Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)



Кіріспе
1. Н.Ә.Назарбаев еңбектерінің пайда болуын сынау
1.1Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
1.2 Н. Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көздері ретінде пайда болуының объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды сыныптау проблемалары

2 Н.Ә.Назарбаев КСРО.ның ыдырау себептері туралы
2.1 КСРО.ның ыдырауының саяси себептері
2.2 КСРО.ның ыдырауының әлеуметтік.экономикалық себептері

3 Н.Ә.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігі тарихының дерек көзі
3.1 Н. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптастырудың алғышарттары мен маңызы, теориялық негіздері мен жолдары, ерекшеліктері мен кезеңдері туралы
3.2 Н. Назарбаев еңбектері Қазақстан Республикасында президенттік билік институтының пайда болу және қалыптасу тарихының дерек көзі
3.3 Н.Ә.Назарбаев еңбектері Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары тарихының дерек көзі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып,тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қорытындысында өз тәуелсіздігінің 15 жылдығын қазақ халқы әлем таныған ұлттық мемлекеті бар іргелі ел ретінде қарсы алды.
Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат.Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни ірге тасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан осындай заңды құбылысқа, яғни тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келу, қалыптасу және даму тарихының терең зерттеліп, шынайы да, объективті жазылу ісіне дайындық осы бастан жүйелі де, ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Солардың бірі – тәуелсіз Қазақстан тарихының ірге тасын құрайтын деректік негізінің тарих ғылымының талаптарына сай дұрыс қалануы.
Тағдыр бізге бірінші рет өз тарихымыздың өтпелі кезеңдерінің бірінің ірге тасын ғылыми негізде және жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Ондай мүмкіндікті толықтай ұлт мүддесіне сай пайдалана білмеу үлкен қателік болар еді. Халқымыз бұрын да талай өтпелі кезеңдерді басынан өткерген. Бірақ, өз тарихының төл деректерін өз мүддесіне сай дер кезінде жинастыруға мұршасы болған жоқ. Өз алдымызға ел болып, ес жинай бастағанымызда Елбасының бастамшылығымен арнайы мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасын қабылдап, бүткіл әлемнен дерлік мәдени мұраларымызды, яғни тарихи деректерімізді іздеп тауып, жинай бастауымыз соның салдары.
Тарихи деректерімізді дер кезінде жинастырып, өткенімізді объективті жазуға пайдална алмауымыздың - көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымыз, өз еркіміздің өзімізде болмауы сияқты объективті себептері мен қатар, тарихымызды ғылыми негізде жазу ісінің кеш басталуы, біздегі тарих ғылымының негіздерінің кеңестік кезеңде қалыптасуы, тарихшы мамандар даярлаудың ұлттық мүддеге сай жүргізілмеуі және ұлттық төл деректерімізді
1 Назарбаев Н. Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда //Егемен Қазақстан. -2004. -13 қазан.
2 Ақбиев М. Президент шыққан шаңырақ // Өмір.-1992.-№1.-16-22 б.
3 Әбділдаұлы Б. Тұңғыш Президенттің туған жерінде // Ақ жол.-2003.-10 шілде.
4 Әзиев Ә. Алатаудан ұшқан ақиық // Орталық Қазақстан.-2001.-8-15 желтоқсан.
5 Әмірова К. Әділетсіздікпен бетпе-бет; Таусылмайтын туған күн; Бізге беймәлім Теміртау:// Ана тілі.-2000.-22 наурыз.
6 Боржымбай Ж. Кейіпкерім – мақтанышым // Президент және халық.-2005.-2 желтоқсан.
7 Кенжебайұлы М.-Ш., Шайқақов Ж. Президенттің кіндік шешесі // Егемен Қазақстан.-1998.-6 маусым.
8 Лұқпан Е. Құрыш қалай шынықты? // Егемен Қазақстан.-2005.-6 шілде.
9 Машрапов Қ. Өмірі мен ісі өнеге // Сарыарқа.-1991.-30 қараша.
10 Омашев Қ. Теміртау мектебі // Егемен Қазақстан.-2006.-7 қаңтар.
11 Сапаралы Б. Президенттің балалық шағы: - Алматы: Ер-Дәулет,-1995, 174 бет.
12 Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. – Алматы: “Санат”,-1994.-512 бет.
13 Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. - Алматы: РГЖИ “Дәуір”, МП Ынтымақ, -1992. -448 бет.
14 Кекілбайұлы Ә. Азаттықтың ақ таңы. - Алматы: Қазақстан, -1998.-736 бет.
15 Кекілбаев Ә. Тәуелсіздік толғауы. – Астана: -2002. -376 б.
16 Әбдікәрімов О. Елбасы еліне, елі Елбасына сенеді. // Егемен Қазақстан.-2005.-6 желтоқсан
17Тасмағамбетов И. Социально-политическое обновление Казахстана: тенденции и приоритеты. –Алматы: 1996.-190 с.
18 Тасмағамбетов И. Социальная политика и политическая трансформация.- Алматы: Ғылым.-1997.-250 с.
19 Терещенко С. Мен Назарбаевты тек Президент ретінде ғана емес, адам ретінде де білемін...// Жас Алаш.-1998.-24 желтоқсан.
20 Тоқаев Қ. Беласу.-Алматы: Дәуір, -2003.-656 бет.
21 Абдрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі.-Астана:-Елорда.-2001.-328 б.
22 Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев: логика перемен.-Астана: Елорда,-2001,-576 с.
23 Қасымбеков М. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.- Астана: Елорда, 2005. -200 бет.
24 Қасымбеков М. Елбасы қалай жұмыс істеді? // Егемен Қазақстан.-1999.-6 шілде.
25 Қасымбеков М. Билік және жүйе.// Парасат.-2002.№ 5.
26 Қасымбеков М. Елбасының жұмыс кестесі.// Егемен Қазақстан.-2000.-14 шілде.
27 Қасымбеков М. Қазақстан Республикасында Президенттік институттың қалыптасуы.// Егемен Қазақстан.-2000.-22 сәуір.
28 Құл-Мұхаммед М. Менің Президентім // Қазақ елі.-1999.-8 қаңтар.
29 Құл-Мұхаммед М. Президент Назарбаев: Кісілік келбеті // Егемен Қазақстан.-1996.-2 наурыз.
30 Құл-Мұхаммед М. Тарих табыстырған тағылым. // Егемен Қазақстан.-1995.-31 мамыр.
31 Мұхамеджанов Б. Президенттің нормативтік қызметі нені көрсетеді? // Егемен Қазақстан.-1995.-1 наурыз.
32 Сұлтанов Қ. Тәуелсіздік толғауы: 1993. // Егемен Қазақстан.-2001.-12 мамыр
33 Акулов В. Назарбаевқа сенуге болады // Егемен Қазақстан.-2006.-2 қаңтар
34 Ақатай С. Н. Ақ жол адастырмайды // Егемен Қазақстан.-2000.-6 шілде
35 Ақтаев С. Ел басы – біреу, басқалар тіреу болса игі // Ақиқат.-1995.-№ 6-3-13б.
36 Ақтаев С. Елбасы // Халық кеңесі.-1995.-25 сәуір.
37 Алаштың ардағы // Жас Алаш.-1993.-26 қазан
38 Аманжолов Қ. Сіз сол үшін де Президентсіз // Дала дидары.-1991.-25 сәуір.
39 Аманжолов Қ. Сені жақсы көрмесе // Дала дидары.-1991.-1-7, 15-21, 22-29 қараша; 5, 6-12 желтоқсан
40 Асаубаев Қ. Қазақстан Президентін жақан құрметтейді // Астана.-2005.-№ 6.-8-9 б.
41 Ахметбекұлы А. Әлем мойындаған дара тұлға // Әдебиет айдыны.- 2005.- 1 желтоқсан.
42 Әбдіманапов С. Елбасын ұлықтау – елдің мерейі // Астана хабары.-2006.-14 қаңтар
43 Әбдіманапов С. Елдің нұрлы жолы: ҚР Президенті жайлы // Нұр Астана.-2006.-15-22 ақпан
44 Әбіш Қ. Туған халқының дана перзенті // Алдаспан.-2005.-№ 11-12.-1-3 б.
45 Әлімбекұлы Б. Қиындық - өтпелі құбылыс // Халық кеңесі.-1995.-15 сәуір.
46 Әмшина Н. Ел рухын көтерген елбасы // Сыр бойы.-2005.-29 маусым.-1-2 б.
47Әуелбек Ә. Ертеңіне қол созған Қазақстан жарқын болашаққа бастаған 48 48 Елбасына сенеді // Дала мен қала.-2005.-11 маусым.-12-13 б.
49 Байжан-Ата С. Нар тұлғалар // Ақиқат.-1997,-№ 12.-51-55 б.
50 Байжан-Ата С. Ел тізгіні – ер қолында // Қазақ елі.-1998.- 5 маусым.
51 Байғұт М. Тұңғыш: ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы // Егемен Қазақстан.-2005.-23 желтоқсан
52 Бозымбекұлы Ж. Нұрсұлтан салған нұрлы жол //1993.-желтоқсан № 49.-1-3 б.
53 Бочаров Г. Президент Назарбаевтың батыл шешімі («Известия» газеті 1995 ж. 18 сәуір) // Егемен Қазақстан.-1995.-21 сәуір
54 Ғали Ә. Назарбаев – реформашыл тұлға //Қазақ әдебиеті.-2001.-28 шілде
55 Ғұмар М. Президент – халықтар сенімінің діңгегі // Қазақ әдебиеті.-1997.-29 сәуір.
56 Доғру Ш. Нұрсұлтанның нұрлы жолы // Қазақ елі.-2003.-№ 4.-4 б.
57 Жақып С. Нұрсұлтан Назарбаев// Дала мен қала.-2003.-18 қыркүйек

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 175 бет
Таңдаулыға:   
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі
тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Н.Ә.Назарбаев еңбектерінің пайда болуын сынау
1.1Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі
ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
1.2 Н. Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек көздері ретінде пайда
болуының объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды сыныптау
проблемалары

2 Н.Ә.Назарбаев КСРО-ның ыдырау себептері туралы
2.1 КСРО-ның ыдырауының саяси себептері
2.2 КСРО-ның ыдырауының әлеуметтік-экономикалық себептері

3 Н.Ә.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігі тарихының
дерек көзі
3.1 Н. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптастырудың
алғышарттары мен маңызы, теориялық негіздері мен жолдары,
ерекшеліктері мен кезеңдері туралы
3.2 Н. Назарбаев еңбектері Қазақстан Республикасында президенттік
билік институтының пайда болу және қалыптасу тарихының дерек көзі
3.3 Н.Ә.Назарбаев еңбектері Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің
атрибуттары тарихының дерек көзі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті
мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу,
қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат
тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем
картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып,тарих сахнасына
шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше
мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа
тарихының басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлттар
өкілдерімен бірге, өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Қорытындысында өз тәуелсіздігінің 15 жылдығын қазақ халқы әлем таныған
ұлттық мемлекеті бар іргелі ел ретінде қарсы алды.
Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған,
табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы,
әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге
келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары даусыз. Ең
алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс
ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін
қымбат.Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу
кезеңіне, яғни ірге тасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта
түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де, маңызды кезең
ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің
дүниеге келері анық. Сондықтан осындай заңды құбылысқа, яғни тәуелсіз
Қазақстан Республикасының дүниеге келу, қалыптасу және даму тарихының терең
зерттеліп, шынайы да, объективті жазылу ісіне дайындық осы бастан жүйелі
де, ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Солардың бірі – тәуелсіз Қазақстан
тарихының ірге тасын құрайтын деректік негізінің тарих ғылымының
талаптарына сай дұрыс қалануы.
Тағдыр бізге бірінші рет өз тарихымыздың өтпелі кезеңдерінің бірінің
ірге тасын ғылыми негізде және жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік беріп
отыр. Ондай мүмкіндікті толықтай ұлт мүддесіне сай пайдалана білмеу үлкен
қателік болар еді. Халқымыз бұрын да талай өтпелі кезеңдерді басынан
өткерген. Бірақ, өз тарихының төл деректерін өз мүддесіне сай дер кезінде
жинастыруға мұршасы болған жоқ. Өз алдымызға ел болып, ес жинай
бастағанымызда Елбасының бастамшылығымен арнайы мемлекеттік “Мәдени мұра”
бағдарламасын қабылдап, бүткіл әлемнен дерлік мәдени мұраларымызды, яғни
тарихи деректерімізді іздеп тауып, жинай бастауымыз соның салдары.
Тарихи деректерімізді дер кезінде жинастырып, өткенімізді объективті
жазуға пайдална алмауымыздың - көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымыз,
өз еркіміздің өзімізде болмауы сияқты объективті себептері мен қатар,
тарихымызды ғылыми негізде жазу ісінің кеш басталуы, біздегі тарих
ғылымының негіздерінің кеңестік кезеңде қалыптасуы, тарихшы мамандар
даярлаудың ұлттық мүддеге сай жүргізілмеуі және ұлттық төл деректерімізді
пайдалана білуге үйрететін деректану ғылымының болмауы сияқты субъективті
факторлардың да әсері болғандығы белгілі. Демек, егер, бүгін біз ұлт
талғамына сай объективті тарихымыз әлі жазылған жоқ десек, ол біздің табиғи-
тарихи дамуымыздың заңды нәтижесі.
Сондықтан алдағы уақытта біздің алдымызда, бір жағынан, өткенімізден
ақпарат беретін деректерімізді іздеп табу, жинау, жүйелеу, сақтау және
деректанулық сыннан өткізу арқылы тарихымызды жазу міндеті тұрса, екінші
жағынан, тәуелсіздік тарихының дерек көздері мен нақты деректерін осы
бастан жүйелеп, деректанулық өңдеуден өткізу арқылы ғылымый айналымға тарту
міндеті тұр.
ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылы 13 қазанда білім және
ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: “Осы күнге дейін
Қазақстанның ең жаңа тарихының бірде-бір қалыпты оқулығы жоқ. Біздің
тәуелсіздігіміздің қасіретті оқиғалары және оны нығайту жолындағы біздің
күресіміз зерттеу тақырыбына айналмаған”-деді [1, 4 б.].
Иә, Қазақстанның ең жаңа тарихын жан-жақты сараптап жазған объективті
оқулықтың жоқ екендігі рас. Ал, бірақ, Қазақстанның ең жаңа тарихы саналы
түрде бұрмаланып жазылған кітап жарық көріп те үлгерді. Ол кітаптың басты
ерекшелігі, автордың өз тұжырымдарын біздің тарихымыз туралы шет елдіктер
жасаған субъективті деректер арқылы жазуы. Бұл факті тәуелсіздігіміз
тарихының деректері мен дерек көздеріне осы бастан мұқият қарауымыздың
қажеттілігін тағы бір рет дәлелдейді.
Бүгінгі қазақстандықтардың басым бөлігінің тікелей қатысуымен жасалынған
және жасалып жатқан тәуелсіз Қазақстан тарихы, қазіргі ғылым мен техниканың
даму деңгейіне сай, әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта және әр түрлі
мазмұнда, әр алуан дерек көздерінде бейнеленді және бейнеленуде. Осыларды
белгілі бір жүйеге келтіріп сыни талдау,олардан шынайылық деңгейі мен
ғылыми құндылығы жоғары мәлімет ала білу Қазақстан тарихшыларының басты
міндеті. Ал, ол, өз кезегінде, тарихшылардан дерек көздеріне деректану
ғылымының талаптарына сай талдау жасай білуді талап етеді. Осындай,
деректану ғылымының тұрғысынан келуді талап ететін, тәуелсіз Қазақстан
тарихының маңызды жазба деректерінің үлкен бір тобын ҚР тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері құрайды.
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде ел басшылығына
ие болған Н.Ә. Назарбаев, ел басқару ісімен қатар көптеген еңбектер жазып,
тәуелсіз Қазақстан тарихының деректік негізін қалауға да өз үлесін қосып
келеді. Елбасы ретінде Н. Назарбаев еңбектерінде тәуелсіз Қазақстан
Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап-ақ, барлық қырынан
дерлік бейнеленген. Сондықтан Н. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан
тарихының дерек көзі ретінде пайдалана білмей ең жаңа тарихымызды ашып
көрсету мүмкін емес.
Ең жаңа тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның
өз мемлекеттігін құру мәселесі. Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері
сияқты, мемлекеттігімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш Президентіміздің
еңбектерінде жан-жақты айтылған, яғни деректану ғылымының тілімен айтсақ,
Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы,
алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан Н.
Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту
және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау, тек деректану
ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелрінің
бірі болып табылатындығы күмәнсіз.
Егер, деректің әлеуметтік табиғаты, сол деректі жасаушы субъектің
қоғамдағы орнымен анықталатындығын ескерсек, онда Н.Ә. Назарбаев еңбектері
тұңғыш Президентіміздің өзі туралы құнды мағлұмат бере алатын маңызды дерек
көздері міндетін де атқарады. Демек, Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік
қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында жазған еңбектері тек тәуелсіздік
тарихының ғана емес, сонымен қатар оның Елбасы ретіндегі өз тарихының да,
дәлірек айтсақ, өмірі мен қызметінің, саналы іс-әрекеттерінің, мақсаты мен
мүддесінің, саяси көзқарасы мен қоғамдық және азаматтық позициясының
қалыптасу және даму динамикасы тарихының да дерек көздері болып табылады.
Сондықтан Н.Ә. Назарбаев еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның
тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті ретіндегі де, әлемдік деңгейдегі тарихи
тұлға ретіндегі де бейнесін айқындап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қайта
құру және нығайту ісіндегі рөлі мен орнын аша түсуге көмектесері анық.
Демек, тақырыптың өзектілігі, яғни ҚР тұңғыш Президентті Н. Ә. Назарбаев
еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көздері ретінде
деректанулық талдау жасаудың қажеттілігі еш күмән туғызбайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан тарихының, оның ішінде мемлекеттігімізді
қайта қалпына келтіру тарихының да, дерек көзі ретінде арнайы қарастырып,
деректану ғылымы тұрғысынан талдау жасау мәселесі Қазақстан тарихнамасында
алғаш рет қойылып отыр. Дегенмен, қойылып отырған проблеманы ашуға
көмектесетін, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру тарихының маңызды
деректер тобын жасаушы – Н.Ә. Назарбаевқа арналған еңбектер мен мемлекетті
жаңадан қайта құру тарихы туралы жазылған еңбектер баршылық.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапқанасында 1993 жылдан Президент
Назарбаев туралы электрондық мәліметтер банкі жүргізіледі және ол
күнделікті ақпараттармен толықтырылып отырады. Соңғы көрсеткіштер бойынша,
зерттеу жұмысының басты объектісі болып табылатын мемлекеттігіміз тарихының
дерек көздерін жасаушы Н.Ә. Назарбаевқа және мемлекетіміз тарихына қатысты
өз елімізде ғана төрт мыңнан астам әралуан жанрдағы еңбектер жарияланған
және жариялануда. Егер, оларды тақырыптары мен мазмұндарына қарай бірнеше
негізгі топтарға бөлсек онда: Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі және жеке
тұлғалық қасиеттеріне арналған еңбектер; тікелей біздің зерттеу
объектілеріміз – Президентке; президенттік институтар мен президенттік
басқару жүйесіне; парламентке; конституцияға; құқықтық мемлекетке;
мемлекеттік қызметке; мемлекеттік қауіпсіздікке; мемлекеттік рәміздерге;
теңгеміздің шығуына; сыртқы саясатқа; дипломатияға; шекара; жаңа астана
салу т.б. мемлекет құру мәселесі тарихына арналған еңбектер деп қарастыруға
болады.
Әрине, олардың бәріне бірдей тарихнамалық талдау жасап, өз
еңбектерімізде пайдалану мүмкін емес. Дегенмен, деректану ғылымы үшін
атрибуция проблемасының, яғни дерек авторын анықтау проблемасының маңызы
үлкен. Себебі деректерде сақталынған мәліметтердің шынайылық деңгейі мен
ғылыми құндылығы дерек авторының жеке адами қасиеттерімен, тұлғалық
бейнесімен, қоғамдағы орынымен, білім дәрежесімен, іскерлік қабілетімен,
өмір тәжерибесімен т.т. тікелей байланысты. Демек, Н.Ә. Назарбаевтың өмірі
мен қызметіне, тұлғалық келбетіне, жеке басының қасиеттеріне арналған
еңбекетер зерттеу жұмысымызда қосымша дерек көздері ретінде ерекше орын
алатындығы түсінікті. Өйткені, деректерде салынған мәләметтердің ғылыми
құндылығына, шынайылық деңгейіне әсер ететін дәл осы факторлар.
1990 жылдың 24 сәуірінде, республиканың сол кездегі ең жоғарғы заң
шығарушы органы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде, Қазақ КСР-інің Президенті
болып сайланғаннан бастап, демократиялық жағдайда бес үміткердің арасынан
Қазақстан халқының 91 пайыздан астамының дауысына ие болып, 7 жыл мерзімге
ҚР Президенті болып қайта сайланған 2005 жылдың 4 желтоқсанына дейін және
одан кейін де баспасөз беттерінде қазақ және орыс тілдерінде жарияланған
мақалар мен тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметіне арналған зерттеу
жұмыстарын және естеліктерді шартты тұрде бірнеше сыныптарға бөліп
көрсетуге болады. Олар, біріншіден, туған жеріне, балалық және жастық
шағына арналған М. Ақбиев [2 ], Б. Әбілдаұлы [3],Ә. Әзиев[4], К. Әмірова
[5], Ж. Боржымбай [6],Б.М.Кенжебайұлы, Ж.Шайқақов [7], Е. Лұқпан[8],
Қ.Машрапов [9],Қ.Омашев[10], Б. Сапаралының [11] еңбектері. Бұл авторлардың
еңбектерінде келешек Елбасының туып өскен жері - Алатау бөктеріне
орналасқан Шамалған елді мекені мен Ұшқоңыр жайлауынан бастап, әкесі Әбіш
ақсақалдың отбасы, оқып білім алған, алғашқы мамандығына үйреген
мектептері, жастық шағы, басшыға тән қаситетерінің алғашқы көріністері
туралы айтылған. Демек, олардан келешек Елбасының ұлт тағдыры шешілер сәтте
бар жауапкершілікті өз мойнына ала білген тұлға ретінде қалыптасуының
негіздері, яғни терең тамырлары туралы құнды мәліметтер алуға болады.
Екіншіден, Н. Назарбаевты алдымен Республика көлеміндегі басшылардың
бірі ретінде, кейіннен тұңғыш Президент ретінде жақсы білетін Республиканың
бұрынғы бірінші басшысы Д. А. Қонаев[12;13], Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы Ә. Кекілбаев[14;15], Мемлекеттік хатшылар О. Әбдікәрімов[16], И.
Тасмағамбетов[17;18], Қазақстан Республикасының Үкімет басшылары С.
Терещенко[19], Қ. Тоқаев [20], Н. Ә. Назарбаевтың қызметтес серіктері,
сенімді көмекшілері: С. Әбдрахманов[21], Е. Ертісбаев[22], М. Қасымбеков[23-
27], М.Құл-Мұқаммед[28-30], Б. Мұхамеджановтардың[31], Сұлтанов Қ[32] т.б.
еңбектері. Бұл авторлардың еңбектерінде Н. Назарбаевтың республика
басшылығына келуінен бастап, ең бір қиын-қыстау кезеңдердегі Елбасы
ретіндегі іс-әрекеттері туралы мол мәліметтер кездеседі.
Н. Ә. Назарбаевқа қатысты мерзімді басылым беттерінде жарияланған
мақалалардың үлкен бір тобын, оның жеке тұлғалық бейнесіне арналған
мақалалар құрайды. Олар негізінен Нұрсұлтан Әбішұлының ҚР тұңғыш Президенті
болып сайлануына, 60 жылдық мерейтойына, 2005 жылғы Президенттік сайлауға
орай жарияланған мақалалар. Бұл мақалаларда әр алуан мамандық иелері Н.
Назарбаевтың ҚР Президенті ретінде атқарған нақты істері туралы айтып, өз
бағаларын берген. [33-61].
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы О. Бөкеев [69], О.
Видова[70], Ж. Дәдебаев[71], С. Жүнісов[72], М. Жолдасбеков,А. Сйдінбек, Қ.
Сағары[73], Д. Исабеков[74], З. Қабдолов[75],Қ. Қайсенов[76],У.
Қалижан[77], Т. Медетбек[78], Ш. Мұртаза[79], Р. Нұрғали[80], Қ.
Олжай[81], Н. Оразалин[82], К. Смайлов[83,84], Г. Толмачев[85] т.б.
еліміздің белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушы және тілтанушы ғалымдары
мен жорналшылар да мақалалар мен еңбектер жазып, Елбасын әр түрлі
қырларынан бейнелеген.
Н. Ә. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының
дерек көздері ретінде талдау жасаудың зерттелу деңгейін анықтауда,
еліміздің заңгер ғалымдарының еңбектері ерекше орын аладындығын айтуымыз
керек. Ол, ең алдымен, біздің ең жаңа тарихымыздың басты ерекшелігі –
құқықтық мемлекет құруымызбен байланысты. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған
Егемендік Декларациясынан бастап, біздің ең жаңа тарихымыздың барлық басты
кезеңдері мен нақты нәтижелері, әр түрлі деңгейде және әр түрлі мазмұнда
қабылданған заңдардың негізінде дамып отырғандығы белгілі. Демек, сол
заңдарды Президент бастамшылығымен немесе тікелей басқаруымен жазған
заңгерлердің, басқа да заңгер ғалымдардың еңбектері де мәселенің
тарихнамалық жағын толықтыра түсері даусыз. Мысалы, ҚР ҰҒА академиктері С.
Зиманов [86,87], С. Сұлтанов[88], Ғ. Сапарғалиев[89,90] т.б. өз
еңбектерінде Н. Назарбаевтың еліміздің Ата заңын дайындаудағы, президенттік
билік жүйесін қалыптастырудағы рөлі туралы айтса, көптеген заңгерлердің
еңбектерінде осы саладағы Елбасы саясатының дұрыстығы, өміршеңділігі нақты
фактілермен дәлелденген [91-97].
Қазақстан Республикасы тарихының аса маңызды дереккөздер тобының
үлкен бір бөлігін жасаушы субъект ретінде, Н. Назарбаевқа қатысты пайда
болған еңбектерге тарихнамалақ талдау жасау, Қазақстан Президентінің өмірі
мен қызметіне қатысты жақын және алыс шетелдіктердің де әр түрлі мерзімді
басылым беттерінде жариялаған көптеген пікірлері және мақалаларымен қатар,
іргелі зерттеу еңбектерінің де дүниеге келгендігін көрсетеді. Мысалы,
қырғыз ғалымы, саясаткері және дипломаты Жұмағұл Сааданбеков[98],
азербайжан ғалымы Мұрат Байкал. [99], украйндықтар В. Базарянников, Л.
Ежевский[100], ресейлік Д. Валовой. [101] т.б. Н. Назарбаев туралы
зерттеу жұмыстарын жариялап, біздің елдің Президентін өз халықтарына
таныстырған.
Н. Ә. Назарбаев туралы жеке авторлардың еңбектерімен қатар,
ұжымдық еңбектер да дүниеге келді. Бұл орайда 2005 жылы жарық көрген “Азия
асқарлары” атты ұжымдық еңбектің орны ерекше. Ол туралы кітаптың Н.
Назарбаевқа арналған бөлігін қазақ тіліне аударып, “Газет ішіндегі кітап”
ретінде жариялаған “Егемен Қазақстан” газеті: “Нұрсұлтан Назарбаевтың күні
кеше өткен Президент сайлауындағы жарқын жеңісі халқымыздың ауызбірлігін,
асылын ардақтайтын қымбат қасиетін тамаша танытып берді.
Қазіргі Қазақстан жетістіктері әлемдік ауқымдағы құбылыстар қатарына
қосылды. Осы арқылы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі дүйім дүние дидарындағы
дара тұлғалар қатарынан ойып тұрып орын алды. Бұл ойымыздың кезекті бір
айғағы – жақында Сыртқы істер министірлігінде тұсаукесері өткізілген
“Азиатский прорыв” “Азия асқарлары” атты кітап. Онда Азияның бес бірдей
асқар тұлғасының – Түркияны түлетіп, түрік рухын түрлентіп кеткен Мұстафа
Кемал Ататүріктің, Сингапур кереметінің авторы Ли Куан Юдің, Қытай
ғажайыбының иесі Дэн Сяопиннің, Малайзияның мерейін биіктеткен Махатхир
Мұхамедтің, Қазақстанды қарыштатып берген Нұрсұлтан Назарбаевтың жүзеге
асырған реформаларының сыры терең ашып көрсеткен.”-деп жазды [102].
16 беттен тұратын газет ішіндегі кітапта Н. Назарбаевтың өмір жолы мен
тұлғалық бейнесі, реформатр Президент ретінде тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі
қол жеткізген табыстарындағы рөлі туралы айтылған.
Әрине, ҚР тұңғыш Президенті туралы еңбек жазған авторлардың бәрін бірдей
атап шығу және олардың еңбектеріне тарихнамалық талдау жасау мүмкін емес.
Дегенмен, бұл орайда Қазақстан тарихшыларының орны ерекше екендігі
түсінікті.
Елбасының саяси портретін жасап, оның Президент ретінде атқарған
істерінің тарихи маңызын көрсетуде тарихшы ғалымдар да әдәуір жұмыстар
атқарды. Мысалы, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында тарихшы Б. Ағанов
“Лениншіл жас” ( қазіргі “Жас Алаш”- С.С.) газетінде “Егемендік елшісі”
атты мақала жариялап, алғаш рет Н. Ә. Назарбаевтың саяси бейнесін жасауға
әрекеттенді. [103,104]. Кейіннен елімізге кеңінен танымал тарихшыларымыз
М. Қозыбаевтың[105,106]., К. Нұрпейістің[107]., К. Есағамбетұлының[108]. т.
б. еңбектері жарияланды[109-110]. Оларда Н. Назарбаевтың тарихи кезеңдегі
атқарған істеріне талдау жасалынып, саясаткер ретіндегі қасиеттері
айқындалды. Жақында Қазақстан ғалымдары Б. Аяған, К. Бұрханов және Б.
Сұлтановтардың қазіргі Қазақстанның саяси тарихына арналған іргелі
еңбектері жарық көрді. Онда Н. Назарбаевтың ҚР саяси тарихында алар орны
ашып көрсетілген [111].
Дегенмен, өкінішке орай, кейбір Қазақстан тарихшыларының, уақыт сынын
күтпей-ақ, тәуелсіздігіміз тарихын саналы түрде өрескел бұрмалаған оқулық
жазып, жұртшылыққа тартып та үлгергендігін айтуымыз керек. Ол туралы тарих
ғылымдарының докторы, профессор Қ. Атабаев “Қазақ әдебиеті” газетінің 2003
жылғы 10 қазандағы санында жарияланған “Тарихымыз қашанғы бұрмаланбақ?”
деген мақаласында: “Оқулық мемлекеттік-құқықтық даму тарихын ашық
масқаралау мәнерінде баяндаған... Оқу құралы біздің Конституциямызды,
заңдарымызды, құқықтық жүйемізді және жалпы мемлекеттік құрылысымызды
силамаушылыққа, оларға нигилистік көзқарас қалыптастыруға бағытталған”-
дейді [109]. Бұл факті тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихының негізін
құрайтын дерек көздеріне осы бастан ерекше назар аударудың қажеттігін тағы
бір рет дәлелдейді ғой деп ойлаймыз.
Қазақстан тарихшыларының еңбектеріне тарихнамалық талдау жасау, бір
жағынан, көрнекті кәсіпқой қазақ тарихшыларының Н.Ә. Назарбаевтың Елбасы
ретіндегі қызметін алғашқы күндерінен бастап жіті қадағалап, объективті
бағалай білгендіктерін көрсетсе, екінші жағынан, Қазақстан тарихнамасында
ең жаңа тарихымыздың, атап айтқанда тәуелсіз мемлекетіміз тарихының да,
оның басшысы ретінде Н.Ә. Назарбаевтың Президенттігі тарихының да арнайы
зерттеу объектісіне айналып, өздеріне тиісті орындарын ала қоймағандығын
көрсетеді. Ол тарих ғылымының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты болуы да
мүмкін. Әдетте, тарих ғылымында тарихи құбылыстар мен ондағы жеке тұлғалар
бейнесінің ғылыми реконструкциясы белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана
жасалынады. Біздің жағдайымызда тәулесіз Қазақстан мемлекеттігін одан әрі
нығайту және дамыту процесі де, ондағы Н.Ә. Назарбаевтың жетекші ролі де
жалғасуда. Демек, тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихын, ондағы тұңғыш
Президенттің рөлін жан-жақты тарихи тұрғыдан зерттеу ісі әлі алда. Біздің
жұмысымыз сол үлкен іске дайындық қана.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмысымыздың негізгі мақсаттары:
біріншіден, ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріне тәуелсіз
Қазақстан мемлекеттігінің қайта қалыптасу, нығайу және даму тарихының
маңызды жазба дерек көздерінің бірі ретінде деректанулық талдау жасау
арқылы, ең жаңа тарихымыздың деректік ірге тасының осы бастан ғылыми
негізде дұрыс қалануына үлес қосу, екіншіден, келешек зерттеушілерге тұңғыш
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев еңбектерін ҚР тарихының дерек көздері ретінде
пайдалана білу және олардан шынайылық деңгейі жоғары мәліметтер ала білу
жолдарын көрсету, үшіншіден, өз еңбектерін дерек көздері ретінде пайдалана
отырып, Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық мемлекеттігімізді қалыптастыру және дамыту
ісіндегі рөлін айқындау. Осы мақсаттарға сай зерттеу жұмысының алдына
төмендегідей міндеттер қойылды:
Н. Назарбаев еңбектерінің ҚР тарихының дерек көздері ретіндегі маңызы
мен ерекшелігін анықтау мақсатында, дерек жасаушы субъект ретінде,
автордың өмір жолын, мемлекет басшысы ретінде қалыптасу кезеңдері мен жеке
тұлғалық қасиеттерін зерделеу;
Н. Назарбаев еңбектерінің дерек көздері ретінде пайда болуын сынау, яғни
объективтілігін, тарихи жағдайын, сақталу формаларын анықтау “Сыртқы
сын”;
Н. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек
көздері ретінде мазмұндық, мақсаттық, хранологиялық принциптерге сай
сыныптау;
Н. Назарбаев еңбектеріндегі КСРО-ның ыдырау себептері мен тәуелсіздік
қарсаңында елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал туралы
мәліметтерге талдау жасау;
Жаңа мемлекет қалыптастырудың теориялық негіздерін жасаудағы Н.
Назарбаевтың қосқан үлесін көрсету;
Н. Назарбаев еңбектеріндегі тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің саяси
негіздерінің қалыптасу, нығайу және даму тарихына қатысты мәліметтердің
шынайылық деңгейін анықтау “Ішкі сын”;
Н. Назарбаев еңбектерін Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің
атрибуттары тарихының дерек көздері ретінде талдау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері Н.Ә. Назарбаевтың 1990 жылдың
сәуірінде Қазақ ССР-ның Президенті болып сайланған күнінен бастап, 2006
жылдың қаңтарында ҚР Президенті міндетін атқаруға қайта кіріскенге дейінгі
арлықты қамтиды. Осы жылдар аралығында дүниеге келген Н.Ә. Назарбаев
еңбектеріндегі, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының бейнеленуі
дәрежесін анықтау зерттеу жұмысының негізгін құрайды.
Зерттеу жұмысының теориялық- методологиялық және әдістемелік негіздері.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының ұлттық мүдде тұрғысынан шынайы
жазылу қажеттігіне сай, зерттеу жұмысы деректану ғылымының өзіндік
ерекшеліктерінен туындайтын – деректердің пайда болуының объективтілігі мен
субъективтілігі, алғышарттары мен тарихи жағдайлары, сақталу формалары мен
ерекшеліктері, деректерді сыныптау және сыни талдау қажеттілігі мен
деректерде сақталынған мәліметтердің шынайылық және толықтық деңгейлерін
анықтау сияқты теориялық-методологиялық қағидаларға, ғылыми зерттеудің
объективтілік, партиялық және тарихилық сияқты жалпы ғылыми принциптеріне,
арнайы және нақты ғылыми таным заңдылықтары мен методтарына негізделген.
Зерттеу жұмысының барысында Еуропа мен Ресей деректанушыларының
еңбектеріндегі деректерді талдау әдістемелері мен соңғы жылдары пайда
болған ұлттық дерек көздеріне деректанулық талдау жасалынған Қазақстан
ғалымдарының еңбектері басшылыққа алынды.
Диссертациялық жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыстың практикалық маңызы
мен қолданыс ауқымы өте кең. Онда жасалынған тұжырымдар мен алынған
нәтижелерді тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихын, оның ішінде жаңа
мемлекет қалыптасыру тарихын да, ондағы тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың
атқарған қызметін орта мектептерде және ЖОО оқып-үйренуде, сонымен қатар ҚР
тарихын, Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін зерттеуде пайдалануға болады.
Диссертациялық жұмыс тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихының ғылыми
деректік негізін қалыптастыру жолында жасалынған алғашқы зерттеу жұмысы
болғандықтан, осы бағытта атқарылар келешек деректанулық жұмыстарда кеңінен
пайдалынатындығы күмәнсіз.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Диссертациялық жұмыстың ең
басты дерек көздерін, тақырыпқа сай, ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың көрсетілген уақыт аралығында пайда болған еңбектері құрайды.
1990 жылдың көктемінде дайындаған “Әділеттің ақ жолы” атты еңбегінен
бастап, 2006 жылдың қаңтарында ҚР Президенті міндетін атқаруға қайта
кірісуіне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзіне дейін, Н.Ә. Назарбаев
“Ғасырлар тоғысында”, “Тарих толқынында”, “Сындарлы он жыл”, “Еуразия
жүрегінде” сияқты бірнеше іргелі еңбектер, “Қалың елім, қазағым”,
“Қазақстан – Ресей қатнастары” сияқты жинақтар, “Қазақстан – 2030” сияқты
Қазақстан халқына Жолдаулар, ҚР мерейтойларында, салтанатты жиындарда,
маңызды оқиғаларда жасаған баяндамалар мен өз еліміздің және шет ел
басылымдарына берген сұхбаттары т.б. еңбектер жариялады. Олардың бәрінде де
белгілі бір дәрежеде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихына қатысты
мәліметтер сақталынған. Сондықтан, оларға мемлекеттігіміздің қайта
қалыптасу тарихының негізгі дерек көздері ретінде деректанулық талдау
жасалынды.
Негізгі дерек көздерінде сақталынған ақпараттардың шынайылық деңгейі мен
ғылыми құндылықтарын және деректік маңызын айқындау мақсатында, деректану
ғылымының талаптарына сай, өздерінің пайда болуы жағынан бір-бірінен
тәуелсіз деректердің әр алуан түрлері де пайдаланылды. Олардың үлкен бір
тобын, дерек жасаушы субъект ретінде, Н. Ә. Назарбаевтың жеке адами және
тұлғалық бейнесін ашуға арналған еңбектер құрайды. Негізгі дерек көздерінің
авторы туралы құнды ақпараттар алуға мүмкіндік беретін ондай еңбектер,
Елбасы туындылары мен ондағы мәліметтерге деректанулық талдау жасау
барысында кеңінен қолданылды.
Сонымен қатар жұмыста ҚР тұңғыш Президентімен бірге тәуелсіз Қазақстан
мемлекеттігін қайта құруға ат салысқан қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың,
дипломаттардың т.б. еңбектері, жақындарының, шет елдер басшыларының
естеліктері де қосымша дерек көздері ретінде пайдаланылды. Олардағы ҚР
мемлекеттігінің пайда болу және қалыптасу тарихына қатысты деректер Н.Ә.
Назарбаев еңбектеріндегі мәліметтердің шынайылық деңгейін, ғылыми маңызын
анықтауға, Елбасының осы істегі рөлін ашуға көмектесті. Мысалы, солардың
бірі, ұзақ жылдар бойы Президент әкімшілігінде қызмет етіп, Елбасының сан-
алуан қызметін жақыннан байқауға мүмкіндігі болған мемлекеттік
қызметкерлері дайындаған еңбектер.[]
Жұмыстың дерек көздерінің үлкен бір тобын, осы жылдары елімізде шығып
тұрған, өзіндік ерекшеліктері бар, мерзімді басылымдар құрайды. Мерзімді
басылымдардың басқа да дерек көздерінен басты ерекшелігі – оқиғалардың
оларда синхронды ілеспелі бейнеленуі. Ол, біріншіден, зерттеушіге оқиғаны
даму динамикасында зерттеуге мүмкіндік берсе, екіншіден, біздегі
тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан демократиялық үрдістерге орай, мерзімді
басылымдардың әр алуан әлеуметтік топтардың мүддесіне сай, әр түрлі
бағыттарда болуы, зерттеушіге оқиғаны әр түрлі қырынан зерттеуге мүмкіндік
берді.
Жұмысты орындау барысында ҚР Президентінің мұрағат қорларының құжаттары
да қосымша дерек көздері ретінде пайдаланылды. Оларда Н. Ә. Назарбаевтың
саясткер ретінде қалыптаса бастауынан мәліметтер беретін және оның
еңбектерінде айтылған фактілердің өмір шындығына толық сай келетіндігін
дәлелдейтін құнды деректер сақталынған. Мысалы, мұрағаттың 812 қорында 21
жасар Н. Назарбаевтың алғаш рет республика деңгейінде өзін көрсете білген
республика комсомолдарының 1962 жылы ақпан айында өткен оныншы съезінде
жасаған баяндамасының мәтіні сақталынса, 708 қорда Нұрсұлтан Әбішұлының
“Әділеттің ақ жолы” атты кітабында келтірген тәуелсіздік қарсаңында
республикада қалыптасқан саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдай туралы
деректердің шынайылық деңгейінің жоғарылығын дәлелдейтін құжаттар
сақталынған.
Дегенмен, жұмыста тақырыпқа сай маңызды дерек көздерінің үлкен бір тобын
құрайтын кейбір мұрағат қорларын пайдаланануға мүмкіндігіміз болғандығын да
айтуға тиіспіз. Мысалы, тұңғыш Президентіміздің тәуелсіз Қазақстан
мемлекеттігін қайта қалыптастыру қызметіне қатысты мұрағат құжаттары “Қазақ
Кеңестік Социалистік Респуликасы Президенті” атты № 7-ші қорда сақтаулы.
Бірақ қор әзірге жабық. Бұл бір жағынан, әрине, өкінішті, екінші жағынан,
дәл осы тақырыпқа арналған зерттеу жұмысының бір кандидаттық диссертациямен
аяқталмайтындығы да түсінікті. Керісінше, бұл үлкен жұмыстың тек басталуы
ғана. Сондықтан, қордың келешекте ашылуы зерттеушілерге бұл мәселені
тереңірек зерттеп, жан-жақты аша түсуге, яғни біздің зерттеу жұмысымызды
одан әрі жалғастыруға мүмкіндік берері даусыз.
Сонымен қатар, 2005 жылдың қыркүйегінде интернет жүйесінде мемлекет
басшысы Н. Назарбаевтың w w w. akorda KZ деп аталатын веб-сайты
орналастырылды. Ақорда веб-сайт қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі
нұсқасымен қамтылған. 11 негізгі бөлім, 60-тан астам айдарлар мен
айдаршалардан тұрады. Мысылы, “Бірінші тұлға бөлімінде” ҚР Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың өмірбаяны туралы айтылса, “Президент шығармашылығы” бөлімінде
мемлекет басшысының еңбектері берілген. Ондағы мәліметтердің де жұмыста
кеңінен пайдаланылғандығы түсінікті.
Аталған және басқа да қосымша дерек көздері, жұмысты орындау барысында,
тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихына қатысты негізгі дерек көздерінде
сақталынған мәліметтердің шынайылық деңгей мен ғылыми құндылығын анықтауға
көмектесті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-Қазақстан тарихнамасында Қазақстанның ең жаңа тарихының – тәуелсіз
Қазақстан республикасы тарихының маңызды дерек көздерінің біріне
деректанулық талдау жасау, атап айтқанда, Президент Н.Ә. Назарбаев
еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта қалыптастыру тарихының
дерек көзі ретінде қарастыру алғаш рет қолға алынып отыр;
-алғаш рет ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз
Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы анықталып,
олардың деректік ерекшелігі, пайда болуының объективтілігі, тарихи жағдайы,
сақталу формалары деректану ғылымының талаптарына сай сыни талданып,
сыныптаудан өткізілді;
- жұмыста Н.Ә. Назарбаев еңбектерін дерек көзі ретінде пайдалану арқылы,
оның жеке адами және тарихи тұлғалық бейнесін аша түсуге және мемлекет
қалыптасытру мен басқару ісіндегі табыстарының сырын анықтауға әрекет
жасалынды;
- КСРО-ның ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық себептері туралы
айтқан Н.Ә. Назарбаев ойларының өмір шындығына сай келетіндігі дәлелденді;
- Н. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта құрудың
теориялық негіздерін жасап, оның жолдарын анықтағандығы және іске асыра
білгендігі көрсетілді;
- алғаш рет Н. Назарбаев еңбектеріне қазақ тарихындағы жаңа саяси
құбылыс – президенттік билік жүйесінің қалыптасу тарихының дерек көзі
ретінде талдау жасалынды;
- Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің ішкі және сыртқы атрибуттары
тарихының дерек көзі ретінде алғаш рет Н. Назарбаев еңбектеріне
деректанулық талдау жасалынып, ондағы мәліметтердің шынайылық деңгейлерінің
жоғары екендігі дәлелденді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.
Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекттігі тарихының дерек көзі
ретінде деректанулық талдау жасау нәтижесінде мынадай тұжырымдар қорғауға
ұсынылды:
1. Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында
Қазақстан Президенті, яғни Елбасы қызметін атқаруы, ғасырлар тоғысында елде
орын алған түбегейлі қоғамдық өзгерістердің бел ортасында жүріп, көптеген
бастамалардың қайнар көзінде тұруы, оның еңбектерін тәуелсіз Қазақстан
мемлекеттігі тарихының өзіндік ерекшелігі бар, маңызды дерек көздерінің
біріне айналдырды.
2. Н.Ә. Назарбаев еңбектері ҚР тұңғыш Президентінің адами және тарихи
тұлғалық бейнесін ашуға көмектесетін маңызды дерек көзі міндеттерін де
атқарады.
3. Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің пайда болуының объективтілігі өткен
ғасырдың 80-ші жылдарының ортасынан басталған бұрынғы КСРО-деп аталатын
алып империядағы қайта құру процесінің басталуына, КСРО-ның ыдырап
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына және тәуелсіз Қазақстан мемлекетін
қайта құру ісінің жүргізілуіне байланысты.
4. Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы іргелі еңбегі “Әділетің ақ жолының” КСРО-
ның, яғни Мәскеу басшылығының кезінде дүниеге келуі, ондағы КОКП басшылығы
атына айтылған сындардың КСРО-ның күйреуінің саяси, әлеуметтік-экономикалық
себептерін көрсететін маңызды дерек көздеріне айналдырса, тәуелсіздік
жылдары пайда болған еңбектері Қазақстан мемлекеттігін қайта құру ісінің
басталу, қалыптасу және даму тарихының шынайылық деңгейі жоғары дерек
көзіне айналдырды.
5. Н.Ә. Назарбаев еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның мемлекет
құрудың теориялық негіздері мен жолдарын терең меңгергендігін және оны
тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру ісінде шебер пайдалана білгендігін
көрсетеді.
6. Н.Ә. Назарбаев еңбектері Қазақстан Республикасында президенттік билік
иниституты қалыптасу тарихының маңызды дерек көзі болып табылады.
7. Н.Ә. Назарбаев еңбектері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің ішкі және сыртқы атрибуттары
тарихының шынайылық деңгейі жоғары дерек көзі.
Зерттеудің сыннан өтуі. Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің деректану және тарихнама кафедрасында орындалды және сонда
талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертациялық жұмыстың негізгі тұжырымдары
мен қағидалары Республикалық Қасымбаев және Бекмаханов оқуларында Алматы,
2005, 2006, ҚР тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-
практикалық конференцияда Талдықорған, 2006 баяндалып, “Қазақ тарихы”
жорналында Алматы.-2006,-№ 3, Қазақ ұлттық университеті хабаршысы. Тарих
сериясында Алматы.-2005, № 4, 2006, № 1 т.б. жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫН СЫНАУ

1.1 Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі
ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Деректану ғылымының талаптарына сай тарихи дерек көздерінің
маңыздылығын анықтау,біріншіден, зерттеушіге маңызды дерек көздерімен жұмыс
істеп, олардан ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға мұмкіндік берсе,
екіншіден, дерек көздерінің немесе нақты деректің ерекшелігін анықтау
зерттеушіге, сол дерек көзінің немесе нақты деректің ерекшелігінен шыға
отырып, соған сай келетін тәсілдер қолдану арқылы талдау жүргізуге
көмектеседі. Дегенмен, тарихи деректердің де, дерек көздерінің де маңызы
мен ерекшелігі, ең алдымен, сол деректерді немесе дерек көздерін жасаушы
субъекттермен тығыз байланысты. Егер, белгілі орыс деректанушысы А.С. Лаппо-
Данилевскийдің сөзімен айтсақ: “ Тарихи дерек дегеніміз - адам психикасының
іске асқан жемісі” [112, 365 б.].
Әрине, тарихи деректің пайда болуының басты объективті алғышарты белгілі
бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыстың болуы екендігі белгілі. Бірақ, оның
әр түрлі дерек көздерінде қалайша бейнеленуі деректі жасаушы жеке субъектің
қолында екендігі де анық. Олай болса, болып жатқан немесе болып өткен
объективті тарихи құбылыстардың деректерде қай дәрежеде бейнеленуі, яғни
объективті құбылыстар туралы субъективті мәліметтердің қай дәрежеде
деректерге енуі, сол деректі жасаушы субъектің психикасына дүниетанымы, ой
өрісі, білім дәрежесі, діни наным-сенімі, қоғамдық позициясы т. т. тікелей
байланысты. Демек, Н. Назарбаев еңбектерінің ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр
басындағы объективті қоғамдық құбылыс – КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің пайда болуы және қалыптасуы тарихының дерек көзі ретіндегі
маңызы мен ерекшеліктері, сол еңбектердің авторы, яғни тәуелсіз Қазақстан
тарихының дерек көздерінің үлкен бір тобын жасаушы субъект - Н.Ә.
Назарбаевтің қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық қасиеттерімен
тығыз байланысты.
Н. Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің
пайда болуы жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал,
жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті
фактордың айрықша орын алуында. Сондықтан дерек көздерінің осы түрлерімен
жұмыс істегенде олардың авторлары, яғни деректі жасаушы субъект туралы
объективті мәліметтерді пайдалана білудің маңызы үлкен. Демек, біздің
зерттеу жұмысымызда субъективті фактор ретінде, дерек көздерін жасаушы Н.
Ә. Назарбаев туралы мәліметтерге сүйенуге тиіс боламыз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретінде Н. Назарбаев туралы,
жоғарыда айтқанымыздай, аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Соңғы
Президенттік сайлау қарсаңында, әсіресе сайлаудан кейін, Н.Ә. Назарбаев
туралы, оның айқын жеңісінің себептері туралы баспасөз беттерінде көптеген
мақалар жарияланды. Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны - өмірі мен атқарған
қызметінің негізгі кезеңдері жұртшылыққа жақсы таныс. Сондықтан біз бұл
мәселеге, яғни Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, әдеттегідей,
хранологиялық принципке сай өмірбаяндық тұрғыдан емес, дерек көздерін
жасаушы субъект ретінде, деректанулық тұрғыдан қарауымыз қажет болады.
Егер, осы тұрғыдан келсек, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан
тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі ең алдымен, оның
тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздік жылдарындағы ресми лауазымдарына
сай атқарған қызметтерімен тығыз байланысты екендігіне ерекше көңіл
аударуға тиіс боламыз. Обылыс көлемінде іскерлігімен көзге түскен Н.
Назарбаев, өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі
басшылық қызметте болса, тәуелсіздіктің дәл қарсаңында, яғни 80-ші
жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында Қазақстан сияқты үлкен
республиканың бірінші басшысы міндетін атқарды. Ол туралы ҚР Президентінің
интернет жүйесіндегі веб-сайтында: “1979-1984 жылдары Қазақстан КП Орталық
Комитетінің хатшысы. 1984 - 1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 жылғы
ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1990
жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті”- деп
көрсетілген[113]. Демек, бұл, Н.Ә. Назарбаевтың дәл сол жылдары болып
өткен, қорытындысында КСРО –деп аталған алып империяның тағдырын шешкен
аласапыран оқиғалардың бел ортасында жүріп, ел тағдыры үшін жауапты бірінші
адам ретінде, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру ісінің
қайнар көзінде тұруына тура келді деген сөз.
Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі “Әділеттің ақ жолы” атты кітабында:
“Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым
оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға,
қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің
жеке пікірімді айтуға барып отырмын”-деп, жазды [114, 219 б.]. Олай болса,
Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі
басты маңызы, олардың басқа да тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек
көздерінен негізгі ерекшелігі, сол жылдарығы қоғамдық құбылыстар мен
түбегейлі өзгерістердің “қалың ортасында жүріп”, ел тағдырын, ұлт тағдырын
шешкен “шешімдер қабылдаған” адамның дүниеге әкелгендігінде. Әрине, талай
отандастарымыз, қоғам және мемлекет қайраткерлері тәуелсіз Қазақстанның
қалыптасу тарихының куәгері болды, ол туралы өз естеліктерін жазды, яғни
тарихи деректерді дүниеге әкелді. Сөз жоқ, олардың бәрі де Қазақстанның ең
жаңа тарихының дерек көздерін құрайды. Және де келешекте тәуелсіз Қазақстан
тарихын зерттеуде пайдаланылады. Дегенмен, жоғарыда келтірілген фактілер Н.
Назарбаев еңбектерінің тарихымыздың түбегейлі өзгерістер кезеңінің бірінің
орны бөлек дерек көздері екендігін толығымен дәлелдейді.
Дегенмен, деректанушы ретінде, біз ҚР Президенті веб-сайты сияқты ресми
де, маңызды дерек көзінің өзінде де қарапайым қателіктің кеткендігін айтуға
мәжбүрміз. Н. Ә. Назарбаев веб-сайтта көрсетілгендей: “1990 жылдың
сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті”- емес, КСРО-деп атлатын
алып империяның құрамындағы Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды. Ал,
Қазақсатан Республикасы деп аталған мемлекет, сол КСРО-ның күйреуі
салдарында кейін пайда болды. Бұл факті дерек қандай деңгейде пайда
болмасын, оны деректанулық сыннан өткізу қажеттігін тағы бір рет
дәлелдейді ғой деп ойлаймыз.
Әрине, Қазақстанның өз тәуелсіздігіне ие болуы сияқты түбегейлі тарихи
өзгерістер кезінде республика басшылығында дәл Н.Ә. Назарбаевтың болуы, бір
жағынан тағдырдың жазуы болғанымен, екінші жағынан, онда белгілі бір
заңдылықтың барлығын да байқауға болады. Туа біткен табиғи таланты,
ұйымдастырушылық қабілеті, өзін өзі сыйлай білушілік, көптің бірі болып
қара көбейтіп ортада жүруді қаламауы Н. Назарбаевты жастайынан белсенділік
танытып топ алдында жүруге итермеледі. Ол туралы Н. Назарбаев: “Егер өзім
туралы айтар болсам, мен ешқашан қандайда бір басшылық қызметтерге айрықша
құмартқан жан емеспін. Бірақ, бала кезімнен “орташа” болып қалуды
ұнатпайтынмын, өз қадірімді өзім сезерліктей әлде бір ішкі сезімнің
әсерінде болдым. Мәселен, мектепте әрқашан оқуда бірінші болуға талпындым.
Мұндай сезім өзін құрметтейтін кез келген адамға тән деп ойлаймын. Ал егер
адам өзін сыйлаудан қалса, онда одан өмірде айтарлықтай дәйекті ешнәрсе
шықпайды. Маған ұдайы басшылық ету бұйырғандай-ақ, әрдайым әйтеуір бір
органдарға сайланумен болдым: жоғарғы кластарда мектеп оқушылар комитетінің
мүшесі болдым, әрдайым мектеп, аудан комсомол активінің қатарында жүрдім”-
дейді [114, 69 б.].
Н. Назарбаевтың мектепте оқып жүргенде-ақ белсенділік танытып, қатарының
алды болып жүретіндігі туралы ұстазы Сейітхан Исаев ақсақал: “Нұрсұлтан
алғыр, мінезі орнықты, білімге ынталы бала болатын. Өнерлілігімен есімі
аудан көлемінде белгілі болып жататын. Қоғамдық жұмыстарға, мектеп
өміріндегі әр қилы істерге бел шеше араласып кететін. Комсомол ұйымы қат-
қабат шаруаларының әр кез басы-қасында жүретін”- деп еске алады[11,123 б.].
Осылай, бала кезінен қалыптаса бастаған белсенділік, іскерлік
қасиеттерін Н. Назарбаев өмірге енді араласа бастаған жастық жылдарында
одан әрі дамыта білді. Келешек Елбасының өзінің іскерлік қасиеттерін,
ұйымдастырушылық қабілетін жас кезінде-ақ көрсете бастағандығы туралы
жастық шақтарын бірге өткізген досы, Қарағанды металургия комбинатының цех
бастығы Қуаныш Омашев жақында “Егемен Қазақстан” газетінде жариялаған
мақаласында жас жігіт Нұрсұлтан туралы айта келе: “Иә, адам ісінен,
талабынан танылады. Ортамыздан топ жарып шыққан бұл жігіттің тегін азамат
еместігі сол кездің өзінде сезілетін”-деп [10, 12 б.], оған дәлел ретінде
бір мысал келтіреді.
“Мен Нұрекеңмен Қарағанды политехникалық иниститутының Теміртаудағы
филиалында оқып жүргенімде таныстым”-дейді Қ. Омашев. “Кісіні баурап алатын
қасиетімен курстастарымызды үйіріп әкетті. Өндірістен қол үзбей оқыдық.
Күндіз жұмыстан мойын бұрылмайтынына, кешкісін сабақтан бас
көтерілмейтініне қарамастан, бір уақ көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысуға
да үлгертінбіз. Аралас-құраластығымыз студенттік құрылыс отрядында бірге
болғанымызда тіпті беки түсті. Бұл да кімнің кім екенін көрсететін орта
ғой. Соның бір жарқын көрінісі жас Нұрсұлтанның бойынан мұнда да танылып
еді.
Ол уақытта, яғни алпысыншы жылдардың басында Нұра ауданындағы
“Балықтыкөл” кеңшары жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан еді. Осында бірнше
тұрғын үй салуға кіріскен отрядымыздың жұмысы көпке ұзамай тоқтады да, қол
қусырып отырып қалуға мәжбүр болдық. Отряд жетекшісі Князев болса, бұған
оншалықты қам жемей, жайбарақат уақыт өткізумен жүрді. Күзге дейін бірқатар
отбасыны баспаналы етуге бізге үміт артқан жергілікті басшылардың:
“Жігіттер, қапыда қалдыратын болдыңдар-ау”,-деп реніш білдіруі жанымызға
батып, тығырықтан шығудың амалын қарастырдық”-дей келе, сол тығырықтан
Нұрсұлтанның белсенділік таныту арқасында ғана шыққандығын айтады.
Екі аптадай жоқ болып кетіп, қажетті құрылыс материалдарын тауып келген
Н. Назарбаев туралы: “Ол облыстық мекемелерден бастап, ірілі-ұсақты
кәсіпорын басшыларының есіктерін тоздырып, ақыры мақсатына жетіпті. Іле
жұмысымыз да қызып сала берді. Таңның атысы, күннің батысы тыным болмай,
үйлерді бірінен соң бірін қаз-қатар салып шықтық. Олар пайдалануға беріліп,
жұрт қуанышқа бөленген сәтте студент құрлысшыларға, соның ішінде әсіресе,
командиріміз Назарбаевқа ақ алғыстарын жаудырды...Осында бой түзеген
алғашқы көшедегі үй қабырғасында “Бұл үйлерді Нұрсұлтан Назарбаев
жетекшілік еткен студенттік құрылыс отряды салды” деп жазылған ескерткіш
тақта тұр”-дейді [10, 19 б.].
Міне, осылай, саналы өмірін өз іскерлігінің арқасында қатарларының алды
болып, көпшіліктің алғысын алудан бастаған Н.Ә. Назарбаевты жастайынан
республика, тіптен Одақ деңгейінде де танымал болуына әсер еткен де, сол
белсенділігі, табиғат берген бойындағы талабы мен таланты деп айтуға
болады. Оның айқын дәлелі 1962 жылы ақпан айында, яғни 21 жасында
республика комсомолының оныншы съезінде сөйлеген сөзі. ҚР Президенті
мұрағатында сақтаулы тұрған сол съезде сөйлеген сөзіне, Н. Назарбаевтың
саясаткер ретінде қалыптасу тарихының маңызды дерек көздерінің бірі ретінде
деректанулық талдау жасау, бойында ұлттық сезімі бар, жалындаған жас
саясаткердің қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
Съезд делегаты ретінде өз сөзін: “Мыңдаған жылдар бойы біздің ата-
бабаларымыз маңыратып қой, кісінетіп жылқы баққан шексіз-шетсіз далада
кеңес халқының қолымен жасалған алып завод бой көтерді – ол біздің
еліміздің төртінші металлургиялық базасы – ол Қазақстан магниткасы”- деп
бастаған Н. Назарбаев: “Мен біздің заводтағы қазақ жігіттеріне ерекше
тоқталып, олардың өмірі мен жұмыстары туралы айтқым келеді. Олар өз
кәсіптерін жете меңгеріп, қәзір жақсы және үйлесімді жұмыс істеп жүр. Олар:
Сүлейменов, Сәрсекенов, Мырзахметов, Салимов т.б.”- деп біраз қазақ
жігіттерінің аттарын атап, оларға металлург мамандығын үйренуге
көмектескен, еліміздің басқа металлургиялық заводтарынан келген өзге
ұлттардың тәжерибелі аға буын өкілдеріне алғыс айтуды да ұмытпаған [115].
Сонымен қатар Н. Назарбаев өз сөзінде кемшіліктерге де тоқталған. Ол:
“Өндірістік тәжірибеден өткен 800 адамның 300 заводттан кетіп қалған.
Кейбіреулері қиындыққа шыдамай қашып кеткен. Әсіресе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Елбасының қазақ әдебиетіндегі бейнесі
Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
Уақыт және тарих
Заңдар – Қазақстан Республикасы тарихының дерек көзі (1990-2007 жж.)
Н. Ә. Назарбаевтың Сындарлы он жыл еңбегіндегі негізгі идеялары
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі
Пәндер