Құқықтық мәдениет


МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Құқықтық сана қызметі және элементтері;
2. 2. Құқықтық мәдениет;
2. 3. Құқықтық негилизм;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Құқықтық сана - мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.
Философияда қоғамдық - сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеядар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т. б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы.
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.
2. 1. Құқықтық сана қызметі және элементтері;
Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі - азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б. ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б. ғ. дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т. б. сондай қарулы көтерілістер) . Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы.
Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:
1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.
2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.
3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.
4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.
Басқа тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы - олардың еркі мен санасының болуында. Сана, елестету, қабылдау, сезім, мұрат секілді құбылыстардың көмегімен адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынастарға барады. Қоршаған орта, дүние тек қана адамның санасында бейнеленіп қана қоймайды, сол адамдардың санасы мен еркінің, еңбегінің негізінде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан адамнын айналадағы шындыққа деген құндылық қатынасы қоғамдық және жекелік (даралык) сана арқылы қалыптасады.
Қоғамдық сананың формаларына құқық, мораль, ғылым, өнер, идеология, дін т. б. жатады. Аталған қоғадық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-сырын өзінше танып, сол ортаға, құбылысқа байланысты өзінің қатынасын қалыптастырады. Мысалы діннің қоғамдык, сананың басқа формаларынан айырмашылығы сонда, ол бізді қоршаған дүниенің құбылыстарын діни жолмен не кұдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді.
Құқықтық сана қоғамдық сананың бір формасы бола отырып құқықтық құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып, олардың өзгеруін бейнелейді. Құқық арқылы қоғамдық пайдалы және қоғамдық зияңды әрекеттер байқалады, сондықтан құқық өзіне тиісті белгілі бір қатынасты қалыптастырады. Бұндай құқыққа деген көзқарас болымды, дұрыс, яғни тұлға қоғамдағы құқықтын орнын, маңызын ұғынып, бағалап, құқықтың нормаларын мойындауға, оған бағынуға бейімділігін білдіреді. Керісінше, құқықтың қоғамдағы маңызын жоққа шығару, оның қажет емес екендігін, пайдасының жоқтығын дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да болады.
Кұқық әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған ортаның нақты шындығын бейнелеуші ретінде, адамдардың әділеттілік ұғымына негізделген құқықтық нормалар, зандар жайындағы ниеттерінен барып қалыптасады. Әділеттілік деген бұл жерде бостандық, теңдік және коғамдық татулық, келісім деп түсініледі. Сөйтіп қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін бейнелей отырып құқықтық сана құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие әрбір азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.
Құқықтық сана дегеніміз - тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын құқық нормаларына деген көзқарастары мен сезімдерінен, оларға тиісінше баға беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.
Бұдан құқықтық сананың негізінен құқықтық психология және идея жиынтығынан құралатынын көреміз. Өйткені, құқықтық психология қолданыстағы құқық нормаларын жетілдіруге, жаңа құқықтық нормаларды қабылдау қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құқықтық идея құқықтық сананың өз дәрежесіне көтерілуінің нәтижесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді.
Құқықтық сана сезімнің басты мақсаты - адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын құқықтық нормаларды ортақ игілік үшін қабылдау қажеттілігінің негізгі бастамашысы болып табылатындығында. Құқықтық мәдениет болса - құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды басшылыққа ала отырып, адамзаттың ортақ мүддесіне қызмет істеуді білдіреді.
Индивидтердің құқықтық санасы олардың мінез-құлқында көрініс табады. Құқықтық мінез-құлық түсінігі құқық философиясына да, әлеуметтануға да, психологияға да жататын аралық түсінік болып табылады. Өйткені оны қоғамда өмір сүретін құқықтық нормаларға қатысты тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқы деп түсінеді. Сонымен бұл түсінік нормативті мінез-құлықпен тығыз байланысты, бірақ онымен бірдей емес, өйткені құқық саласына қатысы жоқ (мысалы, адамгершілік, эстетикалық, діни) нормативті мінез-құлық та бар. Екінші жағынан, құқықтық және нормативті мінез-құлық салалары өзара қиылысады, себебі мінез-құлық қоғамдағы қолданыстағы құқықтық нормаларға сәйкес реттеледі. Құқықтық мінез-құлықтың құрылымының күрделілігі оның анықтамасын жасағанда теориялық жағынан қиындықтар келтіреді. Осы кезге дейін мамандар бірыңғай ұстанымға келген жоқ. Қазіргі құқық әлеуметтануына арналған оқулықтардың (Современная социология права. М. 1995. С. 164-105. Юридическая социология М . 2000. С. 156-157) авторлары Кудрявцев ВН. Казимирчук В. П. пікірлеріне қарағанда, құқықтық мінез-құлық - бұл индивидуальдық және ұжымдық субъектілердің құқықтық нормаларда қарастырылған және заңдық салдары бар өздерінің санасы мен еркіне бағынышты әлеуметтік мәні бар мінез-құлқы. Бұл анықтама өзіне бар құқықтық мінез-құлыққа тиісті сипаттамаларды жинай отырып, басқа әлеуметтік мінез-құлықтан құқықтық мінез-құлықты ерекшелейді. Құқықтық мінез-құлық - мінез-құлықтың қарама-қайшы заңды және заңсыз екі түрін қамтитын өте кең ұғым. Заңды мінез-құлыққа қоғамдағы қолданыста жүрген құқықтық мінез-құлыққа тән мінез-құлықты айтамыз. Ал заңсыз мінез-құлық керісінше, ол белгілі құқықтық нормаларға қайшы мінез-құлықтар болып табылады. Заңды мінез-құлыққа тән құқықтық мінез-құлық үш түрге бөлінеді. Бірінші, объективті-заңды мінез-құлық. Бұл азаматтың құқықтық нормаларды сақтауды іштей терең, яғни оны қажеттілік және саналы деп шынайы түсінуімен байланысты. Ал ситуациялы-заңды мінез-құлық туралы субъект құқықтық нормаларды айтады, бірақ сеніммен істемейді, нақты жағдайға қарап істейді (мысалы, әлеуметтік бақылау күшейтілген, заңсыз мінез-құлық міндетті түрде жазаланатын жағдай, болмаса құқықтық мінез-құлық тиімдірек болғанда) . Заң тыңдаушылық мінез-құлық деп азаматтың мүдделері құқықтық норма мазмұнымен сәйкес келмесе де оны сақтауын айтады. Өз кезегінде заңсыз мінез-құлық ситуациялы-кездейсоқтық болып бөлінеді. Мұндай жағдайда заңды бұзу әдейі жасалынбай, ол әр түрлі себептермен болады, сондай-ақ ол әдейі және саналы түрде жасалады. Заңды мінез-құлықтың ерекше негізгі белгісі оның құқықтық нормалармен байланысты болуы, құқықтық реттеуге келмейтін мінез-құлық заңды деп есептелмейді. Заңды мінез-құлық ұрықсат етілген нормалармен қарастырылса, ал заңсыз мінез-құлық тыйым салынған нормаларға қатысты. Екі заңды мінез-құлықты біріктіретін жалпы белгілерге мыналарды жатқызуға болады. Бірінші, кез келген заңды мінез-құлықтың әлеуметтік мәнінің болуы. Заңды деп индивидтің экономикалық, саяси немесе азаматтық сияқты әлеуметтік мәні бар мінез-құлқын айтамыз. Мінез-құлықтың әлеуметтік мәні қоғамның әлеуметтік, саяси, идеологиялық қатынастарына, субъектінің мәртебесіне және оның мүдделерінің жүзеге асуына әсер ететін мінез-құлықта жатыр. Мінез-құлықтың әлеуметтік мәні мінез-құлықтың психологиялық себептерінің маңызды рөл атқаруына қарамай әрекет етуші субъект беріп отырған субъективті-психологиялық мәнге сәйкес келе бермеуі мүмкін. Сонымен қатар заңды деп жауапкершілігі жоғары ересек адамның саналы түрдегі мінез-құлқын айтады. Заңды мінез-құлықтың үшінші белгісі заңдық құжаттармен - заңдармен, заңдық актілермен, қаулылармен және бұйрықтармен реттелуімен байланысты. Заңдық реттеуге қатысты принцип бойынша құқықтық мінез-құлық - заңды және заңсыз мінез-құлық болып екі негізгі типке бөлінеді. Бұл белгі төртіншімен тығыз байланысты: азаматтардың заңды мінез-құлқын құқық қорғау органдары арқылы мемлекет тікелей бақылауға алып отырады. Мемлекеттің бақылауында болу және оны жүзеге асыратын арнайы тетіктерінің болуы заңды мінез-құлықтың кепілдігі және заңға қайшы мінез-құлық үшін заңдық жауапкершіліктің құқықтық негізін жасайды. Бақылауды жүзеге асырудың жүйесіне қарай заңды мінез-құлық азаматтың жеке ісі бола алмайды: мемлекет оның тіршілік әрекеті саласына араласады. Осымен байланысты заңды мінез-құлық әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа кепілдіктермен қамтамасыз етіледі, ал субъект үшін құқыққа қарсы іс-әрекет үшін қолайсыз зардаптар - теріс құқықтық санкциялар қарастырылады. Заңды мінез-құлықтың объективті және субъективті қырлары болады. Субъективті қырларға - субъектінің өзінің іс-әрекеті мен оның себептерін сезіну дәрежесі мен сипаты жатады. Объективті қырларды субъектінің іс-әрекетінің құқықтық нормаларға сәйкестігі құрайды. Заңды және заңсыз мінез-құлық құқықтық өзара іс-әрекетте және құқықтық қатынаста жүзеге асады. Бірақ олардың арасында принципті айырмашылықтар бар. Алдымен олардың әлеуметтік мәні қайшылықты. Егер заңды мінез-құлық әлеуметтік тәртіпті нығайтуға, қоғамның бірлігі мен интеграциясына ықпал етсе, заңсыздық өзінің табиғаты жағынан бұзуға ыңғайлы және бүкіл қоғамдық қатынас жүйесінің берекесін кетіреді. Бұдан басқа заңды және заңсыз мінез-құлық өздерінің құқықтық сипаттарымен де айырылады. Заңды мінез-құлық шешуші нормалар мен нормативтеріне қарай заңды делінсе, заңсыз мінез-құлық заңдық жағынан тыйым салынған және міндеттемелерді бұзғаны үшін тыйым салатын нормалар қарастырылған. Осыған байланысты бұл қарама қайшы заңды мінез-құлықтарды мемлекеттік реттеу мен бақылаудың мазмұндары да айрылады. Егер заңды мінез-құлық мадақталып жатса, заңсыздық - тиісті жазаланады. Заңды және заңсыз мінез-құлық қоғамдық өмірдің барлық саласында көрініс табады. Адамдардың жеке қарым-қатынасы да түрлі қайшылықтарға толы, кейде олар қарама-қарсылыққа айналып жатады. Тәжірибе көрсеткеніндей, осы салада құқық бұзушылық, оның ішінде қылмыстар өте көп. Заңдылықты ынталандыра, заңсыздыққа тиісті шара қолдана отырып, қоғам мемлекет және оның құқық қорғау органдары арқылы әлеуметтік орнықтылықты, тәртіпті және жалпы мойындалған құндылықтар мен өзара іс-қимыл ережелерін қорғайды
2. 2. Құқықтық мәдениет;
Құқықтық мәдениет - белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар, құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Бір мемлекет шеңберінде бірнеше құқықтықмәдениет болуы мүмкін. Әсіресе бұл көп ұлтты, көп дінді қоғамдарға тән. Көп ұлтты Қазақстанда қазақы әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеттен басқа орыстардың, т. б. ұлттардың әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеті, мұсылмандық, христиандық, т. б. діни құқықтық мәдениет қалыптасқан.
Құқықтық мәдениет - қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі. Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық және құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді. Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның жүріс-тұрыс еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Және де бұл күй қоғам дамуына және қоғамның тіршілік ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді) .
Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс-қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы жөне құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.
Құқықтық мәдениет (тар мағынада) дегеніміз тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетінің даму процесінен ажырағысыз. Бұл өз кезегінде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қоғамдық санада құқыққа әлеуметтік әділдік, ізгілік, жеке бас бостандығы негізінде өшпейтін әлеуметтік құндылықтар ретінде қарау орын алуы тиіс.
Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жай-күйі оның құқық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері.
Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір азаматты заңды аса құрметтеуге тәрбиелемей, оның ережелерін күнделікті өмірге енгізуге тікелей әрі белсенді қатысу дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 14 мамырдағы N 14-622к тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2004 жылғы 24 желтоқсанда Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Еліміздің барлық өңірінде осындай бағдарламалар қабылданған болатын.
Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі қағидаттарды: кешенділік және нәтижелілік; іске асырушылық (орындаушылық) ; сабақтастық; жүйелілік; атаулы бағыттылықты сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенін орындауды көздеді. 2007 жылы Бағдарламаның қолданысы аяқталды.
Жалпы, осы Бағдарламаның қабылдануымен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмыс оң нәтиже көрсетті. Аталмыш жұмысты үйлестіру қажет деген түсінік қалыптасты. Осы бағыттағы тәжірибе зерделеніп, республика азаматтарын жүйелі құқықтық ағартудың заманауи әрі өзекті нысандарын, сондай-ақ жүйелі әдістерін әзірлеу мақсатымен өткізілген іс-шаралар кешені талдануда.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыққа сай мінез-құлқына қол жеткізу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу құқықтық түсіндіру жұмысы саласында мынадай міндеттерді шешуге ықпал етеді:
Қазақстан заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
мемлекеттік қызметшілердің және жалпы халықтың құқықтық сауаты деңгейін арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, құқықтық түсіндіру жұмысында дүниежүзілік "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
құқықтық түсіндіру жұмыстары және құқықтық оқыту жұмыстарының өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жандандыру.
Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz