Қазақстанда жерге орналастыру және жер кадастрының әдістемелік ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
1. ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕР
КАДАСТРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезде жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу тікелей жер реформасын жүргізу мен және мемлекет нарықтық қатынасқа түсумен байланысты.
Қазақстан Республикасында Жер заңында жер тиімді және рациональды пайдалануға оны қиратушы апарат әрекеттерін қорғауға көп мән беріледі. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызы артады. Жерге орналастыру қызметі органдары жерді ведомствалық басқарудың ішінде ерекше орын алады. Олар жер қорын жалпы басқарудың функциясын жүзеге асырады. Жерге орналастыруға жерді экономикалық, құқықтық және биологиялық қорғау жер пайдалану мен қорғауға күнделікті бақылау және бағалау бас табиғи ресурс ретінде, қайта өнделу жүктелген. Жерге орналастырудың тұрақты міндеттері болып мыналар табылады.
Жерге орналастыру есепке алу және бағалау, салалар арасында жерді бөліп беру, мемлекет масштабында шаруашылық жүргізудің өлшемдері мен оптимальды формаларын құру.
Жерге орналастырудың барлық шараларын мазмұны мен нәтижесіне қарай 2 бөлуге болады:
- жерге орналастыру, есепке алу мен бағалау негізінде олардың халық шаруашылығында пайдалануын бақылау
- жерге орналастырудың қазіргі формасына бейімделу және жаңа формасын құру
Жерге орналастырудың мақсаты. Жерге орнатылған тәртіптерді ойдағыдай орындап ауыл шаруашылық бірлестіктерінде белгіленген тапсырманы орындауы, аз шығындар жұмсап, көп өнім алу. Уақыт пен өнімді жеткізу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін шешу.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары ауыспалы егістіктерді орналастыру мен енгізілуде үлкен тәжірибе жинақталған. Ауыспалы егіс енгізіп және түрақталған шаруашылықтарда дәнді дақылдар өнімділігі 3-4 ц жоғары, ал ауа-райы қолайсыз болған жылдары - едәуір жоғары, ауыспалы егіс енгізілмеген шаруашылықтарға қарағанда.
Ауыспалы егіс жүйесін жобалауда оның түрін, егістік санын, массивтегі егістік өлшемін, аумақтағы орналасуын, дақылдардың ауысып келу ретін және сүрді(пар) анықтайды.
Ауыспалы егістік жүйесі егіншіліктің ең басты жүйесі болып табылады. Ол бір - біріне байланысты келесі мәселелерді орындайды: топырақты өңдеу, тыңайтқыш, тұқым өсіру, орман жолақтарын орналастыру, жерді мелиорациалау (суармалы жерді алдыңғы қатарда) және тағы басқа.
Жерге орналастырудың негізгі мақсаты, шешімі әр алапты тиімді толық пайдалану, сондай-ақ еңбекті ұйымдастыру, машина, трактор алаңдарын тиімді пайдаланып уақыт пен ресурстарды үнемдеу. Жерге орналастыруды ұйымдастыруда келесі мәселелер қарастырылады:
- топырақты құнарландырып, оның құнарлылығын жоғарылату;
- топырақты эрозиядан қорғап, обезличканы жою;
- жаңа дәнді дақылдың ландшафтын құрып, бұрынғыларын әрі қарай сақтап, еңбектің жағдайын жақсарту;
Жоба бір немесе бірнеше варианттардан тұрады. Варианттардың
анализі келесі көрсеткіштер бойынша жасалады:
- технико - экономикалық көрсеткіштер;
- экономикалық көрсеткіштер:
а) бір уақытты шығындар: мысалы, шаруашылық орталығын құру, жолдар салу, трансформациялау;
б) жыл сайынғы шығындар: транспорттық, эксплуатациялық, амортизациялық шығын;
в) келтірілген шығын: жалпы пайданың өсуі мен төмендеуі кіреді.
Қазіргі кезеңде облыс орталықтарында жобалау институттарының жергілікті бөлімдері жерге орналастыру экспедициялары жұмыс істейді және әрбір аудан орталықтарында жерге орналастыру қызметін атқаратын мамандар мекемесі қолға алған. Олардың негізгі қызметіне мына жұмыстар кіреді:
- бұрыннан жұмыс істеп жатқан және жаңадан құрылған кәсіпорынның жерді иелену мәселесін дұрыс шешу, олардың шекарасын дұрыс белгілеп беру;
- шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру мәселелерін шешу мұндағы ауыспалы егістіктің, шабындық пен жайылымның ұтымды пайдалану және олардың топырағының тозбауын жоспарлау;
- ауыл шаруашылық және басқа саланың мұқтажына жарамды жерлерді іздестіру;
- жерді бөліп беру.
- қалалар мен ауыл мекенінің шекарасын белгілеп, оны түзетіп отыру және тағы басқа.
Жерге орнаналастыруда ең басты роль атқаратын мәселе шаруашылықтың мамандандырылғаны. Ауыл шаруашылығын орналастыру мамандандырумен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығын мамандандыру дегеніміз - ауыл шаруашылық өндірістік бағытын анықтап және оның тиімді дамуына қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Өндірісті мамандандыру қоғамдық еңбек бөлісінің бір түрі. Белгілі бір өнім өндіруге мамандануы. Ол еңбек өнімділіктің. Тиімділікті арттыруға жағдай жасайды.
Жерге орналастыруды жүргізгенде табиғи фактордың әсерін тоқтатуға және өзгертуге болады. Алаптардың шын құрылысынан жобалық құрылысқа көшу, оларды трансформациялау арқылы жүргізіледі.
Трансформация - ол алаптардың түрін өзгерту, яғни бір түрден екінші түрге өзгертуін айтамыз. Трансформация жасау арқылы жер учаскесінің орны анықталады, екінші жағынан алаптардың құрамы мен тобын анықтау үшін жер учаскесінің өндірісте пайдалануын өзгертеді. Ауыл шаруашылық алаптарының жобалық құрылысы және олардың орналасуы бұл алаптардың трансформациясын жақсарту және қорғау жобалық шаралардың ақырғы қорытындысы. Трансформациядан кейін ауыл шаруашылық алаптардың ауданы, көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылық емес алаптардың ауданы азаяды.
Сонымен қатар жыртылған жер, құнды көшеттердің, мал азық алаптардың меншікті салмағы көтеріледі. Сонымен маңызды қорытындысы танаптарды рационалды орналастыру, тұтастықтың конфигурациясын жақсарту болып табылады.
Жер қашанда халықтың өмір сүру, тіршілік негізі болуымен қатар, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы, әлеуметтік - экономикалық дамудың аумақтық базисі болып табылады. Жер ресурстарының ерекшелігінен де, еліміздің мемлекеттік саясатында бұл басты мәселе болып қала бермек.
Қазақстан Республикасының жер қорының көлемі 272, 5 млн гектарды құрайды. Жер қорының 34 % ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына және 43, 9 % арнайы жер қорына кіреді.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы алқаптырының жағдайы бүгінде өте күрделі күйінде қалып отыр. Сондай-ақ әр түрлі топырақ және өсімдік қабатымен сипатталады. Тәуелсіздік жылдары қабылданған заңдарға сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптары жағдайының сапасына үш рет тексеру жүргізілді.
Ең күрделі қиын міндет, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын құрғанда орман қорғау қасиеттер жүйесін жасау. Сондай жүйе топырақтарды су және жел эрозиясынан қорғау кешендік шаралар мәні болып табылады.
Алаптарды ұйымдастырудың негізгі талаптары:
- табиғи ұйымдардың негізгі талаптарын сақтау;
- эрозия процестерін тоқтату, ландшафтты жақсарту;
- мамандандыру салаларын орналастыру;
- мал шаруашылығына мал азығын дайындау;
- минимум транспорттық шығындар және өнімді шығынсыз сақтау;
- минимум күрделі қаржыны жұмсау.
Жерге орналастыру жоғарыда аталған тапсырмаларды бір-бірінен ұзақтылығымен оларды құру әдістерімен ерекшеленетін түрлі жобалар, схемалар, болжамдарды құру жолымен шешіледі.
Қазақстан Республикасында барлық жерге орналастыру жұмыстары МҒӨО жүйесінде жерге орналастыру бойынша мемлекеттік жобалау инститтутарымен жүргізіледі. Сондай-ақ стационарлы жерге орналастыру қызметімен жүргізіледі.
Жерге ораналастыру қызметі аудан, қала, облыстардың бас маманының басқаруымен жер ресурстарын басқару комитеті жүйесімен құрылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кіреді. Бұл органдар біздің мемелекетімізде жер ресурстарын басқарудың негізгі органдары болып табылады.
Біздің республикамыздың табиғи және экономикалық аймақтары әр түрлі, бір - бірінен климаты арқылы ерекшеленеді. Әр түрлі табиғи- экономикалық аймақтарда жерді пайдалану бірдей емес. Жерге орналастыру жобалары мелиорация, орман шаруашылығы және тағы басқа облыстық, республикалық жер қорларын басқаруда мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қолдану тек ауыл шаруашылығы жерінің өнімділігін арттырып қана қоймай, оның сақталуын, қорғауын жер қорларының категориялары бойынша бөлгенде экономикалық қорғауға септігін тигізеді.
Жерді есепке алу жер ресурстары мен жағдайымен шаруашылық қолданатын жүйелерді және мәліметтерді талдау сияқты мемлекеттік шаруашылықтарды құрайды. Жерді есепке алудың негізгі мәселесі, қабылдаған жер классификациясы арқылы жер қорының құрамы мен түрлеріне мінездеме беру.
Жер есебі де жер кадастырының құрамдас бөлігі, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып табылады. Оны жүргізу әдістерінің өзгешелігі, жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретінде объект ерекшеліктеріне байланысты.
Жер есебі жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында мемлекеттік шара ретінде жүргізіледі. Сондықтан мемлекет оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін анықтайды. Ол - жер есебі ақпараттарының мазмұны мен оны алу әдістерін есепке алу және есеп беру құжаттарының формалары мен мазмұндарын, есеп беруді таныстыру мерзімдерін, есеп алуды жүзеге асыратын органдарды белгілейді. Қазақстан Республикасының жер қоры - мемлекеттік есепке алу объектісі болады. Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы - картографиялық материалдар негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойынша жүргізіледі.
Жерді есепке алуды дұрыс жүргізудің негізгі шарты - оны өз уақытында және тоқтаусыз жүргізу, мәліметтерді нақты және жеткілікті толық алу, сандық және сапалық өзгерістерді жүйелі түрде есепке алу, мәліметтерді тек қана текстік құжаттарда ғана белгілеп қоймастан жоспарлы - картографиялық негізінде міндетті түрде кескіндеу, ақпараттарды және компьютерлік технологияларды пайдалану мен магниттік тасымалдаушыларда есепті дұрыс жүргізе білу және жаңа бағдарламаларды ойлап табу мен оны пайдалану, мәліметтерді қазіргі уақыт деңгейінде ұстап тұру, мәліметтерді алу және өңдеуде аз қаражатты қамтамасыз ететін әдістер мен технологиялық құралдарды қолдану.
Негізгі есепке алу міндеттеріне мыналар жатады:
- есептелінетін территориядағы бүкіл жоспарлы материалдарды алу, жүйелеу және талдау;
- жоспарлы материалдар мен жер есебі мәліметтерінің қажетті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсірім бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу;
- барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта бөлінетін жерін, сапалық жағдайын, өлшемін анықтау;
- арнайы жер есебі жоспарлы материалдарын дайындау және жер - есебі тексттік құжаттарына алғашқы мәліметтерді енгізу;
- жер қорының жер категориялары, жер пайдаланушылар, алқаптар бойынша құрамы мен үлестірілуін және олардың әкімшілік тұтастығы (аудан, облыс) бойынша сапалық сипаттамаларын анықтап жатады.
Заңды және жеке тұлғалар жерлерінің құрамында болған
өзгерістер туралы есеп түрлері - негізгі жерлерді мемлекеттік есепке алу құжаттарының бірі болып саналады және ол нақтылы жер алқаптары мен олардың жағдайына міндетті түрде сәйкес болуы қажет.
2. ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖӘНЕ
ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙЛАРЫ (жобаның сипаттамасы)
„Байқадам” өндірістік кооперативі мал шаруашылығын кеңейту негізінде 1970 жылы көкөніс, сүт шаруашылығы болып қайта құрылды. 1989 жылы Сарысу ауданында өткен ішкі шаруашылық жерге орналастырудан кейін өндірістік кооперативтің жер пайдалану көлемі жайылым есебінен өсіп, ол төрт тұрақты жер пайдалану учаскесінен (негізгі, Қамыс - бұлақ, Бетпақ дала, Шу өзенінің төменгі саласы) және екі ұзақ мерзімге пайдалану учаскесінен (Кіші Қарашат және Мойынқұм құмдары) тұрады. Бұл негізі өндірістік кооперативтің көкөніс - сүт шаруашылығынан қаракөл мал шаруашылығына ауысу өндірістік бағытына байланысты. Қосымша және жанама салаларда - сүтті ірі қара мал, асыл тұқамды түйе шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы.
Өндірістік кооперативтің орталық мекені „Байқадам” ауылында орналасқан. Шаруашылық аумағында екі елді мекен орналасқан, ол „Жаңаталап” ауылы (148 үй) және „Жарқұдық” ауылы (12 үй) .
„Байқадам” ауылы облыс орталығы Тараз қаласынан 165 км қашықтықта орналасқан, жақын орналасқан темір жол станциясы Жаңатас қаласында 22 км. Елді мекендермен байланыс (Жарқұдық ауылын қоспағанда) асфальтті жолдармен жүзеге асырылады. Жарқұдық ауылы Байқадам ауылынан далалық жолмен қатынасады.
Ауыл шаруашылық өнімдерін негізгі өткізу пункттері болып: Тараз қаласы (ет, тері), Шымкент қаласы (елтірі), Жаңатас қаласы (сүт, көкөніс, бақша) .
Байқадам өндірістік кооперативінің перспективалық негізгі міндеті болып сүт, ет, тері, қаракөл елтірісі өндірісі көлемін ұлғайту, түйе өсірудің отарлық түрін енгізу, аудан тұрғындарына көкөніс және бақша өнімдерін өсіру.
Климаты
Шаруашылық территориясы негізінен шөлейтті даланың өте құрғақ зонасында орналасқан және Байқадам метеостанциясынан мәліметтеледі.
Климатының негізгі көрсеткіші болып ауа құрғақшылығы, жауын-шашынның аз түсуі, ауа-райының жылдам құбылуы.
Ауа температурасының жиынтығы (+10°С жоғары) вегетациялық кезеңде 3600-3800°С.
Сәуір айының 2 немесе 3 онкүндігінде көктемгі аяз аяқталады, ал күзгі аяз қазан айының бірінші онкүндігіннен басталады. Аязсыз кезең орта есеппен 170 күндей болады.
Жауын-шашынның орта есеппен түсуі 198 мм, алоның 56%(110мм) негізінен вегетация кезеңінде түседі. Ал жауын- шашынның ең аз түсетін уақыты жаздың соңы мен күздің басы. Орта есеппен жылына су буынның ауадағы ылғалдылық мөлшері 30% құрайтын күн 166.
Қар жамылғысының тегіс емес және қалың еместігімен мінезделеді. Қар жамылғысы желтоқсан айының екінші онкүндігінде түсіп 65-70 күндей жатады. Қар жамылғысының тұрақсыз биіктігі байқалады.
Желдің тұрақсыз болуынан құрғақшылық болуы жиі байқалады. Шаруашылық аумағында негізінен болат желдің бағыты шығыстан. Желдің орташа жылдамдығы 2. 9-3. 2 м/с . Қатты тұратын жел 15-32 күн аралығында.
Табиғи жағдайына байланысты шаруашылықтың егіншілік жағдайы суғарудан тұрады. Негізінен дәнді дақылдар, көкөніс, бақша, (жем шөптік) мал азықтық дақылдар. Ал тәлімді жерлерде жаздық арпа сортының құрғақшылықа төзімді өнімін береді. Топырақ жағдайының және жауын- шашынның аз түсуінен көп жылдық шөп күйіп кетеді.
Негізіннен аумақ ауыспалы жайылымға, қой, ат, түйе ұстауға өте тиімді. Жайылым уақыты 350 күнге жетеді, бұл жыл бойы ұстауға және қысқы кезеңде малды қосымша ірі және балауса, шырынды мал азығымен қоректендіруге болады.
Релефі
Негізі жер пайдаланушылығын келесі геоморфологиялық аудандарға бөлуге болады.
- таулы
- тау бөктері және жартылай қыратты
- әлсіз қыратты (толқынды) және жазық
Таулы аймақ негізі жер пайдаланушылықтың оңтүстік аймағын-
ың Қаратау қыраттарында орналасқан. Бұл аймақ көп бөлшектелген және көп суайрықтардан тұратын тамырлы дақылды жерде орналасқан. Бұл сайлар мен жырлар, көпке бөлшектеліп, шаруашылықтың оңтүстік жағынан солтүстік- батыс бағытына қарай ағып жатқан Шабақты өзеніне қарай бағытталған. Бұл жыра, сайлар су эрозиясының әртүрлі дәрежесіне алып келеді және еңістіктігі 3 о -тен 7°-қа дейін .
Таулы бөлігі тау бөктерімен қыратты жазыққа өтеді, қыраттар мен еңістіктер әртүрлі еңістікте, негізінен 2 о -3°.
Бұл аймақ көбінесе жайылымдыққа пайдаланылады . Орталық және солтүстік бөлігін әлсіз қыратты жазық орналасқан. Жалпы еңістігі оңтүстіктен солтүстік батысқа қарай, еңістігі 1°-қа дейін. Шаруашылықта бұл аймақ жыртылған жер мен жайылымда орналасқан.
1- кесте Жоба жасау кезіндегі ауыл шаруашылық алаптарының сипаттамасы
Ауыл шаруашылық
өнімінің түрлері
Ауданы
Га.
Жыртылған жер
Көп жылдық отырғызулар
Жайылым
2916
18
20799. 7
2916
18
10049, 7
-
-
9850
-
-
900
-
-
-
5°-тан асатын жерлерде эрозияға қарсы қолданылатын шараларды ескере кеткен жөн.
Топырағы
Шаруашылық аумағында одақ бойынша келісілген, келесі категорияларға бөлінген:
А - жыртылуға арналған жерлер
Б - шабындыққа арналған жерлер
В - жайылым жерлер
Г - мелиоративтік қор жері
Осы категориялардың бәрі өз алдына класс пен кластарға бөлінеді:
Жыртылуға арналған жер (А - категория ) негізгі участоктың 40% (1839 га) құрайды. Бұл жерлер учаскенің орталығында орналасқан, жеңіл механикалық құрамды әлсіз тастақталған ашық сұр топырақты жер (осы категорияның 84% құрайды) дефляцияға өте бейім және шаруашылықта көктемгі - күзгі жайылымға қолданылады. Бір бөлігі (1820 га) жырталған жер, ол тәлімді егістікке қолданылады. Осы категориядағы қалған егістік жер (724 га) қашыртқы құбырларының дұрыс салынбағандығынан ол жерлер тұзданудың және сорланудың әр түріне алып келуде. Негізінен шалғынды сұр топырақтарда және саздауыт сүр- шалғынды топырақтарда (IV-8) . Осы категориядағы жердің кішкене бөлігі (2%) әлсіз шайылған, сондықтан ол жер жайылым ретінде қолданылады.
Шалғынды сүр топырақты және ашық сүр топырақты жерлерде жыртылған жерлердің басым бөлігі қалыптасқан. Шалғынды сұр топырақтар тегіс және әлсіз толқынды жерлерде қалыптасқан, негізінен ол жерлер жыртылып, суармалы егіншілікке қолданылады.
Қарашірік қабатының тереңдігі 46-64 см, жырту тереңдігі 24-36 см
шалғынды сүр топырақтардың табиғи құнары аз өнім беруімен мінезделеді. Жыртылу тереңдігі, қара шіріктің құрамы 0. 6-0. 8% құрайды. әртүрлі дақылдарға фосфордың сіңімділігі - өте төменнен орташаға дейін, ал дәнді дақылдарға калийдің сіңімділігі - орташадан жоғарыға дейін, көкөністерге - өте төменнен төменге дейін.
Жер асты суы 3-6 м. тереңдікте. Шалғынды сұр топырақты жердің кей жерінде сорланбаған және әртүрлі дәрежеде сорланған топырақтар кездеседі. Олар әлсізден өте қатты тұздалған . тұзданудың дәрежесіне қарай суғарып шаю тәртібін ұсынған дұрыс немесе коллекторлы- кәрісті құбырларды қолданып 2-10 мың м/га сумен шаю керек.
Ашық сұр топырақ қиыршық тасты саздауыт топырақтан түзелген, сондықтан суды өте сіңіргіш. Бірақ бұл топырақ тасты және қиыршық тасты болып келгендіктен, өсімдік тамырларының жайылатын қатып қалуына және жылдам кеуіп кетуіну әкеп соғады.
Қарашірік қабаты 50-60 см, жырту тереңдігі 20-31 см. Бұл топырақ қарашірікке өте тапшы (0. 7-0. 8%), және де фосфор, азотпен толық қамтамасыз етілмеген. Ал калиимен жақсы қамтамасыз етілген. Топырақтың механикалық құрамы жеңіл және орташа саздауытты, дефляцияға бейім. Ащық сүр топырақты жердің кей жерлерінде тұздалған, сортаңдау және сортаң топырақтар көрінеді.
Бұл топырақ түрі арпа егуге өте қолайлы. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін, агротехникалық жұмыстар жүргізу керек.
Негізгі участоктың 41% В - категориясына жатады, соның бір бөлігі
(IX-19) ашық сұр әлсіз тастақталған, әлсіз тұздалған қатты сортаң топырақ, сонымен қатар әлсіз тастақталған сұр құба топырақ, бұл жер Шабақты өзенінің маңында орналасқан. Табиғи жағдайда төмен өнімді жайылым қатарында. Осы категорияның (5272 га) бір бөлігі участоктың оңтүстік жағында ашық сүр қатты тастақталған, сонымен толық түзелмеген сүр топырақты жерде орналасқан, сондықтан ұсақ мал жаятын жазғы жайылым ретінде қолданылады.
Негізгі участоктың 19% аумағын мелиоративтік қор жері алып жатыр, және шалғынды қатты тұздалып сорланған, орташа саздауыт сұр топырақты ( XIII-27) жер алып жатыр. Осы категорияның үлкен бөлігі шаруашылықтың солтүстік бөлігінде орналасқан, негізінен мал және түйе жайатын қысқы жайылым ретінде қолданылады.
В, Г категориясының бір бөлігі суғару желілерінің жақсартуынан кейін, суармалы (192 га) немесе тәлімді егіншілікте қолданылуда.
2- кесте Категориялар бойынша жерді бөлу
А -II - 10
А - IV - 8
А - IV - 10
Категория А
В - IX - 19
В - XI - 23
Категория В
13167
3727
300
7134
3439
272
3719
1820
724
2544
192
4
18
18
11060
2900
300
14260
3000
170
3170
287
85
372
247
102
549
66
184, 65
971, 65
Категория Г
(XIII - 27)
Басқа жерлер
Шаруашылық бойынша
3435, 7
184, 65
24665, 35
180
2916
3369, 7
20799, 7
Өсімдік жамылғысы
Шаруашылық аумағында өсімдік бүркемесі табиғи - климаттық
ерекшеліктерге байланысты. Негізгі учаскенің сұр топырақты жайылымда ақ жусан, күйреуік жусаны, баялыш, теріскен және қарашан жусаны кең тараған, жайылымдардың ішіндегі ең кең тараған көп жылдық бұта тектес ақжусан. Топырақтың жобалық жамылғысы 45 - 60%. Құрғақ салмақтағы өнімділік 2, 4 - 3, 4 ц/га. Барлық малдар үшін ұсынылатын жайылым кезеңі көктем, жаз, күз мезгілі.
Соңғы жылдары негізгі учаскенің солтүстік бөлігінде су тәртібінің бұзылуы байқала бастады, бұл Талас өзенінің ағысын өзгертумен және сол аумақтың құрғақшылығымен байланысты. Ертеректе бұл аумақта бұтақты қараңқай және шалғын басым болса, ал енді жыңғыл дәнді, құрақ - эфемерлі, құрақ - тұзды, сораң шөпті, тікен шөпті және жантақ өсімдіктері басым. Мұндағы жайылымның өнімділігі 3 - 5 ц/га-дан аспайды.
Шаруашылық учаскесінде үнемі мал бағу сораң шөптен кейін эфемерлі астық тұқымдас өсімдікке ауысады. Саудакент және Жаңаталап елді мекендерінің маңында құдық пен қыстау өте ауыр. Бұл шаруашылық түрлендірудің әр түрлі дәрежеде бұзылған және мал азығына жарамайтын, адыраспан, есекмия, жатаған, кекіре сияқы улы өсімдіктердің пайда болуына әкеп соқтырады.
Бұл 2 учаскеде ауыспалы жайылым енгізу қажет, ластанған жайлымдарда улы өсімдіктердің тұқым шашпас бұрын, таралуын тоқтату керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz