Емдік шөптер


СОДЕРЖАНИЕ
Жүрек жапырақ1
Ем болатын аурулары. 1
Күшәлә2
Ем болатын аурулары2
Күнбағыс3
Ем болатын аурулары3
Қалақай5
Ем болатын аурулары6
Қарабас шөп6
Ем болатын аурулары7
Құлмақ (Пива гүлі) 8
Ем болатын аурулары9
Жүрек жапырақ
Бұл көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 0, 5 - 1 м. Жер астындағы түйнек сабағы шар тәрізді, қыруар шашақ тамырлары болады. Жапырағы сабағының түбіне орналасқан. Ұзын сағақты, түп жағы қынапша тәрізді сопақшалау, бүтін жиекті келеді. Гүл сағағы топталған, жапырақтары ортасынан өсіп шығады. Гүлі ақ түсті, 5 - 7 - ге дейінгі гүл сағағы дөңгелене өсіп шоғырланып, шашақ гүл шоғырын құрайды. Кішкене гүлінің сағағы қысқа шатыр тәрізді орналасқан. Тұқымша жемісі төңкерілген жұмыртқа тәрізді, жалпақтау келеді. Өзен жағасында, сазды жерлерде, көлеңкелі саздарда өседі.
Жинау және өңдеу . Жүрек жапырақтың түйнек сабағы дәріге ем. Құзды қазып, шашақ тамырлары мен қыртысын қырып тастап, жалпақтап турап кептіреді. Шикідей немесе тұз қосып қуырып жасайды. Тәтті дәмді, уыз болады.
Ем болатын аурулары.
Ыстықты басып, дәретті жүргізеді. Бүйрек түбегінің қабынуын басады.
1. Сулы ісікке, несептің қалыпты келмеуіне жүрек жапырақ пен бәйжеуден 12 грамнан, жолжелкеннен 9 г, фориядан 15 г, қарбыз қабығынан 24 г аралыстырып, суға қайнатып ішеді.
2. Іш өткенде, 12 г жапырақты, 9 г жаужұмырды, 12 г арпа өркенін, 6 г қызыл мияны суға қайнатып ішеді.
Пайдалану мөлшері: 6 - 12г. Жүрек жапырақтың құрамында бес түрлі химиялық қосылыстар: жүрек жапырақ спирті, май қышқылы, ағаш майы, ақуыз және крахмалдар бар.
Күшәлә
Ем болатын аурулары
Күшәлә бел жүйкелерінің салдануына, жарым дененің жансыздануына, аяқ - қолдың дәрменсізденуіне, балалардың сал ауруы зардаптарына, лимфа туберкулезіне, жарақаттануға, сыныққа, тері рагына, шиқанға, дене әлсіздігіне, кеңірдектің қабынуына бірден - бір ем.
1. Бет жүйкелері салдануына 3, 5 г күшәләні суға жібітіп, 18 - 24 жапырақ етіп турап, туранған күшәләні жансызданған бетке таңады да, 7 - 10 күнде бір рет ауыстырып отырады.
2. Қол - аяқ дәрменсізденгенде, жарым дене жансызданғанда, 1, 5 г, қызыл миядан 1, 5 г араластырып талқандайды. Артынан бал қосып араластырып, 40 дана оқ дәрі жасап, тамақтан кейін 1 - 2 данадан қайнаған жылы сумен 7 күн ішеді. Одан соң 7 күн дем алып, тағы да жалғастырады.
3. Орта құлақтың қабынуына күшәләні үйкеп езіп, онымен суды дизинфекциялап, құлаққа тамызады. 15 г күшәләні кендір майына (түгін қырып тастап, отқа сарғайтып қақтағаннан кейін) қуырып күшәләні алып тастап, өңделген майды екі тамшыдан күніне екі рет құлаққа тамызады.
4. Кеңірдектің созылмалы қабынуына, аурудың салдырынан арықтап, әлсірегенде, бір немесе екі күшәләнің түгін қырып немесе отқа қақтап, өңделгеннен кейін, сиырдың, түйенің немесе биенің 1 - 2 л сүтіне салып, торсықта ашытады. Сүт бір тәулікте ашиды. Ашыған сүтті ішер алдында көбірек пісіп, күніне екі - үш рет ішеді. Күшәләні аптасына ауыстырып отырады. Шартты мерзімі 2 - 3 ай.
5. Қыс күндері сүт тапшы болғанда, өңделген күшәләні әбден піскен түссіз жас еттің сорпасына салып, көбірек сапырып, бұқтырып, күшәләнің ащы дәмі шыққанда ішеді.
Пайдалану мөлшері күніне: 0, 3 - 0, 6 г.
Күнбағыс
бұл күнбағар шекілдеуік деген аттармен де белгілі. Шекілдеуіктің тұқымы, қағып алынған табақшасы, гүлі, тамыры, сабағының ішіндегі жұмсақ ақ еті дәріге пайдаланылады.
Жинау және өңдеу. Толық ашылғанда гүлін, жемісі піскеннен кейін табақшасын, ақ етін жинап алып, кептіреді. Тәтті дәмі, усыз болады.
Ем болатын аурулары
1. Күнбағыстың тамырын суға қайнатып, суымен ауыз шайса, тіс қақсағанды, тіс еті қабынғанды басады.
2. Жемістің тамырын талқандап, балшық дәрі жасап, оны шүберекке орап, жатырдың мойнына қойса, іштегі баланы түсіреді.
3. Жапырағының 12 грамын жаншып, ыстық сумен ішсе, жүректі айнытып, құстырады.
4. Ыстық күн өтіп, бас ауырғанда, 20 - 30 г күнбағыс табақшасы мен шағылған бір жұмыртқаны бір шыны суға қайнатып, жарым шыны қалғанда, тамақ артынан күніне екі рет ішеді.
5. Тіс ауырғанда күнбағыстың бір табақшасы мен алақат тамырын суға қайнатып, нілі шыққанда, оған тауықтың бір жұмыртқасын жарып, салып пісіріп жейді.
6. Етеккір кірнесіне 30 - 50 г күнбағыс табақшасын суға қайнатып, қара шекер қосып ішеді.
7. Несеп жолына, бүйрекке тас байланғанда, 90 г күнбағыс сабағының өзегін (сабақ ішінде ақ еттен) суға қосып қайнатып, күніне бір реттен бір апта бойы ішеді.
8. Несептің лайланып кетуіне 60 г күнбағыс сабағының өзегі мен 30 г балдыр көк тамырды суға қайнатып, күніне бір реттен бірнеше күн ішеді.
9. Қуық тұтылғанда 15 г күнбағыс сабағының ақ өзегін суға қайнатып ішеді.
10. Көкжөтелге күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып, бұқтырып, тиісті мөлшерде шекер салып ішеді.
11. Асқазанға ас батып сіңбегенде, күнбағыс тамырынан, аскөктен, арпа бидайынан тиісті мөлшерде алып, суға қайнатып ішеді.
12. Үлкен және кіші дәрет тоқтап қалғанда, күнбағыстың жас тамырын жаншып, суын шығарып, балмен қосып, 15 - 30 грамнан ішеді.
13. Жіңішке ауруына 30 г күнбағыс тамырын суға құйып, қайнатып ішеді.
14. Жарыққа 30 г күнбағыс тамырын қайнатып, қызыл шекер қоқысып ішеді.
15. Жоғары қан қысымы ауруына 30 г кепкен күнбағыс жапырағы мен 30 г сайсағызды суға қайнатып ішеді.
16. Қан аралас іш өткенде, 30 г күнбағыс тұқымын суға бір ағат қайнатып, шекер қосып ішеді.
Пйдалану мөлшері: 15 - 30 г, қайнатып ішуге (жапырағын 6 - 24 Г, ал тамырынан 15 - 30 Г, күнбағыс сабағының өзегінен 9 - 15 Г Құрамында май, ақуыз, кофеин қышқылы және күрделі орган.
Қалақай
Қалақай - көп жылдық шөп тектес өсімдік. Ол шақпа шөп, қышыма шөп деп те аталады. Биіктігі 15 - 30 см. Өн бойында шақпа түктері болады. Теріге тиіп кетсе, шаян шаққандай ұйытып ауыртады. Содықтан, оны шақпа шөп деп атайды. Төрт қырлы сабағы тік өседі. Жапырақтары қарама - қарсы орналасқан. Ұзын сабақты, үш жармалы келетін жапырағы ретсіз қауырсын айрықты жапырақшаларға бөлінеді. Аталығы мен аналығы бөлек түптерде болады. Жай масақ гүл шоғырлары қолтықтап өседі. Гүлі жасыл түсті келеді. Қауашақ жемісі жұмыртқа тәрізді, жалпақтау сұрғылт, қоңыр түсті болады.
Шақша шөп таудың жылғаларында, жол жағалауларында, беткейлерде, қалың шөпті жерлерде өседі.
Жинау және өңдеу. Қалақайдың жер үсті бөлігі дәрі болады. Шөпті жаз, күз мезгілдерінде орып алып, турап кептіреді. Кейде тамырын да дәріге қолдануға болады. Кермектеу ащы дәмді, улы болады.
Ем болатын аурулары
1. Жел - құздан буын қабынғанда, қалақайдан тиісті мөлшерде алып қайнатып, қайнатпасымен ауырған орынды жуады.
2. Босанған кейінгі құрыспаға, жас балалардың шошыма ауруларына қалақайдың жапырағы мен сабағынан азырақ алып, суға қайнатып ішеді.
3. Есекжембіге жас қалақайдың жапырағын жаншып, шырынын жағады.
4. Жылан шаққанда, жас қалақайдың жапырағын жаншып, жараның аузына таңады.
5. Қалақайдың жас жапырағын жаншып, мұрынға жапсырса, аққан қанды тыяды.
6. Қалақайдың жас жапырағын сығып, алынған сығындыны күйікке жақса жараны жазады.
Қарабас шөп
Қарабас шөп - көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 30 см. Өн бойында жіңішке ақ түкшелері болады. Сабағы бұтақсыз, төрт қырлы келеді. Жапырақтары қарама - қарсы орналасады, сопақшалау, бүтін жиекті немесе болымсыз ара тісті болады. Гүлі қос ерін формалы, қара көк түсті келеді. Гүлі сабақ ұшында дөңгелене орналасып, жай масақ гүл шоғырын құрайды. Гүл шоғырының түбін бір түп жапырақ тәрізді гүл орнышының ұзын түктері болады. Қарабас шөп тау етегінде дымқыл жерлерде өседі. Тянь - Шань, Алтай тауларында көптеп кездеседі.
Жинау және өңдеу. Қарабас шөптің гүл шоғыры ауруға ем. Жарма гүл масағы сола бастағанда, үзіп алып кептіреді. Шөбінен түгелдей дәрі жасалады. Қарабас шөп кермек дәмді, усыз болады.
Ем болатын аурулары
1. Көз қарауытып, бас айналғанда, 60 г қарабас шөпті 15 г науатқа қосып, қайнаған суға бұқтырады. Әбден бұғып болған соң, тамақтың артынан ішеді.
2. Қызылшаның алдына алу үшін 60 г қарабас шөпті суға қайнатып, күніне бір реттен үш күн бойы ішеді.
3. Тұйықсыз баспаға 60 - 90 г қарабас шөпті суға қайнатып ішеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz