Дін туралы
I. Кіріспе
1. Дін
2. Діннің пайдалары
3. Діннің пайда болуы туралы теориялар
4. Дінтану ғылымы
5. Дін түрлері (Діндердің классификациялануы)

Дiн - жаза, сый, үкiм, есеп, бас ию, ғибадат, заң және жол т.б. мағыналарға келуде.
Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен кейінгі ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын қоғамдар да, адамдар да кездеседі, бірақ адам баласы діннен мүлдем қол үзіп кетпейді.
Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатханасыз не халық, не қауым, тіпті қоғам болмаған. Сондықтан ежелгі адамдардың дінсіз өмір сүрмегенін, өмірлерін бір сенім бойынша жалғастырғанын білеміз.
Қазіргі кездегі әлем халықтары түрлі діндерді ұстанады және діндерінің сенімдері, алға қойған мақсаттары әртүрлі. Осыған орай әлем діндерінде бір жүйелі сенім болмағандықтан, жалпылама дінге "адамның бір нәрсені қасиетті күш деп сенуі" деп анықтама беруге болады. Демек, дін дегеніміз - сенім. Себебі діндердегі ғұрыптар, рәсімдер, әмірлер мен тыйымдар осы сенімге бейімделеді.
Дін мәдениет, философия, психология, социология т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыққан десек те артық етпес. ¤йткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатқа беймәлім болғанда адамдар бір наныммен өмір сүрді. Ал бұл дін болып табылады. Виктор Кузин "барлық нәрсе діннен шыққан" деп осы пікірімізді қуаттайды.
Қазіргі адамзат баласы дінге анықтама берерде бір тоқтамға келмеген. ¤йткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің (теолог) өз дініндегі сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты болғандығынан, түрлі ғылым иелері түрліше анықтама беріп келеді және дін жайлы анықтамалардың саны да өте көп.
Негізінде түрлі сенімдегі жер бетіндегі діндерге ортақ анықтама жасау үшін, діннің қарастыратын аумағын анықтап алу керек. Оған тарих, философия, діндер тарихы сияқты ғылым салаларының тигізер пайдасы орасан зор. Сонымен қатар діни өмірдің күнделікті тұрмыстағы рөлі де дінге нақты анықтама жасауға көмектеседі. Діни өмірдің негізі адам түсінігінде түрлі сипатта кездесетін құдай сеніміне сүйенеді. Яғни, адамның бір дін бойынша өмір сүруі, оның қорқынышы мен дәрменсіздігінен немесе сенім арту мен сүйіспеншілігінен табиғат заңдылығынан тыс, шексіз құдірет иесі болған абсалютке, яғни құдайға байлануынан туындайды. Ал құдайға

1. Абуов А., Ақиқат жаршысы, Түркістан, 2000
2. Ақназаров Х.З., Қазақстандағы ислам дінінің таралу ерекшеліктері, Алматы, 1986
3. Алтынсарин Ы., Мұсылмандық тұтқасы, Алматы, 1991
4. Атик М.К., Суфизм, Түркістан, 2000
5. Атик М.К., Дәуренқұлов Қ. Мырзабеков М. Сыртқы бөлім студенттері үшін Яссауитану пәні бойынша оқу құралы, Түркістан, 2001
6. Алтай Х., Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі, Мәдина
7. Ахмет Яссауи сәулет ғимараты, Алматы, 1988
8. Ахметбек А., Қожа Ахмет Иассауи, Алматы, 1998
1. Atik M.K., Evliyalar ansiklopedisi, İstanbul, 1990
2. Atik M.K., İslami Kavramlar, Ankara, 1997
9. Аtеş S., İslam Tasavvufu, İstanbul, 1992
10. Бұлұтай М.Ж. Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды?, Алматы, 2000
11. Байсопы Қ; Жебесін Г.,Адамзат тарихындағы ең ұлы махаббат, Алматы. 1998
12. Берки А.Х;Кескіоғлу О., ауд:Дағайқызы С., Соңғы пайғамбар Хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны, Анкара, 1997
13. Bilmen N. Buyuk İslam İlmihalı, İstanbul, 1991
14. Cilacı O. Gunumuz Dunya Dinleri, Ankara, 1995
15. Demirci М. Ahmet Yesevi ve Yesevi kulturu, Тurkistan, 1995
16. Eraslan K. Divan-ı Hikmet secmeler,Аnkara, 1991
17. Есiм Ғ;Артемьев А;Қанаев С;Бiләлова Г., Дiнтану негiздерi, Алматы, 2003
18. Gunay T., Kucuk A., Dinler Tarihi,
19. Hacı Bektaş Veli, Маkаlаt, Аnkara, 1990
20. Hamidi A., İslam Ahlakı, İstanbul, 1994
21. İsen M;Курназ Ж; Татжы М.,Yesevilik bilgisi, Ankarа. 1998
22. İslam ansiklopedisi, Ankara
23. Keskioğlu O.Nuzulunden gunumuze Kur’an-ı Kerim bilgileri, Ankara, 1987
24. Kuzgun Ş. Dinler tarihi dersleri, Kayseri, 1993
25. Şaban Z., Donmez İ.K., İslam hukuk ilminin esasları (usulu’l-Fıkh), Ankara, 1990
26. Uğur А. Gul bahcesi, İstanbul, 2001
27. Гүнгөр Һ. Дінтану және діндер тарихы лекциялары, Түркістан, 2000
28. Дәуітұлы С., Диуани Хикмет хақында, Алматы, 1998
29. Жармұхамедов М., Қожа Ахмет Ясауи және Түркістан, Алматы, 1999
30. Жәмішұлы Ә., Мұхтасар, Алматы, 1992
31. Жолдыбайұлы Қ., Ақиқат шуағы, Алматы, 2004
32. Зейбек Н.К., Йасауи жолы, Анкара, 1998
33. Иассауи Қ.А. (қазақшаға ауд. Жармұхамедұлы М., Дәуітұлы С., Шафиғи М.) Диуани Хикмет, Алматы, 1993
34. Иассауи Қ.А. (қазақшалаған: Ибатов Ә.М.,Жандарбек З.,Нұрманов А.Ш.) Хикметтер, Алматы, 2000
35. Исаұлы М; Жолдыбайұлы Қ, Ислам Ғылымхалы, Алматы, 2003
36. Ислам энциклопедия, Алматы, 1995
37. Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты , Алматы, 1993
38. Көпрүлү М.Ф. Қожа Ахмет Яссауи танымы мен тағлымы, ауд.Кенан Коч, Шымкент, 1999
39. Көбеева О., Дiнтану негiздерi, Алматы, 1998
40. Өмiрзаққызы Д., Адамзаттың асыл тәжi, Алматы, 2003
41. ¤серұлы Н., Шариат, Алматы, 1996
42. Меrt H., Hoca Ahmet Yesevi, Аnkara
43. Насабнама, Алматы
44. Поликарпов В.С., История религий и хрестоматия, Москва, 1997
45. Сейтбеков С.; Нысанбаев С., Ислам әдебi, Шымкент, 2003
46. Соймен М., ауд. Дағайқызы С., Ислам дінінің негіздері, Анкара, 1998
47. Түркістан тарихы мен мәдениеті (ғылыми мақалалар жинағы) Түркістан, 2000
48. Түркістан халықаралық энциклопедия, Алматы, 2000
49. Туякбаева Б.Т. Эпиграфический декор архитектурного комплекса Ахмет Ясави, Алма-ата, 1989
50. Хизметли С., Дінтану, Түркістан, 2000
51. Шүлембаев Қ.Ш. Советтік шығыс республикаларындағы ислам, Алматы, 1987
52. Яссауи Қ.А. ауд.Абдушукуров Р.Ә. Пақырнама-Мүнәжәтнама, Түркістан, 1992
53. Яссауи тағлымы (ғылыми мақалалар жинағы) Түркістан, 1996

Дiн - жаза, сый, үкiм, есеп, бас ию, ғибадат, заң және жол т.б.
мағыналарға келуде.
Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген
ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен
кейінгі ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын қоғамдар да, адамдар да кездеседі,
бірақ адам баласы діннен мүлдем қол үзіп кетпейді.
Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатханасыз не
халық, не қауым, тіпті қоғам болмаған. Сондықтан ежелгі адамдардың дінсіз
өмір сүрмегенін, өмірлерін бір сенім бойынша жалғастырғанын білеміз.
Қазіргі кездегі әлем халықтары түрлі діндерді ұстанады және діндерінің
сенімдері, алға қойған мақсаттары әртүрлі. Осыған орай әлем діндерінде бір
жүйелі сенім болмағандықтан, жалпылама дінге "адамның бір нәрсені қасиетті
күш деп сенуі" деп анықтама беруге болады. Демек, дін дегеніміз - сенім.
Себебі діндердегі ғұрыптар, рәсімдер, әмірлер мен тыйымдар осы сенімге
бейімделеді.
Дін мәдениет, философия, психология, социология т.б. ғылымдармен тығыз
байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыққан десек те артық етпес.
¤йткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатқа беймәлім болғанда
адамдар бір наныммен өмір сүрді. Ал бұл дін болып табылады. Виктор Кузин
"барлық нәрсе діннен шыққан" деп осы пікірімізді қуаттайды.
Қазіргі адамзат баласы дінге анықтама берерде бір тоқтамға келмеген.
¤йткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің (теолог) өз дініндегі
сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты
болғандығынан, түрлі ғылым иелері түрліше анықтама беріп келеді және дін
жайлы анықтамалардың саны да өте көп.
Негізінде түрлі сенімдегі жер бетіндегі діндерге ортақ анықтама жасау
үшін, діннің қарастыратын аумағын анықтап алу керек. Оған тарих, философия,
діндер тарихы сияқты ғылым салаларының тигізер пайдасы орасан зор. Сонымен
қатар діни өмірдің күнделікті тұрмыстағы рөлі де дінге нақты анықтама
жасауға көмектеседі. Діни өмірдің негізі адам түсінігінде түрлі сипатта
кездесетін құдай сеніміне сүйенеді. Яғни, адамның бір дін бойынша өмір
сүруі, оның қорқынышы мен дәрменсіздігінен немесе сенім арту мен
сүйіспеншілігінен табиғат заңдылығынан тыс, шексіз құдірет иесі болған
абсалютке, яғни құдайға байлануынан туындайды. Ал құдайға байлану - адамның
рухани дүниесі мен жаратушысына бет бұруына, жаратушысына шексіз мойын
ұсынуына және оған мән беруіне байланысты.
Бүгінгі заманымыздағы батыстық дін зерттеушілерінің көпшілігі жеке
адамды, оның діни дүниетанымын, діни сезімін, адамның құлшылық жасауын
немесе қоғамдағы діннің рөлін негізге ала отырып, діндерге былай
анықтамалар берген:
Дін - қасиеттінің тәжірибесі. (Рудольф Отто)
Діннің негізі шексіз сенім арту сезімінен тұрады. (Шлейермахер)
Ал мұсылман оқымыстылары дінге Құран Кәрім мен ислам сенім негіздеріне
сүйене отырып көптеген анықтамалар жасаған. Солардан мысал ретінде Сайд
Шәриф Жүржанидің: "Дін ақыл иелерінің пайғамбарлардың баяндаған ақиқаттарын
қабылдауға шақыратын илаһи заң", - деген анықтамасы мен Имам Ғазалидің:
"Дін - Аллаһ пен адам арасындағы байланыс" - деген танымын айтуға болады.
Бүкіл діндерде бар ортақ элементтер: Табиғат заңдылығынан тыс, адам
құдіреті жетпейтін бір күшке сену (құдай, періште, жын, т.б.), қасиетті мен
қасиеті жоқты ажырата білу (ғибадат, рәсім-ырымдар), қағазға түсірілген
немесе ауызша тараған мәтіндер (қасиетті кітаптар, ахлақи қағидалар),
сезімдер (қорқу, сенім арту, т.б.), адамзаттан тыс дүниемен байланыс жасау
(уаһи, пайғамбар, дұға, жалбарыну, т.б.) өмір мен о дүние сенімі, ұйым құру
(бауырластық, тариқат, т.б.).
2. Діннің пайдалары
Адам "дене" (тән) мен "рух" (жан) деген екі жаратылыстың бірігуінен
тұрады. Егер адам денесіне керек қажеттіліктермен (тағам, сусын, киім-
кешек, ауа) қамтамасыз етпесе, дененің өмір сүруі тоқтайды. Сондықтан әрбір
адам денесін денеге қажет нәрселермен қамтамасыз ету керек екендігін
біледі.
Ал дін – рух, көңіл азығы. Сондықтан бір адамның толық бір бүтін адам
болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатқа қажеті жоқ деп түсінсе,
өзі де ешбір дінді ұстанбаса, ол адам жарым жан адам іспетті, рухани
дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі
қылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кезкелген
қылмысқа баруына тосқауыл болады, рухына моральдық азық болады.
Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр
қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. ¤йткені дүние жүзіндегі діндердің
қайсы бірін алып қарасақ, оның ешбірі жеке адамға, қоғамға зиян беретін
жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін адамның көңіліндегі, жүрегіндегі
жаман әрекеттерді тазалаудың негізгі құралы болып табылады.
Дін адам психикасындағы үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты кейде
адамның басына келетін қиыншылық жағдайда көмек береді. Яғни адам осындай
қиын жағдайларда өз сеніміндегі құдіретті құбылысқа жалбарынып, көңілін
орнына түсіреді, руханият дүниесі рахат табады.
Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуын қамтамасыз етеді.
¤йткені дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайтыны сияқты, дін мықты
қалыптасқан қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер кездесе бермейді және ол
қоғамның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ал дін мен рухани байлығы
әлсіреген қоғамдардың ұзақ өмір сүруі өте сирек. ¤йткені ол қоғамда діннің
әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімсіздігіне, олардың
түрлі қылмыстар мен күнәлі істерге баруына жол ашады және қоғамды дінсіз,
қоғамдық тәртіп құралдарымен жөнге келтіру өте қиын. Ал дін адамның
жүрегінде орын тепкендіктен, дін арқылы қоғамдағы адамдарды тәртіпке
келтіру соншалықты қиыншылық туғызбайды және жоғарыда баяндағанымыздай,
дүниедегі діндердің ешбірі адамдардың жаман жолдарға баруына жол бермейді.
¤йткені қоғамдық тәртіп құралдары адамның сыртқы көрінісіне назар аударса,
дін адамның сыртқы көрінісіне, әрі ішкі дүниесіне де көңіл бөледі.
Сол діндердің бірі ислам діні адамның ақылын, ұрпағын, намысын, дінін
және мүлкін қорғауға бағытталған. Ислам діні бойынша адамға немесе қоғамға
пайдалы нәрселер халал немесе парыз, ал керісінше зиянды нәрселерге
тыйым (харам) салынған.
3. Діннің пайда болуы туралы теориялар
Ислам сенімі бойынша діннің құрушысы – Аллаһ. Алғашқы адам адамзаттың
атасы, әрі алғашқы пайғамбар – Хазіреті Адам. Оған білдірілген дін - бір
Аллаһқа мойын ұсынатын тәухид (бір Аллаһ сеніміне негізделген) діні.
Аллаһтың барлығы, бірлігі, заты мен сипаттары тұрғысынан оның кемелдігі мен
пайғамбарлық, ахирет сенімі тәрізді негізгі итиқади (сенім) шарттары бүкіл
илаһи (құдайдан келген) діндерде өзгермейтін принциптер ретінде орын алады.
Осыған байланысты ислам сенімі бойынша хазіреті Адамнан хазіреті Мұхаммедке
дейінгі бүкіл пайғамбарлардың уағыздаған хақ (шын) діндердің ортақ аты –
ислам. Бірақ, тарих бойындағы заманның түрлі ағымынан адамдар хақ діннен
алыстап, өз ақыл-ойларынан жаңа бір сенім қалыптастыра бастаған. Аллаһ та
оларға Адам пайғамбардан қалған негізгі сеніміне сендіру немесе жаңа бір
шариғат түсіру үшін пайғамбарлар жіберіп отырған.
Дегенмен батыстық дін зерттеушілері Х‡І ғасырдан бастап алғашқы
қауымдық құрылыстың өмірі мен діндеріне назар аудара бастады. Ал Х‡ІІІ-
ғасырдан бастап діннің пайда болуы турасында қасиетті кітаптардағы
мәліметтерден тыс археологиялық, антропологиялық және палеонтологиялық
зерттеулердегі қол жеткізген мәліметтердің нәтижесінде біршама теориялар
пайда болған. ХІХ ғасырдың орталарында О.Конт пен Л.Бачнер негізін қалаған
позитивистік-материалистік тұжырыммен қатар, Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарыққа
шыққан табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы атты еңбегіндегі
адамның тегі маймыл тектес деген көзқарасы, діннің пайда болуы жайындағы
қасиетті кітаптардағы адамды құдай жаратты деген пікірге қарсы жаңа ой
туғызды.
Э.Б.Тайлор 1861 жылы алғашқы мәдениет атты еңбегінде дін анимизмнен
(рухқа табыну) шыққан деген пікірді жақтады. Оған қарағанда алғашқы адамдар
әрбір дененің рухы болғанына сенген. Алғашқы қауымдағы адамдар арасында
өлген адамның рухы – түс, елес сияқты жағдайларда адамның көзіне көрініп,
адамның жаны өлгеннен кейін де араларында жүре береді деген сенімді
туғызған. Осының нәтижесінде рухтар тірі адамды қорғап-қолдайды деген сенім
қалыптасып, ата-баба рухына табыну культіне, яғни анимизм сенімінің тууына
жол ашқан. Кейінгі замандарда осы рухтар адам түсінігінде жаңбыр, от,
бұлақ жел т.б. табиғат күштерін басқаратын құдайларға айналып, политеистік
(көп құдайшылдық) сенім пайда болған. Бұл да қоғамдағы адам сенімі дамуының
нәтижесінде бір құдай сенімінің (монотеистік) тууына жол ашқан дейді.
Х.Спенсер де алғашқы адамдар ата рухтарына табынды деген көзқарасты
қолдаса, Ж.Фрэзер дінді сиқырдан шыққан деген пікірді ортаға тастады.
Фрэзердің пікірі бойынша алғашқы адамдар сиқыр арқылы басқа нәрселерді өз
пайдасына асыруға тырысып, осының нәтижесінде дін пайда болған.
Тотемшілдік теорияның белсенді қорғаушысы В.Р.Смиттің көзқарасы бойынша
алғашқы қауымдағы тайпалар өздерін белгілі бір жануар не өсімдікпен туыс
санаған (тотем) және тотемдеріне құрмет ретінде туындаған табыну немесе
құрбан шалу сияқты діни рәсімдер осы түсініктен пайда болған.
Діннің пайда болуын тотемизмге негіздеушілердің көрнекті өкілдерінің
бірі З.Фрейд Тотем және табу атты кітабында дінге тотемизм тұрғысынан
психоаналитикалық түсінік беруге тырысты.
Социолог Э.Дюркгеймнің Діни өмірдің қарапайым формалары (1912ж.) атты
кітабындағы діннің пайда болуы жайлы көзқарасына қарағанда діннің негізі -
бір нәрсені қасиетті санау, бұл да қоғамдық ортаға байланысты. Қасиеттілік
– қоғамдағы адамдардың қасиетті санағанында жатыр. Бұл пікір қазіргі
кездегі қоғамдағы діни өмірдің рөліне байланысты дін социологтарының
көпшілігі қолдайтын көзқарас болып табылады.
М.Мюллердің пікірі бойынша дін адамның табиғат құбылыстарынан қорқуынан
шыққан. Бұл көзқарас натуризм деп аталады. Натуризм - адамның қоршаған
ортаға табынуы немесе табиғат құбылыстарын құдай ретінде санауы деген сөз.
Осы көзқарасты қолдаған М.Мюллер индуизмнің қасиетті кітаптары Ведаларды
дәлел ретінде келтіреді. Ведалардағы құдай есімдері агни - от, диаус -
аспан табиғат құбылыстарының аттарына ұқсас келеді. Демек, М.Мюллердің
пікірі бойынша алғашқы қауымдық құрылыста адамдар табиғат құбылыстарынан
қорыққан, сосын оған табына бастаған.
Діннің пайда болуы жайында жоғарыда баяндалған көзқарастарға қарсы
алғашқы қауымдық монотеизм (прамонотеизм) теориясы да бар. Бұл теорияға
қарағанда адамзаттың ең ескі діні - тек тәңіршілік сенімі бар дін.
Тайлордың анимизм теориясына алғаш қарсы шыққан шәкірті А.Ланг оңтүстік-
шығыс Австралияның алғашқы қауымдары діндері жайындағы соңғы мәліметтерге
сүйеніп, оларда ешқандай анимизм сенімі кездеспейтіндігін, керісінше бір
құдай сенімі болғандығын дәлел ретінде келтіреді.
4. Дінтану ғылымы
Қазіргі кездегі ғылымдар өздерінің зерттеу объектісіне байланысты
бөлінеді. Дінтану ғылымы да діндер дарихы, дін феноменологиясы, дін
социологиясы, дін психологиясы сияқты ғылым салаларын қамти, жеке бір
ғылым саласы ретінде қалыптасқан. Кейбір ғылым иелері бұған дін
философиясын да қосады, тіпті дін этнологиясын да дінтану ғылымының бір
саласы ретінде қарастырады.
Дінтану ғылымы ХХІІ ғасырдан бастап Англия, Франция және Алманияда
діндерді ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде жеке бір ғылым ретінде
қалыптасты. Әсіресе, ХІХ ғасырда діннің мәнін рационалды түрде
түсіндірудің нәтижесінде дінтану ғылымы ерекше даму жолына түсті.
Діндердің принциптерін, олардың пайда болуы мен дамуын, дұға, құрбан,
құдай түсінігі, ғибадат, діни рәсімдер сияқты діннің құрылысын, діннің
қоғамдағы рөлін, маңызын, жеке адамның психикасына әсерін, діннің
дәстүрмен, мәдениетпен байланысын т.б. зерттеу - дінтану ғылымының
үлесінде.
Дінтану ғылымы жоғарыдағы мәліметтерді зерттегенде психология,
социология, мифология, этнология немесе этнография, археология, өнер
тарихы, фольклор, философия, мәдениеттану, филология, лингвистика
ғылымдарымен тығыз байланысты.
Дін жеке адамның әрекетімен, қоғаммен, мәдениетпен т.б. байланысты
ауқымды бір құбылыс. Сондықтан оны ғылыми тұрғыдан зерттейтін дінтану
ғылымы өз ішінен бірнеше ғылым салаларына бөлінеді.
Діндер тарихы. Тарих және филология ғылымдарының зерттеу әдісі арқылы
діндердің пайда болуы мен дамуындағы сенім, ғибадат, ахлақ т.б. негіздерін
қамти тарихи тұрғыдан зерттейтін дінтану ғылымының бір саласы – діндер
тарихы. Сондай-ақ діндер тарихы діндер арасындағы байланыстарды, олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып зерттейді.
¤лі немесе күнімізде өмір сүріп жатқан діндердің тарихи дамуын, атақты
тұлғаларын, принциптерін, ғибадаттарын, ахлақтарын және рәсімдерін,
ағымдарын, діни топтарын зерттеу – діндер тарихының негізгі тақырыбы болып
табылады. Ал мақсаты - діннің пайда болу себептерін, тарихтағы немесе
қоғамдағы орны мен пішімін объективті түрде түсіндіру. Бұл ғылым саласы дін
социологиясы, дін психологиясы, дін феноменологиясы сияқты ғылым
салаларымен тығыз байланысты.
Дін психологиясы. Дін психологиясы - психология және дінтану
ғылымдарына қатысты болғанымен, өзіне қатысты зерттеу алаңы, тақырыптары,
мақсаты бар жеке ғылым саласы.
Дін психологиясының қарастыратын мәселесі - адам рухындағы түрлі
себептермен пайда болған діни өмір мен діни әрекеттер болғандықтан, діни
сенімдер, діннің адам әрекеттеріне әсері, күдік осы ғылым саласының зерттеу
алаңына кіреді.
Дін философиясы. Дін философиясы дінді философиялық тұрғыдан
қарастырады. Зерттегенде ешбір діни сенім мен идеяға сүйенбей, бәрінен
ақылды жоғары қояды. Бұл салада құдай сеніміне ақыл арқылы тұжырым жасап,
құдайдың барлығына байланысты дәлелдерді сынайды немесе қабылдайды. Оларға
ақыл арқылы анықтама береді.
Дін социологиясы. Дін социологиясы дін мен қоғам қатынастарын, діни
топтарды, қоғамдағы діннің рөлін зерттейді. Бұл ғылым саласы діннің
мемлекетке, ұлтқа, жанұяға байланысты жақтарын, діни тақырыпта ортаға
шыққан әлеуметтік мәселелерді қарастырады.
Дін феноменологиясы. Дін феноменологиясы өзіне керекті мәселелерді
діндер тарихынан алады. Бірақ бұл ғылым саласы дінді тарихи тұрғыдан емес,
жүйелі қарастырады. Діндегі дұға, құрбан, құдай түсінігі, діндердің
дүниетанымы, о дүние, құлшылық қағидалары, діни символдар сияқты діннің
негізгі көрінісін дін феноменологиясы зерттейді.
Дін этнологиясы. Дін этнологиясы - діни культті, әдет-ғұрыпты және салт-
дәстүрлерді, қоғамның діни, мәдени элементтерін зерттейтін сала.

Қазіргі кездегі дін зерттеушілері, этнолог-теологтар, социолог және дін
тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық аймағын, діндердің халықтар
арасына таралу барысын және діндердің сенімі мен құрылысын негізге ала
отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін социологы Ж.Ваш діндерді
құрушысы бар (буддизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және дәстүрге
негізделген (индуизм, синтоизм, түркі діні) діндер деп бөлсе, А.Шиммел
алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га, маори, айну, инка), ұлттық діндер
(яһудилік, индуизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және әлемдік діндер
(буддизм, христиан және ислам) деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне
байланысты политеистік (көп тәңіршілдік:синтоизм, ежелгі грек, ежелгі рим
діндері), монотеистік (бір тәңіршілдік: ислам, яһудилік (иудаизм)) деп
бөлгенімізбен, бұл барлық діндерді қамти алмайды. ¤йткені әлемде құдай
сенімі кездеспейтін діндер (буддизм, жайнизм) де бар.
Тағы да діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты былай
сыныптауға болады:
1. Орта Шығыс немесе Семит діндері: яһудилік (иудаизм), христиан және
ислам;
2. Үнді діндері: индуизм, буддизм, жайнизм, сикхизм;
3. Қытай-жапон діндері: конфуцианизм, даосизм, синтоизм.
Ал мұсылман ғалымдары Құран негізі бойынша діндерді илаһи немесе хақ
(Аллаһтан келген: яһуди, христиан және ислам) және адамдық немесе бос
(адамдардың өздері шығарған: буддизм, индуизм, конфуцианизм т.б.) діндер
деп екі топқа бөлген. Ал илаһи діндердің өзін негізі бұзылған (яһуди,
христиан) және негізі бұзылмаған (ислам) деп екіге бөледі.
II. Ислам дінінiң пайда болуы және Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.)
1. Арабстанның дiни және әлеуметтiк жағдайы
2. Ислам діні
3. Хазірет Мұхаммед пайғамбардың өмірі
4. Ахмет Ясауидің Диуани Хикметтегі хазіреті Мұхаммед жайлы толғауы

Жаңа эраның ХІ-шы ғасырында әлем өркениеті құлдырап, құл иеленуші
қоғамның гүлденіп тұрған дәуірі болатын. Үстемтап өкілдерінің әлсіздерді
қанауы, оларды құлдыққа түсіріп, адам хұқығының аяққа тапталу кезеңін бүкіл
әлем басынан кешіріп жатқан-ды.
Ал Арабстан түбегіне келсек, саяси, географиялы және сауда-саттық
жөнiнен маңызы зор едi. Арабтар шөл далада тайпа-тайпаға бөлініп, бір-
бірімен дау-жанжалды, қанды соғыстарды басынан кешіріп жатқан болатын.
Наным сенiм мәселесiнде анархия белең алып, адамның ақылына сыймайтын небiр
сенiмер пайда болды.
Халықтың бiр бөлiгi ештеңеге сенбейтiн, тек осы өмiрдiң қызығын
тамашалап қалуды көксейтiн. Сондай-ақ арабтардың бiр бөлiгi Аллаһқа, бiр
жаратушының барлығына сенетiн, бiрақ адамдар арасынан пайғамбар шығатынына
иланбайтын. Пайғамбар тек перiштелерден ғана шығуы мүмкiн дедi.
Ендi бiреулерi пұттарға табынатын. Халықтың ең көп бөлiгiн құрайтындар
да осылар едi. Арабстанның қараңғылық дәуiрiнде саяси тәртiп, қоғамдық
бiрлiк мүлдем жоқ едi. Халықтың басым көпшiлiгi көшпендi тұрмыс кешетiн. Ру-
руға бөлiнiп, әр ру өзiне тән тәртiбiн, дәстүрiн ұстанатын.
Адамгершiлiк атауы жойылып, нәпсiқұмарлық шегiне жетiп, құмар,
зинақорлық, маскүнемдiк, зұлымдық өтiрiк-өсек кең етек алған едi.
Әлi жеткен әлсiзге әлiмжеттiк жасап, ұрып соғып, ойына келгенiн
орындататын. Адамдар мал тәрiздi базарда сатылатын.
Шөл далада мекен еткен арабтардың көбiсi қыз баласы дүниеге келсе
сұмдық санайтын. Әйелi босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкiмге тiс жарып
айтпастан, көрсетпестен тiрiдей көмiп тастайтын.
Ислам дiнi таралмас бұрын Арабстанда шешендiк өнерi шырқау шегiне
жеттi. Бұл мәселеде дүниежүзiнде оларға тең келер халық та жоқ-тын. Шайыр,
өлең дегенде надан араб iшкен асын жерге қоятын. Шайырлар керемет құрметке
бөленетiн.
Сол заманда Араб түбегінде Мекке, Тайф, Ясриб сияқты қалалар орналасқан
болатын. Мекке қаласы Еуропаны, Азияны және Африканы байланыстыратын керуен
жолының қақ ортасында орналасқан үлкен сауда қаласы еді. Онда арабтың
Құрайш деген тайпасы өмір сүрді. Құрайштар: Умаййа, Нәуфәл, Зуһра, Тайм,
Адий, Махзум, Әсәд, Жумх, Сахм, Хашим деген тармақтарға бөлінеді.
Меккеде хазіреті Ибраһим мен хазіреті Исмайл пайғамбардың тұрғызған
Қағба орналасқан. Жәһилие (надандық) дәуірінде арабтар осыған қажыға
келетін. Бірақ арабтар қағбаны бұттарға толтырып, оларға да табынатын.
Міне, адамзаттың мүшкіл, қараңғы хәлінен құтқару үшін, бір хақ
пайғамбардың келуін әлем асыға күткен. Ондай пайғамбардың келетінін
яһудилер (иудей) мен христиандарға түскен кітаптар да баяндалған. Мәселен:
сол уақытта Мәриям ұлы Иса: әй Исраил ұлдары! Шын мәнінде мен сендерге
Аллаһтың елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін
Ахмет атты пайғамбарменен сүйіншілеймін деген еді. (Саф-6). Сондай-ақ
қазіргі христиандардың Інжілдерінде де: Дегенмен шындығын айтайын: менің
кеткенім сендер үшін жақсы! Себебі мен кетпесем, сендерге қамқоршыларың
келмейді; ал мен барған соң, оны жерге жіберемін. (Жохан (Юоан) –16-7) -
деп жазады.
2.Ислам діні
Ислам араб тiлiнде бағыну, мойын ұсыну, жамандықтардан аулақ болу
т.б. деген мағыналарды береді.
Ислам - Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) Аллаһ тарапынан уаһи арқылы
түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Бұл дінді ұстанатын адамды
мұсылман немесе мүсілім деп атайды.
Жалпы мұсылмандық Аллаһтың барлығына, бірлігіне, одан басқа тәңрiнiң
жоқтығына, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) оның құлы, әрі елшісі екендігіне
сенуден тұрады.
Құран Кәрімде: "Аллаһтың қасында шынайы дін ислам" (Әли Ғимран-29),
"сендерге ислам дінін қоштап ұнаттым" (Мәидә-3) - дегеніндей, бұл діннің
атын Аллаһ берген.
Қазіргі кезде бұл дін 1 000 000 000 астам адам тұтынатын әлемдік дін
болып, бір ұлттың ғана діні емес, бүкіл адам баласына ортақ дін болып
табылады.
Ислам сенімі бойынша бүкіл пайғамбарлардың адамзатқа жеткізген діні -
ислам діні. Бірақ бұл есім осылай бүкіл илаһи діндердің жалпылық аты
болғанымен, хазіреті Мұхаммедтің 23 жылдық пайғамбарлығынан кейін оның
үмбеттері ұстанатын діннің атына айналды.
Құран Кәрімде баяндалғандай ислам діні хақ дін, ең тура дін болып
табылады. Бұл дін ұлы Аллаһтың алдында шынайы, қабыл болған және оның разы
болған діні болып есептелінеді.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың ең
соңғысы екендігі ислам қайнарларында баяндалған.
Құран Кәрім Аллаһ тарапынан хазіреті Мұхаммедке (ғ.с.) уаһи етілген
илаһи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске түспеген, бұл жайында да Аллаһ
оны өзі қоритынын ескерткен. Бұл кітап пайғамбарымызға 23 жылда уаһи
етіліп, оны пайғамбарымыз сахабаларға жаттатқан, жаздыртқан және өзі
тексеріп отырған. Осылай Құранның түпнұсқасы сақталып, күнімізге дейін
жеткен.
Ислам - жалғыз тәңіршілдік дінi. Бұл дінде Аллаһты екілеу, үштеу, оған
ортақ қосу деген нәрселер - атымен жоқ. ¦лы Аллаһқа берілген сипаттар
адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз жаратылыстарға берілмейді. Бұл дінде
Аллаһтан басқа ешбір табиғатқа, табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған
мүсіндерге, рухтарға т.б. нәрселерге табынуға тыйым салынған.
Аталмыш дінде христиан, буддизм діндеріндегідей монахтық, құдай мен
адамдар арасына дәнекер қою, миссионерлік деген нәрселер жоқ. ¦лы Аллаһ пен
құл арасында фетиш, пұт, елші, монах, періште сияқтылар арашашы бола
алмайды. Керісінше құл тікелей Аллаһқа жалбарынып, қалаған нәрсесін сұрап,
дұға жасай алады.
Исламдағы сенімдер мен негіздер адам баласына түсінікті, анық,
қабылдауға оңай, ақыл мен қисынға қонымды. Бұл дінде хулүл (аватара),
танасух (реинкорнация), туысынан күнәһар болу сияқты адамның өмір сүруіне
қиын сенімдер кездеспейді.
Ислам дінінде адамның өмір сүруіне қиыншылық туғызатын қағидалар жоқ,
керісінше адамның жаратылысына сай етіп белгіленген. Пайғамбарымыз Хазіреті
Мұхаммед (ғ.с): оңайлатыңыз, қиындатпаңыз, сүйіншілеңіз, жек көрсетпеңіз
- деп, жоғарыдағы сөзімізді қуаттайды (өмір бойы үйленбеу, ажыраспау т.б.
қиыншылықтар исламда жоқ).
Мұсылмандықта адамның барлығы тең хұқылы. Бұл дін - адамның іші-тысын
таза ұстауға көңіл бөлетін дін.
Баяндалып отырған дінінің басты негізі, әрі мұсылмандықтың кілті -
Аллаһтың барлығын, бірлігін мойындау, оған еш серік қоспау және Хазіреті
Мұхаммед (ғ.с.) оның елшісі екенін естен шығармау. Сондықтан ислам діні бір
дәстүр ретінде: Лә илаһә иллаллаһ Мұхаммадур-расулу-л-лаһ, яғни мағынасы
Аллаһтан басқа тәңiрi жоқ, Мұхаммед оның елшісі деген сөйлемде жинақталған.
Осы қасиетті сөйлемді айтып, жүрегімен бекіткен адам ислам дініне кірген
болып есептелінеді. Мұны біз кәлимәи тәухид деп атаймыз. Қорыта айтсақ
ислам діні - хазіреті Адамнан хазіреті Мұхаммедке дейінгі барлық
пайғамбарлардың әкелген діні.
Ислам дінінің ерекшеліктері:
1. Ислам соңғы дін. Ислам дінін үгіт насихат жасаған Хз.Мұхаммедте
(ғ.с.) соңғы пайғамбар. Ислам дінінен кейін басқа дін де пайғамбар
да келмейді.
2. Ислам әмбебап діні. Әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діні белгілі
қауымға жіберілген болса ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін.
3. Ислам дінінің үкімдері бүкіл адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз
ететіндей етіп керемет қамтылған. Осы себепті өзге дінге қажеттілік
жоқ.
4. Ислам діні өзінен бұрынғы Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген
пайғамбарлармен құдайлық қасиетті кітаптарды растайды.
5. Ислам діні әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діндердің үкімдерін
жаңалайды. Өйткені ол үкімдер тек қана бір немесе бірнеше қаумға
жіберілген еді. Алайда ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін
және қиямет қайымға дейін өзінің негізін сақтайтын дін.
3.Хазірет Мұхаммед пайғамбардың өмірі
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 570 (571) жылы яғни піл жылы рабиу-л-әууәл
айының 12-жұлдызына қараған дүйсенбінің таңында дүниеге келді. Әлем
хазіреті Мұхаммедтiң дүниеге келуімен адамзат еш көрмеген және көре
алмайтын зор төңкеріс пен құтылу дәуіріне кірді. Адам баласының рухын
қарайтып кірлеткен ахлақсыздық, зұлымдық пен надандық тәрізді адамды
хайуаннан да төмен түсіретін жамандықтар ортадан айықты.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) туылғанда Кисра сарайының 24 діңгегі құлады,
Мәжусилердің оттары сөніп, Сәуә көлі құрғап кетті.
Хазiретi Мұхаммедтiң әулеті Құрайш руының хашим ұлдарынан еді. Оның
жанұясы тұрғысынан өз ішінен абзал отбасынан болатын. Әкесі - Абдуллаһ,
шешесі - Әмина. Хазiретi Мұхаммедтiң туылуынан 2 ай бұрын әкесі Абдуллаһ, 6
жасында шешесі Әмина қайтыс болған. Мұхаммед 8 жасына дейін атасы
Әбдiмүттәлiптiң қолында қалды. Құрайтың алдынғы қатарлыларынан саналатын
Әбдiмүтәлiп адамгершiлiгi мол, жомарттығымен, мәрттiгiмен аты шыққан,
сабырлы, ақылды, түсiнiгi мол жан. Немересi Мұхаммедтi қайда барса қасынан
тастамай алып жүрдi. Әбдiмүтәлiп милади 578 жылы сексеннен асқан шағында
мәңгiлiкке көз жұмды. Мұхаммедтi (ғ.с.) немере ағасы Әбу Тәліп жанына алды.
Хазiретi Мұхаммедтiң осылайша балалық шағы тап-таза және жетімдікпен өтті.
Оның жасөспірімдік, бозбалалық, бойдақтық және үйлі барандық өмірі де
ешкімге нәсіп болмаған үлкен абыройлықпен өтті. ¤мірінде ешбір өтірік
айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-дұшпандары Мұхаммедул Әмин (сенімді
Мұхаммед) деп атайтын болды.
Ол 25 жасында намысты және бай жесір әйел болған 40 жастағы Хадиша
анамызға үйленді.
Хазiретi Мұхаммедтiң 3 ұлы, 4 қызы болды. ¦лдары: Қасым, Абдуллаһ,
Ибраһим, ал қыздары: Зейнеп, Руқия, Үммү Гүлсім, Фатима.
Балаларынан Ибраһимнан басқалары осы Хадиша анамыздан туылған. Алайда
балаларының Фатимадан басқалары Хазiретi Мұхаммедтiң тірі кезінде қайтыс
болады.
Бiздiң эрамыздың 610-жылы Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 40 жасқа келгенде,
Хира үңгірінде ұлы Аллаһ тарапынан алғашқы уаһи келедi. Жебiрейіл Хазiретi
Мұхаммедке көрініп;
- Оқы! - деді.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) қатты үрейленiп,
- Мен оқи алмаймын! Оқу білмеймін- деді.
Періште әмірді қайталады. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) тағы да:
- Оқу білмеймін, -деп жауап берді. Періште қатты құшағына қысты.
Сонда хазіреті Мұхаммед:
- Нені оқиын? - деп сұрады. Сол кезде періште алыстан естілген
дауыстың ең тәтті ырғағымен мыналарды оқыды:
"Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан
жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен. Ол, адамзатқа
білмеген нәрсесін үйреткен" (Алақ 1-5).
Алақ сүресінің бастапқы бес аяты - Хазiретi Мұхаммедке алғаш уаһи
болған аят. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) бұларды жүрегіне тоқып, періштенің
үніне ұйи ілесіп дәл оқыды да, бөгелместен үйіне қайтты. Осылайша, адам
баласына адамгершілік нәрін таттыратын ислам дінінің күні туылды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) алдын 3 жыл ислам дінін құпия түрде жайды.
Кейін Аллаһтың әмірімен халықты тура жолға, бейбітшілікке, ислам дініне
ашықтан-ашық шақыра бастады.
Алғаш ислам дінін қабылдағандар Хазiретi Мұхаммедтiң жан жары - Хадиша
анамыз, азат етілген құлы - Зейд, 5 жастағы өзінің немере інісі - Әли және
жан досы - Әбу Бәкір Сыддық болды. Әбу Бәкірдің нұсқауымен Осман бин Аффан,
Абдурахман бин Ауф, Саад бин Әбу Уаққас, Зүбейір бин Аууам, Тальһа бин
Үбейдуллаһ т.б. мұсылман болды.
Бірақ саналары надандыққа шырмалып, азғындаған дін дұшпандарының Мекке
қаласында 12 жыл бойы ардақты Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандарға жасамаған
қастандығы жоқ. Мүшріктер Әбу Бәкір, Осман сияқты мықты, дәулеттi адамдарға
еш нәрсе дей алмай, Бiләл Хабаши, Аммар бин Ясир (әкесі Ясир мен анасы
Сүмеййе), Сүһейб бин Руми, Хаббаб бин Ерат, Әбу Фүкейһа т.б. сияқты жоқ-
жітік, әлсіз мұсылмандарға жан түршігерлік қорлықтар көрсетті. Оларды аш,
сусыз қалдырып, ұрып-соғып, ыстық құмның үстіне жатқызып, кеудесіне тас
бастырып, қатты азапқа салды. Осыған байланысты алғашқы мұсылмандардан
біршамасы Хабашстанға (Эфиопия), христиан еліне көшуге мәжбүр болды.
Мұсылмандар 615 жылы 11 ер мен 4 әйел болып бір дүркін, және 617 жылы
83 ер мен 20 әйелдік екінші дүркін болып Хабашстанға көшті. Хабашстан
патшасы Нажжаши барған мұсылмандарды жақсы қарсы алып, өз қамқорлығына
алған.
Тіпті Меккеде мүшіріктер Хазiретi Мұхаммедтiң руы Хашим ұлдарымен қарым-
қатынас жасауды үзу туралы бір-бірімен анттасты. Бірақ Хазiретi Мұхаммед
(ғ.с.) адамдарды исламға шақыруды тоқтатпады. Ол Меккеге келген рулармен
кездесіп, оларды исламға шақырып отырды. Указ, Мәжәннә және Зүлмежаз атты
жәрмеңкелерге барып, ол жерде кездескен адамдарға Құран оқып беріп, исламды
таратуға тырысты. Құранның оқып берген адамның жүрегін өзіне баурап алатын
қасиеті бар. Сондықтан көптеген адамдар Хазiретi Мұхаммедтiң Құран оқып
беруімен-ақ мұсылман болған екен.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) өзіне жүктелген міндетті атқару үшін, тынбай
адамдарға исламды түсіндірді. Тіпті шөл далаға шығып, ондағы тайпаларды
исламға шақыратын. Ал Мекке мүшріктері де, Хазiретi Мұхаммедтi жамандап,
Меккеге келген адамдарды исламнан шошытуға тырысты.
Миғраж. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Меккеде болғанда Аллаһтың бұйрығымен
Меккеден Құдысқа көтерілдi. Одан Жебiрейл періштенің бастауымен, Ақса
мешiтiнен Миғражға көтерілген.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) бірінші қат көкте хазіреті Адаммен, екінші қат
көкте хазіреті Яхия және хазіреті Исамен, үшінші қат көкте хазіреті
Жүсіппен, төртінші қат көкте хазіреті Ыдырыспен, бесінші қат көкте хазіреті
Һарунмен, алтыншы қат көкте хазіреті Мұсамен, жетінші қат көкте хазіреті
Ибраһиммен кездесті. Ол арадан Сыдырату-л-Мұнтаһаға жетті. Бұл арада ұлы
Аллаһ, Хазiретi Мұхаммедке үш нәрсе сыйлады:
1. Бақара сүресінің соңғы екі аяты;
2. Үммбеттеріне Аллаһу Тағаланың жәннатқа кіруін сүйіншілеу;
3. Күніне бес уақыт намаз.
Миғражда хазіреті Мұхаммедке хазіреті Мұсаға он бұйрық берілгендей, он
екі бұйрық берілді.
Құран Кәрімде бұл бұйрықтар Исра сүресінің 22-38-ші аяттарында
қамтылған. Олар:
1. Аллаһтан басқаға құлшылық жасамау;
2. Ата-ананы құрметтеу және оларға бағыну;
1. 3.Туыс-туғанға, жоқ-жітікке, жолаушыларға, қорғансыздарға көмектесу;
2. 4. Ысырап жасап мал-мүлкіңді орынсыз жерге жұмсамау;
3. 5. Балаларды өлтірмеу;
4. 6. Зинақорлық жасамау;
7. Нақақтан адам өлтірмеу;
5. 8. Жетімдерге, қорғансыздарға қорған болу;
6. 9. Уәдеде тұру;
7. 10.Таразыны тура тарту, таразыдан жемеу;
8. 11. ¤зің білмеген нәрсенің соңынан түспеу;
9. 12. Жер бетінде тым асқақ кетпеу.
Соңында Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен меккелік мұсылмандар 622-ші
жылы, Аллаһтың әмірімен Меккеден Мәдинаға (Ясриб) көшті. Мәдиналіктердің
көбі ислам дінін қабылдады. Мәдине қаласының ресми діні ислам болып, бұл
қала алғаш ислам қоғамы болып қалыптасқан қала болып табылады. Хазiретi
Мұхаммед (ғ.с.) 10 жыл Мәдинада Аллаһтың әмірін адам баласына жеткізуге
тырысты. Алайда Мәдина қаласында да Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен Мұхажир
(қоныс аударушы), Ансар (көмектесуші) мұсылмандар көптеген кедергілер мен
қиыншылықтарды басынан кешірді. Мұсылмандарға меккелік мүшіріктер, көршілес
араб тайпалары мен Мәдиналық яһудилер қысымшылық, кемсітушілік, зорлық
көрсете бастады. Мұсылмандарға тыныш, бейбітшілікте өмір сүру қиынға соқты.
Сонда да Хазiретi Мұхаммед: бізге соғысуға рұқсат берген жоқ- деп,
сабырлықпен соғысқа тыйым салды. Ақыры амалсыз Аллаһтың рұқсатымен қысым
көрсеткендерге қарсы тойтарыс беруге ғана рұқсат етілді. Сонымен
мұсылмандар ішкі (мұнафықтар мен яһудилер) және сыртқы (мүшіріктер)
мұсылман жауларымен қандай қиыншылық болса да жағаласып отырды. Мұсылмандар
Мәдинадағы ішкі жауларының бірі Қайнұқа, Бәни Нәзір, Құрайза яһудилерімен
соғысып, оларды жеңді және сыртқы жаулары меккелік Құрайш мүшіріктеріне,
Бәни Хауазин, Бәни Сақыф рулары мен сириялық христиан арабтарға өздерінің
аман қалулары үшін төтеп беріп отырды. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен оның
сахабалары (Аллаһ олардың барлығына разы болсын) қаншама қиыншылықтарды
басынан кешіре отырып, өздеріне қауіп төндірген жауларымен күресіп,
барлығын да құдайдың қолдауымен сәттілік және үлкен абыроймен жеңіп отырды.
Мұсылмандар Меккелік мүшіріктермен Бәдірде кездескенде 305 адам, ал
мүшіріктер 1 000 қаралы адам еді. Бәдір соғысының жеңісі мұсылмандарға
нәсіп болып, мұсылмандар Аллаһтың және адамдардың алдында үлкен абыройға
бөленді.
Мұнан бір жылдан кейін соғыс, ¦хұд тауында жүзеге асты. Бұл жерде
мұсылмандар не бары 700 де, мүшіріктер 3 000 болатын. Мұсылмандар санының
аздығымен бірге, қару-жарақтары да жеткіліксіз еді. ¦хұдта алдын қиян-кескі
айқастың нәтижесінде жау сабы бұзылып, шегінуге таяған кезде, жаудың атты
әскерін тойтарыс беретін тау етегіндегі садақшылардың өз орындарын тастап,
үлкен қолға қосылып кетуіне байланысты, жаудың атты әскері тауды айналып,
мұсылман әскерінің артқы тарапынан соққы берді. Мұсылмандар алдыңғы және
артқы жақтан берген соққыдан және пайғамбарымызды өлді деген жалған
хабардың шығуына байланысты, жан-жаққа тарап, тау басына шегінуге мәжбүр
болды. Бірақ мүшіріктер, мұсылмандарды ары қарай қууға жүректері дауламады.
Мұнан басқа Хайбар, Хандек, Мұте, Хұнайн соғыстары тарихтан белгілі.
Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) мүшіріктермен жасаған Хұдайбие
келісімінен кейін, сол аралықтағы уақытты пайдаланып, исламды шартарапқа
шеберлікпен тарата білді. Тіпті Византия, Мысыр, Хабашстан, сасанилік Иран
және алыстағы араб тайпаларына исламға шақыру хаттарын жөнелтті. Көршілес
тайпаларға исламды түсіндіретін ұстаздар жіберіп отырды. ¦стаздар (мүршид)
ислам дінінің өзін шебер, түсінікті тілде, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) қалай
айтып түсіндірсе, сол қалпында, тек шындықты айта отырып, түсіндірді. Олар
халықтың жүрегіне ислам дінін шын пейілмен ұялата білді. Осындай ерен
еңбектің арқасында Араб түбегі тайпалары мұсылмандыққа бет бұра бастады.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) илаһи уаһидің нұрымен әрбір адамға түсінікті
тілмен сөйлеп, оларды исламға шақырды. Исламды оңайластырды, қиындатпады,
сүйіндірді, үркітпеді. Адамдармен сүйіспеншілік, кешірімділік қатынаста
болды. Ісінде және сөзінде өзінің мейрімділік пайғамбары екенін көрсетті.
Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) осындай уағызы арқасында Меккені соғыссыз алды.
Ондағы қарсылық пен зұлымдықты, надандық пен тұрпайылықты күшімен қалдырды,
дүниені білімге, әділетке, ақиқатқа және бақытқа қауыштырды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Меккеге жасаған қажылығында үмбеттеріне
қоштасу құтпасын оқыды. Қоштасу құтпасы деген атпен ислам тарихына енген
пайғамбар лебiзi барша мұсылмандарға, күллi адамзатқа мәңгi өшпейтiн өмiр
өлшемi секiлдi.
Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим.
Ей адамдар!
Айтқаныма зер салыңдар. Бәлкiм биылдан соң сендермен бұл жерде
жүздеспейтiн шығармын.
Халайық!
Бүгiнгi күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты қасиеттi болса, мал-
жандарың, ар-намыстарыңыз да да соншалықты қасиетті, зорлық атаулыдан
қорғалған.
Сахабаларым!
Раббыларыңмен қауышатындықтарың хақ және осы дүниедегi бүкiл амал-
әрекеттерiңiз үшiн жауап беретiнiңдерiң де бiлiңдер. Мен орталарыңнан
кеткеннен кейiн баяғы бiтпейтiн ұрыс-керiске, даудамайға қайта бой алдырып,
бiр-бiрiңнiң қандарыңызды жүктеушi болмаңыздар. Осы өсиетiмдi естiгендер
естiмегендерге жеткiзсiн. Бәлкiм естiмеген адам бұл жерде менiң осы
сөздерiме куә болып естiген адамнан да жақсы түсiнiп, жадында сақтауы
мүмкiн.
Сахабаларым!
Қолдарыңды әлдебiреудiң аманат болса, қылдай қиянат жасамай, басы
бүтiн иесiне табыстасын. Пайыздық өсiмнiң барлық түрiне тиым салынды. Тек
нақты қарызды қайтарған жағдайда, басқаға зұлымдық жасамайсыңдар, әрi
өздерiң де зұлымдық көрмейсiңдер. Аллаһтың әмiрiменг бұдан былай өсiммен
пайда табуға тиым салынды. Надандық жайлаған қараңғы кезеңiнен қалған бұл
әдет мұнан былай жойылуға тиiс.
Ей халқым!
Қараңғылық кезеңiнен қалған қан дауына да осы жерде нүкте қойылды.
Бiрiншi болып атам Әбдiмүтәлiптiң немересi, немере ағайыным Рабияның қан
дауын жойдым.
Ей жарандар!
Бүгін шайтан сіздердің топырақтарыңызда қайта үстемдік құра алмайды.
Бірақ сіздер қалдырған мирасымнан басқа қандайда бір ұсақ-түйек істерде
оның алдауына түсетін болсаңыздар, соның өзі оны қуантады. Дініңізді қорғау
үшін бұлардан сақ болыңыздар!
Ей адамдар!
Әйелдердің хақын қорғауыңызды және осы мәселеде Аллаһтан қорқуыңызды
ұсынамын. Сіздер әйелдерді Аллаһтың аманаты ретінде алыңыздар, олардың ары
мен намыстарын Аллаһтың атына сөз беріп, қабылдап, жар еттіңіздер.
Сіздердің әйелдерде хақыңыздың болуы сияқты, олардың да сіздерде
хақтары бар. Сіздердің әйелдердегі хақыңыз: ол отбасын сіздердің қандайда
бір жақтырмаған бөгде адамдарға таптатпауы тиіс.
Ей мүміндер! Сіздерге бір аманат тапсырып барамын. Егер оған берік
болып, айырылмасаңыздар ешқашан адаспайсыздар. Ол аманат - Аллаһтың кітабы
Құран. Мүміндер сөзімді мұқият тыңдап, жадыңызға сақтаңыздар! Мұсылман
мұсылманға бауыр, сондықтан да мұсылмандар бір-бірімен туыс, бауыр. Діні
бір бауырларымыздың қандай бір хаққына қиянат етсеңіздер, егер өзі жан
ризашылығын білдірмесе, ол сіздерге арам саналады. ¤йткені жанның да сізде
хаққы бар.
Ей, адамдар! Аллаһ Тағала, әрбір жанға Құранда хақ берген. Мұрагерге
өсиет етудің қажеті қанша... Бала кімнің төсегінде пайда болса соған тән.
Зина жасағандар Аллаһтың рахметінен махрұм қалады. Әкесінен басқа қаннан
тудым дегендер тексіз немесе Тәңірінен басқа бұтқа табынғандар опасыз,
Аллаһтың азабына, періштелердің наласына, сонымен қатар барлық
мұсылмандардың қарғысына ұшырасын! Аллаһ Тағала, мұндай адамдардың тәубесін
де, әділет пен куәліктерін де қабылдамайды.
Ей, адамдар! Жаратушымыз бір, бабаларыңыз да бір, бәріңіз Адам атаның
баласы болып табыласыз. Адам ата топырақтан жаратылған. Аллаһқа ең көп
құрмет көрметкендеріңіз Аллаһ тарапынан ең қадірлі, құрметті орынға ие
боласыздар. Араб ұлтының басқа ұлттардан ешқандай артықшылығы жоқ. ¦лттың
ұлттан артықшылығы Аллаһқа деген құрметімен өлшенеді.
Ей, адамдар! Ертең мені сіздерден сұрайды. Сонда не деп жауап
бересіздер?
Сахабалар: - “Аллаһтың алдындағы елшілік міндетін орындады, бізге
өсиет, уағыз-насихат айтты” дейміз, - деп жауап берген кезде Хазiретi
Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымыз сұқ саусағын көкке көтеріп, кейіннен жиылған
топқа қарай төмен түсіріп, былай деді: Куә бол ей, жаратқан ием! Куә бол
ей, жаратқан ием! Куә бол ей, жаратқан ием!
Сосын бұл құтбадан кейін:
Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ
сендерге ислам дінін қоштап, ұнаттым (Мәидә, 3) – деген аят түседі.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 63 жасында Аллаһтың рахметіне бөленіп, һижри
11, милади 632 жылы раби-у-л-әууәл айының 12-күні дүйсенбіде (милади 8-
маусым) Мәдинада қайтыс болды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) адам баласын дүние мен ахиретте бақытқа,
бейбітшілікке жеткізетін, қияметке дейін өзгеріссіз жалғасатын ислам дінін
қалдырды.
Ислам діні Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) ïайғамбар қайтыс болмай тұрып,
бүкіл Араб түбегіне таралды. Араб түбегіндегі барлық халықтар мұсылман
болды.
Хазіреті Мұхаммедтің әкелген ислам діні, дүние жүзіне үлкен төңкеріс
жасады. Қараңғылық торлаған мына надан дүниеге нұр шашып, ақыл мен
парасаттың, ғылымның дамуын енгізді. Сондықтан ғылымның бүгінгідей дамуына
ислам дінінің маңызы зор. Мұнан кейін әлем өркениетінде үлкен төңкеріс
басталды. Яғни жер бетінде жаңа бір өркениет, жаңа бір дін қалыптасты. Ол –
ислам өркениеті, ислам діні болатын.
Хазiретi Мұхаммедтің (ғ.с.) өмірі пәк болатын, таза киініп, таза
жүретін. Ол руханиятымен, көркем мінезімен, адамгершілігімен тек өзінің
үмметтеріне ғана емес, бүкіл адам баласына үлгі болған. Пайғамбарымыз өз
үмметтерінің денесі де, руханияты да таза, пәк болуын қалайтын.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) һижри 9 жылы мұсылмандардың басшысы бола
тұра қарапайым өмірді қалады. Сондай-ақ ол бес уақыт парыз намаздардан тыс
әр күні сүннет, нәпiл намаздарын оқып, тақуалық жағынан мұсылмандарға үлгі
болатын. Пайғамбарымыз кейде түнімен, кейде түннің жартысына дейін уақытын
намаз оқумен өткізетін.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Шағбан, Рамазан айларымен қоса Мұхаррам,
Шәууәл айларының кейбір күндерін оразамен өткізетін.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар түнімен намаз оқитын. Дүние
құмарлықтарынан аулақ жүріп, әрдайым көңілі пәк жүретін. Ол:“сенің келер,
өткен күнәларың кешірілмеді ме?” - дегендерге -“шүкір еткен бір құл
болмаймын ба !?” - дейтін. Сондай-ақ ол: “қарыз ақшамнан басқа ¦хұд
тауындай алтыным болса, үш түн өткеше ол ақшадан жаныма біреуін де
қалдырмайтын едім ”, - дейтін.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) өте кішіпейіл, еңбекқор, көңілі пәк, ешкімді
ренжітпейтін адам болған екен. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.)тiң ахлағы жайлы
Әбу Сайд әл-Хұдри: “Расулуллаһ түйені байлайтын, оған жем беретін, үй
сыпыратын, аяқ-киім тігетін, киімін жамайтын, қой сауатын, қызметшісімен
бірге ас ішетін, ұн үгітіп, шаршаған қызметшісіне көмектесетін, базардан
зат алып үйіне келуге арланбайтын, бай-кедей барлығының қолын қысатын,
алдымен өзі сәлем беретін, шақырған адамның бетін қайтармайтын, бір құрмаға
бола шақырған жерден қалмайтын, оның мінезі жұмсақ, жомарт, адамның көңілін
таба білетін, жылы жүзді еді. Қарқылдап күлмейтін, қарапайым, жомарт, нәзік
жанды адам болатын. Әрдайым тәфәккүр (ой) ішінде жүретін, мейірімді
болатын. Ешқашан тоя жеп кекірмейтін, ашкөздік етпейтін ”, - дейді.
4. Ахмет Яссауидің Диуани Хикметтегі Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) жайлы
толғауы
Сопылық жол Хазiретi Мұхаммедтің (ғ.с.) ахлағынан, оның іс-әрекеті
мен сөздерінен бастау алады. Ахмет Ясауи де Мұхаммед пайғамбарымыздың әрбір
сөзін, іс-әрекетін өзіне өнеге қылып, солай өмір сүруге тырысқан. Тіпті
Мұхаммед пайғамбардың дүниеден көшкен жасы - 63 жас болғанына байланысты 63
жас пайғамбар жас - сүннет деп жер астынан өзіне орын дайындап, соған
түскенін баршамыз білеміз. Міне бұл Ахмет Ясауидің Мұхаммед пайғамбарды
сүйіп, оған рухани байланғандығын көрсетеді. Бұл – оның Мұхаммед
пайғамбарға деген шексіз құрметі мен сүйіспеншілігінен болса керек. Ардақты
пайғамбардың көркем мінезі мен парасатты сөздерін Құранмен қатар мүлтіксіз
үлгі тұтқан Әзіреті Сұлтан өзінің әйгілі шығармасында ардақты пайғамбарымыз
жайлы былай деп жырлайды:
23 хикмет
Сүйген көңіл аңсап алаң, Мұхаммед,
Ақ жолыңа жан садағам, Мұхаммед.
Жаратқанға құлдық жырын жатқа айтар
Саған үмбет барша ғалам, Мұхаммед.
Еңіреп жүріп екі жиһан кезейін,
Диуана боп, шаң сабаған Мұхаммед.
Сүйем сені, өлтір, өрте, махшарда,
Берсең жаза қанша маған Мұхаммед.
Қайтем налып, кереметім өзіңсің,
Үмбетім деп шаршамаған Мұхаммед.
Күндіз-түні қасірет жеп, шеріңді
Шығарарсың, таң самалым, Мұхаммед.
Жұртың үшін қайғыдан қан жұтар боп,
Ойлайтының біз күнәһар, Мұхаммед.
Қиямет күн біздейлерге жаза жоқ,
Шаһтың шаһы, сайыпқыран Мұхаммед.
Бәрін тастап Мұхаммедтен алғыс ал,
Қас қағымда ғайып болам, Мұхаммед.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz