Мемлекеттің пайда болуы жайлы



І. Кіріспе
ІІ. Мемлекеттің пайда болуы
2.1 Мелекеттің пайда болу теориялары
2.2 Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің шығуы
2.3 Сот реформасы
2.4 Билер соты
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі" керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің адында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылыптының аяғы неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудын жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады ол қалдықсыз пайдаланылды.
Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдері тән саяси ұйым.
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың,
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол әр халыкта әрқилы болып өткен. Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап ай- туға болады; 1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка). Осы
1. Ф.Энгельс «Отбасы жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы» Алматы 1994ж.
2. Aстана қаласы. «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13. Email: egemenkz@mail.online.kz
3. Мақала, Сәулебек ЖӘМКЕНҰЛЫ, заңгер-журналист.
4. Шоқан Уалихановтың саяси құқықтық көзқарастары

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
І. Кіріспе
ІІ. Мемлекеттің пайда болуы
2.1 Мелекеттің пайда болу теориялары
2.2 Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің шығуы
2.3 Сот реформасы
2.4 Билер соты
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

КІРІСПЕ
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі" керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің адында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылыптының аяғы неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудын жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады ол қалдықсыз пайдаланылды.
Мемлекет дегеніміз бұл -- адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдері тән саяси ұйым.
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың,
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол әр халыкта әрқилы болып өткен. Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап ай- туға болады; 1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған. Өздерінің дамуы барысында мемлекеттің пайда боларында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді: - рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым болып иелену мен оларға ұжымдык меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, әскери көсемдер жөне с.с.) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді бұлардағы басқарудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсұйектері шенеуліктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп мемлекеттікке көшкен. 2. Мемлекет дамуының батыстық (еуропалык) жолы. Мемлекеттер дамуында бұл жолды Рим, Афины елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (рутайпалардың) ыдырауының белсенді түрде болғанын сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нәтижесінде плебстер демократиялық жеңілдіктер алған. Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы жолдарының болуына қарамастан, олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш - ру-тайпалық құрылыстың (қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын. Сондай-ак құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған, әрбір мемлекетте оның даму барысына әрқилы қозғаушы күштер өз ықпалын тигізген. Құқық дамуында да екі жолдың бар екені мәлім: 1. Құқықтың пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс елдері): мұнда құқықтың қалыптасуы мен дамуына үрдістер зор ықпалын тигізген. Сондықтан, қазірдің өзінде де Ежелгі Шығыс елдерінің қайсы біреулерінде құқықтың басты кайнар көзі ретінде діни нормалар қолданылуда. 2. Құқықтың пайда болуының батыстық (еуропалық) жолы. Бүл елдерде әдет-ғүрыптық құқықтардан басқа заңдар мен прецеденттік (үлгі боларлық шешім) құқық та дамыған. Дегенмен, құқықтың пайда болуына ортақ түрткі фактор (себеп) - сан алуан күрделі қоғамдық қатынастар пайда болды.
Мемлекеттің пайда болуы және сот реформасы тақырыбына жазылған жұмысым барлығы 4 бөлімнен тұрады. Екі тақырыпты қамти отырып жазылады. Өзіндік жұмыстың мазмұны тікелей мемлееттің пайда болуына және мелекеттің пайда болу теориялары байланысты болады. Жұмыстың мақсаты тақырыптың мазмұнын ашу, түсініп оқу.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ СОТ РЕФОРМАСЫ
Ғылыми зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам яғни саналы адам - homo sapiens жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәледдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мың жылдар бойы мемлекеттік құрылымдарсыз өмір сүрген деуге болады. Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын өз себебі бар, өйткені адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақттасып еңбектенуге негізделінетін. Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халыктар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдетғұрыптары, дәстүрлері әлі де сақталған. Мысалы, қазақтың әдеті бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді. Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мұшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілетін. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын. Ру ағасына ақылы толған, ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп, тайпа кұрайтын. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес күрылатын. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын. Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық қауым жетілу деңгейі төмен, даму жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі түрлері терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін. Алғашқы қауымдық құрылыста (рулық қауымда) әлеуметтік билік орын алатын. Мүндай билік әдетте ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда күштеп енбек етуге мәжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен атқаратын, еңбек ету қауымдағы адамдардың барлығына Бірдей болатын, еңбектену нәтижесінде табылған қоректер рулық кауым адамдары арасын-да теңдей етіп бөлісілетін, кауымдастардын құқықтары да, міндеттері мен жауапкершіліктері де бәріне бірдей^тең болатын. Рулық қауым яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару органдары көсем - ру басы яғни қауым бастығы, қариялар кеңесі және қауымдастардың жалпы жиналысынан тұратын. Рулық қауымның болмысына байланысты ең маңызды мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылғанда ғана қауымдастардың жалпы жиналысы шақырылатын болған. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі қандай да болсын мәселелерді талқылауға оларды шешуге қатысуға хақылы болатын. Рулық қауымдағы күнделікті, әрі кезек күттірмейтін мәселелерді дер кезінде шешуді ұйымдастырып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазым сайланбалы әрі алмастырылып отыратын және де ол лауазым иесіне ешқандай пұрсаттар бермейтін. Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын және барлық қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек кана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделетін. Соғыс туындағанда әскерге басшылық ету үшін әскери көсем сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын. Уақыт өте келе рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды, өз кезегінде олар әлгі рулар өкілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын. Тайпаны басқаратын көсемдер (қариялар) кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лауазым да қоғам дамуының алғашқы кезендерің де алмастырылып отыратын және ол лауазым иесіне ешқандай жеңілдіктер бермейтін. Қоғам дамуының әрі қарай жалғасуы барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты сипат ала бастады. Сөйтіп тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналды. Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет бағыттарын өмір бойы атқаратын болды. Жоғарыда айтылғандарды түжырымдай келгенде алғашқы қауымдық қүрылыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадай сипатгарды атап-атап көрсетуге болады. 1. Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортак шаруашылықпен айналысуында қандас туыстастығына, барлығына ортақ аумақта бірге тұрып өмір сүруіне сүйенген. 2. Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жалпы барлығына бірдей болған. 3. Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтар некелік қатынастарына тыйым салу "жеті атаға" жеткенге дейін сақталып келген яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған. 4. Ру (қауым) адамдарының өлгенін барлық қауымдастарға ортақ қабірстанға жерлейтін болған. 5. Әрбір рудың (кауымның) өзіне тән атауы болатын. 6. Руды (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын. Соныменен, мемлекеттілік қезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін өзі баскаруға негізделген-тін, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қатыстылықтарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында еш-кандай жеңілдіктерге ие болмаған деп тұжырым жасауға болады. Ф.Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты "алғашқы қауымдық коммунизм", "адамзаттың алтын ғасыры" деп атаған. Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, рулар мен тайпалардың әлеуметтік-экономикалық бірлігін білдіріп және оны қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік ету әрекеттерінің өзінде болатын. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығымен, еңбек өнімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек кұралдарына қоғамдық меншіктің болуын және ендірілген қоректік өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін туындатты. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғи болмысына әжептәуір ықпалын тигізді. Нормалар алғашында "табу" - тыйымдар түрінде болды, бірте-бірте олар әдет-ғұрыптарға ұласты (сөйтіп басқаша, екінші түрге айналды). Кейініректе моральдық нормалар пайда бола бастады. Әдет-ғұрып - қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, улттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдеттер ру тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін, олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде қолданылды. Олар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне ананың сүтімен, кауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінезқұлықтарын, іс-әрекетін алға бағыттап отырды. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру әдетғұрыптарын сақтау, орындау - міндет пе әлде кұқық па деген сауал ру мүшелерінің ойына кіріп те шықпайтын. Олардың түсінігінше ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи, өзінен-өзі түсінікті жағдай болып саналды. Рулық әдеттер, дәстүрлер қандай болғанын қазақ халқының тарихынан да көруге болады.
Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс кұралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік шаруашылығынан өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен күнелтуден диқаншылыққа ауысады. Диқаншылықтың нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі, қолөнершілерге тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдаддық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады. Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі - жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының колында шоғырланады да, байлар пай-да болды. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айрылып, құлдыра-ды. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады. Меншік иелерінің - байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедейжарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында кайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде коғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет жөне құқық пайда болды.
2.1 Мемлекеттің пайда болу теориялары
Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан кандай да мемлекет болсын тек қанауды максат тұтып, бай, яғни үстем таптың игілігін көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф. Энгельс "Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды. Социалистік мемлекет те таптык мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды. Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Әрбір ірі дінде кұдайдың әрекеті деген діни-құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидааларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға сүйене отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқык құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді. Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тәртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған деп түсіндіреді бұл теория. Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісімшартпен байланыстырады. Тағылық дәуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, әбден береке-касиеті кетеді. Сондай кауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіреді бұл теорияны жақтайтындар. Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және оған тән басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді. Мемлекет пен құқықтың шығуын түсіндіруге тырысатын бұл аталғаннан басқа да теориялар бар. Осы теориялардың бәріне тән бір белгі бар - ол мемлекет пен құқықтың адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болуы. Шынында да тарихи деректерге жүгінсек, мемлекет пен құқықтың қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде шыға бастағанын байқаймыз.
1. Мемлекет (таптық тәсіл бойынша) - бір таптың (азшылықтың) бір тапқа (көпшілікке) үстемдік етуін қолдайтын саяси ұйым.
2. Мемлекет (жалпы әлеуметтік тәсіл бойынша) - саяси ұйым (ассоциация). Бұл саяси ұйымға оның мүшелері бұқаралық биліктің қатынастар арқылы біріктіріледі. Мұнда мемлекет адамдардың өзара ымыраға келуінің құралы болып табылады.
3. Мемлекет - құқықтық заңдарға тәуелді адамдардың бірлестігі (И.Кант бойынша).
2.2 Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің шығуы
Ф. Энгельс "Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды. Социалистік мемлекет те таптык мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды.
Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады. Бірінші жағынан - тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру; Екінші жағынан - адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру.Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады... Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.
2.3 Сот реформасы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында патшалық Ресей Қазақстан аймағын толық қаратып алғаннан кейін хандық билікті жойып, басқаруды өз жүйесіне сәйкес реформалауға кіріскен еді. 1860 жылдары жүргізіле бастаған сот реформасы империяның осы кең көлемдегі отаршылдық саясатына тікелей қатысты болды. Оның мақсаты қазақ тұрмысында ежелден келе жатқан, өзінің тиімділігін талай ғасыр дәлелдеген билер сотын жоюға бағытталған болатын.
Осы мәселеге арналған Шоқан Уәлихановтың Сот реформасы туралы жазба атты еңбегі - сол кездегі құны бүгін де биіктемесе, әсте төмендемеген, қазақтың саяси құқықтық, әлеуметтік-экономикалық ойының теориялық және практикалық жағынан асқар шыңы. Бұл - орысша оқып, орыс ортасында өсіп, орысша тәрбиеленіп, Еуропа мәдениетін ұстанғанымен, автордың жасынан ұлттық рухани бұлақтан барынша сусындаған, кейін оны жетілдіре түскен, өз халқының адал перзенті екенін дәлелдеген шығарма.
Бұл жазба бір жарым жылдан астам тынымсыз ізденістердің нәтижесінде дүниеге келген болатын. Ресейдің саяси-әлеуметтік, экономикалық ахуалынан, осы қитұрқы саясатқа тікелей қатысты сот реформасынан жан-жақты хабардар, бұл кездері атағы шетелдерге де мәлім болып қалған Шоқан Уәлиханов жергілікті әкімшілік арнайы құрған экспедиция құрамында 1862 жылғы жаз айларында Орталық және Солтүстік Қазақстанда, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының сот билігі
Касталық ұғым негізі, касталық ұйымдар
XVIII ғасырдың – бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы американдық тарихнаманың қалыптасуы
Құқық түсінігі және қоғамдағы рөлі
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу
Селжұқ мемлекетінің ұлы уәзірі Низам әл-Мүліктің өмірбаяны
Пәндер