Еңбек нарығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Еңбек қызметі- кез-келген қоғамдағы адамдардың жақсы тұрмысының негізгі көзі. Еңбек рыногы рынок жүйесінде ерекше орын алады. Оның негізгі қызметі жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңдестірілуі, мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы мен саяси қауіпсіздігі негізінде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. ХЕҰ сарапшыларының бағалуы бойынша, жұмыс күшіне сұраныстың жандануы экономикалық өсімнің айтарлықтай жоғарғы қарқынын қолдау және ұлттық экономиканы қамтамасыз ету мүмкінділігіне тәүелді.

Еңбек рыногының жағдайы және оның жақсы жұмыс істеуі көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалына байланысты. Қазақстан рыногындағы жағдайдың өзгеруіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады: экономиканың жаһандануы, еңбектің халықаралық бөлінуі, шикізат ресурстарына әолемдік бағаның конъюктурасы, халықаралық көші- қоны. Қазақстан еңбек рыногына тікелей әсер ететін ішкі факторлар, бұл: тұрақты экономикалық өсу, индустриялық- иновациялық даму, экономиканың қайта құрылысы, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, жастарына байланысты экономикалық тұрғыдан белсенді халық жұмыскерлердің білім деңгейі және жұмыс күшін кәсіби дайындау, өңірлердегі еңбек рыногының жағдайы, жұмыс күшінің аумақтық салалық және кәсіби аспектілеріндегі бейімділігі. әлемдік бағалардың шикізат ресурстары конъюктурасы экономика мен әлеуметтік саланың дамуына тұрақты әсерін тигізеді. Соңғы жылдары қазақстанның еңбек рыногына көршілес елдер Қырғызстан мен өзбекстанның- еңбектік жасырын көші-қонының қысымы үдеп ьара жатыр. Қазақстан республикасының президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілеті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі- бұл мемлекет. Басшысының « . . . жұмыспен қамтуды тұрақтанлыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады. » деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.

Әлемнің дамыған елдерінің бәрі жастарды, жұмыспен қамтылуы білім берудің үздіксіз және икемді жүйесімен, жұмыскердің еңбек нарығына алғаш шығуын ескеретін арнайы жобаларды жүзкге асырылуымен байланысты мақсатты топ ретінде қарастырады.

Жастардың мақсатты саясатын дайындау үшін әлемдік тәжірибені пайдаланған кезде жастардың еңбек нарығының ерекшеліктерін біріктіру аса маңызды болып табылады. Қазіргі қазақстандық еңбек нарығында айтарлықтай қиын жағдай қалыптасып отыр. Атап айтсақ, жастар арасындағы тіркелген және жасырын жұмыссыздық мөлшері азаюдың орнына, оның ұзақтығы ауылдық жерлерде созыла түсүде. Нарыққа өту кезеңіндегі жастардың еңбек нарығының ерекшеліктері: еңбек нарығына шығудың орташа жасының төмендеуі және жастардың білім деңгейінің ( әсіресе ауылдық жерлерде) төмендеуі; жұмыспен қамтуды жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етуде белсенді формаларымен қатар маңызды роль атқаратын. Жұмыспен қамтудың икемді және стандартты емес формалары негізінде реттеген жөн; жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін мемлекеттік және аймақтық бағдарламар дайындап, жүзеге асыру; отандық тәжірбеде пайда болған жаңа формаларын пайдалану.

Сонымен қатар мезо- деңгейде мемлекеттік жұмыспен қамту бөлімдері орындайтын жұмыспен қамту жобаларына ( негізгі міндеті жоьаға қатысқан адамда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады. ) жұмсалатын мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру мәселесі де өзекті болып отыр. Еңбек нарығында жастарды жұмыспен қамту жалпы халықты жұмыспен қамту саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазір елдерде өзіне сай халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің ұйымдастырушылық - экономикалық механизмі қалыптасуда. Қазақстандық еңбек нарығын талдау үшін ҚР- дағы халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің ұйымдастырушылық- экономикалық схемасы анықталады, онда жұмыспен қамтуға ықпал ету механизмі макро- және аймақтық болып екі деңнейге бөлінетін

Нарықтық экономикаға жағдайында жұмыспен қамту мәселесін мақсатты бағдарламалардың көмегенсіз шешу айтарлықтай қиын. Сондықтан жағдайдың қиындығын ескере отырып, республикада және ШҚО облысы бойынша әртүрлі бағдарламалар мен ережелер қабылданып жүзеге асырылуда, олар: ҚР- ның 2005-2007жж арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасы, Рыноктық өзгерістер жағдайында жұмыстан боау экономиканың дестибилизациясы, өндірістің төмендеуі нәтижесінде болып отыр. Жұмыс орындарының және жұмыс күшігің балансталмауы барлық түрлендірінде күшеюде: салалық та, территориялық та және кәсіби де. Республика бойынша жұмыссыз жастардың кәсіптік класификациялық құрамын текергенде, олардың үштен бірінің мамандықтары инженерлік- техникалық және гкманитарлық салалардан болып шыққан. Жастардың жұмысбастылық мәселесі, қоғамның оларды қабыл алмауы сияқты құбылысқа алып келіп, оның жастар үшін де, қоғам үшін де зардаптары болуы мүмкін.

Экономистер жаппай жұмысызжықтың негативтік көріністерін, жалпы ұлттық өнімнің жеткіліксіз өндірілуі, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен ұштастырады, жалпы экономикалық көзқарас бойынша, жұмыссыздық - бұл өндіріс ресурстарының ысырапталуы: әлеуметтік мұқтаждыққа кететін шығын өседі де салық кірісінің көлемін азайтады. Ал саяси тұрғыдан қарағанда, жұмыссыздық - халықты әлеуметтік тұрақсыздыққа және саяси радикализацияға алып келеді. Социологтар жұмыссыздардың әлеуметтік топтарын зерттегенде, олардың әлеуметтік институттармен өзара қатынасын әлеуметтік шындық контексінде қараған.

Жастардың жұмыссызжығы, әсіресе жасөспірімдер, кәмелетке толмаған мектеп және кәсіптік - техникалық училище оқушыларының негативтік бағыттарының бірі, қазірде көлемді өсіп келе жатқан қылмыстық іс- әрекеттер болып отыр. Жастардың өмірде жолын табу жүйесінде еңбек құндылығының түсіп кетуі үлкен уайым тудыруда. Еңбек- көп жас адамдар үшін қоғамдық маңыздылығын жоғалтуда, ең алдымен жеке бастың мұқтаждығын қанағатандыру құрал есебінде қаралуда « Жасырын» жұмыссыздық - ол жұмысшылардың 2-3 айға мәжбүрлі - амалсыз демалысқа кетуі. Еңбек әректін « либерализациялауды» - шын мәнінде мәжбүрлі іссіздік, жастардың еңбек мотивациясының қалыптасуына теріс әсер ете отырып, заңды еткен. Еңбекке деген қажеттіліктің жоқтығы- ол біреудің асырауында болу, инфантилизм, оған қоса әлеуметтік ауытқулар

Жұмыспен қамту төңірегінде болып жатқан процесстердің негативтік байқалуы, қоғамның интеллектуалдық шамасының қацта кері айналмайтын процестері болып келеді. Қазақстанның еңбек рыногында тіркеуге алынбаған, өз жұмысының нәтижелеріне қызықпаған жас мамндар мен білікті жұмысшылар қылмыстық құрылымдарға кіріп немесе шетелдерге кетіп жатыр.

Жастар арасындағы жұмыссыздық, еңбек ресурстарының кәсіптік- еңбек потенциялының төмендеуі, келешекте оларға сұраныс болуы, қоғам үшін проблемаға айналып отыр. Қазақстан еңбек рыногында жоғары табысты, жұмысшы күшінің лауазымды кктегориясын тез жинаушы, білімді және кісіптік дайындықты керек етпейтін- ол сауда мен қызмет көрсету саласындағы жұмысшылар. Сондықтан жастардың көпшілігі, білімді және біліктік, жоғары дәрежелі мамандықтарды таңдамай, табысты көбірек кәсіптерді жөн көреді.

Ал, енді шығыс Қазақстан Облысының еңбек рыногына тоқтала кетсек. Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу деректеріне сәйкес, 2007 жылғы бірінші тоқсанда 15 және одан үлкен жас шамасындағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 761 мың адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санындағы қала халқының үлесі 53 % -ды ( 403, 1 мың адам), әйелдердің үлесі-49, 2 %-ды ( 374, 2 мың адам( құрады. Халықтың экономикалық белсендік деңгейі 66, 4 % шамасында қалыптасты. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 99, 5 %-ы еңбек етуге қабілетті жас шамасында болды. Олардың экономикалық белсенділік деңгейі жоғарырақ және 80, 3 %-ды құрады.

Облыс экономикасында 708, 3 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 704, 3 мыңы ( 99, 4 % ( -еңбек етуге қабілетті жаста. Жұмыспен қамтылған халықтың санында жалдамалы жұмыскерлер 66, 5 %- ды немесе 464 мың адамды, өз бетімен жұмыс істейтіндер- 34, 5 %- ды немесе 244, 3 мың адамды құрады. Жұмыс істейтін халықтың құрылымында ауыл шаруашылығында, аңшылық және орман шаруашылығында, балық аулау мен балық өсіруде жұмыс істейтіндердің үлесі 31, 2 %- ды, өнеркәсіпте және құрылыста-20, 0 % -ды, қызмет көрсету саласында -48, 8 %-ды құрады.

Жалдамалы жұмыскерлердің жалпы санынан мемлекеттік емес ұйымдарда 209 мың адам, мемлекеттік ұйымдарда-193, 3 мың адам, жеке тұлғаларда-77, 7 мың адам, шаруа қожалықтарында-38 мың адам еңбек етті. өз бетімен жұмыс істейтін халықтың ішінен 136, 6 мың адам өздерінің жеке меншік аулаларында, 84, 9 мың адам- жеке негізінде, 21, 3 мың адам жұмыс берушілер болып, 1, 5 мың адам- өндірістік кооперативтерде жұмыс істеді.

Жұмыс істейтіндер санынан 22, 0 %- ының ( 156 ) жоғары және аяқталмаған жоғары білімі, 29, 1-ының (206, 3 мың) - орта кәсіптік ( арнаулы ) білімі, 13, 67-ының ( 97 мың ) -бастауыш кәсіптік, 35, 2 % - ының (249 мың) -орта, негізгі және бастауыш жалпы білімі болды. Сонымен, , 459, 3 мың адамның ( барлық жұмыс істейтіндердің 64, 8 % --ы ) жоғары, аяқталмаған жоғары, орта және бастауыш кәсіптік білімі болды.

Зерттеу деректері көрсеткендей, жұмыс аптасы толық емес адамдардың үлесі бұрынғысынша жоғары. 2007 жылғы бірінші тоқсанда117, 6 мың адам немесе барлық жұмыс істейтіндердің 16, 6 %- ы 30 және одан аз сағат жұмыс істеді, соның ішінде 0, 5 мың адам аптасына 10 сағаттан да жұмыс істеген. Жартылай жұмыспен қамтылғандардың ішінде ( 10-нан 30 сағатқа дейін ) өз бетімен жұмыс істейтіндер үлесіне 85, 3 % -ы келеді, олардың 92 % -ы өздерінің жеке меншік аулаларында жұмыс істейді.

Жұмыссыздардың, яғни табысты жұмысы болмаған, оны белсенді іздеген және оған кірісуге дайын болған тұлғалардың саны 52, 7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 6, 9 %, Қазақстан Республикасында 7, 7 % шамасында қалыптасты.

Жұмыссыздардың ішінде әйелдердің үлесіне 61, 3% -ы келеді. 15-тен 24-ке жасқа дейінгілер барлық жұмыссыздардың 29, 3 % -ы 25 тен 34 жасқа дейінгілерге-25, 2 % -ы, 35-тен 44 жасқа дейінгілерге-18, 4 %, 45-тен, 54 жасқа дейінгілерге -17, 1-ы 55-тен, 64 жасқа дейінгілерге 10% тиесіл

барлығы
15-24жас
25-34жас
35-44жас
45-54жас
55-64жас
: Барлығы:
барлығы: 52655
15-24жас: 15420
25-34жас: 13260
35-44жас: 9737
45-54жас: 8994
55-64жас: 5244
: Әйелдер
барлығы: 32255
15-24жас: 8132
25-34жас: 9062
35-44жас: 6819
45-54жас: 6207
55-64жас: 2035
: Ерлер
барлығы: 20400
15-24жас: 7288
25-34жас: 4198
35-44жас: 2918
45-54жас: 2787
55-64жас: 3209

Жұмыссыздық мәселесі көбінесе жастар үшін ауыр. Кәсіптік білімнің жетіспеуі, қажетті біліктілік пен еңбек дағдысының болмауы, соның салдарынан еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығының төмен болуы жұмыс іздестіруді ұзақ уақытқа созады. 2007 жылғы екінші тоқсанда 15-тен 24 -жасқа дейінгі 15, 4 мың адамда жұмыс болмады және оны іздеумен айналысты олардың 6, 3 мыңы ауылдық жерлерде тұрады. Жастардың жұмыссыздық деңгейі 12, 1 %, ер адамдарда тиісінше 10, 6% және әйелдерде -13, 8 шамасында қалыптасты.

Әрбір екінші жұмыссыз қандай -да бір жұмыстың болмауын, әрбір бесінші -өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты, әрбір оныншы жұмыссыз жұмыс істемеу себебіне оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс таба алмағанын, әрбір он бірінші- штат кестксінің қысқаруына байланысты жұмыстан босағанын атап өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныстың жалпы сипаттамасы
Еңбек нарығы қызметінің теориялық негіздері
Сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі
Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін көтеру резервтері
Еңбек нарығының ерекшеліктері
Еңбек қызметі және оның қоғамда алатын орны
Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz