Сезім түсінігі



1. Сезiм жөнiнде түсiнiк.
2. Сезiм ерекшелiктерi.
3. Сезiм қызметтерi.
4. Сезiм негiздерi.
5. Сезiм түрлерi.
Қоршаған ортада кезiккендердiң бəрi адамда оларға деген қандай да бағамдау
қатынасы мен сезiмдер пайда етедi. Олардың бiрi ұнап қуантса, екiншiсi
қапаландырып, жеккөрушiлiк тудырады. Сезiм түрi сан алуан. Төнiректегi нысандардың жеке қасиеттерi мен сапаларының өзi де адамның белгiлi сезiмiне
себепшi болады, мысалы, түсi ұнамайды, дауысы жағымсыз, дəмi татымсыз ж.т.с. Өмiр жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделiрек сезiмдерге себепшi келедi. Сезiм ауқымы өте кең: өкiнiш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жеркену мұндай сезiм түрлерiн шексiз келтiруге болады. Сезiм бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əр қилы формада көрiнiс беретiн толғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмiр өшкен өмiр. Ұлы ғұлама А.Науаи "Сезiмсiз адам кесек, махаббатсыз адам – есек" деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келiп, оның орнын толтыру үшiн əнкүй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қымқиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды. Психологтар көп заманнан берi осы сезiм мəселесiнiң төркiнiн ашумен айналысуда. ХVIII-ХIХ ғасырларда бұл сұрақ төңiрегiнде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистiк теория бағыты кең өрiс алды. Бұл бағыт мəнi адамдағы барша органикалық көрiнiстердiң негiзi психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Немiс психологi Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезiмдiк дүниенiң iрге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезiмелестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретiнде жүзеге келедi. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесiн тiрiлермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негiзiнде бұл кейiп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасiреттi күй бiлдiрушi əрекетқылыққа себепшi болады. Немiс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, бiрақ оның тұжырымдары эклектиктi, яғни əртүрлi психологиялық қарамақарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негiзделген едi. Оның пiкiрiнше эмоция бұл алдымен сезiмнiң елес жүрiсiне тiкелей ықпал етуiмен сипатталатын адамның iшкi өзгерiстерi, ал кей жағдайда, iшкi өзгерiстердiң сезiмге əсерi, ал органикалық процестер эмоцияның
салдары ғана.
Эмоцияның қазiргi заман тарихы У.Джемстiң 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген не" атты мақаласынан басталды. У.Джемс жəне бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезiмнiң туындау себебi сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бiрге, iшкi ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейiп өзгерiстерiнен. Осы өзгерiстерден туындайтын адам əсерлерiнiң бəрi эмоциялық күйдi танытады. "Бiздiң қайғыруымыз жылағанымыздан; қорқуымыз қалтырауымыздан; қуанғанымыз
күлгенiмiзден" (У.Джемс). Сонымен, эмоция салдары болған дене шетiндегi (перифериялық) органикалық өзгерiстер, ғалымдар ойынша, сезiмдер себебiне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуiнiң қара дүрсiн түсiнiктемесi берiледi: мысалы, ұнамды эмоцияға тəн əрекеттердi əдейi жасаумен қажет болмаған қасiрет сезiмiн басуға боладымыш. ДжемсЛанге тұжырымы бiрқанша қарсы көзқарастар пайда еттi. Негiзгi сын айтқан У.Кеннон: əртүрлi сезiмдерге байланысты жауап əрекеттер бiрбiрiне өте ұқсас, сондықтан олар адамның саналуан эмоциялық қасиеттерiне сай келе бермейдi.
Психологтардың үлкен тобы сезiмдi жайкүйлiк қалып аймағынан шығарып, дененiң əсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап əрекетi деп танығанды жөн көредi. Мұндай
1. Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлений. М. Издательство МГУ, 1976
2. Выготский Л.С. Эмоции и их развитие в детском возрасте. М. 1982 Т.Г.
3. Никифоров А.С. Эмоции в нашей жизни. М. 1974
4. Психология эмоции. Тексты лекций. М. 1984.
5. Симонов П.В. Эмоциональный мозг. М. 1981
6. Израд К.Е. Эмоции человека. М. 1980
7. Вартанян Г.А., Петров Е.С. Эмоции и поведение. Л. 1989
8. Гаврилова Т.П. О воспитании нравственных чувств. М. 1984
9. Якобсон П.М. Эмоциональная жизнь школьника. М. 1966.
10. Қосымша ғаламтор көзі.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Педагогика және Психология Институты

СОӨЖ
Пәні: Жалпы және салыстырмалы психология
Тақырыбы: Сезім жөнінде түсінік.

Орындаған: Психология мамандығының
1курс студенті Идрисова Р.Т.
Тексерген: психол.ғ.к. доцент Орманова З.Қ.



Алматы, 2015

Жоспары:
1. Сезiм жөнiнде түсiнiк.
2. Сезiм ерекшелiктерi.
3. Сезiм қызметтерi.
4. Сезiм негiздерi.
5. Сезiм түрлерi.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлений. М. Издательство МГУ, 1976
2. Выготский Л.С. Эмоции и их развитие в детском возрасте. М. 1982 Т.Г.
3. Никифоров А.С. Эмоции в нашей жизни. М. 1974
4. Психология эмоции. Тексты лекций. М. 1984.
5. Симонов П.В. Эмоциональный мозг. М. 1981
6. Израд К.Е. Эмоции человека. М. 1980
7. Вартанян Г.А., Петров Е.С. Эмоции и поведение. Л. 1989
8. Гаврилова Т.П. О воспитании нравственных чувств. М. 1984
9. Якобсон П.М. Эмоциональная жизнь школьника. М. 1966.
10. Қосымша ғаламтор көзі.

1. Сезiм жөнiнде түсiнiк
Қоршаған ортада кезiккендердiң бəрi адамда оларға деген қандай да бағамдау
қатынасы мен сезiмдер пайда етедi. Олардың бiрi ұнап қуантса, екiншiсi
қапаландырып, жеккөрушiлiк тудырады. Сезiм түрi сан алуан. Төнiректегi нысандардың жеке қасиеттерi мен сапаларының өзi де адамның белгiлi сезiмiне
себепшi болады, мысалы, түсi ұнамайды, дауысы жағымсыз, дəмi татымсыз ж.т.с. Өмiр жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделiрек сезiмдерге себепшi келедi. Сезiм ауқымы өте кең: өкiнiш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жеркену мұндай сезiм түрлерiн шексiз келтiруге болады. Сезiм бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əр қилы формада көрiнiс беретiн толғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмiр өшкен өмiр. Ұлы ғұлама А.Науаи "Сезiмсiз адам кесек, махаббатсыз адам - есек" деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келiп, оның орнын толтыру үшiн əнкүй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қымқиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды. Психологтар көп заманнан берi осы сезiм мəселесiнiң төркiнiн ашумен айналысуда. ХVIII-ХIХ ғасырларда бұл сұрақ төңiрегiнде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистiк теория бағыты кең өрiс алды. Бұл бағыт мəнi адамдағы барша органикалық көрiнiстердiң негiзi психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Немiс психологi Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезiмдiк дүниенiң iрге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезiмелестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретiнде жүзеге келедi. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесiн тiрiлермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негiзiнде бұл кейiп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасiреттi күй бiлдiрушi əрекетқылыққа себепшi болады. Немiс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, бiрақ оның тұжырымдары эклектиктi, яғни əртүрлi психологиялық қарамақарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негiзделген едi. Оның пiкiрiнше эмоция бұл алдымен сезiмнiң елес жүрiсiне тiкелей ықпал етуiмен сипатталатын адамның iшкi өзгерiстерi, ал кей жағдайда, iшкi өзгерiстердiң сезiмге əсерi, ал органикалық процестер эмоцияның
салдары ғана.
Эмоцияның қазiргi заман тарихы У.Джемстiң 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген не" атты мақаласынан басталды. У.Джемс жəне бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезiмнiң туындау себебi сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бiрге, iшкi ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейiп өзгерiстерiнен. Осы өзгерiстерден туындайтын адам əсерлерiнiң бəрi эмоциялық күйдi танытады. "Бiздiң қайғыруымыз жылағанымыздан; қорқуымыз қалтырауымыздан; қуанғанымыз
күлгенiмiзден" (У.Джемс). Сонымен, эмоция салдары болған дене шетiндегi (перифериялық) органикалық өзгерiстер, ғалымдар ойынша, сезiмдер себебiне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуiнiң қара дүрсiн түсiнiктемесi берiледi: мысалы, ұнамды эмоцияға тəн əрекеттердi əдейi жасаумен қажет болмаған қасiрет сезiмiн басуға боладымыш. ДжемсЛанге тұжырымы бiрқанша қарсы көзқарастар пайда еттi. Негiзгi сын айтқан У.Кеннон: əртүрлi сезiмдерге байланысты жауап əрекеттер бiрбiрiне өте ұқсас, сондықтан олар адамның саналуан эмоциялық қасиеттерiне сай келе бермейдi.
Психологтардың үлкен тобы сезiмдi жайкүйлiк қалып аймағынан шығарып, дененiң əсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап əрекетi деп танығанды жөн көредi. Мұндай түсiнiк Ч.Дарвин еңбектерiнде де берiлген. Эмоциялық əрекеттердiң көбi өздерiнiң пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшiн керек, немесе олардың кейбiрi өткен эволюциялық дамудың бiр кезеңiнде қажет болған əрекеттердiң нəсiлден нəсiлге ауысып келе жатқан қалдығы (рудимент). Мысалы, алақанның
қорқыныштан дымқылдануы бiр уақыттары бiздiң маймыл тектес бабаларымызға қауiпқатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берiк ұстауға жəрдемiн тигiзген. Кейiн бұл теорияны Э.Клапаред жалғастырды. Ол "қандай да бiр сезiмнiң туындауы адамның кезiккен жағдайға икемделе алмауынан (адаптация). Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезiмiне түспейдi" деп жазады. Ендiгi бiр оқшауланған теориялар тобы сезiм табиғатын адамның ақылой (когнитив) мүмкiндiктерiмен
байланыстырады. Олар iшiнде Л.Фестингердiң сана үйлесiмсiздiгi (когнитивны диссонанс) теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мəнi: адам бiр нысан жөнiнде бiрiне бiрi психологиялық қарсы екi пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзелiс эмоциясына түседi, яғни санадағы "бiлiмдер" үйлесiмсiздiгiнен жағымсыз сезiм пайда болады. Ал iсəрекеттiң нақты нəтижесi мен көзделген ниет өзара сəйкес келсе, адамда жағымды сезiм туады. Ақылой үйлесiмсiздiгiнен құтылудың екi жолы бар: 1) өз ниетiңдi шындыққа сəйкес өзгерту; 2) ниетке сай болатындай əрекеттiң жаңа жолдарын iздестiру. Сонымен, когнитивтiк теория адамның сезiмдiк кейпiн оның əрекет, қылықтарының негiзгi себепшiсi ретiнде қарастырады.
2. Сезiм ерекшелiктерi
Адам сезiмi дара тұлғалық қасиет. Осыған орай əр адам нақты жағдайда бiр зат не құбылысқа өзiнше баға берiп, белгiлi бiр, екiншi адамдағыға ұқсамайтын көңiл кейпiне берiледi. Аш адам мен тоқ адамның бiр тағамға болған əр түрлi қатынасы осыдан. Еске түскен заттар не оқиғалардың да бағамының бiрдей болмауы да осы себеппен түсiндiрiледi: əдетте, қуанышты жағдайларда араласқан объекттер (адам, зат, оқиға) жылы сезiммен еске алынады. Əрқандай сезiм жеке тұлғаның мəндi сипатын бiлдiредi.
Сезiмдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана бiлдiрiп қоймастан, ол жөнiндегi ақпарат көзi де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесi эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегi адам кейпi сезiмнiң субъектив элементiн танытады.
Сезiмдер адамның қасиеттерiмен тығыз баланысты. Субъект қажеттiгi жəне сол қажеттiктi қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметiне орай сезiмдер екi iрi топқа бөлiнедi. Бiрiншiсi қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа, айрықша мəн қосып, оларды қанағаттандыру əрекетiнiң мотивтеріне айналдырушы сезiмдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшiн аса қажетсiну жəне оған сай заттар қолда болуы керек. Көңiлкүй серпiнiсi қажеттiкпен үйлесе келе, iсəрекеттiң бастауын бередi, оған ынталандырады жəне бағыт-бағдарлы жетекшiсiне айналады. Осылайша, мұндай
сезiмдер iс-əрекетпен сəйкестiкке түседi (релевантны). Бұл эмоциялар психологияда жетекшi ниеттер аталған (В.К.Вилюнас).
Екiншi эмоциялық құбылыстар тобына жетекшi ниет, яғни басталған iшкi не сыртқы iсəрекет iзiмен туындайтын сезiмдер кiредi. Бұлар сол əрекеттердiң орындалуына тиiмдi не кедергi болған жағдайларға (үмiт, ыза), жетiскен нəтижелерге (қуаныш, өкiнiш) немесе қалыптасқан не мүмкiн болар ситуацияларға (қатерлену, сенiмдi болу) субъекттiң қатынасын сипаттайды. Мұндай сезiмдiк толғаныстар жетекшi ниеттерге негiзделгенiнен əдейi немесе ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергi бiр түрлi сезiм туындатса, ендi сол кедергi жаудан құтылуда пайдалы болуымен екiншi бiр сезiм пайда етедi, яғни ырықты сезiмдер нақты жағдайға, сол сəттегi өмiрлiк маңыздылыққа орай мəн алады.
Сонымен, сезiм екi себептен пайда болады, бiрiншiсi адамның объектке қатынасын айқындайтын қажеттiктер; екiншiсi адамның осы нысанның тиiстi қасиеттерiн түсiнiп, оны санада бейнелеу қабiлетi. Объектив жəне субъектив жағдайлардың өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға беруiмен қатар жеке эмоционал көзқарасының себептерi ашылады. Сезiмдердiң өзiндiк ерекшелiгi олардың қарама-қарсылықты (полярлы) сипатынан көрiнедi. Мұндай сипат қарапайым əсерленуге де (рахаттану, қысылу), сондай-ақ күрделi толғаныстарға да (ұнату, жек көру,қуаныш-мұң, көңiлдi-қайғылы, т.б.) тəн. Сезiмдерге ғана тəн аса маңызды сипат олардың бiрiгiмдi (интегралды) келуi. Сезiм бүкiл дененi билеп, адам кейпiн ерекше əсерге бөлейдi. Барша дене қызметтерiнiң басын бiр сəтте бiрiктiрумен (интегрировать) сезiм өздiгiнен организмге пайдалы не зиян əсердiң хабаршы қызметiн атқарады.
Сезiмдiк сигнал əсер орны мен дененiң жауап əрекетi айқындалмай жатып та санаға жетуi мүмкiн.Сезiмдердiң жəне бiр маңызды ерекшелiгi олардың денедегi тiршiлiк əрекеттермен тiкелей байланыста болуы. Сезiм ықпалынан адамның iшкi тəн қызметi өзгерiске түседi: қан айналымы, демалыс, ас қорыту, iшкi жəне сыртқы секреция бездерi. Шектен тыс ұзақ уақыт жəне қарқынды болған көңiл-күй толғаныстары организмдi сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш жүрек ауруларына соқтырып,
ашу бауырды, жабырқау мен мұң асқазанды бұзады (М.И.Аствацатуров).
Сезiмдер тарихи-əлеуметтiк негiзге ие. Олар əртүрлi халықтарда, əртүрлi кезеңдерде мəн-мағынасы мен көрiну формасын ауыстырып отырған. Қоғам дамуымен сезiмдер де өзгерiп барады. Түрлi дəуiрде өмiр сүрген адамдардың ұқсас, тiптi бiр тектi заттың өзiне жасаған қатынасы бiрiн бiрi қайталамайды. Сезiм ұдайы қозғалыста болып, тұрақты жəне ауыспалы элементтердiң тұтастай бiрлiгiнен құралады. Бұл сезiм
желiсiнде, бiр жағынан бiр iздi қысқа мерзiмдi толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу, шыңына жету, сөну, екiншi жағынан əртүрлi толғаныстар түйдегiнен түзiлген ұзақ мерзiмдi сезiмдер құрылымын айыруға болады. Барша сезiмдер жүйесiнiң өлшемi бiрi бiрiне қайшы келген екi бағытта берiледi (В.Вундт): сүйсiну-жеркену, қозу-тыншу, көңiлдену-мұңаю, т.б. Егер сүйсiну не жек көру сезiмi көп жағдайда заттың өзiндiк ерекшелiктерiне, олардың адам өмiрiндегi маңызына немесе нақты бiр ситуация мəнiне орай туындаса, одан болатын қозудың дəрежесi сол сезiмнiң өзiмен шарттас келедi. Мысалы, қаһар-дүлей қызбалық формасында көрiнiс берсе, керсiнше,
қанағаттану адамның сабырлы, байсалды күйiнен бiлiнедi.
Көп түрлiлiгi мен күрделi болуынан сезiмдердi жете танып, қалтқысыз басқару мүмкiн емес. Бұл жағдай өз сезiмiңдi суреттеп, айтып беру үшiн сөз жеткiзе алмауда байқалады: қолданған сөздердiң мəнi бұлынғыр, көңiлкүй қалпына сəйкес болмай шығады.

3. Сезiм қызметтерi
Адам сезiмдерi ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтердi атқаратын болды.
Сезiмнiң бейнелеу қызметi оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрiнедi. Көңiл-күйдiң бүкiл ағзаны билеуiнен, сезiм арқылы бiз қандай да əсердiң пайдалы не зиянды екенiн оның салдары денеге белгiлi бiр таңба түсiрмей тұрыпақ байқап, жауап не қорғаныс əрекетке келемiз. Мысалы, жолды кесiп, өтiп бара жатқан жолаушы көшедегi көлiк қозғалысын барластырумен əртүрлi деңгейдегi қорқыныш сезiмiнде
болуы мүмкiн. Оқиғалардың эмоционалдық бағамы адамның дара толғаныс қабiлетiнiң негiзiнде берiлуi ықтимал, бiрақ мұндай сезiмдiк нəтиже көбiне өнер туындылары мен көпшiлiк ақпарат құралдары, т.б. арқылы басқа адамдармен қатынас жасау барысындағы көңiл-күй ортақтастығынан қалыптасады.
Сезiмнiң ақпараттық не бейнелеу мүмкiндiгi ниеттеу немесе ынталандыру қызметiмен тiкелей байланысты. Мысалы, жолаушы алдына жақындап қалған транспортты көре, қауiп төнгенiнен, қадамын жеделдете түседi. Затқа не одан керi бағытталған құмарлық, тiлек, ұмтылыс эмоцияның өзiне тəн, одан ажыралмас, бiрлiктi құбылыстар (С.Л.Рубинштейн). Алда тұрған мəселенiң шешiлу жолына бағыт беретiн
де осы сезiмдер. Эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттiктiң қанағаттандырылуы үшiн керек заттың бейнесi көрiнiп, содан заттың өзiне деген əуесқойлық пайда болып, ол өз кезегiнде адамды əрекеттi орындауға ниеттейдi, ынталандырады.
Оқу процесiне тiкелей қатысына байланысты сезiм қуаттау, қолдау қызметiн де атқарады. Күштi эмоционалды көңiлкүйге себепшi болған оқиғалар оқушы санасында жеңiл қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сəтсiздiк сезiмдерi баланың оқуға болған ынтасына күш, қуат берiп не оны тiптi өшiрiп жiберуi мүмкiн.
Белгiлi сəтте маңыздылау қажеттiктi таңдау барысында сол қажеттiлiкке негiз болар көп септүрткiлердiң таласы туындайды. Осы жағдайда сезiмнiң ауысу қызметi iске қосылып, эмоция адамды қандай да талғамға бағыттайды. Мысалы, адам өзiнiң тума жан сақтау ниетi мен қоғамда қабылданған əлеуметтiк талаптар арасындағы қарамақарсылықты жеңе алмай, күйзелiске түсетiнi белгiлi, яғни қандай да əрекеттi
iстейiн десе өз тiршiлiгiне зиян, iстемесе ұят, көпшiлiктiң сынына ұшырайды. Осындай қорқыныш жəне борыш, қорқыныш жəне ұят тайталасында сезiм мəнiн, оның өз талғамталабына сай келу, келмеуiн барластырумен адам көздеген iсəрекетiн сол сəттегi қажеттi арнаға ауыстырады. Жоғарыда аталған сезiм қызметiмен сыбайлас эмоцияның икемдесу қызметiн да атап өткен жөн.
Ч.Дарвиннiң пiкiрiнше, сезiмдер тiршiлiк иелерiнiң өз қажеттiгiне орай келген жағдайларды анықтау құралы ретiнде пайда болған. Дер кезiнде организмде пайда болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икемделу мүмкiндiгiне келген.
Сезiмнiң коммуникативтiк (ақпарат алмасу) қызметi де адам өмiрiнде үлкен маңызға ие. Ымишара, дене қозғалыстары сезiмдiк белгi ретiнде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөнiндегi өз қатынасталғамын басқаларға жеткiзуге жəрдемiн тигiзетiнi белгiлi. Ым-ишара, қасқабақ қимылдары, дене қалпы, үн ырғағы бəрi де сезiм "тiлi" болуымен, адам ойынан гөрi, оның көңiлкүй кейпiн айқындау танытады. Зерттеулер дəлелденгендей, сезiмдердiң бəрi бiрдей анық таныла
бермейдi. Мысалы, өте айқын бiлiнетiн үрей (сыналғандардың 57%), одан кейiн жеркенiш (48%), соңтаңдану (34%).

Коммуникативтiк қызмет аймағында сезiм арқылы адам өзiн қоршаған сыртқы ортаға не iшкi жан дүниесiне ықпал жасау қабiлетiне ие. Мысалы, əлi есейе қоймаған сəби шатқаяқтап жылауымен атаанасын өз дегенiне көндiретiнiн сезе қояды да, бұдан былай осы əдiстi жиi қолданып, мүддесiне жетудi əдетке айналдырады.
4. Сезiм негiздерi
Сезiмдер организмде жүрiп жататын ерекше процестермен байланысқан. Бұл процестердiң көзi негiзiнен сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реттеу функциясы
XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Түйсіктер қасиеті
Түйсік түсінігі туралы
Түйсік түсінігі
Қоғамдық және құқықтық сана
Таным мен сананың өзара байланысы
Қайта өрлеу философиясы
Түйсік тұралы ұғым
Пәндер