағы қақтығыстарды реттеудегі халықаралық комиссия өзінің Карнеги атындағы фондқа берген 1996 жылғы есебінде былай делінген: «1995 жылға дейінгі Босния және Герцеговина қақтығыстары жөніндегі келіссөздердің негізгі кемшілігі - жетекші әлемдік державалардың келісімге жету үшін ертерек күш көрсету қажеттігінен бас тартуы болып саналады»/1. -3 бет/. 1995 ж. күзде Босния - Герцеговина бойынша бекітілген Дейтон келісім - шарттары мерзімінен кешікті, ал осы кешігу көптеген адамдардың өмірімен бағаланды. САО елдерінің қақтығысқа араласуы және серб қарулы күштеріне қатысты хорваттар мен босниялықтарға АҚШ - тың әскери қаруларды сатуға эмбаргоны алып тастауы - соғысушы екі жақты соңында келіссөздер жүргізуге әкелді. Күтілген нәтижеге мүмкіндігінше аз әскери күшпен жетуге болатын еді. Балқан соғыстарының алғашқы кезеңінің өзі бүгінгі таңда мемлекет егемендігінің бұрынғы анықтамасы еш нәтижеге жеткізбегендігін және сырттағылардың елдің ішкі істеріне араласуына шек қоюы - халықаралық қоғамнан үкіметтің өз халқына түзу қатынастың жоқтығы мен халықтың үкімет тарапынан этникалық тазартулар нәтижесінде қырғынға ұшырағандығын, соғыстар кезінде зорлық әрекеттерге душар болғандығын жасыра алмайды. Дейтон келісім-шарттарының жетістігі - АҚШ жетекшілігімен жүргізілген АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей және Италия елдерінің алдын - ала аралық байланыстырушы елдер рөлінде келіссөздер марафонын ұйымдастырудың нәтижесі. ***
Зерттеу жұмысының объектісіне 90 жж. Оңтүстік - Шығыс Еуропа аймағындағы бұрынғы Югославия федерациясының күйреуімен қатар басталған ұлтаралық қақтығыстар және осы қақтығыстарды реттеудегі Германия мемлекетінің жүргізген сыртқы саясаты жатады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Германия сыртқы саясатының бұрынғы Югославия территориясындағы қақтығыстарды реттеу ісіне қатысудағы рөлін зерттеу. Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешуге баса назар аударылады:
- XX ғ. соңғы онжылдығында екі неміс елінің бірлесуінен кейінгі жаңа Германия мемлекеті сыртқы саясатының қаншалықты өз еркінше дербес дамығандығын және неміс қарулы күштерінің САО - тың әскери операцияларына қатысқаннан кейінгі Германияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі жағдайының өзгеруін тұжырымдау;
- Қақтығыстардың негізгі субъектілерін анықтау арқылы олардың мүдделері мен зерттелетін оқиғаларға ықпал етудегі рөлін қарастыру;
- Германия Федеративті Республикасының САО пен Одақтас Югославия республикасы арасындағы қарама-қайшы соғысты тоқтатудағы дипломатиясын анықтау;
- Германия Федеративті Республикасының бұрынғы Югославия территориясындағы республикалардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде қосқан үлесін айқындау;
Жұмыстың хронологиялық шеңбері - XX ғ. 90 жж. екі Германия елінің қосылуы мен Оңтүстік - Шығыс Еуропада дезинтеграциялық үрдістердің себебінен туындайтын мультиэтникалық федерациядағы республикалардың дербес тәуелсіз мемлекетке айналу барысындағы басталған ұлтаралық қақтығыстардан XXIғ. басына дейін нақты шешімін таппаған еуропалық аймақтағы дағдарысты қамтиды.
Зерттеу жұмысының тарихнамасына шолу
Диссертацияны жазу барысында бірқатар деректер мен кең ауқымды әдебиеттер пайдаланылды. Оларды төмендегідей етіп бір жүйеге келтіруге болады.
Деректердің бірінші тобына бұрынғы Югославия территориясында орын алған қақтығыстарды реттеуге арналған дипломатиялық құжаттар кіреді: 1995 ж. Босния және Герцеговина бейбітшілігіне қатысты қабылданған Дейтон келісім шарты (БҰҰ құжаттарының көшірмесі) /2/, 1999 ж. Косовоның өзін-өзі басқаруы мен ондағы бейбітшілікті қалыптастыру жөніндегі Рамбуйе уақытша келісім-шарты (БҰҰ құжаттарының көшірмесі) /3/, ЕҚЫҰ - ның Косоводағы уақытша бақылау миссиясы туралы келісім-шарты (БҰҰ құжаттарының көшірмесі) /4/, 1999ж. Кельн саммитінде қабылданған тұрақтылық пактісі (неміс тілінде) /5/ кіреді. Сонымен қатар «2+4» Die Verhandlungen über die äußeren Aspekte der Herstellung der deutschen Einheit (неміс елдері бірігуі жөніндегі жүргізілген келіссөздер, «2+4» келісім-шарты) /6/, Неміс сыртқы істер министрлігінің интернет ресурсындағы сайтынан алынған «Aktuelles zur Kosovo-Frage» (Косово мәселесінің өзектілігі) тақырыбындағы арнайы мәлімдемесі /7/ мен БҰҰ - ның қабылдаған резолюциясы /8/ жатады. Дейтон келісім-шарттары Босния мен Герцеговинаның саяси құрылымын, яғни екі федерациялық жүйе бойынша Сербтік Республика мен Хорваттар мен мұсылмандар федерациясына бөлуді ұйғарды. БҰҰ - ның 1244 нөмірлі резолюциясы Косово мәселесін реттеу ендігі кезекте 1999 жылдың 6-шы маусымынан бастап, «үлкен сегіздіктің» сыртқы істер министрлер кездесулерінің келісімдері негізінде орындалады деген қаулы қабылдады. Аталған құжаттар ақпаратқа толы және қақтығыстарды реттеудің жолдарын зерттеуге көп мүмкіндік береді.
Деректердің екінші тобына бірлескен Германияның алғашқы канцлері Г. Кольдің «Ich wollte Deutcshlsnds Einheit» (Мен Германияның бірігуін қаладым) атты еңбегі /9/, Германияның екінші канцлері Герхард Шредердің «Ынтымақтастық негізіндегі әлемдік тәртіп үшін» деп аталатын /10/, Жалпы Сыртқы Саясат және Қауіпсіздік Саясатының мәртебелі өкілі Хавьер Солананың ЕО Конституциясы туралы Франциядағы референдумы, Қытайға қару - жарақ жеткізуге эмбарго салу, Ресей Федерациясы, АҚШ, Косово туралы /11/, және Еуропалық стратегиялық қауіпсіздік туралы /12/ „Internationale Politik“ журналына берген сұхбаттары, Сыртқы істер министрі Клаус Кинкельдің ЕҚЫҰ-ның алдында сөйлеген сөзі /13/, Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жүз жылға татитын он жыл» /14/ атты Қазақстан халқына 10 - жылдық мерейтойға байланысты жолдауы жатады. Германия канцлері Г. Шредер мемлекеттің жан-жақты қатынастарына талдау жасай келе, болашақтағы Германия халықаралық қатынастар жүйесінде өзінің ашық саясатын жүргізе алады дейді. Елбасымыз Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзiнде әлемдегi ең бiр көпұлтты, әрi ең бiр көпконфессиялы елдiң бірі екендігімізді ескерте отырып былай деген еді: «Адамдардың нәсiлдiк, дiни, ұлттық және әлеуметтiк бөлiнiсi әлi де күллi әлемнiң мәңгiлiк мерезi болып келедi. Экстремизмнiң түп-тамыры да, мiне, осында бұқпантайлап жатыр. Терiс түсiнiк, ұлттық ауызбiрлiгiнiң жоқтығы және дiни, саяси немесе әлеуметтiк себептердi бетперде тұтатын, адамға деген құрмет сезiмiнiң болмауы әлемнiң түрлi елдерiнде миллиондаған адамдардың өмiрiн азапқа айналдырып отыр. Бiз мемлекеттiң қолында бар, өзiмiздiң көпұлтты Отанымыздың әрбiр азаматының қолында бар мүмкiндiктерге сүйенiп, ортақ шаңырағымыздың аясындағы - Қазақстан Республикасындағы достықты, сыйластық пен сенiмдi, татулық пен тұрақтылықты сақтауға мiндеттiмiз. Өзiмiздiң осы алтын қазынамызды ешкiмнiң де бүлдiруiне жол бермеуіміз керек…».
Деректердің үшінші тобына теоретикалық зерттеулер жатады. Оның ішінде қарастырылған еңбектер қатарына атақты зерттеуші ғалым Г. Киссинджердің «Дипломатия» атты еңбегі /15/, П. А. Цыганковтың «Теория Международных отношений» /16/, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» /17/ атты еңбектері кіреді.
Киссинджердің тұжырымдамасы бойынша, Германияның бірігуден кейінгі әскери - экономикалық қуатының күшейгендігі сондай еуропалық институттардың оның өзге еуропалық серіктестерімен арасында тепе-теңдігін қамтамасыз ете алмайды. Соның негізінде ол әлемдік саясатта ықпалдасу әрекетіне қатысуға белсене тырысатындығы айтылған. Және де Оңтүстік-Шығыс Еуропасы туралы автор төмендегі болжамды негіздейді: «олар Еуропалық Одақ, Солтүстік альянс және үшіншіден Ресей Федерациясымен тығыз байланыса отырып, өзінің ешкімнің жеріне кірмейтіндігін қалыптастыра алады, алайда олардың экономикалық және саяси қабілеттілігінің артуына ЕО және оның осы аймаққа арналаған тұрақтылық орнату саясаты ықпал етеді».
П. А. Цыганков конфликтология ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлері мен себептерін анықтай отырып, олардың шешілу механизмдерін зерттей келе халықаралық қауымдастықтың маңызды рөлін ескертеді. Соған сәйкес қазіргі кезеңде қалыптасқан аймақтық қақтығыстарды реттеуде, әсіресе зерттелініп отырған жұмыстың объектісі - бұрынғы Югославия территориясындағы қақтығыстарды шешуде БҰҰ әлсіздік танытты деген пікірдің қалыптасуын түсіндірудің барысында оның жаңа заман талаптары мен қауіптеріне сәйкес өзгеруін, ықпал ету мақсатында орынды реформаларды енгізуін талап етеді. Осы мәселе жөнінде еліміздің сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев былай дейді: «Қақтығыстарды жою шаралары мен механизмдері жағдайына келетін болсақ, онда қауіпсіздік моделі олардың барлық кезеңдеріне бағытталуы керек, яғни қақтығыстың алдын - алу мақсатындағы дипломатиядан бастап, «бейбітшілікті мойындатуға» дейін қарастырылуы қажет. Сонымен қатар, еуропалық қауіпсіздік моделі өзіне БҰҰ - ның міндеттерін алуға болмайды. Бүгінгі күні әлем БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі барысында күш көрсету әдістері де қолданылуда, алайда тәжірибенің жалғасуы халықаралық қатынастарда анархияға, бытыраңқылыққа алып келеді. Егер де қақтығыс зорлық зомбылық көрсету жағдайына жетсе, яғни ол өрбіп, белсенді кезеңге өткен жағдайда ұжымдық бейбіткерлік акцияларды немесе санкцияларды енгізу орынды. Алайда ондай әрекет тек қана БҰҰ тарапынан қабылданған шешім бойынша жүргізілуі қажет».
Деректердің төртінші тобына қазіргі кездегі мерзімдік басылымдар беттеріндегі материалдар жатады. Оларға ең алдымен САО институттарында шығарылған орыс тіліндегі арнайы брифингтер: «Укрепление мира и стабильности на Балканах» /18/, «Упрочение мира и стабильности в районах кризисов» /19/, «НАТО после Праги» /20/, «Преобразованная НАТО» /21/ жатады. Аталған басылымдар САО - тың қақтығыс кезіндегі жүргізген реттеу операцияларына сипаттамалар беріліп, оның мүше елдерінің қазіргі Балқан аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастырудағы арнайы миссияларының әрекеті мен ықпал етуі, сонымен қатар альянстың жаңа мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары, жаңа шығысқа қарай кеңею жоспарлары баяндалған.
Ал зерттелінген жергілікті басылымдар қатарына үш тілдегі газет - журналдар «Der Spiegel», «Frankfurter Allgemeine Zeitung», «Независимая газета», «Эхо планеты», «Итоги», «Континент», «Егемен Қазақстан», «Заман Қазақстан», «Түркістан», «Дала мен қала», «Сыр бойы» жатады.
Мысалы, «Der Spiegel» /22/ журналының 2006 жылғы № 8 басылымында «Fromme Wünsche» атты мақала мен «Es wird keine Teilung» деп аталатын БҰҰ - ның бейбіткер-дәнекерінің берген сұхбатында оның жетекшілік етуімен Косово мәселесінің келешегі жөнінде биылғы жылдан бастап қайта келіссөздер жүргізілетіндігі жарияланды. Орыс тіліндегі журналдар бетінің басым көпшілігі Гаагадағы Халықаралық Трибуналдың қақтығыс кезінде басшылық еткен Сербия басшысының үстінен қаралып жатқан сот ісі мен оның нәтижелері жөніндегі болжамдар мен салдары жайлы жариялаған. Ал қазақ тіліндегі газеттер бетінде мысалы алсақ, «Бағы ашылмаған Балқан» (Заман Қазақстан 23. 03. 1999) /23/, «Косово қақтығыстар күрделене түсуде» (Заман Қазақстан 13. 03. 1998) /24/, «Боснияда не болып жатыр» (Егемен Қазақстан 30. 08. 1995) /25/, «Соғыстан кейін де өмір бар екенін ұмытпағанын жөн» (Егемен Қазақстан 2. 04. 1999) /26/, «Балқан өңірі отқа оранды» (Түркістан 7. 04. 1999) /27/, «Югославия әлі де жолайрықта» (Түркістан 29. 09. 2000) /28/, «Отқа оранған Югославия» (Сыр бойы 3. 06. 1999) /29/, «Югославияның ыдырауы» (Дала мен қала 8. 06. 2003) /30/ жарияларында зерттелініп отырған объект ретіндегі қақтығыс жайында, әсіресе нақты оқиғалар мен олардың себеп-салдары мен зардаптары жөнінде толық ақпараттар берілгенімен, қақтығысқа араласушы субект елдердің ұстанымы жоқтың қасы. Басым көпшілік ақпараттар ресейлік деректемелерге сүйенетіні көрінді.
Монографиялық зерттеулер тарихнамасына шолу барысында біз материалдарды шетелдік (неміс тіліндегі), ресейлік және қазақстандық деп бөліп қарастырдық. Оның ішінде материалдардың зерттеу дәрежесін жалпы сипаттағы еңбектер және арнайы әдебиеттер тұрғысында жүйелеуге тырысамыз.
Шетелдік әдебиеттердің жалпы сипаттағы еңбектері . Йоахим Краузенің «Die transatlantischen Beziehungen seit dem Ende des Kalten Krieges» (Қырғиқабақ соғысынан кейінгі трансатлантикалық қатынастар) /31/ деп аталатын еңбегі және Йоханнес Варвик пен Вихард Войкенің «Die Zukunft der NATO. Transatlantische Sicherheit im Wandel» (САО - тың болашағы. Трансатлантикалық қауіпсіздік өзгеруде) /32/ атты сараптамалық еңбектері ЕО елдері мен АҚШ арасындағы ықпал етудегі ортақ жоспарлары, САО-тың Косово жеріне «гуманитарлық интервенциясының» түсініктемесі және оның әлемдік қоғамда әртүрлі талқылануы жөнінде көптеген мағлұмат береді. Сонымен қатар, аталған еңбектерде соғыстың жүру барысы мен оның салдары және интервенцияның құқықтық мәселесі қарастырылған. Курт Тудыканың «Das OSZE Handbuch» (ЕҚЫҰ анықтамасы) /33/ атты еңбегінде Еуропалық Қауымдастық пен Ынтымақтастық Ұйымының тарихи даму кезеңдері, институционалдық құрылымдары, әрекет ету механизмдері, қосымша кейбір құжаттар, оның басқа ұйымдармен қатынастары, кейбір дамушы елдер мен қақтығысты мемлекеттердегі саяси тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы миссиялары жөнінде қысқаша мағлұматтар берілген. Осы анықтаманы біз ЕҚЫҰ - ын аймақтық этникалық қақтығыстарды реттеудегі субъект ретінде қарастыру барысында оның миссияларының қызмет ету рөліне назар аудара отырып, оның ықпал ету маңызын зерттеу үшін қолдандық. Катарина Шютц, Югославияда арнайы тергеу ісін жүргізген неміс тілшісі 2003 жылғы «Die NATO-Intervention in Jugoslawien: Hintergruende, Nebenwirkungen und Folgen» (Югославиядағы НАТО интервенциясы: себептері, араласуы және салдары) деген еңбегінде НАТО-ны БҰҰ-ның қағидаларын және адам құқығын бұзғандығы үшін кіналайды /34/.
Ал «Весь мир» баспасынан шыққан орыс тіліндегі бірнеше неміс авторларының «Европеизация и разрешение конфликтов: конкретные исследования европейской периферии» деп аталатын жинақтық кітабы Еуропа континентіндегі қақтығыстарды реттеудегі еуропаландыру саясатының іс жүзіне асырылу үрдісіне негізделген. Соған сәйкес осы жинақтағы Гергана Нутчева мен Мишель Хейссеннің «Сербия және Черногория» атты бірлесіп шығарған еңбегінің нәтижесінде біз екі республиканың федерация болып құрылу тарихынан мағлұмат ала отырып, оның бүгінгі күндегі дағдарысты жағдайын жете қарастыруға мүмкіндік аламыз /35/. Сонымен қатар, аталған монографиялық зерттеуде екі ел арасындағы туындап отырған қарама-қайшылықты жою және одақтық құрылымның ыдырауын болдырмау мақсатында Еуропалық Одақтың дәнекерлік ету тобының 2002 ж. қол қойылған Белград келісімінің негізіне сүйене отырып ықпалдасуы арқылы федералдық деңгейден конфедерациялық деңгейге көтеру есебінен демократиялық дамудағы одақтық ынтымақтас мемлекетті қалыптастыру әрекеттері баяндалған. Аталған келісімнің нәтижесінде екі елдің ЕО - қа мүше болу перспективасы қарастырылған, соған сәйкес әлеуметтендіру мен салиқалылық таныту механизмдері арқылы қуатты болмаса да ортақ мемлекет құрылымын қалыптастыру іс жүзіне асты. Сербия және Черногория одақтас мемлекеті аралас, яғни федерациялық және конфедерациялық элементтерден құрайтын гибридті нұсқа. Бұл құрылымды екі елдегі бірнеше саяси топтар мойындамайды. Мемлекеттер одағының болашағы Белград шешімінің орындалуына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz