Қазақстандағы омыртқасыз жануарлардың түрлері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Қазақстандағы

омыртқасыз жануарлардың түрлері

Орындаған: Қамысбаева П. С.

050113 - биология

301 топ

Тексерген: Ералиева Ж. М.

Алматы, 2009

ЖОСПАР

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Омыртқасыз жануарларды Қызыл кітапқа енгізу 1993 жылы желтоқсанда Қаз ССС ҒА зоология институтында өткен сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар түрлері жайлы II Республикалық кеңесте талқыланып, дұрыс шешімін тапқан еді.

Алғашқыда Қызыл кітапқа омыртқасыз жануарлардың 650 түрін енгізу ұсынылған болатын, оның 615 түрі насекомдар еді. Көптеген талқылаулардан кейін 105 түрі іріктелініп алынды да, 1991 жылы аз санды ротопринтті Қызыл кітап жарық көрді.

1988 жылы Қазақстан Қызыл кітабының 3 басылымының 1 томын (жануарлар) II бөлімін жеке (омыртқасыздар) басылымға үлкен мамандар тобы дайындады. Омыртқасыз жануарлар атты қосымша кітапты көп тиражда шығаруға шешім қабылдады. Мұнда барлық омыртқасыз жануарлар жайлы қысқаша мәліметтер берілген (А. Б. Жданко, И. И. Кабак, С. Р. Қадырбеков, С. Р. Насырова, В. П. Казенас т. б. ) .

Омыртқасыздар барлық жерде: топырақта, тұщы және тұзды су қоймаларында кездеседі, көптеген түрлері басқа организмдерде масыл болып тіршілік етеді. Омыртқасыз жануарлар табиғатта зат айналымында маңызды қызмет атқарады.

Омыртқасыздардың көптеген түрелерінің эстетикалық мағызы бар, олар табиғатқа сән беріп, әуесқойлық жинақтардың нысанасы (моллюскалар, жарғаққанаттылар, көбелектер, қоңыздар, тікқанаттылар т. б. ) болып табылады.

Омыртқасыздар ғылымда жалпы биологиялық құбылыстарды зерттеуде кең қолданылады. Мысалы, жеміс шыбынын алатын болсақ, ол маңызды генетикалық көптеген жануарларды ашуға көмектесті.

Табиғи ресурстар, соның ішінде омыртқасыз жануарлар ресурстары ұлт байлығы, еліміздің гүлденуі мен материалдық байлығының маңызды көзінің бірі болып табылады.

Біздің елімізде бағалы омыртқасыздардың үлкен қоры бар. Ең алдымен олар - өсімдіктерді тозаңдандырушылар.

Біздің заманымызда көптеген омыртқасыз жануарлар адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен қатты зардап шегуде. Оның басты себебі - өндірістің, ауыл шаруашылығының дамуы нәтижесінде жаңа жерді игеру, су қоймаларын, атмосфераны және т. б. ластау. Осы жағдайлар біздің елімізде де омыртқасыздар фаунасына кері әсерін тигізуде.

ПОЛЯК КАРМИН СЫМЫРЫ

Поляк сымыры Насекомдар класы (Insecta), теңқанаттылар отряды (Homoptera), кокцидтер немесе сымырлар отряд тармағы (Coccinea), алып және кармин сымырлары (Margarodidae) тұқымдасына жатады. Бұл - кең таралған, көп кездесетін, көпқоректі түр. ОЛ Еуразияның Орталық Еуропадан Шығыс Моңғолияға дейін және оңтүстікте Солтүстік және Батыс Тянь - Шань арқылы Гиссар жоталарына дейінгі далалы, орманды далалы табиғи аймақтарының көп жерлерінде тіршілік етеді.

Ересек аналықтардың сыртқы пішіні есек құртқа ұқсас. Оның денесі қою қызыл түсті, сопақша, ұзындығы 8 мм-ге дейін, денесі бас, кеуде, құрсаққа бөлінбеген, бунақтары анық. Алдыңғы аяқтары қазуға бейімделген, ортаңғы және артқы аяқтарына қарағанда ірілеу. Аталығы қою қызыл күрең түсті, ұзындығы 4 мм-ге дейін, денесі бас, кеуде және құрсаққа анық бөлінген. Алдыңғы қанаттары жақсы жетілген, артқы қанаттары толық жетілмеген, құрсағының соңында ұзын, ақ, шыны тәрізді шоқ құйрық жіпшелері болады.

Поляк кармин сымыры жылына бір рет ұрпақ береді. Қоректік өсімдігінің тамыр қуысында, топырақта қыстан шыққан бірінші даму сатысындағы дернәсілі көктемде тамырға жорғалап шығып, түлейді. Сөйтіп, екінші даму сатысындағы дернәсілге ауысады, оны циста деп атайды. Бұл циста тәрізді дернәсілдер қозғалмайды, шеңбері 2 - 8 мм шар тәрізді болады, олар топырақ қабатымен немесе өсімдік ұлпаларымен жабылған, бұл дернәсілдердің мұртшалары, аяқтары және көздерінің бастамасы ғана болады. Цистның түсі жылтыраған қызғылт күлгін түсті болады, сондықтан оларды «топырақ маржандары» деп атайды. Бірінші даму сатысындағы дернәсілдің негізгі қызметі - қоректік өсімдігін іздеу (оларды сонымен қатар «қаңғымалар» деп те атайды), ал цистаның қызметі - қоректену, осы уақытта олар ересекке айналу және көбею үшін күш жинайды. Олар ұзын тұмсығымен қоректік өсімдігінің шырынын сорып қоректенеді. Поляк сымыры дамуының басқа сатыларында қоректенбейді. Одан әрі маусым ортасы мен шілдеде ұсақ цистаның біразы аталықтың қозғалғыш дернәсіліне айналады, оның сыртқы пішіні аналыққа ұқсас болады, бірақ мөлшері ұсақ және денесі ұзындау болады. Аталықтың қозғалғыш дернәсілдері бірнеше күннен кейін, аталықтың қозғалмайтын нимфаларына айналады, олардан ересек аталықтар шығады. Аналықтар мен аталықтар бір мезгілде пайда болады. Таңертең және кешке аталық пен аналық жер бетіне көбею үшін шығады. Осыдан кейін аналық топырақтың беткі қабатына қайта кіріп көміледі, сөйтіп денесінің айналасына ақ түк бөліп шығарады да, өледі. Денесі кеуіп қалған аналықтың ішіндегі жұмыртқадан бірінші сатыдағы дернәсіл пайда болады. Оның біразы келер көктемге дейін осында қалады, ал қалғандары қоректік өсімдігінің тамырына қыстау үшін жылжып шығады.

Аналық пен аталық шағылысу үшін топырақ бетіне таңертең (сағат 8:00-ден 11:00-ге дейін) немесе кешке (сағат 18:00 - 20:00w) шығады. Жарық аз болған кезде, таңертең мен кеште ересек аналықтар мен аталықтар топырақ бетінде жарыққа қарай қозғалады. Біраз уақыттан кейін күндізгі жарық (жоғарғы температура) сымырды қайтадан топырақ астына кетуге мәжбүр етеді. Аналықтарының көзі дұрыс жетілмеген, тек қызыл дақ ретінде ғана болады. Тек «жарық, қараңғы немесе өте жарықты» айыра алады. Аталықтарының жұп көзшелерінен басқа, аналықтарын іздеуге қажетті күрделі фасеткалы көздері болады. Қуаң дала жағдайында поляк сымырының аналығы қысқа күйттеу ойынынан кейін, бірден топыраққа қайта енеді. Көп уақыт жер бетінде өткізетін далалы жер аналықтары осынысымен ерекшеленеді. Осы кезде олар насекомқоректі омыртқалылар (әр түрлі құстар) мен жыртқыш омыртқасыздардың (кенелер мен құмырсқалар) жемтігіне айналады.

Поляк сымыры Порфирофора туысының 50 түрлі кармин сымырының ішіндегі ең көпқоректісі болып табылады; 17 тұқымдас өсімдігімен қоректенеді. Еуропада бұл түр 15 тұқымдасқа жататын 60 қоректік өсімдігінің тамырында қоректенеді, мысалы, астық тұқымдастар (Poacea), қалампыр тұқымдастар (Caryophyllaceae), раушангүлдер тұқымдасы (Rosaceae), қазтамақтар тұқымдасы (Geraniaceae), сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae), шатыргүлдер тұқымдасы (Apiaceae), күрделігүлділер тұқымдасы (Asyeceae), ерінгүлділер тұқымдасы (Lamiaceae) және т. б.

Қазақстанда бұл түр 5 тұқымдас, 9 туыс, 13 түрлі өсімдіктен (қалампырлар, рашангүлдер, астрагүлдер, т. б. ) белгілі. Әдетте бұл түр Қазақстанда қазтабан (Potentilla bifurca) тамырында тіршілік етеді. Поляк сымыры Моңғолияда қараған (Caragana) туысының 5 түрінің тамырында қоректенеді.

Поляк кармин сымырын (осы туыстың басқа түрлері сияқты) ерте уақытттан бері адам қызыл түсті бояу, яғни кармин өндірудің шикізат көзі ретінде пайдаланды. Кармин соңғы үш мың жылда маталарды, кілемдерді, азық - түлікті және косметиканың шикізаттарын бояуға пайдаланылды. Бұл көптеген Еуропа және Азия халықтарының мәдениетінде терең із қалдырды. Қалаған іздің тереңдігі сонша, көптеген тарихи түсініспеушіліктер және боямық атауына байланысты қателіктер тудырды. Себебі Еуропада Америка ашылғаннан кейін поляк кармин сымырының жаңа аты «поляк кошенилі» пайда болды, ол Мексика боямығына ұқсас. Өйткені бұл да Америка жерінде кармин бояуының табиғи көзі еді. Бұл сұраққа жауап беру үшін қызыл түсті жануарлар бояуларының шығу тегін қарастырамыз.

Қызыл түсті жануарлар бояуы кокцидтер мен моллюскалардан алынады. Қара қошқыл түс - ежелгі бояу, ол біздің дәуірімізге дейінгі 1600 жылы Крит аралында тарихшылар мен археологтардың мәліметтерінен пайда болған. Жерорта теңізінде тіршілік ететін Murex туысы (M. brandaris, M. frunculus) моллюскаларының бездерінің бөлінулерінен алынады. Қызыл түсті қалған табиғи жануарлар бояулары (лак-дей, негізін кармин немесе кермес қышқылдары құрайтын бояулар) әр түрлі кокцид түрінен алынады. Жер бетінде төрт мыңға жуық кокцид түрі бар, олар 16 тұқымдасқа жатады. Бояу шикізаты ретінде сымырдың үш туысынан (Kerria lacca, K. myrorensis, K. Nagoliensis және т. б) өндіріледі. Лак сымырлары Азияның оңтүстік және шығыс бөліктерінде тіршілік етеді. Оларда бояуды ерте кезден бері алады, ең алдымен Қытай мен Индияда алынды. Энтомологиялық әдебиеттерде кермес деп Kermes туысы түрлерін белгілейді, олар емен ағашында қоректенеді және Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыста тіршілік етеді. Тарихи әдебиеттердегі «кермес» атауы - Kermes vermilio сымыры, мұнан да қызыл бояу алған. Молекулалық құрылысы жағынан карминге ұқсас бояйтын зат кермес қышқылы болып табылады. Бояу қасиеті Kermes туысының тек бір түрінде ғана Kermes vermilio -да бар. Ол Португалия, Испания, Оңтүстік Франция, Солтүстік Италия, бұрынғы Югославиядан белгілі және Quercus coccifera еменімен қоректенеді.

Кармин бояуын маргародид (Margarodidae, Porphyrophora туысы) және дактилопиид (Dactylopiidae, Dactylopius туысы) тұқымдастырының екі туысының өкілдерінен алады. Мексикан боямығы деп Opuntia және Nopala туысына жататын кактусте қоректенетін Dactylopius coccus, сонымен қатар осы тустың басқа түрлерін ( D. confectus, D. austrinus, D. salmianus, D. opuntiae, D. tomentosus, D. zimmermanni және т. б. ) айтады. Сымырдың бұл түрлері Орталық Америкада тіршілік етеді. Соңғы екі ғасырда Dactylopius coccus Испания, Канар аралдары, Корсик, Солтүстік Африка, Сирия, Индия, Индонезия және Австралияға апарылды. Еуропалықтардың Американы ашқанынан кейін, испандықтар Мексикадан Еуропаға ең бірінші рет мексика боямығын әкелді. Испандық жаулап алушылардың айтысына қарағанда, бояу өз отанына «ношезли» деген атпен белгілі және ацтектер әдеттегі үй бояуы және тоқыма бояуы ретінде ертеден пайдаланып келген және салық ретінде төлеген. Испандықтар жаңа тапқан олжаға әзілмен қарап, бұл сымырларды өздерінше «cochinilla», қысқаша «cochina», яғни кішкене шошқа деп атады. «Сochinilla» сөзі одан әрі осы насекомдарға тұрақты атау болып, тіпті кокцидтердің басқа тұқымдастарының өкілдеріне де таралды. Кейінірек осыдан әдебиеттерде «поляк боямығы», «армян (арарат) боямығы» деген түсініктер пайда болды. Испания монополияда мексика боямығын тиімді пайдалана білді. Сөйтіп, XIX ғасырда поляк және армян «боямықтарын» өндірістен ығыстырып шығарды. Үш мың жыл бойы жұмыс жасап келген осы екі түрдің кармин өндірісі құлдырады.

Кармин сымырларын пайдаланған туралы мәліметтер бірінші және ең ежелгі тарихи құжат Таурат мәтіні болып табылады. Көне Өсиет шамамен біздің дәуірімізге дейін XVI - XV ғасырларда құрылған. Моисейдің бес кітабында кармин кәсібінің дамығанын растайтын мәліметтер бар. Көпке белгілі, Алдыңғы Азия және Солтүстік Африкада Таураттық көріністер бұрмаланып беріледі, сондықтан бояу шикізаты ретінде тек жергілікті табиғи ресурстардың пайдалануы мүмкін, яғни Porphyrophora туысы түрлері, мүмкін, керместер. XV ғасырдың соңында еуропалықтармен ашылған мексика боямығы мен Қытайдағы белгілі лак сымырының Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде қолданылуы мүмкін емес еді. Көне Өсиетте кармин сымырымен боялған өнімдер туралы 14 рет айтылады. «Висоннан иірілген және көгілдір, қара қошқыл және құртпен, яғни сымырмен боялған жүннен жасалған он жапқыштан скин жаса, оларға шебер орындалған херувим жаса» (Қорытынды, 26. 1 тарау) . «Олар көгілдір, қара қошқыл және құртпен, яғни сымырланған жүннен жасады…» (Қорытынды, 39. 1 тарау) . Мұндай сөздермен Тауратта сымырмен боялған жүн өнімдерін айтады, червленная шерсть (яғни, қара қошқылмен боялған) мағынасы жағынан бөлекше. Сондықтан ертедегі шеберлер бояулар тәсілдері мен олардың түсінің айырмашылығын жақсы білген. «Сымырмен боялған жүн» деген сияқты сөздер Қорытынды кітабының басқа бөлімдерінде де кездеседі (25. 4 тарауы; 39. 2 тарауы), сонымен қатар Сан кітабында (19. 6 тарау) да кездеседі.

Левит кітаптарында (14. 4, 6, 49, 51, 52) «сымырланған жіп» туралы айтылады, мысалы, «Дін қызметшісі самырсын ағашын тазалаған екі құс үшін сымырланған жіп пен иссоп алуды бұйырады» (14. 4 тарау) және Қорытынды (39. 3, 4 тарау) . Бұдан басқа Иисус Навин кітабында (2. 18, 21 тарау) сымырланған жіп жайлы айтылады. Мысалы, «Біз бұл жерге келгенде, сен сымырланған жіпті бізді жіберген жерге, яғни терезеге байла» (2. 18 тарау) және Иеремия кітабында қызыл бояу жайында («өзіне терезе тесіп, самырсынмен жиектеп кесіп, қызыл бояумен бояйды») . «Сымырланған жіп» өзіне еріксіз назар аудартады, себебі бояумен боялған жіп, басқаларға қарағанда тығыз әрі берік болатын болып тұр.

Көне өсиет жазуының мағынасын дұрыс түсіну үшін оның ежелгі еврей тілінен дұрыс аудармасы болғаны дұрыс. «Сымырланған» (құртпен боялған) деген сөз өз мағынасына шынымен сәйкес пе және басқа тілдерге қалай аударылған? Осындай егжей - тегжейлі салыстыруды XIX ғасырдың екінші жартысында орыс академигі Гамель жасаған болатын. Ол ежелгі еврей тілінде Қорытынды, Левит және Сан кітаптарында қызыл түсті сипаттау үшін «толаат», сонымен қатар «тола» деген сөздерді қолданды, бұл «құрт, яғни сымырды» білдіреді. Көбіне «тола» сөзіне «шани» сөзі қосылады, бұл екі түрлі немесе ашық түсті зат дегенді білдіреді. Тауратта бұл сөз қызыл түсті анықтайды. Еврейдің «шани» сөзі санскриттің «шони» сөзіне туыстас, яғни қызыл түсті білдіреді, ал «сымыр» бояуы - қызыл түсті заттар.

Таураттың армян аудармасында «толаат» (және «шани») сөзі орнында «вордан кармир» тұр, бұл «сымырдан қызыл болған» дегенді білдіреді, ал славян аудармасында «червен», «червлен», «червленница» және «червленный» деп айтылады. Мысалы, Иеговы иудейлерге қарсы кінәлауында Исаия кітабы 1. 18 - тарауында кінә қызыл түске ұқсастырылады. Ежелгі еврей мәтінінде «тола», армян аудармасында «вордан кармир», латын тілінде - «quasi vermiculus», орыс тілінде - «червленное» (соңғы аудармасы - күңгірт қызыл) делінген. 1561 жылғы Исаия кітабының полякша аудармасында «A esli beda (grzechy wasse) tak czerwone, jako czerwiec…» - деп айтылған. Орысша аудармасы мынадай: «Если будут грехи ваши, как червленное (кейінгі аудармасында - багряное), как снега убелю . . . »

Біздің дәуірізге дейінгі V ғасырда жазылған Паралипоменонның екінші кітабында, қызыл түс ежелгі еврей тілінде «кармиль» дегенді білдіреді, ол армян аудармасында «вордан кармир» деп жазылған, ал славян тілінде «червен», «червленный», «червленница». « . . . қара қошқыл, қызыл және жақұт түсті иірілген жіптерден . . . » (2. 7 тарау) ; « . . . и из червленницы (күңгірт қызыл түстен) . . . » (2. 4 тарау) . Жаңа Өсиеттің грек мәтінінде Апостол Павелдің еврейлерге Үндеу хатында коккоспен боялған жүн (кармин сымырының грекше аты) деп айтылады. Аудармасында «вордан кармир», «червленная шерсть», «vermiculus» (кейде - «coccus») латынша, ал полякша «welna czerwem ukraszona» - деп айтылады. Барлық осы құжаттық мәліметтер Таурат мәтінінде «червленные», яғни сымырланған бұйымдар, кармин сымырынан дайындалған қызыл бояумен боялған, ол ежелгі бояушыларға өте жақсы таныс болатын.

Славян және түрік жазба куәліктерінде XVI ғасырдың басында поляк сымырының кармин кәсібі жөнінде мәліметтер табылмады. Славяндар өмірінде кармин кәсібінің маңызды орын алғанын, славян және басқа тілдерге әсерінен байқауға болады. Қызыл түске боялған заттарды славяндар «червленный (червленый) » деп атады. Сымырды Италия, Франция, Германия және т. б. Еуропа елдеріне апарумен қатар, олардың аталу сөздерін де жеткізді. Басқа тілдерде бұл сөздер жерсіндіріліп, жергілікті тілдің фонетикалық заңдарымен өзгеріске ұшырады. Мысалы далмат сөзі «czarlyen» Италияда «scarlitina, scarleta, scalata» сөздеріне, яғни Далманиядан Венецияға сымырмен боялған заттарды экспортқа жіберген кезде өзгерді. Одан әрі олардан итальянша «scarlatto», французша «ecarlete», немісше «scharlach», ағылшынша «scarlet» және осы тілдер арқылы поляк тіліне «szarlat» және «zkarlat» деп жетті.

БҰҒЫҚОҢЫЗ

Түр көпшілік қауымға энтомологиялық басылымдардағы жарық көрген суреттерден және коллекциялардан жақсы таныс. Ал оны табиғатта көру ұмтылмайтын әсер қалдырады. Ол тарақ мұртшалылар немесе мүйізділер тұқымдасына (Lucanidae) жатады. Қазақстандағы Lucanus туысының жалғыз өкілі, ол фаунаның көзге көрінер, табиғатты әшекелейтін ең әдемі түрі болып табылады.

Еуропада, сонымен қатар Кіші Азия мен Солтүстік Африкада таралған. Бұл Еуропа фаунасының ең ірі қоңызының таралу аймағы - кәдімгі Батыс Жерорта теңізі. Еуропада жалпақжапырақты ормандар аймағының барлық дерлік жерінде тіршілік етеді, тек биік таулы жерлерде кездеспейді. Кейде далалы орманды аймақтарда да кездеседі. Шығыста Жайық өзенінің жайылмасына дейін жетеді.

Түрдің сыртқы құрылымы өте ерекше және дене мөлшері үлкен. Бұл ірі, сопақша және жалпақ қоңыздардың жыныстық айырмашылықтары жақсы байқалады. Аталықтары ірілеу, денесінің ұзындығының үш бөлігінен көбін ұзын қаруланған жақтары алып тұрады, ол бұғының мүйізін еске түсіреді. Сондықтан осындай атқа ие болып отыр. Аталығының үстіңгі қанаты мен жақтары қызыл қоңыр, ал басы мен алдыңғы кеудесі қара түсті. Аналықтары ұсақ, 28 - 45 мм. Қара қоңыр түсті және мүйіз тәрізді жоғарғы жақтары болмайды. Олар салыстырмалы қысқа жақты.

Сонымен қатар, түр үшін келесі белгілер тән: қоңыздардың ортаңғы және артқы сирақтарының сыртқы жағында бірнеше тікені болады. Мұртшалары бірден бүгілген төрт буынды тарақты, көздері шамамен жартысына дейін шығыңқы бетімен бөлінген, алдыңғы сирақтарының жоғарғы жағында сайлары жоқ.

Дернәсілдері сүттей ақ түсті, пішіні C әрпі сияқты иілген. Ұзындығы 14 см және жуандығы 2 см-ге жетеді. Қоңыздардың дернәсілі - Қазақстан фаунасындағы ең үлкен насеком. Дернәсілдері шіріген емен ағашында, сонымен қатар, сирек басқа кейбір жапырақты ағаштарда да дамиды. Дернәсіл даму кезінде шіріген ағашты түйіршікті қиқымға айналдырады, сөйтіп ағаш қалдықтарын ыдыратып, топырақ түзу ісіне өз үлесін қосады. Дернәсілдің қоретенуі әзірге аз зерттелген, Мүмкін, ағаштың алғашқы шіруіне кейбір микроорганизмдердің көмегін қажет ететін болар.

Осыдан 30 - 40 жыл бұрын бұғықоңызды табиғатта таралу аймағының кез - келген жерінен жиі кездестіруге болатын еді. Емен ормандарының көлемінің қысқаруы, түрдің барлық таралу аймағында санының азаюына әкеліп соқты.

Түрдің жағдайына ауа - райының шектен тыс ыстық болуы нашар әсер етеді, мысалы, ұсақ қоңыздар саны көбейеді. Бұл қоңыздарды жарқанаттар мен кейбір құстар барлық жерде белсенді аулайды, топырақ бетінде басын, үстіңгі қанаттарын және алдыңғы кеудесін қалдырады. Әлсіз қоңыздарды жер бетінен мысықтар ұстауы мүмкін, төменгі температурада оларға құмырсқалар, топырақ кенелері де шабуыл жасайды.

Қазіргі кезде түр көптеген елде қорғауға алынды. Ол КСРО Қызыл кітабына және сонымен қатар одақтас республика Қызыл кітаптарына да енгізілген болатын, Еуропаның көптеген мемлекеттері, соның ішінде Германия, Польша, Швейцария, Чехословакия қорғауға алды.

Қазақстан Қызыл кітабына 1991 жылы енгізілді. Түрді қорғау үшін тіршілік ететін мекендерде қорықтық тәртіпті қатаң сақтау қажет. Сонымен қатар жараланған ағаштар, түбірлер, қураған тамырларды қорғау керек және жаппай коллекциялық көрнекі құралға жинауға толық тиым салу керек. Бұл түрді сақтаудың ең дұрыс жолы - әдетте аналықтары көп жиналатын, дернәсілдерінің дамуына қолайлы орындарды табу, сөйтіп онда шағын қорықтар ұйымдастыру керек. Егер тіпті ағаштар кесілсе де, олардың түбірлеріне қоңыздар жұмыртқа салады, онда олардың популяциясы сақталады.

САРЫҚАНАТТЫ СФЕКС

Бұл - сирек кездесетін және аз зерттелген түр қазғыш аралардың ежелгі туысының ең ірі, ашық боялған өкілдерінің бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар әлемі туралы
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
Органикалық тыңайтқыштар мен өңделген топырақ микрофлорасы
Су омыртқасыздары. Негізгі топтары. Шикізаттық маңызы
Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны
Гидросфера, Биосфераның элементтері және табиғи қоры ретінде Дүние жүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Қызыл кітап жайлы
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы”
“ШҚО 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау” өңірлік экологиялық бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz