Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ .ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Қызылорда облыстың географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Облыстың климаты мен топырақ . өсімдік жамылғысы. ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Облыстың әкімшілік және әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Облыстың ауыл шаруашылығы және күріш шаруашылығы ... ... ... ... ... ...
2. СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ
ТАЛДАУ
2.1 Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Күріш өндірісінің рентабельділігін жоғарылату жағдайын
анықтап бағалау және жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ӨНДІРІСТІК ТҮРЛЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШ ӨНДІРУДІҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ
3.1 Сырдария ауданы күріш өндірісі тиімділігін арттырудың шарттары мен
факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Өзіндік құнды төмендету. аудандағы күріш шаруашылығының
рентабельділігін жоғарлатудың шешуші факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Қызылорда облысында күріш өңдейтін кәсіпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында күріштің сапасын
жақсарту және нарықтық баға құрылымының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендерді заманауи талапқа сай жетілдіру, оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі еліміздің аграрлық саясатының маңызды мәселесі болып саналады.
Ел Президенті экономикалық саясаттың басым бағыттарымен қатар, аграрлық кешеннің де алдына жаңа міндеттер қойып, «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз етудің бірінші бағыты – агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту екеніне, ел халқының материалды және әлеуметтік қамсыздандырылу негіздерінің бірі – тиімділігі жоғары агроөндірістік кешен екеніне баса назар аударды. Осыған орай ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына негіз болатын жобалардың жүзеге асырылатындығын атап өтті. Қазақстан экономикасы аграрлық секторында күріш шаруашылығы маңызды орынға ие. Негізгі өндірісі күріш дақылы болатын Қызылорда облысы үшін күріш өндірісі тиімділігін арттыру, сапалы өнім өндіру, тиімді өткізу аймақтың күріш шаруашылықтары мен кәсіпорындарының негізгі мәселесі.
Күріш ең құнды азық болып табылады. Қазақстандағы күріш шаруашылығы өзін - өзі 116-120% қамтамасыз ететін салалардың бірі, яғни тұтынушыларды күрішпен толық қамтамасыздандырады. Республика күрішті 240-300 мың тонна көлемінде өндіре алады, яғни күрішті шет мемлекеттерге жəне жақын жердегі мемлекеттерге импортқа шығару мүмкіншілігі туады. Қазақстан Республикасының күріш өсіретін аумақтары Сырдария, Іле жəне Қаратал өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Бұл жерлердегі күріш егісінің өсуі топырақтық-климаттық жағдайлардың қолайлы болуымен жəне су ресурстарының жеткілікті болуымен байланысты.
Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында күріш, жүгері және басқа да дәнді дақылдар өндіруге қолайлы жағдай бар. Астық өндіру тек қана аймақтың ішкі қажетін қанағаттандыруға ғана бағдарланбауы тиіс. Себебі, оның экспорттық әлеуметінің де болуы тиіс. Осыған байланысты, Сырдария ауданындағы ауыл щаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар өз өнімдерінің сапасын арттыруға тиіс.
Бүгінгі таңда күріш өндіру объектілерінде негізі техникалық қордың төменгі жағдайы, нарықтық жағдайда басқару тәжірибесі, қажетті қаржы құралдарының жетіспеуі және сапа менеджменті саласындағы өнім сапасын басқаруда жаңа жүйелердің енгізілмеуі, отандық өнімнің бәсекеге қабілетсіздігін айқындап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін, тұрақтылығын, рентабельділігін шешуде жаңа жолдардың шараларын қарастырудың мүмкіндігі туындайды.

1. Алешин Е.П. И др. Рис, М., 1993; п
2. Жайлыбай К.Н., Күріш өсірудің сорттық технологиясы және агроэкологиялық негіздері, 2001ж
3. Жаңабаев Қ. Ш Саудабаев Т.С Сейітов Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы Алматы ; Қайнар 1994
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру мәселелері //«Шоқан тағылымы -11» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағы, том VI, Көкшетау, 2006.- Б.174-176.а
5. Қызылорда облыстық статистика басқармасының 2011-20014 жж. мәліметтері.
6. Жарекешов Х.Б. Территории и социально – экономическое развитие сельского района: состояние и перспективы. Проблемы агрорынка, №2,2010ж.
7. Нұрышев Ғ.Ж. Ауыл тауар өндірушілері және олардың инвестициялық белсенділігін арттыру. – Алматы, ЖАК-тың ред.-баспа бөл., 1999, 274 б.
8. Елубаев Д. Краснодар-Қызылорда ынтымақтастығы күріш өндірісінде жаңа табыстарға жол ашты: Бүкілресейлік күріш ғылыми зерттеу институтының ғалымдары Аудан әкімі қабылдауында // Сыр бойы 2011. 27 қараша, - 1 6.
9. Қ.Р. Ауыл шаруашылық Министрлігі. Сырдария ауданында күріш кластерін дамыту жөніндегі пилоттық аумақтық жұмыс тобын құру туралы ұсынысы: Астана, №718 бұйрық, 2011, – 30 желтоқсан. – 20 б.
10. Есмұрзаева А.К. «Қызылорда облысындағы күріш жүйелерінің тұздылық режимі» Жаршы №8, 2013 жыл.
11. Жалғасова Г. Асыраушы саланың қарымды қадамы. Аудан ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Б.Жахановпен сұхбат. // Сыр бойы. 2010,16 қаңтар, 2 б.
12. Жайлыбаев К.Н., Таутенов И.А. «Күріштің сорттық технологиясы» Жаршы №11, 2011 ж
13. Тәжібайұлы Ә., Тобашов М.Ш., Құлтасов Б.С. Жәкешов К.С. Ауыспалы күріш егістігіндегі жаңа технологияны өндірісте пайдалану// Қорқыт ата атындағы ҚМУ Хабаршысы - 2001 №1(9)-35-37 бб.
14. Әбибуллаев И.С. Дариямен аты бір дархан аудан: Алынған асулар, көрінген көкжиектер// Егемен Қазақстан. 2010- 27 қазан-7 б.
15. Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының 2011-2014жж. мәліметтері.
16. Әбішұлы Қ. Күріш өндірісіндегі кластерлік жүйе // Сыр бойы 2012-21 сәуір, - 1,2 бб.
17. Қарлыханов Т., Сыр күріші және кластерлік жүйе: аймақтың даму бағыттары // Қызылорда -2013. 26 сәуір, - 26.
18. Әбілов Е. Күріш өндірісі қалай қаржыландырылады?// Егемен Қазақстан,2010, 16 мамыр,-46.
19. Сыдықов К.С Жапбарханова М.С. Өнімнің өзіндік құныны калькуляциялауды жетілдіру. - Қызылорда, 2011. - 67 б.
20. Жайлыбаев К.Н. Қазақстандағы күріш өндірісінің дамуы // Жаршы, 2009, №3 –Б.17-25.
21. Пірназар С. Күріш өндірісі көкжиектегі күрделі мәселелер: Қызылордада өткен көшпелі семинар кеңестен. // Егемен Қазақстан 2013. 24 маусым, -3 6.
22. Шарабадинов Қ. Жаңа бағдарланған күріш шаруашылыгын қиындықтан алып шығуды көздейді. Күріш шаруашылығын дамытудың 2011-2014 ж арналған бағдарламасының жобасы // Сыр бойы 2010 -13 қыркүйек, 1-2 66.
23. Елубаев Д. Краснодар-Қызылорда ынтымақтастығы күріш өндірісінде жаңа табыстарға жол ашты: Бүкілресейлік күріш ғылыми зерттеу институтының ғалымдары Аудан әкімі қабылдауында // Сыр бойы 2012. 27 қараша, - 1 6.
24. Қарлыханов Т. Күріштің қауызы да кәдеге жарайды // Егемен Қазақстан 2012. 27 қаңтар, -36
25. Әбдіраман Ж. Ішкі күріш рыногы қорғауды қажет етеді // Сыр бойы. 2011-29 сэуір,- 2 б.
26. Байбосынова С.М. Күріштің сапасын арттыру жолдары // Жаршы, 2014, №7, Б.28-31
27. Шарақымбаев Ж.Ш., Г.И.Бекова. «Күріш дақылы және минералды тыңайтқыштар қолдану» Жаршы. №, 2012 жыл п
28. Елешов Р.Е. Тыңайтқышты қолдану жүйесі. Алматы. Қайнар 1997, 30 б.
29. Наурызбаев А.Ж. Экономический механизм хозяйствования в рисоводстве: Автореф. канд. экон. наук: 05.10.98. - Алматы, 1998. – 17 с ак
30. Үмбет Ә. Күріштің жаңа сорттары диқандар сенімін ақтады: Аймақ дамуының 5 басым бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы // Сыр бойы 2012.24 қараша,-2б.
31. Дәулетбекқызы Б. Атағы көпке мәшһүр «Сыр маржаны» немесе отандық инвестордьщ айтулы істері «Қазақстан күріші» ААҚ жұмысы туралы// Жас Алаш 2013. 19 шілде, -86.
32. Жалбырова С. Күріш өндіруші шаруашылыктардағы басқарудың маркетингтік тұжырымдамасы// Қорқыт ата атындағы ҚМУ Хабаршысы. 2000 №2 (6) 3-8 бб.
33. С.И. Қошқаров, Е.Н. Әлімбаев, Ж.М. Абуов. Қызылорда облысында Сырдария өзенінің суын егіске пайдалану мәселелері. Ғ 96. Ғылым, білім және иновация: жастардың ғылыми шығармашылығы // Жас ғалымдар еңбектерінің жинағы / Қызылорда; Тұмар, 2010.
34. С.И. Қошқаров, Е.Н. Әлімбаев, Ж.М. Абуов. Қызылорда облысы суармалы егістікте суды тиімді пайдалану Хабаршы №1(31) 2011.
35. Байбосынова С.М. Күріштің сапасын арттыру жолдары // Жаршы, 2014, №7, Б.28-31
36. Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты 2011-2014 жж. мәліметтері.
37. Бакиров Ш., Бапаев Б. Экономия эффективности мелиорации в производстве риса. Алматы. Кайнар. 2010,с.125
38. Әбішұлы Қ. Күріш өндірісіндегі кластерлік жүйе // Сыр бойы 2012-21 сәуір, - 1,2 бб.
39. Ақберген Е. Ұлттық инновациялық және кластерлік жүйе// Сыр бойы, 2011, 14 шілде, -2 б.
40. Бегалиев К.Б., «Қызылорда өңірінде күріш өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін кластерлік негізде дамыту» Жаршы №10, 2012 жыл.
41. Елубаев Д. Күріш кластерін қалай қалыптастырамыз. // Ақмешіт ақшамы. 2012, 21 сәуір,- 5 6.
42. Қ.Р. Ауыл шаруашылық Министрлігі. Сырдария ауданында күріш кластерін дамыту жөніндегі пилоттық аумақтық жұмыс тобын құру туралы ұсынысы: Астана, №718 бұйрық, 2013, – 30 желтоқсан. – 20 б.
43. Пірназар С. Күріш өндірісі көкжиектегі күрделі мәселелер: Қызылордада өткен көшпелі семинар кеңестен. // Егемен Қазақстан 2012. 24 маусым, -3 6.
44. Костин Л.А. Эффективность производства и качество работы: вопросы теории и практики. - Москва: Экономика, 1998. – 229 с.
45. Ғылыми зерттеу институты. Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламасы: Қызылорда, - 2013. – 12 ақпан. – 13 б.
46. Блеутаева К.Б. Аграрлық саладағы экономикалық тұрақтылық және даму жолдары. АльПари, №3-4, 2003ж.
47. Дәулетбекқызы Б. Атағы көпке мәшһүр «Сыр маржаны» немесе отандық инвестордьщ айтулы істері «Қазақстан күріші» ААҚ жұмысы туралы// Жас Алаш 2013. 19 шілде, -86.

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
ТӨЛЕГЕНОВА Ш.М.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА
ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В060900-География мамандығы
Алматы, 2015

Қорғауға жіберілді
____ ___________
География, жерге орналастыру
және кадастр кафедрасының
меңгерушісі __________ г.ғ.д., проф. Нүсіпова Г.Н.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУЫНА
ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
5В060900-География мамандығы
Орындаған ________________________ Төлегенова Ш.М
Ғылыми жетекші
г.ғ.к., доцент ________________________ Ақашева Ә.С.
Нормобақылаушы
г.ғ.к., доцент ________________________ Сағымбай Ө.Ж.
Алматы, 2015
Бекітемін
География, жерге орналастыру және
кадастр кафедрасының меңгерушісі
______________г.ғ.д., проф. Нүсіпова Г.Н.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр
кафедрасының 5B060900-География мамандығының 4 курс студенті Төлегенова
Шаттық Мықтыбайқызының Қызылорда облысы Сырдария ауданы күріш шаруашылығы
дамуына экономикалық-географиялық талдау атты дипломдық жұмысын орындауға
Тапсырма
№ Тапсырманың мазмұны Орындау мерзімі Орындағаны
туралы белгілер
1 Тақырыптың анықталуы және 2014 қазан
бекітілуі
2 Жұмыстың құрылымын жасау 2014 желтоқсан
3 Тақырып бойынша ақпарат 16.02 – 30.04.2015
жинастыру,өндірістік тәжірибе
кезіндегі мәліметтердің
жинақталуы
4 Кіріспе 03.03 – 04.03.2015
5 1 бөлім 15.03 – 24.03.2015
6 2 бөлім 05.04 – 10.04.2015
7 3бөлім 12.04 – 26.04.2015
8 Қорытынды 02.05 – 05.05.2015
9 Пайдаланылған әдебиеттер 10.05 – 16.05.2015
тізімін және сызбалық
мәліметтерді даярлау
10 Қосымшаларды дайындау 18.05 – 26.05.2015
11 Презентация мен баяндама 27.05 – 01.06.2015
дайындау
12 Диплом алды қоғау 24.04.2015
13 Дипломдық жұмыстың қорғалуы 02.06.2015
Тапсырманы алған
Төлегенова Ш.М.
Ғылыми жетекші г.ғ.к., доцент
Ақашева Ә.С.
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қызылорда облысы Сырдария ауданы күріш
шаруашылығы дамуына экономикалық-географиялық талдау.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, 20 -
кестеден, 4 - суреттен, барлығы 75 беттен тұрады.
Негізгі зерттелу аймағы – Қызылорда облысы Сырдария ауданы.
Кіріспеде тақырыптың жалпы сипаттамасы, оның зерттелу дәрежесі
көрсетіліп, мақсат пен міндеттер тұжырымдалған, зерттеудің объектілері мен
әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы берілген, мақұлдануы мен
зерттеу нәтижесінің жүзеге асырылуы жайлы мәліметтер келтірілген.
Бірінші тарауда жаһандық экономиканың даму барысында ауыл шаруашылық
саласында саласында нарықтық экономикалық категория ретінде өнім өндірісі
тиімділігінің түсінігі мен мәнінің теориялық мазмұны анықталды және
жүйеленді.
Екінші тарауда ауыл шаруашылық күріш компанияларының өндіріс тиімділігін
бағалау және оны арттыру жолдарына талдау жүргізілді, күріш өндірісін
тиімді жүргізу, өндірістік ресурстарды толық пайдалану және күріш
өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында әр түрлі шараларды іске
асыру жолдары анықталды. Сондай–ақ, күріш егістігіндегі өнімді өндірудің
рентабельділігін көтеру факторлары көрсетіліп, жіктеледі.
Шаруашылықты жүргізудің өндірістік түрлері жағдайында күріш өндірудің
рентабельділігін арттырудың мәселелері мен жолдары атты үшінші тарауда
күріш шаруашылығын дамытудың мәселелері зерттеліп, өндіріс өлшемдері мен
тиімділік факторлары бағаланады. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру
жағдайында күріштің ерекшеліктері көрсетіледі. Жұмыс соңында негізгі
қорытындылар мен ұсыныстар баяндалады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының басты мақсаты нарықтық
экономиканың талабына сәйкес өндіріс тиімділігі категориясының экономикалық
мазмұнын зерттеп, Сырдария ауданындағы күріш және күріш ауыспалы
егістігінде өндірілетін өнімдердің өндірісінің экономикалық тиімділігін
жоғарылату жөнінде ұсыныстар жасау. Осы мақсатқа байланысты мынадай
міндеттер қойылды:
• нарықтық категория ретінде өндірістің тиімділік түсінігі мен мағынасын
анықтау;
• Сырдария ауданы бойынша күріш шаруашылықтардың өндіріс тиімділігін
көтеру жөніндегі шаралар жүйесін жасап, дәлелдеу;
• өндірісті рентабельді жүргізу тұрғысынан қарағанда Аудан күріш
өсіретін құрылымдарында өндірістің қолайлы мөлшерлерін анықтау;
• Сырдария ауданы бойынша шаруашылық жүргізудің түрлерін белгілеп,
рентабельді кеңейту жолдарын анықтап бағалау және жіктеу;
• әр түрлі меншік формалары мен шаруашылық жүргізуші ауыл шаруашылық
құрылымдарының экономикалық механизмінің үдемелі дамуын қамтамасыз
ету.
Зерттеу объектілері ретінде аудан бойынша құрылған нарықтық типтес
шаруашылықтар: өндірістік, ауыл шаруашылық, кооперативтер, акционерлік
қоғамдар, шаруа серіктестіктері, шаруа қожалықтары алынды.
Түйінді сөздер:
Күріш сорттары;
• Рентабельділік;
• Өзіндік құн;
• Кәсіпорын.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ экономикалық -географиялық жағдайы
1. Қызылорда облыстың географиялық орны, жер бедері мен геологиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Облыстың климаты мен топырақ - өсімдік жамылғысы.
... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Облыстың әкімшілік және әлеуметтік
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Облыстың ауыл шаруашылығы және күріш шаруашылығы
... ... ... ... ... ...
2. СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ
ТАЛДАУ
2.1 Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын
бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Күріш өндірісінің рентабельділігін жоғарылату жағдайын
анықтап бағалау және
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
3. ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ӨНДІРІСТІК ТҮРЛЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШ ӨНДІРУДІҢ
РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ
3.1 Сырдария ауданы күріш өндірісі тиімділігін арттырудың шарттары мен
факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2 Өзіндік құнды төмендету- аудандағы күріш шаруашылығының
рентабельділігін жоғарлатудың шешуші факторы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Қызылорда облысында күріш өңдейтін
кәсіпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.4 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында күріштің сапасын
жақсарту және нарықтық баға құрылымының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..
Қорытынды

... ... ... ... ..
Пайдаланған Әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
К І Р І С П Е
Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендерді заманауи талапқа сай
жетілдіру, оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде ауылдық
аумақтардың әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі
еліміздің аграрлық саясатының маңызды мәселесі болып саналады.
Ел Президенті экономикалық саясаттың басым бағыттарымен қатар, аграрлық
кешеннің де алдына жаңа міндеттер қойып, Дағдарыс арқылы жаңару мен
дамуға Жолдауында дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз етудің бірінші
бағыты – агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту
екеніне, ел халқының материалды және әлеуметтік қамсыздандырылу
негіздерінің бірі – тиімділігі жоғары агроөндірістік кешен екеніне баса
назар аударды. Осыған орай ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына
негіз болатын жобалардың жүзеге асырылатындығын атап өтті. Қазақстан
экономикасы аграрлық секторында күріш шаруашылығы маңызды орынға ие.
Негізгі өндірісі күріш дақылы болатын Қызылорда облысы үшін күріш өндірісі
тиімділігін арттыру, сапалы өнім өндіру, тиімді өткізу аймақтың күріш
шаруашылықтары мен кәсіпорындарының негізгі мәселесі.
Күріш ең құнды азық болып табылады. Қазақстандағы күріш шаруашылығы
өзін - өзі 116-120% қамтамасыз ететін салалардың бірі, яғни тұтынушыларды
күрішпен толық қамтамасыздандырады. Республика күрішті 240-300 мың тонна
көлемінде өндіре алады, яғни күрішті шет мемлекеттерге жəне жақын жердегі
мемлекеттерге импортқа шығару мүмкіншілігі туады. Қазақстан Республикасының
күріш өсіретін аумақтары Сырдария, Іле жəне Қаратал өзендерінің төменгі
ағысында орналасқан. Бұл жерлердегі күріш егісінің өсуі топырақтық-
климаттық жағдайлардың қолайлы болуымен жəне су ресурстарының жеткілікті
болуымен байланысты.
Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында күріш, жүгері
және басқа да дәнді дақылдар өндіруге қолайлы жағдай бар. Астық өндіру тек
қана аймақтың ішкі қажетін қанағаттандыруға ғана бағдарланбауы тиіс.
Себебі, оның экспорттық әлеуметінің де болуы тиіс. Осыған байланысты,
Сырдария ауданындағы ауыл щаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар өз
өнімдерінің сапасын арттыруға тиіс.
Бүгінгі таңда күріш өндіру объектілерінде негізі техникалық қордың
төменгі жағдайы, нарықтық жағдайда басқару тәжірибесі, қажетті қаржы
құралдарының жетіспеуі және сапа менеджменті саласындағы өнім сапасын
басқаруда жаңа жүйелердің енгізілмеуі, отандық өнімнің бәсекеге
қабілетсіздігін айқындап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін, тұрақтылығын,
рентабельділігін шешуде жаңа жолдардың шараларын қарастырудың мүмкіндігі
туындайды.
1 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Облыстың географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылысы
Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстік шығысында – Шымкент,
оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеледі, яғни, Азиялық шөл даланың
белдеуіне орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс
бөлігі аралдармен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда
облысының құрамына енеді. Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған
Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала
орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі.
Қызылорда облысының жер аумағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда
республикадағы халықтың 3,9 пайызы тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7
адамнан келеді. Бұл облыс байтағының барлық көлемі-нің 11,8 пайызы.
Оңтүстігінде – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүс-тігінде – Арал
теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және орталық Қазақстанның шет
аймағына кіретін шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең
байтақ алқабын алып жатыр, оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу
өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.
Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптасқан эпигерциндік
платформалық құрылым-Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ
жамылғысы палеогендік карбонаты терриген жыныстарымен неоген – антропоген
дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген.
Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар
көлі аралығында жатқан Арал маңы қарақұмы биіктігі 100 м бұйраты төбелі
жазық болып табылады. Бұл құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда
салыстырмалы түрде ежелгі ішін ара жел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің
солтүстігінде орналасқан үлкен және кіші Борсық құмдары жер бедері жағынан
Арал маңы Қарақұмына ұқсайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған.
Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария
аллювилі жазығы деп атайды. Ол құмтасты және сазды, кей жерлерінде құмды
шөгінділерден тұрады.
Қызылқұм. Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі Қызылқұмның Қазақстанға
солтүстік бөлігі кіреді. Ол эолды, ішінара аллювийлік палеогеннің
құмдарынан құралған. Жер беті құм төбелі, қырқалы боп келеді де, кен
сайлармен кезектесіп отырады. Облыс аумағының жер бедері ұзақ уақыт бойы
жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан.
Жүздеген миллион жылдар бойына бірнеше рет теңіз суы басып, су астында
қалып отырды. Сонымен бірге, жер бетінің көтеріліп, керісінше төмен түсу
сияқты күрделі процесстер жүріп отырды. Кайнозой эрасының басында облыс
аумағы біржола құрлыққа айналды. Биік жерлердегі бұзылған тау жыныстарының
ойыстарға жиналуынан аккумулятивтік жазықтар пайда болды. Осы кезде
теңіздің шығыстағы шекарасы шамамен Сырдария өзенінің төменгі ағысына дейін
жеткен [1].
Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды, бірақ
жер бедері ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Батыстағы Үстірт Хазар
теңізінен көтеріліп, Арал теңізі дараланды. Сонан бері де бұл теңіз суы
солтүстікке, оңтүстік-шығысқа жайылған, кей жылдары кейін шегінген, кейде
суы молайып, бір-біріне қайта қосылып отырған. Жазық жерлерде денудациялық
процесстердің әсерінен саздақты, құмдақ, әр түсті саз балшық қабаттары
жиналды. Неогеннің аяғында аридттік климат үстем болып, соған байланысты
бұрынғы сирек орманның орнына шөл және қуаң далалы өңір қалыптасты.
