Шығыс Қазақстан облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен туристік іс - шаралар


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында экономикалық даму кезеңі жүріп жатқандықтан, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында, соның ішінде туристік іс - әрекет пен туристік аймақтардың қалыптасуы қарқынды дамуда. Туристік аймақтар ішінде өзінің ерекше әсем табиғатымен, бай тарихымен, мәдениетімен көзге түсетіні - Шығыс Қазақстан облысы. Оның бірнеше себептері бар, мысалы: облыстың географиялық орны, табиғи жағдайы, жер бедері мен климаты, әлеуметтік және экономикалық дамуы, тарихи -мәдени, өнер ескерткіштерінің көп шоғырлануы.

Осы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Шығыс Қазақстанның туристік іс - әрекетінің қазіргі жағдайын, оның дамуының ерекшеліктері, мәселелері мен олардың шешу жолдарын қарастыру. Осы аймақты таңдау себебім, бұл біріншіден төрт мемлекеттің (Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолия) тектескен жерде орналасуы, екіншіден, осындай туристік әлеуетін қолдана отырып, туристік іс - әрекетті халық шаруашылығының ең көп пайда әкелетін саласына айналдыру жолдарын іздеу. Өйткені, қазіргі экономикада туризм ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Ғалымдардың зерттеуінше, 2015 жылға дейін туристік сала мұнай мен жоғарғы технологиялармен қоса ең пайдалы салаға айналады. Бұл өсім негізінен жаңа туристік аймақтардың есебінен жүреді, өйткені туристік нарықтың дәстүрлі орталықтары өздерінің рекреациялық сыйымдылық шегіне жеткен.

Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі туристердің барлық сұраныстарын қанағаттандыра алатын, ерекше туристік әлеуетін бар орталыққа айналу мүмкіндігі өте жоғары аймақ болып табылады. Өйткені облыстың басқа аймақтардан бірнеше артықшылықтары бар. Олар:

  1. Аймақтың ерекше геосаяси орналасуы;
  2. Экономика салаларының дамуы;

3) Қазіргі туризмнің аз қоныстанған және ерекше салт - дәстүрлері бар
халықтар тұратын жерлерге ауысу тенденциясы;

4) Тарихи - мәдени ескертіштердің ерекшеліктері;

5) Қажылық ретінде қолданылатын мұсылмандық - христиандық және
буддистік ескерткіштердің болуы;

  1. Ерекше тарихи және бүкіл түркі халықтарының шығу жері Алтайтауларының ерекше тарихы мен табиғаты;
  2. Флора мен фаунаның климаттық және туристік зоналардың, табиғиландшафттардың әртүрлігі;

8) Мұражайлардың, мәдени - көңіл көтеру орындардың, фольклорлық -
этнографиялық және ансамбльдық жүйелердің болуы;

9) Бос еңбек ресурстарының болуы;

Өйткені, туристік саланың қазіргі кездегі қалпын біле отырып, болашақта жаңа өзгертулер мен дамуды тездететін бағдарламаларды іске асыру жолдарын табу маңызды болып табылады.

Қазіргі кезде облыста туризмді алып қарасақ, туристік кәсіпорындар
негізнен шығу туризміне бағдарланған, ал жергілікті ресурстарға сүйенетін ішкі
туризм саласы дамуы тежеліп отыр.

Сондықтан осы жұмыстың зерттеу мақсаты: Облыстың туристік - рекреациялық әлеуетін аша отырып, туризмнің даму алғышарттарының теориялық жағын қарастыруға әрекет жасау. Ал тәжірибелік жағына келсек, облыстың туристік бағдарламалардың әсерлерін көрсету.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып, Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін анықтау, яғни туристік - рекреациялық ресурстарына сипаттама беру, жүргізіліп жатқан туристік іс - шараларға талдау жасау және туризмнің дамуына әсер ететін позитивті және негативті факторларын зерттеу, сонымен қатар облыстың негізгі мәселелері мен туристік индустрияны дамытуға арналған бағдарламаны талдау болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты орындалуы үшін келесі міндеттер алға қойылған:

  • Облыстың туристік әлеуетін көрсету;
  • Осы әлеуетін нақты қолданылуына талдау жасау;
  • Туристік кәсіпорындардың жұмысына талдау жасау;
  • Туризм даму мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсету;

Дипломдық жұмысты дайындау барысында, мен келесідей әдістемелерді қолдандым: тақырыптық ақпарат көздерін зерттеу (әдеби ақпарат көздері, ғылыми мақалалар, уақыттық баспалар, энциклопедиялар, туризмді дамыту бағдарламасы), алынған ақпаратты талдау мен синтездеу және туристік кәсіпорындардың жұмысымен танысу.

1-тарау. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ

РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА

1. 1 Табиғи - рекреациялық ресурстар

Шығыс Қазақстан облысы көлемі бойынша ең кіші аудан. Қазақстан
территориясының 10% үлесін ғана алып жатыр. Шығыс Қазақстан екі облыстан - Шығыс Қазақстан және Семей облыстарынан тұрады. Жер көлемі - 277 мың шаршы шақырым, халқы 1772 мың адам. Оның үлесіне республика территориясының 10 %-і, халқының 12% - і ғана келгенімен, бүкіл өнеркәсіп өнімнің 28 %- тен астамын шығарады.

Шығыс Қазақстан облысының географиялық орны өте қолайлы. Ол Алтай тауы және Сарыарқаның шығыс бөлігін қамти отырып, Ертістің жоғарғы алабында орналасқан. Оның аумағына төбелі жазықтар мен аласа таулар, биік таулар және ірі тауаралық, қазаншұңқырлар мен аңғарлар енеді.

Шығыс Қазақстанның көп бөлігін Сарыарқаның шығыс жағы алып жатыр. Ұсақ шоқылы таулар тар, көбінесе шатқал тәрізді болып келетін өзен аңғарлары тілімденіп, өте әдемі түрге ие болған. Көптеген тау төбелер мен жартастар айрықша таңғажайып пішіндерімен көзтартады. Оңтүстік бөлігін - Шығыс тауы 1305 м биіктікте, оңтүстік - шығысында Тарбағатай жотасы, солтүстік -шығысында Қалба жотасы, биіктігі 1600 м, Солтүстігін Ертіс маңы жазығы, оңтүстігін Алакөлдің және Сасықкөлдің қазаншұңқырлары алып жатыр.

Ауданның оңтүстігі мен шығысы Қазақстанның мемлекеттік шекарасы бойымен созылып Жоңғар Алатауы, Сауыр - Тарбағатай мен Алтайдың биік тау жоталарына барып тіреледі. Шыңдарының көпшілігі мәңгі қар мен мұздықтар жамылған. [1. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы І - том. 2001 - 98 б. ]

Алтайдың ең биік шыңы - Мұзтау. Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзені аңғарыңда жылына 1500 мм жауын - шашын түседі. Бұл еліміздің ең жоғарғы көрсеткіші. Таулардан бастау алған көптеген өзендер мен тау етегіндегі құнарлы жазықтар мен ірі тауаралық қазаншұңқырларды суландырады.

Шығыс Қазақстанның басты су күретамыры - Ертіс. Аудан аумағындағы ірі көлдер Зайсан, Алакөл, Марқакөл. Зайсан көлінде Бұқтырма СЭС - ң салынуына байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.

Оңтүстік Алтайдың Нарын, Самырсақты, Тарбағатай, Күршім, Оңтүстік Алтай, Азутау сияқты жоталары 3000 метрден асады. Алтай тауының ұзындығы батыстан - шығысқа қарай 2000 км созылып жатыр. Оңтүстігіндегі табиғи шекарасы қара Ертіс өзенімен Зайсан, батыстан оңтүстік - шығысқа қарай Батыс Сібірден Гоби жазығына дейін, ал батыс бөлігі Сарыарқаның Қолба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік - шығыста Шығыс Азияның Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.

Алтай тауы, солтүстік батысында Батыс Сібір жазығынан, оңтүстік - шығысында Гоби шөліне дейін аралықта жатқан ірі тау жүйесі. Алтай таулы өлкесінің Қазақстанға оңтүстік - батыс бөлігі ғана кіреді. Алтай тауы түркі, монғол тілдерінде "алтан" - "алтын" деген мағынаны білдіреді. Алтай тауын Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай немесе Кенді Алтай және Қалба деп үшке бөлуге болады. Ең биік шыңы - Мұзтау 4506 м. [2. Атлас Казахстана. - Алматы: 2003 - 36 б. ]

Қытай Халық Республикасындағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөлдің қазаншұңқырын қосып жатқан аңғарлық ойыс, табиғи өткел бар, оны Жоңғар қақпасы дейді. Жоңғар қақпасының абсолюттік биіктігі 300 - 400 м, ені 10 км шамасында. Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстанды Батыс Қытаймен жалғастыратын "Достық" темір жолы салынып, пайдалануға берілді. Таудың солтүстік беткейі көлбеу, кей жерлерінде беткейлердің төбесі тегіс, сатылы болып келеді. Ең биік жері - Бесбақан шыңы 4463 м. Солтүстік жотаның тау құрамында Тастау, Сарқантау, Тасқантау, Мыңщұңқыр жоталары бар.

Жоңғар Алатауы палеозой эрасында пайда болған гнейс, кристалды тақтатас, құмтас, мәрмәр жыныстарынан, биік жерлері каледон граниттерінен түзілген. Жоңғар Алатауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, вольфрам және молибден рудалары бар. [1. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы І - том. 2001 - 101 б. ]

Жер бедері мен климатының, топырақ - өсімдік зоналарының барынша алуан түрлілігі бұл ауданның табиғатына ерекше, кайталанбас әсемдік береді. Кең алқапты жерледің табиғи климаттық жағдайлары сияқты, топырақ жамылғысы да әртүрлі. Ол таулы жерлер топырағы, таулы жазықтар, биік таулы және ұсақ шоқылы мен толқынды жазықты болып келеді. Атмосферадын түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы. Облыс терістігіндегі біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды - дала зонашасы алып жатыр, негізінен, шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ кездеседі. Бұл зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты дала зонашасы жатыр.

Шөлді дала зонасы солтүстігінде құрғақ далалы аймақ пен оңтүстүгінде шөлді аймақтың аралығында жатыр. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, ашық қара - қоңыр болып келеді, топырақтың көбісі кебірленген. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақытта жақсы. Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп тұрақты өнім алу тек суармалы жағдайда мүмкін. Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырағында калыратын қалдықтары да мардымсыз. Топырақ кұнарлылығы аз болғандықтан суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. [2. Атлас Казахстана. - Алматы: 2003 - 38 б. ]

Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориясындағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалданудың орташа мөлшері 250 - 360 мм. Топырақ түсі де өзгеріп, біршеше зонашаға бөледі. Бұл аймақта таулардың топырақ климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Ылғал жақсы түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен қара - қоңыр топырақ пен қара топырақ. Жайылымы да жақсы. Аймақ таулы жыралы болғандықтан, жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан көп жері табиғи мал жайылымы, шабындық ретінде де пайдаланылады. Бұл аймақта суарылатын және суарылмайтын жеміс ағаштары, бұталар өседі. Орташа таулардағы шалғынды орман зонасы аласа таулы зонасынан жоғары жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850 - 900 мм. Топырағы - құнарлы, қара топырақ пен күңгірт қара түсті. Жер негізінен жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы.

Биік таулы - шалғынды және шалғынды дала зона биік таулы аймақтарды алып жатыр. Топырақтары - биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды және шалғынды далалы топырақтар. Алтайдың таулы аймағында таулы тундра топырағы кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе уақ малдың жазғы жайлауы ретінде пайдаланылады. [3. Румянцева Н. В. Проблемы развития экотуризма // Возможности развития туризма Сибирьского региона и сопредельных территорий // Үшінші халықаралық ғылыми - оқу - тәжірибелік конференция материалдары. Томск: 2001 С: 72 - 74]

Климаты. Шығыс Қазақстан обылысының көп бөлігін тау алып жатқандықтан Монғолиядан келетін суық ішке ене алмайды. Ең басты өзендері мен көлдері: Ертіс, Марқакөл, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Таулы бөлігінде шағын тұщы су көлдер көп кездеседі. Ертіс өзенінде Бұқтырма бөгені салынған. Нарын мен Бұқтырманың тау беткейлерінен басталатын салаларының энергетика маңызы зор. Тау бөктерінде бұлақтар да көп. Бұл аудан суға өте бай.

Шығыс Қазақстан өзендері өте тығыз орналасқан. Таулары өте қатты тілімденген. Таулы өзендер 70 - тен астам, ал сарқырамалар 3500 - дей үлкенді, кішілі көлдер бар. Суы тұщы, минералды 0, 07 пайыз құрамында йод, фтор, бром тағы басқалары бар. Балыққа өте бай (сазан, табан, хариус, майқан, қара балық) түрлері кездеседі. Өзеннің бастауында андатра кездеседі.

Территориясының оңтүстік - шығысынан, солтүстік - батысына қарай Қазақстанның аса ірі су магистралы және энергияның қуатты көзі - Ертіс өзені ағып өтеді. Ертіс арқылы өтетін Семей - Барнаул жолы еліміздің батыс және шығыс - Сібір, оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия республикасына шығуға мүмкіндік береді. [1. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы І - том. 2001 - 101 б. ]

Сонымен қатар, Алтай тауының климаты тым континентті. Оңтүстік-шығысқа қарай континенттігі арта түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің климаты ылғалдылау келеді. Батысындағы Ертістің оң салалары - Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Уба өзендерінің суы мол, ағыны қатты келеді.

Алтай тауына батыстан және оңтүстік - батыстан соққан желдер ылғал алып келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм-ге дейін жауын - шашын жауады. Тауға биіктеген сайын жауын - шашын мөлшері көбірек түседі. Үлбі өзені бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауады. Тау етегінде жауын - шашын мөлшері 250 - З00 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20 - 30 см, ал тауға биіктеген сайын 2 метрге дейін қалыңдайды.

Алтайдың Шығыс жеріндегі бөлігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс және оның салалары: Бұқтырма, Үлбі, Күршім, Нарын. Өзендері мұздық және қар суымен, жер асты, жауын - шашын суымен қоректенеді. Өзендерінің суы мол, ағысы қатты. Қара Ертіс өз бастауын Монғолия жерінен алады да, Алтай тауын қақ жарып, Қазақстан жерінде ағыны қатты тау өзенінен біртіндеп жазық жерде ағатын Ертіске айналады. Ертіс өзенінің жылдық су ағыны Бұқтырма, Өскемен су қоймалары арқылы реттеліп түрады. Бұқтырма, Өскемен су қоймаларына бірнеше су электр станциялары салынған. [ 4. Усенова В. П. Школа природы. - М: Всемирный Фонд дикой природы. 1997 - 160 стр. ]

Алтай өзендері Шығыстың су энергетикалық ресурстарының көбін құрайды. Алтай көлге де бай. Ең ірілері - Зайсан, Марқакөл көлдері. Марқакөл тау ішінде - абсолюттік биіктігі 1450 метр жерде орналасқан. Суы тұзды. Оның өзіндік қайталанбас әсем табиғаты мен табиғи байлығын қорғау үшін қорық ұйымдастырылған. Зайсан көлінің табиғи жағдайы Бұқтырма су қоймасын салуына байланысты көп өзгерді. Қазір Бұқтырмамен жалғасып жатыр. Алтай тауының табиғаты әсем, көрікті, адамдардың дем алып, денсаулығын түзейтін сауықтыру орындары көп. Солардың бірі - Рахман бұлағы, одан радионды шипалы су шығады.

Зайсан көлі Алтай мен Сауыр - Тарбағатай тауларының аралығындағы қазаншұңқырда орналасқан. Бұл - ағынды, суы тұщы көл. Зайсанға бірнеше өзен келіп құяды да, одан Ертіс өзені ағып шығады. Көлдің беті қыста қатады, ал жазда судың температурасы +26 градусқа дейін жылынады. Судың деңгейі жаздың алғашқы жартысында көтеріледі. Зайсан кәсіпшілік маңызы бар балыққа бай. Онда балықтың 23 түрі кездеседі. Өзен көлігін дамытуға қолайлы. [ 2. Атлас Казахстана. - Алматы: 2003 - 39 б. ]

Бұқтырма өзені - Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен Оңтүстік Алтайдың мұздықтары мен қарынан басталады. Бұқтырма жағалауы жартасты, арнасы шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма өзені. Өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі маусым айы, ал арнасынан төмен түсетін кезі қыс айлары. Өзен ағаш ағызуға қолайлы, әрі электр энергиясын өндірудің тиімді көзі болып табылады.

Бұқтырма өзенінің аңғары шатқал - шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің әрбір бұрылысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен жағалауларының биіктігі 200 метрге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді. Өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш, бұталар өседі.

Ертіс - Қара Ертіс деп аталатын, бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы - 4248 км, ал Қазақстан жеріндегі арнасының ұзындығы - 1700 км. Ертіс өзені Зайсан көлі мен Бұқтырма бөгетінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тау аралықтары мен тау шатқалдары арқылы ағады. Ертіс өзеніне көптеген салалар келіп құяды. Өскемен қаласынан төменірек тұста кең арнамен Ертіске Үлбі мен Об өзендері келіп қосылады. Бұл өзен ағысының жылдамдығын арттырады. Ал, Семей қаласының маңында жазықтыққа шыққаннан кейін өзен баяу және жай ағады. Ертіс салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты суы мен жауын - шашынмен қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады. Ертіс өзені арзан электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су электр станциялары салынған. Өскемен және Бұқтырма СЭС - нан өндірілген энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары пайдаланады.

Ертісте балықтың кәсіптік маңызы бар шоқыр, бекіре, шортан, алабұға, тағы басқа түрі ауланады. Ертіс өзені еліміздегі ең ірі өзендердің бірі болып саналады. Оған республика жерінен тыс ірі екі сала келіп құяды. [ 4. Усенова В. П. Школа природы. - М: Всемирный Фонд дикой природы. 1997 - 162 стр. ]

1. 2. Флора мен фауна ерекшелігі

Шығыс Қазақстанның өсімдік топырағы барынша алуан түрлі. Мұнда тік белдеудегі ландшафт жүйесі қалыптасқан. Солтүстік және батыс тау етектерінің 400 - 700 метр биіктігінде шалғынды әртүрлі өсімдіктер мен астық тұқымдасты дала, ал 1200 - 1700 метр биіктіктігінде жусанды бетегелі дала қалыптасқан. Бұл таулы және далалы белдеуінде қара және қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Таулы орман белдеуелдің 70 пайызын алып жатыр. Мұнда жалпақ жапырақты орман өседі. Орталық және Оңтүстік ауданда 2200 - 2500 метр биікте қылқанды орман өседі. Бұл жерді самырсынды, бал қарағайлы ағаштар өседі. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеуде субальпілік бұталар мен шалғындар өседі. Сонымен катар, мұнда таулы тундра, одан жоғары жағын жартастар, тас қорымдар, қар алаңдары мен мұздықтар алып жатыр. Тау беткейлерінен қара топырақ, одан жоғары ашық күлгін топырақ тараған. 700 метрден жоғары астық тұқымдас шалғын шөптер мен қылқан жапырақты ормандар басталады. Осыдан әрі самырсын, шырша, майқарағай аралас орман. Субальпілік және альпілік шалғындар көбінесе жануарлар дүниесінен таулы аудандарға тән түрлері тараған. Өсімдіктердің ішіндегі ең маңызды дәрілік шөптер: итмұрын, ситрус, қайың, емен тағы басқа шөптер. Сонымен қатар дәрілік шөптердің жемістері: қарақат, қызылқат, долана, дала жидегі кездеседі. Орманды алқаптың 1638, 9 мың га осы өңірде. Бұл аймақ еліміздегі орман алқабына бай аймақ. Мәңгі жасыл жапырақты өсімдіктің сан мың түрі осында.

Көп облыстың топырағы өсімдік жамылғысына биіктік белдеулік тән. Солтүстік - батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті қалалық өсімдік өседі. Оңтүстікке қарай Ертістің солтүстік жағындағы қара топырақ бозды бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы боз қоңыр топырақты жусанды бетегелі, сұр топырақта жусанды өсімдіктер өседі. Таулы өлкелердің ең төмен белдеуін таулы долана, одан жоғарырақ қайың, көктерек, майқарағай, шырша биіктегі беткейлерде субальпілік және алыпі шалғындары өседі. Алтайда шөлейтке тән, орманға және биік тауларға тән жануарлар кездеседі. Жазда мекен ететіндерден тырна, сарыала қаз, үйрек, аққу.

Үлкен өзендерінде бекіре, тайман, алабұға, ал кішігірім өзендерінде хариус кездеседі.

Алтайдың тау орманының күлгін топырағында майқарағай, қарағай, самырсын өседі. Тоғайларында итмұрын, қарақат; тауаралық алаңдарында күлгінді, кәдімгі тарғақ шөп, қоңырбас шөп шығады. Оңтүстік Алтайдың қоңыр күлгін топырағында балқарағай жайқалады. Биік таудағы альпі шалғындығында шегіргүл, жидек сарғалдақ, атқонақ өседі. Алтайда қоңыр аю, марал, солтүстік бұғысы, таутеке, қар барысы; құстардан: саңырау құр, шіл, тоқылдақ және тағы басқалары мекендейді. Терісі бағалы кәсіптік маңызы бар аңдардан бұлғын, ақкіс, қара күзен, сібір күзені тіршілік етеді. Су тышқаны, жанат тәрізді ит, америка күзені Алтайға жерсіңдірілген. [ 5. Музей флоры и фауны // Рудный Алтай. - 198 28 . - 21стр. ]

1. 3. Әлеуметтік - рекреациялық ресурстар

Облыс аумағында тарихи - мәдени мұра 670 ескерткіш бар. Сәулет және тарихи мұралар ерекше қызығушылық тудырады. Семей қаласында :

  • Абай оқыған үй, Ахмет Ризаның медресесі - жергілікті маңызы бар ескерткіш; XIXғ. 60 - ж., Интернациональная көшесі, 29 үйде орналасқан;
  • Ямышевский қақпалары - республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш, 1776 жыл, Абай көшесінде орналасқан;
  • Ф. М. Достоевскийдің әдеби - мемориалдық мұражайы, республикалық маңыздағы ескерткіш 1857 жыл, Достоевский көшесі, 118 үйде орналасқан;

- тарихи - өлкетану мұражайының ғимараты (Губернатор үйі), республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш, Абай көшесі, 90;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Іс-шаралар туризмінің қазіргі жағдайын талдау, жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда дамуы
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Ішкі туризм туралы ақпарат
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Аймақтық туризм экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz