Ислам дінінің тәрбиелік мәні


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 131 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ

Философия және ғылым методологиясы кафедрасы

Магистрлік диссертация

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Орындаушы:

әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дің 2-курс

магистранты Умирзаков А. У.

Ғылыми жетекші: Бекбосынова Ж. Б.

филос. ғ. д., профессор

Философия және ғылым

методологиясы

кафедрасының меңгерушісі,

философия ғылымдарының

докторы, профессор Байтенова Н. Ж.

Қорғауға жіберілді: “ ” 2007 ж.

Алматы 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ. ҚОҒАМДАҒЫ ДІНИ ТӘРБИЕНІҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ

1. 1. Тәрбие: оның мәні және қоғамдағы атқаратын ролі . . . 6

1. 2. Діни тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері . . . 19

2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ИМАНДЫЛЫҚ ТҰРҒЫСЫНДА

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

2. 1. Қазіргі Қазақстандағы исламдық тәрбиенің ролі . . . 67

2. 2. Қазақстандағы исламдық тәрбиенің ролін

жетілдірудің жолдары . . . 85

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 106

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 109

КІРІСПЕ

Нұрсұлтан Назарбаев:

«Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз исламның басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз».

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Тәрбие - толассыз, ол үнемі толықтырып, түзетуді қажет етеді. Халықтық педагогика арқылы жеткіншектерге имандылық тәрбиесін беру - бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Сондықтан да, тарихқа көз салып қарар болсақ, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде жастардың тәрбиесіне ерекше мән бергенін көруге болады. Осы тұрғыдан көптеген ғалымдар кітаптар жазып, уақыттарын сарп еткен. Соның нәтижесінде әр түрлі құқықтар, заң-жүйе мен әдет-ғұрыптар шығарған. Бірақ осыншалықты еңбек етілсе де, көбінесе жастар тәрбиесі өз дәрежесінде көрінбей оңды нәтиже бере алмай келеді.

Бала тәрбиесіне ата-анамен қатар, қоршаған орта, әрбір жеке адам өзін тәрбиеші ретінде сезініп, өз үлесін қосқаны дұрыс.

Тәрбиенің адам өмірінде елеулі орын алатындығы мәлім. Атамыз қазақ «Бала тәрбиесі бесіктен» деп тәрбиенің сәби кезден басталатынын білдірген. Сондай-ақ «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп айтуында да ерекше мән жатыр. Өйткені, болашақтың қандай болары сол сәбилер мен жастардың тәрбиесіне байланысты. Тәрбие жақсы болса, қоғам да бейбіт болары сөзсіз. Сондықтан тәрбие жүйесін ондағы ислам дінінің тәрбиелік мәнін жүйелі түрде қайта көзбен бір шолып өтудің ешқандай әбестігі жоқ.

Әуелі сөзді Ислам діні қандай дін?! - деген сұраққа берсек. Ислам - адамның екі дүниесін де бірдей қамтитын Хақ дін. Онда құлшылықта, мәдениетте, білім-ғылымда, құқықта, саясатта, жанұяда, экономикада қамтылған. Өйткені ол - Жаратушы тарапынан адам баласының бүкіл мұң-мұқтаждықтарына жауап беретін жалғыз дін. Бұны, осы діннің мүшесі болғандықтан ұстанып айтып отырғанымыз жоқ. Бұл сөзімізді осы зерттеу жұмысымызда жан-жақты зерттеп дәлелдедуге тырысып бағамыз.

Бізді жаратқан Аллаһ әрі тәрбиелеуші де Аллаһ болғандықтан ол бізді өзімізден де жақсы біледі. Яғни қандай нәрседен әсерленіп, не нәрсенің бізге пайдалы екенін білетін де Аллаһ Тағала. Сондықтан оның адамзат баласы үшін түсірген әмір мен тыйымына сүйенуіміз тиіс. Осыны негізге ала отырып, сіздерге иман мен Ислам шарттарын үйретудегі жастарға берерлік тәрбиесін мән-маңызын егжей-тегжейлі болмаса да қолдан келгенше түсіндіруге тырысамыз.

Олай болса, халықта «иман жүзді адам» деген ұғым бар. Имандылық тәрбиесінің бір көрінісі - әдептілік. Адамгершіліктің мәнін беретін барлық моральдық қасиеттер имандылықпен ұштасып, - әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болады. Үлкенге ізет көрсету, кішіге өнегелі болу да әдептіліктің белгісі. Осы әдеп пен иман жүзділік тәрбие жөнінде ойшылдарымыз бен ғалымдарымыз, Абай, Алтынсарин және Шоқан аталарымыздан бастап өз алдына тәлім-тәрбие туралы насихаттаған. Профессор Жарықбаев К. Б. айтуынша: «Әдеп - қоғамның ұйытқысы». Қай қоғамда өмір сүрсең де, оның өзіндік ереже, тәртіп заңдары болады. Ал, әдеп барлық қоғамға тиесілі қасиет.

Міне көрнекті ғалымдардың пікірі осылай. Ал енді бұл ғылыми жұмыстың басты артықшылығы өзімізге танымал тек қазақ, орыс тілдеріндегі еңбектерді ғана емес, сонымен бірге өзге түрік, араб тілдеріндегі еңбектерді де кеңінен пайдаланылғанында. Неге десеңіз Ислам әлеміндегі ғылым мен білімнің дамуында араб, түрік тілді сол елдердің ғалымдарының еңбегі атап айтарлықтай мәні зор.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті

1. Қоғамдағы діни тәрбиенің мән-мағынасын жан-жақты ашып жеткізу. Құран мен хадистердегі ғылыми мәліметтерді аша білу.

2. Ислам тарихындағы мұсылман мемлекеттерінің діни тәрбиесін зерттеп, зерделеу. Олардың бұрынғысы мен қазіргісін салыстыра білу. Мұсылман ғалымдарының діни тәрбие арқылы жеткен жетістіктері мен өздерінің ойшылдығымен әлемге тигізген пайдасын көрсете білу.

3. Еліміз әсіресе дін жөнінде тәй-тәй басып келе жатқан қазіргі таңда, ежелде мәдениетте үстем болған мұсылман елдерінің тәрбиелік ұштасуы тақырыптарында тәжірибелері мол. Міне сол тәжірбиелер бізге ауадай қажет-ақ. Елімізде діни тұрғыдағы, әсіресе Ислам діні жайында, атап айтсақ, оның әлеуметтілігі, ғылымилығы және мәдениеттілігі жөніндегі мәліметтер жоқтың қасы. Міне бұл зерттеу жұмысының да басты міндеті сол Ислам дінінің тәлім-тәрбиесімен, мәдени құндылықтарын зерттеп, оны көпшіліктің назарына паш ету. Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінің осы ғылымддардың негізі екенін дәлелдеп көрсету.

Жұмыстың зерттеу объектісі

Бұл магистрлік диссертация - өз алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуі үшін белігілі бір объектіні зерттеп, сол бойынша нақтылы тұжырымдар шығаруға тиіс. Сондықтан да, алдымен ғылыми ғылыми жұмыстың басты объектісі - Ислам дініндегі тәрбие ұғымы, оның жалпы қоғамға тигізер пайдалары мен атқарар қызметі болып табылады. Бұл жерде әсіресе, тәрбие сөзінің шығу тегі, мән-мағынасы, дін-Исламда алатын орнына кеңінен назар аударылады.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы

1. Ислам дінінің тәрбиелік құндылықтары әрбір саналы адамның түйсігіне түсінікті тілмен, солардың салалары бойынша аят-хадистерден дәлел келтіре отырып жеткізілді.

2. Мұсылман шығыс ғалымдардың тәрбие жөніндегі орнын, әртүрлі шет елді көрнекті ғалымдарының тілімен олардың жасаған зор еңбектерін бағалап таныстырылды.

3. Қазіргі Қазақстандағы исламдық тәрбиенің негізгі ерекшеліктері, түп қазығы осы мұсылман елдіріндегі исламдық тәрбиенің алатын орны көрсетілді. Батыс мәдениетімен салыстырмалы түрде тәрбие жөніндегі қызықты әрі нақты мәліметтерден келтірілді.

Зерттеудің методологиялық негіздемесі

Аталған тақырыптың зерттелуі барысында жалпы ғылымдағы және де дінтану саласын зерттеудегі бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтатын болсақ, тәрбие сөзін талдау кезінде теологиялық әдіс, тарихи-салыстырмалы әдістен; ал Құран мәтіндерін талдау кезінде герменевтикалық әдістен пайдаланылады. Сондай-ақ осы магистрлік диссертацияда аналогиялық, диалектикалық, феноменологиялық, антропо-логиялық әдіс-тәсілдерге азды-көпті орын беріледі.

Ғылыми жұмыстың теориялық және практикалық мәні

Ғылыми зерттеу жұмысы өз деңгейінде қарастырылғандықтан мұндағы келтірілген ғылыми деректер мен дәйектер, дінтанудың, мәдениет пен өркениеттің дамуына өз үлесін қосары сөзсіз. Магистірлік диссертация жұмысының материалдары мен ғылыми нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында өтетін дінтану, мәдениеттану, шығыстану сондай-ақ Ислам тарихы пәндерін оқыту барысында қолдануға болады.

Ғылыми жұмыстың құрылымы мен қысқаша мазмұны

Бұл ғылыми жұмыс әдеттегідей: кіріспеден, екі тараудан, әр тарауда екі бөлімшеден, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, жалпы алғанда 113 беттен құралады.

1-ТАРАУ. ҚОҒАМДАҒЫ ДІНИ ТӘРБИЕНІҢ МӘН-МАҢЫЗЫ.

1. 1. Тәрбие: оның мәні және қоғамдағы атқаратын ролі.

Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашан да халқымыздың өлең-жырларынан, тапқыр, шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен, бабалар өсиеттерінен тиісті орын алып отырған.

«Адам арын ойлайды, надан дүниеге тоймайды », «Ақыл қайрат білімді тең ұстаған - зор болар», «Ойсыз, жігерсіз, білімсіз өмір кешкен қор болар», «Ақылды ұл-білім іздер, ақылсыз ұл-шылым іздер». Осындай адамгершілікке, имандылыққа баулитын нақыл сөздер халқымызда өте көп. «Ақыл тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен». «Бос өткізу өмірді-ақымаққа көңілді», «Ойға-терең бол, өсекке-керең бол».

Халық даналығы осылый тізбектеліп кете береді. Бабалар сөздеріне жөрегінің төрінен орын беріп, халқын, ұлтын сүйген, ана сүтінің құдіретене бас иген, әрбір жан өз тілін, тінін, дінін, ділін қадірлеп қастерлеумен қатар, мейірбан жүректі, жайдары жанды, жібек мінезді, таза рухты, ақылды, парасатты, инабатты, иманды, білімді болса, оның нағыз ел азаматына айналғаны.

Ислам әлемі мен дініміздегі аса көрнекті қайраткер, әрі ғұлама хазіреті Әли өзінің хикметтерінде (маржан сөздерінде) : «Даналықтан асқан байлық жоқ, тербиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған жоқ», - деген екен.

Қазіргі кездегі әке-шешесін, ата-әжесін, туған баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуына себепші және арақ ішу, есірткі шегу, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қылықтарға ие жандар қоғамда бар екені рас. Әдептен алыс, жан баласына әрі жат, әрі жағымсыз қылықтарды бойына сіңірген адам адамгершілік қасиеттен де жұрдай. Оның қоғамға, өмір сүріп жатқан ортасына әкелер әлегі, қаупі де зор. «Құдайдан қорықпағаннан қорық», - дейді дана халқымыз. Иманнан жұрдай кісінің қоғамға да пайдасы жоққа тән.

Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.

Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс тәсілдер қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес, рұхқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу болса да олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпенен шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болушы еді.

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлы түбірін кездестіруге болады.

1. Раба - ярбу: Көбейту, арттыру мағынасына келеді. Рум сүресінің 39-шы аятындағы Раба етістігі, осы мағынада.

2. Раба - ярби: (нәшә), болу пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.

3. Раба - яруббу: реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.

Раб сөзі, тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Сондай-ақ Құранның алғашқы түскен 5-аятында да бар. Құранда ең көп айтылатын, яғни Аллаһ сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында Раб сөзі тұрады.

Раб негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ бүткіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар қылған, Аллаһ Тағала үшін қолданылады.

Сонымен тәрбие сөзі жайында мынадай нәтижеге тоқталсақ болады:

1. Тәрбие іс-тәжірбие білімі, өзіне тән зерттеу жолы бар.

2. Ең ұлы тәрбиеші Аллаһ Тағала.

3. Тәрбиеге, мақсат пен нысанаға жету үшін өзіндік жоспары бар. Бала өскен сайын тәрбие беру жүйесін де өзгертіп отырады.

4. Оның негізгі қайнар бұлағы Аллаһ Тағалаға тірелуі тиіс. [1] ., 21-б.

Тәрбиені, басқару, білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. «Алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі өкілдеріне ілім-білім мен пікірлерін үйретуі» деп айтқандар да бар.

Тәрбиенің Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) тұрғысынан қарастырар болсақ, тәблиғ және тұрғызу (аяқтандыру) деген мағыналарға келеді. Осылайша тәрбиенің оқу ісін де қамтитынын айтуға болады. Басқару, мұғалімдікке де келеді. Таблиғ, оқу мен тәрбиені қамтитын термин. Хз. Пайғамбар: «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деп айтуына қарағанда көркем мінезге жетудің жолы десек болады. [2] ., 89-б.

Таблиғ жайында ғалымдар былай дейді:

Имам Ағзам (ө. 150) Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді білдіреді деген.

Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағын құруға айналғандарды, Аллаһ Тағала тәрбие арқылы көркемдейді».

Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе Тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибни Сина Тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.

Атақты тәпсірші, Бейзауи болса, тәрбиені, «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген. [3] ., 203-б.

Ал Ислами тәрбие, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы, іс-әрекеті мен мінездің кемелденуі, сондай-ақ, дүние мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады.

Өмірде адам баласы тұтынатын, өзінің өмір бойы азығы болатын, асыл екі қазынасы бар. Оның біріншісі -материалдық байлық (тән азығы) болса, екіншісі - рухани байлық (жан азығы) . Жан азығы адам баласының жан қуатын арттырады. Жан азығының негізі - Иман (сенім) Имам -Ислам дінін түткасы. Дін - оте күрделі кубылыс. Ол олем, адам, күдай, алла туралм ғана айтылган көзкарас емес, сомммен бірге калмппіскап өдет-ғұрыптар, росімдер, достүрлер, когамдмк өмірдін күрамдас болігіне кіретін зан, сот, мораль. құқық кодексі деуге болады.

Ислам дінінің уағыздары тек бір ұлтқа немесе мұсылман халыктарына ғана емес, бүкіл адамзат баласына арналған. Сонымен бірге Құранның өзінде айтылғандай «Дінде зорлау жок» (42, 12), деп Бақара сүресінің. (демек 2-ші сүре) 256 аятында (2-256) ; айтып өткен (Бұл сүреден біз, дінге зорлап сендіру жок, оған әркім өзінің ойы, білімі, сенімі, ақылымсн илануы керек деген түсінікті көреміз. Ислам діні, азғындықты баса көрсетіп оның салдарынан өмірге. тіршілікке зиян келетінін айта отырып, туралык, әділдік істеген дұрыс деп көрсетті. Біздің де айтайын деп отырғанымыз, Құран арқылы жастарды дінге жүгіндіру, бағындыру, сана-сезімін, дүмиетанымын діни тұрғыдан қалыптастыру емес, өмірге керекті тәрбиелік мәні бар кағидаларды халықтық тәрбиенің құрамына енгізіп, сол түрғыда дұрыс іске асыру. Ол - білім, көркем мінез-құлық, акыл, адамгершілік имандылык, достык, бейбітшілік т. б. қасиеттерді қалыптастыратын дін. Бұны Бақара сүресінің 251-і аятында жазылған «Алла (Т) адам баласының бірін бірі арқылы қорғамаса жер-жүзі бұзылар еді. Алла, бүкіл әлемге кеңшілік иесі» (42, 41) . деген сөзінен көреміз. Өзіміз көріп отырғандай, бұл сүреде күнделікті ата-ананың бір-біріңе қайырымды болыңдар, деп айтатын ақынының төркіні жатыр. [4] ., 187-б.

Жер беті кең, оған барлық адамдар сияды бір-біріңді қорғап-қолдап жүру керектігін айтады. Солай дей отырып, осы сүренің 263-і аятында: «Көркем сөз және кешірімділік, артынан бұлдану, кейіту араласқан садақадан жаксы» (42, 44), деп ескерткен. Біреуге жақсылық жасасаң оған бұлданба, кейіме, шын жүрегіңмен жаса, сөз сөйлегенде әдепті бол, сонымен бірге адамдар бір-біріне кешірімді болғаны дүрыс деп уағыздаған.

Құран Алланың Мұхаммед Пайғамбарға түсіргсн кітабы деп берілгсн Кұран кітабында. Әрине, діни түсінікке толы бұл кітаптан, адамзаттың өмір сүруіне кажетті өсиет, насихаттар берілген ереже, уағыздарды көруге болады. Ислам дінін зерттеуші ғалым Меһмет Соймсн «Ислам діні . . . ең соңғы, ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні». « . . . сенім бойынша өмір сүру діні . . . » дейді. Осы ойды белгілі тарихшы, профессор С. Б. Дорженов: «Бұл дін жалған куәгер болуға, екі жүзді болуға, алдау-арбауға мүлдем қарсы. Сонымен қоса өтірік айтпауға, ұрлық жасамауға, темекі тартпауға, ата-ананы кадірлеугс, арақ ішпеуге, денені таза ұстауға, орынсыз дүние-мүлік шашпауға, өлген адамды кадірлеп-кастерлеп қоюға шақырады» (21, 95) деп жалғастырады. [5] ., 21-б.

Тілі басқа болғанымен, діні бір мұсылман халықтарының алғашқы заң кодексі, ереже тәртібі жазылған жазба ескерткіш - Куран. Қуран өлікке немесе қабір басында ғана оқылатын аяттар жинақталған. Кітап деген түсінік кең тараған, бірақ ол қате. «Тірі жүрген адамдарға оқылатын бір ереже және заң кітабы» деп түсіндірілген Құран кәрімнің түсініктемесінде. Расында да, өсиет уағыздарға толы, үлкен тәрбиелік мәні , бар аса құнды жазба ескерткіш тірі адамға керек сусындайтын қайнар бұлақ емес пе? Құран араб тілінен аударғанда «оку» дегем мағынаны білдіреді. Аты айтып тұрғандай ілім, білімге шақырып тұрған Құран 114 сүреден тұрады. Ал сүрелер аяттардан тұрады. Шығыстанушы, ғалым Ә. Дербісалиев, «айа» (көпше түрі аят) - керемет құбылыс» немесе «көрініс»-деген мағына береді деп түсіндірген. Ал, Л. З. Рүстемов, «айәт» - «белгі», «ғажайып», «құранның өлең сөзі»- дегенді білдіреді деп көрсеткен. Құран сүрелерінің барлығы окырман кауымды, адамзат баласын тек жақсылыққа, ілімге, білімге шакырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Күран сурелеріне ден коялык. Бакдра сүресінің 48-ші аятында: «Біреу үшіп ешкім араша түсе алмайтын, ешкімнің кайырымы кабмл болмайтын, ешкімнің болауы етілмейтін жөне оларға жөрдем болмайтын күннсм қоркыңдар» (43, 8) . Мағынасына терең үңіле карасак, калайша керемет, орынды айтылған. Бір ауыз сөзбен, ғұлама тарихты, тәрбиені ашып тұр. Адамдар бір-біріне жәрдемдеспесе, карайласпаса, бір-біріне қайырымды, мейірімді, ақ ниетті болмаса, адам баласының басына қатер төнетінін айта келіп «қиямет күні» болатынын есте ұстап, содан қоркыңдар деп ескертеді. Кұран Кәрімде адамның жанына қас қылуға, оның рухани құқтарына шабуыл жасауға тыйым салынған. Мысалы: «Ьіреудін намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсірстін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай-ақ біреуді қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік ісгеу, өсек айтуға тұжырымды түрде тыйым салынсын» (42, 125) деп, жаман іске карсылык көрсеткен. [6] ., 310-б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
Қазақ халқының ислам дініне дейінгі діни сенім - нанымдарының зерттелу тарихы
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Бейбітшілік пен келісім елі
Қазақ әдебиеті тарихындағы діни ағартушы ақындар шығармашылығының орны
ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Имандылық қастерлі қасиет
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz