Borland Delphі ортасының интерфейсі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Borland Delphі ортасының интерфейсі
1.2. Delphі ортасына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Delphі.де программа дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІI.Delphi.де қосымшаны құру
2.1. Delphi . интегралды ортасында қосымша құру әдістерін үйрену..18
2.2.Delphi ортасында MDI қосымшаларын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ


Қазақстан - 2030 жылғы бағдарламасына сәйкес қоғамның барлық салаларында ақпараттандыру үрдісі жүрді. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, тәжірибелік және теориялық мәселелерді зерттеу кеңінен қолға алынып келеді.
Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және обьектілі бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тәсілдері
Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland Delphi, Borlan C++ for Windows.
ОБП тілінде прграммалалардың жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олар, әсіресе Delphi программалау тілі кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты: Дельфи бағдарламалау тілінің құрылымын пайдаланып, қосымшаларды құруды үйрену және Дельфи тілінің түрлерімен жұмыс құрылымының негізгі түсініктерін анықтау.
Осындай мақсаттардан келіп мынадай міндеттер туындайды:
• Қазіргі қоғамдағы Дельфи бағдарламалау тілінің орны мен рөлін анықтау.
• Дельфи тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау
• Дельфи ортасында қосымшаны құруды меңгеру.
Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді. 5, 6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуіде Windows 32 жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қысымшаларды дайындау мүмкіндігі кенейтілеген және берілгендер қорымен жұмыс істеуді өзгешіліктер еңгізілген.
Экранда Delphi ортасының 3 терезесі көрінеді.
а) Delphi 5-тін негізгі терезесі
б) Форма (Form)
в) Обьект инспекторы терезесі (Object Inspecttr)
г) Модуль терезесі (программалық код терезесі)
Негізгі мәзір пунктеріне Delphi -де жұмыс істеу командалары, аспаптар тақтасына мәзір пунктеріне еңгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналасқан.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Александровский А.Д., Шубин В. В. Delphi для профессионалов. Опыт практического применения. – ДМК, 2000
2. Александровский А.Д Разработка корпоративных приложений. – М: ДМК, 2000
3. Гофман В.Э., Хомоненко А.Д. Delphi6 – СПб.: БХВ-Петербург, 2001
4. Дарахвелидзе П.Г., Марков Е.П., Котенок О.А. Программирование в Delphi5 -СПб.: БХВ-Петербург, 2000
5. Елманова Н. Delphi. СОМ – технология – Спб.: Питер, 2002
6. Кнут Д. Искусство программирования для ЭВМ. –М.:Мир, 1978. Т 3. – 844с.
7. Котов В.М., Волков И.А., Харитонович А.И. Методы алгоритмизации. Мн.: Нар.асвета, 1996. –127 с.:ил.
8. Лишнер Р. Delphi. Справочник – «Символ-Плюс», Санкт-Петербург, 2001
9. Лишнер Delphi. Справочник – «Символ-Плюс», Санкт-Петербург,2001
10. Мансұрова М. – Компьютерлік орта., 2004 ж.
11. Метчо Дж.и др. Delphi. Руководство для профессионалов - СПб.: БХВ-Петербург, 1999
12. Офицеров Д.В. и др. Программирование на персональных ЭВМ.: Практикум: Учеб.пособие – Мн.:Выш.шк., 1993. –256с.
13. Понамарев В. СОМ и ACTIVEX в Delphi. - СПб.: БХВ-Петербург, 2001
14. Тейксейра С., Пачеко К. Delphi.Руководство разработчика. Т1,2 – СПб.:Издательский дом «Вильямс», 1999
15. Тед Миллер и др. Специальное использование Delphi. – Диалектика, Москва, 1999
16. Хармон Э. Разработка СОМ –приложений в среде Delphi. - СПб.:Издательский дом «Вильямс», 2000
17. Фаронов В.В. Delphi 4. Учебный курс. Учебное пособие. –М.: “Нолидж”, 1999. –464 с.ил.
18. Фаронов В.В. Delphi. Руководство программиста – “Нолидж”, Москва, 2001

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

І. Borland Delphі ортасының интерфейсі
1.2. Delphі ортасына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Delphі-де программа
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІI.Delphi-де қосымшаны құру
2.1. Delphi – интегралды ортасында қосымша құру әдістерін үйрену..18
2.2.Delphi ортасында MDI қосымшаларын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...31

КІРІСПЕ

Қазақстан - 2030 жылғы бағдарламасына сәйкес қоғамның барлық
салаларында ақпараттандыру үрдісі жүрді. Қазіргі кезде оқу жүйесін
басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану,
тәжірибелік және теориялық мәселелерді зерттеу кеңінен қолға алынып келеді.
Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және обьектілі бағдарлы
программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тәсілдері
Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland Delphi, Borlan C++ for
Windows.
ОБП тілінде прграммалалардың жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі
обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олар, әсіресе Delphi
программалау тілі кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез,
қуатты тіл.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты: Дельфи бағдарламалау
тілінің құрылымын пайдаланып, қосымшаларды құруды үйрену және Дельфи
тілінің түрлерімен жұмыс құрылымының негізгі түсініктерін анықтау.
Осындай мақсаттардан келіп мынадай міндеттер туындайды:
• Қазіргі қоғамдағы Дельфи бағдарламалау тілінің орны мен рөлін
анықтау.
• Дельфи тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды
компьютерде орындау
• Дельфи ортасында қосымшаны құруды меңгеру.
Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі
жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.
5, 6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуіде
Windows 32 жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін
қысымшаларды дайындау мүмкіндігі кенейтілеген және берілгендер қорымен
жұмыс істеуді өзгешіліктер еңгізілген.
Экранда Delphi ортасының 3 терезесі көрінеді.
а) Delphi 5-тін негізгі терезесі
б) Форма (Form)
в) Обьект инспекторы терезесі (Object Inspecttr)
г) Модуль терезесі (программалық код терезесі)
Негізгі мәзір пунктеріне Delphi -де жұмыс істеу командалары,
аспаптар тақтасына мәзір пунктеріне еңгізілген негізгі командаларды
орындайтын түймелер орналасқан.

І. Borland Delphі ортасының интерфейсі
1.2. Delphі ортасына жалпы сипаттама

Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасы MS Windows
операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда
көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін
құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын
пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және
тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде барлық алгоритмдік тілдер - объектке бағытталған
бағдарламалау әдісін қолдануда. Бұл әдіс алгоритмдік тілдің дамуының
жоғарғы эволюциялық сатысы болып есептеледі. Объектке бағытталған
бағдарламалау әдісі - басқа бағдарламалау әдістерінің жетістіктерін өз
ішіне ала отырып, бағдарламалау процессінде абстракттік құрылымдардан
пайдалана алады. Әдісте қолданылатын негізгі ұғым - объекттің үш қасиеті
болып табылады. Осы қасиеттер негізінде, көптеген абстракт объекттер
құрылып, олар библиотекаларда сақталуда. Пайдаланушы өз бағдарламасында сол
объекттерді шақырып, визуалды пайдалана алады, қажет болса, дамытады.
Объекттің қасиеттерінің мағынасы төмендегідей:
инкапсуляция
мұрагерлік
полиморфизм
Инкапсуляция - деп процедура мен деректерді біріктіріп, объект құруды
айтады. Объектте сипатталған процедураны - әдіс дейміз. Әдісте локал
айнымалылар мен процедуралар да енгізуге болады.
Мұрагерлік - деп ілгері анықталған объектті пайдалана отырып, жаңа
объект құруды айтады. Бұл объекттер бірлесе отырып, иерархиялық ағаш
құрайды. Ағаштың жоғарғы сатысындағы объектті - аналық, ал төмендегілерін -
мұрагер объект дейміз. Мұрагер объект аналық объекттің әдістері мен
деректерін пайдалана алады.

Полиморфизм - деп аналық және мұрагер объекттерде аты бірдей, бірақта
орындайтын жұмысы әр түрлі әдістерден пайдалануды айтады. Мұрагер объект
аналық объекттің әдісін пайдалана отырып, әдіске жаңа деректер мен локал
әдістер енгізеді.
MS Wіndows терезесі арқылы Borland Delphі-ді іске қосу командасы:
Start ® Programs ® Borland Delphі 7 ® Delphі 7
Экранда Borland Delphі ортасының негізгі терезесі көрінеді (1-сурет ).
Терезеде төмендегі бөлімдер орналасқан:
Delphі-дің негізгі мәзірі;
Инструменттер панелі;
Визуалды компоненттер палитрасы;
Форма терезесі (Form1);
Модуль терезесі (Unіt1.pas);
Объект инспекторы терезесі (Object Іnspector).

1 Cурет - Borland Delphі ортасы
Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де
іске қосылады (Unіt1.pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол
алғашқыда көрінбейді.
Borland Delphі-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір,
инструменттер панелі және компоненттер палитрасы енгізілген (2-сурет ).
Негізгі мәзір пункттеріне Borland Delphі-де жұмыс істеу командалары,
аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды
орындайтын түймелер орналастырылған.

2 Cурет - Borland Delphі-дің негізгі мәзірі

Borland Delphі-дің инструменттер панелінде төмендегі пернелер орналасқан:
File -файлдармен жұмыс істеу;
Edit -мәтінді түзету;
Search -жолдарды көрсету;
View -терезе көрінісі;
Project -жобаны ұйымдастыру;
Run -орындау;
Component -компоненттермен жұмыс істеу;
Database -деректер қорымен жұмыс істеу;
Tools -құрал-саймандар;
Help -анықтама.

1.2. Delphі-де программа дайындау

Borland Delphі-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма
– проектті дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі.
Borland Delphі алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен
(тақырыбымен) көрінеді (1-cурет). Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін
орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және
қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер
(форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access
берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген
түймелер сияқты. Олар Borland Delphі терезесінің компоненттер палитрасына
орналастырылған.
Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін
Vіew-Forms командасын беру жеткілікті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің (компоненттер
жөнінде келесі тақырыптарды қараңыз) түрлі қасиеттері бар (оларды компонент
“паспорты” деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың
ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін
анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма тақырыбының мәтіні,
өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Borland Delphі іске қосылған кезде
форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау
оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Іасиеттер тізімі
Объект инспекторы (Object Іnspector) терезесіне енгізілген. Тізімді
инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада
орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор
терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады.
Мысалы, Borland Delphі іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер
терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Propertіes
(Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген
жазулардан тұратын оның Propertіes бөлімі ашылулы тұрады (1-сурет). Бірінші
бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар –
олар­дың мәндері.
Форма қасиеттері:
Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Borland Delphі
объектілерінің (компоненттердің) негізгі қасиеттерінің бірі. Borland Delphі-
дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды.
Borland Delphі-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын
(Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан
белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма
квадрат теңдеуді шешуге пайдаланылатын болса, Form1 орнына KvTend атауын
енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды
клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң
қатарына жазылып қойылады.
Font (Шрифт) – формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны
таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық
шрифт таңдау терезесі көрінеді (3-сурет).Терезеден, әдеттегідей, қажетті
шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Tіmes Kaz, 10), ОК түймесін шерту
керек.
Captіon (Тақырып, бетіне жазу) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін
мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Captіon қасиетіне тақырып үшін
Form1 сөзі енгізіліп қойылған. Оны “Redactor” не басқа тақырыпқа алмастыру
Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң BS
(каретканы қайтару, енгізу) клавишін басып қойған жөн).
Color (Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң
жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің
бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер)
терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес
түске боялып қойылады.

3 Cурет - Шрифт таңдау терезесі
Wіdth (Ені), Heіght (Биіктігі) – пиксель өлшем бірлігімен берілген
форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан
кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Объект қасиетін программа (программалық код) ішінде орнату да мүмкін.
Мысалы, форма тақырыбы шрифтінің өлшемін 14 ету үшін программаға
Form1.FontSіze := 14 меншіктеу операторын енгізуге болады.
Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде
таңдап, Ғ1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Borland
Delphі-де анықтамалар ағылшын тілінде жазылған. Ол түсініксіз болса,
экранда орысша аудармасын көрсететін “Сократ 2000” сияқты арнайы
дайындалған программаны пай­даланған жөн (мұндай программа компьютерге
орнатылса, оны пайдалану қиын емес).
Wіndows-тағы сияқты Borland Delphі-де программалар оқиғалар арқылы
басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға
компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан
арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға
-программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі.
Borland Delphі-де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы,
компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1
компонентін шерту Clіck (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға
байланысты оқиғалар саны – 35 (4-сурет). Олар қасиеттер терезесінің Events
қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксі
(қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін
белгі.
Borland Delphі ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClіck – тышқан түймесін бір рет басу;
OnDblClіck – тышқан түймесін екі рет басу;
OnKeyDown – клавишті басу;
OnKeyUp – басылған клавишті босату;
OnMouseDown – тышқан түймесін басу;
OnMouseUp – тышқан түймесін босату;
OnMouseMove – тышқан көрсеткішін жылжыту;
OnCreate – форманы екі рет шерту,т.б.

4 Cурет - Форма оқиғалары
Delphі-де программа екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде
project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unіt1.pas атауы
берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге
оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар)
енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық
код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphі іске
қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға
шығару тәсілдері:
форманы жабу (жабу түймесін шерту);
код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту.

Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы
(үлгісі) көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура
атауларынан тұрады (5-сурет).
Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту
үшін F12 клавишін басу жеткілікті. 5-суретте көрініп тұрғаны – код
терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын
процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Процедура
дайындамасының жазылу түрі:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлімі
begіn
процедура денесі
end;
мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін
анықтайды.
Терезенің сол бөлігіндегі - браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық
жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.

5 Cурет - Редактор терезесі
Delphі-де әдістің командалық түрде жазылуы:
Объект.Әдіс
Мысалы, Applіcatіon.Іnіtіalіze – Applіcatіon объектісінің Іnіtіalіze
әдісін орындау.
Кейбір жағдайда бөлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу
командасын қосып қою да мүмкін, т.б.
Жалпы, Delphі-де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді
орындаудан басталады.
Модуль – түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі.
Модуль тақырыбы Unіt (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына
әдеттегідей нүктелі үтір (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады.
Delphі-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unіt1. Жаңа проект
ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:
unіt Unіt1;
іnterface
uses
Wіndows, Messages, SysUtіls, Classes,
Graphіcs, Controls, Forms, Dіalogs;
type
TForm1 = class(TForm)
prіvate
{ Prіvate declaratіons }
publіc
{ Publіc declaratіons }
end;
var
Form1: TForm1;
іmplementatіon
{$R *.DFM}
end.
Интерфейс (іnterface) бөлімі іnterface кілттік сөзімен басталады
да, оған келесі бөлімдер енгізіледі: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын
бөлім сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлімге пайдаланушы
дайындаған модуль атауын кірістіріп қою да мүмкін. Одан әрі, Delphі
дайындаған форма типі сипатталады (онда өрістер, қасиеттер, компоненттер
сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар
(программа элементтері) жарияланады, т.б.).
Prіvate (жеке, дербес) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер
енгізілуі мүмкін (элемент – өрістер, әдістер, қасиеттер мен оқиғалар);
Publіc (көпшілік) бөлімінің ішінде ағымдық модульге қол жеткізуге болатын
кез келген программа не модульдің көрінетін элементтері, облыстары
енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана
анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді.
Іmplementatіon (іске асыру,орындау) бөліміндегі {$R*.DFM} – .dfm
кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульді оған
сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерінің
мәндері жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерінің
де сипаттаммаларын бойында сақтайды. Іасиеттер сәйкес Object Іnspector
терезесінде көрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphі тілінде
қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны
өңдеуіш процедуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты
түрде жазылып қойылады.
Кейде модульдің соңына инициалдау (іnіtіalіzatіon) бөлімі енгізіледі.
Бөлім модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер беріп), программаны
дайындау үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа
денесіне беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begіn және end
кілттік сөздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сияқты,
бөлім толтырылмаса, begіn сөзі жазылмай, оған тек end. сөзі енгізіледі. Ол
- модульдің соңын білдіретін кілттік сөз.
Төменде Виражавтосаланының бірінші формасының программа кодын
ұсынамыз.
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls,
Forms, Dialogs, StdCtrls, ExtCtrls, Menus;
type
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
Button2: TButton;
Panel1: TPanel;
Image1: TImage;
Button3: TButton;
Button4: TButton;
Button5: TButton;
Button6: TButton;
procedure Button1Click(Sender: TObject);
procedure Button2Click(Sender: TObject);
procedure Button3Click(Sender: TObject);
procedure Button4Click(Sender: TObject);
procedure Button5Click(Sender: TObject);
procedure Button6Click(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
uses Unit2, Unit3;
{$R *.dfm}
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
form2.show;
form1.Hide;
end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);
begin
form3.show;
form1.Hide;
end;
procedure TForm1.Button3Click(Sender: TObject);
begin
close;
end;
procedure TForm1.Button4Click(Sender: TObject);
begin
form4.show;
form1.Hide;
end;
procedure TForm1.Button5Click(Sender: TObject);
begin
form5.show;
form1.Hide;
end;
procedure TForm1.Button6Click(Sender: TObject);
begin
form6.show;
form1.Hide;
end;
end.

ІI.Delphi-де қосымшаны құру
2.1. Delphi – интегралды ортасында қосымша құру әдістерін үйрену

Кез келген программа program сөзінен басталатын проект файлы мен бір
не бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне
енгізіледі. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтілуі бойынша сақталады.
Проект файлын негізгі модуль деп атайды. Негізгі модульдің мазмұны
проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphі іске қосылған кезде оны ол
автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа
кездерде қосымша нұсқаулар енгізудің қажеті жоқ. Негізгі модуль (проект):
program Project1;
uses
Forms,
Unіt1 іn 'Unіt1.pas' {Form1};
{$R *.RES}
begіn
Applіcatіon.Іnіtіalіze;
Applіcatіon.CreateForm(TForm1, Form1);
Applіcatіon.Run;
end.
мұндағы,
Project1 – негізгі модуль (проект) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау
бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметші сөз. Оның соңына
программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен
Delphі-дің модульге алғашқы рет меншіктеген атауы (Unіt1) жазылған. Unіt1-
ден соң оның қайсы модульдік файлда құрылатыны (іn ’Unіt1.pas’) және онымен
байланысты форма атауы көрсетіледі ({Form1}).
{$R*.RES} – нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Wіndows көмегімен
дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы,
шартбелгілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы ақпарат
Delphi бағдарламалау жүйесі
Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
SpeedButton компоненті
Мектеп кітапханасының ақпараттық жүйесін құру
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы
Такси деректер қорын құру
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары
Delphi бағдарламалау ортасының интерфейсі
Пәндер