Эпидемиологиялық диагноз қоюдағы қателерді талдау



Жұқпалы аурулардың соматикалық аурулардан айырмашылығы бар. Соматикалық аурулардың әр-түрлі себептері болады: гиподинамия (қимыл-қозғалыстың тапшылығы), зиянды әдеттер (шылым шегу, арақ-шарапқа әуестік), қандағы холестериннің тым көбеюі, т.с.с. Ал жұқпалы аурулардың қоздырғышы – паразит (бактериялар, вирустар, патогенді саңырауқұлақтар) болып табылады. Эпидемиялық процесс паразит пен адам организмінің популяциялық деңгейдегі қарым-қатынасының нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік және табиғи жағдайда бірен-саран немесе көптеген сырқаттанумен, инфекцияның белгісіз түрімен көрінуі. Эпидемиялық процесс даму үшін оның құрамындағы 3 бір-бірінен ажырамас фактор толық болуы тиіс: 1)Инфекция көзі, 2)Инфекцияның берілу механизмі, 3)Қабылдаушы организмнің болуы. Эпидемиялық процестің мәнін сипаттауда паразит популяциясының кейбір ерекшеліктерін ескеру керек. Олар қоздырғыштың патогендігі, жұғымталдығы және иммуногендігі [1,2,3].
Мақсаты: Эпидемиологиялық диагноз қоюдағы қателерді талдау. Соңғы жылдары сан-алуан жұқпалы аурулардың түрлері пайда болды. Оларға: геморрагиялық қызбалар, маймыл шешегі, АИВ-инфекциясы, СПИД, гепатит С, құс тұмауы кіреді. Бұл ауруларға қатысты ғылыми білімдердің жеткіліксіздігі диагноз қою барысында өзінің кері әсерін тигізеді. Мысалы, Қазақстанда 17 адам АИВ инфекциясын қан құю арқылы жұқтырған. Себебі ем курсын алған АИВ-оң белгісі бар адамның қан құрамын тексерген кезде, оның анализдері АИВ-теріс болуы мүмкін, өйткені 15 күннен 2-3 айға дейін «иммунологиялық ақтандық» кезеңі болуы ықтимал, яғни қарсы дене организмде болса да, оны анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар бұл аурудың клиникалық белгілері де
Әдебиет
1. Амиреев С.А. Эпидемиология – Алматы, 2002.
2. Безденежных И.С. Эпидемиология – Москва: Медицина, 1977.
3. Кац-Чернихвостова Эпидемиология – Медицина, 1949.
4. Преддверие ада // «Тасжарған», №4(81), №7(84), 2008.
5. Не кашляй // «Республика», №1(42), 2008.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Эпидемиологиялық диагноз қоюдағы қателерді талдау

Жұқпалы аурулардың соматикалық аурулардан айырмашылығы бар.
Соматикалық аурулардың әр-түрлі себептері болады: гиподинамия (қимыл-
қозғалыстың тапшылығы), зиянды әдеттер (шылым шегу, арақ-шарапқа әуестік),
қандағы холестериннің тым көбеюі, т.с.с. Ал жұқпалы аурулардың қоздырғышы
– паразит (бактериялар, вирустар, патогенді саңырауқұлақтар) болып
табылады. Эпидемиялық процесс паразит пен адам организмінің популяциялық
деңгейдегі қарым-қатынасының нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік және табиғи
жағдайда бірен-саран немесе көптеген сырқаттанумен, инфекцияның белгісіз
түрімен көрінуі. Эпидемиялық процесс даму үшін оның құрамындағы 3 бір-
бірінен ажырамас фактор толық болуы тиіс: 1)Инфекция көзі, 2)Инфекцияның
берілу механизмі, 3)Қабылдаушы организмнің болуы. Эпидемиялық процестің
мәнін сипаттауда паразит популяциясының кейбір ерекшеліктерін ескеру керек.
Олар қоздырғыштың патогендігі, жұғымталдығы және иммуногендігі [1,2,3].
Мақсаты: Эпидемиологиялық диагноз қоюдағы қателерді талдау. Соңғы
жылдары сан-алуан жұқпалы аурулардың түрлері пайда болды. Оларға:
геморрагиялық қызбалар, маймыл шешегі, АИВ-инфекциясы, СПИД, гепатит С, құс
тұмауы кіреді. Бұл ауруларға қатысты ғылыми білімдердің жеткіліксіздігі
диагноз қою барысында өзінің кері әсерін тигізеді. Мысалы, Қазақстанда 17
адам АИВ инфекциясын қан құю арқылы жұқтырған. Себебі ем курсын алған АИВ-
оң белгісі бар адамның қан құрамын тексерген кезде, оның анализдері АИВ-
теріс болуы мүмкін, өйткені 15 күннен 2-3 айға дейін иммунологиялық
ақтандық кезеңі болуы ықтимал, яғни қарсы дене организмде болса да, оны
анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар бұл аурудың клиникалық белгілері де
көпке дейін байқалмайды [4].
Пайдаланылған зерттеу әдістердің нашарлығы ақпараттардың әлсіздігі
олардың сезімталдығы мен тәнділігінің төменділігімен байланысты болуы
мумкін. Бұл екі себепті объективті деп санауға болады, өйткені олар осы
саладағы ғылыми зерттеулердің әлі де болса толық жетілмегендігі арқылы
түсіндіріледі. Мысалы, соңғы жылдары сальмонеллезбен сырқаттанушылықтың
деңгейі өсуде. Негізгі себебі денсаулық сақтау мекемелерінде, мал
шаруашылығында және басқа да салаларында антибиотиктерді есепсіз көп және
соншалықты қажеттілігі болмаса да пайдаланғандықтан сальмонеллдің дәрі-
дәрмекке төзімді клондарын тексергенде, осы қасиет микробта R плазмидтің
бар болуына байланысты екендігі дәлелденді. Плазмид бактериялық клетканың
экстрахромосомдық тұқым қуалау қасиетін сақтаушы қызметін атқарады және осы
қасиеттің бір клеткадан екіншісіне берілуін қадағалайды. Антибиотикке
резистенттілікті бақылайтын плазмидті R –факторлы деп атайды. Мұндай
резистенттілік бір дәріге (монорезистентті) немесе әртүрлі дәріге (поли-
резистентті) болуы ықтимал. Сальмонеллездердің ішінде полирезистентті
штамдар жыл сайын өсіп келеді.
Сальмонеллалардың субклеткалық деңгейдегі антибиотикке тұрақтылық
қасиеті клеткалық деңгейге ықпалын тигізеді. Соның салдарынан осы
микробтардың ферменттік белсенділігі, вируленттілігі және тағы да басқа
қасиеттері өзгереді де, ол жаңадан пайда болған ортаға бейімделіп алады.
Түйнемені Сібір жарасы бактерологиялық әдіспен анықтау басты амал емес,
өйткені науқастан алып зерттелген материалда қоздырғыштың жоқ болуы
диагнозды өзгертпеуге негіз бола алмайды. Тіпті антибиотикті
пайдаланбаған кезеңде де түйнеме микробын нақты осы науқаспен ауырған
адамнан табу мүмкіншілігі 50%-тен аспаған, ал емдеу үшін антибиотикті жиі
қолданған кезеңде көпшілік жағдайда науқастар өз бетінше антибиотиктерді
бейберекет пайдалануы да мүмкін бұл көрсеткіштің деңгейі одан да көп
төмендейді. Сондықтан эпидемиологтың тек қана бактериологиялық зерттеудің
теріс нәтижесіне көп жағдайда төмендеткенін есепке алу керек. Тағы да бір
ескертетін жай, ол - әр түрлі себептермен (зерттеу әдісінің нашарлығы
немесе маманның тәжірибесінің жеткіліксіздігі, зерттеуге алған материалда
қоздырғыштың біркелкі бөлінбеуі және т.б.) микробиологиялық зерттеуде
қоздырғыш табылса, теріс нәтиже беруі мүмкін.
Тағы бір жағдайға көңіл аударған жөн. Лабораториялық зерттеудегі оң
нәтиже, эпидемиологияда ондай нәтиже болмауы мүмкін. Мысалы, кейбір
зерттеушілер іш сүзегі қоздырғышын осы инфекция ошағында болған төсек
бүргесінен тапқан; құтырумен ауырған иттің денесінен алынған кенеден осы
инфекцияның қоздырғыш вирусын тапқан, бірақ бүрге мен кененің осы
қоздырғыштары таратуы эпидемиологиялық тұрғыда дәлелденбеген.
Иммунологиялық зерттеу әдістері: қарсы дененің бар немесе жоқтығы, оның
деңгейі, пайда болу мерзімі және т.б. жағдайлар инфекциялық процестің даму
ерекшеліктеріне, макроорганизмнің жағдайына, тіпті қоршаған сыртқы ортаның
әсеріне де байланысты болатынын ескеріп отыру қажет. Иммунологиялық
(серологиялық) зерттеу нәтижесінің сенімділігі көп жағдайда пайдаланылған
әдістер мен препараттардың стандарттылығына, тәнділігіне, сезімталдығына
және тұрақтылығына тәуелді болады [1]. Осымен қатар әдістердің сенімділігі
осы әдістерде қолданылатын химиялық реактивтердің сапасына байланысты
екенін естен шығармау керек. Осыған дәлел болатын мысалдар өте көп, соның
бірі Оңтүстік Қазақстан облысында болған қайғылы жағдай. Жаңа туған
нәрестелердің жаппай АИВ-инфекциясына шалдығуының себебі, біріншіден
дәрігерлердің өз жұмысына бейжай қарауы деп ойлаймын, екіншіден
медициналық препараттардың сақталу ережелерінің қатаң бұзылғандығы болып
табылады. Эпидемиялық ошақтың табылмауы есебінен күн сайын АИВ-
инфекциясына шалдыққан кінәсіз нәрестелердің саны көбейіп келуде [4].
Келесі топтағы талдау объектісі – субъективті себептерге байланысты,
өйткені олар эпидемиологтың, лаборатория мамандарының теориялық және
тәжірибелік деңгейлерінің төмендігіне байланысты. Эпидемиологиялық
диагноз қоюдағы субъективті қателердің ішінен ерекше аталатыны –
фактілердің дұрыс жоспарланбай, оның жүйесіз пайдаланылуы. Осы себептің
салдарынан диагноз қоюшылықтың өзі қиындыққа ұшырайды. Нақты деректердің
толық жиналмауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқаның бейнесін құру кезінде пайда болатын қателер мен эффектілер
Дәрігерлік қателіктер
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Сиыр желінсауының эпидемиологиялың мәні
Құрсақішілік туберкулез инфекциясы
Изоферменттер
Созылмалы обструктивті өкпе ауруының эпидемиологиясы
Жануарлардың азықтардан улануы
Ультрадыбыстық зерттеу: міндеттері, проблемасы және шешу жолдары
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Пәндер