Mercedes-Benz G 320


1. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1 Mercedes.Benz G 320 автокөлігінің характеристикасы ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Автомобиль және оның жалпы құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Автомобиль моторлары және оның негізгі бөлшектері ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.1 Мотор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2 Кривошипті.шатунды механизм және оның бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3 Газ тарату механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.4 Салқындату жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.5 Майлау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.6 Қоректендіру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3. Автомобиль трансмиссиясы мен жүріс бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.1 Трансмиссия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Ілініс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.3 Беріліс қорабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.4 Карданды беріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.5 Басты беріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.6 Дифференциал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.7 Дөңгелек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.8 Дөңгелек аспалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.9 Амортизатор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.10 Автокөліктің рульдік басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
4. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
5. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Көлік республика үшін ерекше маңыздылығын Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігін алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден бір құралы болып табылады.
Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.
Автомобиль көлігінің еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Тасымалдың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы техника мен технологияны жасау және өндіріске енгізуді шапшаңдату қызметкерлердің еңбек жағдай мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдіру, қозғалыс құрамын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру жылдамдығын арттыру, материалды-техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу – түсіру және жөндеу жұмыстарын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыру шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігін арттыру, тасымалдың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту қажет.
Өндірісті дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, қордың барлық түрін үнемдеу – бұл мәселелер тікелей автомобиль тасымалына және оның жүйеліктері – автомобильдерді техникалық пайдалануға қатысты автомобиль паркінің жұмыс қабілетін қамтамасыз етеді. Оның дамуы мен жетілдіруі автомобиль көлігінің даму өрісі мен айқындалады және еліміздің тасымал кешеніндегі орны мен; еңбек материалдық, жанармай қуаттылығы және басқа да қорларды тасымалдау, техникалық қызмет, жөндеу және автомобильдерді сақтау кезіндегі үнемдеудің қажеттілігі мен; тасымал үдерісі мен қозғалыс құрамы мен; тұрғындарды қорғау, жүргізуші және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігімен де айқындалады.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір маңызды мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені шешу бір жағынан, автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығаруы мен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік база құруды, техникалық қызмет пен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді механикаландыру жабдықтарын, өндіріс үдерістерін, жүргізушінің мамандығын жоғырылатуды, құрылысты дамытуды және жол сапасын жақсартуды талап етеді.
ХХІ ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал болып саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам т.б. жүктер автомобильдермен тасылады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналысады. Сондай машиналардың бірі – Mercedes-Benz G 320 автокөлігі.
1. Автомобиль: Основы конструкции: Н.Н.Вишняков, В.К.Вахламов, А.Н.Нарбут и др. - 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1986. – 304 с.
2. Туревский И.С. Техническое обслуживание автомобилей зарубежного производства: «Форум»: 2007 – Инфра М – 208 с.
3. Құдайбергенов Р. «Техникалық терминдер сөздігі» Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009. – 616 б, қазақша, орысша, немісше, ағылшынша.
4. Вахламов В.К. Автомобили: Основы конструкции: Издательский центр «Академия», 2004. – 528 с.
5. Титунин Б.А. . Ремонт автомобилей Камаз. - 2-ое изд., перераб. и доп. –М.: Агропромиздат, 1991. -320 с., ил.
6. П. Жүнісбеков, М. Жетпейісов - Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 2007.
7. Алиев Б – Тракторлар мен автомобильдер құрлысы. Алматы: Наз 2005.
8. Жүнісбеков П. Ж – Автомобильдің құрлысы және пайдалануы – Астана: Фолиант,2007 8.Родичев В – Тракторлар мен автомобильдер – Алматы: Мектеп - 1986
9. Буравлев Ю.В. и др. Устройство, обслуживание и ремонт автомобилей Камаз: Учебник для сред. проф. -техн. училищ/Ю.В. Буралев, О.А. Мортиров, Е.В. Клетенников. - М.: Высш. школа, 1979. - 256с
10. Барун В.Н., Азаматов Р.А., Машков Е.А. и др. Автомобили Камаз: Техническое обслуживание и ремонт. - 2 –ое изд., перераб. и доп. – М.: Транспорт, 1988. – 325 с., ил.25.
11. Руководство по ремонту и техническому обслуживанию автомобилей Камаз – 740, - 53211, - 53212, - М.: Третий Рим, 2000. - 240 с., ил.15.
12. Теория двигателей внутрннего сгорения. Под ред. Н.Х. Дьяченко. Машиностроение, 1974.
13. Автомобиль. Учебное пособие. Под. ред. И.П. Плеханова. Для учащ. IX-X классов-М.: Просвещение, 1982.
14. Краткий автомобильный справочник. – 10-е изд., перераб. и допол.-М., Транспорт, 1991.
15. Е. Ордабаев. Автомобиль және трактор моторының теориясы: Оқулық.-Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995.
16. Полосков В.П., Лещев П. М., Хартанович В.Н. Устройство и эксплуатация автомобилей: Учедное пособие.1987

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 26 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Mercedes-Benz G 320 автокөлігінің
характеристикасы ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Автомобиль және оның жалпы
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Автомобиль моторлары және оның негізгі
бөлшектері ... ... ... ... ... ... . ... ...6
2.1
Мотор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2 Кривошипті-шатунды механизм және оның
бөліктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.3 Газ тарату
механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...10
2.4 Салқындату
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..14
2.5 Майлау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..17
2.6 Қоректендіру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 18
3. Автомобиль трансмиссиясы мен жүріс
бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
1.
Трансмиссия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.
Ілініс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..20
3. Беріліс
қорабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 21
4. Карданды
беріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .22
5. Басты
беріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 22
6.
Дифференциал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
3.7
Дөңгелек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.8 Дөңгелек
аспалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .24
3.9
Амортизатор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.10 Автокөліктің рульдік басқару
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
4.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...28
5. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ

Көлік республика үшін ерекше маңыздылығын Қазақстанның кең байтақ
аумағы және халық тығыздығының сиректігін алдын ала анықтайды. Бұл
жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден бір
құралы болып табылады.
Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін
көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.
Автомобиль көлігінің еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады.
Тасымалдың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы техника мен
технологияны жасау және өндіріске енгізуді шапшаңдату қызметкерлердің еңбек
жағдай мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдіру, қозғалыс
құрамын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру жылдамдығын арттыру,
материалды-техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу – түсіру және
жөндеу жұмыстарын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін
арттыру шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігін
арттыру, тасымалдың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту қажет.
Өндірісті дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, қордың барлық түрін
үнемдеу – бұл мәселелер тікелей автомобиль тасымалына және оның жүйеліктері
– автомобильдерді техникалық пайдалануға қатысты автомобиль паркінің жұмыс
қабілетін қамтамасыз етеді. Оның дамуы мен жетілдіруі автомобиль көлігінің
даму өрісі мен айқындалады және еліміздің тасымал кешеніндегі орны мен;
еңбек материалдық, жанармай қуаттылығы және басқа да қорларды тасымалдау,
техникалық қызмет, жөндеу және автомобильдерді сақтау кезіндегі үнемдеудің
қажеттілігі мен; тасымал үдерісі мен қозғалыс құрамы мен; тұрғындарды
қорғау, жүргізуші және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету
қажеттілігімен де айқындалады.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір маңызды мәселе,
автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені
шешу бір жағынан, автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль
шығаруы мен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильді техникалық
пайдалану әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда
ұстап тұру үшін қажетті өндірістік база құруды, техникалық қызмет пен
жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді
механикаландыру жабдықтарын, өндіріс үдерістерін, жүргізушінің мамандығын
жоғырылатуды, құрылысты дамытуды және жол сапасын жақсартуды талап етеді.
ХХІ ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал болып саналады.
Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам т.б. жүктер автомобильдермен
тасылады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын
автомобильдер шығарумен айналысады. Сондай машиналардың бірі – Mercedes-
Benz G 320 автокөлігі.

1.1 Mercedes-Benz G 320 автокөлігінің характеристикасы

Mercedes-Benz — германиялық ”Daimler AG” АҚ-ның автокөлік маркасы.
Мерседес-Бенц маркасы 1926 жылы Г.Даймлерге (Gottlieb Daimler) тиесілі
Daimler-Motoren-Gesellschaft комапаниясы мен К.Бенцке тиесілі Benz & Cie
компанияларының бірігуінен пайда болды. Mercedes деген марка Г.Даймлердің
компаниясына, ал Benz маркасы К.Бенцтің компаниясына тиесілі болатын.

Кесте 1 Mercedes-Benz G 320 автокөлігінің характеристикасы
Ұзындығы: 4662 мм Айналым моменті айн: 5401600
Ені: 2760 мм Отын багының көлемі: 96 литр
Биіктігі: 1931 мм Екпін уақыты 100 кмсағ8.8 сек
дейін:
Модельді жылы: 2006 Максимальді жылдамдығы:177 кмсағ
Есіктер саны: 5 Қалалық циклдегі отын 13.4 литр 100
шығыны: км
Орын саны: 5 Трассадағы отын шығыны:10.5 литр 100
км
Жетегі: Толық Беріліс қорабының түрі:7G-TRONIC

Цилиндр саны 6V Толық массасы: 2850 кг
орналасуы:
Мотор қуаты л.с 2243800 Жүксалғыш көлемі: 480 литр
айн:
Мотордың жұмыс 2987 см³ Дөңгелек өлшемі: 26560 R 18
көлемі:

Мерседес атауы Даймлердің шығарған автоларының алғашқы атауы емес еді.
Кейіннен оның машиналарын сататын Эмиль Еллинек есімді саудагердің
Mercedes деген қызының лақап атымен аталатын болды.
Mercedes-Benz G 320 автокөлігі 1999 жылдан бастап шығарыла бастады.
Ол өзінің жаңа дизайн интерьерімен, сансыз көп иновациялық шешімдері мен
және басқа да әртүрлі сериялық құрал-жабдықтарымен мақтана алады. Қазіргі
уақытқа дейін де ол өзінің үйреншікті бұрышты формасымен, жолдағы барлық
қиындыққа қарамастан мақсатына жететін, неміс халқының дәстүрлі автокөлігі
болып саналады.
Алдыңғы панельдердің дизайны мен есіктерді қаптауышы өзгеріп, басқару
органдарының эрганомикасы ұлғайды. Жеке жүргізуші мен алдыңғы жолаушы үшін
жаңа климатты бақылау системасы температураны реттеп отыруға мүмкіндік
береді. Индивидуальды электронды орындық реттегішін және де рульдік
колонканы жөндеу арқылы автомобольден шығу мен отырыс процесін аса ыңғайлы
қылып істеді.

Сурет 1 Mercedes-Benz G 320 автокөлігі

1.2 Автомобиль және оның жалпы құрылысы

Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина.
Олардың құрылымы әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдердің
негізгі механизмдерінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері бірдей болып
келеді. Сондай-ақ, автомобильдердің қызметі мен механизмдерінің орналасуына
байланысты олардың құрастыру кестесінде ортақтық болады.
Автомобильдің үш негізгі боліктерін атауға болады: кузов, мотор және
шасси.
Кузов – таситын жүкті орналастыруға арналған. Жеңіл автомобильдің
және автобустың кузовына жолаушылар мен жүргізуші жайғасады. Жүк
автокөліктерінің кузовы жүкке арналған платформадан және жүргізуші
кабинасынан тұрады.
Мотор – жанармай жанғандағы бөлінетін жылу энергиясын механикалық энергияға
айналдырады. Мұндай энергияны айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың иінде
білігін айналысқа келтіреді, ол негізінде қозғалтқыштың айналдыру моментін
бірқатар механизмдер арқылы автомобильдің жетекші доңғалақтарына
жеткізеді.
Көпшілік автомобильдерде поршеньді-карбюраторлы немесе дизельді мотор
қолданылады. Әдетте мотор автомобильдің алдыңғы жағына орналасады.

Сурет 2 Автомобильдің шасси мен моторы
1 – алдыңғы дөңгелектің тежеуіш механизмі; 2 – амортизатор; 3 – рульдік
механизм; 4 – қозғалтқыш; 5 – жұмыс тежеуіш жүйесінің басқышы; 6 –
карбюраторды басқарудағы басқышы; 7 – рульдік дөңгелек; 8 – тежеуіш
жүйесіндегі тұрақты рычагы; 9 – беріліс қорабы; 10 – аралық карданды білік;
11 – рама; 12 – кардан берілісі; 13 – жетекші мост; 14 – жетекші дөңгелек;
15 - артқы дөңгелектің тежеуіш механизмі; 16 – тіркеу құралы; 17 – артқы
асқыш рессоры; 18 – отын білігі; 19 - тежеуіш механизмінің тұрақты жүйесі;
20 – аккумуляторлы батарея; 21 – ілініс; 22 – ілініс педалі.

Шасси мынандай бөлшектер, механизмдер мен жүйелерді біріктіреді:
трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, доңғалақ, рульдік басқару және
тежеуіш жүйелер.

2 Автомобиль моторлары және оның негізгі бөлшектері
2.1 Мотор

Мотор үздіксіз және діріл-соққысыз, автомобильдің динамикалық
қасиетін, жанармай және жағар майдың шығынын белгіленген нормадан аспауын
қамтамасыз ететін қуатта жұмыс істеуі қажет.
Отын ауамен арнайы прибор – карбюратор немесе инжектор арқылы
араласса, онда мұндай моторларды бензинді деп атайды. Жанғыш қоспасы
электр ұшқынымен тұтанады.
Автомобильде поршеньді төрттактілі бензинді (карбюраторлы) мотор
қолданылады. Төрттактілі бензинді мотордың әр цилиндрінде төменгі
кезекпен өтеді:
а) енгізу;
в) сығылу;
с) жұмыстық жүріс;
д) газды шығару.
Бірінші такті – жұмыстық қоспаны сорып енгізу цилиндрдің ішіндегі
қысым тыстағы қысымнан кем болуы арқасында орындалады. Бұл кезде поршень
жоғары күйден төменгі күйге дейін қозғалады.

Сурет 3 Автомобильдің бензинді (карбюраторлы)
моторының алдыңғы көрінісі
1 – май қабылдағыш; 2 – май насосы; 3 – газ таратқыш шестернясы; 4 – шкив;
5 – таратқыш білік; 6 – желдеткіш; 7 – ауа сүзгісі; 8 – жоғарғы қысымды
отын насосы; 9 – отыншығарғыш насос; 10 – итеру осі; 11 – маховик; 12 –
иінді білік; 13 – картер түбі
Екінші такт – жұмыстық қоспаны сығу басталады. Бензинді моторларда
5-шам (свеча), ал дизель моторларында оның орнына 5-форсунка қойылады.
Үшінші такт – поршень енгізілген жұмыстық қоспаны жоғары шектік
нүктеге (ЖШН) дейін сығады. Сығылу процесінің соңында шамдардың
электродтарының арасында пайда болатын электр ұшқынынан сығылған жұмыстық
қоспа тұтанады. Қоспа заряды жанған кезде көп жылу пайда болып, ол сығу
камерасындағы газдарды қыздырады, бұның әсерінен газдардың қысымы бірден
өседі. Газдардың қысымының әсерінен поршень төмен қарай жүреді. Осылай
жұмыстық жүріс тактісі орындалады.
Автомобильдерде  қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен
жүйелерден құралады:кривошипті – шатунды және газ тарату механизмдері,
қоректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын
қондырғы.Иінді – шатунды механизм.Иінді – шатунды механизмнің бөлшектерін
қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа бөлуге
болады.Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге
поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады.Сонымен
двигательдердің иінді – шатунды механизм механизмдері мынандай бөлшектер
тобынан құралады:цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді
білік тобы. Осы көрсетілген бөлшектер
тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады.Цилиндрлер тобы –
поршеньнің әрі – бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның
ішінде процестер жүру үшін қажетті көлем жасап тұрады.Поршень тобының
бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды
неғұрлым берәк бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ
қысымын қабылдау қызметтерін атқарады. Шатун тобының бөлшектері поршень
мен иінді білікті жалғастырып, поршеньде пайда болған газ қысымының күшін
иінді білікке жеткізеді, ал керек болғанда иінді біліктегі күшті
поршеньге жеткізеді. Сөйтіп, поршеньнің түзу сызықты қозғалысын, иінді
біліктің айналмалы қозғалысына ауыстыру қызметін атқарады.Иінді білік
тобы шатуннан келген күштің әсерінен өзі айналмалы қозғалысқа келеді де,
сырттағы трансмиссия арқылы жүргізетін дөңгелектерді айналдырады.
Цилиндрлер арнаулы құйылып жасаған блоктағы ұяларға бекітіледі.Егер
цилиндр “дымқыл” болса, онда оның төменгі және жоғарғы беттері ғана ұяға
жанасады. Ол жерді арнаулы аралық төсемдермен, сұйық ақпайтындай етіп
бітейді. Ал құрғақ цилиндрлерді өн бойында бітеу жасалған ұяларға престеп
орнатады. Оларды мынандай бөлшектер тобына бөлуге болады: поршень,
шатун тобы және иінді – білік тобы. Олар бір – бірімен арнаулы бөлшектер
арқылы жалғасады.

Сурет 4 Автомобильдің бензинді (карбюраторлы)
моторының жанынан көрінісі
1 - иінді білік; 2 – шатун; 3 – поршень; 4 – түтік өткізгіштің шығарылуы; 5
– форсунка; 6 - жоғарғы қысымды отын насосы; 7 – ауа сүзгісі; 8 - түтік
өткізгіштің кіргізілуі; 9 – кіргізу клапаны; 10 – цилиндр блогы; 11 – итеру
осі; 12 - иінді білік

Төртінші такт – жұмыстық жүріс аяқталған соң, цилиндрдің ішкі
қуысын пайдаланылған газдардан тазарту үшін пайдаланылған газдарды
шығарып жіберу тактісі орындалады. Шығару клапаны ашылады, пайдаланылған
газдар әуелі цилиндрдің ішіндегі қысымы сыртқы ауаның қысымынан
артық болуының әсерінен және поршеньнің жоғары қарай қозғалуының әсерінен
шығару түтігі арқылы атмосфераға айдап шығарылады.

2.2 Кривошипті-шатунды механизм және оның бөліктері

Кривошипті-шатунды топқа шатун, поршень саусағының втулкасы, шатун
және иінді білік подшипнигі, иінді білік, маховик, жетекші шкив пен
шестерня және қолмен айналдыруға арналған храповик немесе болт жатады.
Шатун поршеньдерді иінді білікке жалғастырады. Оған газ бен инерция
қысымының күші әсер етеді, сондықтан ол өте берік, әрі жеңіл болуы тиіс.
Кесіндісі екі қалпақшалы стержень тәрізді келіп, сапалы болттан жасалады.
Қола втулка шатунның жоғарғы қалпақшасына пресстеп орнатылады.
Шатунның алмалы-салмалы бөлігі – қақпақ, ол ажыратылмалы білікке
бекітіледі.

Сурет 5 Поршень а) жалпы түрі; б) поршень сақиналары;
в) поршеньдегі сақиналарды орналастыру
1 – поршень қыры; 2 – жырашығы; 3 – бобышка; 4 – тегіс түбі; 5 – қалпақша;
6 – етегі (юбка); 7 – үстіңгі компрессионды сақинасы; 8 – астыңғы
компрессионды сақинасы; 9, 12 - майлы алмалы-салмалы болаттан жасалған
тегіс хромдалған дисктер;10 – осьтік ұлғаюы; 11 – радиальді ұлғаюы; 13 –
поршень қондырғышы

Поршень мен шатун арқылы келетін күшті қабылдап және оны бұраушы
моментке өзгертіп, мұны автомобильдің трансмиссиясына беретін иінді білік
мотордың әр түрлі механизмдері мен бөлшектерін жетекке алу үшін
пайдаланылады. Газ бен инерция қысымының күші ұдайы әсер ететіндіктен иінді
білік өте төзімді болуы тиіс.
Жоғары сапалы болаттан иінді білікті штамптайды немесе өте төзімді
шойыннан құяды. Иінді білік түпкі және шатундық мойыннан имек түрінде
жасалады. Жақтауына білікпен қоса, оны теңгеріп тұратын қарсы салмақ
бекітілген. Білік мойыны тозуға өте берік болуы үшін жоғары жиіліктегі
тоқпен шынықтырылған. Оның жақтауынан қиғаш каналдар өтіп, сол арқылы май
түпкі және шатунды подшипниктерге келеді. Иінді білік мойынының іші қуыс
етіп жасалып, мұның өзі ортадан тепкіш тазартқыш үшін қажет.
Иінді біліктің біркелкі айналуына жағдай жасайтын және көлік орнынан
қозғалғанда, әрі жұмыс кезінде моторда пайда болған аса ауыр күшті жеңуге
жәрдемдесетін – маховик. Маховик салмағы біршама ауыр шойын диск.
Маховиктің артқы жақ тұсында іліністі орналастыратын қырнақ болады, сол
мақсатта маховиктің артқы беті мұқият өңделеді.
Маховик құрсауына болт тісті тәж престеп ұсталып, болтпен
бекітілген. Моторды алғаш іске қосқанда стартер ең алдымен осы тіс тәжімен
ілінісе отырып, иінді білікті айналдырады.

Сурет 6 Кривошипті-шатунды механизмінің бөліктері
1 – храповик; 2 – шайба; 3 – шатун мойыны; 4 – қалпақшалар; 5 – пружиналы
сақина; 6 – саусақтары; 7 – үстіңгі қалпақша; 8 – стержень; 9 – болт; 10 –
астыңғы қалпақша; 11 – алмалы жартысы; 12 – түпкі мойыны; 13 - шатун
мойыны; 14 – қалпақша; 15, 16 – поршеньдер; 17 – қарсы салмақ; 18-19 -
түпкі мойыны; 20 – біліктің артыңғы бөлігі; 21 – май қайтарғыш кертпегі
(буртик); 22 – қалпақша; 23 – қоқыс ұстаушы; 24 – түпкі мойыны; 25 – беті;
26, 27 – қалпақшалар; 28 – қарсы салмақ; 29 – түпкі мойыны; 30 – қалпақша;
31 – шестерня; 32 – біліктің алдыңғы бөлігі; 33 – шкив

Кривошипті-шатунды механизмінің техникалық жағдайын дыбысы мен діріл-
соғысынан, бөлшектерінің едәуір желінгендігінен, ұлғаятын май күйігі
түтігінен анықтауға болады.

2.3 Газ тарату механизмі

Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің жұмысына сәйкес,
цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады.Сору процесі кезінде цилиндр
ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) кіргізеді.
Газ тарату механизмі цилиндрлерге дер кезінде жанғыш қоспа жеткізу
және цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады. Клапандар
енгізу және шығару тесіктерін ашып-жауып тұрады. Олар цилиндрдің енгізу
және шығару түтіктерімен жалғастырылады. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу,
жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып
ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды
сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату
механизмі негізгі екі топтан тұрады.

Сурет 7 Газ тарату механизмі
а) клапандардың астынан орналасуы
в) клапандардың үстінен орналасуы
1, 2 – тісті доңғалақтар; 3 – иінді білік; 4 – ретегіш болт; 5 – клапан; 6
– ершігі (седло), 7 – пружина; 8 – шайба; 9 – итергіш; 10 – айналмалы
жұдырықша; 11 – күйенте (коромысло); 12 – осі; 13 – кронштейн; 14 – штангы

Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы. Ал осы
бөлшектер тобының орналасуына байланысты газ тарату механизмі бірнеше түрге
бөлінеді.Олар көбінесе клапандардың орналасуына байланысты, жоғарғы және
жандық газ тарату механизмдер болып бөлінеді.Жандық газ таратыу механизмі
кезінде клапандар цилиндрдің жанына жасалған ұяда тұрады, ал клапандары
жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінде цилиндр басындағы ұяда тұрады.
Осындай клапандардың орналасу түріне байланысты, олардың жетегі де әртүрлі
болады. Жандық орналасқан газ тарату механизмдерде жетек механизмі иінді
біліктің шестернясымен үнемі тістесіп тұратын шестернясы бар жұдырықша
білікшеден, итергіштен және реттегіш болттан құралады. Ал клапандары
жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінде осыларға қосымша штанга ,
куйенте арнаулы оське бекітіледі. Газ тарату механизмінің екі түрі
бар: жоғары және бүйірге орналасқан клапандар. Автомобиль моторында газ
тарату механизмінің клапаны жоғары орналасқан.

Клапандардың ашылу моментінен оларды жабылу моментіне дейінгі кезеңді газ
таратудың фазасы деп атайды.
Газ тарату фазасы айналма диаграмма түрінде көрсетілген. Енгізу
клапанының ерте ашылуын мен кеш жабылуын жүзеге асырудың нәтижесінде енгізу
тактісін 180 градустан 270 градусқа дейін ұзартуға мүмкіндік туады.
Шығару клапанының ашылу ұзақтығы иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша
237-2750С болады.
Клапанның ашылу және жабылу сәтін тазартқыш білік жұдырықшасының
профилі және клапандар мен күйентелердің арасындағы саңылау бойынша
анықталады.

Сурет 8 Газ тарату фазасының айналма диаграммасы
а) жалпы төрт тактілі моторының;
б) автомобиль моторының;
в) дизельдің

Автомобиль моторының клапаны жұмыс істеген кезде арнайы механизмінің
көмегімен айналып тұрады. Бұл механизм қозғалмайтын корпустан тұрып, оның
шеңбер бойында бес көлбеу ойық, оларда орналасқан бес шарик және оларды
кері қайтаратын серіппе орналасқан. Шариктерге дискілі серіппе қондырылып,
таяныш шайба арқылы клапан серіппесі тіреледі. Клапан ашылған кезде серіппе
сығылады, одан пайда болған күштің артуы нәтижесінде дискілі серіппе
шарикке тіреліп, жазылады. Серіппелер күшінің әсерінен шариктер кері
қайтқан серіппенің кедергісін жеңіп, корпустың көлденең ойығы бойынша
сырғанайды және де дискілі серіппені клапанымен қоса біршама бұрышқа
бұрады.
Моторды пайдаланған кезде газ тарату механизмі детальдарының
үйкелетін беттері тозып, олардың түйіндескен беттеріндегі саңылау арта
түседі. Сонымен қоса ыстық газдың, соққы күштің, бөлінген күйенің әсерінен
клапандардың ершікке орнығуы бұзылады.
Газ тарату механизмінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін
цилиндрлер қалпақшасын, күйенте білікшесі тірегін және басқа бөлшектерді
тексеріп, бекітілген тұстарын қатайтып бұрау, клапандар мен күйінтелердің
механизмінің аралықтарындағы саңылауды тексеру және ретке келтіру қажет.
Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз,
өйткені мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін енгізу
клапаны жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте
ашылады.
Соның салдарынан цилиндрден жоғарғы қысымдағы энергиясы толық
қолданылып, жұмысқа айналмаған газдар шығып кетеді.Қазіргі заманғы кейбір
двигательдерде цилиндрлерінің жақсы толуын қамтамасыз ету үшін, иінді
біліктің айналу жиілігіне байланысты, газ тарату фазасындағы клапандардың
ашылу – жабылу кезеңдерін шапшаң реттеледі.

Сурет 9 Клапан механизмі
а) цилиндр блогының қалпақшасындағы клапанды құрастыру
б) және в) айналу клапандарының бөлшектер механизмі
1 – стержень; 2 – қозғалмайтын корпус; 3 – шарлар; 4 – таяныш шайба, 5 –
цилиндр бағыттаушысы; 6 – серіппе; 7 – табақша; 8 – кесілген сухариктер; 9
– дисктік серіппе; 10 – қайтымды серіппе; 11 – ішкі клапан беткейі; 12 –
қалпақша; 13 – ершігі; 14 – блок қалпақшасы

Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан, клапандардың ашылуынан
жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанатын
қоспамен жақсы толады.Цилиндрдегі ұлғаю процесі кезінде поршеньге ұзағырақ
әсер етуі үшін шығару клапаны ТӨН жақынырақ ашылуы және ЖӨН кейін аз
кешігіп жабылуы керек.Сондықтан, төменгі айналу жиілігі кезінде шығару
тактісі жүргенде, поршеньнің ЖӨН қозғалуына қалдық газдардың қарсы қысымы
әсер етпейді.Мұндай батыл қадамға 1993ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы
қадам басты.Ол двигательге электрондық жүйе дабылымен басқарылып жұмыс
істейтін, екі жоғарғы тарату бөлігінің бастапқы бұрыштық жағдайын
бұрылыспен өзгертетін гидромеханикалық жүйесін орнатты.Кейінірек тура осы
принцип Daimeer – Benz және Nissan фирмаларында қолданылады.Двигательдің
төмен айналысында бұраушы момент 25 – 35℅, ал номиналды айналыста 5℅
көбейеді.Клапанды ашып – жабуды реттеуде болашағы үлкен жүйе –
электромагниттік реттегіштер. Реттеу дәлдігі 0,005 секунд ішінде жүзеге
асады. Осындай газ тарату фазасын басқарушы двигатель клапандарын электро –
магнитті басқару жүйесі жасалып және  автомобильдерде  қолданып жүр.

Сурет 10 Газ тарату механизмінің бөліктері
1 – тістері; 2 – дөңғалақ; 3 – таяныш фланец; 4 – тіреуіш мойыны; 5 –
эксцентрик; 6 ,7 – жұдырықша саны; 8 – втулка; 9 – клапанды жіберу; 10 –
бағыттаушы;11 – шайба; 12 – сығылған серіппе; 13 – серіппе; 17 – айналу
механизмі; 20 – шестерня; 21 - табақша

2.4 Салқындату жүйесі

Мотор жұмыс істеген кезде цилиндр ішінде жанған және осыдан 1800-
30000С-қа дейін қызған газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок
қалпақшасын қыздырады. Салқындату жүйесі қызған бөлшектерді салқындату үшін
қажет.
Суыту жүйесінің негізгі қызметі, ол двигательдің қызған
бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу
болып табылады, яғни двигательдің қызған бөлшектерінен сыртқа жылу
тасымалдайтын қондырғы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда двигательдердің
суыту жүйесі осы жылуды тасымалдапйтын материалдардың түріне қарай екі
түрге бөлінеді. Оның біріншісі ауа болса, екіншісі сұйық болады. Олай болса
двигательдер ауамен суытылатын немесе сұйықпен суытылатын болып екі түрге
бөлінеді және олардың  құрылысы  да әртүрлі болады.

Сурет 11 Сұйықтықпен салқындатлатын жүйенің құрылысы
1 – иілгіш шлангы; 2 – радиатордың жіберу краны; 3 – астыңғы бөшке; 4 –
жалюзи жетегінің тұтқасы;5 – қаңқа (каркас); 6 – радиатордың үстіңгі
бөшкесі; 7 – тығыны (пробка); 8 – қылта ауыз (горловина); 9 - иілгіш
шлангы; 10 – радиатор жүрегі; 11 – бағыттауыш құндақ (кожух)

Ауамен салқындатылатын двигательдерде бөлшектердің қызуды
бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалақшаларына роторлы желдеткіш ауа
үрлейді. Желдеткіш ротордан тұрады, оның көп санды қалақшасы мен
қозғалмайтын бағыттаушысы бар. Желдеткіш роторының айналу жиілігін өзгерту
арқылы жылу режимін автоматты реттейді. Осы мақсатта гидродинамикалық муфта
қолданылады.

Сурет 12 Салқындату жүйесі
1 – радиатор; 2 – жалюзи; 3 – желдеткіш; 4 – су насосы; 5, 27 – үстіңгі
және астыңғы радиатор бөшкелері; 6 – радиатор тығыны; 7 – бұрма шлангы; 8 –
компрессор; 9 – келтіру шлангы; 10 – қайыра өткізу шлангы; 11 – термостат;
12 – келте түтігі; 13 – карбюраторды қондырудағы фланец; 14 – енгізу түтік
өткізгіші; 15 – жылытқыш краны; 16, 17 – келтіру және бұрмалау түтігі; 18 –
жылытқыш радиаторы; 19 – сұйықтық температурасын көрсеткіш сезгісі; 20 –
мөлшерлегіш ендірме; 21 – қалпақша блогының су рубашкасы; 22 – цилиндр
блогының су рубашкасы; 23 - цилиндр блогының кранның жіберу рубашкасы; 24 -
кранның жіберу жетек тұтқасы; 25 - кранның жіберу радиатор келте түтігі; 26
– жалғастырушы келте түтігі

Көбінесе жазғы ыстық кездерде двигательді қалыпты жағдайға дейін суыта
алмайды. Сондықтанда мұндай суыту жүйенлері , қуаты аз кішігірім
двигательдерде қолданылады.
Автомобильдердің  двигательдерінде көпшілік жағдайда сұйықпен салқындататын
жүйе қолданылады. Олардың да атқаратын қызметі жоғарғыдай бірақ жылу
тасымалдау үшін арнаулы сұйық (су, антифриз, тосол) қолданылады.

Сурет 13 Радиатор бөлігі
а) бу клапаны ашық; б) ауа клапаны ашық
1 – серіппе; 2 – клапан; 3 – шығарғыш клапанының аралық төсемі;
4 – бу клапанының серіппесі; 5 – радиатордың қылта ауызы

Двигательдердің суыту жүйесі мынандай негізгі құрылғылардан тұрады:
радиатор, желдеткіш , су насосы , термостат , су көйлегі, жалғастырғыш
жеңшелер және термометр. Осылайша ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Mercedes E 55 автокөлігі
БКЗ-320-140 ҚАЗАНЫНЫҢ АВТОМАТИЗАЦИЯСЫ
Ғ. Мүсірепов
“xvii-xix ғ.ғ. орыс-қытай қатынастары”
ХҮІІ ғ. – ХҮІІІ ғ. басындағы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Түркістан қаласының тарихы (ХІХ –ХХ ғ.ғ.)
Қайта өрлеу мәдениеті (XVI-XVII ғ.ғ.)
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
ХҮІІ ғ. - ХХІ ғ. аралығындағы Азия елдері
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь