Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы


Мазмұны
Реферат 2
Мазмұны 3
Кіріспе 4
1 САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ, АЛҒЫШАРТТАРЫ 6
1. 1Сақтандыру түсінігі және сақтандыру экономикалық категория ретінде 6
1. 2Сақтандыру алғышарты - тәуекел: түсінігі, анықтамасы және сипаттамасы 9
1. 3Сақтандыру нарығының жалпы сипаттамасы, функциялары, құрылымы 14
1. 4Сақтандыру нарығының ішкі жүйесі мен сыртқы ортасы 23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ 25
- Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы 25
2. 2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының 29 қалыптасу кезеңдері
2. 3 Сақтандыру нарығының соңғы жылдардағы даму тенденциясы 34
2. 4 Сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы 43
2. 5 Адаптивті модель негізінде болжам жасаудың теориясы 47
2. 6 Адаптивті болжам жасаудағы есептеулер 50
Қорытынды 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60
Кіріспе
Адамның жеке мүлкі пайда болған кезінен-ақ ұрлау, өртену, басқа да апаттар нәтижесінде сол мүліктің жойылу қаупі сезіле бастады.
Өндіріс күштерінің даму барысында тәуекел факторлары да өсті. Өз мүліктік мүддесін сақтау барысында мүлік иелері зардап орнын толтыру мақсатында мүдделі меншік иелері арасында біркелкі шығынды үлестіру ойына келді.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең үлкен апат болған жағдайдың өзінде барлық шаруашылық орындары зардап шекпейді, ал табиғи апаттың өзі айтарлықтай сирек болып тұрады. Осы жағдай жеке материалдық қорларды құрмай, қоғамдық “қойма” құруға әкеледі және осы “қойма” мүшелерінің саны неғұрлым көп болса, солғұрлым қаражат мөлшері аз болады.
Осылайша, ынтымақты тұйық шығынды үлестіру қажеттілігі нәтижесінде қоғмадық қатынастардың “сақтандыру” деп аталатын жаңа категориясы пайда болды. Сақтандырудың алғашқы формасы натуралды қорларды құру түрінде болып келді: астық, жем-шөп және т. б. Осы қорлардан зардап шеккен шарушылықтарға көмек көрсетілген болатын.
Алайда, сақтандырудың мұндай формасы өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыра алмағандықтан ақшалай формаға алмастырылды. Бұл форма икемді болды да, алғашында өзара сақтандыруда (мүшелердің біріне ынтымақтастық негізінде) шығындары ақшалай түрде өтеді.
ХVII ғасырдың басында нарықтық қатынсатардың дамуына байланысты өзара сақтандыру жеке бизнес түріндегі сақтандыруға айналып, осыған байланысты арнайы сақтандыру кәсіпорындары пайда бола бастады.
Қазақстандық сақтандыру нарығы мемлекеттік сақтандырудың монопольдік жүйесі (Госстрах) негізінде туындаған болатын. Бұл жүйе 90-жылдардың басында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Отандық нарық өзінің даму барысында біртіндеп монополиядан альтернативті компанияларға жол аша отырып құрылған. Қазірдің өзінде нық сеніммен республиканың сақтандыру саласында әділ бәсекелік күрес орныққаны жайлы айтуға болады. Тәжірибеге бұрын тек шет елдреде қолданылған сақтандырудың жаңа түрлнрі енгізіліп, сақтанушылар алдында жауапкершілік сезімі артып келеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Мүлік иесіне мүлік немесе табыс жоғалса мүлік иесіне зақымның орнын толтыруына кепіл бере отырып, адамды өмірдің барлық жағдайларында қорғай отырып, сақтандыру қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандыру компанияларының резервтері өндірістік және өндірістік емес салада ірі масштабты инвестициялардың сенімді көзі болып табылады.
Үлкен аумақты шаруашылықтың көптеген субъектілерінің қызметін бұзатын, адамдар өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи немесе техногендік апаттар кезінде сәйкес заладың сақтандыру жүйесі арқылы орнын толтыру макроэкономикалық жағдайда жағымды көрініс табады.
Қазақстан үшін апат пен техногендік катастрофаның әсеріне өндірістік және өндірістік емес салалардың жоғары тәуелділігі тән. Яғни, сақтандырудың потенциалды ролі айтарлықтай зор. Алайда, жеткілікті сақтандыру резервінің болмауы табиғи апаттар, авария, техногендік апаттар пайда болған жағдайда жалпы ішкі өнімнің тұтыну, жинақтау және орнын толтыруға бөлудің болжамды пропорциялардың бұзылуына әкелуі мүмкін. Туындаған тура және жанама шығындардың орнын толтыру үшін инвестициялық ресурстарды іздеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан, нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның барлық халықшаруашылықты кешенді жандандырудың тиімді жолдары іздестіріліп жатқан кезде сақтандыру ел тағдырын анықтайтын маңызды экономикалық мәселелрді шешу кезінде шетте қалмауы тиіс.
1 САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ, АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Сақтандыру түсінігі және сақтандыру экономикалық категория ретінде
Сақтандыру деп белгілі бір сақтандыру жағдайларының туындауы кезінде заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін сақтандыру жарналары мен төлемдері есебінен мақсатты ақшалай қорларды қалыптастыру және оларды пайдалануға байланысты экономикалық категорияны айтамыз. Сақтандыру бір жағынан алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып саналады, ал басқа жағынан қарастырсақ, сақтандыру сол қаржы жүйесінің келесі әрбір элементімен өзара тығыз қатынаста болады: мемлекеттік қаржы; жергілікті мемлекеттік органадардың қаржысы; кәсіпорындардың қаржысы және т. б. жеке қаржылар. Сақтандыру саласындағы қатынастар, негізінде, сақтандыру ұйымдары мен азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында пайда болады. /1, 18б. /
Сақтандыру қатынастарының қатысушылары сақтанушылар мен сақтандырушылар болып табылады. Сақтанушылар дегеніміз - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан немесе мемлекеттің тиісті заңына сәйкес сақтанушы болып есептелінетін заңды және жеке тұлғалар. Сақтанушылар сақтандырушылармен үшінші тұлғаның пайдасына сақтандыру шартын жасай алады. Сонымен бірге, олар сақтандыру шартын жасау кезінде пайда алушыны - бенефициарды тағайындай алады немесе сақтандыру жағдайы туындамай тұрғанда оларды өз ұйғарымы бойынша ауыстырып жібереді.
Сақтандырушылар - белгілі бір мемлекет аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алған, қажетті деңгейдегі арнаулы мамандықтары бар сақтандыру ұйымдары болып табылады. Олар қызметін тек лицензияда белгіленген бағытта ғана атқара алады. Сақтандырушылар қызметін сақтандыру агенттері мен брокерлері арқылы да жүзеге асырады. Сақтандыру агенттеріне өзіне сақтандырушы берген өкілеттіліктерге сәйкес сол сақтандырушының атынан және оның тапсыруымен әрекетін жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалар жатады. /2, 36б. /
Сақтандыру брокерлері кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Осы брокерлер сақтанушының немесе сақтандырушының тапсырмасының негізінде сақтандыру бойынша делдалдық қызметті өзінің атынан жүзеге асырады.
Сақтандыру қатынастары кейінгі ортағасыр дәуірінен бері белгілі. Ол кезде ұлы географиялық ашулар нәтижесінде халықаралық сауда горизонттары кеңейіп, кәсіпкерлер жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін капиталдың ірі сомаларын қажет етті. Қоғам байлығының өсуі мен оның қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейінің өсуі сақтандыруға айтарлықтай тәуелді болып келді. Әлемдік тәжірибеде белгілі болған алғашқы сақтандыру келісім-шарты Генуяда 1347 жылы рәсімделді. Алғашқы жазбаша өмірді сақтандыру келісім-шарты Ұлыбританияда ХVI ғасырда жасалған болатын. Сақтандыру адам қажеттілігін қанағаттандыру, түрлі кездейсоқтықтардан сақтандыру қорғанысына деген сезінген сұрау салуларды қанағаттандыру мақсатында пайда болып, дамыды. Материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын белгілі бір экономикалық қарым-қатынастар сақтандыруда іске асырылады. Сақтандыру барлық шаруашылық субъектілерге шығынның орнын толтыруда кепілдік береді.
Сақтандыру мен кәсіпкерлік өзара өте тығыз байланысты. Шаруашылық мінез-құлық типі ретінде кәсіпкерлік сақтандыруды қажет етеді. Кәсіпкерлікке ұйымдастыру-шаруашылық жаңалық енгізу, ресурстарды пайдаланудың жаңа, нәтижелі әдістерін табу, икемділік, тұрақты өзін-өзі жаңарту және тәуекелге бару әзірлігі тән. Материалдық қажеттіліктерді көрсету формасы ретінде сақтандыру мүдделері пайда болды. Бұл сақтандыру мүдделері кәсіпкерлік дамуының перспективалы факторларын иеленуге және капитал жұмсаудың жаңа салаларын іздестіруге бағыттайды.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру ақша қаражаттарының мақсатты қорларын құру әдістері мен формалары және оларды түрлі болжанбаған жағымсыз жағдайлар орын алған кезде азаматтарға көмек көрсету, шығынды өтеуге жұмсауды қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін ұсынады. Нарықтық экономикаға көшу қоғамдық ұдайы өндірістегі сақтандыру ролін арттырып, сақтандыру қызмет көрсету аумағын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Халық шаруашылығын әміршілдік-әкімшілдік басқару жүйесінде мемлекет басшыларының ролі басым және бастықтыр мен еңбек коллективінің әлсіз экономикалық жауапкершілігі кезінде сақтандыру экономикадағы өз орнын ала алмаған. /3, 32б. /
Нарықтық қатынастардың кеңеюі және сол жағдайда әрбір товар өндірушінің өз тәуекеліне әрекет ете бастауы сақтандырудың рөлі мен мағынасын арттырды. Сонымен қатар дәстүрлі тағайындаумен бірге, яғни табиғи апаттардан (жер сілкінісі, су тасқыны, дауылдар және т. б. ), техникалық және технологиялық сипаттағы кездейсоқ оқиғалардан (өрт, авария, жарылыс және т. б. ) қорғауды қамтамасыз етумен қатар сақтандыру объектісі болып түрлі криминогенді құбылыстар (ұрлау, тонау, көлік құралдарын ұрлау және т. б. ) нәтижесінде болатын шығындар жиі кездеседі. Кәсіпорындар мен ұйымдар, сақтанушылар түрінде келе отырып, негізгі және айналмалы құралдардың жойылуы немесе зақымдануы түріндегі шығындарды өтеуді ғана қажет етпей, түспеген пайда немесе кәсіпорынның мәжбүрлі тұрып қалуының нәтижесінде пайда болатын қосымша шығындарды компенсациялауды да қажет етеді.
Өзгерулер сонымен қатар мүліктік және жеке сақтандыруды да қамтиды, ал ол, өз кезегінде, халықтың экономикалық мүдделерімен тікелей байланысты. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді сақтандыру келісім-шарттарының арақатынасы, сақтандырудың тәуекелділік және жинақтаушылық шарттарының тіркесімі, өмір сақтандыру бойынша келісім-шарттар бойынша жарна резервтеріне банк пайызының деңгейі, бағалық тенденцияларды есепке алу және инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру нарықтық экономикаға өту кезінде амалсыз сақтандыру саясатының пәні болады. Сақтандыру қызмет көрсетуінің ұсынысы артады. Сақтандыру нарығының қалыптасуы болады. Сақтандырудың еркін түрлері артықшылыққа ие болады, алайда кейбір салаларда міндетті сақтандыру сақталып немесе енгізіледі (мысалы, медициналық шығындарды, әскери қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру) .
Нарықтық типтегі экономикада сақтандыру, бір жағынан, бизнес пен адамдардың әл-ауқатын қорғау әдісі болса, екінші жағынан, пайда әкелетін коммерциялық қызмет болып табылады. Сақтандырушының пайда көздеріне өз сақтандыру қызметінен түсетін пайда, уақытша бос ақша қаражаттарын материалдық өндіріске, өндірістік емес салаға, кәсіпорындар операциялары, банк депозиттеріне және т. б. инвестициялаудан түсетін пайда жатқызылады.
Сақтандыру нарықтық экономика жағдайында шаруашылық белсенділікті ынталандырушы фактор болып табылады, нарық қатынастарының барлық мүшелеріне тең құқық тудырып, экономикалық қызмет, пайда алу, тәуекелге бару, ”өзін өзі тексеру” үшін қатты психологиялық мотивациялар береді.
Сақтандыру сонымен қатар сақтандыру жарналары есебінен қалыптасатын арнайы сақтандыру ақша қорлары көмегімен зардапты шығындарын тұйық үлестіруді ұйғарады. Сақтандыру кезінде осы қорды қалыптастыру мен пайдалану бойынша қайта үлестіру (бөлу) қатынсатары туындап, ол сақтандыруды қаржы категориясына жақындатып, сонымен бірге ерекшеліктерін айрықша атап көрсетеді. Сақтандырудағы құнның ақшалай формадағы қозғалысы сақтау оқиғасы орын алған кездегі зардап шегу ықтималдылық дәрежесіне бағынады.
Несие категориясына жақындататын сақтандырудың бір ерекшелігі бар, ол- сақтандыру қор қаражатының қайтарымдылығы. Алынған ақша сомасының қайтарымдылығы жайлы айтқанда ол, алдымен, өмірді сақтандырумен байланысты екенін бөліп көрсеткен жөн.
Осылайша, ақша формасында бола отырып, сақтандырудың “қаржы” және “несие” категорияларымен байланысы бар екенін көре отырып, сақтандыру экономикалық категория ретінде тек өзіне тән функциялар мен рольді атқарады. /4, 45б. /
1. 2 Сақтандыру алғышарты - тәуекел: түсінігі, анықтамасы және сипаттамасы
Тәуекел - сақтандырудың сөзсіз алғышарты болып табылады. Сақтандырудың негізін нарықтық экономикада жеке меншікке деген жаңа қатынастар құрайды.
Дамыған нарықтық экономика сақтандыруды дамытудың белсенді ортасы болып табылады, өйткені нарық пен сақтандыру тығыз байланысты. Бір жағынан, нарық бар жерде кәсіпкерлік тәуекелдің түрі өте көп, ал тәуекел бар жерде сақтандыру да бар.
“Тәуекел” түсінігі нәтежесі белгісіз шешімді қабылдауды білдіреді. Белгілі бір іске ақша сала отырып кәсіпкер болашақтағы мүмкін болатын барлық оқиғалардың алдын ала алмайды. Болашақта болуы мүмкін және адамдар мен олардың денсаулығына зардап тигізуі мүмкін оқиғалар және олардың болу мүмкіндігінен сақтандыру жүргізілетін оқиғалар сақтандыру тәуекелі деп аталады.
Тәуекел әр түрлі деңгейде сақтандырылған объектінің бұзылуы және жойылыуымен байланысты. Бірге жақын болған жағдайда осы жағдай болатынын кепілдейді. Сақтандырудың тек тәуекел кездейсоқ, болжамдалмайтын жағдайда ғана маңызы бар. Тәуекелді бағалау үшін анық мәліметтер болу керек. Әдетте, тәуекелдің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады: сақтандыруға болатын және сақтандыруға болмайтын; жағымды және жағымсыз; сонымен қатар сақтандырушының техникалық тәуекелі. /1, 12б. /
Ең үлкен пайызды бірінші топ құрайды. Бұл жағдайда сақтандыру жағдайының болу мүмкіндігін бағалауға және мүмкін болатын шығындарды бағалауға болады. Сақтандырушы жауапкершілігіне қосылатын тәуекел кездейсоқ сипатта болуы тиіс, яғни келісім-шартқа отырушыларға сақтану жағдайының нақты уақыты мен зардап көлемі белгісіз болуы керек. Сақтану жағдайының болуы сақтанушы немесе басқа мүдделі тұлғаның көңіл білдіруіне байланысты болмауы керек. Сақтауға қасақана тәуекелді қабылдауға болмайды. Ал екінші жағынан, сақтандырылған тәуекел апатты масштабта болмауы керек, яғни көлемді зардап шектірмеуі керек. Қауіп көзіне байланысты табиғи апаттар және адам қызметі нәтижесінде пайда болатын тәуекел болып бөлінеді. Арнайы тәуекел тобына аномальді және катастрофалық апаттар жатқызылады. Сонымен қатар экологиялық, көліктік, саяси және арнайы тәуекел түрлері де бар.
Бақылау мен есептеу процесі тәуекелді тіркеу деп аталады. Тәуекел ахуалын анықтайтын факторлар тәуекел жағдайы деп аталады. Олар объективті және субъективті сипатта болады. Объективті сипатта адамдардың еркі мен ақыл-ойына байланыссыз болады, ал субъективті сипатта адамның іс-әрекетіне тікелей байланысты.
Тәуекел жағдайлары осы оқиғаның болашақта болуының мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.
Сақтандыру оқиғасы мен сақтандыру орайын ажырата білу керек. Бірінші жағдай кезінде зақым келтірудің потенциалды мүмкіндігі болады, ал екінші жағдайда іске асырылған зақым келтіру орын алады. Оның салдары сақтандуру объектісінің зақымдануына әкеледі немесе объект толығымен жойылыуы да мүмкін.
Әдетте, тәуекел көлемін анықтағаннан кейін оны жою жайында немесе оны барынша шектеу жайында шешім қабылданады. Адамның өндірістік қызметі және табиғи құбылыстар жағымсыз салдар мен жағымсыз жағдайдың орнығуымен өте тығыз байланысты. Осындай объективті қажеттіліктерден шыға отырып оларды шектеу әдістеріне деген қажеттілік туады. Жалған мәліметтер, тым шектелген немесе тым ұлғайтылған ақпарат нақты тәуекелдің бағалауына кедергі жасайды.
Өндіріс адам болмысының белгілі бір қоғамдық формадағы материалдық негізі болып табылады. Осы себептен адам мен табиғат байланысты. Бір жағынан, адам табиғатқа әсер етеді, ал екінші жағынан, өз қажеттіліктеріне бейімдейді. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс табиғатты игеру процессін жеңілдетеді. Ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін пайдалану табиғи игіліктерді игеруде пайдалану қоғамдық өндірістің өсуінің алғышарты болып келеді.
Адам мен табиғат арасындағы үздіксіз бірлікпен қатар олардың арасында диалектикалық қайшылық бар және ол қайшылық адам мен табиғат арасындағы үздіксіз күресте көрініс табады. Тәуекел, төтендік - адамзат тіршілігінің нормасы. Еңбек заттары табиғат апаты, жазатайым оқиға, зілзалада көрініс табатын жоюшы күштерінің әсеріне душар болады. Жыл сайын жер бетінде көптеген табиғи құбылыстар болып тұрады: жүз мыңдай найзағай, он мыңдай су тасқыны, мыңдаған жер сілкіністері, көшкіндер мен құйындар, жүздеген жанартау атқылаулары, тропикалық циклондар. Апаттар мен зілзалдар үлкен материалдық зақым келтіреді.
Әр табиғи апат еңбек заттарына зақым келтіретін қауіп ретінде қарастырылып, осыған байланысты сақтандыру қарым-қатынасы, яғни сақтандыру қорғанысының объектісі пайда болады. Сақтандыру қатынсатары пайда болуының алғышарты тәуекел болып табылады. Сәйкес тәуекелдің болуынсыз сақтандыру жоқ, өйткені сақтандыру мүддесі де жоқ. Тәуекел мазмұны мен тәуекелдің ықтималдылық деңгейі сақтандыру қорғанысының мазмұны мен шекарасын анықтайды. Тәуекел сақтандыру келісім-шарт әрекетінің барлық аралығында орын алады. Сақтандыру мәнісін түсіну үшін “тәуекел” түсінігін білу қажет. /2, 50б. /
“Тәуекел” сөзі тура аударымда шешім қабылдау дегенді, яғни сол шешімнің нәтижесі белгісіз екендігін, қаіупсіз емес дегенді білдіреді. Тәуекел - болуы мүмін немесе болмауы мүмкін оқиға. Бұл - зардап болуының гипотетикалық мүмкндігі. Әрбір нақты тәуекел, мысалы, өрт тәуекелі белгілі бір жағымсыз жағдай тууының тек мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекел адам қызметінің кез-келген қызмет аясындағы объективті құбылыс және жекелеген тәуекелдің көптігі ретінде көрінеді.
Тәуекел мәнісі түрлі аспектілерде қарастырылуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, тәуекелді өлшеу ықтималдылық теориясы мен үлкен сандар заңын пайдалану арқылы математикалық әдіс көмегімен жүргізіледі. Өз мәнісі боыйнша тәуекел-теріс, жағымсыз экономикалық салдары бар оқиға.
Тәуекел жайлы жоспарланған және нақты нәтижелер арасындағы ауытқулар болған жағдайда айтуға болады деген көзқарас бар. Мұндай ауытқу не оң, не теріс болуы мүмкін. Теріс ауытқу - жағымсыз нәтиже, ал оң ауытқу жайлы егер нақты нәтиже күтілгеннен жағымдырақ болған жағдайда айтуға болады.
Жоспарланған және нақты нәтижелер арасындағы теріс ауытқу мүмкіндігі, яғни бір күтілген оқиғаға келетін жағымсыз нәтиже қаупі тәуекел деп аталады.
Бір күтілетін құбылысқа келетін бастапқы параметрлер кезіндегі оң ауытқу мүмкіндігі “мүкіншілік” (шанс) деп аталады. Бұл мағынада зардап тәуекелі мен пайда мүмкіншілігі жайлы айтуға болады, мұнда зардап теріс, пайда -жоспарланған және нақтылы нәтиже арасындағы оң ауытқуды көрсетеді.
“Тәуекел” түсінігі мен зардап түсінігі өте тығыз байланысты. Егер тәуекел тек мүмкін теріс ауытқу болса, зардап - нағыз нақты теріс ауытқу. Зардап арқылы тәуекел іске асады және ол нақты өлшеніп, нақты келбетте болады. Тәуекел мен зардап табиғатты зерттеу процесіндегі адам әрекетімен тығыз байланысты. Ең үлкен зардап мәні адаммен танылмаған тәуекел арқылы көрініс табады. Осыған байланысты түрлі жағымсыз жайлар туралы ақпаратты тәуекелдің жалпы даму тенденциясы, көрініс заңдылықтарын және ғылыми болжамдау мақсатымен жинау, анализдеу және жалпыландырудың объективті қажеттілігі туады. Танымның қол жеткізілген деңгейін шағылыстыра отырып, көптеген тәуекелдер анықталмаған болып келеді, өйткені олардың қоршаған табиғат пен қоғам арасындағы көрініс табуы, себеп - салдарлық байланысы аяғына дейі түсіндіріліп, ашылмаған. Ғылыми-техникалық прогресс және танымның шексіздігі кейбір құбылыстардың ғылыми түсініктемесіне, танылмаған тәуекелдің ықпалын азайтуға объективті шарттар жасайды.
Тәуекел факторлары және мүмкін зардап орнын толтыру қажетілігі сақтандыруға деген қажеттілікті тудырады. Сақтандыру арқылы кез-келген адам табиғатты тану процесіндегі әрекеттің кездейсоқтығынан қорғалған. Кәдімгі сана деңгейінде сақтандыру арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізудің нақты мүмкіндігі туады. Осының барлығы тәуекелді сақтандырудың негізгі түсінігі ретінде бөліп көрсетеді.
Тәуекелдің көрініс табу формасының көп түрлілігі, сандардың ауырлығы мен жиілігі, ықтималдылықты жоюдың мүмкінсіздігі сақтандыруды ұйымдастырудың қажеттілігін тудырады. Сақтандыруды ұйымдастырудың нақты формалары қоғамдық-тарихи дамуы барысында белгілі бір өзгерістерге ұшырап, өндірістік күштер мен қатынастардың даму деңгейін шағылыстырады.
Сақтандырудағы тәуекел бірнеше негізгі түсініктемелермен сипатталады. Біріншіден, тәуекел нақты оқиға немесе оқиғалар жиынтығы және бұл оқиғалар орын алғанда бұрын ұйымдастырылған ортақтандырылған ақшалай немесе натуралды-заемдық формадағы қордан төлемдер жүргізіледі. Екіншіден, тәуекел нақты сақтандырылған объектімен байланысты. Құбылыс немесе құбылыстар жиынтығы абстрактілі түрде тек өзі ғана қарастырылмайды. Оларды сақтандыруға алынған және сол жерде тәуекел орын алатын объектімен байланыстыру керек. Кез-келген тәуекелдің нақты көрініс объектісі бар. Біздің санамызда тәуекел сол объектімен байланысты. Объектіге байланысты тәуекел формалары көрініс тауып, зерттеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz