Mercedes E 55 автокөлігі


Кіріспе
1 Mercedes E 55 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Mercedes E 55 автокөлігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Автокөліктің жалпы құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Іштен жану двигателі . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1 Төрт тактілі бензинді моторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Мотордың механизмдері мен жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Кривошипті . шатунды механизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Цилиндр блогі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.5 Поршень ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.6 Шатун ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.7 Газ тарату механизмінің жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.8 Майлау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.9 Салқындату жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.10 Карбюраторлы двигательдің қоректендіру жүйесі ... ... ... ... ... ... .. 16
1.11 Отын насосының құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
1.12 Отын форсункасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
1.13 Автомобильдердің электр жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.14 Аккумулятор батареялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.15 Аккумулятор батереясындағы электролит тығыздығы ... ... ... ... ... 20
1.16 Генератор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.17 Стартер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Автомобиль трансмиссиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
2.1 Трансмиссия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Ілініс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Жүріс бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4 Доңғалақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
2.5 Автокөліктің рульдік басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылымы (конструкциясы) әр түрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдердің негізгі механизмдерінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері бірдей болып келеді. Сондай – ақ, автомобильдердің қызметі мен механизмдерінің орналасуына байланысты олардың құрастыру схемасында да ортақтық болады.
Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады, миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, фермер – кооператив, ұжымдар халық шаруашылығында маңызды қызмет етіп, еліміздің халқына танымсыз еңбек істеп келеді.
Тасымалдың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы техника мен технологияны жасау және өндіріске еңгізуді шапшаңдату, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдіру, қозғалыс құрамын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру жылдамдығын арттыру, материалды – техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу – түсіру және жөндеу жұмыстарын кешендерін механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыру шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігін арттыру, тасымалдың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту қажет.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден – бір маңызды мәселе, автомоильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені шешу бір жағынан, автомобиль өндірушілердің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік база құуды, ТҚ пен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді механикаландыру жабдықтарын, өндіріс үдерістерін(процестерін), жүргізушінің мамандығын жоғарылатуды, құрылысты дамытуды және жол сапасын жақсартуды талап етеді.
Тасымал құралының сенімділігіне қойылатын талаптар жылдамдығы және автомобильдің сыйымдылығы артқанда, сонымен бірге автомобиль тасымалының қызмет көрсету мекемесі және тасымалдың басқа түрлерімен технологиялық және ұйымдастырушылық байланыстары күшейгенде арта түседі.
ХХІ ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал болып саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам т.б. жүктер автомобильдермен тасылады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналысады. Сондай машиналардың бірі – Mercedes E 55 автокөлігі.
1. Жүнісбеков П.Ж., ЖетпейісовМ.Т.,Мамедалиева. Г.А.,Дүйсенбаев М.С. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 2007.
2. Краткий автомобильный справочник. – 10-е изд., перераб. и допол.-М., Транспорт, 1991.
3. А.В.Богатырев, Ю.К.Есеновскийй-Лашаков «Автомобили» Москва 2004ж.
4. Е. Ордабаев. Автомобиль және трактор моторының теориясы: Оқулық.-Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995.
5. В.К.Вахламов «Автомобили основы конструкции» 2004ж.
6. С.М. Давидович, К.И. Тальвик. Тракторлар және автомобильдер (аударғандар Г. Оспанов, Т. Абдусыдықов, Х. Юсупжанов, С. Сырлыбаев). Алматы: Казгосиздат, 1953.
7. Теория двигателей внутрннего сгорения. Под ред. Н.Х. Дьяченко. Машиностроение, 1974.
8. Автомобиль. Учебное пособие. Под. ред. И.П. Плеханова. Для учащ. IX-X классов-М.: Просвещение, 1982.
9. Кузнецов Е.С., Воронов В.П., Болдин. А.П., и др. Техническая экслуатация автомобилей:,-М:.Транспорт, 1991.
10. Интернет желісі.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 27 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




Мазмұны
Кіріспе
1 Mercedes E 55 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.1 Mercedes E 55 автокөлігіне сипаттама 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1.2 Автокөліктің жалпы 4
құрылысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
...
Негізгі 6
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
1 Іштен жану двигателі . 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
1.1 Төрт тактілі бензинді 6
моторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
...
1.2 Мотордың механизмдері мен 8
жүйелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
1.3 Кривошипті – шатунды 9
механизм ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Цилиндр 9
блогі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
1.5 Поршень ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.6 Шатун ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.7 Газ тарату механизмінің 12
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.8 Майлау 13
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
1.9 Салқындату 14
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
1.10 Карбюраторлы двигательдің қоректендіру 16
жүйесі ... ... ... ... ... ... ..
1.11 Отын насосының 17
құрылысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
1.12 Отын 17
форсункасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1.13 Автомобильдердің электр 18
жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.14 Аккумулятор 18
батареялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
1.15 Аккумулятор батереясындағы электролит 20
тығыздығы ... ... ... ... ...
1.16 Генератор ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.17 Стартер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
2 Автомобиль 22
трансмиссиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
2.1 Трансмиссия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.2 Ілініс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.3 Жүріс 24
бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Доңғалақ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.5 Автокөліктің рульдік басқару 26
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі
машина. Олардың құрылымы (конструкциясы) әр түрлі болуы мүмкін. Дегенмен
көпшілік автомобильдердің негізгі механизмдерінің құрылымы мен жұмыс істеу
принциптері бірдей болып келеді. Сондай – ақ, автомобильдердің қызметі мен
механизмдерінің орналасуына байланысты олардың құрастыру схемасында да
ортақтық болады.
Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады,
миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, фермер – кооператив, ұжымдар халық
шаруашылығында маңызды қызмет етіп, еліміздің халқына танымсыз еңбек істеп
келеді.
Тасымалдың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы техника мен
технологияны жасау және өндіріске еңгізуді шапшаңдату, қызметкерлердің
еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдіру, қозғалыс
құрамын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру жылдамдығын арттыру,
материалды – техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу – түсіру
және жөндеу жұмыстарын кешендерін механикаландыру мен автоматтандыру
деңгейін арттыру шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар қозғалыстың
қауіпсіздігін арттыру, тасымалдың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін
азайту қажет.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден – бір маңызды мәселе,
автомоильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені
шешу бір жағынан, автомобиль өндірушілердің анағұрлым сенімді автомобиль
шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильді техникалық
пайдалану әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда
ұстап тұру үшін қажетті өндірістік база құуды, ТҚ пен жөндеудің алдыңғы
қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді механикаландыру
жабдықтарын, өндіріс үдерістерін(процестерін), жүргізушінің мамандығын
жоғарылатуды, құрылысты дамытуды және жол сапасын жақсартуды талап етеді.
Тасымал құралының сенімділігіне қойылатын талаптар жылдамдығы және
автомобильдің сыйымдылығы артқанда, сонымен бірге автомобиль тасымалының
қызмет көрсету мекемесі және тасымалдың басқа түрлерімен технологиялық және
ұйымдастырушылық байланыстары күшейгенде арта түседі.
ХХІ ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал болып саналады.
Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам т.б. жүктер автомобильдермен
тасылады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын
автомобильдер шығарумен айналысады. Сондай машиналардың бірі – Mercedes E
55 автокөлігі.

1 Mercedes E 55 ( 2003 - 2006 жылдар аралығында шығарылған)

1.1 Mercedes E 55 автокөлігіне сипаттама

Mercedes E 55 — Mercedes компаниясының бизнес классына жататын жеңіл
автокөлігі. Mercedes E 55 — әлемде көптеп сатылатын автокөліктердің бірі.
1996 - 2002 жылдарда шыға бастады. Япония,  АҚШ  және  Қытай зауыттарында
шығарылады. Кейбір мемлекеттерде бұл марка эксклюзивті орындауда люкс
классы ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта автокөліктің жетінші ұрпағы
шығарылуда.

Қазіргі ғасырда пайдаланылатын автомобильдердің басты ерекшелігі –
олардың құрылысының күрделілігі.Осыған байланысты автомобильді жүргізушінің
міндеті тек қана жүргізу, ал оған техникалық қызмет көрсетуді арнайы
мамандар атқарады. Қазіргі заманда әртүрлі құрылысы жағынан, моделі
жағынан да автомобильдер дүниеге келуде. Олар азамзат баласына ыңғайлы болу
мақсатында шығарылады.

Атаулары Шамалар
Шыққан жылы: 2005
Жетек түрі: артқы
Отын маркасы: бензин
Максималды жылдамдығы, кмсағ: 260
100 кмсағ дейінгі екпін, с: 4,6
Есік саны: 4
Орын саны: 5
Цилиндрлардың орналасуы: V тәріздес
Цилиндрлар саны: 4
Двигатель көлемі, куб. см: 2655
Қуаты , а.к. мин: 1953900
Айналу моменті , Нм мин: 4902900
Механикалық КПП: 6
АБС: бар
Отын багының көлемі, л: 65

1.2 Автокөліктің жалпы құрылысы

Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина.
Автомобильдің үш негізгі боліктерін атауға болады: кузов, мотор және
шасси.

Кузов – таситын жүкті орналастыруға арналған. Жеңіл автомобильдің және
автобустың кузовына жолаушылар мен жүргізуші жайға-сады. Жүк автокөлік-
терінің кузовы жүкке арналған платформа-дан және жүргізуші кабинасынан
тұрады.
Мотор – жанармай жанғандағы бөлінетін жылу энергиясын механикалық
энергияға айналдырады. Мұндай энергияны айналдыру қорытындысында
қозғалтқыштың иінде білігін айналысқа келтіреді, ол негізінде қозғалтқыштың
айналдыру моментін бірқатар механизмдер арқылы автомобильдің жетекші
доңғалақтарына жеткізеді.
Шасси мынандай бөлшектер, механизмдер мен жүйелерді біріктіреді:
трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, доңғалақ, рульдік басқару және
тежеуіш жүйелер.
Трансмиссия – мотордың білігінен жетекші дөңгелектерге айналдыру
моментін жеткізеді және түрлендіреді. Трансмиссияға кіретіндер: ілініс,
беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал және жарты
осьтер.
2 Іштен жану двигателі

2.1 Төрт тактілі бензинді моторлар

Автокөліктерде поршеньді төрттактілі бензинді (карбюраторлы) және
дизельді іштен жану моторларын қолданады. Энергияны механикалық жұмысқа
айналдыратын машина мотор деп аталады. Бұған байланысты моторлар: жылулық,
электрлік, желдік, гидравликалық және т. б. болып бөлінеді. Моторлар төрт
тактілі және екі тактілі болады. Төрт тактілі процесс цилиндрдің ішін
жанармай қоспасымен немесе ауамен толтыру, сығу, от алу, ұлғаю, шығару
секілді поршеннің төрт жүрісінде немесе иінді білік екі айналғанда
орындалады. Төрт тактілі бензинді моторлардың әр цилиндрінде:
• Енгізу;
• Сығылу;
• Жұмыстық жүріс;
• Газды шығару;

Бірінші такті – жұмыстық қоспаны сорып енгізі цилиндрдің ішіндегі қысым
тыстағы қысымнан кем болуы арқасында орындалады. Бұл кезде поршень жоғары
күйден (жоғарғы шектік нүктеден – ЖШН) төменгі күйге дейін қозғалады
(төменгі шектік нүктеге – ТШН).
Алынатын сыртқы ауа мен моторың цилиндрінің ішінегі қысымының айырмасы,
шамамен алғанда 0,1 атмосферадай, ауаны сору түтіктің ішімен, ашық тұрған
клапаны арқылы мотор цилиндрінің ішіне өткге мәжбүр етеді.
Сору аяқталған соң, поршень ТШН-де тұрғанда, кіргізу клапаны жабылады,
және екінші такт – жұмыстық қоспаны сығу басталады . Бензинді моторларда 5
шас, ал дизель моторларында оның орнына 5-форсунка қойылады.
Поршень енгізілген жұмыстық қоспаны ЖШН дейін сығады. Сығылу процесінің
соңында шамдардың электрондарының арасында пайда болатын электр ұшқынынан
сығылған жұмыстық қоспа тұтанады . Қоспа заряды жанған кезде көп жылу көп
жылу пайда болып, ол сығу камерасындағы газдары қыздыраы, бұның әсерінен
газдардың қысымы бірден өседі. Газдардың қысымының әсерінен поршень төмен
қарай жүреді, осылай үшінші такт – жұмыстық жүріс тактісі – орындалады.
Жұмыстық жүріс аяқталған соң, цилиндрдің ішкі қуысын пайдаланылған
газдардан тазарту үшін төртінші такт – пайдаланылған газдарды шығарып
жібері тактісі орындалады . Шығару клапаны ашылады, пайдаланылған газдар
әуелі цилиндрдің ішіндегі қысымы сыртқы ауаның қысымынан артық болуының
әсерінен және поршеньнің жоғары қарай қозғалуының әсерінен шығару түтігі
арқылы атмосфераға айдап шығарылады.
Шығары клапаны тек шығару тактісінің кезінде ғана ашылады, қалған кезде
бұл клапан жабық тұрады. Сору клапаны тек сору тактісінің кезінде ашылады.
Сөйтіп, сығу және жұмыстық жүріс кезінде екі клапан да жабық тұрады.
Клапандардың ашылып жабылып-жабылуы газ тарату механизмі арқылы орындалады.
Поршеньнің ЖШН-нен ТШН-ге дейін жүріп өтетін жолының ұзындығы поршеньнің
жүрісі – S деп аталады.
Бір ғана ұлғаю тактісін немесе жұмыстық жүріс деп аталатын тактіні алу
үшін торт тактілі моторларда үш дайындық тактісі отуі керек: сору, яғни
цилиндрге жаңа жанар қоспа ендірі, жану мезгіліне өте қолайлы жағдай алу
үшін, демек қысымның арта түсуі, үшін пайдаланылған газдарды шығару керек.
Бұл кезде иінді білік екі айналады.Мұндай, поршеньнің әрбір төрт жүргенінде
немесе торт такт түгел өткенде бір жұмыстық жүріс орындалатын мотор төрт
тактілі деп аталады.
Төрт тактілі мотордың барлық дайындық тактілерінің үшеуінде де: соруға,
сығуға және газдарды шығарып жіберуге жұмыс босқа жұмсалады, тект жұыстық
жүріс кезінде ғана газ пайдалы дұмыс істейді. Мотордың жұмысының мұндай
біркелкі болмауы, құмыстық жүріс кезінде алынатын механикалық энергияны
жинақтап, немесе аккумуляторлап, кейінгі оны кедергілерді жеңіге және
дайындық тактіліеріне жұмсауға ерекше жабдықтың болуын талап етеді.
Мотордың ішіндегі механикалық энергияны аккумуляторлаушы маховик болады,
маховик мотордың иінді білігіне қосылған ауыр металл дөңгелек болып келеді.

2.2 Мотордың механизмдері мен жүйелері

Автомобильге орнатылғанбензинді мотор мынадай механизмдер мен
жүйелерден тұрады:
Кривошипті – шатунды механизм поршеньдердің ілгерілемелі – кейінді
қозғалысы иінді білікті айналмалы қозғалысқа келтіреді, мұның өзі
механикалық энергияның берілісі үшін, автомобильдердің жетекші
дөңгелектерін және оның механизмдері мен машиналарының жұмысшы органдарын
қозғалысқа келтіруде өте қолайлы болып саналады.
Газ таратқыш механизмі клапандар жұмысын басқарады,мпоршеньдердің
белгілі бір жағдайда мотор цилиндрлеріне жанғыш қоспаны немесе ауаны
жіберуіне, оларды белгілі бір қысымда сығып тұруға және цилиндрлердегі
пайдаланылған газды шығаруға арналған.
Қоректендіру жүйесі арнайы прибор – карбюраторда немесе инжектор арқылы
жанғыш қоспа әзірлеуге және осы цилиндрлерге беруге арналған;
Майлау жүйесі үйкелетін бөлшекерді майлайды және оларды салқындатады,
желініс және күйе қалдықтарды шайып тазалауды қамтамасыз етеді.
Салқындату жүйесі жану камерасының қабырғалары мен шамын, форсунка мен
клапандарды қатты қызудан қорғайды және цилиндрлерде қалыпты жылу режимін
сақтайды.
Іске қосу жүйесі моторды от алдырған кезде иінді білікті айналдыру үшін
қажет.
Автомобиль моторының қоректендіру жүйесі арнайы прибор – карбюраторда
немесе инжектор арқылы жанғыш қоспа әзірлеуге және осы цилиндрлерге беруге
арналған. Бензинді мотордың цилиндірлеріндегі жұмысшы қоспаны от алдыру
жүйесі пайдаланылады.

2.3 Кривошипті – шатунды механизм

КШМ цилиндрде пайда болатын газ қысымын қабылдап, ілгері қайтарымды
поршеньнің қозғалысын иінді біліктің айналу қозғалысына айналдырады. КШМ-
нің барлық бөлшектері қозғалатын және қозғалмайтын бөлігі болып екіге
бөлінеді.
Қозғалмайтын бөлігіне цилиндр блогі, оның қалапғы және картері, маховик
қаптамасы жатады, сонымен бірге олар мотор қаңқасын құрайды. Қозғалатын
бөлігіне сақина сауссағымен бірге олар қаңқасын құрайды. Қозғалатын
бөлігіне сақина саусағымен бірге поршень, шатун, иінді білік және маховик
жатады. КШМ-нің кең тараған құрастыру схемасы мотордың төменгі сұлбалары
жатады.

2.4 Цилиндр блогі

Цилиндр құрылымы моторларда жалпы тәртіп бойынша блокта картердің
жоғарғы жағына құйылып жасалады. Блок цилиндрдің материалына сұр шойын
немесе арнайы алюминий құймасы алынады. Сұйықпен салқындатылатын мотордың
цилиндрлары екі қабат болып, ішкісі қабатты гильзаны құрайды. Ішкі және
сыртқы қабат арасындағы қуыс салқындату сұйығымен толтырылып, салқындату
қаптамасын түзеді.

Көбіне гильза алынбалы – салынбалы етіп жасалады, бұл гильзаның жұмыс
бетін желінбейтін материалдан жасауды талап етеді. Гильзаның тікелей
салқындату сұйығымен шайылатын түрін ылғалды гильза деп атайды.
Кейбір моторларда гильзаның үйкеліске көп ұшырайтын 50 – 60 мм
бөлігіне үйкеліс желінуіне төзімді, сығымдалып салынатын шойын сақина
орнатылады. Гильзаның ішкі қабырға беттері сақинамен бірге мұқият өңделіп,
айнадай жылтыр күйге жеткізіледі, оны цилиндрдің айнасы деп атайды.

2.5 Поршень

Поршень газ қысымын қабылдап шатунға береді, барлық жұмыс циклдарының
жүруін қамтамасыз етеді. Олар цилиндр ішінде жоғарғы температура мен
қысымның әсерінде болады және елеулі жылдамдықпен қозғалады.

Осыған сәйкес поршеньнің материалы жоғары механикалық қасиетке ие,
желінуге төзімді, жеңіл және жылуды жақсы бөлуі тиіс. Сондықтан қазіргі
моторларда поршень төзімді алюминий қорытпасынан құйылады. Поршеньнің түп
жағы жазық, дөңес және фигуралы болып келеді. Бас жағында поршеньнің
сақиналарына айналған ойықтар жасалады. Төменгі ойықтарда толық тесіктері
болады. Төменгі іш қабатында қабырғалар құйылады. Бүйір беткейінде
поршеньнің сайсағы үшін тесік жасалған, оның ұшы цилиндр қабырғасымен
жанасып, бүйірлік күш түсіреді.
Поршеньді цилиндрге тіреп жинағанда оның табаны мен цилиндр арасында
саңылау неғұрлым аз болуы тиіс.
Поршень сақиналары цилиндр мен поршень арасын тығыздап, газдың
картерге және майдың жану камерасына өтуін болдырмайды. Қызметіне қарай
тығыздағыш және майсырғыш болып бөлінеді. Сақиналар әрбір поршентге жиналып
және арнайы шойын немесе болаттат жасалады.Сақинаның серпімділігі оның
цилиндр қабырғасы тығыз қамтылуын қамтамасыз етеді.
Поршень саусағы. Поршеньді шатунның жоғарғы бағасымен буындық қосу
үшін қажет. Саусақ қуыс , болаттан жасалады. Жұмыс барысында саусақ
поршеньнен шығып, цилиндр айнасын бүлдірмес үшін екі жағынан серіппелі
сақиналармен бойлық қозғалысын шектеп бекітеді.

2.6 Шатун

Поршеньге жоғарғы температура мен қысым әсер етеді, ол өте жылдам
қозғалады. Жұмыс жағдайына байланысты поршень материалының механикалық
қасиеті өте жоғары, әрі қажалуға төзімді, жеңіл, жылуды тез шығаратын болуы
тиіс. Сондықтан да қазіргі кезде мотор поршеньдерін жеңіл, әрі біршама
төзімді алюминий қорытпасынан құяды.

Поршень төңкерілген стақанға ұқсайды. Ол түбінен қалпақшадан және
етегі деп аталатын бағыттауыш бөліктен тұрады. Мотордың поршень түбінің
ойығы бар үлгі формасында жасайды. Оның түбінің мұндай формада болуы
цилиндрден келетін отынның ауамен жақсы араласуына және оның толық жануына
мүмкіндік береді.

Қалпақшасының ішкі беті мен етегінде компрессиялық және май сыдырғыш
сақиналарға арналған ойықтар жасалған. Поршеньге орнатылған сақиналар саны
мотордың типіне және иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты. Ойық
шеңбері бойында, май сыдырғыш сақина астында тесіктер болады, ол майды
мотор картеріне жіберу үшін қажет.
Шатун поршеньдердің иінді білікке жалғастырады. Шатунға газ бен
инерция қысымының күші әсер етеді, сондықтан ол өте берік, әрі жеңіл болуы
тиіс. Шатун сапалы болттан жасалады, кесіндісі екі қалпақшалы стержень
тәрізді.
Қол втулка шатунның жоғарғы қалпақшасына престеп орнатылады.
Шатун ажыратылмалы қалпақшамен білікке бекітіледі, оның алмалы-салмалы
бөлігі – қақпақ.
Шатунның төменгі қалпақшасындағы қақпақты өзара ауыстыруға болмайды.
Шатунның төменгі қалпақшасының бүйір бетіне және қақпаққа рет нөмірі
салынады, бірінші нөмір радиатор жағынан басталады. Құрастырған кезде осы
цифр жиынтықтары сәйкес келуі тиіс. Шатунды білікке орнатылған кезде
қалпақшаның екі жартысын өте берік арнайы болттармен бекітеді.
Поршень саусағына май канал арқылы беріледі. Бұл канал шатунның
өзінде жасалған. Шатунның төменгі қалпақшасы тік немесе қиғаш ажыратылмалы
орналасқан. Қиғаш ажыратылмалы поршень топтарын монтаждаған кезде шатунның
төменгі бөлігін гильза арқылы шығарып алуына мүмкіндік береді. Оларды
гайкамен емес, арнайы шатунға бұралып кіретін болтпен бекітеді. Қиғаш
ажыртаылмалы жазығының жанасу аумағын арттыру үшін шатунның төменгі
қалпақшасы тегіс емес, ойықты етіп жасалған, мұның өзі шатун болттарының
кесілуін болдырмайды. Өздігінен бұралып кетпес үшін болт қалпақшасының
астына бекіткіш шайба орнатады.
Поршень мен шатун арқылы келетін күшті қабылдап және оны бұраушы
моментке өзгеріп, мұны автомобильдің трансмиссиясына беретін иінді білік
мотордың әр түрлі механизмдері мен бөлшектерін жетекке алу үшін
пайдаланылады.

2.7 Газ тарату механизмінің жұмысы

Мотордың әрбір цилиндріндегі өтетін жұмыс принципіне сәйкес газ
таратушы механизмі цилиндрге жанғыш қоспаны енгізу және жану қалдығын
шығару қызметтерін атқарады. Төрт тактілі моторларда негізінен клапанды газ
тарату механизмі қолданылады.
Клапанды газ тарату механизмі клапандарды орналастыру орнына
байланысты төменгі және жоғары клапандардың орналасуы болып бөлінеді.
Енгізу саңылауын бекітетін клапанды енгізу клапаны, шығару саңылауын
жабатын клапанды шығару клапаны деп атайды. Көпшілік моторлардың
цилиндірлері бір енгізу, бір шығару клапанымен жабдықталған.
Төменгі орналасу клапаны цилиндірдің бүйір жағына орналасады. Клапан
табақшадан және стерженьнен тұрады. Табақшада конусты белдеуше жасалған,
клапан жабдық кезде, соған сәйкес конусты тұғырша да саңылаусыз болады.
Қажетті тығыздықты қамтамасыз ету үшін конусты беттер клапанмен бірге
өңделіп, тегістеледі.

Стерженьге бекітілген серіппе бір шетімен шайбаға, екінші шетімен
цилиндр қалпағындағы ойық тұғыршаға тіреледі.
Тарату механизміндегі, тарату бөлігінің айналу барысында, ондағы
жұдырықша итергішті көтеріп, күйентенің бір иықшасы итереді, екінші клапан
стерденьмен түйіскен иықшасы клапанды төмен басып, енгізу немесе сәкес
шығару саңылауын ашады. Тарату білігі иінді біліктен жетек алады.
Ал, әрбір цилиндірде өтетін жұмыс тактісінде, клапандар бір – бірден
ашылатын болса, онда тарату білігі иінді білікке қарағанда беріліс саны 2:1
мөлшерде айналуға тиіс.
Газ тарату механизмнің төменгі орналасуы мен жоғарғы орналасуында аз
ғана айырмашылық бар, қосымша бөлшектері болады және цилиндірдің жоғары
жағында орналасады. Жұсым істеу принциптері бірдей болады.
Клапандар жұмыс барысында жоғары температура жағдайында болады.
Сондықтан, клапан өз тұғыршасында толық, саңылаусыз орнығу үшін, қызған
бөлшекте, стержень мен күйентенің түйісу бетінде аз мөлшерде саңылау қалуы
қажет. Бұл саңылауды жылу саңылауы деп атайды және арнайы ретке келтіретін
тетік болады.

2.8 Майлау жүйесі

Майлау жүйесі мотор бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп тұру
және майлау қызметін атқарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін
жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салқындатады және бөлшек беттерін
қажалу қалдықтарынан тазартады. Қазіргі моторларда аралас майлау жүйесі
қолданылады, мұнда кейбір бөлшек сығылған май арқылы, кейбірі шашырау, ал
бірі ағып келген май арқылы майланады.
Мотор майы. Мотор бөлшектерін майлау үшін жоғары сапалы мотор майы
қолданылады. Іштен жанатын моторларға қолданылатын майдың қолайлы
түтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиеті болуы тиіс. Майдың
пайдаланылу қасиетін жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады. Соңғы
кезде мотор майы бұрынғы қабылданған сорт атауларымен қоса, жаңа жіктеу
тәртібі бойынша алты топқа таңбаланады: А, Б,В,Г, Д,Е.
Ауыл шаруашылығы тракторлары мен автомобильдері үшін Б, В және Г
тобындағы майлар қолданылады. Майды таңбалағанда (мәселен, М-8 Б1? М-10 Г2)
мынадай белгілерді қолданады: М - моторлық, 8-10 - кинематика-лық
тұтқырлығы, мм2с, 100°С ыстықта; Б, Г - май тобына жататындығы; 1 -
карбюратор двигателі үшін, 2 - дизель двигателі үшін.

Жазда әдетте кинематикалық тұтқырлығы 10 мм2с, ал қыста - 8 мм2с
болатын мотор майы пайдаланылады. Бір ескеретін жайт, май маркасындағы цифр
май тұтқырлығының 100°С температурадағы су тұтқырлығынан неше есе артық
екендігін көрсетеді.
Б тобындағы май баяу жүмыс істейтін моторларға, В - орташа жұмыс істейтін
моторларға, Г - өте тез жұмыс істейтін моторларға арналған. Май мотор
маркасына және жұмыс маусымына сай келуі тиіс. Тым тұтқыр май бөлшектердің
қажалатын беттерінің аралығындағы саңылаудан өте нашар өтеді, ал тұтқырлығы
жеткіліксіз май саңылау арасында тұрмайды. Екі жағдайда да бөлшектердің
қажалатын беттері тез тозып, моторлардың қуаты кемиді.
Мотордың сенімді жұмыс істеуі көп жағдайда мотор майының тазалығына
байланысты. Майда механикалық қоспалар мен су болмауы тиіс. Майға
механикалық қоспалар мен су, негізінен тасымалдағанда, қабылдағанда,
құйғанда жөне сақтағанда енеді. Ол механикалық қоспалар, әсіресе моторлар
қатты шаң-тозаңда жұмыс істегенде түсіп, ластанады. Сондықтан да бүкіл
әрекеттерді атқарған кезде майға механикалың қоспалар мен судың енбеуін
мүқият қадағалаған жөн.
Қайта жіберу клапаны ротордағы май қысымын сақтайды. Егер роторға май
енген кездегі қысым 0,65 МПа-ға дейін артса (қою майда немесе ротор
ластанғанда), онда клапан ашылып, тазартылмаған май мотор картеріне
құйылады. Кейбір моторларда қайта жіберу клапаны ашылған кезде май
центрифугаға соқпай, май магистраліне өтеді. Қайта жіберу клапанын реттегіш
винтпен 0,65-0,70 МПа қысымға реттеп келтіреді.
Радиатор клапаны салқын майды қайта жіберуге арналған, ол май радиаторына
соқпай, двигательдің май каналына келеді. Қысым айырмашылығы 0,06-0,7 МПа
болғанда клапан ашылады. Радиатор клапанын ретке келтіру жүргізілмейді.
Ағызу клапаны двигательдің май каналында қысым артқан жағдайда
тазартылмаған майдың артығын картерге құю үшін қолданылады. Реттегіш
винттің көмегімен майлау жүйесіндегі май қысымы бірқалыпқа келгенше
клапанды ретке келтіреді.
Кейбір двигательдердің май сүзгісіне радиатор клапанның орнына ауыстырып
қосқыш шүмек орнатылған, соның көмегімен май радиаторын қыс кезінде
ажыратып тастайды.

2.9 Салқындату жүйесі

Моторда қалыпты жылу режимін біркелкі ұстап, реттеу арқылы аса қызатын
бөлшектерді салқындату қызметі атқарылады. Поршеньнің жұмыс жүрісі кезінде,
жану процесінен бөлінген жоғарғы жылу, бөлшектердің тікелей жанасатын
бөліктерін тез қыздырады (цилиндрді, цилиндр қалпағы, поршеньдер,
клапандар). Цилиндрде жанған жанармай жылу энергиясының 20-35%-ы мотор
бөлшектерін қыздыруға жұмсалады. Егер осы қызған бөлшектерді салқындатпаса,
бөлшек бетіндегі май күйіп, қатты қызған бөлшектер керіліп, қысылады және
тез үйкелістен қажалады. Сондықтан тез қызып кетуге жол бермес үшін, қызған
беттерді салқындатып отыру қажет. Егер мотор жеткіліксіз салқындатылған
болса, мотор жоғары энергия ала алмайды, жанармай шығыны артады, ал
бөлшектер майдың жеткіліксіз болуынан тез қажалады.
Егер, қатты салқындатып жіберсек те, жанармай цилиндрде дұрыс жанбай,
үнемділігі нашарлайды. Сондықтан моторды салқындатады, температураны
қалыпты жағдайда ұстап тұрады.
Мотордан жылуды шығару сұйықпен салқындату (сұйықпен салқындату жүйесі)
немесе ауа (ауа салқындату жүйесі) арқылы жүзеге асады. Автомобиль
моторларында сұйықпен салңындату жүйесі кеңінен тараған, өйткені бүл жүйе
ауа жүйесіне қарағанда тиімді жұмыс істейді, аз дыбыс шығарады және төменгі
температура жағдайында оталуы жеңіл болады.
Сұйықпен салқындату жүйесінің схемасын былай елестетуге болады: Цилиндр
төңірегінде және цилиндр қалпағында кеңістік қарастырылған, олар салқындату
сұйығымен толтырылады. Бұл кеңістік түтіктер арқылы (төменгі және жоғарғы)
радиатормен жалғанады. Радиатор жұқа тор қабатты түтікшелері арқылы сұйықты
өткізіп, қызған сұйықтан жылуды тез бөліп, салқындатып отырады. Бөлінген
жылу түтік бетінен, торкөз-дерден өткен жел ағынына беріледі. Радиатор мен
кеңістік радиатордағы құю қақпағы арқылы толтырылып, қақпақпен бекітіледі.
Қақпақшада ауамен жалғап тұратын саңылау болады. Мұндай жүйені жабық жүйе
деп атайды.
Жабық салқындату жүйесінде белгілі қысым тұрақтылығы сақталады (100 кПа-
ға дейін), соның салдарынан сұйықтың қызуы 1200-қа дейін көтеріледі. Жабық
салқындату жүйесі ашық салқындату жүйесіне қарағанда жинақты келеді, және
оқтын-оқтын толтырып тұруды қажет етеді.

Сонымен суыту жүйесінің негізгі қызметі, ол двигательдің қызған
бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратады. Осы
тұрғыдан қарағанда двигательдердің суыту жүйесі осы жылуды тасымалдайтын
материадың түріне қарай екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі ауа болса,
екіншісі сұйық болады. Олай болса двигательдер ауамен суытылатын немесе
сұйықпен суытылатын болып бөлінеді де, оның құрлысы да әртүрлі болады.
Ауамен суытылатын двигательдің қызатын негізгі бөлігі цилиндр блогы
мен оның басына арнаулы аралықтарынан ауа жүретін етіп қабырғалар жасалады.
Ол қабырғалар әрі суытылатын бөлшектің ауасымен жанасатын ауданын
көбейтеді. Енді сол қабырғалардың аралықтарынан сыртқы қоршаған ортадан
арнаулы желдеткіш арқылы ауа үрлейді. Үрленген ауа сол қабырғалардың аралап
өткен кезде бөлшектерде артық жылуды өзіне қабылдап, әрі қарай сыртқы
қоршаған ортаға шығып кетеді.
Двигатель алғаш жұмысқа қосылған кезде, әсіресе қыс ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Mercedes-Benz G 320
Э. Дюркгейм
Е. Бекмаханов – тарихшы, ғалым
Диплом алды тәжірибеден өту жөніндегі е с е п т е м е «МанғыстауМұнайгаз» АҚ
Е. Пугачев көтерілісінің сипаты
А,Е,Д,К,Ғ витаминдері
Е- learning электронды оқу жүйесі
Электрондық почта ( E- mail)
E-leaning - де білімді бақылау жүйесін құру
Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь