Ахмет Байтұрсынұлы туралы



I. КІРІСПЕ БӨЛІМ:
1. Тұтас буынның төлбасы . Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. Ахмет Байтұрсыновтың қызмет жолы
2. Шығармалар мұрасы
3. Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде
4. Әдебиеттану
5. Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар
III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ:
1. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым.тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан.ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие
IV. ДЕРЕККӨЗДЕР
XIX ғасырдың соңғы кезі мен XX ғасырдың алғашқы отыз жылы ішінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өміріне белсене араласып, өнімді еңбек еткен, артына құнды мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынов Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймаутов сынды қайраткерлердің қатарында көп жылдан кейін туған халқымен қайта табысты. Ол ұлы Октябрь революциясына дейін-ақ үлкен ағартушылық қызметімен бірге, ірі ғалым-лингвист, әдебиет жинаушысы – зерттеушісі, тюрколог, публицист,педагог, бірқатар оқулық пен оқу құралдарының авторы, дарынды ақын-аудармашы ретінде кеңінен танылған еді. Оның өмірі мен қоғамдық, творчестволық қызметінде Октябрь революциясы алдында қалыптасқан қазақ интеллигенция өкілдерінің тынымсыз тынысы, әр саладағы рухани ізденістері, олардың бағыт- бағдары мен сәтті-сәтсіз нәтижелері, жеке өмірінің трагедиялық жағдайлары бой көрсетті.
Тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі документтер бойынша айтқанда қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы, 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ата-тегі: Аманжол —Шақшақ — Көмей — Қалқаман — Байсейіт —
Үмбетей — Аралбай — Таңбай — Шошақ — Байтұрсын. Байтұрсыновтың атасы Шошақ мінезі салмақты, шындықты бетке айтатын, ақылды, ел-жұртына беделді адам болған. Ол немересі Ахмет өмірге келгенде сүйінші сұрап барған кісілерге бір ат, бір түйеден мінгізіп, ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Шошақтың Ақтас, Байтұрсын, Ерғазы атты ұлдары өнерлі әрі намысты қолдан бермейтін азаматтар болып өскен. Олар 1885 жылы уезд бастығы полковник Яковлевтің елге жасаған зорлығына қарсылық білдіріп, оның өзіне қол жұмсап, жауапқа тартылған. Байтұрсын мен Ақтас 15 жылға Сібірге каторгаға жіберілсе, Ерғазы 4 ай мерзімге абақтыға жабылған. Байтұрсыновтың шешесі Күңіш ел өміріне қызу араласқан сергек кісі ретінде танылған. Әкесі мен туыстарының Ресей өкіметі тарапынан жапа шегуі Ахметке азаттық жолындағы күреске түсуіне ой салды. Бұл жөнінде кейін, яғни 23 жылдан соң әкесінің ізімен отарлық билікке қарсы күреске шығып, абақтыға жабылған Байтұрсынов анасына жолдаған хатында: “Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам...”, — деп жазады. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.
1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық уч-щесінде меңгеруші қызметін атқарады өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына
1. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2010.
2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
3. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007.
4. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
5. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009.
6. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998.
7. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009.
8. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
9. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН:

МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ:
1. Тұтас буынның төлбасы - Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. Ахмет Байтұрсыновтың қызмет жолы
2. Шығармалар мұрасы
3. Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде
4. Әдебиеттану
5. Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар
III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ:
1. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие
IV. ДЕРЕККӨЗДЕР

XIX ғасырдың соңғы кезі мен XX ғасырдың алғашқы отыз жылы ішінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өміріне белсене араласып, өнімді еңбек еткен, артына құнды мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынов Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймаутов сынды қайраткерлердің қатарында көп жылдан кейін туған халқымен қайта табысты. Ол ұлы Октябрь революциясына дейін-ақ үлкен ағартушылық қызметімен бірге, ірі ғалым-лингвист, әдебиет жинаушысы - зерттеушісі, тюрколог, публицист, педагог, бірқатар оқулық пен оқу құралдарының авторы, дарынды ақын-аудармашы ретінде кеңінен танылған еді. Оның өмірі мен қоғамдық, творчестволық қызметінде Октябрь революциясы алдында қалыптасқан қазақ интеллигенция өкілдерінің тынымсыз тынысы, әр саладағы рухани ізденістері, олардың бағыт- бағдары мен сәтті-сәтсіз нәтижелері, жеке өмірінің трагедиялық жағдайлары бой көрсетті.
Тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі документтер бойынша айтқанда қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы, 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ата-тегі: Аманжол -- Шақшақ -- Көмей -- Қалқаман -- Байсейіт --
Үмбетей -- Аралбай -- Таңбай -- Шошақ -- Байтұрсын. Байтұрсыновтың атасы Шошақ мінезі салмақты, шындықты бетке айтатын, ақылды, ел-жұртына беделді адам болған. Ол немересі Ахмет өмірге келгенде сүйінші сұрап барған кісілерге бір ат, бір түйеден мінгізіп, ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Шошақтың Ақтас, Байтұрсын, Ерғазы атты ұлдары өнерлі әрі намысты қолдан бермейтін азаматтар болып өскен. Олар 1885 жылы уезд бастығы полковник Яковлевтің елге жасаған зорлығына қарсылық білдіріп, оның өзіне қол жұмсап, жауапқа тартылған. Байтұрсын мен Ақтас 15 жылға Сібірге каторгаға жіберілсе, Ерғазы 4 ай мерзімге абақтыға жабылған. Байтұрсыновтың шешесі Күңіш ел өміріне қызу араласқан сергек кісі ретінде танылған. Әкесі мен туыстарының Ресей өкіметі тарапынан жапа шегуі Ахметке азаттық жолындағы күреске түсуіне ой салды. Бұл жөнінде кейін, яғни 23 жылдан соң әкесінің ізімен отарлық билікке қарсы күреске шығып, абақтыға жабылған Байтұрсынов анасына жолдаған хатында: "Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам...", -- деп жазады. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.
1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық уч-щесінде меңгеруші қызметін атқарады өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынов болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынов 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Оған тағылған айыпта: халық арасына іріткі салып "өзін-өзі автономиялық басқару идеясын таратты", "орыстар мен қазақтар арасында өшпенділік қоздыру ісімен айналысты" деп көрсетілген. ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынов Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынов өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913 -- 1918 жылдары өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М. Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ, қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық "Қазақ" газетін шығарып тұрды. Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редакторлық жасаған "Қазақ" газетінің алатын орны ерекше. Осы тарихи кезеңдегі қазақ өмірінің бірде-бір өзекті мәселесі, елеулі оқиғасы бұл басылымның назарынан тыс қалған жоқ. Бүкіл қазақ жұрты "Қазақты" оқып, оңы мен солын тани бастады, жаңа қалыптасып келе жатқан ұлт зиялылары осы басылымды оқып есейді. Байтұрсынов революциялық өзгерістерге дейінгі кезеңде ұлт мүддесі үшін кең ауқымды, табанды күрескер ретінде көрінді. Қоныс аударған орыс шаруаларына құнарлы қазақ жерін молырақ алып беру жолына түскен отаршыл биліктің түрлі қитұрқы әдісін Байтұрсынов бастаған "Қазақ" газеті халыққа кең, әрі терең ашып көрсету арқылы қазақ ауылдарын жедел, жаппай отырықшы тұрмысқа көшуден сақтандырды, жеке қожалық иелерін егін және мал шаруашылығын жүргізудің, тауарлы өндіріспен айналысудың озық үлгілерімен таныстырды, өктемшіл биліктің түрлі саяси айласына ұлттық бірлік пен парасатты қарсы қоюға үндеді, туған жердің байлығын өз игілігіне жарату үшін халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Қазақ елінің дағдарып, белгілі бір тоқтамға келе алмай қиналған тұсы ресми биліктің қазақтан соғысқа солдат алу мәселесін көтеріп, ал 1916 жылы жазда майдандағы қара жұмысқа 19 -- 31 жас аралығындағы қазақ жастарын алуға кіріскен уақыты еді. "Қазақ" газеті бұл мәселенің күрделілігінен қашпай, 1915 -- 1916 жылдары өз бастамасымен осы жөнінде пікірталас ұйымдастырып, оған қатысты қоғамдағы түрлі пікірлерді тұжырымдап, негізгілерін құрамында Байтұрсынов бар делегация арқылы қазақ халқының ортақ ойы есебінде Мемлекеттік Кеңес пен Соғыс министріне жеткізді. Байтұрсынов 1916 жылдың ақпанында Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының төрағасы Қ. Тевкелевтің арнайы шақыруымен фракцияның мәжілісіне қатысып, онда қазақтарға жеке мүфтилік ашу, қазақтарды атты әскер қатарына жазу, қоныс аударушылар толқынын азайту мәселелерін көтерді. Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауыда болды. Ол "Қазаққа" жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсыновтың Бөкейханов пен бірге ұлт-азаттық қозғалыстың халық мойындаған жетекші дәрежесіне көтерілуі 1917 жылғы революциялық өзгерістер тұсында анық байқалды. Қазақ халқының Ақпан және Қазан төңкерістеріне қатынасын теориялық тұрғыдан дәл тұжырымдап берген Байтұрсынов: "Қазақтарға ақпан революциясы қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) революциясы оларға соншалықты түсініксіз көрінді. Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл революцияға деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді", -- деп жазды. Қазан революциясына қазақтардың үрке қарауын Байтұрсынов қазақ қоғамында капиталистік қатынастардың жоқтығымен, соған сай таптық жіктелудің әлсіздігімен байланыстырды. Бұл ұлттық еркіндік, осы жолда ұлттық тұтастық идеологиясын ұстаған қайраткердің көзқарасы еді және ол сол тарихи кезеңдегі қоғамдық шындықтан алыс емес-ті. Сондай-ақ, осы пікірді білдіру арқылы Байтұрсынов большевиктік билік пен ұлт-азаттық қозғалыс арасындағы айырмашылықты дәл белгілеп берген еді. Бірақ Ленин бастаған большевиктік билік Байтұрсынов пікірін естімегендей сыңай танытты.
Байтұрсынов 1917 жылы революциялық өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, "Қазақ" газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов бастаған үштіктің шешуші жанкешті ұйымдастырушылық қызметінсіз 1917 жылы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің өмірге келуі мүмкін емес-тін. Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру -- жүзаралық алауыздыққа байланысты Алашорда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынов 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынов бұл тарихи кезеңде "патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық" деген пікірде болды. 1920 жылы В.И. Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 жылы 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облыстарына қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсыновтың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Байтұрсынов 1920 жылы сәуірде РК(б) құрамына ену туралы арыз берді. Бірақ көп ұзамай 1921 жылы партия құрамынан шықты. Қайраткердің бұл шешімінің арғы жағында большевиктердің Қазақстандағы іске асырған шараларымен және алған бағытымен келіспеушілік жатқандығы даусыз болса керек. Ол 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, 1920 -- 1921 жылдары Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922 -- 1925 жылдары Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынов түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921 -- 1925 жылдары Орынбордағы, 1926 -- 1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда ҚазМУ-дің ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор
қызметіне ауысты. Ф.И. Голощекиннің тікелей нұсқауымен Алаш қозғалысы қайраткерлеріне қарсы жасалған қуғын-сүргін кезінде, 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ "үштігінің" 1930 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен Байтұрсыновқа "1921 жылы Орынборда контрреволюциялық ұйым құрды, ортаазиялық пантүрікшіл ұйымның басшысы Валидовпен байланыста болды, 1927 жылы қазақ даласында қарулы көтеріліс даярлау әрекетіне қатынасты" деген айыптар тағылып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2, 4 және 11 тармақтарына сәйкес ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерге ауыстырылса, 1932 жылы қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М. Горькийдің жұбайы Е.П. Пашкованың көмегімен Байтұрсынов отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарды. 1937 жылы 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Абақтыда отырған кезінде Байтұрсынов тергеушілердің сауалына: "Менің идеалым -- қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі оның игілікті дамуының алғышарты болғандықтан, мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз ете алса, соған риза болмақпын" -деп жауап қайтарған еді.
Шығармалары
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері Қырық мысал атты аударма жинағында 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы -- Маса 1911 жылы жарық көрді. "Масаның" негізгі идеялық қазығы -- жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Сондай-ақ бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. "Қазағым елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып, Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып, Қанған жоқ па әлі ұйқың, Ұйықтайтын бар не сиқың?!", -- дейді ақын. Қазақ халқы үшін ең ауыр қасірет -- отаршылық езгісі Байтұрсынов поэзиясының басты идеясына айналды. Ел тәуелсіздігі үшін күресте ол сөз бен істің жігін айыра білуді міндет етіп қойды. Ел намысын ойлаған ер қасиетін іздеп, зорлық-зомбылыққа мойымауға, бостандық, еркіндік жолында күресуге қайрады. Бодандық қамытын киген жұртының қалыптасып отырған әлеуметтік-саяси жағдай туралы өзіндік көзқарасын қалыптастыруға ұмтылды. Халық басына төнген қатер, елдің тұманды болашағы туралы Байтұрсынов айқын да ащы айтты: "Ұйқышыл жұртты, Түксиген мұртты, Обыр орып, сорып тұр. Түн етіп күнін, Көрсетпей мінін, Оятқызбай қорып тұр. Обыр болса қамқорың, Қайнағаны сол сорың!". Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі, қазақ оқушысына естілген елшілік ұраны "Қырық мысал" мен "Маса" еді. 20 ғасыр басындағы қазақ оқығандарының тәуелсіздік жолындағы күрескерлері мен зиялылары осы кітаптардан демеу алды. Халық енжар күйінен арылып, қазақ рухы көтерілер ме екен деген ұлы мақсат өз қызметін атқарды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынов 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ, Байтұрсынов Пушкин ("Балықшы мен балық", "Алтын әтеш", т.б.), Лермонтов ("Мцыри"), Вольтер, Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар -- тың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. Қазақ салты, Қазақ қалпы, Досыма хат, Жиған-терген, Тілек батам, Жауға түскен жан сөзі, Бақ т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.
Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсыновтың "Қазақтың бас ақыны" деген көлемді мақаласы -- әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалды. "Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады... Сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып емтихан болып табылады" деп жазды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, "сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін", сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның "Әдебиет танытқыш" деген зерттеуі 1926 жылы қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынов әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. Ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соңы ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. "Әдебиет танытқышта" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынов қоғам қайреткері
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу
А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Пәндер