Төрттік дәуірдің орта кезінде Әмудария өзенінің Қарақұм құмды
алқабының солтүстік бөлігімен өтуіне байланысты Арал теңізінің суы молая
түсті. Арал маңы ойпатының оңтүстік шығыс жағынан Сырдария немесе
Қызылорда ойпаты басталады және ол шығыста Түркістан қаласы тұсына дейін
созылады. Арал теңізіне қарай көптеген өзен аңғарлары тармақталып жетеді,
оларға Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария сияқты өзен арналары дәлел бола
алады. Сырдарияның оң жағалаулық аңғарын Дариялық тақыр жазығы алып жатыр.
Қызылқұм жазығының солтүстік шығысы ғана Қызылорда аумағына енеді, яғни
Сырдария өзенінің аңғары мен Жаңадария өзенінің аралығы. Мұнда тұтас
алқаптың біразы өсімдіктермен бекіген [2].
Облыс жер бедерінің басым бөлігі тегіс, кей жерлері белесті, адырлы болып
келеді. Әр жерлерде көзге алыстан көрінетін оқшау төбелер, шоқылар
кездеседі.
Жазықтың абсолют биіктіктері Сырдария өзенінің ағысымен біртіндеп
төмендейді. Ол оңтүстік шығыста 200 метрден Сырдарияның төменгі атырауында
Арал теңізі жағалауында 50-53 метрге дейін төмендейді. Облыстың қиыр
оңтүстік шығысында Қаратау жотасының (1419) солтүстік батыс шеті кіреді.
Оның беткейлері тар шатқалды, тек көктемде ғана су жүретін өзен
аңғарларымен тілімделген. Облыс аумағының жер бедерін жалпы үш
геоморфологиялық ауданға бөліп қарастыруға болады. Олар: аллювийлі жазық
және Сырдария аңғары; эолды-құмды жазықтар; Арал теңізі жағасы және бұрынғы
теңіз табаны [1].
Бірінші геоморфологиялық ауданға Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы
аудан орталықтары мен Қызылорда қаласының жерлері жатады. Эолды-құмды
жазықтарға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Қызылқұм құмдары кіреді.
Оның жер бедерінің құрылымы негізінен, құм төбелі аккумулятивтік эолды-
аллювийлік жазық болып келеді. Құм төбешіктер аралығында тақыр жерлер
кездеседі. Арал теңізінің жағалық белдемі өз алдына жеке аудан. Сондықтан
теңіз суынан жалаңаштанған шығыс жағалары төрттік дәуірдің шөгінділерінен
түзілген жазық және ойпатты келген, кей жерлерде құмды аралдар кездеседі.
Ал, теңіздің солтүстік жағалауы биіктеу болып келеді. Түбектерде палеоген
жыныстары жер бетіне шығып жатыр [2].
Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр.
Жазықтың басым бөлігі Сырдария, Сарысу өзендері, ежелгі Қызылқұмды кесіп
өткен Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария өзендерінің ертедегі атырау жазығы
болып табылады. Облыс аумағынан ағып өтетін Сырдария өзені бойында
геологиялық деректер бойынша екі үлкен қазаншұңқыр болған.
Оның бірі - Қызылорда қазан шұңкыры. Ол Сырдария, Сарысу өзендерінің
таудан ағызып келген шөгінділерімен толған. Қызылорда қазаншұңкыры сумен
келген шөгінді жыныстармен толып, қазіргі жер бедері пішіні қалыптасқан.
Бұл аймақ оңтүстік-шығысында Қаратау, оңтүстік-батысында Қызылқұм
төбелерінің аралығын ала Сырдария өзенінің арналық бағытымен кең жайылып
жатыр.
Облыс аумағында салыстырмалы түрде бірнеше ірі жазықтар орналасқан.
Бикесары жазығында шаруашылық мәні біршама, жеткілікті өсімдік жамылғысы
бар ежелгі төбешік құмдар кең таралған. Бикесарыға қатарласа Дариялықтақыр
жатыр. Егер су көзін тапса шаруашылыққа пайдалануға болады.
Жаңадария жазығы 1848,25 мың га жерді алып жатыр. Негізгі топырақ
жамылғысы-шөлдің тақыр тәріздес топырағы. Сортаң, құмдақ пен құм аралас
шөгінділермен толған. Облыстың солтүстік-батысындағы екінші қазаншұңқырда
Арал теңізі орналасқан. Қазаншұңқырдың батысы және солтүстік жағалауы тік,
ал шығысы мен оңтүстік жағалауы қайраңды, құмды және тайыз. Бұл теңізге
(қазаншұңқырға) құятын өзен суының әрекеттерінен болған. Сонымен қатар,
желдін әрекетінен өзгеріп тұратын құмдар арасында эолдық шұңқырлар
кездеседі, олар кейде жауын-шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер
түзейді [3].
Жер бедерінің кейінгі өзгерістеріне ауыл шаруашылығы үлкен әсер етті.
Он мыңдаған гектар жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды. Топырағы
сортанды, сор болып келеді. Оның бетін құм жапқан. Жел үрлеген жерлерде
ойдым-ойдым тақырлар кездеседі. Жазықтың көп жері өте құрғақ болғандықтан
жайылымы да құнарсыз. Ал оңтүстік -шығыс бөлігінде соры шамалы топырақ
жамылғысы таралған.
Қуандария жазығы 621,25 мың га жерді алып жатыр. Біршама тегіс жазық.
Топырақ жамылғысы сорланған тақыр тәріздес. Мал шаруашылығы үшін көктем-қыс
айларында өте тиімді жайылым ретінде пайдаланады. Жер асты және артезиан
суын пайдалануға болады.
Облыс аумағында бұлардан басқа Айкөлдің жазығы, Қоскөңнің жазығы,
Кесікқырдың жазығы деген жерлер де бар.
Облыстың жазық өңірінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм
төбелер мен жал-жал бұйраттар ұшырасады. Мұндай бұйрат құмдар Қуаңдария мен
Жаңадария өзендері аралығында үлкен аумақты алып жатыр. Кей жерлерде жазық
бетінде жалғыз төбелер кездеседі, олар: Аққыр, Жосалы, Жетітөбе, Қостөбе,
Көксеңгір, т.б. Бұл төбелердің биіктігі 60 м-ден 80 м-ге жетеді.
Кейбіреулері желдің үру әсерінен тік жарлы шоқылар құрайды. Сондай-ақ,
облыс жерінде ертеден қалған тарихи қорғандардың орындары көп. Олар:
Ордакент, Сығанақ, асарлар: Жетіасар, Кұмқала, Шірік Рабат., т.б.
Облыс аумағы Тұран тақтасы шегінде орналасқан ерекше жазық аймақ.
Солтүстік Қызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-карбон
әктастары бетінде орналасқан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың
континентік кесекті жыныстарынан құралған. Арал Қаракұмының оңтүстік бөлігі
бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің
тұсы палеогендік жыныстардан түзілген.
Ал қалған аумақ түгелімен дерлік антропоген шөгінділерінен тұрады.
Төменгі протерозойда Сырдарияның оң жағалауын саяз теңіз басып жатты, ал
сол жағалауы құрғак жазық болды. Венд шөгінділері каледон
антаклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жыныстардың құрамы
әртүрлі. Қаратауда конгломерат-құм-саз құм-қабаттары, орта және қышкыл
құрамды вулканиттер, туффиттер, карбонатты-кремнийлі жыныстар қалыптасқан.
Палеозой тобыньң жыныстары бүкіл ел аумағында өте кең тараған. Тұран
тақтасында палеозойлық іргетасын мезо-кайнозойлық шөгінділер жауып жатыр.
Төменгі кембрий жыныстарындағы фосфоритті және ванадийлі горизонттар
Қаратау жотасында кездеседі. Девон кезеңінің басы теңіз аумағының
кішірейуімен сипатталады. Неогенде облыс аумағы қазіргі келбетіне келген.
Геологиясы. Облыс аумағы Тұран тақтасы шегінде орналасқан ерекше жазық
аймақ. Солтүстік Кызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-карбон
әктастары бетінде орналаскан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың
континеттік кесекті жыныстарнан құралған. Арал Қарақұмының оңтүстік бөлігі

тұсы палеогендік жыныстардан түзілген. Ал қалған аумақ түгелімен дерлік
антропоген шөгінділернен тұрады.
Төменгі протерозойда Сырдарияның оң жағалауын саяз теңіз басып жатыр,
ал сол жағалауы құрғақ жазық болды. Венд шөгінділері каледон
антаклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жынстардың құрамы әртүрлі.
Каратауда конгломерат-кұм-саз кұм-қабаттары, орта және қышкыл құрамды
вулканиттер, туффиттер, карбонатты-кремнийлі жыныстар қалыптасқан. Палеозой
тобының жыныстары бүкіл ел аумағында өте кең тараған.
Кен байлықтары, аймақтың кен байлықтары толық зерттелмеген. Кен
байлықтарынан ас тұзы, сульфат, мирабилит, тенардит тұздарының өнеркәсіптік
маңызы зор. Құрылысқа қажетті ұсак қиыршық тастар, әйнек және шыны
бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы,
құрылыс тастары, әктас, тақтатас (Майлыбас), қоңыр көмір (Құланды) және
басқа кен байлықтарының мол қоры бар. Облыс түсті металл кені бойынша
Казақстанда 3-орын алады. Отандық сапалы ас тұзының 60 %-ы, мұнай мен газ
конденсатының 21,4 %-ы, мырыштың 15,1%-ы, уран қорының 14%-ы; Оңтүстік
Торғай иінінің облыс жерінде 350 млн. т мұнай, 100 млрд. м3 газ қоры
анықталды. Арал теңізі маңында 75 млн. т мұнай, 2 триллион 30 млрд. м3 газ
қоры бар (2004).
Облыстың негізгі бөлігі геологиялық жағынан күрделі өзгерістерге
ұшыраған. Қазір оның басым бөлігін Сырдария өзені бағытымен оңтүстік
шығыстан солтүстік батысқа қарай Арал теңізіне дейін созылған Сырдария
жазығы алып жатыр. Бұдан 80-100 млн. жылдар бұрынғы бор дәуірінің
шөгінділері, палеоген және төрттік кезеңдеріндегі түзілімдер сақталған.
Қаратау сілемдері төменгі палеозой құрылымына жатады.
2. Қызылорда облысының климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы.
Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік
жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен
қалыптасады. Климаты континенттік жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы –
қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай жыл ішінде
білініп тұрады.Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды.Облыс
байтағының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +25о – 28о.
Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44
– 47о. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында
температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде
орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орта
температурасы - 13,4о С, ал оңтүстігінде Аққұмда - 6, 8о С десек,
екеуінің арасындағы айырмашылығы - 6,6оС. Географиялық орнының ерекшелігіне
сай жазы өте ыстық ашық әрі құрғақ, қысы суық аязды болып келеді,
температураның жылдық амплетудасы 87-85 0С, орташа айлық температура 42-30
0С, құрайды.
Облыстың климатына жауын шашынның жылдық орташа мөлшерінің аздығы мен
жыл мезгілінде әркелкі таралуы, температура ауытқуының тәуліктік және
жылдық ауытқуының жоғарылығы, атмосфера ауасының құрғақтылығы бұлтсыз ашық
күндердің көптігі тәң.
Облыста бұлтсыз күндердің ұзақтығы 2400-3000 сағатқа дейін созылады.
Жылдық жиынтық күн радиациясы оңтүстігінде 160 ккал см² тең солтүстігінде
120 ккалсм² аралығында ауытқыйды. Оңтүстіктегі географиялық орны қыстың
өзінде белгілі мөлшерде күн радияциясының енуіне мүмкіндік береді. Ашық
күннің көптігі мен жылудың мол түсуі күн энергиясын пайдалануға мүмкіндік
береді .
Облыстың ашық күндер саны солтүстігінде 180 күннен оңтүстігінде 260
күнге дейін артады. Ашық күндердің көп, тура радиацияның жыл бойы басым
болуына сай мүмкіндік береді .
рден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа
болса да суық болатыны содан. Қыс айларында ең төменгі абсолюттік
темперетура 40–45оС-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік
тербелуі (амплитуда), яғни жоғарғы және төменгі темперетура-ның айырмасы –
85–90оС.
Ауаның тәуліктік орта температурасы 0о С-тан жоғары болатын күннің
саны 235-275. Ол 23 ақпан – 18 наурыздан басталып қарашаның 12-18 – інде
бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге
созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте
аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей
емес: 60% қыс көктем айларында жауады. Жазда жауған жауынның топыраққа және
өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы жартымсыз және тұрақты
емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүндігініде жауады,
қалыңдығы 10-25см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға
созылады. Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап
қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін
жатады.Сырдария өзені ойындысының жайлы жерінің жалпы көлемі 10 % алып
жатыр, шөлейт аймағы-25 %, шөл аймағы-65 %.
Топырақ жамылғы айтарлықтай әр түрлі болып сипатталады және екі
үлкен ауданға бөлінеді: егіншілік алқаптағы топырақтың дымқылдануы және
шөл аймақтағы қуаң топырақ. Жер бедерінің әртүрлі дымқылдану шарттары,
шөгіндінің бір текті еместігі, жеке табиғи аудандарға ауылшаруашылық
пайдалануды бағыттау күрделі үйлестіру мен жиынтыққа жиі ұшырасатын
айтарлықтай өте көптеген алуан түрлі топырақты (тақыр елсіз топырақ, тақыр
сортаң топырақ, тоғайлық топырақ, аллювиальды-шабындық ескі тоғайлық
топырақ, шабындықты-батпақты топырақ, батпақты топырақ, ақ сортаң типті,
құмды топырақ) қалыптастырады. Қызылорда облысының территориясы негізінен
құмды массивпен қамтылып, дәнді-бұталы (жүзген, сібір еркекшөбі, гигант
қияғы, құмды қияқ және т.б.) өсімдік топтарымен жабылған. Құм арасынан
ақтаспа, жүзген, бидайық және т.б. өсімдіктер өнген. Едәуір бөлігін
сексеуіл ормандары алып жатыр. Сырдария өзен алқабында жайылма өсімдіктері,
сонымен қоса тоғайлық орман (жиде-тал-жыңғыл), қамысты ну өсімдік, сортаңда
жыңғыл ну өсімдіктері өседі.
Топырақтардың су-физикалық қасиеттері шабындықты-батпақты топы-
рақтарды зерттелуімен түсіндіріледі. Топырақ қабатының кескінінен
көретініміз оның құрамы ауыр механикалық болып келеді. Бет жағында ауыр
саздақ, ал әрі қарай саз кездеседі. Жыртылатын горизонттағы көлемді салмағы
1,06-1,30 гсм3 шамасында ауытқиды, орташа алғанда 1,12 гсм3. Бұл топырақ
түрлері үшін көлемді салмақтың орташа мәні 0-100 см. Қалыңдығы үшін -1,31
гсм3 құрайды.
Топырақтың үлес салмағы 2,66-1,70 гсм3 шамасында. 0-100 см. Қабат
үшін табиғи ылғалдылық көрсеткіші оның көлемінен алғанда орташа 18,7-23,98
% шамасында ауытқиды. Бірінші метр қабаттың шекті далалық ылғал сыйымдылығы
топырақтардың механикалық құрамына қарай оның көлемінен орташа 17,8-ден
31,2 %-ке дейін ауытқиды, яғни метрлік қабаты 2782-3118 м3га ылғал
сақталуы мүмкін.Топырақтардың су сіңіргіштігі олардың механикалық құрамына,
тығыздығына байланысты 0,08-ден 0,10 мтәулікке дейін ауытқып отырады.
Облыста шипалы өсімдіктердің 54 түрі өседі. Бұл өсімдіктер
облыстың аллювийлі-шалғындық (тоғайлық), аллювийлі-шалғындық, шалғындык-
батпақты және басқа топырақ типтерінде өсуге бейімделген. Осындай
түрлердегі шипалы өсімдіктер түрлері 34 тұқымдасқа: бұршақтар, жиделер,
сарғалдактар, түйетабандар, көкнәрлер, алабұталар, тарандар, сүттігендер,
т.б. тұқымдастарға жатады.
1997 жылы "Экология лекарственных растений" деген атпен Кызылорда
қаласында шықкан кітапшада 21 тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің 33
түрі сипатталған. Бастылары: бұршақтар, түйетабандар, тарандар, көкнәрлер,
күрделі гүлділер, т.б. тұқымдастар. Мұнан баска Қызылорда флорасында
дәрілік мәдени өсімдіктер түрі — 28. Олардың ішінде: арпа, сұлы, қант
қызылшасы, шырғанақ, асқабақ, итмұрын, жүгері, сарымсақ, жуа, картоп,
капуста, т.б. бар [3].
Жануарлар әлемі негізінен дала және суда жүзетін құстармен (қаз,
үйрек, балшықшы), шөл құстарымен (шұбар), тұяқты (ақ бөкен) , жыртқыш
(түлкі-қарсақ, қасқыр және т.б.) аңдармен, әртүрлі кеміргіштермен,
бауырымен жорғалаушылармен ерекшеленеді.
Бұл аймақта сексеуіл шұбарторғайы, даланың бозторғайы, кекілік және
шөл қарғалары, қамысты жерлерді оқпақ, көкқұтан, ал ыза тепкен шалғындарда
сауысқан тектес балықшы қызғыш, шағала, балығы бар суларда қарабай,
бірқазан, ал шалшық айдындарда ұзын сирақ тырна, жыртқыш құстардан бүркіт,
дала қыраны қарақұс, дала ителгісі, дала және жай бөктергі, қара лашын
(кезқұйрық), сұңқартұйғын, күшіген, шөл далада кесіртке, жылан, қарақұрт,
бүйі, бұзаубас сиякты бауырымен жорғалайтын жәндіктер кездеседі. Бекіре
тектес күретұмсық, тыран, сазан, тісті, қаяз, ақбалық, шип, шәмейке, жайын,
алабұға, шортан және баска да балықтардың кәсіпшілік маңызы зор болатын .
3. Облыстың әкімшілік және әлеуметтік жағдайы
Облыс экономикасында күріш шаруашылығы негізгі рөл атқарды. Облыс
халкының, әсіресе ауыл тұрғындарының негізгі тамақ өнімдеріне жататын,
күріштің тұтыну стандарты республика бойынша жан басына есептегенде бір
жылға 8 кг-нан келсе, облыс тұрғындарының бұл өнімді тұтыну көлемі 13 кг-ға
жетеді. Республика бойынша өндірілетін күріштің 80%-ы Қызылорда облысында
өндіріледі.
Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының жетекші саласына айналды. Оның
ішінде егін шаруашлығы – Сыр маржаны атанған күріштің үлесі көп. Жалпы
күріш егістігі 60 мың гектарға дейін қысқарып, суды аз қажет ететін жүгері,
картоп пен көкөніс, жеміс-жидек, май өндіретін және мал азықтық дақылдар
егуге қолға алуда. Қызылорда Арнайы экономикалық аймағын дамыту
бағдарламасы бойынша аймақты жедел өркендету бағытындағы шұғыл шаралар
жасалды. Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 қазандағы №3123 Жарлығымен
Қызылорда қаласына Арнайы экономикалық аймақ мәртебесінің берілуі мұндағы
өнеркәсіп қуатының жандануына үлкен ықпалын тигізді. Ұзақ уақыт бойы тоқтап
қалған көптеген кәсіпорындар өз жұмыстарын қайта жалғастырды. Жұмыс
орныдарына 500 адам қайта орналасты. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық
жағдайы нығая түсті. Яғни, нақты айтқанда Қызылорда Арнайы экономикалық
аймақ Әкімшілік кеңесінің күшімен қала экономикасын басқару тәсілдеріне
өзгерістер енгізілді. Түрлі меншік түрлеріне жағдайлар жасалынды, өзара
еңбек бәсекелестігін жетілдіру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жаңа
мүмкіндіктерін ашу және жаңа өнеркәсіп орындарын құру қарастырылды.
Мемлекеттің аймақтағы жекешелендіру мәселесі ұлттық бағдарлаға сәйкес
Қызылорда облысында 1991 жылдан бері қаладағы жекешелендіруге жататын 428
обьектінің 414-і жекешелендірілді. Күріш дақылы облыстың Аралдан басқа
барлық аудандарында өсіріледі. Ең жоғары астық түсімі Сырдария (1 га-дан
39,7 ц), Қармақшы (37,7) және Шиелі (36,4) аудандарында алынған. Облыс
халқының күріш өніміне қажеттілігі жылына 13,1 мың тоннаны құрайды. Облыста
5 күріш зауыты мен 193 күріш өңдеу цехтары, кәсіпорындары бар. Жалпы,
облыста өндірілетін негізгі дақыл – күрішті дүниежүзілік стандартқа сәйкес
өндеп шығаратын өңдеу орындары жеткілікті.
Облыста нан және макарон өнімдерін шығаратын кішігірім 38 және
"Береке нан" АҚ бар. Қазіргі кезде облыста дәнді дакылдарды сақтау және
қайта өндеуден 2 элеватор, 8 астық, қабылдау пункттері айналысады. Олардың
жалпы сыйымдылығы 572,1 мың т-ны құрайды
Сурет 1. Қызылорда облысының әкімшілік картасы
Сурет 2. Қызылорда облысының өнеркәсіптік картасы
4. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы
Қызылорда облысының жалпы жер қоры 24899,6 мың гектар болса, оның
12947,9 мың гектары ауылшаруашылығы құрамында. Оның 1,1%-ы егістік, 0,9 %-
ы - шабындық, 96,8 %-ы жайылымдық жерлер. Облыс үшін су алудың жылдық
лимиті 10,2 текше шақырымды, су тапшы жылдары 8,66 шақырымдай мөлшерді
құрайды [4].
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі облыс бойынша 2010 жылы
17,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,9 %-ға артты. Егіс
көлемі облыс бойынша 153,7 мың гектар алқапқа
ауыл шаруашылдығы дақылдары орналастырылады. Оның 84,9 мың гектары дәнді
дақылдар осының ішінде күріш егісінің үлесі 73,2 мың гектар болып отыр.
Соңғы жылдары облыста сорт жаңалау, сорт алмастыру жүйесі қалыптасып
келеді. Облыс бойынша 2-бастапқы (бірегей), 3-элита, және 7-І-ІІІ-
репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтар жұмыс істейді. 2007 жылы
тұқым шаруашылықтарын қолдауға 22,1 млн теңге субсидия бөлініп, оның 18,2
млн. теңгесі игерілді, қалған сомасы жоспар бойынша желтоқсан айында
игерілді.
Өткен жылы өндіріске Арал 202 жаңа сорты
берілсе биылғы жылы облыста қолдануға рұқсат етілген сорттар қатарына
Мадина, Лиман және Ару сорттары ендіріліп, биылғы жылы Түгіскен-1
сорты келешегі бар сорттар тізбесіне ендірілді.
Минералдық тыңайтқыш облыс ауыл шаруашылы тауарын
өндірушілер 2010 жылы барлығы 51458 тонна азотты және 8723 тонна фосфорлы
минералдық тыңайтқыш пайдаланса, соның 25125 тонна азотты және 614 тонна
фосфорлы минералдық тыңайтқышы арзандатылған бағамен алынды. Минералдық
тыңайтқыш бағасын арзандатуға бөлінген субсидия толығымен игерілді.
Ал, биылғы жылғы қажеттілік 35,9 мың тонна азотты және 8,9 мың тонна
фосфорлы және 250 тонна калий тыңайтқышы пайдаланылды.
Сырдария өзенінің төменгі аймағы (Қызылорда облысының шекарасында)
218,4 мың га жерді алып жатыр. Облыстың шекарасында жеті әкімшілік
орналасқан: Арал, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы, Қазалы, Шиелі және
Жаңақорған (2-кесте).
Қызылорда облысының әкімшілік ауданның құрамы
1-кесте
Ауданы, мың га Суармалы
Ауданның егістік,
аттары %
Барлығы Оның ішінде
жайылым шабындық суармалы
егістік
1 2 3 4 5 6
Арал 5660 - - 2,2 0,04
Жалағаш 2360 1660,7 57,1 31,5 1,33
Сырдария 4380 4429,2 81,1 58,5 2,92
Қармақшы 2920 2035,0 37,4 25,1 0,86
Қазалы 3700 2761,7 76,4 30,1 0,81
Шиелі 1820 1301,0 24,0 36,2 1,99
Жаңақорған 1000 963,9 20,9 32,5 3,25
Барлығы 21840 13151,5 296,9 216,1 11,2
ХХ ғасырдың басында суармалы егістік жерлер негізінен дөңес-атыз
тегістіктерге, өзен саласына, өзеннің жағалауына жақын тау етектеріне және
құрғақ атырауға орналасқан болатын. Ал, орта шенінде жерді пайдалануға,
оның ішінде суармалы егістікке тән бірнеше әкімшілік жүйемен басқарудың
нәтижесінің арқасында экстенсивтік жолмен суармалы егістікке жарамды деген
барлық жерлерді егіншілік жүйесіне игеру.Оның негізіне Сырдария өзенінің
төменгі саласына орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік аудандарының
барлығындағы суармалы егіншілік жерлерді игеру қарқыны дәлел бола алады (2-
кесте).
Қызылорда облысының әкімшілік аудандарындағы суармалы егістік жерлердің өсу
қарқыны
2-кесте
Аудандар Жылдар
1965 1970 1975 1980 1985
Егіс Орта өнім
көлем
і
жиыны Дәнді дақылдар
Меже, га Орта өнім, ц\га Жалпы өнім, тн
Меже, га Орта өнім, ц\га Жалпы өнім, тн
Меже, га Орта өнім, ц\га Жалпы өнім, тн
Жиналғаны, Орта өнім, Жалпы өнім,
га цга тн
Жаңақорған 10039 40.8 40959
Шиелі 8336 42.5 35428
Сырдария 18135 53.0 96116
Жалағаш 18049 52.2 94216
Қармақшы 11765 54.2 63766
Қазалы 8165 41.4 33803
Қызылорда 2900 41.0 11890
Барлығы: 77389 48.6 376178
Облыстың күріш шаруашылығы. Дүние жүзінде күріштің 20-дан астам
түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралия
құрлықтарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі.
Бүкіл әлемде өсірілетін дәнді дақылдардың ішінде күріштің алатын
орыны ерекше. Ол өнімділігі жағынан да, өсірілетін жер аумағы жағынан да
екінші орын алады. Күріш жер шарындағы халықтың жартысынан астамының
негізгі тамағы болып есептеледі. Күріштен жасалған тағамдар Оңтүстік және
Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары жейтін тағамдардың негізгі түрі болып
табылады. Бұл елдерде орташа есептегенде жылына адам басына сайғанда 100 кг
шамасында күріш келеді, тіпті кей елдерде бұл сан 180 кг шамасына жетіп
қалады. Күріш санскрит тілінде "дгананга" деп аталады, ал оның аудармасы "
адам тағамының негізі" болады. Бұның өзі бұл елдердегі күріш дақылына
қандай аса көңіл бөлінетіндігін көрсетеді.
Күрішті Қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастады. Ал Орта
Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер ежелгі
грек географы Страбон мен тарихшы Геродот еңбектерінде айтылған. Б.з.б. 1-
ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы
Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласы
маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл
деректер Күріштің Сыр бойында өте ертеде келгеніне дәлел бола алды. 1990
жылы Республикада күріш егісінің көлемі 124,0 мың гектар, ал әр гектардан
алынған орташа өнім 52,5 центнер. Жалпы түсім – 653,0 мың тонна болды.
Күтіп-баптай білсе күріштен мол өнім алуға болатынын тәжірибе көрсетіп тұр.
Қызылорда обл. Шиелі ауданындағы Қызылту (қазіргі Ы, Жақаев атындағы)
ұжымшарының негізгі звено жетекшісі екі мәрте Социалисттік Еңбек Ері (1949,
1971) Ы. Жақаев 1947 ж күріштің әр гектарынан 171 ц өнім алып, дүниежүзілік
Рекорд жасады.
Қызылорда облысында — Қазақстанның негізгі күріш шаруашылығымен
айналысатын аймағында 2011 жылы 77,3 мың га жерге күріш егілген. Жалпы
түсім 365 мың тоннаны құрады. 2012 жылы шамамен 70 мың га жерге күріш егу
жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі салалардың ішінде күріш
шаруашылығы Қазақстанның азық-түлік қажеттілігі толық қамтамасыз етілген
сала (Еліміздегі халықтың өзін күрішпен қамтамасыз ету деңгейі 116-120%-ға
жеткен). Қазақстан күрішті 400-500 мың тонна көлемде өндіре алады (240-300
мың тонна күріш жармасы). Кейбір аймақтарда күріш өндірісі ішкі
қажеттілікті қамтамасыз ете алмайтын болғандықтан (Ресейде талғампаздардың
бағалауынша күріш жармасына қажеттілік 610 мың тонна көлемінде болса, ал
өндірілетіні небәрі 250 мың тонна), жақын және алыс шет елдерге күріш
импортына мүмкіндік бар.
Қазақстанның күріш жармасын өндіруде 80 пайызын қамтамасыз ететін
Қызылорда облысында күріш шаруашылығын дамытуға соңғы жылдары көптеген
миллион қаржылық ресурстар көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге несие
түрінде, тура инвестициялар түрінде, тұқым өндірісіне демеу қаржы беру
арқылы, минералдық тыңайтқыштарды алуға және басқаларға жұмсалуда.
Қабылданған шаралар мен ішкі рыноктағы күрішке деген бағаның тұрақты
өсуі өзіміздің күріш шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігіне оң әсерін
тигізді. Мысалы, 1 гектар күріш егісіне орташа 50,0-55,0 мың теңге шығын
жұмсап, өңделген түрінде гектарынан 30-32 центнер таза күріш алатын болсақ,
онда күріш өндірісінің тұрақты рентабельділігін қамтамасыз етуге болады.
Қазірге кезде 1 кг күріш жармасының бағасы ішкі рынокта 30-35 теңгеден 55-
60 теңгеге дейін көтеріліп, осы деңгейде сақталуда. Ішкі рынокта
қазақстандық күріш тұрақты сұранысқа ие болуда, ал 1 кг күріш салысының
бағасы 28-30 теңге деңгейінде ұсталуда. Қазіргі кезде ірі шаруашылықтарда 1
тонна күріштің өзіндік құны 12900-13850 теңгені құрайды.
Күріш өндірісінде қолданылып жүрген технологияда Қызылорда облысында
жазғы уақыттары судың жетіспеуінен жұмыс қолы жеткілікті майда шаруа
субъектілері қаржы ресурстарының аздығынан барлық технологиялық процестерді
толық жүргізе алмаған жағдайда Қытай, Корея, Жапония және басқа Азия
елдерінде тараған күрішті көшеттеп отырғызу технологиясын қолдану
мүмкіндігін зерттеу мен әзірлеу қажет. Күріш өсіруде көшеттеп отырғызу
әдісін пайдаланудың облыс жағдайында өзіндік артықшылығы бар. Арал өңірі АЭ
және АШ ҒЗИ стационарында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей,
күрішті көшеттеп егу әдісін қолдану кәдімгі әдіске қарағанда 230-240 кг
тұқым және 8 мың текше метр суды үнемдеген. Бұл жағдайда вегетациялық өсу
дәуірі 20-25 күнге қысқарып, күріштің өнімділігі 2,0-3,0 тга артып, күріш
өндірісінің өзіндік құны кеміген. Кәдуілгі әдіске қарағанда күрішті себу
және жинау мерзімін 2-3 аптаға ерте аяқтау мүмкіндігі туып, осының
салдарынан күзде сүдігер жырту мен күздік дақылдарды оңтайлы мерзімде егу
жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туады. Сонымен бірге күріш өсіруде көшеттеп
егу әдісі көптеген қол жұмысы шығынын (200-250 адам-күнга дейін) қажет
етеді де күрішті көшеттеп егудің тиімді мерзімдері облыс жағдайында суық
мамыр айына келеді де, қол жұмысын пайдалануда проблема туғызады, ал өзі
жүретін құралдарды пайдалану күріш өндірісінің өзіндік құнын қымбаттатады.
Шаруашылықтардағы бар техникалар көшеттеп егу әдісіне жарамайды. Сондықтан
көшетті өсіретін егісті дайындап, отырғызатын құрал-жабдықты толығымен
сатып алу қажет.
Біздің жағдайымызға тиімдірек болып Оңтүстік Корея мен басқа
елдерде пайдаланылатын өндірілген тұқымды себетін арнаулы сепкіштерді
қолданатын көшеттеп егудің түрлерінің бірі – тұқымды өндіріп егу. Күріштің
тұқымын суға немесе минералды тыңайтқыштардың ерітіндісіне салып қояды да,
2-3 күннен кейін суға бастырылған чектарға қолмен шашып себеді. Бұдан тұқым
материалы үнемделеді. Өндірілген тұқымды пайдаланған жағдайда 150 кгга,
тұқым 4-6 мың текше метр су үнемделіп, күріштің өсу дәуірі 7-10 күнге
қысқартылады, күріштің өнімділігі 1,5 тга көбейеді. Өндіріліп егілген
жағдайда қол еңбегі шығыны бірнеше есе азаяды және оны оңай
механикаландыруға болады. Күрішті өндіріп егу 2003 жылы “Шаған” ЖШС
агрофирмасында 300 га жерге қолданылды, бұл жағдайда күріш өнімінің өсімі 5
цга болып, өзіндік құны 13.4 % төмендеді. Бірақ, демонстрациялық егісте
күріш өндірісінің қазіргі технологиясының тек кейбір элементтері ғана
қолданылды, сондықтан оның тиімділігі жөнінде толық қорытынды айтуға
болмайды. Қызылорда облысында күрішті көшеттеп отырғызу әдісін енгізген
кезде оның басты элементтерінің бірі шығарылып тасталды. Тығыздалған
топырақ асты шегінің болуы, мамандандырылған техникаларды тиімді пайдалану
мен көшеттеп отырғызу әдісін қолданудың артықшылығын толық бағалауға
мүмкіндік бермеді.
Жаңа технологияға өтудің кезіндегі негізгі даулы сұрақтардың бірі
ауыспалы егіске негізделген және топырақты 25-27 см тереңдетіп өңдеуге
әзірленген және мақұлданған егіншілік жүйесінен бас тарту қажеттілігі
туады. Тығыздалған топырақ асты шегін жасау көп жағдайда ресурстардың
үнемді пайдаланылуы мен суландырылатын жерлердің қайтадан тұздануы сияқты
көптеген проблемаларды шешеді. Тығыздалған топырақ асты шегі кезіндегі
болатын топырақ өңдеуді шағындандыру кейбір технологиялық операцияларды
суға толтырылған чектарға ауыстыру күріш өндірісіндегі барлық шығындардың
құрамындағы 25-28%-ға дейін үлесті алатын жанар-жағар май шығынын 1,5-2
есеге дейін қысқартады. Алдын ала жүргізілген зерттеулер көрсеткендей,
чектің бетін тегістеуді қолдану мен күріш себудегі кәдімгі технологияда
суару нормасы 14-18 мың текше метр болса, қазіргі кездегі нормасы – 26-30
мың текше метр. Алайда, бұл жағдайда ауыр тракторлар мен комбайндарды
пайдалануға болмайды, себебі олар тығыздалған топырақ асты шегін бұзады,
сондықтан саланы қайтадан техникамен қамтамасыз ету қажет болады. Топырақ
құнарлылығын ұдайы толықтыру мен сақтау үшін көпжылдық шөптерді пайдалану,
арамшөптермен күресу мүмкін болмайды және күріштің дара дақылына (гербицид
қолдану мен аударылған көпжылдық шөпке қарағанда минералдық тыңайтқыштар
енгізуге 20-25% арттыруды қажет ететін) немесе тамыр жүйесі терең емес
дақылдарды пайдаланатын жаңа күріш ауыспалы егісіне ауысу қажет. Қазіргі
ауыспалы егіс жүйесі күріштің дара дақылына ауысуға кедергі жасайды, себебі
суландыру жүйесі ауыспалы егістің барлық алқаптарын бір мезгілде суға
бастыруға арналмаған. Бірақ тығыздалған топырақ асты шегін жасауда
минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану тиімділігі артады,
сүзілген судың ысырабын азайтудың арқасында күріш өндірісінің экологиялық
қауіпсіздігі артады және күріш өндірісін интенсивтендіру мүмкіндігі пайда
болып, оның өнімділігін 55-60 цга көтереді.
Қызылорда облысында суармалы жерлерді пайдалануға талдау
көрсеткеніндей, жерлер қазуда топырақтың тұздануы мен батпақтануының
әсерінен облыстағы 277675 мың га суармалы жерлердің 62775 гектары ауыл
шаруашылығы айналымынан шыққан. Ауыспалы егіс жүйесі жиі бұзылады, мысалы,
2004 жылы 343 ауыспалы егістің 102-сінде дақылдардың алмасуы бұзылып,
оларда негізінен көкөніс, бақша және аймаққа дәстүрлі емес дақылдар өсіріле
бастаған. Күріш егісіне арналған топырақты дайындауда ұсынылған 12-13
операциялардың орнына жанар-жағар майдың жетіспеуінен және техникалардың
уақытында жаңартылмауынан қазір агротехникалық талаптарға сапасы сай
келмейтін небәрі 6-7 операция ғана жүргізіледі. Өсімдіктерді қорғауға
қолданылатын (фунгицидтер, инсектицидтер, гербицидтер) және енгізілетін
минералдық тыңайтқыштардың көлемі агротехникалық нормативтерге сай
келмейді.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, күріштің өнімділігін жалпы
арттыруда әр түрлі елдерде сорттың үлесіне 50%-дан 70%-ға дейін келеді.
Дегенмен де, әрбір өндіріс құрал жабдығы сияқты сорттар да “сапалық” және
“физикалық” ескіреді, тұқым шаруашылығының жеткілікті тиімділігі жүйесі
жағдайында да өзінің бастапқы биологиялық және шаруашылық қасиеттерін тез
жоғалтады. Қазақстанда өндірілетін күріштің негізгі сорты – Маржан Арал
өңірі АЭ және АШ ҒЗИ селекциясыныкі, егістік жерлердің 70%-ын алады, бірақ
өндірістің, өңдеуші және тамақ өнеркәсібінің өсіп бара жатқан сұранысына
жағдай жасай алмайды.
Қазақстанның Арал өңірі өсімдік шаруашылығының даму тенденциясына
талдау көрсеткендей, келешекте ол аймақтағы халықтың өсуі мен су ресурстары
өте тапшы жағдайда қалады. Сондықтан күріш өндірісінің технологиясын жасау
қажет. Күріштің орташа пісетін сорттары (111-115 күн), яғни
аудандастырылған Маржан сорты үшін суару нормасы 22-24 мың текше метр га.
Су ресурстарын үнемдеудің жолы күріштің тез пісетін (95-100 күн) сорттарын
енгізумен оның егіс көлемін кеңейту болып табылады. Осы шараның өзі ғана
қосымша технологиялық шығындар жұмсамай-ақ гектарына орташа 20-25% суды
үнемдейді. Сондықтан соңғы кездері МСС-ға сорттарды өткізгенде, олардың
өнімділігі мен сапасына деген бәсекеге қабілеттілігімен қоса өнім құрауда
суға деген шығыны да есепке алынады. Сондықтан күріш өндірісін 2010 жылға
дейін дамытуда басым бағыттардың бірі ресурс үнемдейтін технологияны енгізу
болып табылады.
Күріштің ресурс үнемдейтін селекциясы мен тұқым шаруашылығы жүйесінің
тиімді жұмыс істеуі үшін элиталық-тұқым шаруашылығы шаруашылықтары мен
ғылыми-зерттеу мекемелерін қайтадан техникамен жарақтандыру қажет. Соңғы
кездері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz