Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 . 9

1. Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы
ой.пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері

1.1 Қазақ даласындағы халық тәлімінің тарихи кезеңдері
мен Орта ғасырдағы даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.22


1.2 Халық тәлiм.тәрбиесi мен түркі жазбалар
арасындағы сабақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.36

1.3 Ойшыл.ғұлама Жүсіп Баласағұнның мұрасындағы негізгі
қағидалардың тәлім.тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37.50

2. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халық
педагогикасының құрылымдық жүйесі мен мазмұны

2.1 Халықтық педагогика . «Құтадғу біліг» дастанындағы тәрбие
жүйесінің негізгі бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51.78

2.2. Салт.дәстүрлер мен әдет.ғұрыптардың халықтық
педагогикада алатын орны мен «Құтадғу білігтегі»
көрiнiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79.100

2.3. Жүсіп Баласағұн мұрасының бүгінгі таңда ұлттық тәрбиедегі
алатын орны мен оқу.тәрбие үрдісінде
пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .101.111

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .112.115

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .116.124

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .125.130
Зерттеудiң көкейкестiлiгi: Елiмiз егемендiк алғалы берi халқымыздың ғасырлар бойы бiртiндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы қайта жаңғыра түстi. Республика Президентi: “Жалпы ұлттық идеяларды iздестiру барған сайын көкейкестi сипатқа ие болып отыр”, - деп айтуының үлкен мәнi бар. Жас ұрпақтың ата-баба мұраларынан қол үзiп қалмауы, жалпы адамзаттық құндылыққа, әсiресе, ғылыми дүниетанымға жаңаша көзқараспен қарау қазiргi педагогика iлiмiнiң назар аударып отырған мәселелерiнiң бiрi.
Бүгiнгi күнi жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгiштiк рухта тәрбиелеу барысында Елбасымыз: “Қазақстанның отаншылдық сезiмiн тәрбиелеу бiлiм берудiң мекетепке дейiнгi жүйесiнен жоғары оқу орындарына дейiнгi орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкестi болып табылады. Балаларды Отанды, туған жердi, өзiнiң халқын сүюге тәрбиелеу – аса маңызды, аса жауапты да қадiрмендi парыз” – деген сөзiне үңiлсек, онда Қазақстан мемлекетiнiң егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуi ұлттық бiртектiлiктi сақтаудан басталады.Оның басты құндылықтары – ана тiлi, ұлттық рух, дiни наным-сенiмдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагерi. [1,29].
Жастарға рухани тәрбие берудiң бағдарлы идеялары «Қазақстан-2030» тұжырымдамасында: «...бiздiң балаларымыз мен немерелерiмiз… бабаларының игi дәстүрiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады. Олар бейбiт, абат, жылдам өркендеу үстiндегi күллi әлемге әйгiлi әрi сыйлы өз елiнiң патриоттары болады», - деп көрсетілген. [2, 32].
Сонымен бірге халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиелік ұғым-түсініктерінің, ілім-білімдерінің даму тарихы он төрт ғасыр бойына ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, мирас болып келе жатыр. Мұның өте әрідегі ілкі бастаулары, түп-төркіндері б. з. б. 1-мың жылдықта Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Туркестан жерін мекендеген, тарих тұрғысынан «Азиялық скифтер» атанған сақтар тағлымы мен тәрбие тәлімі, ғұндар наным-сенімдері мен ғұрыптарынан бастау алып, кейін Орхон-Енисей ежелгі жазба түркі ескерткіштері, Қорқыт ата тағлымдарымен жалғасып, сол орта ғасырларда Шығыс Аристотелі атанған қазақ жерінің ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, сондай-ақ ХІ-ХІҮ ғасырлардағы Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, А.Иүгінеки, Р.Хорезми, Қ.Жалайыри, М.Х.Дулати ілімдерімен сәтті жалғасып, қазақ хандығы құрылған кезден былай қарай қазіргі заманымызға дейін бір-біріне сабақтасып, дамып, енді ғана болса да қолымызға тиіп отырғаны – аса қуантарлық жағдай, яғни сан ғасырлар бойы жас ұрпақты iзгiлiкке, имандылыққа, әдiлдiкке, мейiрбандылыққа, ақылдылыққа шақырған ғұлама тұлғалардың болғаны тарихта белгiлi. Ғұлама-ойшылдардың мұрасы ғасырлар бойы атадан балаға айна-қатесіз жетіп отыр.
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында Алматы, 1999. - 296 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, әл-ауқатының жақсаруы мен қауіпсіздігі. Елбасының халқына жолдаған Жолдауынан // Егемен Қазақстан, 11 қазан, 1997. С. -32
3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақстан: Ерте дүниеден ХҮІ ғасырға дейін. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 176 б.
4. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жалын, 1994. – 400 б.
5. Тауасарұлы Қазыбек. Түп-тұтқияннан өзіме шейін. / басп. дайындаған Б.Қыдырбекұлы. – Алматы: Жалын, 1993. – 416 б.
6. Абай Құнанбаев шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы: Көркем әдебиет баспасы, 1961. – 136 б.
7. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. // Тексты и исследования. – М.; Л., 1957. – 282 с.
8. Асланов В.И. Лексика «Кутадгу билиг» и азербайджанский язык // Советская тюркология, 1970, №4. – 46 с.
9. Бартольд В. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. Алматы; Жалын, 1993. – 192 с.
10. Радлов В. Кутадгу билиг. Факсимиле уйгурской рукописи. Императорской королевской придворной библиотеки в Вене. / Изд. Императорской Санкт-Петербургской Академии Наук, СПБ, 1890. – 500 с.
11. Валитова А.А. К вопросу о фольклорных мотивах в поэме «Кутадгу билиг» // Советское востоковедение. – 1958. - №2, С. 88-102
12. Фомкин М.С. Благодатное знание // Звезда Востока. – 1984. - №7, С. 182-184.
13. Короглы Х. Древнетюркская литература // Советская тюркология. – 1988, №5, С. 16-21
14. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. / Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев; Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
15. Мырзахметов М.М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. – Алматы: Ғылым, 1982. – Б. 209-212
16. Қоңыратбаев А., Қоңыратбаев Т. – Көне мәдениет жазбалары: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 400 б.
17. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 168 б.
18. Бердібаев Р. Ғасырлар толғауы. – Алматы, 1977. – 156 б.
19. Сүйінішәлиев Х.Ж. Қазақ әдебиетінің тарихи. – Алматы: Санат, 1998. – 328 б.
20. Өмірәлиев Қ. ҮІІІ-ХҮ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. – Алматы: Мектеп, 1985. – 128 б.
21. Дербісалиев А. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: Рауан, 1995. – 283 б.
22. Әліпхан М. Жүсіп Баласағұн мен Абай арасындағы шығармашылық сабақтастығы мәселесі: филол. ғыл. канд. ...автореф.: 10.00.01. – Алматы, 1998. – 24 б.
23. Стеблева И.В. Поэтика «Кутадгу билиг» // Советская тюркология. 1970. – №4. – 85-100
24. Егеубаев А. Кісілік кітабы. – Алматы: «Ана тілі», 1998. – 34 б.
25. Байпаков К.М. По следам древних городов Казахстана. – Алматы, 1990. – 208 с.
26. Касымжанов А., Мажиденова Д. Поэт-мыслитель Юсуф Баласагуни // Простор. – 1984, №1, С. 201-203.
27. Мажиденова Д.М. К вопросу об изучении мировоззренческих основ «Кутадгу билиг» Юсуфа Баласагуни // Известие Академии Наук КазССР. Серия общественных наук: Наука, Алма-Ата, 1982, №2, С. 34-37
28. Мукасов С.М. Реализм Жусупа Баласагуни // Вестник Кыргызского государственного национального университета. Серия общественные науки, выпуск 3, Бишкек, 1997. – 240 с.
29. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. – Алматы: Рауан, 1994. – 62 б.
30. Қалиев С.Халық педагогикасы хақында бірер сөз // Мұрагер. – Алматы, 1992, №1, С. 62-67.
31. Көбесов А. Әл-Фараби. – Алматы: Жазушы, 1971. – 171 б.
32. Кошербаева А.Н. Развитие идей гуманизма в педагогическом наследии Юсуфа Баласагуни: дисс. ... док. пед. наук:.13.00.01. – Алматы: 2004. – 45.
33. Ахметов Т. Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары: пед. ғыл. канд. ... автореф:.13.00.01. – Астана, 2003. – 27 б.
34. Мамбетакунов Э. Концептуальные основы гуманизации образования // Материалы международной научно-практической конференции «Самопознание – программа гармоничного развития человека». Часть 1. Алматы, 21-22 октября 2003. – 210 с.
35. Тажибаев Т.Т. Таңдамалы шығармалары // Құраст.: Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Түрікпенұлы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 272 б.
36. Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. - Алма-Ата, 1962. - 356 с.
37. Храпченков Г.М. Проблемы содержания и методы обучения в школах Казахстана. - Алма-Ата, 1983. - 135 с.
38. Құнантаева К.К. - Развитие женского образования в Казахстане (1920-1975): автореф. ... док. пед. наук:.13.00.01. – Ташкент, 1981. – 41 б.
39. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Санат, 1995. - 352 б.
40. Қалиев С.Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. – Алматы: Рауан, 1996. – 85 б.
41. Көбесов А. Әл-Фараби. - Алматы: Жазушы, 1971. - 171 б.
42. Құдиярова А.М. Педагогические воззрение Шакарима Кудайбердиулы: автореф. ...док. пед. наук:. 13.00.01. – Алматы, 1994. – 23 с.
43. Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы (ХҮ-ХҮІІІ): пед. ғыл. док. ... автореф.: 13.00.01. – Алматы, 1997. – 300 с.
44. Жұматаева Ш.Ж. Дулат Бабатайұлы мұраларының педагогикалық негіздері /Абай атындағы АлМУ. – Алматы, 2000. -86 б.
45. Шаймерденова К. Педагогические взгляды Абая Кунанбаева: автореф. ... канд. пед. наук:. 13.00.01. – Алматы, 1987. -24 с.
46. Ильясова А.Н. Проблемы развития педагогической теории Казахстана (1960-1990 гг.); дисс. ... док. пед. наук:. 13.00.01. – Алматы, 1997. – 300с.
47. Муканова Г.И. Педагогичесий основы взаимодействия учителя и учащихся в формировании и развитии социальной активности подростков: автореф.... док. пед. наук:. 13.00.01. – Алматы, 1992. – 49 с.
48. Урунбасарова Э.А. Развитие теории нравственного воспитания школьников в истории педагогики Казахстана (60-е гг. ХІХ – 90-е гг. ХХ в.): дисс. ... док. пед. наук:. 13.00.01. – Алматы, 2001. – 274 с.
49. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. – Алматы: Рауан, 1998, - 128 б.
50. Хайруллин Г.Т. Традиционная культура казахского народа. – Алматы; Канагат – КС, 2000. – 120 с.
51. Қожахметова К.Ж. Теоретика методологические основы казахской этнопедагогики: пед. ғыл. докт. ... дисс.: 13.00.01. Алматы, 1998. – 300 с.
52. Төлеубекова Р.К. Бастауыш класс оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтың педагогикалық озық дәстүрлерін пайдалану: пед. ғыл. канд. ... дисс.: 13.00.01. Алматы, 1994. – 170 б.
53. Шалғынбаева Х.К. Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі: пед. ғыл. докт. ... автореф.: 13.00.01. Алматы, 2006. – 25 б.
54. Тұрсынова А.Б. Халел Досмұхамедұлының педагогикалық мұрасы: пед. ғыл. канд. ... автореф.: 13.00.01. – Алматы, 1999. – 21 б.
55. Касымжанов А.Х. Аль-Фараби. – Алма-Ата, 1974. – 192 с.
56. Алтаев Ж. Қазақ философиясының қалыптасуы: филос. ғыл. канд. ... автореф. 09.00.00. – Алматы, 1997. – 47 б.
57. Қалиев С. Қазақтың халық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері: пед. ғыл. док ... автореф.13.00.01. – Алматы, 2004. – 65 б.
58. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – Алматы: Дарын, 2006. – 480 б.
59. Қасымжанов А., Алтаев Ж. Ежелгі рухани таным және қазақ философиясы // Мұрагер. - Алматы, 1992, №1, Б. 46-55.
60. Мажиденова Д.М. Ибн Сино и Юсуф Баласагуни. Торжество разума.// Мат. Межд. Сесси, посв. 1000-летию со дня рождения Абу Али Ибн Сино. Душанбе; Дониш, 1988. – 393 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 133 бет
Таңдаулыға:   
Қолжазба құқығында

Жамирова Улмекен

Жүсіп Баласағұнның Құтадғу біліг дастанындағы халықтық педагогика
негіздері

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және бiлiм тарихы,
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты
дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшi:
п.ғ.д., профессор

Байсерке Л.Ә.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

бет

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 – 9

1. Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы
ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері

1. Қазақ даласындағы халық тәлімінің тарихи кезеңдері
мен Орта ғасырдағы даму ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10-22

1.2 Халық тәлiм-тәрбиесi мен түркі жазбалар
арасындағы сабақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-36

3. Ойшыл-ғұлама Жүсіп Баласағұнның мұрасындағы негізгі
қағидалардың тәлім-тәрбиелік мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37-50

2. Жүсіп Баласағұнның Құтадғу біліг дастанындағы халық
педагогикасының құрылымдық жүйесі мен мазмұны

2.1 Халықтық педагогика - Құтадғу біліг дастанындағы тәрбие
жүйесінің негізгі
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51-78

2.2. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың халықтық
педагогикада алатын орны мен Құтадғу білігтегі
көрiнiстерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 79-100

2.3. Жүсіп Баласағұн мұрасының бүгінгі таңда ұлттық тәрбиедегі
алатын орны мен оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.101-111

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...112-115

Пайдаланылған әдебиеттер
тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..116-124

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .125-13 0

Кiрiспе

Зерттеудiң көкейкестiлiгi: Елiмiз егемендiк алғалы берi халқымыздың
ғасырлар бойы бiртiндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы қайта жаңғыра
түстi. Республика Президентi: “Жалпы ұлттық идеяларды iздестiру барған
сайын көкейкестi сипатқа ие болып отыр”, - деп айтуының үлкен мәнi бар. Жас
ұрпақтың ата-баба мұраларынан қол үзiп қалмауы, жалпы адамзаттық
құндылыққа, әсiресе, ғылыми дүниетанымға жаңаша көзқараспен қарау қазiргi
педагогика iлiмiнiң назар аударып отырған мәселелерiнiң бiрi.
Бүгiнгi күнi жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгiштiк
рухта тәрбиелеу барысында Елбасымыз: “Қазақстанның отаншылдық сезiмiн
тәрбиелеу бiлiм берудiң мекетепке дейiнгi жүйесiнен жоғары оқу орындарына
дейiнгi орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкестi болып табылады. Балаларды
Отанды, туған жердi, өзiнiң халқын сүюге тәрбиелеу – аса маңызды, аса
жауапты да қадiрмендi парыз” – деген сөзiне үңiлсек, онда Қазақстан
мемлекетiнiң егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және
өркендеп гүлденуi ұлттық бiртектiлiктi сақтаудан басталады.Оның басты
құндылықтары – ана тiлi, ұлттық рух, дiни наным-сенiмдермен тығыз
байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагерi. [1,29].
Жастарға рухани тәрбие берудiң бағдарлы идеялары Қазақстан-2030
тұжырымдамасында: ...бiздiң балаларымыз мен немерелерiмiз... бабаларының игi
дәстүрiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс
iстеуге даяр болады. Олар бейбiт, абат, жылдам өркендеу үстiндегi күллi
әлемге әйгiлi әрi сыйлы өз елiнiң патриоттары болады, - деп көрсетілген.
[2, 32].
Сонымен бірге халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиелік ұғым-түсініктерінің,
ілім-білімдерінің даму тарихы он төрт ғасыр бойына ұрпақтан-ұрпаққа ұласып,
мирас болып келе жатыр. Мұның өте әрідегі ілкі бастаулары, түп-төркіндері
б. з. б. 1-мың жылдықта Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Туркестан жерін
мекендеген, тарих тұрғысынан Азиялық скифтер атанған сақтар тағлымы мен
тәрбие тәлімі, ғұндар наным-сенімдері мен ғұрыптарынан бастау алып, кейін
Орхон-Енисей ежелгі жазба түркі ескерткіштері, Қорқыт ата тағлымдарымен
жалғасып, сол орта ғасырларда Шығыс Аристотелі атанған қазақ жерінің ұлы
ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, сондай-ақ ХІ-ХІҮ ғасырлардағы
Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, А.Иүгінеки, Р.Хорезми, Қ.Жалайыри,
М.Х.Дулати ілімдерімен сәтті жалғасып, қазақ хандығы құрылған кезден былай
қарай қазіргі заманымызға дейін бір-біріне сабақтасып, дамып, енді ғана
болса да қолымызға тиіп отырғаны – аса қуантарлық жағдай, яғни сан ғасырлар
бойы жас ұрпақты iзгiлiкке, имандылыққа, әдiлдiкке, мейiрбандылыққа,
ақылдылыққа шақырған ғұлама тұлғалардың болғаны тарихта белгiлi. Ғұлама-
ойшылдардың мұрасы ғасырлар бойы атадан балаға айна-қатесіз жетіп отыр.

Табиғат, қоғам, адам дамуының заңдылығын, өзара байланыстылығын
өздерiнiң дүниетанымына арқау етiп, сол кезден-ақ ғұламалардың ұрпақ
тәрбиесiнiң қайнар көздерiне үлкен мән бергенi анық.
Ұлы ғұламалар өмір сүрген кезең (840-1212 жж.) тарихта қарахандар
дәуірі деген атпен белгілі. Осы уақыт түркі даласындағы өркениеттің түйінді
биігі іспетті, мемлекет гүлденіп, өркениет шалқиды. Сонымен бірге ислам
діні тұран жұртына дендеп ене бастаған. Қарахан мәдениетіндегі елдік түзу,
мемлекеттік, қоғамдық ойды идеология деңгейінде өрістету секілді айқын
бағыттар таланттылықпен көрінеді. Осы салада көптеген еңбектер жарық көрді
[3; 4].
Көне дәуірінің бір белгісі, ХІ ғасырда жарық көрген түркі халықтарының
ғұлама-ойшылы Жүсіп Баласағұнның даналық сөзі, өсиет-ғибраттарының жас
ұрпақ тәрбиесіне берері мол, әлемнің асыл қазыналарының қатарындағы өлмес
мұраларының бірі – Құдатғу біліг дастаны.
Осыдан он ғасырдан астам бұрын жазылған көне мұра бiз үшiн ең алдымен
тәлім-тәрбиелік, ақлиқаттық-этикалық, эстетикалық көзқарастарымен бағалы.
ХI ғасырдағы көне түркi поэзиясының тұңғыш кiтабының басты қасиетi, мұрат-
мақсаты – адамның бақыты, адам баласының парасатты өмір сүру жолын көрсету.
Дастан авторы –аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері
Жүсіп Хас-Хаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Тарихи
деректерге сүйенсек, Баласағұн жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда 1021
жыл шамасында туған. Ақын туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы
Құтты біліктен ғана алуға болады. Жүсіп өз заманындағы ғылым негіздерімен
толық танысқанының арқасында, кемелденген жасында Құтты білік тәрізді
классикалык шығармасын жаза бастайды. Түркі ойшылының тұлғалық касиетінің
ең негізгісі - ана тілін терең меңгеріп, араб, парсы тілдерін жақсы
білуімен бірге өз тілінің аса көркемдік қуатын әлемге таныту бағытын
ұстағандықта. Бар байлығын бойына дарытқан Баласағұн құнды мұрасында
адамгершiлiктi, адалдықты, адам сүюдi тебiрене жырлайды. Ол үшiн оқу-
бiлiмге, инабаттылыққа, адалдыққа меңзейдi. Өзi өмiр сүрген заманның
қоғамдық, саяси-әлеуметтiк ахуалын, кемшiлігiн тамыршыдай тап басып
әшкерелейдi.
“Құтты бiлiк” дастанында түркi ойшылдарының елдiк түзу, мемлекеттiлiк
құру, өркениеттi, дәулеттi түркi мемлекетiнiң құрылысын нығайту мақсаты
жолбасшы жұлдыздай жарқырап көрiнедi. ХХI ғасыр табалдырығында жаңа бiр
даму белесiне маңдайы ашылған қырықтан астам ұлттың түп нәсiлi түркi
дүниесiнiң мемлекеттiлiк құрылыс түзу тәжiрибесi мен iлiмi әлi де толық
ғылыми жүйесiн тапқан жоқ деп айтуға болады. Жүсiп Баласағұн дастаны әуелi
тарихи санамыздағы осы ақтаңдақтардың орнын толтыратын шығарма.Сонымен
қатар дастанның әр тарауындағы тәлім-тәрбиелік, ақлиқаттық-этикалық
толғамдар бүгiн де өмiршең, бүгiн де терең мәнiн жоғалтпаған. Оның таным-
бiлiгiнiң түпкi тамырына ой жүгiртiп, тәлім-тәрбиелік заңдылықтарын ашу -
педагогика тарихын байытып, теориялық-практикалық қуатын арттыра түспек.
Жүсіп Баласағұнның энциклопедиялық мұрасы көптеген ғалымдардың назарын
аударып, жан-жақты зерттелуде. Ең алдымен, Құтты білікті зерттеу
негізінен Қазыбек би Тауасарұлы (1692-1776) [5], Абай Құнанбаев (1845-1904)
[6], еңбектерінен басталады. Кейіннен С.Е.Малов (1880-1957) [7], В.И.
Асланов [2], т.б. ғалымдардың еңбектерiнде тереңдетіліп, оны орыс
ғалымдары В.В.Бартольд [9], В.В.Радлов [10], А.А.Валитова [11], М.Фомкин
[12] шет ел шығыс зерттеушiлерi Т.Танджей, А.Бомбачи, Р.Пелльо, С.Руткевич,
А.Көроглы (13), ал қазақ ғалымдарынан А.Егеубаев (14), М.Мырзахметов (15),
Ә.Қоңыратбаев [16], М.Орынбеков [17], Р.Бердiбаев [18], Х.Сүйiнiшәлиев
[19], Қ.Өмiрәлиев [20], Ә.Дербiсалиев [21], Ә.Мақсат [22] зерттеген.
Сонымен бiрге Жүсiп Баласағұнның “Құтты бiлiк” дастанының жазылу тарихынан
гөрi стилiн көбiрек зерттеген И.В.Стеблеваны [23], шығармашылық мазмұнын
толық зерттеген А.Егеубаев [2] болды. “Құтты бiлiк” дастаны туралы
Ә.Дербiсалиев [21], К.М.Байпақов [25], т.б. ғалымдардың еңбектерiнде де
егжей-тегжейлi айтылады.
Философиялық, психологиялық, тарихи, педагогикалық әдебиеттерге
жасалған талдау Жүсiп Баласағұнның шығармаларындағы тәлiм-тәрбиелiк,
iзгiлiк идеяларын А.Қасымжанов [26], Д.Мажиденова [27], С.Мукасов [28],
Қ.Жарықбаев [29], С.Қалиев [30], А.Көбесов [31], Ә.Көшербаева [32],
Т.Ахметов [33], Э. Мамбетахунов [34]т.б. арнайы зерттеген.
Аталған зерттеулердiң ғылыми нәтижесін ескере отырып, бүгiнгi таңда
Жүсiп Баласағұнның шығармашылығындағы тәлiм-тәрбиеге қатысты құндылықты
идеялар әлi де толық ашылмаған. Бұл жерде ерекше көңiл аударатын мәселе
ғұлама идеяларының халық педагогикасымен ұштасуы. Бізге танымал
зерттеулердiң бiразы осы мәселенi көтерген. Белгілі ғалымдар
М.Мырзахметов, А.Егеубаев, А.Валитовалар өз еңбектерiнде “Құтты бiлiктегi”
мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн айта отырып, олардың әдебиеттегi рөлiн
ашады. Профессор Ә. Көшербаева Жүсiп Баласағұнның iзгiлiк тұжырымдамасын
ғылыми-теориялық негіздеүнде өзінің бірқатар еңбектерінде халық
педагогикасына ерекше тоқталып өтедi. ізденүші Т.Ахметовтың зерттеу жұмысы
Жүсiп Баласағұнның тәлiм-тәрбиелiк идеяларын, текті-парасатты тұлғаның
бейнесін ашуға бағытталған.
Ғылыми ізденісте келтірілген зерттеулерді ескере отырып, “Құтты бiлiк”
дастанындағы халықтық, тәлiм-тәрбиелiк ой-пiкiрлерiнiң әлi де болса жан-
жақты қарастырғанды қажет ететiндiгiн байқауымызға болады. Мұнда ғұлама
мұрасының халықтық педагогикамен ұштасып жатқаны айқын көрінеді. Халық
тәлім-тәрбиесінің көріністері ежелгі рухани танымдармен астарласып, Құтты
білік дастанында ең алдымен, бас кейіпкерлердің аттарынан, кеңінен орын
алатын мақал- мәтелдерден, аңыз- әңгімелерден, салт-дәстүрлерден байқалады.

Жүсіп Баласағұннің Құтты білік дастанындағы тәлім-тәрбиелік
идеяларын зерттеуде Қазақстандағы педагогикалық ой мен жалпы білім беру
тарихы Т.Т.Тәжiбаев [35], А.И.Сембаев [36], Г.М.Храпченков [37,
К.К.Құнантаева 38], секiлдi зерттеушiлердiң еңбектерiнде қарастырылады.
Революцияға дейiнгi Қазақстандағы педагогикалық ойдың дамуы
Қ.Б.Жарықбаев [39], С.К.Қалиев [40], А.К.Көбесов [41], А.М.Құдиярова [42],
Т.М.Әлсатов [43], Ш.Ж.Жұматаева [44], К.Ш.Шаймерденова [45], еңбектерiнде
көрсетiлген.
Кеңес дәуiрiндегi Қазақстандағы педагогикалық ой-пiкiрдiң дамуына
арналған А.Г.Ильясова [46], Б.И.Мұқанова [47], Э.А.Урынбасарова [48],
С.А.Ұзақбаева [49], Г.Т.Хайруллин [50], Қожахметова [51], Төлеубекова Р.К.
[52], Х. Шалғынбаева [53], А.Б.Тұрсыновалардың [54], зерттеу еңбектерiн
атаған жөн. Педагог-ғалымдардың назары қазақ ғұламалары мен ақын-
жазушыларының, белгiлi тұлғаларының педагогикалық мұраларын зерттеуге,
Қазақстандағы педагогикалық мектептiң даму тарихына арналған.
Сонымен, біздің зерттеүмізде Жүсіп Баласағұнның Құтты білік
дастанының тәлім-тәрбиелік мұрасын халықтық педагогика аясында жіктеп,
ғылыми арнаға түсіруді басты міндет етіп отырмыз. Мұнда жоғарыда аталған
қазақ халқының әдет-ғұрыптарінің, салт-дәстүрлерің шыққан төркінін кеңінен
табуға болады. Жүсіп Баласағұның Құтты білік дастанының құндылығы осыда.
Дастанда өсиет, нақыл сөздері, кісілік, тектік, жәүанмәртлік, парасат
ұғымдары, балаларды қалай тәрбиелеу керектігі, асқа шақыру, бектерге қызмет
істеудің заңдары мен тәртіп-рәсімдері туралы, түс жору, жар таңдау,т. б.
толық қамтылған.
Қазақ елi тәуелсiздiк алғаннан берi тарихи тұлғалардың, ғұлама-
ойшылдардың, ақын-жыраулардың, педагог-ағартушылардың қайталанбас тәлiми
мұралары туған халқына үлкен құндылық. Сондықтан олардың мұраларын бүгінгі
таңда зерттеп, болашақ ұрпаққа жеткізу ұлттық тәрбие үрдісінің басты
міндеті болып отыр.
Зерттеу жұмысының негiзгi мәселесі болып отырған тақырып педагогика
тарихында бұрын өз алдына дербес зерттеу нысаны ретiнде қарастырылмауының
арқасында қарама-қайшылық туындап отыр. Аталған қайшылықтың шешiмiн
iздестiру Жүсiп Баласағұнның шығармашылығындағы халықтық педагогиканы
қарастыру бiздiң зерттеуiмiздiң өзектi мәселесiнiң бiрi болып табылады.
Сонымен бiрге жеткiншектердi iрi тұлғалардың мұрасы негiзiнде тәрбиелеу,
соның iшiнде Жүсiп Баласағұнның “Құтты бiлiк” дастанын педагогикалық тәлiм-
тәрбиелiк тұрғыда қарастыру бiздiң зерттеуiмiздiң көкейкестiлiгi ретiнде
саналып Жүсiп Баласағұнның Құдатғу бiлiг дастанындағы халықтық
педагогика негіздері атты зерттеу тақырыбын таңдап алуымызға себепкер
болды.
Зерттеудiң нысаны: Жүсiп Баласағұнның тәлiм-тәрбиелiк мұрасы.
Зерттеудiң пәнi: Жүсiп Баласағұнның шығармашылығындағы халықтық
педагогика негіздері.
Зерттеудiң мақсаты: Жүсiп Баласағұнның шығармашылығындағы халықтық
педагогика мәселелерiн ғылыми-теориялық тұрғыдан негiздеу және олардың
тәрбиелiк мәнiн жүйелеу.
Зерттеу болжамы: Жас ұрпақтың ортағасырлық ойшыл ақын Жүсiп Баласағұн
және оның “Құтты бiлiк” дастаны туралы көзқарасын қалыптастырып, рухани
дүниетанымын халықтық педагогика негізінде жоғары деңгейде көтеруге болады,
егер де “Құтты бiлiктегi” халықтық тәлiм-тәрбие мәселелерiн айқындап,
жүйелеп, тәрбие үрдісіне енгізсе.
Зерттеудiң мiндеттерi:
1. Орта Азияда Х-ХII ғасырдағы тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлердің
қалыптасуының теориялық негіздерін айқындау;
2. Жүсiп Баласағұнның “Құтты бiлiк” дастанындағы халықтық педагогиканың
алатын орны мен негiзгi бағыттарын анықтау және құрылымдық жүйесін
жасау;
3. “Құтты бiлiктегi” халықтық педагогиканың жүйесiн құрайтын ауыз
әдебиетiнiң көрiнiстерiне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне талдау жасап,
олардың тәлім-тәрбиелік мәнін ашу;
4. Жүсiп Баласағұн мұрасын бүгінгі таңда ұлттық тәрбиедегі алатын орнын
айқындап, оқу-тәрбие үрдiсiнде пайдалану жолдарын ұсыну.
Жетекшi идея: Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанындағы халықтық
педагогиканың негіздерін айқындау – жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру
үрдісінде, тарихи тұлғалық санасын қалыптастыруда маңызды фактор.
Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiзi: Философиялық,
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыда жеке тұлға, iс-әрекет
теорияларын қарастыру, ойшылдың мұрасындағы халықтық тәлім-тәрбие
негіздерін зерттеудегi жүйелiлiк, тұтастық, тарихи-салыстырмалық
тұжырымдары алынады.
Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасында қабылданған ресми құжаттар
(Қазақстан Республикасының Конституциясы, Бiлiм беру туралы Заң), сонымен
қатар, тұжырымдамалар, жарғылар, нұсқаулар, бағдарламалар, т.б. халқымыздың
көрнектi ғұлама ойшылдарының, ағартушы ғалымдарының, ақын-жазушыларының
мұралары және оларға байланысты жазылған тарихи-педагогикалық зерттеу
еңбектер, Жүсiп Баласағұнның "Құтты бiлiк” дастаны және оған байланысты
жазылған отандық, шетелдiк ғалымдардың ғылыми шығармалары.
Зерттеу әдiстерi: тарихи-педагогикалық еңбектердi, зерттеу мәселесiне
байланысты сирек қолжазба қорларымен жұмыс. Диссертацияда диалектиканың
абстрактыдан нақтылыға өрлеу, тарихи және логикалық процестердiң бiрлiгi,
тарихи-салыстырмалық, жинақтап-талдау, қорыту әдiстерi қолданылды.
Зерттеу кезеңдерi:
Бiрiншi кезең – (1999-2000) тарихи философиялық, психологиялық,
педагогикалық әдебиеттермен танысып, оларға талдау жүргізілді, тақырыпқа
байланысты әдебиеттер, материалдар жинастырылды, Өзбекстан, Қырғызстан
кiтапханаларынан дерек көздері iздестірілді.Тақырыптың ғылыми аппараты
анықталды.
Екiншi кезең – (2001-2004) жиналған теориялық, тарихи, әдеби,
педагогикалық материалдарға жүйелiк-құрылымдық талдау жасалынды. Дастандағы
халықтық педагогика негіздері жүйеленіп, олардың мазмұны ашылды.
Үшiншi кезең – (2004-2006) Жүсiп Баласағұнның “Құтты бiлiк” дастаны
жан-жақты талданып, тәлiм-тәрбиелiк мәселелерi халықтық педагогика
тұрғысында жүйелендi. Әдiстемелiк ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудiң жаңалығы:
- Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пікірлердің
қалыптасуының теориялық негіздері айқындалды.
- Жүсiп Баласағұнның “Құтты бiлiк” дастанындағы халықтық
педагогиканың алатын орны, ғылыми-териялық негіздері, тәрбие
бағыттары анықталды.
- Құтты білік дастанындағы халықтық педагогика негіздерінің
құрылымдық жүйесі жасалынып, тәлім-тәрбиелік мәні ашылды.
- Жүсiп Баласағұн мұрасының бүгінгі таңда ұлттық тәрбиедегі алатын
орны мен оқу-тәрбие үрдiсiнде пайдаланудың мүмкiндiктерi анықталып,
әдiстемелiк ұсыныстар берiлді.
Зерттеудiң практикалық мәндiлiгi:
- “Құтты бiлiк” дастанына халықтық педагогика тұрғысында жасалған
тәрбиелiк жүйе жоғары және жалпы мектеп оқу-тәрбие жұмысына
пайдалануға болады. Жоғарғы оқу орны студенттерiне арналған
“Ж.Баласағұнның “Құтты бiлiк” дастанындағы тәлiм-тәрбиелiк ой-
пiкiрлерi” атты арнайы курс бағдарламасы этнопедагогика, педагогика
тарихы пәндерінің мазмұнын тереңдетуге бағытталған.
Зерттеудiң нәтижелерi:
Зерттеудiң нәтижелерi баяндама түрiнде Алматы облысының “Ұлттық тәлiм-
тәрбие ассоциациясы” мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Т.Тәжiбаев атындағы
этнопсихология және этнопедагогика Орталығының бiрiккен отырыстарында
қаралды (1996-2000).
Тараз қаласының М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-iнде өткен конференциясында
“Жүсiп Баласағұнның “Құтты бiлiк” дастанындағы халық педагогикасының
идеялары” атты тақырыпта баяндама тыңдалды.
Тараз қаласы Педагогикалық Институтының “Орталық Азия және Қазақстан –
түркi өркениетiнiң бастауы” атты ғылыми-практикалық конференциясында “Жүсiп
Баласағұнның “Құтты бiлiк” дастанындағы тәрбиелiк идеялардың әдеби
негiздерi” тақырыбында баяндама тыңдалды (Тараз, 2006 ж).
Диссертация тақырыбының зерттелу барысы мен нәтижелерi М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттiк университетiнiң педагогика кафедрасында
талқыланып, Тараз қаласындағы қазақ орта мектептерiнiң тәрбие жұмыстарында
пайдаланылды.
Диссертацияның негiзгi мазмұны Республикалық ғылыми баспасөзде
жарияланған бiрнеше мақалада жарық көрдi (Iзденiс (2003), “Ұлт тағлымы”
(2004), Вестник КазНПУ (2006).

Қорғауға ұсынылатын негiзгi жағдайлар:
- Қарахандар дәуiрi – қазақ тарихындағы оқу-бiлiмнiң, тәлiм-тәрбиенiң
жаңа сапада дамыған, өркендеген кезеңi;
- Жүсiп Баласағұнның Құтты бiлiк дастанындағы халық педагогикасының
негіздері, олардың құрылымдық жүйесі, бағыттары;
- Жүсіп Баласағұн мұрасының ұлттық тәрбиедегі алатын орны, Құтты
білік дастанындағы халық педагогикасының негіздерін тәжірибе
жүзінде қолдану.

Диссертация құрылымы:
Диссертация кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.
Кiрiспеде зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгi негiзделедi, зерттеу
нысаны мен пәнi анықталады, зерттеудiң мақсаты, мiндетi, ғылыми жаңалығы
және қорғауға ұсынылатын негiзгi жағдайлары көрсетiледi.
“Орта ғасырдағы Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң
қалыптасуының теориялық негіздері” атты бiрiншi тарауда тарихи-әлеуметтiк,
мәдени және тәрбие ой-пiкiрлерiнiң дамуына талдау жасалынып, халық
педагогикасының негіздері айқындалып, оның алатын орнына сипаттама
беріледі.
Жүсiп Баласағұнның Құтты білік дастанындағы халықтық педагогика
негіздерінің құрылымдық жүйесі мен мазмұны атты екiншi тарауда аңыз-
әңгімелерге, мақал-мәтелдерге, әдет-ғұрыптарға сипаттама берiлiп, олардың
бағыттары, мазмұны, тәрбиелік мәні анықталады
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесiне негiзделген тұжырымдар мен
Жүсiп Баласағұнның педагогикалық мұраларын пайдалануға байланысты ұсыныстар
берiледi.

1 Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пікірлердің
қалыптасуының теориялық негіздері

1.1 Қазақ даласындағы халық тәлімінің тарихи кезеңдері мен Орта
ғасырдағы даму ерекшеліктері

Кешегі өткен тарих беттері – Шығыс мәдениетінің қайнар көзі болып
саналатын Ұлы даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың, одан әрі ғұндар
мен сақтардың бір елді, бір жерді мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап,
бір тілде сөйлеп, бір дінге сеніп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі
жоқ үлес қосып, бүгінгі ұрпақ өмір тәжірибелерінен көрініп отыр. Айтылған
ойға көптеген ғылыми тұжырымдар, пікірлер дәлел (А.Қасымжанов [55],
Ж.Алтаев [56], С.Қалиев [57], Ж. Әбиев [58], т.б.) Бұл мәселені зерттеген
ғалымдар халық тәлім-тәрбиесін адамзат дамуының қоғамдық құрылыс
кезеңдеріне сай бірнеше сатыға бөліп қарастырады:

а) алғашқы қауымдық құрылыс кезеңдегі тәрбие;

ә) сақтар мен ғұндардың мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері;

б) ұлы түркі қағанатының тәлімдік мұрагерлері (ҮІ-ІХ ғғ.);

в) Шығыс мәдениетінің тәлімгерлік мұрагерлері (ХІ-ХҮ ғғ.)

г) Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.)

ғ) ХҮІІІ –ХХ ғғ. аралығындағы тәлім-тәрбие;

д) кеңестік дәуірдегі ғылыми-педагогиканың қалыптасуы (1910-
1990 жж.);

е) Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы

Аталған халық тәлімінің тарихи кезеңдері тек өздеріне тән
ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде
қыз балалар үй жұмыстарына араласып киім пішті, тұрмыстық салт-дәстүрлер
рәсімдеріне қатысты, ұл балалар садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті.
Сақтар мен ғұндар империясы мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлерін дамытып
отырды. Сөйтіп өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие
принциптері негізінде тәрбиелеп өсірді.
Сақтар мен ғұндар империясы ҮІІ-ІІІ ғасырлар аралығында қазіргі Орта
Азиямен Қазақстан территориясын мекендеді. Сақтар империясының құрамына
көптеген тайпалар кірген. Массагет, Исседон, Савромат, Ариилер және
басқалар. Сақтардың көсемдері Афрасияб, Томирис сол кездегі ірі мемлекет
Парсы империясының патшалары Каирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы
күрес жүргізу барысында әскери көшпелі тұрмысты қалыптастырған. Олар металл
өңдеп, әлемдік маңы зор Скифтік жануарлар стилі атты зергерлік бұйымдар,
қару-жарақтар мен киімдер жасай білген. Жылқы жануарларын өте қатты
қадірлеген, мал баққан. Осы тұрмыстық тіршіліктерге байланысты сақтар өз
ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптері негізінде
тәрбиелеп өсірген. Адамгершілік тәрбиесіне көп мән берген. Сонымен қатар
халық тәлім-тәрбиесін балаларды дамыту үрдісінде кеңінен пайдаланған.
Сол замандарда өмір сүрген, тәңір дінінің негізін салған данышпан
Заратуштра сақтар мен ғұн, парсыларға ортақ әлемдегі тұңғыш Авеста кітабын
жазған. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенін атақты тарихшы Ксенофонт
(б.д.д. 434-355 жж.) былай деп суреттейді: Персидский царь устроил конные
рестарище для всадников, представляющих разные народы. Когда начались бега,
то молодой Саг вырвался вперед и достиг финиша. Персидский царь предложил
царю царство в обмен на коня, но тот отказался заявив, что отдал бы коня
лишь в обмен на благодарность храброго человека, - деген екен. Бұл сақтар
мен ғұндардың отансүйгіштік тәрбиесінің қалыптасқанын айтады.
Ғұндар б.д.д. үшінші ғасырмен біздің дәуіріміздің І-ІІ ғасырлары
аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияның мұрагерлері болды. Сол
кезеңдердегі үйсін, қаңлы тайпалары ғұн империясының құрамына кірді. Ғұндар
металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты. Бірақ олардың ең негізгі
кәсібі әскери жауынгерлік өнер еді. Олар өздерінің ұрпақтарын ержүрек,
алғыр, епті болуға және зергерлік бұйымдар жасауға тәрбиеледі.
Ғылымда сақтар мен ғұндардың тұрмыс-салты мен тұрғын жайы туралы
деректер көп емес. Көшіп-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты. Тұрғын жайдың
тігіліп-жағылатын үлгісі киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға
айналған Геродот былай деп жазды: Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір
сүреді. Қыста ағаш кез-келген сәтте тығыз киізбен жабылады, ал жазда
жабусыз қалдырылады. Көшпелі тұрғын-жайдың бұдан кейінгі эволюциясы
барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі
б.з.д І мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болды.
Кейінгі уақытта, яғни біз зерттеп отырған Түркі қағанаты, Қарахандар
дәуірінде халық тәлім-тәрбиесі ежелгі формаларға – миф, шаманизм,
зароастризм, суфизм, діни наным- сенімдерге негізделген. Біздің түркі
тілдес халықтардың дүниетанымы осы ежелгі формалардан басталған. Халық
тәлім-тәрбиесінің үлкен ерекшелігі осыда. Бірқатар философ – ғалымдардың
(А.Қасымжанов [59], Д.Мажиденова [60], т.б.) еңбектеріне сүйене отырып,
төмендегідей тарихи кезеңдерге тоқталып өткенді жөн көрдік.
1. Мифология. Бұл – барлық халықта өткен адамдық сана-сезімнің
алғашқы тарихи формасы.
2. Ренессанс. Сөзбе-сөз бұл – қайта туу, қалпына келтіру,
мәдениеттің қайсыбір классикалық жағдайына қайта оралу деген
сөз.
3. Ағартушылық – қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің
маңызды бөлігі болып табылады.
Бұл аталған кезеңдер бір-бірінен бөлек-бөлек емес екендігі айқын.
Халқымыздың ұлттық болмысындағы ескерілмей, еленбей келген қасиеттердің
қаншалықты көп екеніне біз қазір көз жеткізіп отырмыз.
Тұрпайы көзқарас ықпалынан өту кезеңінде ғылым адамзат дүниесіне
мифология аталатын ауқымды әрі жан-жақты құбылысты алып келді. Бұл әлем
халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты. Бұл қабат
қазақ халқының рухани мұрасында да ерекше байқалады, оның іздері
фольклорда, ескі аңыз-әңгімелерде, тілінде сақталған. Ол - шаманизм деп
аталады. Шаманизмді бақсылық-тәуіптік бейнесінде көрсететін шаманизм туралы
ескі нанымдар мен аңыздар өте көп. Шындығында, шаманизм – бірқатар
халықтардың тарихи даму дәуіріндегі дүниетанымы. Бұл дүниетанымның
жекелеген элементтері А.Қасымжановтың пікірінше, көркем әдебиетте көрініс
береді. Ш.Айтматовтың Ақ кеме және Ю.Рытхэудің Киттер теңізге кеткенде
атты шығармаларында өз халықтарының (кит және Бұғы ана) ескі тотемдерін
көркем бейнелейді. Біздің заманымызға дейін жеткен шаман бейнесі мен нанымы
көрінбейтін ерекше құдіретті күшке, ата-баба әруағына қатыстылығы Рытхэудің
Сиқырлы сандар атты еңбегінде бейнеленген. Шаманизм жүйесі әлем
халықтарының мифологиялық ұғымдарымен бір қатарға қойылуға тиіс [59, 48 ].
Шынында да, миф алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген
формасы. Мұнда поэзия мен қазіргі ғалымның, дін мен моральдық, рационалды
әсердің элементтері бар. Мифтерде нақты жағдайда бағдар және жеке адамның
тәжірибесі мен коллективтік тәжірибені үйлестіретін практикада бірінші
сыналған тәртіп үлгілері көрініс тапқан. Мұнда құдайлар мен жын-перілер
қазіргі көзқараспен қарағанда оған талаптар мен пайымдар бар. Бірақ ол
(миф) біздің қазіргі ойлауымыздың алғы шарты рөлін атқарды. Ал табиғаттың
күштеріне сақтықпен қараудың іс-әрекетпен үйлестірілуі мағынасында
қайталанбайтын маңызға ие. Шаманизм туралы біз жабайы, өте ертедегі
ырымшылдықтың түрі есебінде ұяла айтамыз. Шаманизм терминінің өзі
терістік халықтарының өмірін бақылаудан алынған, ал қазақтар арасында
ешуақытта айтылмаған. Бақсы емдеушілер болған. Егер бағыт анықтау керек
болатын болса, онда қазақтардың ертедегі аталарының дүниетанымын ең жоғарғы
Құдай тәңірдің атымен тәңірлік деп атау қарапайым да, дұрысырақ болар
еді, - дейді А.Қасымжанов [сонда, 59, 48 ]. Шын мәнінде түркілердің
ертедегі дүниетанымы зароастралық болған және оның іздері отқа табынудан,
емдеу мен тазару әдет-ғұрыптарында сумен, жермен байланысты болғаны анық
байқалады.
Тәңір діни наным-сенімінің негізін салған әлемдегі тұңғыш Авеста
кітабын жазған ұлы Заратуштра сол кездің өзінде-ақ рухани-танымдық, тәлім-
тәрбиелік ойлар айтқан. Зароастризмнің дүниетанымы өзінің құрамында бүкіл
адамзатқа ортақ қайталанбас байлықтарды жинақтаған. Зароастризмді
дүниежүзілік ұлы діндердің бірі екендігіне күмән жоқ. Дін деген сөз
дүниені зароастралық түсінуді кейбір дүниежүзілік діндерге иудаизмнің,
христиандықтың, исламның кейбір жалпы белгілерімен ұқсастығына әкеліп
соқтырады. Ондағы әдет-ғұрыптың ежелгі белгілерін ғылыми және осы күнгі
тұрғыдан сынау жеңіл. Волга жағалауларынан Алтайға дейінгі біздің
аталарымыз мекендеген жерлер зароастризмнің нағыз Отаны болды. Бұл орайда
өзбек ғалымдарының пікірлеріне назар аударсақ, Бахридин Насрединовтың
ғылыми іздену нәтижесінде мынандай фактілер келтірілген: Нами установлено,
что на равнинах, окруженных седыми горами древнего Чачистана, имелась
красивая, ухоженная местность Чачия с плодородными землями, чистыми водами.
Она располагалась вблизи священного озера, названного зороастрийцами еще
три тысяча лет назад Чайчистон. Зардушт являлся сюда весной, в период
ритуального Гулисурх - праздника Красного цветка (имеется в виду время
цветения тюльпанов) со своим большим белым верблюдом. Люди устанавливали
здесь многочисленные юрты, палатки кала, совершали жертвоприношение, пили
святую воду из Ахуру Мазду, резали баранов, быков, пели гимн Солнцу [61].
Осы мирастық байлықтардан біз халықтың өміршеңдігінің түбірін, өмірге
деген ынтызарлығын, ашықтығын, кеңпейілділігін, өзіне деген сенімі мен
мақтанышын көреміз.
Ғылыми деректерге сүйенсек, бұған көптеген әсерін, оның ішінде
исламның әсері болғаны сөзсіз. Ислам туралы жоғарыда аталған ғалымдар ашық
айтады. Исламды қуғындау саясаты – басқа діндер сияқты ондағы мәдени-
ағартушылық элементтерді теріске шығару саясаты келмеске кетті. Ислам араб
тілімен бірге тарихта үйлестіруші (интеграциялық) рөл атқарды. Қазір де ол
дінге сенушілердің сезімдері мен ойларын біріктіруге қабілетті. Бірақ
қазақтарға оны өзіндік халық, этнос есебінде қалыптастырған оның тілі
алғашқы рухани ежелгі белгілері екендігін ұмытпаған жөн.
Алайда ислам дінінің қазақ даласына келуі адам болмысының ерекшелік
деңгейін анықтауға үлкен септігін тигізді. Шаманизм негізінде қалыптасып,
бытыраңқы жатқан халық ислам дінін қабылдау негізінде белгілі бір
тұтастыққа қол жеткізді. Осыған байланысты неліктен қазақ жерінде біртұтас
ислам мемлекеті орныққан жоқ? – деген сұрақтың туындауы да ерекше. Мұндай
үдеріс көшпенді халықтың болмысына қарама-қайшы. Себебі, мұсылман дінінің
моральдық-этикалық жүйесінің бүкіл іргетасы бағыныштылық талаптармен
құрылғаны белгілі. Ендеше кең байтақ далада еркін өскен өзін-өзі белгілі
бір діни талаптарға бағындыру оның болмысына, рухына қарсы көрініс.
Дегенмен, қазақ жеріне ислам дінінің енгенінен бастап адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынастар да күрт өзгеріске ұшырады. Тарихи
қалыптасқан дәстүрлі мәдениеттің орнын басқан жаңашыл адамдар санасына
үлкен әсерін тигізді. Осы кезеңнен бастап адам табиғаттың бір бөлшегі емес,
ол өз бойына біткен қасиеттер арқылы анықталатын ерекшелік. Ислам діні
бойынша адам өз бойындағы жақсылық қасиеттерді қаншалықты аша алса, ол
соншалықты алдын-ала Алланың алдында құрметке ие болады. [ 62, 312 ].
Зароастризмнің негізгі тілектерін төмендегіше түсіндіруге болады.
Зароастризм өз уақытында иудаизмге, христиандыққа, ислам мен буддизмге әсер
етті. Қазір қауым есебінде өз маңызын жойғанымен оның жұмақ пен тозақ
туралы, әр адамды өз жанының тағдыры жөнінде жауап беруге міндеттейтін,
дүние тағдыры туралы барлығымызға ортақ жауапкершілікті бөліп көтеру
жөніндегі, әр адамды болашақта сот күтіп тұрғаны жөніндегі наным-сенімдерін
дүние жүзіндегі барлық адамдар мойындайды. Табынудың негізгі объектілері –
су мен от. Зароастризмге адам мен жануарлардың қандас туыстығын мойындау
тән. Сондықтан құрбан шалуға немесе ет дайындау кезінде жануарларға дұға
жасап отырған. Олар көптеген құдайларға: оттың, судың, аспанның, жердің,
күннің, айдың, желдің құдайларына табынған. Бүкіл өмірдің реттілігі туралы
аша заңы маңызды рөл атқарған. Ол табиғат жөнінде заттардың табиғи
тәртібін және шындықты, әділдікті, адалдықты бейнеледі. Барлық
адамдар адалдарға ашаван және жауыздықтың жақтаушыларына (другванд)
бөлінеді. Зароастралықтар адамның берген уәдесін (сөзін) бұзуға болмайтын
қасиетті деп бағалады. М. Боистың айтуынша: Зароастризмнің негізі –
дуалистік, ол алғашқы екі рухтың біріншілігін танумен – жақсылықтың
барлығын білетін ақылды (Ахура - Мазда) және ешнәрсе білмейтін түгелдей
кесір (Анграт Майнйу) құдайларымен байланысты. (Ахура – Мазда қасиетті
рухтың көмегімен барлық жандыларға жарық төгетін алты құдайды жасаған. Олар
Ахура – Мазданың барлық қасиетін бойына жинаған). Адам саналы түрде бір
нәрсеге – жауыздықты жеңуге ұмтылуы керек, ал ол үшін ол игілік мақсатқа
сәйкес игілік сөзбен және ісімен өмір сүруге тиіс. Сыйынудағы қайталанатын
Шындық – ең жақсы игілік деген принцип – ұлы принцип. Қазір елімізді
қайтадан қалпына келтірілген Наурыз мерекесі сөзбе-сөз Жаңа күн деп
аталады.
Зароастралықтар бұл күні жаңа жылдың басы, ең қасиетті күн деп
есептеген.
Зароастризм ғылыми тәртіп ережелерін ғана емес сонымен бірге тәртіп
талаптарының қаталдығын жұмсартатын көптеген көңілді әдет-ғұрыптарды
қамтитын толыққанды рухани өмірді ұсынды. Бұл дүниеден безуге шақыратын дін
емес, қайта өмірге құштарлыққа шақыратын сенім болды [63, 174].
Ислам іс-қимылы әділ және түсінікті, ақылды жан иесінің орнына
талаптары адам түсінігінен жоғары құдіретті құдайға бағынуды талап еткен
сеніммен алмастырды. Осы мұсылман және зароастра діндерінің арасындағы
түбірлі айырмашылық құлшылық ету мәнерінен де көрінеді: егер зароастралық
мейірімді құдай алдында тіке тұратын болса, ал мұсылмандар алланың алдында
отырып маңдайын жерге соғады. [сонда, 180].
Тәңірлік зароастралық ұғымдар С.Маловтың еңбектерінде де дәлелденеді
[7]. Сонымен бірге біздің дәстүрлерімізде, әдет-ғұрыптарымызда,
сенімдерімізде, түсті жоруларымызда сақталған. Олардың тәрбиелік мәні өте
жоғары. Қазақтарда Ислам діні мен шамандықтың араласып кетуі тәңірін
алламен, жер рухын шайтан, әруақ, әулиелермен, Әзірейіл, Жебірейілдерді
шамандық өліммен ұқсастырудан көрініс тапқан.
Белгілі ғалым-фольклорист Е.Тұрсыновтың айтуынша: ...Даже при учете
процессов проникновения Ислама в степь оно (шаманизм – У.Ж) остается
ведущим в системе моделирования мира кочевыми тюрками последревнетюркского
времени, сохраняя свое знание вплоть до ХҮІІІ – начала ХІХ столетия [64,
31]. Е.Тұрсынов тәлімдік идеясы бар түркі халықтарының ауыз әдебиетінен
мынадай мысалдар келтіреді:
Бау-бау бәлекейін, Буын-буын аралап-
Тиген жерің сілекейің, Сирағыңнан домалап,
Өкпе менен бауырдан Тас төбеңнен таймай шық!
Шеке менен тамырдан Өз зәріңді жаймай шық!
Бұл адамды аурудан сақтайтын сиқырлы сөздер. Көш уақытысында халық аузымен
құрастырған мынадай шумақтар айтылады:
Жау Құләп шаңырақтан қарап отыр,
Құлаштап қара шашын тарап отыр.
Көшеріне келгенде жау Құләпсән
Шешесіне көрісіп жылап отыр
Ғалымның зерттеулерінде тағы да бір көңіл аударатын жағдай – түркі халық
тәліміндегі айтыстың және жыраулардың толғауына ұқсайтын жырлар. Айтыс
мысалдары Махмұд Қашқаридің Диуани лұғатында берілген. Ал толғаулардың
ішінде мынадай үзінділер келтіруге болады:
Біліг білің, я бегім
Біліг саңа еш болур.
Біліг білген ол эрке.
Бір күн деулет тұш болұр [сонда, 34].
Сонымен түркі халықтары тәлім-тәрбиесінің ілкі бастаулары – ежелгі
діни наным-сенімдер формалары. Соның ішінде біз атаған миф, зароастризм,
шаманизм т.б. Кейінгі кезеңдерде бұл формалар ауыз әдебиетімен араласып,
дамып мұсылмандық ренессанс прогрессивті дәуірінде толық көрінеді. Қайта
өрлеу уақытының асыл маржандары болып саналатын Махмұд Қашқаридің, Жүсіп
Баласағұнның, Ахмет Иүгінекидің, Ахмет Иассауидің еңбектерінде дамиды.
Сонымен бірге біздің зерттеуіміз дәлелдегендей, халық педагогикасы жазба
тарихи ескерткіштерінің пайда болуына да үлкен ықпал еткен. Өйткені біз
жоғарыда қарастырып отырған ежелгі дүниетаным формалары, ең алдымен, тәлім
– тәрбиелік мақсатын көздеген, жас ұрпақты дамытуға бағытталған.
Сондықтан халық тәрбиесі мен жазба әдебиеттерінің сабақтастығы біздің
зерттеу жұмысымызда бөлек мәселе ретінде қаралып отыр. Бұл келесі бөлімнің
мақсаты.
Ендігі біздің міндетіміз - халық педагогикасының орта ғасырдағы даму
ерекшеліктерін айқындау. Бұл мәселені жете түсіну үшін біз, алдымен,
қарахандар дәуірі жайында ғылыми деректерді қарастырған жөн деп санадық.
Ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттелген тарихи деректер біздің қарастырып
отырған мәселемізге, яғни Орта ғасырдағы түркі халықтарының тәлімдік
ойларын тереңдетіп, тарихи әлеуметтік тұрғыда кеңірек қарастыруымызға кең
мүмкіндік туғызады. Әсіресе, осы кезеңнің негізі болып табылатын - ұлы
түркі қағанаты.
ҮІ-ІХ ғғ. аралығында дамыған ұлы түркі қағанаты адамзат өркениетінің
қалыптасуына зор үлес қосқаны анық, қағанат сол кездегі өркениетті
Византия, Араб Халифаты және Қытай империяларымен дипломатиялық қарым-
қатынас жасап отырды. Бұл жөнінде көптеген ғалымдардың зерттеулері белгілі
(Э.Наджип [65], Айдаров [66], С. Беретльс [67], О. Караев [68], М.
Фомкин, Г. Майоров [69], А. Кодаров [70], т.б. ІХ-ХІІІ ғасырлар, дәлірек
айтсақ, 840-1212 жылдар арасы түркі әлемі тарихындағы өзгеше бір дамыған
уақыт. Бұл - (ғалым В.Григорьевтің анықтамасы бойынша) қарахандар дәуірі
[71].
Қарахандар мемлекетінің тарихын егжей-тегжейлі білу – біз зерттеп
отырған мәселенің күрделі түйіндерін шешуге мүмкіндік береді. Себебі,
зерттеу негізіне алынған тақырыбымыз тарихи педагогикалық проблемаларға
арналғанымен, бұл мәселе жөнінде бұған дейін арнайы педагогикалық
зерттеулер санаулы. Сол сияқты, қай заманда болмасын өз уақытының дара
тұлғаларының өмірлік және шығармашылық жолын, дүниетанымын, ой-пікірлерін
сол кездегі қоғам дамуынан, тарихи оқиғалар мен әлеуметтік-саяси
жағдайлардан бөлек алып қарауға болмайтыны даусыз. Халқының болашағы үшін
күй кешкен озық ойлы ірі тұлғалар сол кездегі білім, қоғам өмірінен тысқары
бола алмайды. Қарахан әулетінің дәуірі деген атпен белгілі кезеңнің түрік
әлемі тарихында алар орны зор.
Қарахан әулетінің атасы Сатуқ Боғрахан (915-955 жж.) Саманилердің
қолдауына сүйеніп, Қашғар мен Таразды өзіне қаратқан ірі тұлға. Ал 942 жылы
Баласағұн билеушісін құлатып, Сатуқ өзін жоғары қағанмын деп жариялайды.
Міне, осы кезден бастап Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады.
Мемлекеттің құрылуы мен оның тарихында басты рөлді Қарлұқ
конфедерациясының тайпалары атқарған. Ғалым С.Г.Кляшторный: Возникновение
Караханидского каганата было естественным следствием развития
древнетюркской государственности, носителями которой стали карлуки. Они
унаследовали западно-тюркский каганат и восстановили ту систему, которая
сложилась, в основных чертах, еще в VІ в., - деген пікір білдірді [70,
56]. Қарахан мемлекетінің негізі қарлұқтар екеніне байланысты пайымдауды
В.В.Григорьев былай атап өтеді: Отнявшие Мавераннахр у Саманидов и
водворившие там Караханидскую династию, были собственно хаканы харлукские
[72, 82-89].
Қарахандар Хоқан мен Бұқарды жаулап алумен қатар, кейін 999 жылы
Ғазнауилер әулетімен бірлесіп, Орта Азиядағы Саманилер мемлекетін қиратқан.
Қарахан мемлекетінің иелігі Батыста Әмудария мен Сырдария арасындағы
Мауараннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылып жатты.
Мемлекеттің шекаралары тұрақты болды. Еншілік иелері өз атымен теңгелер
шығарып, кейде өз лауазымдарын өзгертуге де барған. Қарахандар дәуірі түрік
даласындағы өркениеттің биігі іспеттес болды.
ХІ ғ. 30-жылдарының аяғында мемлекет екіге бөлінеді. Бұған талас-
тартыс, ішкі өзара қырқыс негіз болды. Біріншісі, орталығы Бұқарда, яғни
Батыс хандығы, екіншісі, Шығыс хандығы, астанасы Баласағұн қаласы болған.
Бұл Шығыс хандығына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу, Қашғар қалалары
кірген. Сөйтіп, жоғарғы хан өкіметінің қоластында болған Қарахан мемлекеті
ыдырайды.
Қарахан әулетінің саяси құлдырау белгісі біліне бастаған кезде ХІІ
ғасырдың екінші ширегінде қарақытай (қидандар) халқы Жетісу мен
Баласағұнды, Шығыс Қарахан иеліктерін түгелдей басып алады. 1141 жылы
Қарахандар мемлекетінің екі хандық билігі қарақытайлардың қолына көшеді.
Міне, осылай құдіретті Қарахан әулеті мемлекетінің тарихы аяқталады.
Қарахан мемлекетінің мемлекеттік құрылым жайына келетін болсақ,
Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғамдардың саяси құрылымдарынан айырмашылығы -
әскери басқару әкімшілік басқарудан бөлінген екен. Мемлекеттік-әкімшілік
құрылыс иерархиялық принципке негізделген. Хандар өздерінің туыс-
жақындарына белгілі бір ауданның, қаланың халқынан осы уақытқа дейін
мемлекет пайдасына жиналып келген салықты өзіне жинап алу құқын береді. Бұл
салық икта деп аталса, ал берушіні мукта немесе иктадар деп атаған.
Мұндай Икта институты Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысының шаруашылық
және саясат өмірінде үлкен рөл атқарған.
Ең жоғары, мәртебелі қаған (шігілдер) орталығы Баласағұнда (Құзорда)
орналасады да, кіші қаған (йағмалар) орталығы әуелі Таразада болып, кейін
Қашқарға (Ордакент) ойысады. Осы кездерде, кейін ХІІ ғасырда қарақытайлар
жаулап алған уақыттарда да Баласағұн тарихы оқиғалардың нақ ортасында
тұрды. Ескі екі керуен жолының біреуі Самарқанд – (Ташкент) – Тараз –
Баласағұн арқылы Қытайға ұштасып жатты. Шу өзенін бойлап, Іле Алатауының
бауырына қарай тартқан жол Шелекті басып Шығыс Түркістанға, бір тармағы
Іледен асып, Қойлық, Қапал, Алакөл арқылы Монғолияға бастайтын жаңа керуен
жолы да Батыс пен Шығыс жалғастыратын күретамырлардың бірінен саналған.
Осының өзі-ақ түркі халықтарының білімі мен тәлім-тәрбиесінің дамуына қызу
әсер еткені мәлім.
Түркі халқының ғұламасы Жүсіптің Баласағұн қаласында туып-өскенін
ескере отырып, қала туралы біршама дерек келтіруді дұрыс көрдік. Өйткені
қоршаған орта, ежелгі ғасырдағы атақты Баласағұн қаласының мәдениеті,
өркениеті ғұламаның кемелденуіне әсер еткені анық.
Баласағұн қаласының орны жөнiнде болжам да, экспедициялық iздеулер де
баршылық.
Шу бойындағы қазба жұмыстарын жүргiзген экспедициялардың бiрiнiң
жазбасынан Баласағұн жөнiнде нақты, назар аударарлық мағлұматтар бар. Онда
Баласағұн қаласының қазбалары бойынша Шу даласында IХ-ХI ғасырлардың өзiнде-
ақ суландыру жүйелерi бар жер өңдеу, егiн өсiру шаруашылығы, ұн дайындау
өндiрiсi жақсы дамығаны дәлелденедi. Мысалы, көне қала орнын қазғанда бiр
үйдiң бұрышынан VIII ғасырда жасалған ағаш соқа, енi бiр жарым метрлiк
диiрмен тасы табылған. Қазба жұмыстары кезiнде табылған өрiк сүйектерi мен
қауын-қарбыз ұрықтары да бау-бақша шаруашылығының өркендегенiн бiлдiредi.
Тастан жасалған қол диiрмен, темiр орақтың табылуы, үйлердiң құрылысы бұл
қалада отырықшылық тұрмысқа ауысқан, түркiлердiң қарапайым халқының
қыстаулары екендiгiнiң дәлелi. Құм басқан қала орнындағы Баласағұн сарайы
да сәулеткерлiк бiтiмi жағынан Орта Азия сәулет өнерiнiң қолтаңбасы анық
танылады. Мынадай бiр қызық деректерге назар аударайық: В архитектурных
формах храма наглядно проявляется синкретизм, в самой же планировке здания
наблюдается два начала. Зал, святилище и обходная галерея имеют прямые
аналогии в планах наземных храмов Восточного Туркестана. Весьма вероятно,
что строители храма были согдийцы, побывавшие в Восточном Туркестане.
Второе начало в планировке Баласагунского храма (восточный двор с
айванами), очевидно, имеет среднеазиатское происхождение. Бұл 1953 жылғы
археологиялық жұмыс қорытысындағы болжам. “Тауарих хамсадан” (“Бес тарих”)
осы ойларды нақтылай түсетiн деректер кездеседi. Түркi әкiмдерiнiң iшiнде
алғаш мұсылман дiнiн қабылдап, оны саяси билiгi үшiн қолданған Сұлтан Садық
Бұғрахан екенi белгiлi. Оның өз аты Дарун болған. Мұсылмандар керуенiне
кездесiп, солардан дiн үйренiп, олар атын Садық (орысша зерттеулерде Садук,
Садык) деп өзгерткен. Керуен кетерде олардан дiн үйрететiн екi кiсiнi
жасырып алып қалады. Өзi де жасырын айлап жүрiп дiн үйренiп, бiр күнi
апасын, анасын исләм дiнiне кiруге шақырғанда, анасы оны ерiне айтып
қойған. Ерi Садықты өлтiрем деп, бiрақ уәзiрлерi бұл iстiң анығын бiлу
керек деп тоқтатты да, оған (Дарунға) пұтхана салуға әмiр еттi. Осылайша,
Дарун ұстаздарымен келiсiп, түбiнде мешiт болуға лайықтап салуға кiрiскен.
... Ал Пұтхана қазiр үлкен мешiт, ескiде Баласағұн аталған жерде. Мiне,
Сарай негiзiндегi екiұдайылықтың, екiiздiлiктiң негiзi қайда жатыр...
Ғалымдар Баласағұн храмын VIII ғасырға жатқызып отыр. Күйреген қыш
мүсiндер, құмыралар, отырған күйдегi биiктiгi төрт метрге дейiн жететiн
алып пұттар орталық зал мен галереялардың қабырғалары мен төбесiн тұтас
көмкерген жазулар, үстiңгi қабатты қазу кезiнде табылған қарахандардың
жетпiс алты қол диiрменi (Х-ХI ғғ. ақша) т.б. көптеген белгiлер, табылған
заттар, бұйымдар Баласағұн қаласының iрi мәдени-әлеуметтiк, қоғамдық
орталық болғандығының айғағы. Көшпендiлер мен отырықшы халықтың арасында
болған қақтығыс, соғыс iздерi, екi мәдениеттiң (көшпендiлер мен отырықшы)
ұласып-ұштасу белгiлерi де сайрап жатыр. Сарайды (Баласағұн храмын) қазу
жұмыстары тарихи процестiң динамикасын, отырықшылық пен көшпендi тiрлiктiң
түйiскен тұсын, көшпендi түркi халқының отырықшылыққа ауыса бастау процесiн
айқын танытып бердi, - деп жазады Л.Кзыласов [73, 560].
VIII-ХIII ғасырлар аралығындағы тарихи-әлеуметтiк жағдайлардың бәрi
дерлiк, қарлұқтар, қарахандар, қарақытайлар тұсында болсын, күшлiк жаулап
алғанда болсын, Баласағұн тағдырына өз беделiн, таңбасын түсiрумен
болғандай. Ертедегi тарихи жазбалардың бiрiнде 900 жылы түрiк тайпаларының
бiрi – йағмалардың Баласағұнды басып алғаны айтылса, ендi бiрiнде 1210
жылғы оқиға сипатталады. ХII ғасырда қытайдан ығысып, Енисей бойындағы
қырғыздардан қатты қарсылыққа килiккен қарақытайлар азғана уақыт Жетiсу,
Түркiстан аймағын билеп қалады. Орталығы – Баласағұн болып, қарақытай ханы
өзiн Гүрхан (хандардың ханы) деп атайды. 1210 жылы Гүрхан әскерлерiмен
Хорезм, Самарқанға шауып, жеңiлiп қайтқанда, қала жұртшылығы қаланы жауып
алады. Гүрхан өз астанасын 16 күн қоршап, шабуылдап, әрең кiредi. 47 мың
жергiлiктi тұрғын қаза болады. Гүрханның әскерлерi қаланы ғана алып қоймай
талап, хан қазынасының өзiн талан-таражға, тонауға салады. Осы аласапыранда
Гүрханның өзi де тозып, жақын маңдағы Өзгендтi алып, осылай бет алған
Күшлiк хан басып алыпты-мыс. Бұл, бiздiңше, Баласағұн шаһарының Шыңғысхан
шапқыншылығы алдындағы соңғы бiр күйзеле күйреуi болуы керек. Баласағұн
туралы келтірілген тарихи деректер ғалымдар Л.Кзыласов [73, 560],
Э.Тороканов [74, 28], М.Масон [75, 34], Ю.Тайчубеков [76, 12-68],
У.Шәлекенов [77, 120], т.б. еңбектерінде терең зерттелген.
Баласағұн қаласының орналасуы туралы қазіргі кезде қарама-қайшы
пікірлер де кездеседі. Кезінде В.Бартольд Баласағұнды Қырғызстандағы Тоқмоқ
қаласының жанынан іздеген. Қаладан бес шақырым жерде Бұрана мұнарасы
орналасқан. Қазір ол ашық далада орналасқан мемлекет қарамағындағы мұражай.
Бұл жер И.Баролинаның еңбектерінде былай суреттеледі: У северных склонов
киргизского хребта, в живописной Чуйской долине, юго-западнее города
Токмака, высится одинокий минарет причудливой кирпичной кладки. Это
знаменитая башня Бурана, архитектурный памятник начала ХІ века. Небольшой
холм, находящийся неподалеку от нее, скрывает развалины старинной мечети. А
в нескольких километрах к северу другие развалины молчаливо свидетельствуют
о том, что некогда здесь был средневековый город, окруженный крепостными
валами и украшенный монументальными постройками. Город этот – Баласагун,
первая столица тюркского государства караханидов, простиравшегося в ХІ-ХІІ
вв. на огромной территории от Западного Китая до берегов Амударьи [78,
58]. Бұдан Баласағұн шаһарының әсем, көрікті қала болғанын байқауға
болады.
В.Бартольд 1893-1894 жж. Шу, Талас қалаларына келгенде Баласағұн
қаласы туралы алғашқы пікірін өзгертеді. Енді ғалым Баласағұнды Шу
стансасының жанында орналасқан Ақтөбе жерінде (Қазақстан) іздестіруді
айтады [79, 104]. Кезінде ірі ғалым, профессор Ә.Марғұлан осы пікірді
қолдаған. Бірақ, әлі күнге дейін Баласағұн қаласының орналасқан жері
белгісіз деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Жүсіп Баласағұн мен Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Құтты білік дастанының зерттелуі
Этнопедагогикалық ойлардың туындауы және дамуы
Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
Құтты білік дастаныны
Пәндер