Мәдени саясат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 119 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . 4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. ТАРАУ Мәдени саясатты зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері

1. 1 Мәдени саясатты зерттеудің негізгі концепциялары . . . 10-25

1. 2 Қазақстандағы өтпелі кезеңдегі мемлекет және мәдениет . . . 25-32

ІІ. ТАРАУ Қазақстандағы мемлекеттік мәдени саясаттың қалыптасу ерекшеліктері

2. 1Жаңа мәдени саясаттың басым бағыттарының айқындалуы . . . 32-49

2. 2 Жаңа әлеуметтік-саяси жағдайларда Қазақстанның мәдени даму бағдарларының тұжырымдалуы және құқықтық негізінің қалануы . . . 49-62

2. 3 Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатыньң даму тенденциялары және оларға әсер етуші факторлар . . . 62-90

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 91-95

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 96

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: «Қазақстан - 2030» стратегиясының бағдарламасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген Қазақстанның стратегиялық даму міндеттері тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатын қалыптастыру мәселелерін бірінші қатарға қояды.

Кейінгі кеңестік (постсоветтік) қоғамда өтіп жатқан өзгерістердің сапалық деңгейін барынша толық және шынайы түрде аайқындайтын мәдени саясат жөніндегі мәселе, сөз жоқ отандық әлеуметтік-гуманитарлық ақыл-ойдың алдыңғы сапынан орын алып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның жаңаша мәдени саясатын құруға бүкіл әлеуметтік білім салалары, әсіресе саясаттану ерекше ықылас қоюда. Қазақстанның егемендік алуы және мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуының өзі бұрынғы біртұтас одақтық орталықтан шығып отыратын әлеуметтік саясатқа орталықтандырылған басқару жүргізу жүзеге асырылып келген кеңестік дәуірден өзгеше, жаңа қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына тән өзіндік басқару жүйесінің қажеттілігін айқындап отыр және соған байланысты мәдениет саясаты мәселелерін зерттеудің өзектілігі айтарлықтай күшейіп отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның мәдени саясатын құру процестерін зерттеуге деген үздіксіз өсіп келе жатқан ықыластың терең практикалық негізі бар, өйткені ол көз алдымызда өтіп жатқан Қазақстан қоғамының барлық маңызды салаларындағы түбегейлі өзгерістерге тікелей байланысты.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңы және 90-жылдарының алғашқы кезеңі тарихқа қоғамды қайта құрудағы орасан зор эксперименттік күйреу дәуірі ретінде енді. Алайда бұл құбылыстағы ең басты мәселе коммунистік идеология мен кеңестік мемлекеттің күйреуі, тоталитарлық құрылыстың құлауы және КСРО-ның ыдырауы бұрынғы ұлан-ғайыр мемлекет тұрғындарының көпшілігі үшін идеология мен саяси тәртіптің жай ғана ауысуы емес, одан әлдеқайда күрделі құбылыс болып шығуында.

Шын мәнінде бұл өте зор мәдени төңкеріс болды, қалыптасып қалған үйреншікті дүниенің ыдырауы, рухани құндылықтар жүйесінің күйреуі, өмір идеалдарын қайта түсініп, түбегейлі өзгеріске түсірудің салдарынан жеке адамдар мен топтар, сондай-ақ бүкіл қоғам деңгейінде жаппай дағдарысқа түсуі, қалыпты жағдайды жоғалтуы орын алды.

Сонымен бірге, әр кездегі терең әлеуметтік сілкініс кезеңдеріндегідей, жаппай жаңа мәдени үлгілерді іздестіру басталды. Бұл ізденіс дүниені тұтастай түсінікті де, ретке келтірілген қалыпқа түсіруге бағытталған.

Бұның бәрі Қазақстан тәуелсіздігінің орнығуы тек саясат және экономика шеңберімен шектелмейтінін көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі саясаттануда мәдениетке қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы шешуші фактор ретінде қараудың күшейе түсуі тегін емес. Зерттеушілер нақты бір қоғамның, тіпті бүтін бір аймақтаң рухани ерекшеліктері, әлеуметтік мәдени белгілері ғана әлеуметтік-тарихи динамикаға барынша ықпалды әсер етеді деген сенімге жиі келіп жүр. Көптеген теоретиктер әлемнің тағдырын жалпы мәдениетті немесе жекелеген халықтардың ұлттық мәдениетін саяси тұрғыда игерумен, болашақ қоғам мен экономикалық өмірге сапалы ықпал ететін жаңа құндылықтар іздестірумен байланыстырады.

Мәдениеттің жаңаша рөлін қоғам мен мемлекет дамуының жүйелі негізі ретінде айқын түсіну, мәдениетті Қазақстанның демократиялық болашағын құрудың шешуші факторына айналдыру Қазақстан қоғамының мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде мәдени дамудың тұтас бір тұжырымдамасына, оның ғылыми негізделген келешегін құруға зәру болып отырғанын көрсетеді.

Сондай-ақ қазіргі әлемдегі Қазақстанның тұрақты дамуы, оның заман талабына жауап бере білу қабілеті де мемлекеттік мәдени саясаттың стратегиялық бағытын концептуалды ғылыми тұрғыда дұрыс негіздеуден келіп шығады. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мәдени саясатын қалыптастыру мәселелерінің өзектілігі отанымыздың қазіргі мәдени кеңістігіндегі қарама қайшылықтармен де түсіндіріледі.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ, мемлекеттік мәдениет саясатында ұлттық мәдени құндылықтарды, бүкіл мәдени мұраларды сақтап қалуға және қайта жаңғыртуға баса назар аударылуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «біз барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, қоғамымыздың ендігі жерде рухани түлеуіне, оның мәдениетін көтеруге, тарихын және мұрасын қалпына келтіруге, оны өркениет дамуынан кенже қалдырмауға ұмтылып отырмыз. Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы, жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезім дарытудың жолы» /1/. Қазақ халқының өз тарихын жаңадан қолға алуынан үлкен мәдени мәні барлығын дәлел ретінде келтіруге болады.

Осындай игілікті мәдени процестермен қатар, қоғам өміріне діннің әсері күшеюде. Жаңғырудың бұл діни қозғалысының екінші жағы - жаңа діни конфессиялардың тууы, әр түрлі жеке қозғалыстар түріндегі жаңа діндердің күш алуы, әр түрлі діни фундаментализм мен экстремизмнің пайда болуы. Бұның бәрі еліміздегі мәдени жағдайдың өте күрделі де әр текті екенін көрсетеді.

Қоғам шын мәнінде әлсін-әлсін қайшылықтармен қақтығысып отыратын, өзінің ауқымы мен рухани экзистенциясы (мәні) жағынан бір-біріне сай келмейтін мәдениеттердің конгломератына (шоғырына) айналды. Егер алдыңғы он жылдықтарда бұл мәселелер мұқият түрде бүркемеленсе, ал қазіргі кезде олардың өзектілігі жан айқайымен қосыла көтерілді.

Жариялылықпен бірге келген қоғамымыздың рухани өмір мен тіршілік құрылысы стильдерін қарқынды плюрализмдеуге, әр түрлі ағымдар мен дара мәдениеттер қалыптастыруға, өткен дәуірлер мен жергілікті аймақтардың көпқырлы рухани байлықтарын қайта жаңғыртуға алып келді, бұның Батыстан және Шығыстан соққан түрлі ағымдармен қатар жүргізілуде. Бұрынғы идеологиялық және рухани қондырғылардың тез арада бұзылуы, біртұтас дүниетанымды және ресми социалистік мәдениетті міндеттеп отыратын тәртіптің өзгеруі көптеген адамдар бойында рухани дағдарыс және бағдарсыздық жағдайын туғызуда, онда қарама-қарсы немесе тура антагонистік тенденциялар соқтығысып, адамдардың рухани дүниесін құлазыған жер тәрізді қалыпқа түсірді, ал бұның өзі адамдарды рухани қыспаққа түсіріп, тіпті теріс жағдайға да ұрындыруымен де қауіпті.

Бір жағынан шаруашылықта, әлеуметтік және ұлттық қатынастарда, саясатта және басқа да салаларда ағымдағы жағдайлар қыспағынан туындаған, бірақ тұрақтылығы мен келешегі жоқ «прагматикалық» түсініктер мен «шынайы» мүдделерден өзгеше бұрынғы нормативтік және құндылықтар ұстанымдары үзіліп жатқан кезде көптеген мәдениет орталықтары мен институттардың әлсіреп қалғанын немесе ыдырап кеткенін көрмей өтуге болмайды.

Оған қоса мәдениет саласын «идеологиялық» (коммунистік нысандағы) басқару жүйесінің Қазақстанда жойылуы және оған нарықтық қатынастардың енгізілуі мәдениетті қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық шындыққа үйретудің тиімді механизмдерін(тетіктерін) ұдайы іздестіріп отыруды талап етеді, арнайы мәдениет тудырушы және мәдениет қорғаушы институттар жүзеге асыратын, әлеуметтік тұрғыда ұйымдастырылған институттық жүйе ретінде және тәрбие-ағартушылық қызмет саласы ретінде мәдениетің іс жүзінде өмір сүруін қамтамасыз етудің барынша ықтималды мүмкіншіліктерін табуды қажет етеді.

Бұның бәрі Қазақстанның әлеуметтік мәдениет қауіпсіздігіне өтіп жатқан сан-салалы, көп қырлы және қарама-қайшылықты сипаттағы процестік өзгерістерді терең де жан-жақты түсіне білуді талап етеді.

Бұл жағдай теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да өте маңызды және өзекті. Сондықтан да бүгінгі Қазақстанның мәдениет кеңістігінде жүріп жатқан процестерді терең ұғыну үшін, өзекті мәні бар басты түсініктердің бірі - ондаған жылдар бойы өзінің тұжырымдық негізі жағынан қилы-қилы трансформациясын бастан кешірген «мәдениет саясаты» болып отыр.

Бұл жағынан саяси зерттеу жүргізу үшін, қазіргі кезеңде Қазақстан бастан кешіріп отырған әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани-құндылықтық трансформация жағдайында мемлекеттік мәдениет саясатын құру және іске асыру мәселелері ерекше назар аудартуда.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстанның жаңаша мемлекеттік мәдени саясатын қалыптастыру және нақты іске асыру проблемасы шектен тыс көп қырлы. Бұл проблеманың зерттелуі саясаттану, әлеуметтік мәдениеттану, философия және тарих ғылымдарының тоғысында тұр. Біз, мәдени саясаттың мақсаттары мен міндеттерін айқындаудың бастапқы методологиялық ұстанымы - мәдениеттің көпмәнділігін және оның атқаратын қызметерінің жан-жақтылығын, оның мәні мен мазмұнының көп деңгейлілігін терең түсіне білуде деп есептейміз. Сондықтан да мемлекеттің мәдениетін зерттеу мәселелері үшін мәдени саясат деген ұғымды мәдениет философиясы аясында қарастыратын қазіргі заманғы гуманитарлық білім бірден-бір теориялық база болып табылады.

Осыған байланысты біздің қоғамтанушы ғалымдардың теориялық ой-пікірлері белгілі идеологиялық себептерге байланысты әлеуметтік динамиканың кез-келген белгісі - мәдениеттің өз ішіндегі қозғалыс ретінде, жаңаша құндылық нысаналарының нәтижесі ретінде, жан-жақты әлеуметтік-мәдени заңдылықтардың қорытындысы ретінде басталатыны турасындағы айқын фактіге(айғаққа) ұзақ уақыт мән бермей келгенін көрсете кеткен жөн.

Мәдени саясат ұғымы қазіргі заманғы мәдениет философиясы және әлеуметтану ғылымдарымен бірге қалыптасты деп айтуға болады. Соңғы онжылдықта мәдени саясатқа анықтама беретін мазмұнды еңбектер шыға бастады, оларды мәдениет жасаушы процестерді басқару ісінің ара жігі ажыратылып, мәдени саясат қалыптастыру және оны іске асырудың мақсат-міндеттері, құралдары мен ұстанымдары сипатталған және негізделген, оның объектілері мен субъектілері айқындалған.

Мәдени саясаттың өзекті мәселелері ресейлік ғалымдар И. А. Бутенко, В. С. Жидков, К. Б. Соколов, О. Хлопинаның зерттеулерінде қарастырылған. Сонымен бірге М. Б. Глотов, Б. С. Ерасов, А. Я. Флиер, Е. Н. Селезневалардың еңбектірінің теориялық және тәжірибелік маңызы бар.

Мәдени саясаттың дамыған елдердегі жүзеге асу ерекшеліктері мен тәжірибесін зерттеуге үлес қосқан батыс зертеушілерінің арасынан С. Манди, Ф. Матарассо, М. Пахтер, Ч. Эндри, Кангас Анита мен Онсен-Францен Жильді атап өтуге болады.

Қазақстандағы мемлекеттік мәдени саясаттың әр түрлі қырларының зерттелуіне Л. А. Байдельдинов, М. Х. Балтабаев, Ғ. Ж. Ибраева, Р. К. Қадыржанов, Ә. Н. Нысанбаев, А. А. Нұрмағанбетов, М. А. Сейтасқаров, Г. К. Шалабаева және И. Н. Тасмағамбетов үлкен үлес қосты.

Сонымен бірге Қазақстандағы өтпелі кезеңнің мәселелері Б. Г. Аяған, А. С. Балғымбаев, А. Қ. Бижанов, К. Н. Бұрханов, Ж. Х. Жүнісова, С:З. Нарматовтың және тағы басқа зертеушілердің еңбектерінде зерттелді.

Ғылыми әдебиеттерде әлі де болса «мәдени саясат», «мемлекеттік мәдени саясат» ұғымдарын жаппай ұғыну болмай отыр, әсіресе мәдени саясаттың субъектісі мен объектісі мәселелерінде пікірталастар бар. Сондықтан бұл зерттеуде қазіргі кезде Қазақстан бастан кешіріп отырған әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани трансформация жағдайында мемлекеттік мәдени саясатты қалыптастыру, оны іске асыру мүмкіндіктері мен оған әсер ететін факторларды анықтау мәселелері қарастырылған.

Зерттеу объектісіне Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатының қалыптасу процестері жатады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңдегі дербес мемлекеттік мәдени саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен жүзеге асырудың өзекті мәселелерін зерттеу диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Осыған орай мынадай міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігі пайда болды:

• посткоммунистік қоғамдарда кеңінен қолданыла бастаған «мәдени саясат» ұғымының мазмұны мен мәнін ашып көрсету;

• өтпелі кезеңдегі Қазақстан қоғамының мәдени жүйесіндегі жағдайға талдау жасау және оның даму ерекшеліктерін анықтау;

• Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мәдени саясатты қалыптастырудың институттық және заңдық негіздеріне талдау жасау;

• қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мәдени саясатының басым бағыттарын анықтау;

• Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатын құрудағы ішкі және сыртқы факторлардың ролін анықтау.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатын қалыптастырудағы негізгі қайшылықтарды айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мемлекеттік мәдени саясат мәселелеріне Қазақстанда тұңғыш рет кешенді түрде политологиялық талдау жасалынуымен айқындалады.

Нақтылап айтқанда, зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегі тұжырымдармен сипатталады:

• «мемлекеттік мәдени саясат» ұғымының мазмұны мен мәні негізделген;

• Қазақстандағы мәдениет саласының қал-ахуалына талдау жасалған және қоғамның әлеуметтік, саяси трансформациясы жағдайындағы дамуының мазмұндық ерекшеліктері ашылған;

• тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мәдени саясатының басым бағыттарының қалыптасу процесі зерттелген;

• Қазақстан Республикасы мәдени саясатының қалыптасуының институционалдық және заңдық негіздері зерттелген;

• Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатының қалыптасуына ықпал еткен ішкі және сыртқы факторлар айқындалған;

• тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатын орнықтырудағы негізгі қайшылықтар анықталған.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Қазақстан Республикасы мемлекеттік мәдени саясатының қалыптасуы мен іске асырылуы мәселесі өз өзгешелігіне орай арнайы пәндік ерекшеліктері мен зерттеудің мақсатын, нақты талдаудың логикасы(қисыны) мен методологиясын (әдістемесін) қажет етеді. Аталмыш зерттеудің міндеттерін орындаудағы тағы бір ерекшелік - оның тек белгілі бір пән ішіндегі тар түсініктердің шеңберінен тысқары жатқандығымен сипатталады.

Аталмыш диссертациялық зерттеу үшін мәдениет философиясы және құндылықтар теориясымен тығыз байланыстағы аксиологиялық тәсіл аса маңызды болып табылады. Диссертацияда аксиологиялық методология құндылықты-нормативтік тәсілді кеңінен қолдануға негізделеді. Онсыз «мәдениет», «мәдени саясат», «жаңа мәдени саясат», «мәдени плюрализм принципі», «ұлттық бірегейлік» (идентичность) және т. б. негізгі ұғымдарға талдау жасау мүмкін емес.

Ғылым ретіндегі саясаттануға қойылатын қоғамдық маңыздағы жаңа талаптарды ескере отырып, диссертация авторы рухани феномен түріндегі мәдениет ұғымына және оны идеалды анықтауға ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-мәдени нақты болмысты мойындауға баса назар аударады.

Диссертацияның деректік қорын қазақстандық және шетелдік зертеушілердің еңбектерімен қатар, мәдени саясатқа байланысты өткізілген дүние жүзілік және халықаралық конференцияларда қабылданған бағдарламалық құжаттар, ҚР Ата заңының негізгі қағидалары, мәдени даму мәселелері бойынша елімізде шыққан жаңа заңдар, Президенттің жарлықтары, Өкіметтің қаулылары, Қазақстан халықтары Ассамблеясының құжаттар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, саяси және әлеуметтанымдық зерттеулердің мәліметтері, анықтамалар, статистикалық жинақтар мен мерзімді баспасөз құрайды.

Диссертация жазу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздікке бес жыл» /31/, «Ғасырлар тоғысында» /32/, еңбектері мен оның әр жылдардағы Қазақстан халқына арналған Жолдауларының маңызы зор болды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның басты қағидалары мен тұжырымдары қазақстандық қоғамды демократиялық реформалау процесі тұсында рөлі үнемі өсіп келе жатқан мемлекеттік мәдени саясатты жетілдірудің ғылыми негізі қызметін атқаруымен түсіндіріледі. Диссертацияның нәтижелерін жоғары оқу орындарында саясаттану және әлеуметтік мәдениеттану пәндері аясында өткізілетін арнайы курстарда пайдалануға болады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Жұмыста қойылған міндеттер мен мақсаттар және зерттеудің логикасы диссертацияның келесі құрылымын анықтайды: кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. МӘДЕНИ САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мәдени саясатты зерттеудің негізгі концепциялары

Егеменді Қазақстанның жаңа мәдени саясатын қалыптастыруға бүкіл әлеуметтік таным салалары, оның ішінде саясаттану саласы да үлкен қызығушылық танытып отыр. Мәдени саясат мәселелерін зерттеудің өзектілігі - Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты ерекше күшейе түсті, өйткені кеңестік дәуірде әлеуметтік саясатқа жетекшілік жүргізу біртүтас одақтық орталық арқылы іске асса, қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік дамуын дербес басқару қажеттілігі туындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
МӘДЕНИ САЯСАТ ПРИНЦИПТЕРІ
Демократия жайлы
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы. (1991-2006ж.ж)
Саясат субъективті сипаттағы құбылыс ретінде
Әлеуметтiк саясат мәнi, жiктелiнуi және таратылу механизмдерi
Гендерлік саясат қазақты қайда апарады
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz