Қазақстан Республикасының жастар саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының

Жастар саясаты.

Қазақстан Республикасы Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3

1 ЖАСТАР САЯСАТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 10

1. 1. Мемлекеттік жастар саясатының рөлі мен маңызы 10

1. 2. Қазақстанның егемендігі - жаңа жастар саясатын қалыптастырудың алгы
шарты 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮРДІСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 18

2. 1. Мәдениет пен білім саласындағы жастар саясаты . . . 18

2. 2. Жастарды әлеуметтік саладағы қорғау саясаты . . . 33

3 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
БАСЫМДЫҚТАРЫ . . . 49

3. 1. «Қазақстан - 2030» Стратегиясына орай Мемлекеттік жастар саясаты
дамуының перспективалары . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады. Бұл салаға басымдық берілуінің басты себебі Республиканың демократиясы мен экономикасы дамыған елге айналуға көмек болар тіректерді түзуінде жатыр.

Бүгінгі таңның ең ұлы мұраты - тәуелсіздік идеясын қалыптастыру болып отырғаны анық. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында Республикамызда жастардың жаңа саясаты жасалуда, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аудурылуда.

Біріншіден, қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» [1] . Осы теориялық-әдістемелік тұжырымға еліміздің жүзеге асырып жатқан жастар саясатының маңызы мен рөлі жинақталған.

Екіншіден, Қазақстан қоғамының дамудың жаңа сатысына көтерілген кезеңінде жастар әртүрлі әлеуметтік топтардың конгломератынан тұратын (топтарды) ерекше демографиялық топты құрап отыр. Ол топ саяси көзқарастарымен, ұлттық құндылықтарға деген ұмтылыстарымен ерекшеленеді.

Үшіншіден, қазақ ұлты жастарының ұлттық идеясы өз дәрежесінде емес. Оны тіл, діл, дін, салт - дәстүр салаларындағы келеңсіздіктерден байқауға болады. Олардың санасы жеке меншіктік, бай және кедей психологиясы дәрежесінен аса алмайтын жағдайда.

Төртіншіден, кейбір саяси партиялардың атынан шығып жүрген жастар ұйымдары акциялары арзан ырду - дырдулардан әрі бара алмауда. Оларды Отан сүйгіштік рухта, әртүрлі саяси күштердің жетегінде кетпейтіндей етіп тәрбиелеу қажет. Мақсат - Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатын корпоративтік мүдделер шегінен шығарып, оны жалпыұлттық дәрежеге көтеруде болмақ.

Бесіншіден, жастар арасындағы девиантты мінез - құлық көбеймесе азаяр емес. Есірткі мәселесі жастар үшін үлкен күрделі проблема. Оған қарсы күресті бүкіл қоғам болып жүргізіп, бұл мәселе қоғамдық ұйымдардың да алдындағы міндеттердің бірі екенін ескеру керек.

Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты - жастардың шығармашылық, жаңашылдық қуатын қоғамды алға бастар күшке айналдыру. «Бақытты бала, бесікте еркін өседі» [2] - деп белгілі саясаткер Әлихан Бөкейханов айтқандай, алтыншыдан, бұл мәселе жастар арасында орын алып жатқан негізгі заңдылықтарды жинақтап және сараптап, ғылыми тұжырым мен ұсыныстарды қарастырып, мемлекеттІк жастар саясатын тұтастай ойластырғанда ғана шешімін таппақ. Осы айтылғанның барлығы егеменді Қазақстанның

стратегиялық бағыттарының жүзеге асудағы маңызын, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Жастар саясатын зерттеу кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады. Өткен он төрт жылдың ішінде әлеуметтік және гуманитария салалары бойынша жарық көрген ғылыми және публицистикалық еңбектер жастар қызығушылығының қалыптасуы саясат тақырыбын баян еткендігі байқалады. Кеңес дәуірінде жазылған жастар мәселесіне қатысты зерттеулер мен диссертациялар негізінен идеологиялық бағыт шырмауынан шыға алмады.

Қазақстан тәуелісіздігін алысымен жастар мәселесімен қатар, саяси мәселелерге жаңа қырынан қарап зерттеу кең өріс алды. Бірінші кезекте Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев рөлінің ел дамуындағы маңыздылығын көрсететін Е. Н. Ертісбаев, И. Н. Тасмағанбетов, М. Б. Қасымбектовтердің жұмыстарын атап өткен жөн [3] . Мемлекеттік дамудың жаңа сатысы бұрындары әлеуеметтік-гуманитария ғылымы қарастырмаған түрлі бағыттар мен мәселелерді зерттеуге үлкен мүмкіндік береді. 1990-жылдардан бастап, жастар саясаты тақырыбы ғылымының түрлі салаларын (саясаттану, философия, педагогика, тарих, әлеуметтану) қызықтыруда.

Республикамыздағы жастар саясатының тұжырымын жасаудың заңды актілері бола тұра, мемлекеттік органдар бұл мәселеде немқұрайлылық танытып келеді. Жастар саясатына деген қызығушылықтың өте үлкен екенін осы тақырыпқа қатысты жоспарлы жұмыстардың күн санап өсіп келе жатқандығынан байқауға болады.

Бұл жас ұрпақтың күш-қуатын әлеуметтік, психология, саясаттану, тарих, этнография, педагогика, экономика, демография, статистика, құқық және тағы басқа тәріздІ ғылым түрлерімен бірге зерттеуге болатындығымен түсіндіріледі. Р. Б. Әбсаттаровтың, Т. С. Садықовтың, Е. 3. Батталхановтың, А. К. Бақаевтың, Л. А. Байділдиновтың, С. Я. Дьяченконың, Ш. Е. Джаманбалаевтың, Ж. Жоробековтың, Г. Ж. Ибраеваның, А. С. Сәрсенбаевтың, Г. Т. Телебаевтың, А. Т. Шайкеновтың, Е. А. Кузнецовтың, Ш. А. Құрманбаеваның, С. 3. Нарматовтың, А. А. Нұрмағанбетовтың, Т. С. Сәрсенбаевтың, М. Б. Тәтімовтың, А. Ш. Ишмұхамедовтың [4] және тағы басқа ғалымдар ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, елімізде орын алып жатқан қоғамды қозғаушы жастардың интеллектуалды және инновациялды мүмкіндіктерін пайдалану тәрізді мәселелерді қарастырды. Республикамыздағы демократиялық реформаларды жүзеге асырудағы жастар рөлін тарих тұрғысынан зерттеп диссертация жазғандар: О. А. Құрамысов, Н. 3. Нығматуллин, А. К. Самаевтар [5] . Жастар ортасында саяси-мәдениеттің қалыптасуы, жастар мәселесінің саяси аспектісі тақырыбы Н. П. Калашникованың, Д. А. Калетаевтьң, В. И. Зыряновтың диссертациялық жұмысына арқау болды [6] .

Бұл зерттеулердің барлығы жастар проблематикасын әртүрлі қырынан қарастырғанымен, сондай - ақ, еліміздегі жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асу мәселесі әлі де болса дау туғызып жүргендіктен жаңа зерттеулер өз-өзінен сұранып тұр. Ғылыми жұмысты жазу барысында мерзімді баспасөз материалдары пайланылды. Әсіресе, Т. Галимовтың, Г. Арабаеваның, С. Тупицынның, В. Веденконың, Ж. Сағадидің, Т. Устинованың, А. Тесленконың, Д. Қазымбетовтың және т. б. еңбектері көп көмектесті.

Қоғамның күн санап дамып бара жатқандығын және саяси-әлеуеметтік оқиғалар қарқын ала бастағанын ескере келе жастар мәселесіне арналған зерттеулер әлі де жетіліксіз, шикі екендігін атап өткім келеді. Жастар тобы ортасындағы жаңа әлеуеметтік ойдың қалыптасуы, саяси мәдениеттіліктің дамуы, ұлтаралық қарым-қатынас пен ғылыми, кәсіби белсенділіктің артып келе жатқандығы назардан тыс қалып отыр.

Елміздің дербес, өз алдына жеке ел болып дамып келе жатқандықтан, автор «Қазақстанның егемендігі - жаңа жастар саясатын қалыптастырудың алғы шарты» деген мәселеге ерекше тоқталуды жөн деп тапты. Бодандық құрсаудан құтылған соң, ұлттық сана қалыптасып Қазақстан демократиялық дамудың сара жолына түсті. Осы орайда еліміздегі көппартиялық жүйе, ой-пікірдің алуандығы, жаңа экономикалық қатынастар жастардың әлеуметтік белсенділігіне әсер етпей қоймасы анық.

Жастар мәселесі мен саясатын бүгінгі таңда зерттеуде егеменді республика қалыптасуының жаңа тарихын ескеру өзіндік ерекшелігі болып табылады. 1991 жылы Тәуелсіздік алған кезде жаңа нарықтық катынастарға көшкен кезде, мемлекеттік құрылымның жаңадан инстиуттарға бүлінген кезінде ғылым саласындағы ұғынықтылық және әдістемелік аппаратар ғылым саласында қайта қарастыруда қажет етеді. «Жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары»[7] . Ғалымдар бірінші кезекте «жастар саясаты» дегенге анықтама беруі керек, себебі біз «жастар саясаты» дегенде «жаңа жастар саясатын» сөз етеміз. Бірнеше ғылыми еңбектер «жастар саясаты» дегенге өздерінше анықтама беруге тырысты. Кейбір ғалым-зерттеушілер бүл ұғымға жастардың жеке түлғасына әсер етпей олардың өмір сүруіне жағдай жасаудағы мемлекеттің спецификалық өзіндік әрекеті деп санайды [8] .

Келесі бір зерттеушілер тобы бұл ұғым жастардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын жүзеге асыруды және сақтаудағы теоретикалық-практикалық негізділік деп есептейді.

Алайда, біздің пайымымызша «жастар саясаты» жастардың қоғамдық-саяси потенциалын және олардың өзіндік қарым-қабілеттерін жүзеге асыруға бағытталған жалпымемлекеттік проблема. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңында «мемлекеттік жастар саясаты -мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және кұқықтық шаралар жүйесі»[9] . Біздің бұл көзқарасымыз, ресейлік ғалымдар: И. М. Ильинскийдің, Н. Сердюкованың, В. Цыпленконың, И. Маримованың пікірлерімен үндес. Мұндай бағыт «қоғамның өзін-өзі жаңа, жоғары деңгейге көтерілуіне көмектеседі»[10] .

Ғылыми әдебиеттерде жастардың қоғамдағы орны жөнінде әртүрлі түсінік беріледі. Зерттеуші-ғалымдардың бірі жастарды әлеуметтік әрекеттің субъектісі деп таниды. Біз бұл тәрбиелік процеске кері әсер ететін қате тұжырым деп санаймыз. Бүгінгі қоғамның жаңа келбеті әлеуметтік топтағы индивидтардың қызметіне өзіндік жаңалықтар қосуда. Жастар мемлекет өмірін саясат объектісі деп танығанда ғана оған белсене аралсады. Осы жұмыстыңавторы осы позицияны құптайды. Мәселеге осы тұрғыдан қарау бірінші кезекте мемлекеттің өзіне тиімді болмақ.

Жастар дамуын танып-білу деңгейіне баға берер болсақ, мәселеге қоғамның қайта қалыптасу кезіндегі саяси және әлеуметтік тұрғыдан қарау жетіспейді. Жастар ортасында жаңа сананың пайда болуы, саяси мәдениеттіліктің жаңа деңгейі, ұлтаралық мәдениет, жастардың ғылыми, кәсіби белсенділіктері назардан тыс қалып отыр. Біздің ойымызша, жастардың шығармашылығы, саясатта жаңа бағыттардың пайда болуы, дарынды жастарды іздеп табудағы жаңаша жолдарды табу, нарықтық қатынасқа өту кезінде жастардың белсенділігін арттыру, жекеменшіктің жаңа түрлерін қалыптастыру, үндірістің жаңа сапасы, коммерцияға, мэдени өмірге араласу, элеуметтік-саяси инфроқұрылымдарды дамыту, мемлекеттік қүрылымды басқару бағыты өзекті болмақ. «Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!»[11] - деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, демократиялану кезеңінде жастар мәдениеттілігі мен әдептілігі ісінде плюрализм негіздерінің қалыптасуы, халықтың тарихы, ұлттық мұрасы, адамзат құндылықтары мен жаңа еңбек және кәсіби қатынастар даму кезінде зерттеулердің көкейкестілігі арта түспек.

Соңғы кездегі саяси оқиағаларга қатысты жаңа мәліметтердің пайда болуына байланысты зерттелінген мәселелерді қайта қарап шығу қажет. Бұл үрдістер біріншіден, әлеуеметтік және жеке бас пайдасының ерекшеліктерін түбімен өзгертеді; екіншіден, саяси ойындар мен қажеттіліктер жаңа құрылымның пайда болуына әсер етеді және саяси жүрістің объектілері мен субъектілерінің өзара айырбасына түрткі болады; үшіншіден, орын алып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың эволюциялық дамуына, қарым-қатынастардың динамикалық негізде әртүрлі болуына ықпал етеді; төртіншіден, саяси арена және саяси қайраткерлер мен фукнционерлердің жаңа типін қалыптастырады.

Жастар саясатының әсіресе, саясат ғылымында жеткіліксіз зерттелуі бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, Қазақстанның егеменді ел ретінде танылғанына он төрт жылдан енді ғана асты. Бұл тарихи уақытта жаңа жастар саясаты феноменін ғылым толық танып болмады және қалыптасу процесі де әлі аяқталған жоқ. Өткен уақыт мемлекеттіліктің негізгі ұстанымдарының қалыптасуымен, ашық демократиялық қоғам құрудағы тоталитарлық режимнен өтпелі кезеңге өтудің тұрақсыз тенденцияларымен сипатталады. Біз жаңа мемлекеттіліктің пайда болуының басында және оның саяси, әлеуеметтік институттарының даму кезеңдерінде тұрмыз. Екіншіден, орын алып жатқан оқиғалар мен процестерді зерттеудің әдістемелік, ғылыми, теориялық негіздері енді жасалуда. Қазіргі кезеңде зерттеушілер, ғалымдар өзіндік ерекшеліктерді, тенденцияларды, басымдықтарын, негізгі бағыттар мен құралдарды анықтап, сараптап көрсетуге ұмтылуда.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуындағы ерекшеліктерін сараптау болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді; - жас ұрпақты халықтың ерекше әлеуеметтік-демографиялық топ ретінде
статусын және жаңа әлеуеметтік-саяси жағдайдағы олардың саяси және
әлеуметтік белсенділігін анықтау;

- әдістемелік және теориялық тұрғыдан кешенді мемлекеттік жастар
саясатын қажеттілігін негіздеу;

- жаңа жастар саясатын қалыптастырушы негізгі шарттардың бірі ретінде
өтпелі кезеңдегі тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси ерекшеліктерін
зерттеу;

- республикада жүргізіліп отырған жастарды әлеуеметтік қорғау
мемлекеттік саясатын зерттеу, ұйымдастыру құрылымын сараптау;

- бұрынғы КСРО кезінде жүргізІлген жастар саясаты мен жаңа жастар
саясатын жүзеге асыру механизмдерімен салыстыра отырып сараптама жүргізу;

- жастар ортасындағы ұлттық сананың қалыптасу үрдісінің ерекшеліктерін зерттеу;

- мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарға әлеуметтік
сауалнамалар, статистикалық деректердің есебі, материалдық жағдайын,
жұмыспен қамту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың
құқықтық мәртебесін жақсартуға арналган заңдар мен мемлекеттік құжаттар
негізінде теориялық-практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Қорғауға ұсынылатын диссертациялық жұмыстың негізгі ұсыныстары:

  1. Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік бағытыайқындалған мемлекет екенін ескере отырып, біздер үшін жастар саясатынқалыптастыру және жүзеге асыру оңды болмақ. Қазақстан егемендігін алғансәтте саяси мемлекеттік құрылым, өндіріс тәсілі, нарықтық қатынастарғаөтудегі жаңа экономикалық реформалардың енгізілуі салдарынан жастарсаясатының бағыты елеулі қиындықтар мен күрделіліктерге тап болғандығынескеру керек.
  2. Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптасу және нығайту процесіндеқоғамның демократиялануы және мемлекеттің экономикалық негіздеріжастардың әлеуметтік мәртебесіне, әлеуметтік-саяси белсенділігіне әсереткенін ойдан шығармау қажет.
  3. Мемлекеттік жастар саясаты күн санап өзгеріп жатқан қоғамдағысаяси-экономикалық жаңалықтар мен қоғамның жаңа санасына (жастарсанасының да) сай құрылуы қажет. Жастар ортасы қоғамның реформаланушыжәне шынайы идентификациялық процестердің - этникалық, азаматтық, әлеуметтік ықпалында болып табылады. Жас ұрпақтың ұлттық санасы өзгеріпжатқанын ескере отырып, жаңа мемлекетгік құндылықтардың қалыптасуыжолында саясатты жүргізген жөн. Жастардың қоғамдық-саяси іс-шараларғаараласуы көппартиялық, ой-пікір алуандығы, сөз бостандығы және адам құқытәрізді демократиялық құндылықтарды орнықтыру және жүзеге асыру ісі тіптіөз дәрежесінде емес.
  4. Егемендік алғаннан кейінгі жаңа қоғамдық құрылымның әлеуметтік-экономикалық құрылымының ең әлсіз қорғалған тобы жастарды әлеуметтікжағынан қамқорлыққа алу қажет. Бұл орайда жастар ортасында әлеуметтік-психологиялық мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Бұл өз кезегіндедевианттық мінез-құлықты жастарды жөнге салуға, қылмыс әлемінің өршіпкетпеуіне жәрдемдеседі. Жас ұрпақты әлеуметгік қорғау саясаты мемлекеттіңдамуында үлкен маңызға ие.

5. Мемлекеттік жаңа жастар саясатын жүзеге асыру үшін, мемлекеттік,
аудандық және жергілікті жерлердегі ұйымдастыру жұмыстарын шешу
жұмыстарына баса назар аударған жөн. Биліктің білім, денсаулық сақтау, білім,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және әрбір жеке тұлғаның рухани қажеттлгін өтей білетін реформаларды сауатты үйлестіре білген жағдайында ғана «Қазақстан - 2030» Стратегиялық Бағдарламасының он жылдықтарға жоспарланған бір тармағы ретінде жастар саясатын жүзеге асыру мүмкін болмақ.

6. Жастар саясатының рөлі мен маңызын және оның қалыптасуы
Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуының басты шарттарының бірі
болып табылады. Біздің еліміздің әлемдік демокартиялық қауымдастыққа
интеграциялануы жастар ісінде, ұлттық таным, дәстүр, рухани-мәдени
құндылықтар мәселесінде еліктеу т. б кемшіліктерге тосқауыл қоя отырып,
әлемдегі өзге мемлекеттерден тәжірибе алмасуға да көңіл бөлу керек.

7. Саясаттанушы, заңгерлер және мемлекеттік қызметкерлер даярлайтын
жоғары оқу орындарында жастар саясатының проблемаларына арналған
арнайы курстар болмай отыр. Сондықтан соны жоспарға енгізіп, талапты
жастардың назарын қордаланып жиналған проблемаларды шешуге аударсақ
одан біз көп нәрсе ұтқан болар едік.

8. Республикадағы әр бағыттағы жастар қозғалыстары мен
ұйымдарының бастарын біріктіріп материалдық құндылықтар мен қатар рухани
құндылықтарды да естен шығармайтын бірыңғай ұлттық мүддеге бағытталған
Республикалық жастардың органын құратын мезгіл пісіп жетілді. Демографиялық жағынан алғанда жастар Республикада көпшілікті құрайтынын ескеріп, Қазақстан Республикасы Парламентінде жастардың әл-ауқаты мен жастар проблемаларын көтеру үшін Жастар ұйымының атынан бір ғана емес кем дегенде он депутат болып, жастар фракциясы болуы керек.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық-эдістемелік негізі ретінде біз тэуелсіздіктің негізгі үстанымдарына, жастар саясатына, экономканың элеуметтік бағытына, нарықтық қатынастарға, еңбек мэселесі қарастырылған, білі, элеуметтік қамсыздандыу жэне т. б. нақты анықтама берілген Елбасының «Қазақстан - 2030», «Тәуелсіздігіміздің бес жылы», «Бейбітшілік кіндігі», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» кітаптарына, еңбектеріне, жолдауларына сүйенеміз. Зерттеуде негізгі дереккөздер болып табылатын Президенттің республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеуге арналған Жарлығы мен басқа да құжаттарында жастар саясатын дамыту мэселесіне жаңаша қарап, талдау аңғарылады.

Зерттеудің негізгі дерек көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар мен өзге де заң актілері, Н. Ә. Назарбаевтың жарлықтары, зерттеуге арналған кезеңдердегі сөйлеген сөздері, ағымдағы мұрағат құжаттары, эксперттік және басқа да бұқаралық сауалнамалар, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің мемлекеттік жастар саясатына, саяси партиялар мен жастар қозғалысының, монографиялар, мақалалар, зерттеу қызметтерінің ғылыми жарияланымдары құрайды.

Демократиялық, экономикалық жағдайдың жаңа нарықтық жағдайларға бейімделу деңгейІн, білім беру мен кәсіптік деңгейлерінің көрсеткіштерін «Қазақстан жастары - 2000» жобасының өткен Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің республикалық әлеуметтік зерттеулерінің, 1999 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының тапсырысы бойынша 1999-жылы Қазақстанда басылған «Азаматтық даму туралы есеп», 2004 жылғы «Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары», 2003-2004 жылдары жарық көрген «Адам дамуы туралы есеп» материалдарының негізінде сараладық.

Зерттеудің хронологиялық шегі. Қазақстаннық 1991 жылы Егемендік алған тұсынан бастап, бүгінгі күнге дейін. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселесіне келгенде әсіресе соңғы онжылдықтар қарастырылды.

1 ЖАСТАР САЯСАТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мемлекеттік жастар саясатының рөлі мен маңызы

Бұл тарауда зерттеліп отырған мәселенің теориялық және методологиялық негіздері қарастырылады. Жастардың әлеуметке бейімделу мәселесі Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар тарапынан жүргізіліп отырған жастар саясатының қалыптасу процесіне шолу жасалады.

Мемлекеттің егемендігін нығайтудағы, қоғамды демократияландыру жолындагы қазақ мемлекетінің прогрессивті даму процесіндегі жастар рөлі, халықтың әлеуметтік-демократиялық тобы ретінде саналатын жастар статусы, ТМД жэне әлем елдеріндегі жастар саясатын жүзеге асырудағы ерекшеліктер мен жалпы бағыттар қарастырылады.

Жастардың әлеуметтенуі қазіргі қоғамда болып жатқан процестерден тыс жүре алмайды. Бүл процесті дұрыс арнаға түсіру үшін жаңа мемлекеттік жастар саясатын тереңірек жетілдіру қажет. Бұл қоғамның реформалануы тұсында жас ұрпақтың нарықтық қатынасқа ерте бейімделуіне әсер етеді. «Қазақстанның Жастары» мемлекеттік бағдарламасын қабылдайтын уақыт жетті.

Қазіргі қоғамда жастар саясатын қалыптастыру төмендегідей шарттарға негізделеді:

  • біріншіден, мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясына негізделген жасұрпақтың қоғамдық-саяси қуатын реттейтін жүйе құру уақыты пісіп жетілді;
  • екіншіден, XX ғасыр ғылыми технологияның жарысқа түсер кезеңіболса, XXI ғасыр идеялар мен ұйымдық құрылымдардың бәсекеге түсер тұсы. Егер қоғамда білімді азаматтар көп болса, ноу-хау кез-келген адамға ұғынықтыболады. Жаңа идеялардың жүзеге асуы жаңа әлемдік құрылым орнын анықтайтын болады. Осы орайда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Білімді ұрпақ - болашағымыздың алтын кілті» - деп жиіқайталайтыны сондықтан;

- үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономикаға
қадам басқан сәтте қоғамның бір бөлігі, әсіресе, жастар ерекше әлеуметтік
қамқорлықты қажет етеді. Жастарды елдің болашағы деп танитындықтан,
оларға қатысты әлеуметтік қорғау саясатын жастар саясаты аясында жүргізу
керек. Жастар саясаты мемлекеттік істің бір тармағы ретіндегі дербестігі өз
соңынан төмендегідей ұсыныстардың болуын талап етеді.

  • Мемлекеттік жастар саясаты бүрынғы армандаған идеялар негізінде жасұрпақты қалыптастыру тұрғысынан болмауы керек.
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың негізгі өзегі - атқарушыбилік құрлысындағы жастар ісі органдары. Бұл дегеніміз республикалықдеңгейде жастар саясаты мемлекеттік саясаттың бір бөлшегі ретінде заңдытұрғыда бекітілуі тиіс, жалпы республикалық бағдарламалар жергіліктідеңгейде жоспарланып, қаржылық, материалдық және кадрлық ресурстаршоғырлануы қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Жастар саясаты
Жастар саясаты туралы
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен теориялық негіздері
Қазақстандағы жастар саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz