Шығыс Қазақстан облыс халқының табиғи қозғалыстарына әлеуметтік-экономикалық географиялық сипаттама



Реферат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I бөлім. Шығыс Қазақстан облысына жалпы әлеуметтік.географиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Шығыс Қазақстан облысының табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Облыстың әлеуметтік.экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ...
II бөлім. Шығыс Қазақстан облысына демографиялық сипаттама ... ... ...
2.1. Халық санының серпіні және тығыздығы ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Жыныстық.жастық және ұлттық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ...
III 2005 жыл бойынша Шығыс Қазақстан облысының табиғи өсімі ... ...
3.1.Халықтың туу көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.Өлім.жітімнің негізгі себептері және халықтың өмір сүру ұзақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3.Табиғи өсім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
Қолданылған әдебиетте
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Реслубликасының әлеуметтік-экономикалық дамуында ерекше орын алатын демографиялық тұрақтылықты сақтау ұшін, оның өткен тарихы мен бүгінгі дамуына ғылыми түрде талдау жасау қажеттілігі туып отыр. Демографиялық дамуда жетістіктерге жету мемлекеттің әлеуметтік-демографиялық дамуының негізгі табыстарының бірі болып саналады, ол елдің қорғанысын арттыруда және оның тәуелсіздігін қамтамасыз етуде ерекше орын алып елдің экономикалық дамуының келешегі болып табылады. Сондықтан да мемлекет қоғамдағы демографиялық дамуды реттеп отыру қажет. Халықтың сан жағынан өсуі елдің адам ресурсының өсуіне негіз салады.
Еліміздің демографиялық саясаты «Қазақстан-2030» бағдарламасында атап көрсетілген халықтың дамуын қамтамасыз етудегі алға қойған міндеттермен сәйкес келеді. Осы бағдарламаның негізінде қабылданған мемлекеттің көптеген басқада бағдарламалары бар. Олар: «Халықтың денсаулығы», «Білім», Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту, «Қазақстан Республикасындағы ана мен бала денсаулығын қорғау», «Қазақстан жастары» және тағы басқа көптеген жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралар еліміздегі халықтың денсаулығын, тұрмысын жақсарту және жұмыссыздыққа қарсы күресу, жанұяға көмектесуге бағытталған.
Қазақстан тарихи демографиясының кейінгі кезде тез қарқынмен дамуы және аймақтар халқының өсіп-өнуіндегі ерекшеліктерді зерттеп, талдау демографиялық және көші-қон саясаты үшін зор маңызы бар. КСРО кезінде барлық халықтар біртұтас – кеңес халқы, олардың арасында ерекшелік жоқ, сондықтан да олардың арасындағы демографиялық дамуы да біртұтас болуы керек – деген ұғым-түсінік қана болды. Халықтың санының көбеюін де жоспарлы түрде жүзеге асыруға болады, - деп келді.
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алғаннан кейін, нарықтық экономикаға көшу үстінде, құқықтық мемлекет құрып жатқан шақта біз тарихи демографияның орнын анықтауымыз шарт. Кеңес дәуірінен соңғы уақытта бұрын жасырын болып келген демографиялық мәселелер, яғни неке, туу, өлу, ажырасу, жанұялық жағдай, әлеуметтік топтар, жұмыссыздық мәселесі әртүрлі ғылым саласындағы адамдарды қызықтыра бастады.
Соңғы жылдары туудың азаюы, өлім көрсеткішінің жоғары болуы және көші-қондық процестің өсуіне байланысты елімізде халықтың табиғи жолмен өсуі кеміп, демографиялық жағдай шиеленісіп кетіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы халықтардың этнодемографиялық даму тарихын зерттей отырып, жекелеген өңірдің дамуындағы ерекшеліктер мен алдағы міндеттерді ашып көрсету, қоғамның дамуының негізгі көзі болып табылатын халықтың дамуын зерттеу негізгі мақсаттардың бірі. Еуроазиялық бөліктің орталығында орналасқан Қазақстанның халқы өз дамуында тек ішкі факторлар әсерінен ғана емес, сонымен қатар сыртқы күштер әсерінен де дамыды. Ол этнодемографиялық және әлеуметтік жағдайларды түбірімен өзгертті. Бұл өзгерістердің сипаты мен көлемі әр аймақта әртүрлі болды.

РЕФЕРАТ
“Шығыс Қазақстан облыс халқының табиғи қозғалыстарына әлеуметтік-
экономикалық географиялық сипаттама” тақырыбындағы бітіру жұмысы
кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Жұмыс ... беттен, кестелерден және карталардан тұрады. Жұмысты жазу
барысында ... әдеби көздер пайдаланылды.
Түйіндік сөздер: демография, демографиялық жағдай, туу, өлім-жітім,
табиғи өсім, динамика, ұлт,жыныстық-жас құрылымы, халықтың қозғалысы,
орташа өмір сүру ұзақтығы, қала және ауыл халқы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысы халқының 1989
жылдан 2005 жылға дейінгі аралықтағы әлеуметтік-демографиялық даму
ерекшеліктерін тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар
тұрғысында талдай отырып, оны ашып көрсету зерттеу жұмысының алдына
мынадай міндеттер қойылып отыр:

- Қазақстан Республикасы халқының жалпы санының өсу динамикасын және Шығыс
Қазақстан облыс халқының аймақтағы өзгерісін көрсету;

- ұлттық құрамындағы өзгерістерді талдау;

- халықтардың табиғи өсімін (туу, өлім және халықтың санын көбейтуге әсер
ететін басқа да факторлар) сипаттау;

Баклаврлық бітіру жұмысы барысында Қазақстан Республикасының
статистикалық басқармасының материалдары, сонымен қатар әдеби көздер
пайдаланылды.

МАЗМҰНЫ:

Реферат

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I бөлім. Шығыс Қазақстан облысына жалпы әлеуметтік-географиялық

сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Шығыс Қазақстан облысының табиғи
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ...
II бөлім. Шығыс Қазақстан облысына демографиялық
сипаттама ... ... ...
2.1. Халық санының серпіні және тығыздығы ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Жыныстық-жастық және ұлттық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ...
III 2005 жыл бойынша Шығыс Қазақстан облысының табиғи өсімі ... ...
3.1.Халықтың туу
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
3.2.Өлім-жітімнің негізгі себептері және халықтың өмір сүру
ұзақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3.Табиғи
өсім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
Қорытынды
Қолданылған әдебиетте

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Реслубликасының әлеуметтік-
экономикалық дамуында ерекше орын алатын демографиялық тұрақтылықты сақтау
ұшін, оның өткен тарихы мен бүгінгі дамуына ғылыми түрде талдау жасау
қажеттілігі туып отыр. Демографиялық дамуда жетістіктерге жету мемлекеттің
әлеуметтік-демографиялық дамуының негізгі табыстарының бірі болып саналады,
ол елдің қорғанысын арттыруда және оның тәуелсіздігін қамтамасыз етуде
ерекше орын алып елдің экономикалық дамуының келешегі болып табылады.
Сондықтан да мемлекет қоғамдағы демографиялық дамуды реттеп отыру қажет.
Халықтың сан жағынан өсуі елдің адам ресурсының өсуіне негіз салады.
Еліміздің демографиялық саясаты Қазақстан-2030 бағдарламасында атап
көрсетілген халықтың дамуын қамтамасыз етудегі алға қойған міндеттермен
сәйкес келеді. Осы бағдарламаның негізінде қабылданған мемлекеттің көптеген
басқада бағдарламалары бар. Олар: Халықтың денсаулығы, Білім, Қазақстан
Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту, Қазақстан
Республикасындағы ана мен бала денсаулығын қорғау, Қазақстан жастары
және тағы басқа көптеген жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралар еліміздегі
халықтың денсаулығын, тұрмысын жақсарту және жұмыссыздыққа қарсы күресу,
жанұяға көмектесуге бағытталған.
Қазақстан тарихи демографиясының кейінгі кезде тез қарқынмен дамуы
және аймақтар халқының өсіп-өнуіндегі ерекшеліктерді зерттеп, талдау
демографиялық және көші-қон саясаты үшін зор маңызы бар. КСРО кезінде
барлық халықтар біртұтас – кеңес халқы, олардың арасында ерекшелік жоқ,
сондықтан да олардың арасындағы демографиялық дамуы да біртұтас болуы керек
– деген ұғым-түсінік қана болды. Халықтың санының көбеюін де жоспарлы
түрде жүзеге асыруға болады, - деп келді.
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алғаннан кейін, нарықтық
экономикаға көшу үстінде, құқықтық мемлекет құрып жатқан шақта біз тарихи
демографияның орнын анықтауымыз шарт. Кеңес дәуірінен соңғы уақытта бұрын
жасырын болып келген демографиялық мәселелер, яғни неке, туу, өлу, ажырасу,
жанұялық жағдай, әлеуметтік топтар, жұмыссыздық мәселесі әртүрлі ғылым
саласындағы адамдарды қызықтыра бастады.
Соңғы жылдары туудың азаюы, өлім көрсеткішінің жоғары болуы және көші-
қондық процестің өсуіне байланысты елімізде халықтың табиғи жолмен өсуі
кеміп, демографиялық жағдай шиеленісіп кетіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы халықтардың этнодемографиялық даму тарихын
зерттей отырып, жекелеген өңірдің дамуындағы ерекшеліктер мен алдағы
міндеттерді ашып көрсету, қоғамның дамуының негізгі көзі болып табылатын
халықтың дамуын зерттеу негізгі мақсаттардың бірі. Еуроазиялық бөліктің
орталығында орналасқан Қазақстанның халқы өз дамуында тек ішкі факторлар
әсерінен ғана емес, сонымен қатар сыртқы күштер әсерінен де дамыды. Ол
этнодемографиялық және әлеуметтік жағдайларды түбірімен өзгертті. Бұл
өзгерістердің сипаты мен көлемі әр аймақта әртүрлі болды. Сондықтан
Қазақстан Республикасының ұлттық және әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді
толық білу үшін оның жекелеген аймақтарын қарастыруымыз қажет. Біздің
зерттеуіміз Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-
демографиялық жағдайды, халықтың ұлттық құрамын, жынысын 1999 жылғы
санақтан бастап 2006 жылға дейінгі аралықтағы өзгерісін ашып көрсете
отырып, аймақтағы дамудың ерекшелігін талдауға арналған. Шығыс Қазақстан
облысы өзінің географиялық орналасқан территориясы жағынан өте тамаша
табиғатта орналасқан. Климаты шұғыл континетті, қысы суық, сумен өте мол
қамтылған аймақ. Бұл жерде өсімдіктердің барлық түрі өседі. Ол аймақтан
мұздықтарды, шөл жерлерді, тамаша жайылымдар мен баулар мен шыршаларды
кездестіруге болады. Шығыс Қазақстан облысының 59,2 %-ы қалалық, 40,8 %
ауылдық жерлерде тұрады. Олар жүгері, астық, соя егеді, жеміс-жидектер
өсірумен айналысады.
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық дамуына
сипаттама беру үшін, халықтың сан жағынан өсуінің себептерін, жанұяның
әлеуметтік жағдайы, жанұядағы балалар санының көбеюінің әлеуметтік-
экономикалық жағдайға тәуелділігін, ал өлім санының өсуі денсаулыққа,
қоршаған ортаның тазалығына, еңбек пен тұрмысқа байланыстылығын, сонымен
қатар өнеркәсіптің дамуына байланысты халықты жұмыспен қамтамасыз етуге,
халықтың қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етеді, оның жынысы мен жасы,
ұлттық құрамы туралы мәселелерді талдау қажет. Соңғы халық санағының
қорытындылары осы мәселелерді талдап, көптеген сұрақтардың жауабын алуға
көмектеседі.

1. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ

1.1. Шығыс Қазақстан облысының табиғи жағдайы

Шығыс Қазақстан облысы Қазақ Алтайының оңтүстік- батыс бөлігін,
Зайсан ойпатын, Қалба қыратын, Сауыр Тарбағатай жоталарын, Ертіс маңы
жазығын және Қазақ ұсақ шоқыларының шығыс бөлігін алып жатыр. Алтай және
оның тау алды орманды далалары, Ертіс өзені және Зайсан, Марқакөл, Алакөл,
Сауысқан көлдері, мұның бәрі – Шығыс Қазақстан облысында. Бұл мекен флора
мен фаунаға бай.
Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы қалыптасқан. Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығы бойынша 1997 жылдың 3 мамырында Семей облысының
территориясы біріктірілді.
Шығыс Қазақстан облысының ауданы 277 мың км.2 алып жатыр. Халқы – 1442
мың адам, орташа тығыздығы еліміз бойынша шамалы төмен, халқының тығыздығы
1 шаршы километрге 5,1 адамн

Шығыс Қазақстан облысы көлемі бойынша ең кіші аудан.Қазақстан
территориясының 10% үлесін ғана алып жатыр. Шығыс Қазақстанға Семей және
Өскемен облыстары кіреді.

Шығыс Қазақстан облысының жаңа шекарасы бойынша үстінгі Ертіс
бассейнінде орналасқан, ол облысты оң жағалауға және сол жағалауға бөлді.
Қазіргі кезде оның ауданы 283,3 мың км.2. Солтүстіктен оңтүстікке 30 яғни
480-ден 510 с.е. және батыстан шығысқа 100- қа жуық яғни 770-ден 870
ш.б. созылып жатыр. Облыстың қиыр солтүстік нүктесінің координаты 51004 ,
оңтүстігі 45050 с.е., батысы 76050 , шығысы 87020 ш.б. Бұл территорияға
мынадай Еуропаның 3 мемлекеті еркін сияр еді Болгария (111 мың км2),
Греция (132 мың км2) және Албания (29 мың км2).
Шығыс Қазақстан солтүстікте Ресеймен, шығыста біздің көршіміз Қытай
Халық Республикасымен, оңтүстікте шекара Алматы облысымен, батысында
Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Бұл өңірде табиғат кең
ландшафты түрлерімен байқалады: шөлдер, дала, тайга, таулармен және асқақ
мұздықтар. Ол жердің мақтаныштарының бірі – Мұзтау шыңы, ол тек Алтайдың
ғана емес сонымен қатар Сібірдің де биік нүктесі болып табылады. Ол жердің
ең әсем жері – Марқакөл көлі. Ол бұл өңірдегі үлкен көлдердің бірі, ол
үлкен тау аралық ойпатта теңіз деңгейінен 1485м. биіктікте жатыр. Одан
біраз биігірек радон бұлақтары Рахманов бұлақтары жатыр.
Флора және фаунаның күрделігі бойынша ол ТМД-да тек Кавказ және Қиыр
шығыстың оңтүстігіне ғана дес береді. Көп мөлшердегі флора және фауналардың
түрлері ерекше қорғауды талап етеді. Олар – далалар, шыршалы тайга, сирек
кездесетін жануарлар түрлері (барыс, аргали, манул, бүркіт, сапсан, тау
қазысы, красавка тырнасы). Қазіргі кезде бұл өңірде екі мемлекеттік табиғи
қорық жұмыс істейді ( Батыс Алтай және Марқакөл ) және Қатон-Қарағай
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі істеп тұр.
Ертіс жайылмасында қайынды-теректі-самырсын ормандары өседі. Шығыс
Қазақстан көптеген қымбат дәрілік өсімдіктің отаны. Бұл жер жануарларға өте
бай, 400-ден аса құс, 60- қа жуық сүтқоректілердің түрі мекендейді, олар:
аю, тиін, тышқан, камшат, құндыз, қасқыр, түлкі, қоян, бұлан, марал,
қарақұйрық, барыс, арқар, сібір тау ешкісі, жабайы қабан, тышқандардың және
жорғалаушылардың көп түрі кездеседі. Өзен, көлдер құстар мен балықтарға өте
бай.
Облыста республиканың бүкіл су қорының 40 %-ға жуығы шоғырланған. 800-ге
жуық өзен ағып жатыр, олардың жалпы ұзындығы 10 000 км. асып түседі. Ең
негізгі су артериясы Ертіс өзені (ірі салалары-Үбі, Үлбі, Бұқтырма,Күршім,
Шар, Қызылсу өзендері). Өскемен және Бұқтырма су қоймалары – (1952 ж.)
Өскемен және Бұқтырма (1960 ж.) гидроэлектростанциалары салынғанда
жасалынған.
Ауданы 1 га-дан 528 км2 болатын 2000-дай көл бар, ең ірілері – Марқакөл,
Зайсан, Марал, Рахманов, Кемеркөл, Сасықкөл, Алакөл.
Облыс 5-ші сағат белдеуінде жатыр (Мәскеу 2-ші), сондықтан Мәскеу
уақытымен салыстырғанда 3 сағат алдыда жүреді.
Шығыс Қазақстан облысының географиялық орналасуының ерекшелігі, оның ең
ірі Еуразия континентінің орталық бөлігінде болуы және Ұлы Батыс Сібір
жазығы мен Орта Азия шекарасында орналасуы. Облыс территориясында
планетаның континентік полюсі және Еуразияның географиялық центірі
орналасқан. Ол центр Абай ауданы, Қарауыл ауылының маңында Жидебай
қорымында орналасқан. Табиғат жағдайының және ресурстарының әртүрлілігі
облыстың шаруашылық дамуына жайлы жағдай туғызады. Шығыс Қазақстан Ертіс
және Обь ұлы су жолдарының тоғысқан жерінде жатыр , шаруашылығы және
мәдениеті жақсы дамыған көршілес республикалардан маңызды автомобиль және
теміржол магистральдарының бойында орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысының жаңа шекарасында 15 административтік аудан және
қалалық маслихатқа бағынышты 4 территория орналасқан. Облыс орталығы
Өскемен қаласы.
Облыстың батыс бөлігінде ірі тарихи , ғылыми, мәдени және өндірістік
орталығы болып табылатын Семей қаласы орналасқан.
Шығыс Қазақстан жерінің табиғаты әртүрлі және көп жағдайда ерекше болып
табылады. Оның бірден-бір ерекшелігі контрастілігі. Рельефтің амплитудасы
теңіз деңгеиі бойынша 145-4500 метрге шейін ауытқиды.(Белуха тауы 4506
метр).
Шығыс Қазақстан территориясында биіктік белдеудің климаты, өсімдігі ,
топырағы айқын байқалады.
Рельефтің ірі формаларының таралуы. Облыстың рельефі өте күрделі және
әртүрлі. Сол жағалауылық бөлігі жазықты, тауалды немесе адырлы – ұсақ
шоқылы, ал оң жағалаулық бөлігі таулы болып келеді. Таулар Қазақстандық
немесе оңтүстік – батыс Алтайдың 80 % жуық территориясын алып жатыр.
Батыс субрегион рельефінің келесідей ірі табиғи территориялық кешендер
ерекшеленеді : Ертіс маңы жазығы, Шыңғыстау тауы , Көкпекті-Шар ұсақ
шоқысы, Тарбағатай жоталар жүйесі, Зайсан және Алакөл қазан шұңқырлары. Әр
ірі ТТК (табиғи территориялық комплекс) өзінің кешенінде өзінен төмен
деңгейдегі компоненттер кіріктіреді.Батыс субрегионға келесі рельеф типтері
тән : жазықтық, тауалдылық , ұсақ шоқылы, қыратты, аласа таулы және биік
таулы Тарбағатай, тау аралық ойпат. Рельеф формалары : беті тегістелген
эрозионды қалдықты, өзен аңғары. Субрегионның солтүстік батысы Семей Ертіс
маңы жазығымен сызылып жатыр.Бұл жазық Батыс Сібір ойпатының оңтүстік шетін
алып жатыр. Бұдар Құланды және Ертіс Маңы жазығы.
Семей Ертіс маңы жазығы жербедері жазық, бірақ кейбір жерлерде біркелкі
беті жалпақ , тегі лессті жондармен күрделенеді (Балапан - 351 метр,
Белағаш – 420 метр т.б.). Олардың абсолюттік биіктігі 200 – 400 метр
арасында ауытқиды. Қазіргі Ертістің арнасының ені 0,3-0,5 километр құрайды.
Семей қаласының солтүстік шығысы Ертіс өзенінің оң жағалауында құм
қырқалары созылып жатыр, олар қарағай орманымен бекітілген.
Семейдің оңтүстігіне қарай Ертіс маңы жазығы ұсақ шоқыларға ұласады, ол
біртіндеп Қалбы жотасының төбелі - таулы көтерілімдермен жалғасады.
Көкпекті – Шар ұсақ шоқысы биіктігі 400 – 500 метрден 800-900 метрге
дейін ауытқитын таулы адырлы жер. Барлық ұсақ шоқылар әлсіз тілімденген.
Беткейлері тік емес, жер-жерлерде аралдық тау массивтерін құрайды, олар:
Семей тау (606 метр), Дегелен (1085 метр), Арқалық (507 метр), Делбегетай (
730 метр), Қандығатай (1025 метр) т.б.
Қазақ ұсақ шоқысының шығысында солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай
созылып Шыңғыстау жатыр. Оның солтүстік жотасы Хан Шыңғыс (1152 метр),
ортасында Шыңғыстау (Қосбастау 1077 метр), оңтүстігінде Ақшатау (Қособа
1305 метр). Ол Алтай тауларынан Шар өзенінің тектоникалық аңғары арқылы
бөлінеді.
Тарбағатай және Алтай тауларының аралығында Зайсан қазан шұңқыры
орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы көлемінде ол ені және ұзындығы бойынша
120 километр созылған.Оның рельефі абсолюттік биіктігі 400-480 метр
ауытқитын тегіс жазықты құрайды. Жер бедері орталық бөлігі жағына қарай
еңістелген. Ол 382 метр биіктікте жатыр.
Зайсан қазаншұңқырының оңтүстігінде ендік бойымен созылған Тарбағатай тау
жүйесі жатыр. Биіктігі 1600-2900 метр, ең биік нүктесі Тастау 2992 метр
Облыс көлеміне батыс бөлігі ғана кіреді.
Шығыс Қазақстан облысына Балқаш-Алакөл ойысы кіреді. Ол тау аралық ойыс
болып табылады және Шыңғыс, Тарбағатай тауларымен шектеседі. Алакөл
ойысының рельефі тегіс көлдік жазық , теңіз деңгейінен биіктігі 340-600
метр. Ол жерде Сасықкөл, Қошқаркөл, Алакөл көлдері орналасқан.
Сонымен батыс субрегионның жер бедері өзіне тән ерекшеліктерімен
дараланған. Ол жерде Батыс Сібір жазығының шығыс бөліктері, Солтүстік Батыс
Алтайдың жалды Қалба жотасы, Қазақ ұсақ шоқысының массивтері, Балқаш-Алакөл
және Зайсан ойпаттары, Тарбағатай массивтері орналасқан. Шығыс
субрегионының геологиялық құрылымы мен жербедері ерекшеліктеріне
байланысты бес ірі және күрделі табиғи-территориялық кешенге (ТТК)
жіктеледі. Олар: Рудалы және Оңтүстік Алтай, Қалбы жотасы, Зайсан ойпаты,
Сауыр Тарбағатай. Тауларды рельеф типіне байланысты биік, орташа, аласа,
тау алды, ішкі ойпаттар деп бөледі.
Тау алды – абсолюттік биіктігі 300 ден 600 метрге дейін. Ол жонды адырлы
жазық , көбіне Үбі өзенінің орта ағысында және Үлбі өзені оң жағалауында
орналасқан. Аласа таулар – биіктігі 600-1500 метр, көбінесе беткейлерінің
еңістігі қатты емес, жарлары жалаңаштанған. Биік таулар – биіктігі 2000-
3000 метр және одан биікте дамыған. Ол жерде қар жиналып мұздықтар пайда
болған. Тау аралық ойпаттар арасында ең ірісі Зайсан. Ал Оңтүстік Алтайда –
Марқакөл, Борравская, Орловская; Рудалы Алтайда – Нарым, Лениногорск,
Зыряновск; Қалбыда – Таынты, Сибинск ; Сауыр Тарбағатайда – Шілікті. Рудалы
Алтай Ертіс өзенінің оң жағалауында, Үбі және Нарым өзендерінің орналасқан.
Өзінің атауын сол жердегі түсті және сирек кездесетін металлдарға бай
болғандықтан солай аталған. Рудалы Алтай солтүстік батысқа созылып жатқан
жоталардан тұрады: Листвяга, Холзун, Коксу, Тигирецк. Бұл жоталардан
батысқа қарай Үбі, Иванов, Үлбі жоталары жатыр. Бұқтырма жотасы ендік
бойымен созылып жатыр. Тау шыңдары көбіне жайпақ және домалақтанған, жарлы
- үшкір шыңдар аз кездеседі. Рудалы Алтайдың биік шыны Высшеивановский
белок (2776 метр).
Оңтүстік Алтай Рудалы Алтайдан Нарым-Бұқтырма ойысымен бөлінеді. Ол Табын-
Богда-Ола тау тізбегінен басталып ендік бойымен созылып жатқан жоталардан
тұрады. Олар бір-бірінен тау аралық ойыстар арқылы бөлінеді. Батыстан
шығысқа созылып жатқан бірнеше жоталарды байқауға болады, олар: Нарым,
Сарымсақты, Тарбағатай, Алтай. Оңтүстік бөлігінде Күршім және Оңтүстік
Алтай жоталары созылып жатыр. Марқакөл көлі оңтүстігінен Азутау жотасымен
қоршалып жатыр. Оңтүстік Алтайдың максималды биіктігі 2800-3600 метр, ең
биік нүктесі 3871 метр. Жоталар арасында екі мұздану орталығы табылған. Бұл
Рудалы Алтай сияқты ежелгі тегістелу беті жақсы сақталған. Одан басқа
рельефті ярустар, тік беткейлер, терең шатқалдар көрініс береді. Мұндай
рельеф альпілік деп аталады.
Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында Көкпекті, Бөген, Шар өзендерінің
арасында орналасқан. Қалба – Оңтүстік Алтайдың батысындағы жалғасы сияқты.
Жота ұзындығы 200-300 километр, максималды ені 50-70 километр. Ең биік шыңы
Сары-шоқы (1608 метр) тауы болып табылады.
Сауыр-Тарбағатай таулы жүйесі әлдеқайда биіктеу болып саналады. Оның биік
жері Мұзтау (3816 метр), шыңында мұздықтар жоқ.. 2000-2004 метр биіктікте
ежелгі тегістелі беті байқалады, жергілікті жерде оны “сырт”, “сауыр” деп
атайды. Суыр-Тарбағатайға параллель үлкен емес Сайқын жотасы жатыр.
Сауырдың батыс жотасы Маңырақ жотасы (2058 метр) болып табылады.
Тарбағатай жотасы бірқатар ірі блоктардың әртүрлі биіктікке көтерілуімен
сипатталады. Олардың шыңдары жайпақ , биіктігі 2000-2500 метрге жетеді,
мұздықтану процесі жоқ.
Сонымен тау рельефінің сипатына оның баспалдақтығы, тегіс шыңды және тау
аралық ойыстардың болуымен сипатталады. Айтылып кеткен бұл ерекшеліктерді
шаруашылық қолдануда ескеру керек.
Топырағы. Оңтүстік беткейінде қоңыр және қара топырақ кездеседі. Онда
шөлейт және далаөсімдіктері аралас өседі. Солтүстік беткейінде 600-1400 м
биіктік аралығында дала, одан жоғары 2200м-ге дейін аралас орман, 2400-ден
жоғары субальпілік және альпілік өсімдіктер тараған. Одан жоғары мәңгі қар
мен мұздықтар жатыр.

Жер бедері мен климатының, топырақ - өсімдік зоналарының барынша алуан
түрлілігі бұл ауданның табиғатына ерекшк, қайталанбас әсемдік береді. Кең
алқапты жерледің табиғи климаттық жағдайлары сияқы, топырақ жамылғысы да әр
түрлі. Ол таулы жерлер топырағы, таулы жазықтар, биік таулы және ұсақ
шоқылы және толқынды жазықты болып келеді. Атмосферадын түсетін ылғал
мөлшері өте айнымалы. Обылыс терістігіндегі біраз территорияны жеткілікті
ылғалданған орманды – дала зонашасы алып жатыр, негізінен, шайылған
орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ кездеседі. Бұл зонашадан
оңтүстікке қарай ьайтақ қара топырақы дала зонашасы жатыр. Бұл суарылмайтын
егістік аймаққа жатады. Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде құрғақ
және шөлді далалы қара – қоңыр топырақты зона жатыр, оның терістігінде,
яғни көңгірт қара-қоңыр топырақты зонашада суарылмайты жаздық бидай
егіледі.
Шөлді дала зонаша солтүстігінде құрғақ далалы аймақ пен оңтүстүгінде
шөлді аймақтың аралығындыа жатыр. Топырақтың құнарлылығы кем,әсіресе оның
құрамындағы қарашірік аз, ашық қара – қоңығ болып келеді, топырақтың көбісі
кебірленген. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып
саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақытта жақсы. Құрғақшылық жиі
байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп тұрақты
өнім алу тек суамалы жағдайда мүмкін. Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін
кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Өсімдік
сирек шығаындықтан, олардың тоырақта қалыратын қалдықтары да мардымсыз.
Мұнда сор шөпі жусан өсетін құба топырақтар. Топырақ құнарлылығы аз
болғандықтан суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды
қолдану керек.

Енді таулы алқаптың топырағына келетін болсақ, онда белдеулік заналар
кездеседі.

Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық
территориясындағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалданудың
орташа мөлшері 250 – 360 мм. Бұл аймақтың топырағының түсі негізінен
сұрғылт түсті. Оның өзі тау етегінде жатқан аймақтардың таулы алқаптан
қаншалықты қашықтығына, оған сәйкес түсетін ылғал мөлшеріне байланыты.
Топырақ түсі де өзгеріп, біршеше зонашаға бөледі. Таудан алыс жерлерде
топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі сұррғыл
түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті және ашық
қара – қоңыр топырақтар зонашасы кездеседі. Тау етегі шөлді – дала
зонасынан биігірек алқапта аласа таулы – дала зонасы басталады. Бұл аймақта
таулардың топырақ климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін
ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Ылғал жақсы түсетіндіктен шөп жақсы
өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен қара-қоңыр топырақ пен қара
топырақ. Жайылымыда жақсы. Аймақ таулы жыралы болғандықтан, жаппай
егістікке қолайсыз, сондықтан көп жері табиғи мал жайылымы, шабындық
ретінже де пайдаланылады. Бұл аймақта суарылатын және суарылмайтын жеміс
ағаштары, бұталар өседі. Орташа таулардағы шалғынды орман зонасы аласа
таулы зонасынан жоғары жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850
– 900 мм. Топырағы – құнарлы, қара топырақ пен күңгірт қара түсті. Жер
негізінен жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы.

Биік таулы – шалғынды және шалғынды дала зона биік таулы аймақтарды алып
жатыр. Топырақтары – биік таулы альпілік және субальпілік шалңынды және
шалғынды далалы топырақтар. Алтайдың таулы аймағында таулы тундра топырағы
кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе уақ малдың жазғы жайлауы
ретінде пайдаланылады.

Климаты.Шығыс Қазақстан обылысының көп бөлігін тау алып жатқандықтан
Монголиядан келетін суық ішке ене алмайды. Ең басты өзендері мен көлдері:
Ертіс, Марқакөл, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Таулы бөлігінде шағын гұщы су
көлдер көп кездеседі. Ертіс өзенінде Бұқтарма бөгені салынған. Нарын мен
Бұқтарманың тау беткейлерінен басталатын салаларының энергетика маңызы
зор. Тау бө ктерінде бұлақтар да көп. Бұл аудан суға өте бай.
Шығыс Қазақстан өзендері өте тығыз орналасқан. Таулары өте қатты
тілімденген. Таулы өзендер 70 астам, ал сарқырамалар 3500-дей үлкенді,
кішілі көлдер бар. Суы тущы минералды 0,07 процент құрамында иод, фтор,
бром тағы басқалары бар. Балыққа өте бай (сазан, табан, хариус, майқан,
қара балық) түрлері кездеседі. Өзеннің бастауында андатра кездеседі.

Территориясының оңтүстік-шығысынан, солтүстік-батысына қарай Қазақстанның
аса ірі су магистралы және энергияның қуатты көзі – Ертіс өзені ағып өтеді.
Ертіс арқылы өтетін Семей-Барнаул жолы еліміздің батыс және щығыс-сібір,
оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия республикасына шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Алтай тауының климаты тым континентті. Оңтүстік-шығысқа
қарай континенттігі арта түеді. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің
климаты ылғалдылау келеді. Батысындағы Ертістің оң салалары-Қалжыр, Күршім,
Бұқтарма, Үлбі, Уба өзендерінің суы мол, ағыны қатты келеді.
58,4млд кв.т Үлкен көлі Марқакөл тұщы Зайсан көліне Бұқтарма СЭСі
салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналған. Жауын-шашынның жылдық мөлшері
солтүстігінде 300мм, оңтүстігінде 155мм дейін түседі. Вегетациялық кезең
солтүстігінде 169, оңтүстігінде 198 күнге созылады.

Алтай тауына батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдер ылғал алып
келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600мм-ге дейін жауын-шашын
жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбірек түседі. Үлбі
өзені бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800мм-ге дейін жауады. Тау
етегінде жауын-шашын мөлшері 250-300мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30см,
ал тауға биіктеген сайын 2 метрге дейін қалыңдайды.

Алтайдың Шығыс жеріндегі бөлігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс және
оның салалары: Бұқтарма, Үлбі, Күршім, Нарын. Өзендері мұздық және қар
суымен, жер асты, жауын-шашын суымен қорланады. Өзендерінің суы мол, ағысы
қатты. Қара Ертіс өз бастауын Монғолия жерінен алады да, Алтай тауын қақ
жарып, Қазақстан жерінде ағыны қатты тау өзенінен біртіндеп жазық жерде
ағатын Ертіске айналады. Ертіс өзенінің жылдық су ағыны Бұқтарма, Өскемен
су қоймалары арқылы реттеліп тұрады. Бұқтарма, Өскемен су қоймаларына
бірнеше су электр станциялары салынған.

Алтай өзендері Шығыстың су энергетикалық ресурстарының көбін құрайды.
Алтай көлге де бай. Ең ірілері – Зайсан, Марқакөл көлдері. Марқакөл тау
ішінде-абсолюттік биіктігі 1450метр жерде орналасқан. Суы тұзды. Оның
өзіндік қайталанбас әсем табиғаты мен табиғи байлығын қорғау үшін қорық
ұйымдастырылған. Зайсан көлінің табиғи жағдайы Бұқтарма су қоймасын салуына
байланысты көп өзгерді. Казір Бұқтармамен жалғасып жатыр. Алтай тауының
табиғаты әсем, көрікті, адамдардың дем алып, денсаулығын түзейтін сауықтыру
орындары көп. Солардың бірі Рахман бұлағы, одан радионды шипалы су шығады.

Зайсан көлі Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының аралығындағы
қазаншұңқырда орналасқан. Бұл-ағынды, суы тұщы көл. Зайсанға бірнеше өзен
келіп құяды да одан Ертіс өзені ағып шығады. Көлдің беті қыста қатады, ал
жазда судың температурасы +26 градусқа дейін жылиды. Судың деңгейі жаздың
алғашқы жартысында көтеріледі. Зайсан кәсіпшілік маңызы бар балыққа бай.
Онда балықтың 23 түрі кездеседі. Өзен көлігін дамытуға қолайлы. Су тышқаны
жерсіндірілген.

Бұқтырма өзені-Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен Оңтүстік Алтайдың
мұздықтары мен қарынан басталады. Бұқтырма жағалауы жартасты, арнасы
шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма
өзені. Өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су
деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі маусым айы, ал арнасынан төмен түсетін
кезі қыс айлары. Өзен ағаш ағызуға қолайлы әрі электр энергиясын өндірудің
тиімді көзі болып табылады.

Бұқтарма өзеннің аңғары шатқал-шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің әрбір
бұрлысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен жағалауларының
биіктігі 200м-ге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді.
Өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш, бұталар өседі.

Ертіс-Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы
тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние
жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан
жеріндегі арнасының ұзындығы 1700 км. Ертіс өзені Зайсан көлі мен Бұқтырма
бөгетінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тау аралықтары мен
тау шатқалдары арқылы ағады. Ертіс өзеніне көптеген салалар келіп құяды.
Өскемен қаласынан төменірек тұста кең арнамен Ертіске Үлбі мен Об өзендері
келіп қосылады. Бүл өзен ағысының жылдамдығын арттырады. Ал, Семей
қаласының маңында жазықтыққа шыққаннан кейін өзен баяу және жай ағады.
Ертіс салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір
салалары жер асты суы мен жауын-шашыннан қоректенеді. Сондықтан Ертістің
суы жыл бойы мол болады. Ертіс өзені арзан электр энергиясын өндіруге
пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су электр станциялары салынған. Өскемен
және Бұқтырма СЭС-нан өндірілген энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары
пайдаланады.

Ертісте балықтың кәсіптік маңызы бар шоқыр, бекіре, шортан, алабұға, тағы
басқа түрі ауланады. Ертіс өзені еліміздегі ең ірі өзендердің бірі болып
саналады. Оған республика жерінен тыс ірі екі сала келіп құяды.

Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Шығыс Қазақстанның өсімдік топырағы
барынша алуан түрлі. Мүнда тік белдеудегі ланшафт жүйесі қалыптасқан.
Солтүстік және батыс тау етектерінің 400-700 метр биіктігінде шалғынды
әртүрлі өсімдіктер мен астық тұқымдасты дала, ал 1200-1700 метр
биіктіктігінде жусанды бетегелі дала қалыптасқан. Бұл таулы және далалы
белдеуінде қара және қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Таулы орман
белдеуелдің 70 процентін алып жатыр. Мүнда жалпақ жапырақты орман өседі.
Орталық және Оңтүстік ауданда 2200-2500 метр биікте қылқанды орман өседі.
Бұл жерді самырсынды, бал қарағайлы ағаштар өседі. Одан жоғары биік таулы
альпілік белдеуде субальпілік бұталар мен шалғындар өседі. Сонымен қатар
мұнда таулы тундра, одан жоғары жағын жартастар, тас қорымдар, қар алаңдары
мен мұздықтар алып жатыр. Тау беткейлерінен қара топырақ, одан жоғары ашық
күлгін топырақ тараған. 700 метрден жоғары астық тұқымдас шалғын шөптер
мен қылқан жапырақты ормандар басталады. Осыдан әрі самырсын, шырша,
майқарағай аралас орман. Субальпілік және альпілік шалғындар көбінесе
жануарлар дүниесінен таулы аудандарға тән түрлері тараған. Өсімдіктердің
ішіндегі ең маңызды дәрілік шөптер: итмұрын, ситрус, қайың, емен тағы басқа
шөптер.Сонымен қатар дәрілік шөптердің жемістері қарақат, қызылқат, долана,
дала жидегі кездеседі. Орманды алқаптың 1638,9 мың га осы өңірде. Бұл аймақ
еліміздегі орман алқабына бай аймақ. Сонымен мәңгі жасыл жапырақты
өсімдіктің сан мың түрі осында.

Көп облыстың топырағы өсімдік жаиылғысына биіктік белдеулік тән.
Солтүстік-батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті қалалық өсімдік
өседі. Оңтүстікке қарай Ертістің солтүстік жағындағы қара топырақ бозды
бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы боз қоңыр топырақты жусанды бетегелі,
сүр топырақта жусанды өсімдіктер өседі.Таулық өлкелердің ең төмен белдеуін
таулық далана, одан жоғарырақ қайың, көктерек, майқарағай, шырша биіктегі
беткейлерде субальпілік және альпі шалғындары өседі. Алтайда шөлейтке тән,
орманға және биік тауларға тән жануарлар кездеседі. Жазда мекен
ететіндерден тырна, сарыала қаз, үйрек, аққу.

Үлкен өзендерінде бекіре, тайман, алабұға, ал кішігірім өзендерінде
хариус кездеседі.

Алтайдың тау орманының күлгін топырағында майқарағай, қарағай, самырсын
өседі. Тоғайларында итмұрын, қарақат; тауаралық алаңдарында күлгінді,
кәдімгі тарғақ шөп, қоңырбас шөп шығады. Оңтүстік Алтайдың қоңыр күлгін
топырағында балқарағай жайқалады. Биік таудығы альпі шалғындығында
шегіргүл, жидек сарғалдақ, атқонақ өседі. Алтайда қоңыр аю, марал,
солтүстік бұғысы, таутеке, қар барысы; құстардан саңырау құр, шіл,
тоқылдақ, тоқылдақ және тағы басқалары мекендейді. Терісі бағалы кәсіптік
маңызы бар аңдардан бұлғын, ақкіс, қара күзен, сібір күзені тіршілік етеді.
Су тышқаны, жанат тәрізді ит, америка күзені Алтайға жерсіндірілген.

Пайдалы қазбалары. Шығыс Қазақстан облысы табиғатының пайдалы
қазбаларға бай екені мәлім. Ол регионның геологиялық тарихы, жер қыртысының
тереңдік құрылымы және құрамы - ол жерде жүріп жатқан үрдістерге тікелей
байланысты.
Шығыс Қазақстанда рудалы кендер белдеу бойынша кездеседі. Таулы
Алтай бойымен темір-молибден-вольфрам белдеуі, ол одан оңтүстік шығысқа
қарай Рудалы Алтай бойымен полиметалды жезді-қорғасынды, одан кейін сирек
кездесетін (қалайы-вольфрам) Қалба-Нарым белдеуі, алтын рудалы Батыс Қалба
және басқа. Шығыс субрегионында жер асты байлығында әртүрлі пайдалы
қазбалар, оның негізі рудалар кездеседі.
Әртүрлі рудалар типінің орналасу сызбасын 1932 жылы геолог-ғалым
В.П. Нехорошев сызып көрсеткен болатын. Одан кейін бұл жер көп
зерттелді.Бірінші
Батыс субрегионға тән руда белдеулерін қарастырайық.
Қалба алтын рудалы белдеу. Ол Шар және Жарма зоналарын қамтып екіге
бөледі: Батыс-Қалба – алтын кендер (Боко, Ақжал), Жарма – алтын және жез
кендері.
Шар белдеуі хромит-асбесті, никельді және сынапт кендерден тұрады.
Қандығатай-Дегелен сирек металды белде:бқл жерде вольфрам және басқа сирек
кездесетін металлдар кендері.
Шығыс-Тарбағатай белдеу-түсті металл кендері: полиметал, жез, алтын.
Батыс субрегионының құрылыс материалдар ресурстарына өте бай. Семейдің
оңтүстігіне таман Суықбұлақ ауылының маңында жоғары сапалы іктастың және
мрамордың өте үлкен қоры бар. Елді мекеннен солтүстікке қарай гипс кені
бар. Цемент шикізаты, графит және асбест, фарфор-фаянс шикізаты көп
кездесеті.
Жанатын пайдалы қазбалар. Облыс бойынша таскөмірдің шамамен 30 кен
орыны белгілі, бірақ олардың сапасы және қоры төмен. Ғасырдың басында
олардың кейбіреуін жергілікті қажетке жарату үшін пайдаланған. Рудалы
Алтайда Николаевск, Белокаменск және Көкпекті ауыл маңы және Таулы Үлбі кен
орындары ашылған.

2. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Облыс республиканың шығыс бөлігінде орналасқан, 1932 жылы құрылған.
Облыс территориясының ауданы 283,2 мың км2. 2005 жылдың 1 қаңтар ай бойынша
халық саны 1442,1 мың адамды құрайды. Халық тығыздығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрты өзені Іле өзенінің ірі сол жақ саласы
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Қазақстанның экономикалық аудандары
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді географиялық сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Көлдің атауы және орналасқан орны
Пәндер