Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
ӘОЖ 373. 1. 02:37. 026. 6:[811. 111+811. 512. 122 Қолжазба құқығында
Ешімбетова Забира Бердібековна
Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру
(ағылшын және қазақ тілдері негізінде)
13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
Қазақстан Республикасы Ғылым
Академиясының Академигі,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор К. Қ. Құнантаева
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
Зерттеудің көкейкестiлiгi. Танымды жетiлдiру мәңгiлiк мәселе. Сол орайдан келгенде тiлдердi оқыту үрдiсiнде танымдық қызығушылықты жетiлдiру - оқушыларды ойлай бiлуге, өздiгiнен iзденiп, келелi мәселенiң шешiмiн табудың жолын белгiлеп, оның нәтижелi болуына кеңiрек мүмкiндiк бередi. Таным мәселесi жөнiнде философтар, психологтар, педагогтар әр саладан үнемi де үздiксiз талдап, талқылап келедi. Бұл жүйеде қазақ халқының кемеңгерлерi айтқан даналық ойлар кейiнгi ұрпаққа аңыз, әңгiме, ертегi, жыр, мақал-мәтел түрiнде жеткендiгiн айғақтайтын деректер баршылық. Ал педагогика классиктерiнiң шығармашылық еңбектерiнде, ғылыми зерттеулерiнде, педагогикалық трактаттарында таным туралы кейде тiкелей, кейде жанама түрде толассыз сөз етiлген. Адам дүниенi көзбен көрiп, құлақпен естiп, мұрынмен иiскеп, қолмен ұстап таныса, сөз арқылы түсiнiп, сезiнiп, ұғынып тану өз алдына үлкен әлем. "Бала санасына сiнген ұғымдардың көпшiлiгi кейiн, уақыт өте келе ересек адамның әрекетiне ұласады", - деп Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев "Еуразия жүрегiнде" атты кiтабында [1] орынды көрсеткен.
Егемендiкке қолы жеткен елдi өркендететiн жас мемлекеттiң экономикалық, саяси, әлеуметтiк мәдени дамуына үлес қосатын бүгiнгi мектеп оқушысын, ертеңгi қайраткерлердiң танымдық қызығушылығын қалыптастыруда тiлдiң атқаратын қызметi ерекше зор. Тiкелей тiл болмағанымен де танымның бiлiм берудегi тәрбиелiк, тағылымдық мәнi туралы зерттеу жүргiзген республикадағы педагогтар мен психологтар С. Т. Сабыров [2], Қ. Б. Жарықбаев [3], М. А. Құдайқұлов [4], А. Г. Қазмағамбетов [5], А. Е. Әбiлқасымова [6], П. Ф. Каптерев [7], М. А. Темірбеков [8], С. Балаубаев [9], С. А. Ұзақбаева [10], Н. А. Дарханов [11], Н. Б. Жаманқұлова [12], т. б. еңбектерi бар. Бұл зерттеулерде оқушының дамуына танымның тигiзетiн ықпалы, өздiгiнен еңбектену, бiлiм алу, бiлiктiк, дағды қалыптастырудың теориялық және қолданбалық тәжiрибе негiзiнде этносқа тән ерекшелiктер сенiмдi түрде дәлелденiп, жан-жақты сипатталған. Дамудың тарихи кезеңдерiне байланысты талдаулар жасалып, оның мән-мазмұны туралы пайымдаулар жасалған.
Танымның қолданыстағы әдiстерi мен мұғалiмнiң мамандығын жетiлдiру жөнiнде М. М. Жанпейісова [13], А. П. Сейтешев [14], А. А. Саипов [15], С. Н. Лысенкова [16], Н. Д. Хмель [17], Ж. Т. Дәулетбекова [18], Р. К. Төлеубекова [19], М. С. Молдабекова [20], т. б. зерттеулерiнде келтiрiлген айғақтар мен теориялық ұстанымдар әр саладан көрсетiлген. Сондай-ақ Ж. А. Қараев [21, 108], Р. С. Омарова [22], Т. И. Қоқымбаева [23], т. б. ғылыми еңбектерiнде классикалық педагогиканың көрнектi өкiлдерiнiң таным жөнiндегi идеяларын уақытқа үйлесiмдi пайымдай бiлу жолдары сипатталған. Тұлғаның жеке басын, дербестiгiн құрметтей отырып танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты тәжiрибелер негiзiндегi түрлi тұжырымдар жинақталған. Ұлы ғалымдар мен педагогтардың еңбектерінде әл-Фараби [24], Ы. Алтынсарин [25], И. Г. Песталоции [26], Я. А. Коменский [27], К. Д. Ушинский [28], А. Дистерверг [29], Н. Г. Чернышевский [23] оқыту арқылы оқушылардың ой-түсінігін арттыруға, олардың өз бетімен білім алуға дағдылануына көңіл бөлінген.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтар Л. С. Выготский [31], Б. Г. Ананьев [32], Ю. К. Бабанский [33], Л. В. Занков [34], И. Я. Лернер [35], В. В. Давыдов [36], Н. Ф. Талызина [37], А. Н. Леоньтев [38], С. Л. Рубинштейн [39], М. Н. Скаткин [40], Г. И. Щукина [41, Б. П. Есипов [42], П. И. Пидкасистый [43], Т. И. Шамова [44], М. И. Махмутов [45] және т. б. еңбектерінде жүйелі түрде зерттеліп, талданған.
Басқа тілді оқытудың психологиялық ғылыми негіздерін зерттеген психолог - ғалымдардың еңбектерінде Б. А. Артемов [46], М. А. Зимняя [47], А. ААлхазишвили [48], Е. С. Ильинская [49], Б. В. Беляев [50], А. А. Леонтьев [51], К. А. Оразбекова [52], т. б. өзге тілді үйренудің психологиялық ерекшеліктерімен заңдылықтары айтылған.
Отандық ғалым - педагогтардың еңбектерінде К. Қ. Құнантаева [53], Қ. Б. Жарықбаев [54], І. Р. Халитова [55], С. А. Қалиев [56], Т. Тәжібаев [57], Қ. Бержанов [58], А. М. Құдиярова [59], Қ. Бөлеев [60], К. Шаймерденова [61], Ж. Т. Баймағамбетова [62], А. Б. Мұратова [63], Қ. Т. Ыбраимжанов [64], А. С. Қыдыршаев [65], Р. Б. Үсембаева [66], Б. И. Иманбекова [67], Р. Н. Көшенова [68], А. С. Елемесова [69], Т. Р. Әбдіқадырова [70] . Шетел тілін ана тілінің негізінде салыстыра оқытудың тиімділігін зерттеген ғалымдар ДЖ. Къюминск [71], М. К. Исаев[72], Л. В. Щерба [73], Н. М. Құрманбаев [74], С. М. Ляховицкий [75], А. И. Мучник [76], А. К. Карменский [77] атап көрсеткен.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытып қалыптастырудағы педагогикалық шарттарды айқындау - тұлғаның белсендiлiгiн көтеруде ерекше мәнге ие болатындығы А. С. Мустояпованың "Қазiргi кезде жоғары сынып оушыларының танымдық белсендiлiгiн қалыптастырудың педагогикалық шарттары" сияқты еңбектерiнде бiршама сипатталған [78] . Әрине, танымдық қызығушылық жеке шарттарды бiлумен шектелiп қалмайды, оған ықпал ететiн жолдар да әр тарапты. Осы орайдан келгенде халықтың ғасырлар бойы жинақталған ертегiлерi, музыка, жыр-толғауларының да мәнi зор екендiгi жөнiнде А. Ж. Едiгенова "Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегiлерiне танымдық қызығушылығын қалыптастыру" деген еңбегi бар [79] . Күнделiктi сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды ертегiге қызықтыру арқылы танымды дамытуға болатындығы талданған, әдiстемелiк жолдар ұсынылған.
Қазақ халқының аспаптары арқылы музыкаға қызықтыру (М. А. Оразалиева) [80], сәндiк қолданбалы өнер арқылы эстетикалық таным қалыптастыру (С. А. Жолдасбекова) оқушының дүниетанымына ықпал етiп [81], олардың iзденiсiн жетiлдiретiндiгi дәйектi түрде сипатталған. А. Т. Тамаевтың "Әдебиет сабағынды жоғарғы класс оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру" тақырыбындағы зерттеуiнде оқушыны көркем әдебиет оқуға қызықтырудың психологиялық негiздерi, оны тәрбиелей отырып бiлiм беру мәселесi қарыстырылған [82] .
Оқытылатын жеке пәндерге байланысты iзденiмпаздықтың дидактикалық жолдары (Р. С. Омарова) [83], белсендiлiктi арттырудағы iзденiмнiң әдiстерi мен тәсiлдерi (Т. Сабыров [2], А. Әбiлқасымова [6] ), танымдық үрдiстi ұйымдастыру жөнiнде (М. Ж. Жадрина [84], Х. М. Балтабаев [85] ) және кәсiби әдiстемелiк даярлықты жетiлдiру (А. П. Сейтешев [14], Қ. К. Жампейсова [13] ) туралы ғылыми еңбектер баршылық.
Оқушылардың оқу үрдiсiндегi қатысын бағалап, ғылыми педагогикалық жүйенi қалыптастыру негiздерi жөнiнде А. Г. Қазмағамбетовтың зерттеуiнде байыпты ойлар ұсынылған [5] . Осының бәрi бiр-бiрiмен iштесiп жатқан мәселе деп бiлсек, қазiргi кезде экологиялық таным әлемдiк деңгейге көтерiлiп оқушының оған деген қызығушылығын арттырып, көзқарас қалыптастыру жөнiнде А. С. Бейсенова [86], Н. С. Сарыбеков [87], Э. Н. Тұрдықұлов [88], Ш. И. Тойғанбеков [89], К. И. Исламова [90], т. б. еңбектерi тәрбие беру, бiлiмдендiру заңдылықтарының мазмұнын жаңарту, iздену мәдениетiн жетiлдiрудi көрсетiп отыр.
Танымдық қызығушылық тек пәнаралық байланыс, жеке ғылым салаларындағы iзденiстермен шектелмейдi, ол үнемi дамып, жетiлiп отыратын өмiршең мәселе. Осы жалғастыққа орай Ұ. Б. Төлешова "Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық" деген зерттеу жүргiзген [91] . Онда оқушылардың игерген танымдық қызығушылығын жоғарғы оқу орындарында жалғастырудың алғы шарттары мен олардың арасындағы байланыс талданған. Таңдаған мамандыққа үйлесiмдi қызығушылықтың дамуындағы ғылыми-практикалық жолдар көрсетiлген. Танымдық қызығушылықтағы басты бағдар тұлғаның өзiндiк iзденуiн қалыптастырумен бастамшылығын жетiлдiру әдiстемелерi бiржақты көрсетiлген. Ал оқушылардың танымдық қызығушылығын тиiмдi ұйымдастыру оқушының мүмкiндiгi деңгейiнде қабiлетiн дамытып, өздiгiнен iзденуге жол ашып, шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға игi ықпал етедi.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2004 жылғы 12-13 ақпан күндерінде Астана қаласында өткізілген мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту проблемалары жөніндегі республикалық кеңес мектептердегі тілдерді оқыту проблемаларын және оларды шешу жолдарын талқылау мақсатын көздеді. Жеке оқу пәндерiн немесе арнаулы тақырыптарды оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру бағытында педагогикалық ғылыми- зерттеулер, тәжiрибелер, түрлi салада жазылған еңбектер аз емес. Алайда, Қазақстандағы оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын тiл пәндерi арқылы қалыптастыру және осы орайдан оқытудың жаңа технологиясын зерттеуге пайдалану жөнiндегi мәселе аз зерттелген. Бұл салада педагогикалық зерттеулер мен жинақталған тәжiрибелер өте мардымсыз. Уақыт өткен сайын қажеттiлiгiн өмiрдiң өзi айқындай түсуде.
Тiл арқылы қалыптасқан танымдық қызығушылық оқушының iс-әрекетiн жетiлдiруге нысаналы бағдар берiп, өзiн-өзi дамытудың бастамасына жол ашады. Танымдық қызығушылық оқушының белсендiлiгiмен сабақтаса, тұлғаның iс-әрекет жолындағы көзқарасын нық бекiп, дiттеген мақсатына жететiне сәк жоқ деп бiлсек, мұның өзi бiлiм берудiң жаңа технологиясымен ұштастыру қажеттiгiн туғызып отыр. Қажеттiктi өтеу барысында оқушының елге, жерге, ата-бабаға деген сүйiспеншiлiгi арта түсуi ақиқат, шындық. 2001 жылы Қазақстанға ресми және достық сапармен болған Жоғары Шапағатты Рим Папасы Иоан Павел II: "Мен… таңданыспен көз саламын… Еуропа үшiн Аристотельдi ашқан Әбу Насыр әл-Фарабиден бастап… ғылымның, өнер мен тарихтың көрнектi қайраткерлерi туған…" [92] ұлы даламыздың кейiнгi ұрпағы, бүгiнгi жастардың келешегi жарқын екендiгi баршаға аян. Тарихи өткеннен тағылым алып, болашағын жобалай бiлудi ұғынуда тiлге деген танымдық қызығушылықтың орны ерекше. Ал мектептегi тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың себебi мен салдарын ашып, оның iлгерi жетiлдiре түсу өмiр қажетiнен туып отырған проблема, оны педагогикалық тұрғыдан зерттеудi жұртшылық зарыға күтiп отыр, тақырыптың өзектiлiк мәнi осында.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларға тілдерді оқыту үрдісінде танымдық қызығушылығын қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәнi: тiлдердi оқу үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеудiң болжамы: егер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде тілдерді оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың мотивациясы мен танымдық қызығушылығы артып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп оқушылардың пәнді зерделеуге деген қызығушылығын тудыруға негіз болады, білім сапасы артады.
Зерттеу мiндеттерi:
- оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін анықтау;
- тілдерді оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың компоненттерін, көрсеткіштерін айқындау;
- тілдерді оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттарын айқындау;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің жетекшi идеясы: тілдерді оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру - олардың қазіргі заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына ықпал жасайды. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру білім мазмұны мен оқыту әдістерінің дидактикалық өзара байланысына сүйенеді.
Зерттеудiң теориялық-әдiснамалық негiзi: ғылыми таным теориясы, тұтас педагогикалық үрдістегі тұлғаның қалыптасу теориясы, іс-әрекет теориясы, тілдерді оқыту үрдісінде қолданудың ғылыми тұжырымдамалары.
Зерттеудің көздерi: философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерi негiзінде алынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Бiлiм туралы Заң" және мемлекеттiк қаулы-қарарлары ескерiлдi. «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық, алыс, жақын, шет елдік ғалымдардың еңбектері, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері, ізденушінің педагогикалық және зерттеу тәжiрибесi.
Зерттеу әдiстерi: зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық әдiстемелiк әдебиеттерді теориялық және қолданбалық тұрғыдан талдау; белгiленген мiндеттердi шешiп, ғылыми болжамды тексеру және оны тәжiрибе арқылы байқау; оқушылар орындаған жазбаша жұмыстары мен ауызша жауаптарын талдау; сыныпта және сыныптан тыс өткiзiлген пiкiрсайыс, сауалдама, диалог туралы тұжырымдама жасау; оқытудағы дәстүрлi әдiстегi құндылықтар мен жаңа технологияның тиiмдi тәсiлдерiн көрсету; тiлдердi оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиiмдi жолдарын айқындау, берілген әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында оқу тапсырмаларын дайындау.
Зерттеудiң негiзгi кезеңдерi мен барысы:
Бiрiншi кезеңде (2000-2002 жж. ) зерттеу жұмысының тақырыбы, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы анықталды
Екiншi кезеңде (2002-2004 жж. ) оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға байланысты пән сабақтары бойынша оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары талданып, танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы тілдерді оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері зерделенді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту барысында арттыруға мүмкіндік беретін оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиiмдi жолдары және дидактикалық шарттары анықталды.
Үшiншi кезеңде (2004-2006 жж. ) тiлдердi оқыту үрдiсiндегi оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиiмдi әдiстерiн сұрыптап, оның қолданыста тиiмдi деп танылған көрсеткiштер жөнiндегi ой-түсiнiктер қорытылып, талдау жасалынды. Эксперименттік тексеру жұмыстарының нәтижелері жалпыланып, зерттеу бойынша қортынды жасалды.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- оқушылардың танымдық қызыушылығын технологиялық, жеке тұлғалық жаңа талаптарына сай жетілдірудің ғылыми теориялық негізі анықталды;
- тiлдерді оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың компоненттері мен көрсеткіштері негізделді;
- танымдық қызығушылықты пайдаланып, оқушыларда танымдық белсенділікті арттырудың дидактикалық шарттары анықталды;
- тілдерді оқытудағы танымдық қызығушылықты арттырудағы педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәндiлiгi: диссертацияда негізделген теориялық пайымдаулар мен практикалық ұсыныстарды жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға, оқу үрдісінің сапасын арттыруға, педагогикалық оқу орындарында ағылшын тілі пәні мұғалімдерін дайындауға және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- оқушылардың танымдық қызығушылығын тiлдердi оқыту үрдiсiнде қалыптастырудың теориялық негіздері;
- тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың компонеттері, көрсеткіштерінің сипаттамасы;
- тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттарының жиынтығы;
- тілдерді оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерінің жүйесі.
Зерттеу базасы: тәжірибелік эксперименттік жұмыстарымыз Алматы қаласындағы №№ 128, 139, 15 лингвистикалық гимназияларында жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігi мен негізділігі: тақырыпқа байланысты жүргiзiлген ғылыми әдiстер мен талдаулар бүгiнгi күннiң қажеттi тұрғысынан қарастырылды. Зерттеу проблемасын негiздеу, зерттеу қазақ, ағылшын тiлi пәндерiнiң бағдарламалық мақсатына сәйкес, олардағы үздiк тәжiрибелер мен әдiстерiн тоғыстыра пайдалану арқылы танымдық түсiнiк қызығушылық қалыптастырудың тиiмдi жолдары айқындалды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар дәйектемелердің әдіснамалық негізделуімен, теориялық түбегейлігімен, зерттеудің мақсатына міндетіне ізденіс логикасына сай жалпы ғылыми және нақтылы әдістердің бірлігімен, педагогикалық тәжірибеден алынған оң нәтижелермен дәлелденіп, негізделді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибе енгізу:
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мәнiн тілдерді оқыту үрдісінде халықаралық және республикалық конференцияларда баяндап пiкiр алысылды;
- зерттеу жұмысының мазмұны мерзiмдi баспасөзге жарияланды;
- республикалық, Алматы қалалық бiлiм жетiлдiру институттары ұйымдастырған курстарда мұғалiмдерге арнап лекциялар оқылды;
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ғылыми-практикалық конференцияларында, тiлдердi оқытудың әдiстемелiк бiрлестiктерiнде баяндама жасалып, пiкiр алысылды;
- әдiстемелiк құрал есебiнде баспадан жарияланды.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейкестілігі мен маңызы анықталып, ғылыми жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық негізі, зерттеу көздері, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәнділігі ашып көрсетілген, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі баяндалған.
«Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде танымдық қызығушылықты қалыптастыру идеясының пайда болуы мен қалыптасуының теориялық негіздері зерделеніп, танымдық қызығушылық ұғымына түсінік берілді. Тілдерді оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуының деңгейлері мен көрсеткіштері анықталды. Тілдерді оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптасуының басты дидактикалық шарттары ғылыми негізделді.
«Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік- эксперимент жұмысының мазмұны» атты екінші бөлімінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған тілдерді оқыту технологиясының педагогикалық мүмкіндіктерінен туындайтын салыстырмалы талдау жүргізілді және жасалынды.
Қорытындыда оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздері нақтыланды. Зерттеу нәтижелері негізінде жасалынған негізгі тұжырымдау келтірілді, зерттеудің перспективалары көрсетілді.
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушылардың танымдық қызығушылығын тiлдердi оқыту үрдісінде қалыптастыру-әлеуметтік-педагогикалық мәселе
Қазақстанның қазiргi кезеңдегi қарқынды даму жолындағы елдi демократияландыру, әлеуметтiк өркендеу саласындағы талпыныстары бiлiм беру жүйесiн жаңаша өркендетiп оқыту, тәрбие үрдiсiн жетiлдiрудi талап етiп отыр. Егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды калыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы шетел тілінің рөлін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл-тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады.
Шетел тілін орта мектепте оқыту дәрежесін арттыру, әсіресе қазақ тілінің мәртебе алуына байланысты шетел тілін ана тілімен салыстыра оқыту республикада халыққа білім берудің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Оған айғақ 1996 жылғы 4 желтоқсанда шыққан Казақстан Республикасы Үкіметінің ''Республикада шетел тілдерін оқытуды жақсартудың қосымша шаралары" туралы Қаулысы [93] . Тұлғаның гуманистiк, гуманитарлық қалыптасуына ықпал етiп, танымдық қызығушылығын қалыптастыруда мектепте оқылатын тiл саласындағы пәндер ерекше мәнге ие болуда. Өйткенi, теориялық, практикалық ұғым, түсiнiктер ғылымның қай саласында болса да тiл арқылы меңгерiлетiндiгi ешбiр талас туғызбайтын ақиқат шындық. Осы орайдан тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиiмдi жолдарын айқындай түсу және оның өмiрге үйлесiмдi мiндеттерiн шешу қазiргi кезеңдегi педагогика ғылымының басты бағдары болып табылады. Сондықтан тек жеке бiр ғана тiлдi оқыту аясында шектелiп қалмай, бiлiм берудiң жалпы дидактикалық негiздерiн басшылыққа ала отырып, мектеп оқушыларына тiлдердi оқыту арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемаларын шешу бүгiнгi күннiң ынтызар тiлегi екендiгi және оның тиiмдi әдiс, тәсiлдерiн аша түсу өмiр қажеттiгiнен туындауда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz