Өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру (ААҚ «Ақ Алтын» мысалында)


Тақырыбы: «Өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру (ААҚ «Ақ Алтын» мысалында) »
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . . 3
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ……… . . . …. . 6
- Нарық жағдайында өнімнің бәсекелік қабілетінің ұғымы, мағынасы . . . 6
- Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің бәсекелік қабілетін арттырудың мәні……… . . . . . . . . 13
- Өнімнің бәсекелік қабілетіне әсер ететін факторлар… . . . ………. . 21
.
2. Бөлім. МАҚТА ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИ-КАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТІН ТАЛДАУ …… . . . 24
- «Ақ Алтын» ААҚ-ның негізгі технико-экономикалық көрсет-кіштері…… . . . . . . . ………24
- Кәсіпорында өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау… . . . …… . . . …. 42
3. Бөлім ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ . . . 48
- Өнімнің бәсекелік қабілетін арттырудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері . . . ……. . 48
- Өнімнің бәсекелік қабілетін көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы…… . . . …… . . . 59
- Бәсекелік қабілетті арттыруда - сапа, баға, маркетинг жүйелерін жақсарту жолдары…… . . . . . . ………65
ҚОРЫТЫНДЫ78
Қосымшалар. 81
Пайдаланылған әдебиеттер . . 84
КІРІСПЕ
Кеңес Одағының ыдырауынан кейін, одақтан шыққан елдердің экономикасы терең дағдарысқа түсті. Бір-бірімен тығыз байланысты болған жүйенің өз алдына жеке мемлекет болып дамып кетуі қиынға соқты. Қазақстан экономикасының дамуына ең басты кедергі болатын мәселе тек шикізат базасы болып қалуы. Өңдеуші, өндіруші салалардың жете дамымауы ел экономикасына кері әсерін тигізді.
Ауыл шаруашылығы өндірістері «Қазақстан-2030ң стратегиясында көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: «Тек шикізатқа ғана бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы жүріп барадың.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның бәсекелік қабілеті болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, дипломдық жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында мақта өнімдері нарығындағы мақта тауарларының бәсекелік қабілетін арттырудың жолдарын қарастыруды алдым. Дипломдық жұмыс обьектісі болып «Ақ Алтын» ААҚ-ы табылады.
Міндеттері ретінде :
− өнімнің бәсекелік қабілетінің нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− мақта өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Ақ Алтын» ААҚ-на жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өнімінің бәсекелік қабілетін талдау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы мақта-шикізаты өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттырудың жолдарын қарастыру, сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Бірінші тарауда өнімнің бәсекелік қабілетін арттырудың теориялық мәселелері қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мәні анықталады.
Екінші тарауда ауыл шаруашылығының мақта шаруашылығы саласында ондаған жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан «Ақ Алтын» ААҚ-на жалпы сипаттама беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын өнімінің бәсекелік қабілетіне баға беріліп, оны арттырудың жолдары қарастырылады.
Үшінші тарауда өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру бағыттары келтірілген. Мақта шаруашылығы саласындағы қызмет етуші кәсіпорындар шаруашылығымен облыс ауқымында танысып, мақта егумен айналысатын әр ауданның табиғи-экономикалық жағдайларының қолайлылығына байланысты алынатын мақта-шикізатының сапасын, түсімділік мөлшерін, бәсеке қабілеттілігін арттырып, мақта-шикізатының өзіндік құнын төмендетуге, еңбек, жер, су, тыңайтқыш ресурстары мен техникалық құралдарды рационалды пайдаланып, ұсынылған арнайы технологияларды қолдану барысында оң нәтижелерге жететіндігі жөнінде мысалдар келтірілген. Сондай-ақ өндірістің бәсекелік қабілетін арттыудағы : ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктер; өнімнің бәсекелік қабілетін көтерудегі кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіруі; сапа, баға, маркетинг жүйелерін жақсарту жолдары туралы сөз болады.
1. НарыҚтыҚ жаҒдайда ӨнімніҢ бӘсекелік Қабілетін арттырудыҢ теориЯлыҚ мӘселелері
- Нарық жағдайында өнімнің бәсекелік қабілетінің ұғымы, мағынасы
Тауардың бәсекелік қабілеті нарықтық қатынастарға қатысушылардың нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы. Тауарлардың бәсекелік қабілеті оның нарықтағы салыстырмалы қалпын анықтаушы, тұтыну және құндық қасиеттерінің жиынтығы ретінде ұғынылады.
Бәсекелік қабілет салыстырмалы шама болып табылатындығын ескерген жөн. Бір нарықта бәсекелі болған тауар келесі бір нарықта ондай болмауы мүмкін. Сонымен қатар оған уақыт факторы да әсер етеді. Бәрі тауардың нарықта өткізілуінің нақты жағдайлары мен бәсекелестердің іс-әрекетіне байланысты.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың жалпы ережелері:
− тауарды өткізу нарығын таңдау және талдау;
− ұқсас тауарларды өндіретін және өткізетін бәсекелестерді зерттеу;
− салыстыру бағасы ретінде бәсекелік қабілеті жоғары ұқсас алу мен негіздеу;
− бағалауға тиісті параметрлердің қажетті тобын анықтау;
− параметрлердің сәйкес топтары бойынша бірегей көрсеткіштер
жиынын белгілеу;
− тауар топтары бойынша көсеткіштерді талдау, анықтау және талдау әдістемелерін таңдау;
− кәсіпорын тауарларының бәсекелік қабілетінің интегралды көсеткіштерін есептеу;
− тауар өңдеуге қатысты кәсіпорынның тауар саясатын әзірлеу;
Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі мен маңызы үнемі өсіп отырады. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.
Тауардың бәсекелік қабілетін бағалаудың типтік сызбасы
1. Сурет
Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі - тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.
- Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;
− сұраныс пен ұсыныс қатнастарына байланысты, бәсекелестер саясатына байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы;
- Өнім сапасы :
− өнімнің техникалық-функционалдық қасиеттері;
− қосымша пайдалылықтың болуы;
− өнімнің танымалдық деңгейі;
- Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
− жарнаманың тиімділігі;
− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Ғаламдану белгісімен өтіп жатқан соңғы он жылдық экономикалардың әлемдік деңгейдегі бәсекелік қабілеті мәселесін өршітті. Қазақстан үшін ең өзекті мәселе болып отандық өндірушілер қызметінің тиімділігін өсіруге сүйеніп, елдің бәсекелік қабілетін арттыру табылады.
М. Портер бойынша өндірушілердің бәсекелік артықшылықтарының 5 негізгі типін бөліп көрсетуге болады:
- жаңа қатысушылардың нарыққа кіру қаупі;
- сатушының нарықтағы билігі;
- тұтынушылардың нарықтағы билігі;
- бәсекелестер арасында тиімді жағдайға тырысу;
- ауыстырушы өнімдердің пайда болу қаупі;
Бәсекені талдауға қатысты бірнеше теорияларды, атап айтқанда Вернанның халықаралық саудадағы өнімнің өміршеңдік циклі теориясын, Майкл Портердің халықаралық бәсеке теориясын К. Рожковтың елдер бәсекесі теориясын жалпылау негізінде бәсекелік артықшылықтар келесі себептерге байланысты қалыптасады:
− ел үкіметімен қалыптастырылатын капиталды орналастыруға және салық төлемдері мен трансакциялық шығындар, сонымен қатар кәсіпорындарға үнем алуға жол беретін қолайлы салық бюрократиялық тәртіп;
− тиімді орналасуы (көлік және ақпараттық коммуникацияларға, сауда тараптарына және инфрақұрылымның басқа элементтеріне жақындығы) ;
− төмен пайыздық ставка (қарыз капиталының арзандығы) ;
− табиғи ресурстар, территория литосферасы мен гидросферасының ресурстары мен жұмысшы күшінің қолайлылығы.
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Атап айтқанда : «Сапаң бағдарламасы, «Жеңіл және өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жж, арналған бағдарламасың, «Сертификаттау туралың, «Стандарттау туралың, мақсатты-отандық өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылатын «Демпингке қарсы шаралар туралың, «Теріс пиғылды бәсеке туралың, ішкі нарықты, шет мемлекетпен сусидияланатын импорт тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға бағытталған «Субсидиялармен орын толтыру шаралары туралың және т. б. заңдар.
«Сапаң Республикалық бағдарламасының негізгі мақсаттары мен қызметтері келесідей :
− өнімдер мен қызметтер сапасы саласында мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз ету, жетілдіру;
− басқару нысандары мен әдістерін жетілдіру;
− отандық өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыруға бағытталған ҒТП жетістіктерін енгізу;
− өнімдер мен жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сетификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға көшу;
− стандарттау, метрология мен сертификаттау саласында кадрларды дайындау;
− сапаны артыру саласында іс-шаралар ұйымдастыру мен насихаттау.
Ішкі факторға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар болып білікті менеджмент, сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т. б. табылады.
Бәсекелік қабілетті қамтамасыз етуде ХХ-ғасырдың 80-ші жылдары сапаға деген талап шешуші болды. Сатып алушылардың 80 %-ы өнімді әлемдік нарықта сатып ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор :
− функционалдық қасиеттер тұтыну затының өз мақсаттық бағытына сәйкес келуін көрсетеді. Олардың негізгі функцияларының, көмекші операциялар мен қосымша операциялардың дәл орындалуын көрсетеді.
Мысалы, кір жуғыш машинаның функционалдық қасиетіне оның кір жууын жатқызамыз. Көмекші функциялар - электронды сағаттарда калькулятордың болуы;
- әлеуметтік арналымы тауардың әр-түрлі халық тобына арналғандығы;
- эргономиялық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі ыңғайлылық пен комфорт, яғни адамға физикалық, психологиялық ауыртпалық түсірмеу. Мысалы, автомобильде басқару жүйелерінің орналасуы және т. б.
- эстетикалық қасиеттер тауардың көңілге аларлықтай ерекшеліктер арқылы қоғамдық құндылыққа ие болуы. Мысалы, сәнді киім, әдемі ыдыс-аяқ және т. б.
Poole computer компаниясының тек түсімен ғана ерекшеленетін жаңа компьютер шығаруы, итальяндық Zanussі фирмасының әр-түсті асхана жихазын шығаруы.
- экологиялық қасиеттері, бұл тауарды қолдану қоршаған ортаға қаншалықты зиян болғандығымен анықталады. Мұнда тек тұтыну заты ғана емес, сақтау, тасымалдау және т. б., үрдістер ескеріледі. Мысалға кір жууға арналған ұнтақтың биологиялық тазалығы, аэрозольді заттардың ауаға әсері және т. б.
- гигиеналық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі адам ағзасына, жұмыс жасау қабілетіне кері әсер етпеу мүмкіндігі. Олар жарықтылық, вентиляция, температура, ылғалдылық деңгейі және т. б.
- тауардың тұтынудағы сенімділігі, яғни тұтыну кезіндегі өзінің негізгі ерекшеліктерін сақтап қалуы. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен, жөндеуге жарамдылығымен т. б. -мен анықталады. Мысалы, матаның сенімділігі жуғанда өз түсін сақтап қалуы.
Өңдеуші және тамақ өнеркәсіптері өнімдерінің бәсекелік қабілетін анықтау үшін келесі формула ұсынылады :
ТҚДқ Бб СҰДқ
БҚқ = * *
ТҚДб Бқ СҰДб
Мұндағы: БҚқ- қарастырылып отырған тауардың бәсекелік қабілет көрсеткіші;
ТҚДқ және ТҚДқ- қарастырылып отырған және бәсекелес тауарлардың тұтыну құнының деңгейін бағалау;
Бб және Бқ- қарастырылып отырған және бәсекелес тауардың бағасы;
СҰДқ және СҰДб- салыстырылып отырған тауарлардың сатылуының ұйымдастырылу деңгейін баллмен бағалау.
Әрбір бағаланып отырған бұйымға эксперттермен 0-ден 10-ға дейін баға қойылады. Егер ТҚД 10-ға тең болса, онда тауардың бүкіл тұтыну қасиетінің деңгейі бұл қасиеттерге тұтынушымен қойылған талаптардың деңгейіне толығымен сәйкес келеді.
БҚД квалиметрия ережелеріне сәйкес, орташаланған геометриялық шамалар ретінде анықталады.
БҚД = q1 m1* q2 m2 *…* qn mn
q1, q2, …., qn - бұйымның жекелеген тұтыну қасиеттерінің баллдық бағасы;
m1, m2, …., mn - тұтыну қасиеттерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффициенті.
Нарықта тауарды таңдай отырып, сатып алушы тек оның бағасы мен тұтыну қасиеттеріне ғана қызықпайды. Ол үшін маңызды рөлді тауардаң сатылуының ұйымдастырылу деңгейі де атқарады. Ол негізінен сатуды ұйымдастыру орны мен уақыты көрсеткіштері.
СҰД = b1 n1 * b2 n2 *…* bp np
b1 b2……bp - тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштердің баллдық бағасы;
n1 n2……np - тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффициенті.
Сатып алушы А тауарын және басқа бәсекелестердің тауарларының бәсекелік қабілет деңгейін, бағасын және сатудың ұйымдастырылу деңгейін салыстырады, және осы салыстыру негізінде бір тауарды қалайды.
1. 1-ші формуладан бәсекелік қабілетті арттырудың негізгі бағыттары шығады. Бұл бағыттарды үш топқа бөлуге болады : техникалық, экономикалық және ұйымдастыру.
Техникалық бағыт ең алдымен өнімді дайындау технологиясын, дәмін, иісін, сіңімділігін және т. б. -ны жетілдірумен байланысты.
Экономикалық бағыт бағалық саясатпен тікелей байланысты. Мұнда мәселе бағаның төмендеуіне әкелетін бағалық бәсеке жайлы болады. Фирмалар кейде нарықта қалу үшін ғана бағаны тауардың өзіндік құнынан төмендетеді де шығынға ұшырайды. Бұл одан да көп шығын болдырмай жәнеуақыт жеңуге жол беретін соңғы шара. Уақытты ұту өндірісті қайта құруға, жаңа технология енгізуге жәнешығындарды қысқартуға жол береді.
Нақты өнімнің бәсекелік қабілет деңгейін арттыру үшін өндіруші :
- сату бағасын төмендетеді;
- өнімнің сапасын және тұтыну қасиеттерін арттырады;
- тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін жақсартады.
Бағаны белгілі деңгейге дейін төмендетуге болады. Өзара байланысты үрдістердің байланысы келесідей : бағаны төмендету - сату көлемін ұлғайту - өнімді көп мөлшерде шығару - өнімнің өзіндік құнын шартты тұрақты шығындар есебінен және озық технологияны пайдалану арқылы төмендету - пайданы көбейту.
Соңғы кезде ішкі нарықта, жекелегенде тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдері нарығында импорт тауарлары көп кездеседі. Бұл жағдай мемлекеттің араласуынсыз шешілмейтіні белгілі. Осыған байланысты республикамыз импорт алмастыру саясатына бет бұрды. Осы саясат негізінде импорт алмастыру бағдарламасын 2001 жылдан бастап тәжірибеге енгізе бастады.
- Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің бәсекелік қабілетін арттырудың мәні
Қазіргі уақытта мемлекеттің ішкі нарығы шетелден келетін импорттық өнімдерге тәуелді. Алайда импортты ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық пен алмастыру мүмкіндіктері бар, олар жеткілікті ауыл шаруашылық алаңдарымен және оларды пайдаланудың биоклиматтық потенциалымен анықталады.
Азық-түлік тауарларын импортпен алмастыру деп тұрғындардың өмірі мен денсаулықтарын сақтауға қажетті деңгейде импортты тауарларды отандық өндіріс өнімдерімен алмастыру есебінен сапалы тұтыну өнімдерімен жабдықтау ұғынылады.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық өндірісінің қысқаруы отандық өнімдерге деген бағалардың жоғарлауынан жалпы тұтыну сұранысының қысқаруымен, азық-түлік, киім-кешек және басқа да жабдықтау заттары импортының өсуімен шартталады.
Алайда соңғы жылда терең дағдарысқа және ауыл шаруашылық өндірісінің қысқаруына байланысты ауыл шаруашылығын қажетті ассортиментті және сапалы шикізаттармен қамтамасыз ету мәселесі көкейкесті болып отыр.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнеркәсібінің дамуын келесі факторлар тежейді :
- шикізат сатып алуға арналған меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі;
- ауыл шаруашылық шикізатты өңдеу жөніндегі өндірістің жеткіліксіздігі;
- ауыл шаруашылық шикізатын терең қалдықсыз өңдейтін өндірістердің болмауы;
- ауыл шаруашылығында өндіріс орындарын құруға материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі;
- ауыл шаруашылығы өндірісінде қазіргі заман талабына сай кадрлардың жетіспеушілігі және ауыл шаруашылық өндірісін дамытуда мемлекеттік және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттардың жетіспеуі, инвестиция көздерінің тартылмауы және мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер, қолдаулардың аз болуы.
1999-2000 ж. ж. ұқсас тауарлар импортын шектейтін, отандық кәсіпорындар жұмысын ынталандыратын ҚР Үкіметінің бірқатар қаулылары қабылданды. Салаға инвестицияның жыл сайын өсуі сәйкесінше 193% және 232% құрады, бұл көптеген кәсіпорындардың жұмысқа қабілетсіздігін қалпына келтіруге импортқа табысты қарсы тұруға және ауыл шаруашылық өнімін тұтыну көлемінде отандық өнім үлесін 60% -дан 70%-ға дейін өсіруге жол береді.
Мақта және мақта-шикізаты өнімері нарығында отандық өнім үлесі 11. 3% (Сур. 2) . Алайда ішкі нарықта тұтынуға дайын жоғары деңгейдегі отандық дән өнімдерінің ассортименті, сонымен қатар кондитер, нан пісіруде пайдаланылатын дәннен өңделген өнімдер жоқ. Крахмал, миа, кликовина импорты соңғы 10 жылда 4 есе өсті, есесіне мақта өнімдері экспорты 1. 6 есе өсті.
Мақта, мақта шикізаты өнімдеріндегі импорт пен отандық өнім үлесі (1-импорт, 2-отандық өнім) .
2. Сурет.
Сыртқы нарықтарда тұтыну өнімінің бәсекелік қабілеті, ең алдымен оның сапасы мен өнімнің жоғары әлемдік стандарттарға, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестігіне байланысты. Маңызды рөлді мұнда тұтынушылардың қалаулары да атқарады. Мұндай тауарлардың бағалық бәсекелік қабілеті сыртқы нарықтарда екінші орында.
Қазіргі кезде отандық өнімдердің бәсекелік қабілетін ең алдымен ішкі нарықтарда арттыру керек. « Экономикалық зерттеу институтың Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынмен жүргізілген ішкі нарықты зерттеу; өндірушілер, сатушылар мен сатып алушылардың ойын есепке алу негізінде дайындаған «Отандық тауарлардың бәсекелік қабілетінің жағдайың таңдамалық шолу негізінде ауыл шауашылық, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің отандық тауарларының бәсеке қабілеттілігін арттыру шаралары мен жағдайы жайлы негізгі қорытындылар жасалған. Сапасы жақсарған тауарлар әдетте импортталынатындардан, ең алдымен ресейліктерден қымбат. Негізгі мәселе - бағаны төмендету, бұл республика халқының көп бөлігінің кедейленуімен байланысты маңызды.
Бағдарлама мақсаттары болып :
- ауыл шаруашылық және жалпы жеңіл өнеркәсібі мен тамақ өнеркәсібінің кешенді дамуын қалпына келтіру және жылдамдату, кәсіпорындардың техникалық және технологиялық артта қалуын жою;
- сапа мен ассортиментті жақсарту, өндіріс шығындарын төмендету есебінен өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру;
- отандық экономиканың тоқыма, тігін және былғары аяқ киім өнімі импортына дағдарыстық тәуелділікті жою;
- шикізат және тамақ қосындыларын, дайын тамақ өнімін өндіруді кешенді дамыту, ішкі нарықтан әлемдік тауар нарықтарына жылжыту;
- отандық өнімнің бәсеклік қабілетін ішкі және сыртқы нарықтарда қамтамасыз ету үшін салық және кеден тәртібін жетілдіру;
- кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық жағдайын сауықтыру;
- салаға инвестиция тарту және кәсіпорындардың екінші деңгейдегі банктермен несиеленуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
- жоғары технологияны, бәсекелі өнімді ішкі және сыртқы нарыққа шығаруды қамтамасыз етуші ең тиімді деген кәсіпорындарды селективті инвестициялық қолдау мен басымдықтарды анықтау;
- өндірісті ұйымдастыру мен дамыту, бизнес жоспарларды рәсімдеу жөнінде кәсіпкерлерге техникалық, технологиялық және әдістемелік көмек көрсету;
Қазақстан тауарларының бәсекелік қабілетінің жоғарылауына жағдай жасайтын негізгі шаралар келесілер :
- ағымдағы статистикалық есеп-қисап, сонымен қатар арнайы зерттеулер мен коньюктуралық сұрау негізінде бәсекелік қабілет саласында жүйелік зерттеулер ұйымдастыру және пайдалану;
- микродеңгейде менеджмент пен маркетингті жақсарту. Менеджмент ең алдымен өндіріс шығындарын төмендетуге бағытталу керек;
- негізгі әріптес елдермен саудада есептесетін нақты тиімді айырбас курсының мониторингі. Оның қысқа мерзімде күрт жоғарылауына жол бермеу;
- пайыздық ставканы ішкі нарыққа бағытталған өндіріcтерді несиелеу мүмкін болатын деңгейге дейін төмендету;
- тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуды мемлекеттік деңгейде ақпараттық қолдау. Нарықтарды білу, бәсеке деңгейін және бәсекелестерді білу, инвесторлармен шикізат пен материалдарды жеткізу, өнімді өткізу жөнінде стратегиялық әріптестерді іздеу қажет;
- табиғи монополиялар аясында бағаны қатаң реттеу;
- жекелеген тауарлар өндірістерін монополиясыздандыру және ҚР-ның «Теріс пиғылды бәсеке туралың Заңының бұзылуына жол бермеу;
- өндірістің техникалық және технологиялық деңгейін арттыру мақсатында шетел инвесторларын жекелеген тұтыну тауарларын өндіруге тарту. Әлемге белгілі фирмалық және сауда белгілерін пайдалану құқығын алуға мемлекеттің көмек көрсетуі;
- импортты саясат, жоғары баж салықтарын дайын өнімге, ал шикізатқа төмен деңгейде салынатындай қалыптасуы керек.
Импортты алмастыру Бағдарламасының негізгі қағидалары болып мыналар табылады :
- ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz