Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселесі


Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселесі
МазмҰны:
Кіріспе . . . . ……… 3
- ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ ТАНЫМЫНДАҒЫ РУХАНИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
1. 1 Қожа Ахмет Иассауи сопылық философиясы мен түркілер ой кеңістігі . . . . ………. . 11
- Иассауийа қауымдастығы және оның рухани
құндылықтар жүйесі . . . ……… . . . … . . . 23
- ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ ІЛІМІНДЕГІ ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ МЕН АҚЫЛ-ОЙДЫҢ БІРЛІГІ
2. 1 Қожа Ахмет Иассауи іліміндегі рухани-танымдық жетілу жолы . . . …. … 38
2. 2 Иассауийа қауымдастығының дәстүрлері және оның діни-философиялық қызметі . … . ……. …. … 79
2. 3 Қожа Ахмет Иассауи дәстүрлерінің жалғастығы және қазақ философиясы үшін маңызы . . . 93
Қорытынды . . . ………. … . . . . . . … . . . 108
ПайдаланылҒан Әдебиеттер тізімі . . …. . . . … 110
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқының мәдени-философиялық құндылықтары мен ұлттық көзқарасының өркендеуінде сопылық ілімнің өзіндік орны бар. Ахмет Иассауи сопылық философиясындағы рухани қазына даналық хикметтер арқылы халық санасына таралып, олардың дүниетанымының бөлінбес бөлшегіне айналды. Демократиялық қоғам талаптары рухани құндылықтардың қайта жаңғырып, мәдени-философиялық тұрғыдан зерттелуін қажет етеді.
Әлемдік мәдениеттің қайнар көзіне айналған рухани дүние адам бойындағы діни-философиялық танымды жетілдіре отырып, оның кемел тұлға болуына жол ашады. Міне, қазақ ұлттық танымына мың жылдан астам уақыт әсер еткен мұсылман философиясы мен ғылымы, олардың өмір тәжірибесінде өз таңбасын қалдырды. “Шындық табиғатында әділет болмақ, ақ пейілділіктен шапағат шықпақ, ақылдан даналық тумақ” [1] -деген Абай көзқарасында рухани кемелденудің ізі жатыр. Ұлттық сана мен сопылық философиядағы қағидалар бірлігі адам өміріне басқа мән берді. Адам рухани толысып, пендешілік пен зұлымдық әрекеттерден алшақтауға мүмкіндік алды. Ахмет Иассауи даналығы осы проблемаларды шешуде негізгі орынға ие болды. Демек, сопылық философияның ұлттық сананы қалыптастыру қызметін рухани кемелденуге апаратын жол ретінде тани аламыз. Ол үшін де Сократ айтқандай өзіңді-өзің таны қағидасына қайта ораламыз.
Халық санасын дендеп келе жатқан рухани бостық дүниетанымын зұлымдық пен зинақорлыққа бағыттаған жандардың әрекетінен туындайды. Рухани құндылықтарды өз деңгейінде бағаламау қоғамды аздырады. Міне бұл ұлттың болашағындағы үлкен дақ және діни бірлестіктерге оңай алынатын қамалдар. Ахмет Иассауи танытқан жетілу жолының даналықпен теңестірілуіде сопылық философияның тереңірек тамырлауында. Адам бойындағы рухани кемелденуді өз шығармашылығына арқау еткен еліміздің біртуар тұлғалары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Арыстан-Баб, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, Ахмет Иассауи, Ахмет Үгінеки, Сүлеймен Бақырғани және Асан Қайғыдан, Абайға дейінгі қазақ ақын-жыраулары халық санасында мәңгілікке сақталып қалды.
Ахмет Иассауи сопылық ілімінде халықты имандылық пен рақымдылыққа және азаттық пен әділдікке бағыттаған терең философиялық құндылықтар көрініс тапты. Міне адам өмірінде маңызды деп танылған философиялық ұғымдардың басын біріктірген дәстүрлерді ұмыттырмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып тұрған да ойшылдың жазған даналыққа толы хикметтері.
Орта ғасыр философиясы тек дінге байланысты өркендеген. Оны сол кезеңдегі философиялық бағыттың кез-келгенін саралау анықтап береді. Ахмет Иассауи іліміндегі түркілік танымға негізделген философия да көбіне исламдық сипат алғанымен, тек қана өзіне тән діни дәстүрлерімен ерекшеленді. Ұлы ойшылдың ислам дәстүрлеріне үстірт қараудан арылу жолындағы күресін, оның ислам дінін ғылыми тұрғыдан талқылауға тырысқан әрекеті деп білуіміз керек. Түркі әлемінде алғаш исламдық білім беретін сопылық тариқат (сопылық мектеп) құрудағы мақсаты да соған негізделеді. Міне осылайша ислам философиясын ғылыми тұрғыдан талдап берген Ахмет Иассауи өз әлеми ілімін түркі халқына ұсынды. Ахмет Иассауидің рухани ілімінде мистикалық (тылсымдық) дәстүрлерге ерекше мән берілді. Бұл дәстүрлер тариқат муридтері арасында орындалып, ұстаз тарапынан қатаң бақылауға алынды.
Дегенмен, иассауийа тариқатында дәруіштер жүргізген негізгі рухани қызмет діни дәстүрлерді өмір тәжірибесіне ұластырып, оны халыққа үлестіру болды. Бұл ежелгі наным - сенімдер тізбегімен тығыз байланыста болған сопылық дәстүрлердің жергілікті халық арасында кеңінен қолданылуына қолайлы жағдай туғызды. Қоғам өміріне бойлай енген сопылық ілім, оның әлеументтік қайшылықтары мен рухани мұқтаждарын, адам мен қоғам арасындағы және Тәңірі мен адамның терең мағыналы байланыстарын ашып беретін философиялық құбылысқа айналды. Осылайша халқымыздың өмір салты, діни дәстүр тағлымы мен адамгершілік принциптерін басшылыққа алған тіршілік болмысы сопылық іліммен ұштасып, өз жалғасын сол діни сенімнен тапты. Орта Азия халықтарының дүниетанымы мен тыныс тіршілігін зерттеген ұлы ғалым В. В. Бартольд: “халықтың діни сенімін танып білу, оның рухани күйін түсінудегі негізгі мәселе”/2/, -деген. Демек тамыры тереңге кеткен рухани дәстүрлерді қамтыған дінімізді қайта қарап, ғылыми тұрғыдан зерделеу имандылық пен адамгершілікке негізделген құндылықтар ретінде халқымыздың беделін арттыра түседі.
Ұлы ойшылдың тағлымы тек қазақ халқы ғана емес, жалпы түркі халықтарының бүгінгі рухани дағдырысы қарсаңында өте қажет. Қәзірдің өзінде Түркістан қаласының бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы болып қарастырылуы да Ахмет Иассауи танытқан сопылық ілімнің қуаттылығын көрсетеді. Түркі ислам бірлігін дамытқан тұлғаның сопылық философиясының әсері айтарлықтай. Сондықтан, ислам дінінің қәзіргі таңда өз орнын айқындауында Ахмет Иассауи сопылық іліміндегі діни дәстүрлерді зерделеп, өз ата-жұртымыздың рухани құндылықтар қорының дүр маржанын келешек ұрпаққа танытудың маңызы зор.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Мұсылман философиясы мен мәдениетін тануда мейлінше мол тәжірибе - тағлымы бар сопылық ілімді зерттеу жолы қызу түрдегі философиялық пікір таластың үстінде қалыптасып келе жатқаны әйгілі. Бұл рухани дүниені түрлі лаңкестік әрекеттермен байланысты еткендерде қоғамымызда кездеседі. Ислам мұндай әрекеттерге қарсы философиялық тұжырымдарға негізделген. Сондықтан, қарама-қайшы екі нәрсенің арасынан тұтастыұты іздеу де қате болып саналмақ. А. Арберри, В. Стоддарт, М. Смит, Г. Грюнебаум, Л. Массиньон /3/ тәрізді шетел ғалымдары өте құнды деп танылған, зерттеу еңбектерін ұсынып, мұсылман философиясының адам танымын жетілдірудегі маңызын таныта білді. Сопылық ілімнің қоғамдағы орны мен рөліне назар аударған шетел ғалымдары, сопылық ілімнің теориялық негіздері мен тақуалардың рухани ізденістеріне ерекше тоқталып өтеді. Бұл сопылық тариқаттарда туындаған діни - дәстүрлерді айқындауға септігін тигізді. Міне сопылық тариқаттың әдебін зерттеуге арналған Эрнст Карл, Ерол Гүндар, Мехмет Демирчи, Ебул-ала Афифи, Дж. С. Трименгэм, Идрис Шах /4/ еңбектері мен А. М. Шиммел және Девин Девис еңбектері де осы зерттеулер қатарын толықтырады.
Сопылық ілімнің ірі өкілдері туындатқан діни философиялық идеялар, бұл ілімді қуатты етумен қатар сопылық тариқаттарды бір-бірінен ерекше етіп тұратын дәстүрлерді қалыптастырды. Демек, бір рухани арнадан бастау алған сопылық тариқаттардың көздеген мақсаты мен бағыты бір. Ұзақ жылдар бойы тоқтаусыз әрекет етудің нәтижесінде жинақталған сопылық ілімнің діни философиялық құндылықтарын арнайы зерттеген Э. А. Бертельс, В. В. Бартольд, А. Е. Смирнов, И. Н. Петрушевский, М. Т. Степанянц, С. М. Демидов, Р. Б. Рыбаков, А. К. Боровков /5/ тәрізді орыс ғалымдары өз зерттеулерінде: араб мәдениетінің гүлдене әрі күрделене түсуіне сопылық ілімнің айрықша әсер еткенін атап өткен. Бірақ бұл зерттеулерде түркі сопылық ілімі мен соның негізінде қалыптасқан дәстүрлер толық ашылмаған.
Демек, күні бүгінге дейін сопылық ілімді зертеу жұмыстарының өте көлемді жүргізілуіне қарамастан, оның көптеген қырлары әлде де нақты зерттеуді талап етеді. Ахмет Иассауидің сопылық ілімі мен діни философиялық дәстүрлеріндегі рухани кемелдену процесі мен оның өмір тәжірибесінен алған орны осы мәселеге қарайлас құбылыс. Ұлы ойшылдың шығармаларын, әсіресе бұрыннан қалыптасқан рухани құндылықтар жүйесін қайта қарау заман талабына айналды.
Ойшылдың дүниетанымын философиялық тұрғыдан саралауға және иассауийа тариқатындағы діни дәстүрлер мен ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін қолжазбалар қатарынан, ”Мират-ул қулуб” рисаласын, Низам Қажы Ғарібидің “Мусибат-намасын”, Сүлеймен Бақырғанидің “Бақырған кітабын”, Кашифи, Фахр ад-дин Али ибн Хусейн-и Ва`издің “Рашахат айн ал-хайат” және Сопы Аллаярдың ” Сабат ал-а`жизин”, “Мурад-ул а`рифин”, Хазинидің “Жауахир-ул Абрар мин Амуаж-ил Бихар” туындыларын көреміз. Ұлы шайх сопылық ілімінің қыр-сырын танытқан туындылардың, бұл зерттеуде ұсынары мол.
Алғаш, Ахмет Иассауи өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді жинақтаған Фуат Көпрүлү еңбегі иассауийа тариқаты жөнінде тың мәліметтер береді: “Ахмет Иассауи уағыздаған діни-сопылық насихаттар, қаншама уақыт өткенімен халық жадынан өшпеген, керсінше, тереңдей түскен”/6/. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты, көнедегі діни философиялық көзқарастарды зерделеген А. Х. Қасымжанов, Ә. Н. Нысанбаев, Ғ. Е. Есімов, О. А. Сегізбаев, М. Е. Орынбеков, С. Нұрмұратов және т. б. ғалымдарымыз /7/ оны өмір талабына сай үйлестіріп, дінге немқұрайлықпен қараудан арылуға шақырады. Сондай-ақ, діни мұраларымызды философиялық тұрғыдан талдауға мән беріп, оны дамытуға және сол арқылы әлемдік мәдениеттермен бір ырғақта болуға үндейді.
Ахмет Иассауи дүниетанымын Қазақстан философиясының тарихында орны мен мәніне алғаш талдау жасаған А. П. Абуов: “Мәдениеттің, ғылым мен білімнің ошағы болып саналған араб халифатынан шеткері орналасқанына қарамастан Ахмет Иассауи туып, өскен аймақ түркі мәдениетінің, кейінірек мұсылман мәдениетінің ошағына айналып үлгерді”/8/-деп, иассауийа ілімінің орнын айқындап береді. Дегенмен, бұл зерттеуде Ахмет Иассауи жөнінде көлемді еңбек жасалғанымен діни философиялық тұрғыдан талдаулар енбеген. Ұлы ойшылдың философиялық көзқарасын зерттеуге бірнеше ғылыми мақала арнаған К. Х. Таджикова, Р. М. Мустафина және А. Ахметбекқызы өз зерттеулерінде, Ахмет Иассауи ілімінің түркілер мекендеген аймақта дербес әрі ықпалды күш иесі болғанын танытып /9/, алғашқы пікірді қуаттай түседі.
Ахмет Иассауи арқылы сопылық ілімнің бастапқы қайнарынан алынған философиялық материалдар көп талқылауды қажет етеді. Мұны қарастыру мұсылман мистицизміне жаңа еңбектер мен философиялық тұжырымдарды алып келді. Мұсылман мистицизмін қарастыру К. К. Бегалинованың Ахмет Иассауидің сопылық іліміне деген көзқарасын айқындап берді /10/. Осы орайда ойшылдың дүниетанымындағы адам мәселесін қарастырған Д. Т. Кенжетаевтың зерттеу жұмысын атап өтуге болады /11/. Бірақ аталған зерттеу жұмысының кең ашылуын қажет ететін көрнекті орыс шығыстанушы ғалымдарының еңбектері зерттеуден тыс қалған.
Сопылық ілімге талдау жасағанда Ахмет Иассауи тариқатын қарастырған К. Мұстафа, Т. Белкез, С. Ұлыдаг, И. Мұстафа, К. Кемал т. б. /12/ түрік ғалымдарының қосқан үлесі айтарлықтай.
Ойшылды түркілер арасына танымал еткен “Диуани хикмет” шығармасы Қазан, Стамбул, Ташкент баспаларында жарық көрген. Ахмет Иассауидің хикметтерін рухани және әдеби тұрғыдан Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев пен М. Мырзахметұлы /13/ қарастырады.
Қорыта келе, түркі дүниесінің ұлы ойшылы Ахмет Иассауи дүниетанымы мен шығармашылығын зерттеуге бағытталған жоғарыда аталған еңбектерде біз зерттеген тақырып яғни, Ахмет Иассауидің дүниетанымындағы рухани кемелденудегі дәстүрлер қарастырылмаған. Қазақстанда философиялық мектептің қалыптасуы мен дамуын және сопылық ілімге негізделген діни дәстүрлерді анықтап, оның адам баласын рухани толысуға ықпал еткеніне көз жүгірту осыны айғақтайды. Зерттеуге арналған біздің еңбегіміз ұлттық санамызды қалыптастыруда ата жұртымыздың мәдениетінің өркендеуіне септігін тигізген ұлы ойшылдың ұсынған сопылық ілімі мен дәстүрлерін қайта ашады. Бұл осы тақырыпты арнайы зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Түркі тілдес мұсылман халықтарының рухани көзқарасын қалыптастырған Ахмет Иассауи мен оның муридтерінің діни философиялық еңбектерін зерделей отырып, ойшылдың философиялық көзқарастарын жаңа қырынан қарастырып, бүгінгі ғылыми талапқа сай тұжырымдар жасау және Түркістан өлкесінде сопылық ілімнің таралуына негіз болған иассауийа тариқатының бағытын анықтап, ұлы ойшыл философтың діни дәстүрлері мен өмір тәжірибесінен орын алған рухани кемелдену мәселесін зерттеу жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Осы мақсатты іске асыру жолында мынадай міндеттер белгіленеді.
1. Ахмет Иассауи сопылық ілімінің рухани қайнарларын зерделеп, түркілік бағытта өркендеген алғашқы сопылық мектептің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін анықтап, оның діни философиялық маңызын танудың ұлттық танымға тигізген әсерін көрсету.
2. Иассауийа тариқатының сопылық тәлім-тәрбие беріп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында туындаған дәстүрлері мен теориялық діни негіздерін анықтау.
3. Иассауийа қауымдастығындағы рухани кемелденуді танытқан дәстүрлердің орнына баға беріп, Ахмет Иассауи танымының діни философиялық аспектілерін ашу арқылы:
а) сопылық философиядағы түркілік сенімнің ізін зерттеп, ойшылдың теориялық және практикалық тәжірибеден алған орны мен философиялық мәнін;
ә) Ахмет Иассауи тариқат дәстүрлеріндегі “кашф” (сопылық түсініктегі перделердің ашылуы), “илхомға” (шабыт) бағытталған әдіс-тәсілдерін, түркілердің діни философиялық танымының шеңберін кеңейтіп, ләззат пен шахауатты тәрк қылған пақырлықтың “Фақр нама” арқылы халық санасына берілуі және оның өмір мақсатына айналуын;
б) иассауийа ілімінде “уирд-аурад” үкімі арқылы муридке берілген мистикалық дәстүрлер мен “жеті иақиннің” негізін анықтап, ”Ақиқат” түсінігінің мәнін ашып, ойшылдың бұл төңіректе түйген философиялық ойларын;
в) Ахмет Иассауидің діни философиялық ұстанымдары мен сопылық философияның тәжірибелік көріністері және оның діни дәстүрлер арқылы халық санасына ұласуы бағаланып, осы іс-шаралардың атқарылуына иассаийа дәруіштерінің тигізген үлесін;
г) түркі халықтарындағы Алла мен адам арасындағы қарым қатынасты және хикметтердегі діни философиялық ұғымдарды саралап, оның рухани кемелденудегі рөлін айқындау.
4. Ахмет Иассауи дәстүрлі философиясының халық танымына берілу жолдары мен оның қазақ халқының өміріндегі маңызды рухани философиялық бағыт ретінде қалыптасуын және ойшылдар шығармашылығы мен қызметі арқылы анықтау.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізіне философия тарихы мен қазақ философиясында көрнекті орын алған ойшылдардың ұлттық танымы мен саяси көзқарастарына және діни мәдениет пен рухани құндылықтарға негізделген еңбектері алынды. Ғылыми жұмыста қолданылған зерттеу әдісінің маңызды бөлігі сопылық философиядағы рухани кемелдену жолындағы мақамдарды жүйеге түсіруден тұрды. Сондай ақ, отандық философтардың ғылыми тұжырымдарының маңызы зор.
Ахмет Иассауи хикметтеріндегі даналық ойлар мен аллаға деген құштарлық және адам болмысының уақыт пен кеңістіктегі орнына мән беріліп, оның философиялық қырлары ғылыми әдіснамаға сай зерттеліп, ұлы философтардың ой-пікірімен сабақтастырылды. Сонымен қатар тарихи-деректік материалдар мен қолжазбаларды ғылымға белгілі жинақтау, жүйелендіру және талдау сияқты әдістер пайдаланылды. Философия тарихында қолданылатын логикалық принциптердің тізбегі, қарама-қайшылық пен тұтастық және салыстыра зерттеу методтары кеңінен қолданылды.
Зерттеу жұмысының деректік негіздері
Ғылыми айналымға осы зерттеу арқылы қосылған араб, парсы тіліндегі деректер мен соны кезеңде аударылған зерттеулер негізінде жазылған еңбектері алынды.
Ахмет Иассауи сопылық философиясы мен дәстүрлі мәдени құндылықтарының табиғатын ашуға мүмкіндік беретін қолжазбалар зерттеудің өзегін түзді.
Сопылық философияны талқылауға арналған шеттіліндегі ғылыми зерттеулер сарапқа салынды. Түрік ғалымдары мен ағылшын ойшылдарының философиялық талқылаулары қаралып, салыстырмалы түрде талқылау жасалынды.
Ахмет Иассауи музейіндегі кітапхана қорында жинақталған материалдар пайдаланылды.
Сондай-ақ Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Орталық кітапхана, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының фундаментальды кітапханасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының зерттеу жұмысына көп септігі тиді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- Ахмет Иассауи сопылық ілімінің түркілер дүниетанымына берілуі ғасырларға созылған ұзақ процесс. Мұсылман философиясы ұсынған дәстүрлердің халық санасында орнығуы да қауымдастықтың шәкірттеріне байланысты. Міне адам санасының рухани өсуі және оның мәдени-философиялық жетілуіне ықпал етуі айқындалды.
- Иассауйа ілімінің еркін қабылдануы, дүниетанымдағы сабақтастық түркілік бағыттағы қауымдастықтың негізгі ерекшелігі. Саналы түрде сопылық дәстүрлердің қабылдануы -Ахмет Иассауи өмірінің тылсымдық астары немесе қылуеттегі тіршілік. Яғни, Өлімге бетпе-бет келу. Өмір ақиқатының мәнін кемелдену арқылы танып, білу.
- Рухани орта, сопылық қауымдастық Түркістан шахарында. Бұл өңір әулиелер мен аңыздарға толы және таңғажайып сопылық дәстүрлерді ішіне алған аймақ. Осы мәселелерге философиялық талдау жүргізуге, оның негізгі себептерін анықтауға ойшылдың ілімі мен ғылыми айналымға енбеген соны деректерді (Мусибат-нама, Мират-ул қулуб, Насафий…) қарастыру дұрыс шешімін берді.
- Ахмет Иассауи ілімдегі сопылық құбылыстардың тәжірибеге сүйенуі мен “Вахдат-и вужут” принципіне негізделген мақамдар комплексті түрде диалектикалық заңдылықтарға сәйкес қаралды.
- Сопылық философиядағы абсалютті ақиқат түсінігі, оған жасалған философиялық анализ арқылы қаралып, кемелдену мен аллаға деген махаббат түсінігі Ахмет Иассауи дүниетанымы арқалы айқындалды.
- Сопылық философия қазақ ұлтына оның көркем туындылары мен дәстрлі көзқарасына Ахмет Иассауи ілімі арқылы енді. Тылсымдық тәжірбиелер мен сопылық ұғымдардың Абай, Шәкәрім және М. Ж. Көпейұлы тәрізді даналар шығармашылығынан орын алуы. Сонымен қатар иассауйа дәстүрін жалғастырған шәкірттер танымына берілген философиялық баға оның ілімінің ара-салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Ежелгі Түркілер дүниетанымы мен сопылық философиядағы сабақтастық Ахмет Иассауи ілімінің негізін құрады. Сонымен қатар қоғамдағы жеке тұлғаның бойынан табылған имандылық, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру тәсілдерін философиялық тұрғыдан зерттеу орын алды. Ұлттық танымдағы тылсымдық дәстүрлер мен мұсылман философиясындағы рухани құндылықтардағы біркелкілік сарапқа салынды.
- Иассауийа тариқатындағы діни - философиялық қағидалардың маңызы және оның халық санасына ауысу факторлары қаралды.
- Мұсылман философиясындағы негізгі тұжырымдардың еркін сұхбат арқылы таралуы және ондағы сопылық қауымдастықтың рөлінің ара-салмағы көрініс тапты.
- Сопылық философиядағы рухани кемелдену мәселесі қарастырылып, ойшылдың теориялық және практикалық тәжірибелерінің философиялық мәні айқындалды.
- Ахмет Иассауи шығармаларындағы сопылық ұғымдардың діни-философиялық көріністері қарастырылып, ғылыми тұрғыдан тұжырымдалды.
- Ахмет Иассауи сопылық іліміндегі адам болмысын рухани жетілдірудің эстетикалық талғамды қалыптастырудағы орны пақырнама арқылы анықталды.
- Иассауийа қауымдастығының дәстүрлі философиялық көзқарастарын танытқан “Мират-ул қулуб” шығармасындағы сопылық іс-шаралар жүйелі түрде көрсетілді.
- Ахмет Иассауи дүниетанымы арқылы қазақ халқының көзқарасына енген сопылық философияның ықпалы мен ортақ болған белгілері анықталып, ақын-жыраулар шығармашылығына тигізген әсері салыстырмалы түрде көрініс алды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Ахмет Иассауи сопылық философиясындағы рухани кемелдену мәселесінің ұлттық сананы қалыптастырудағы жасаған ықпалы біздің адамдық-этикалық құндылықтарымызды саралауда айрықша маңызды. Оның рухани дүниені меңгеріп, жан тазалығын сақтау арқылы кемелдену жолын нұсқауы адамзат баласына өмір ақиқатын ұсынумен пара-пар келіп тұр. Сондай-ақ, қәзіргі таңда белең алған түрлі діни конфессиялардың әрекеттеріне тиым салуға негіз болып отыр.
Диссертант қарастырған проблемалардың нәтижелері мен ғылыми қортындыларын этикалық, және діни-философиялық тұрғыдан зерттеудің әдістерін жетілдіріп, дамыту үшін және философ, ағартушы және дінтанушы мамандардың методологиялық және теориялық деңгейін көтеру үшін қолданылады.
Диссертациялық жұмыстың нәтижелерін философия тарихы, этика және эстетика, дін тарихы бойынша студенттерге, аспиранттарға арналған оқулықтарда, арнаулы курстар мен арнаулы семинарларда пайдалануға болады.
Жұмыстың жарияланымы, сыннан өтуі. Диссертант бұл тақырыппен бірнеше жылдан бері айналысып келеді.
Зерттеу жұмысы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің философия кафедрасы мен Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің философия және ғылымдарды әдістану кафедрасынан талқылаудан өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz