Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 144 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 ТҮРКІЛЕР ДӘУІРІНДЕГІ ТҮРЛІ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР ТАРИХЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ

1. 1. Түркі дәуіріндегі Батыс пен Шығыстың мәдени байланыстарына зерттеушілердің көзқарастары 17

1. 2. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланыстары тарихнамасы 34

2 ТҮРКІ ҚАҒАНАТТАРЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ТАРИХНАМАСЫ

2. 1. Түркі-соғды мәдени байланыстарына тарихшылар көзқарасы 49

2. 2. . Түркілердің мұсылмандық Иран мемлекетімен мәдени байланыстары: мәселенің зерттелуі 64

3 ТҮРКІЛЕРДІҢ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ СЛАВЯН МӘДЕНИЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

3. 1. Түркілердің Қытай империясымен мәдени байланыстарының 75

3. 2. Көшпелі түркі тайпалары мен шығыс славян халықтары: өзара мәдени байланыстар тарихнамасы 89

ҚОРЫТЫНДЫ 104

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 108

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихының түркі дәуіріндегі мәдениетін әлемдік мәдениет тарихына қосылған мол мұра деп білеміз. Осы кезең мәдениетінің тарихын зерттей отырып, біршама кейінгі кезеңдердегі мәдениет мәселелерін талдауға, әрі оларға қатысты объективті тарихи көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Түркі дәуіріндегі мәдениет мәселелерін сөз еткенде, ең алдымен осы кезеңде басқа мемлекеттермен қалыптасқан мәдени байланыстар туралы зерттеулерді өте маңызды болып табылады. Себебі әлі де болса түркі дәуірінің тарихын сөз еткенде, немесе олардың басқа елдермен сыртқы байланыстарын қарастырғанда өзара мәдени байланыстар мен ықпалдастықтар мәселесі толассыз соғыстарға толы саяси тарих пен әлеуметтік-экономикалық процестер проблемаларының тасасында қалып келеді. Бір сәтке біз көтеріп отырған мәселе бойынша ұзаққа созылған соғыстар мен ішкі талас-тартыстарға толы тынышсыз дәуірде мәдени байланыстар туралы сөз қозғау да мүмкін емес сияқты. Ал тарихи шындық түркі мемлекеттерінің өз дәуіріндегі ірі мемлекеттер Иран, Византия, Қытай, Орталық Азия мемлекеттері, славяндар т. б., тығыз байланыстар орнатқанын көрсетіп отыр. Оған бірқатар жазба деректердің аз да болса үздік-үздік хабарлары мен археологиялық ескерткіштер күә бола алады. Жоғарыда аталған мемлекеттермен бірде өзара бейбіт одақтастық пен сауда т. б., келісімдер орнатса, бірде жиірек орын алған жауластық қарым-қатынастар астарында да өзара мәдени байланыстар орныға түскен.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасының қабылдануы да тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. Бұл бағдарлама ұлттың рухани-ағартушылық және мәдени интеллектуалдық деңгейін көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың салт-дәстүрлері мен жалпы адамзаттық құндылықтар идеясында тәрбиелеуге бағытталған. Себебі қоғамның рухани тірегі саналатын тарихи-мәдени мүралардың халықтың өз болмысын жоғалтып алмауы мен қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы маңызы зор. Мәдениет кез-келген халықтың, мемлекеттің бет-бейнесін айқындайды, негізгі құндылықтарын қалыптастырады. Қазақстан - сан ғасырлық тарихтың ғана емес, әлемдік өркениет қазынасына енетін бай мәдени игіліктің иесі. Біздің жерімізден табылған көптеген археологиялық ескерткіштер бұл жерлерді мекендеген халықтырдың аса жоғары мәденииет өкілдері екендігін, әрі көшпелі және отырықшы мәдениеттің тоғысқан ерекше аумағы екендігін көрсетіп отыр.

Ұлы Жібек жолының бойымен тек сауда байланыстары ғана жүзеге асып қана қоймай, әртүрлі мәдениеттердің үлгілері де кең тарады. Қазақстан аумағы түрлі мәдениеттердің тоғысқан жеріне айналды.

Дүниежүзілік тарихқа көз салсақ ортағасырлардағы халықтар мен елдердің даму деңгейі біркелкі болмағанын көреміз. Мәселен, бұл кезең Еуропа тарихы үшін халықаралық байланыстардың үзілуімен, сауданың құлдырауымен, қоғамның мәдени кеңістігінің тарылуымен ерекшеленеді [1] . Ал отандық тарихымызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алды. Біртұтас Түркі қағанатының қол астына біріккен, ұлан-байтақ аумақты алып жатқан түркі халықтары көрші мемлекеттермен тығыз саяси-экономикалық, сондай-ақ мәдени байланыстар орнатып үлгерді. Түркі халықтарының тарихында тек саяси-экономикалық қана емес, мәдени дамудың жаңа кезеңі басталды. Түркілер құрған мемлекеттердің аты өзгеріп отырғанмен негізгі мазмұны, яғни саяси, экономикалық, әскери құрылымы, әсіресе, этникалық құрамы мен мәдени дәстүрлік құндылықтары онша өзгеріске түсе қойған жоқ. Бұлай дегеніміз түркілердің мәдениеті мен рухани дүниесінде айтарлықтай өзгеру, даму болған жоқ дегендік емес. Тарихшылар мен археолог ғалымдарымыз “Дала өркениеті” деп атаған түркілер мәдениеті өзінің мәдени дәстүрлерінің тарихи тамырларын сақтай отырып, көрші халықтардың мәдени жетістіктерін шығармашылықпен игерді. Осылайша өзінше қайталанбас дала өркениетінің сипатты белгілері қалыптасты. Ал, мәселенің зерттелу тарихында мұндай пікір бірден қалыптаса қойған жоқ. Жалпы ұлттық мәдениетіміз бен оның тарихи тамырлары туралы объективті көзқарас бүгінгі таңда да барлық тарихшы ғалымдар мойындаған шындық деп айта алмаймыз. Сондай-ақ бүгінгі таңда өркениет, мәдениет, мемлекеттілігіміз бен ұлт болып қалыптасуымыздағы мәдени фактор деген мәселелер кең көлемде көтеріліп жатыр. Бұрынғы тарихнамада мәдениет пен мәдениет проблемаларына қатысты мәселелерді екінші кезектегі, этнографтар мен лингвистердің зерттеу объектісі ретінде қарастытылатын мәселелер ретіндегі көзқарас қалыптасқаны да белгілі.

Қоғамдық дамуда соңғы жылдары орын алған өзгерістер нәтижесінде тарихтың тек соғыстар мен әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселелерін зерттеу бағытына әділ сын айтыла бастады. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Отандық тарихымыздың келелі мәселелерін мәдени факторлар әсері тұрғысынан зерделеудің алғашқы нәтижелері жарық көре бастады. Осындай жағдайда ұлттық мәдениетіміздің түркі дәуіріндегі мәдениеті мен мәдени дамуындағы сыртқы мәдени байланыстар мәселелерін зерттеу өзекті проблемалар қатарына жатады. Себебі осы уақытқа дейін түркі дәуіріндегі мәдениет пен мәдени даму процесіндегі сыртқы мәдени факторлардың күшті ықпалы туралы пікір басым болып келгені белгілі. Бұл мәселені зерттеу үшін аталған мәселенің зерттелу тарихын зерделеп алудың маңызы зор деп есептейміз.

Себебі мәселенің Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіне дейінгі уақытта зерттелуінің тамаша жетістіктерін жоққа шығаруға болмайтынын атап өте отырып, бұл зерттеулерде қалыптасқан тарихи көзқарастардың бүгінгі жаңараған тарих ғылымының сұранысын қанағаттандыра бермейтінін ескеруіміз керек. Осы орайда мәселеге тарихнамалық зерттеу жүргізіп, оның зерттелуінің кезеңдерін, бағыттары мен қалыптасқан көзқарастар эволюциясын көрсете отырып, мәселенің зерттелуіндегі жеткен жетістіктер мен кемшіліктерін, бұдан кейінгі зерттеулерде қандай мәселелерге назар аударылуы керектігі жөнінде қорытындылар жасау өте өзекті мәселе болып табылады.

Диссертацияның хронологиялық шеңбері . Жұмыс VІ-XІІ ғасырлар аралығында тарих төсіне шығып еуразияның алып мемлкеттерін құрған түркілердің осы уақыт аралығындағы көрші мемлекеттерімен мәдени байланыстары туралы жазылған отандық және шетелдік зерттеулерді тарихнамалық тұрғыдан талдауға арналған.

VІ ғасырда тарих сахнасына шыққан түркілер құрған мемлекеттердің мәдениеті мен мәдени дамуы ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуындағы ең шешуші кезеңдердің бірі болды. Белгілі проблемалардың зерттелуіндегі тарихнамалық ой мен концепциялардың қалыптасуы ұзақ жолдан өтетіндігі белгілі. Ал, өркениет, мәдениет, мәдени байланыстар мәселелері шын мәнінде XVІІІ ғасырдың ортасынан бастап зерттеле бастады. Нақтырақ айтсақ осы кезде жоғарыда аталған ұғымдар ғылыми айналымға енді. Сондықтан зерттеу нысаны ретінде XVІІІ ғасырдың ортасынан бастап жарық көре бастаған еңбектерден бастап бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер қамтылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жалпы түркі дәуіріндегі мәдени даму мен осы кезең мәдениетіндегі көрші халықтардың мәдени әсерлері мәселелерін зерттеу Н. А. Аристов, В. В. Бартольдтың зерттеулері мен А. Н. Бернштам,

С. П. Толстов, А. В. Якубовский, Ә. Х. Марғұлан және тағы басқалардың Қазақстан мен Орта Азия, Сібір аумағында жүргізген тарихи және археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне байланысты қойылды.

Түркі дәуіріндегі мәдени байланыстар мәселесі ең алғаш түркі мәдениетіндегі соғдылардың әсері туралы проблемалар шегінде көтерілді. Сондай-ақ, көшпелі мәдениет пен ортырықшы өркениеттер арасындағы байланыстар, Иран, Қытай тарихы мен мәдениетінің мәселелеріндегі түркілердің рөлі, көшпелілер мен олардың арасына әлемдік діндердің таралуы, Ұлы Жібек жолы мен мәдени байланыстар сияқты мәселелермен өзара байланысты зерттелді. Мәселенің зерттелуі оның тарихнамасымен тығыз байланысты екендігі белгілі.

Белгілі шығыстанушы ғалым В. В. Бартольд еңбектерінде түркі мәдениетіндегі соғдылықтардың, түркілердің ислам дінін қабылдауының мәдени өмірдегі рөлі, ислам әлеміндегі түркілердің рөлі және тағы басқа мәселелер бірінші болып көтерілді. Сондай-ақ зерттеуші шығыс тарихының батыс ғылымында зерттелуінің бірқатар қорытындылары туралы тарихнамалық шолулар да жасады [2 ] .

XX ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік тарихнамада мәдениеттің таптық сипаты туралы тезис қалыптасты. Әр мәдениеттің екі жағы: бұхаралық және үстем таптардың мүддесін білдіретін сипаты туралы тезис барлық зерттеулерде басты назарға алынуы тиіс болды. Сондай-ақ осы кезеңде мәдениет мен мәдени байланыстар теориясындағы миграция, мәдени диффузияның рөлі кері бағаланды. Олар мәдениет мәселелерін “батыстық буржуазиялық”, “антимаркстік” ілім негізінде баяндауға ұмтылатын жалған ғылыми теориялар есебінде қарастырылды. Сондықтан соғыстан кейінгі кезеңге дейінгі уақыт аралығында мәдениет пен мәдени байланыстар мәселелері көп зерттеле қойған жоқ. А. Н. Бернштамның өзі миграция мен мәдени диффузияның бір түрі ретінде екінші кезекке ығыстырылған мәдениет тарихындағы жаулап алушылықтардың маңызына назар аудару керектігін К. Маркстің тарихтағы жаулап алушылықтардың рөлі туралы пікіріне сүйене отырып қайта қалпына келтіру керек деп негіздеді [3, 46 б. ] .

Өткен ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан тарихнамалық ахуалдан кейін 60-жылдардан бастап өзара мәдени байланыстар мен өзара мәдени ықпалдастықтар мәселесіне деген көзқарас өзгере түсті. Осы кезден бастап, жалпы тарихи зерттеулердің бағытындағы өзгерістер нәтижесінде түркілердің тарихы мен мәдениетін зерттеу ісі алға жылжи бастады.

60-70 жылдардан бастап жазба деректер негізінде ортағасырлық түркі мемлекттері тарихының жеке-жеке зерттеле бастауы да мәселенің тек тарихы ғана емес тарихнамалық пікірлердің дамуының да кейбір қорытындылары туралы ой түюге мүмкіндік берді. Л. Н Гумилевтың көне түркілер [4], С. Г. Агаджановтың оғыздар [5], Е. Б. Көмековтың қимақтар [6], О. Қараевтың Қарахан мемлекетінің [7] тарихына арналған еңбектері жарыққа шықты. Бұл зерттеулердің кіріспе бөлімдерінде аталаған түркі тайпаларының тарихы, мәдениеті, діні, көрші халықтармен байланыстарының сипаттары туралы зерттеулер талданып, бір ізге түсірілді. Негізінен ортағасырлық түркілер немесе көшпелілер тарихын зерттеу мәселерін шешуде өзіндік ғылыми дәстүрі бар және жетекші орында тұрған орыс мектебі болды. Мәселенінің зерттелу барысы туралы XX ғасырдың 20-30 жылдары орыс эмигранттарының арасында пайда болған, көшпелі халықтардың мәдениеті мен олардың әлемдік өркениетте алатын орны туралы қалыптасқан пікірлерге жаңа леп берген евразиялықтар мектебінің кейінгі өкілі Л. Н. Гумилев аталған еңбегінде былайша ой түйеді: Орыс зерттеушілері, әсіресе кеңестік кезеңде көшпелі мәдениеттің түп-тамыры туралы мәселені бірінші болып көтерді. Оның әлеуметтік институттарының ерекшелігі, көркем өнер туындыларының стилі мен әскери ісінің айырықша белгілері - бәрі-бәрі жеткілікті мөлшерде терең зерттеліп, көшпелі мәдениеттің артта қалған, кембағал, тағылық мәдениет емес, өзінің дербес даму, қалыптасу жолы бар мәдениет екені көрсетілді. Мәселен С. И. Руденконың Алтайдағы [8], С. В. Киселевтың Минусин шұңқырындағы [9] археологиялық жұмыстарының нәтижесінде көшпелілер мәдениеті жабайы көшіру жолымен жасалған, кемшін мәдениет деген пікірлер іс жүзінде өз мәндерін жойды. Сондықтан бүгінгі таңда мәселе “көшпелілірдің мәдениеті қытайлардан, соғдылар мен гректерден алып пайдаланғаны жөнінде емес, отырықшы және көшпелі халықтыр мәдениетінің бір-біріне жасаған әсері жөнінде ғана қойылуы тиіс”[4, 5 б. ] , -деп атап көрсетті.

Л. Н. Гумилев орыс шығыстанушы ғалымдарының ішінен алғашқылардың бірі болып көшпелілер тарихын жан-жақты зерттеудің тамаша үлгісін жасаған белгілі ғалым Г. Е. Грум-Грижмайлоның есімін ерекше атап өтеді. Зерттеушінің Орталық Азияның ерте заманнан XX ғасырға дейінгі тарихына арналған көлемді зерттеу еңбегі “Западная Монголия и Урянхайский край” деген атпен жарық көрген болатын. Біз қарастырып отырған кезеңдегі түркілер тарихы мен олардың түрлі мәдениеттер тоғысындағы алар орны туралы мәселе аталған зерттеу еңбегінің ІІ-томында баяндалған. Зерттеуші алғашқылардың бірі болып түркілер тарихындағы қытай мәдениеті мен оның әсері және салдары туралы мәселені көтереді [10] . Л. Н. Гумилев түркілер тарихы мен мәдениетін зерттеу ісінің басында тұрған бұл іргелі еңбек тарихнамада ұзақ уақыт өзіне лайықты бағасын алған жоқ деп атап өтеді. Оның себебі еңбек жарыққа шыққан күннен бастап В. В. Бартольд бастаған ғалымдар тарапынан сынға ұшырағанынан болса керек, - деп атап өте отырып, кейінгі сын-мақалаларында В. В. Бартольд бастапқы пікірлерінен бас тартқанымен, бұл еңбекке деген салқын пікір ұзақ уақыт сақталып қалды, - деп қорытады [4, 84-100 б. ]

Сондай-ақ мәдениеті, тілі, этникалық негіздері ортақ қазіргі түркі халықтарының тарихын зерттеу де мәселенің тарихнамалық тұрғыдан талдануында маңызды болды. Мәселен Р. Г. Кузеев [11], С. М. Абрамзон [12], Т. А. Жданко [13], К. Шаниязов [14], Л. П. Потапов [15] башқұрт, қырғыз, қарақалпақ, алтайларлар тарихын олардың этногенетикалық, сондай-ақ шаруашылық-мәдени байланыстары негізінде жазып шықты. Бұл зерттеулер түркі дәуіріндегі көрші халықтармен өзара мәдени байланыстар мәселелінің зерттелуінің тарихнамалық үрдістерін зерделеуде маңызды орын алады.

Алайда археологиялық жаңалықтар мен нақты тарихи зерттеулердің жоғарыда келтірілген пайымдауларына қарамастан кеңестік кезеңде жалпы мәдени байланыстар мәселелерімен айналысушы ғалымдар бұл орайдағы көшпелі халықтардың рөліне берілген бағаны толық мойындай қоймады. Бұл құбылыстың сипатын О. Сүлейменов өз кезінде ашық көрсетіп берді: “XVІІІ ғасырдың ғалымын түсінуге болады: Ресей империясының қиыр шет аймақтарын мекендеген мәдени дамуы мешеу, түрмысы төмен, өз еркінен айрылған түркі халықтары аяныштан басқа сезім тудырмауы да кәдік. ” [16, 165 б. ] . Одан әрі зерттеуші түркі халықтарының да сол дәуірге тән алдыңғы қатарлы елдерімен тығыз байланыстар орнатып, араласып тұрғаныны атап өте отырып, мәселенің зерттелуіндегі негізгі пікірлердің қалыптасуына әсер еткен деректердің субъективтілік сипатын ашып көрсетеді. “АЗиЯ”-ның “Тарих және тарихшы” атты бөлімінде түркі және славян халықтарының өзара мәдени байланыстары туралы қалыптасқан тарихнамалық ахуалға талдаулар жасай отырып, алғашқылардың бірі болып кәсіби тарихшы ғалымдардың айтуға батылы бармаған тұжырымдарын ұсынды [16] .

Түркілердің тарихы мен мәдениеті туралы жазба деректердің сипаты мен шынайылылық дәрежесі туралы кесімді пікір айту қиын. Мәселен Киев Русінің мәдениетінің тарихына қатысты жазба деректердің жағдайы туралы белгілі зерттеуші Б. Д. Греков славяндардың тарихына қатысты барлық жазба деректерді тізіп шыққанмен, бұлардың барлығы мәдениеттің дамуы, орыс мәдениетімен байланысты халықтар арасындағы мәдени жалғастылығы туралы толық мәліметтер бере алмайтындығын жазған еді [17, 377 б. ] Міне, осы тезисті түркі мәдениеті мен мәдени байланыстарының тарихына да қатысты пайдалануға болады.

Сондай-ақ өткен ғасырдың 80-90 жылдарында Қазақстан мен көрші халықтардың материалдық және рухани мәдениетінің зерттелу тарихнамасына байланысты жинақтар да жарық көрді [18; 19] . Аталған тарихнамалық талдауларды саралай отырып мәдени байланыстар мәселелерін зерттеуде бұл байланыстардың ежелгі тарихи тамырларына баса назар аударылғанын байқаймыз [20; 21] . Бұның өзі өткен ғасырдың 30-80 жылдары тарих ғылымында саясаттың құралына айналдыруды жүзеге асырған тоталитарлық жүйенің тигізген салқыны болса керек. Зерттеушілер көбінесе саясаттан алшақтау ежелгі дәуірлерді зерттеуді жөн көрді.

Түркі халықтарының көрші халықтармен өзара мәдени байланыстары мен мәдени ықпалдастықтары туралы зерттеулер жүргізуде қазақстандық археологтар Е. И. Агеева [22], Т. Н. Сенигова [23], К. М. Байпаков [24], К. А. Ақышев [25], Б. Н. Нұрмұхамбетов [26] және тағы басқалар мәселенің зерттелуі мен тарихнамалық ойдың жаңа бағыттарын қалыптастыру жолында үлкен еңбек етті. Біз қарастырып отырған кезеңдегі түркі мәдениеті мен олардың мәдени байланыстары туралы теориялық деңгейдегі мәселелермен айналысып жүрген қазақстандық археолог-ғалым К. М. Байпаков түркі-соғды мәдени байланысы туралы мәселенің зерттелуінің кейбір қортындыларын Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесіндегі қалалық мәдениеттің қалыптасу тарихына арналған еңбегінде келтіреді [24] . Сондай-ақ қала мен дала мәселесі деп аталтын көшпелілер мәдениеті мен отырықшы өркениеттердің өзара байланысы туралы тарихнамада қалыптасқан көшпелілердің “мәдениет ошақтарын қиратушылар” есебіндегі пікірлер эвлюциясына тоқталып, өзінің зерттеу еңбектері арқылы қазіргі тарих ғылымындағы көшпелілердің жалпы тарих пен әлемдік мәдениеттегі рөлі туралы жаңаша көзқарастардың қалыптасуының көшбасшысы болып отыр [27; 28; 29] . Археологиялық зерттеулердің жаңа бағыттары мен салаларының жандана түсуі нәтижесінде түркі дәуірінде орыналған мәдени байланыстардың сипаты мен мазмұны туралы ғылыми пікірлер мен қорытындылар жаңа қөзқарастармен бекітіле түсті. Мәселен археологиялық ескерткіштердің бірі болып табылатын - сәулет ескерткіштері өз дәуірінің саяси жағдайы, идеологиясы, эстетикалық құндылықтар нормасы туралы түсінігі, ғылыми-өндірістік қуатының дамуы, халықтардың мәдени байланыстары және мәдени үлгілердің таралуы т. б туралы мол мәлімет береді. Дегенмен сәулет ескерткіштерін осы тұрғыдан зерттеу енді ғана қолға алына бастады. Аталған зерттеу бағытының алғашқа нәтижесі ретінде жарық көрген Ұлы Жібек жолы бойындағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ерте ортағасырлық сәулет өнеріне арналған ұжымдық зерттеу еңбегінде түркі дәуіріндегі мәдени байланыстар мәселелерінің аталған бағытта зерттелуінің қорытындылары берілген [30, 11-24 б. ] .

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, қоғамдық ой-санада қалыптасқан өзгерістер нәтижесінде өткенге назар аударып, тарихи тамырларымзды іздей бастаған тұста тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы қалыптасып келе жатыр. Қазақстандық зерттеушілер Отандық тарихымыздың өркениеттік негіздері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда қазақ тарихы мен өркениет мәселелеріне арналған ғылыми практикалық конференциялардың аталған мәселенің зерттелуі барысында жаңаша бағыттағы тарихнамалық ой-пікірлерді қалыптастырудағы маңызы зор болды. Мәселен, “Культура и искусство в стратегии развития Казахстана” [31], “Молодые ученные о проблеме глобализации и взаимодействия культур” [32] және т. б конференцияларда ұлттық мәдениетіміздің болашақ дамуы мен оның әлемдік өркениет қазынасында алатын орнын анықтау үшін оның тарихи дәстүрлеріне қайта үңілу керектігі, қалыптасқан тарихнамалық стереотиптерді өзгерту керектігі, осы бағыттағы зерттеу жұмыстарының бүгінгі жаппай жаһандану процесі бел алып отырған заманда өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтап қалудың бірден-бір жолы ретінде аталып өтті. Орта Азия аймағының ежелден-ақ халықтарды саяси, экономикалық, мәдени және этникалық жағынан байланыстырушы ерекше аймақ ретіндегі кеңестік тарихнамада қалыптасқан зерттеу дәстүрлері одан әрі жалғастырылды. Адам-қоғам-өркениет пен ежелгі және ортағасырлар дәуіріндегі өзара мәдени байланыстар мен ықпалдастықтар мәселелері туралы ғылыми жинақтар жарыққа шықты [33; 34], осы мәселе төңірегінде ғылыми конференциялар жалғасты. Отандық тарих ғылымында ұлттық тарихымыздың өркениеттік тұрғыдан зерттеудің алғашқы қадамдары жасалуда [35; 36] . Міне, бұл бағыттағы зерттеулер мәселенің зерттелуінің тарихнамалық үрдістерін талдай отырып, оның жаңа беттерін ашуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Көшпелілер мен батыс өркениеті
Діни нанымдар
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тәуелсіз Қазақстандағы археология кезеңі
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz