Ландшафтық дизайн



Кіріспе 3
Тарау 1.Ланшафттық дизайнының мәні мен жалпы тарихы 6
1.1.Ландшафттық дизайнының тарихы 6
1.2.Ландшафттық дизайн түсінігі және қолданылуы 10
1.3.Ландшафттық дизайн заңдары мен ережелері 15
Тарау 2. Ландшафттық дизайн және кіші сәулет көлемдері мен жабдықтарын үйлестіру 19
2.1. Ландшафттық дизайнда кіші сәулет көлемдерін үйлестіру 19
2.2. Ландшафттық дизайн жабдықтарын таңдау және үйлестіру 20
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29
Ландшафтық дизайн – табиғи компоненттерді белсене қолдана отырып жасанды ортаны қалыптастыруға бағытталған қызметтің ерекше түрі. Бүгінгі күні ландшафттық дизайн, ландшафттық жасылдандыру және маңайды көркейту маңызды мәселелердің бірі болып қалыптасуда. Ол адамның тіршілік ортасын қолайлы және жағымды етеді.
Ландшафтық құрылыс дизайны саласына бақшалық-саяжайлық бейнелеу, тұрғын алаңдарды жасылдандыру және көркейті, көшелер мен жолдарды, қала орталықтарын, өндірістік аудандарды, ауылшаруашылығы кәсіпорындарын, тарихи ландшафттарды және күзетілетін аймақтарды сәулеттендіру кіреді.
Қазіргі кезде реконструкция барысында мыңға таяу ағаштар мен бұталар «жасыл желекті» құрайды және олардың қатары толықтырылуда. Жергілікті сәндік флораны орналастыру үшін ландшафттық көгалдандырудың өзіндік тәсілі қолданылды. Саябақ дизайнерлері жобасын әзірлеп, қолдан жасалған су айдынының жағалаулары қалаға таяу карьерлерден алынған табиғи әктастармен қаланып, біртіндеп көтерілген болатын.
Бақ немесе ландшафт дизайнында композиция түсінігі-кеңістіктегі бақ және оның компоненттерінің сәйкестенуі дегенді білдіреді. Былайша айтқанда бақтағы өсімдіктер мен бақ құрылысының біздің көзімізге ыңғайлы немесе көрікті көрсететіндей етіп бір-біріне сәйкестендіріп құрауын ландшафт дизайнындағы композицияны қолдану ісі деп атаймыз.
Композициялық мәселелерді шешуде бірнеше қасиеттер мен талаптарды ескергеніміз жөн. Бұл қасиеттерге: форманың геометриялық түрі, оның көлемі, массасы, фактурасы, кеңістіктегі орналасуы, түсі мен жарықтануы енеді.
Көптеген ғасырлар бойы бау мен бақшаларды жасаған шеберлер табиғат пен басқа да өнер түрлері көрсеткен ережелер мен заңдарға сүйеніп келді. Бақтарда архитектура, поэзия мен музыка, сурет барлығы бірігіп бейнеленсе де, бақтар негізінен архитектура заңдарына кеңістікке сүйенді.
Табиғи ланшафтты бес негізгі компоненттер құрайды, олар бір-бірімен тығыз байланысқан: жер, су, ауа массасы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатты. Жер бетінде ешқандай өзгеріссіз, сол баяғыша қалған ландшафт жоқтың қасы, барлық ланшафт үлгілері жасанды адам қолымен істелінген.
Керемет әрі хошиісті үйлесімділік аралы туралы арманды нақты ландшафт түрінде ойдағыдай жүзеге асыру үшін көгалдандыру жөніндегі мамандарда тәжірибемен бекітілген терең ғылыми білімдері болуы керек.
1. Архитектура және жобалау негіздері: 1-5 том, Алматы, Рауан, 2005
2. Лепкович И.П. Ландшафтное исскуство, М, 2004 г.
3. Теодоронский В.С. Строительство и эксплуатиация объектов ландшафтной архитектуры, М, 2007 г.
4. Куракова Л.И. Современные ландшафты и хозяйственная деятельность / М.И. Куракова. – М., Просвещение, 1983. – 159 с.
5. Николаев В.А. Ландшафтоведение; Эстетика и дизайн; М, 2003 г.
6. Белов С.В. Лесоводство. /-М., 1983
7. Сенов С.Н. Лесоведение и лесоводство. /М.; Лесное хозяйство, 2005 г
8. Мелехов И.С. Лесоведение. /– М., 1980.
9. Мелехов И.С. Лесоводство. /– М., 1989.
10. Луганский Н.А., Залесов С.В. и др. Лесоводство. /– Екатеринбург, 2001.
11. Байзаков С.Б., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана. /- Алматы, 1996.
12. Гудочкин М.В. Чабан П.С. Леса Казахстана. /-Алма-Ата, 1958.
13. Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5. /-М.,Л., 1949.
14. Головач А.Г. Озеленение сельских населённых мест. /-Ленинград: Лениздат, 1967.
15. Жирнов А.Д. Искусство паркостроения. /-Львов: Вища школа, 1977.
16. Моисеев В.С., Яновский Л.Н., Максимов В.А и др. Строительство и реконструкция лесопарковых зон. /-Л.: Стройиздат, 1990.
17. Николаевская З.А. Садово-парковый ландшафт. /-М.: Стройиздат, 1989.
18. Крижановская Н.Я. Основы ландшафтного дизайна. /-Ростов-на-Дону: Феникс, 2005.
19. Карписонова Р.А., Плотникова Л.С. Ваш красивый сад. /-М.: Рольф, 2000.
20. Любен Ив. Стойчев. Парковое и ландшафтное искусство. /-София: Земиздат, 1962.
21. Максимова М.В., Кузьмина М.А., Кузьмина Н.Ю. Новый взгляд на привычный сад. /-М.: Эксмо, 2006.
22. Озеленение городов. /–Киев: Будивельник, 1966.
23. Основные положения организации и развития лесного хозяйства Восточно-Казахстанской области. /–Алма-ата, 1977.
24. Озеленение населённых мест. Справочник под редакцией Ерохиной В.И. /-М.: Стройиздат, 1987.
25. Роль растений в оздоровлении воздушного бассейна городов Казахстана. Сб.научн тр. /–Алма-ата.: Наука, 1982.
26. Система ведения лесного хозяйства в лесах Восточного Казахстана. /–Алма-Ата.: Кайнар, 1984.
27. Справочник по благоустройству и озеленению населённых мест. Под редакцией Руденко И.Н. /–Минск.: Наука и техника, 1967.
28. Стерин Л.З. Справочная книга лесника. /-Минск.: Урожай, 1989.
29. Учебная книга цветовода. Учебное пособие. /-М.: Колос, 1974.
30. Хессайон Д.Г. Всё об альпинарии и водоёме в саду. /-М.: Кладезь, 1997.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
Тарау 1. Ланшафттық дизайнының мәні мен жалпы тарихы 6
1.1. Ландшафттық дизайнының тарихы 6
1.2. Ландшафттық дизайн түсінігі және қолданылуы 10
1.3.Ландшафттық дизайн заңдары мен ережелері 15
Тарау 2. Ландшафттық дизайн және кіші сәулет көлемдері мен жабдықтарын үйлестіру 19
2.1. Ландшафттық дизайнда кіші сәулет көлемдерін үйлестіру 19
2.2. Ландшафттық дизайн жабдықтарын таңдау және үйлестіру 20
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе

Ландшафтық дизайн - табиғи компоненттерді белсене қолдана отырып жасанды ортаны қалыптастыруға бағытталған қызметтің ерекше түрі. Бүгінгі күні ландшафттық дизайн, ландшафттық жасылдандыру және маңайды көркейту маңызды мәселелердің бірі болып қалыптасуда. Ол адамның тіршілік ортасын қолайлы және жағымды етеді.
Ландшафтық құрылыс дизайны саласына бақшалық-саяжайлық бейнелеу, тұрғын алаңдарды жасылдандыру және көркейті, көшелер мен жолдарды, қала орталықтарын, өндірістік аудандарды, ауылшаруашылығы кәсіпорындарын, тарихи ландшафттарды және күзетілетін аймақтарды сәулеттендіру кіреді.
Қазіргі кезде реконструкция барысында мыңға таяу ағаштар мен бұталар жасыл желекті құрайды және олардың қатары толықтырылуда. Жергілікті сәндік флораны орналастыру үшін ландшафттық көгалдандырудың өзіндік тәсілі қолданылды. Саябақ дизайнерлері жобасын әзірлеп, қолдан жасалған су айдынының жағалаулары қалаға таяу карьерлерден алынған табиғи әктастармен қаланып, біртіндеп көтерілген болатын.
Бақ немесе ландшафт дизайнында композиция түсінігі-кеңістіктегі бақ және оның компоненттерінің сәйкестенуі дегенді білдіреді. Былайша айтқанда бақтағы өсімдіктер мен бақ құрылысының біздің көзімізге ыңғайлы немесе көрікті көрсететіндей етіп бір-біріне сәйкестендіріп құрауын ландшафт дизайнындағы композицияны қолдану ісі деп атаймыз.
Композициялық мәселелерді шешуде бірнеше қасиеттер мен талаптарды ескергеніміз жөн. Бұл қасиеттерге: форманың геометриялық түрі, оның көлемі, массасы, фактурасы, кеңістіктегі орналасуы, түсі мен жарықтануы енеді.
Көптеген ғасырлар бойы бау мен бақшаларды жасаған шеберлер табиғат пен басқа да өнер түрлері көрсеткен ережелер мен заңдарға сүйеніп келді. Бақтарда архитектура, поэзия мен музыка, сурет барлығы бірігіп бейнеленсе де, бақтар негізінен архитектура заңдарына кеңістікке сүйенді.
Табиғи ланшафтты бес негізгі компоненттер құрайды, олар бір-бірімен тығыз байланысқан: жер, су, ауа массасы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатты. Жер бетінде ешқандай өзгеріссіз, сол баяғыша қалған ландшафт жоқтың қасы, барлық ланшафт үлгілері жасанды адам қолымен істелінген.
Керемет әрі хошиісті үйлесімділік аралы туралы арманды нақты ландшафт түрінде ойдағыдай жүзеге асыру үшін көгалдандыру жөніндегі мамандарда тәжірибемен бекітілген терең ғылыми білімдері болуы керек.
Жер телімінің ландшафт дизайны жобасы дендрологтың күрделі жұмысының нәтижесі болып табылады. Кешенді шешімге қол жеткізу үшін ландшафтты жобалау процесі құрамдас бөліктерге бөлінеді, олардың әр қайсысының ішінде белгілі бір шеңбердегі мәселелер шешіледі. Ландшафтты жобалау барысында жұмыстардың негізгі түрлері кешенді нәтижеге әкеп соғады, оның ішіне ландшафт жобасының бас жоспарынан бастап автоматты түрде суару және жарықтандыру аспаптарын орналастыру схемаларына дейінгі шешімдер кіреді.
Ландшафтық құрылыс дизайны саласына бақшалық-саяжайлық бейнелеу, тұрғын алаңдарды жасылдандыру және көркейті, көшелер мен жолдарды, қала орталықтарын, өндірістік аудандарды, ауылшаруашылығы кәсіпорындарын, тарихи ландшафттарды және күзетілетін аймақтарды сәулеттендіру кіреді.
Ландшафтық топтар жасалған уақытта таза эстетикалық сәттерден басқа саябақтағы функциялық аймақтардың ерекшелігі ескерілген болатын. Мәселен шіркеуше маңында коллекциялық учаскелердің негізі қаланған кезде монастырь бақтары туралы сыр шертетін көптеген әдеби дереккөздер зерттелді, мұның өзі саябақта тарихи дәстүрлерге сәйкес дүние жасау үшін қажет еді. Бұл өз ісінің энтузиастарынан көп еңбекті талап ететін, дегенмен өте қызықты шаруа. Сол көктемнің өзінде төбешіктер түрінде жасалған гүлзарларда құртқашаштар, сәлдегүлдер, лалагүлдіктер, бөрібұршақтар молынан гүдлдеп, мұражай қызметкерлері мен қалалықтарды қуантты, олардың көпшілігін бұрын шетелдік тізімдемелерден ғана көруге болатын еді.
Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, тағы басқа жатады. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетті су көздері қарастырылады.
Курс жұмысының мақсаты-ландшафттық дизайн және кіші сәулет көлемдері мен жабдықтарын үйлестірудің теориялық негіздеріне сипаттама жасау.
Курс жұмысының міндеттері:
-Ландшафттық дизайн түсінігі және қолданылуына;
-Ландшафттық дизайнының тарихына;
-Ландшафттық дизайн заңдары мен ережелеріне;
-Ландшафттық дизайнда кіші сәулет көлемдерін үйлестіруіне;
-Ландшафттық дизайн жабдықтарын таңдау және үйлестіруіне теориялық сипаттама жасау.
Тарау 1.Ланшафттық дизайнының мәні мен жалпы тарихы

1.1. Ландшафттық дизайнының тарихы

Бақ дизайны адамдар ойында Жердегі жұмақты жасау арманымен байланысты болғандықтан, қазірге дейінгі адамдар өз үйлерінің алдында тірі кереметтер бұрышын жасауды армандап келеді. Ежелгі дүниеде ландшафттық дизайнның үлгілері қазірге дейін бізге сақталмаған. Бірақ Вавилон аспалы бағы, Ежелгі Рим бақтары, Ливия бақтары туралы аңыздардан сол дәуірдегі ландшафттық дизайнның дәрежесі жоғары болғандығын байқатады. Біздің заманымызға дейін Ежелгі дүние бақтары туралы фрескалар мен ыдыстарға салынған бақ дизайнының суреттері арқылы деректер ала аламыз.

Сурет 4-5. Ежелгі Вавилон аспалы бағы-Ежелгі дүниедегі ландшафт дизайнының көрінісі

Бақ өнері немесе ландшафттық дизайн Ежелгі Шығыста кеңінен тараған. Ежелгі римдіктер мен гректер бақты үй іспеттес қорғаныс мақсатында да қолданылған. Готика кезеңінде бақ пен бақша өнері жоғары қарқынмен дамыған жоқ, бұл кезеңде бақ пен бақшаларды геометриялық дұрыс формада бөлуге аса зор назар аударды.

Сурет 6. Ежелгі Египет бақтары

Қайта Өрлеу дәуірінде бақ-ландшафт ісіне көп көңіл бөлінді. Өмір қуанышы мен ойды дамытушы тенденциялар қалыптасты. Адам өміріндегі бақтың орны туралы жаңа түсініктер дамыды. Бақтар феодалдардың керемет сарайларының компоненті ғана емес, сондай-ақ қалаларды безендіруші ретінде де көрініс тапты.

Сурет 7. Қайта Өрлеу дәуіріндегі Франция бақтары

Ренесанс дәуірінің бақтары жасыл кабинетті еске түсіретін, оның ішінде көптеген иісті өсімдіктер мен гүлдер өсірілетін. Мұндай кабинеттер (бөлмелер) өзара аллеялармен, баспалдақтармен, бақ құралдарымен біріктірілеті.

Сурет 8. Ренесанс дәуіріндегі Вилландри сарайының бағы

Барокко дәуірінде (XVI ғасырдың соңы мен XVIІ ғасыр) бақтарға мүсіндерді қою сәнге айналды, бақ ландшафтында гүл өсіруді көбейту, сондай-ақ мүсінді өсімдіктерден жасау кезеңі басталды. Осы дәуірде қоршаған ландшафтқа бақтың сәйкес келуі туралы көзқарастар дами бастады.
ХІХ ғасырда бақ стильдері мен ландшафт дизайны күрт өзгерді, осы дәуірдің архитектуралық белгісі ретінде модерн стильі қалыптасты.

Сурет 9. Барокко дәуірінідегі ландшафттық дизайн үлгісі

ХХ ғасыр әсіресе ғасырдың соңы ғимараттар мен бақ ланшафттарда күрт өзгерістер кезеңі еді. Ерекше, мүлдем басқаша бақ архитектурасының конструкиялары пайда болды.

Сурет 10. Фэн-Шуй ландшафттық дизайн үлгісі

Ландшафттық дизайнның дамуы мен қалыптасуына өз ықпалын тигізген Шығыс елдерінің архитектурасы болатын. Жапония мен Қытай елдерінде бақ-ландшафт дизайн жоғарғы қарқынмен, өзіндік стильмен ерекшеленді. Жапониялық бонсай (құмыраларда өсімдіктерді өсіру өнері) және қытайлық ланшафтты Фэн-Шуй өнерлері сол заманнан қазірге дейін түрлі сала дизайнерлерінің қолданысында келеді. Бұл өнердің құпиялылығы - ландшафт бөлшектерін қалыптастыруда табиғаттың құпиялаларын терең біуінде.

Сурет 11. Қытай ландшафттық дизайны

Бақ телімдері мен ғимаратты ақылмен жобалау, жергілікті жай формасын таңдаудағы жетістіктер-осының бәрі Фэн-Шуй өнерінің салыстырмалы сипаты. Табиғат заңдылықтарын максималды дәрежеде білу және өз дәрежесінде қолдану ландшафт дизайнының қалыптасуына әсер етеді.
1.2. Ландшафттық дизайн түсінігі және қолданылуы

Ландшафтық дизайн - табиғи компоненттерді белсене қолдана отырып жасанды ортаны қалыптастыруға бағытталған қызметтің ерекше түрі. Ландшафтық құрылыс дизайны саласына бақшалық-саяжайлық бейнелеу, тұрғын алаңдарды жасылдандыру және көркейті, көшелер мен жолдарды, қала орталықтарын, өндірістік аудандарды, ауылшаруашылығы кәсіпорындарын, тарихи ландшафттарды және күзетілетін аймақтарды сәулеттендіру кіреді.
Бүгінгі күні ландшафттық дизайн, ландшафттық жасылдандыру және маңайды көркейту маңызды мәселелердің бірі болып қалыптасуда. Ол адамның тіршілік ортасын қолайлы және жағымды етеді.
Ландшафтық құрылыс дизайны саласына бақшалық-саяжайлық бейнелеу, тұрғын алаңдарды жасылдандыру және көркейті, көшелер мен жолдарды, қала орталықтарын, өндірістік аудандарды, ауылшаруашылығы кәсіпорындарын, тарихи ландшафттарды және күзетілетін аймақтарды сәулеттендіру кіреді.
Көгалдандыру-қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға кемиді, 35%-ға өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ға азаяды, ал 65%-ға өсірілсе, шаң 95%-ға кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, тағы басқа жатады. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетті су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады.

Сурет 1. Қалалық ландшафттық дизайн үлгілері
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде төмендегі мәселелерді ескеру керек:
1. Жергілікті жердің табиғи климат жағдайы.
2. Жердің географиялық орны.
3. Топырақ құнарлығы.
4. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
5. Өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктері.
6. Өсімдіктердің үйлесімділігі.
7. Жергілікті жердің экологиялық жағдайы.
8. Көгалдандырудың эстетикалық жағдайы. (аспектісі).
Ағаш егу ісі ландшафттық дизайн саласында қазіргі заманғы үрдістерге сай келетін қатал жүйемен жүргізілді. Бақ-саябақ дизайны бөлімінің қызметкерлері саябақта шағын ботаникалық бақ жасауға шешім қабылдады, онда отандық және шетелдік сұрыптау нәтижесінде шыққан әсем гүлдейтін сәндік көпжылдықтар, сондай-ақ облысымызда өсетін жабайы, бірақ әсемдігі жағынан кем болмайтын өсімдіктер өсірілмек.
Өсімдіктердің өсуі нәтижесінде өсімдіктердің көлемі мен формасы өзгереді, сондықтан жоспарланған декоративті композициялық жобаны бірден жүзеге асыра алмауымыз мүмкін. Ландшафт дизайнында ескере өтетін жәйт-ағаш бұталарға қарағанда баяу өссе, бұталар шөптесінді өсімдіктерге қарағанда баяу жетіледі.
Ағаштарға тиісті композициялық шешім үш сапалық қасиеттерімен анықталады-көлемі, формасы мен түсі. Бұл тірі өсімдіктер материалы ретінде жыл мезгілдері мен жарықтану, ауа-райына тәуелді өзгеріп отырады.

Сурет 2. Ландшафттық дизайн үлгілері

Ландшафт дизайнындағы өсімдіктер композициясының дұрыс шешілгені және дұрыс таңдалғаны өте қажет.

Сурет 3. Ландшафттық дизайн үлгілері

Ландшафтық топтар жасалған уақытта таза эстетикалық сәттерден басқа саябақтағы функциялық аймақтардың ерекшелігі ескерілген болатын. Мәселен шіркеуше маңында коллекциялық учаскелердің негізі қаланған кезде монастырь бақтары туралы сыр шертетін көптеген әдеби дереккөздер зерттелді, мұның өзі саябақта тарихи дәстүрлерге сәйкес дүние жасау үшін қажет еді. Бұл өз ісінің энтузиастарынан көп еңбекті талап ететін, дегенмен өте қызықты шаруа. Сол көктемнің өзінде төбешіктер түрінде жасалған гүлзарларда құртқашаштар, сәлдегүлдер, лалагүлдіктер, бөрібұршақтар молынан гүдлдеп, мұражай қызметкерлері мен қалалықтарды қуантты, олардың көпшілігін бұрын шетелдік тізімдемелерден ғана көруге болатын еді.
Қазіргі кезде реконструкция барысында мыңға таяу ағаштар мен бұталар жасыл желекті құрайды және олардың қатары толықтырылуда. Жергілікті сәндік флораны орналастыру үшін ландшафттық көгалдандырудың өзіндік тәсілі қолданылды. Саябақ дизайнерлері жобасын әзірлеп, қолдан жасалған су айдынының жағалаулары қалаға таяу карьерлерден алынған табиғи әктастармен қаланып, біртіндеп көтерілген болатын.
Жағалауларға өздерінің діңдерінің сұлулығымен және жапырақтарының пішіндерімен таңдандыратын талдардың оннан астам түрлерінің коллекциялары, сондай-ақ қызғылт, ақ және қызыл гүлшоғырлы болып әсем гүлдейтін бұталар - тобылғылар жайғастырылды. Дизайнерлік бөлім қызметкерлерінің облыс бойынша сапар шегулерінің нәтижесінде су айдынының жағалауларын безендіретін неше түрлі дәрілік, сәндік-жапырақты және әсем гүлдейтін көпжылдықтар коллекциясы пайда болды, Су айдынының бетін шағын тұңғиық пен нимфейник жауып тұр, олардың гүлдері таңертең ертемен ашылады.
Саябаққа келгендерге мұндағылар қуаныш, тыныштық сыйлап, жағымды қуат беруі тиіс. Сондықтан да жаңартылған газондардың ішінде пішіні, гүлдердің жиынтығы мен ландшафттық тәсілдері бойынша әртүрлі, бірақ ортақ ансамбльге біріктірілген учаскелер саны көбейді. Бұлар - күрделі суреттер түріндегі француз гүлзарлары мен ағылшын саябақтарының табиғи қопалары, болашақта жапон бағын құру жоспарлануда. Келесі жылдың көктемі мен жазында саябақ демалушыларды голландтық сұрыптаудан өткен баданалы өсімдіктердің елу үш сортынан және райхангүлдердің он сортынан тұратын ғажайып гүлзарлар қарсы алмақ.

1.3. Ландшафттық дизайн заңдары мен ережелері

Керемет әрі хошиісті үйлесімділік аралы туралы арманды нақты ландшафт түрінде ойдағыдай жүзеге асыру үшін көгалдандыру жөніндегі мамандарда тәжірибемен бекітілген терең ғылыми білімдері болуы керек.
Жер телімінің ландшафт дизайны жобасы ДЕНДРОЛОГТЫҢ күрделі ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ болып табылады. Кешенді шешімге қол жеткізу үшін ландшафтты жобалау процесі құрамдас бөліктерге бөлінеді, олардың әр қайсысының ішінде белгілі бір шеңбердегі мәселелер шешіледі. Ландшафтты жобалау барысында жұмыстардың негізгі түрлері кешенді нәтижеге әкеп соғады, оның ішіне ландшафт жобасының бас жоспарынан бастап автоматты түрде суару және жарықтандыру аспаптарын орналастыру схемаларына дейінгі шешімдер кіреді.
ЛАНДШАФТТЫ ЖОБАЛАУҒА дайындалу кезінде мынадай мәселелер талданады:
- жер телімінің климаттық жағдайлары;
- абаттандырылатын аумақтың бедері;
- топырақтың құрамы және құрылымы;
- негізгі коммуникациялар мен кәріз жолы өтетін орындар;
- жер телімінің проблемалық орындары;
- ағаштар мен бұталы өсімдіктердің болуы және олардың жағдайы;
- бар құрылыстардың сәулеті.
Анығы, сауатты орындалған жобалау жұмысы - аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды оңтайландырудың ең сенімді тәсілі болып табылады.
Көптеген ғасырлар бойы бау мен бақшаларды жасаған шеберлер табиғат пен басқа да өнер түрлері көрсеткен ережелер мен заңдарға сүйеніп келді. Бақтарда архитектура, поэзия мен музыка, сурет барлығы бірігіп бейнеленсе де, бақтар негізінен архитектура заңдарына кеңістікке сүйенді.
Табиғи ланшафтты бес негізгі компоненттер құрайды, олар бір-бірімен тығыз байланысқан: жер, су, ауа массасы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатты. Жер бетінде ешқандай өзгеріссіз, сол баяғыша қалған ландшафт жоқтың қасы, барлық ланшафт үлгілері жасанды адам қолымен істелінген.
Композиция.
Композиция - көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик өнерде композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді.
Көркем шығармашылық процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндеғі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады.
Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит. үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәу ірің дегі өнерде басымырақ қолданыл ды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты;
1. композитордың немесе суретшінің шығармашылық еңбегінен туған шығарма (музыка, кескіндеме, мүсін немесе графика);
2. өнер түрлері жинақталған күрделі көркем туынды
Ал дизайндағы композиция заттық-кеңістіктік орта жүйесіне бағытталған дизайнерлік шешім, мақсаты-компонеттер мен бөлшектерінің визуалды жүйесі негізінде эмоционалды-шығармашылық эффект шығару.
Композицияның категориялары: симметрия, асимметрия, нюанс, контраст, ритм.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафт дизайнының тарихы
Кешенді аумақтық жоспарлау қолданбалы ландшафттың маңызды саласы ретінде
Интерьер дизайны
Сәулеттік және конструктивтік шешімдер жайында
Ландшафттық дизайнның мәні және қазіргі кездегі маңызы
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
Дизайн өнерінің даму тарихы
Шағын қонақ үйді жобалау
Киім дизайны. Дизайн өнерінің даму тарихы
Абай саябағы
Пәндер