Сөйлеу әрекеті онтогенезі: лексикалық мағынаның шығуы мен дамуы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. АДАМ БАЛАСЫ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ ОНТОГЕНЕЗІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отандық және шетелдік ғалымдардың сөйлеу әрекеті онтогенезін зерттеу бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.1.1 Сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық мағынаның шығып қалыптасуындағы тілдің негізгі қызметі және оның қалыптасу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
1.1.2 Сөйлеу әрекеті онтогенезінде тіл мен ойлау ара қатысы ... ... ... ... ... .30
1.1.3 Сөйлеу әрекеті онтогенезінде алғашқы сөйлемдердің шығуы ... ... ... 40
1.2 Сөйлеу әрекеті компоненттерінің алғашқы шығуы, қалыптасуы
және олардың дамуындағы тілдік ортаның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
1.2.1 Сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық мағынаның қалыптасу
барысындағы грамматикалық компоненттің дамуы ... ... ... ... ... ... 54
1.2.2 Сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық
мағынаның қалыптасу барысындағы дыбыстық
компоненттің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
2. СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ БІРІ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖҮЙЕСІ
2.1 Сөз мағынасының онтогенезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
2.1.1 Сөз мағынасының адам баласы тілінде алғашқы даму барысы ... ... ... 85
2.1.2 Эксперимент нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100
2.1.3 Алғашқы лексикалық мағынаның қалыптасуына әсер ететін
факторлар және оның қалыптасуындағы ұлттық ерекшеліктердің
алғашқы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..117
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...122
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...124
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .129
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..138

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Сөйлеу әрекеті компоненттерінің бірі - лексикалық мағынаның онтогенезін зерттеу адам баласы тілінің шығуының ерекшеліктерін тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді, өйткені лексикалық мағына сөйлеу әрекетінің басқа да компоненттерімен бірге кешенді түрде көрініп, универсальды сипатқа ие болады. Лексикалық мағына онтогенезде сөйлеу әрекеті компоненттерінің алғашқысы синтаксистегік семантикадан кейін, ал грамматикалық мағына мен сөйлеудің дыбысталу жолдары компоненттерінен бұрын шыққанымен, оның қалыптасуы мен дамуы – ұзақ процесс, өйткені бұл құбылыс адам баласының когнитивті дамуымен тікелей байланысты.
Ұсынылып отырған жұмыста сөйлеу әрекеті компоненті лексикалық мағына мәселесінің тек лексикалық мағынасының онтогенезі, яғни адам баласы тілінде сөз мағынасының шығуының алғы шарттары, алғашқы көрінісі, даму үрдісі және қалыптасу мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ лексикалық мағынаның онтогенезде шығу, қалыптасу және даму барысында тілдің негізгі қызметтері мен олардың қалыптасу жүйесі, грамматикалық мағына, сөйлеудің дыбысталу жолы компоненттерінің даму барысы, тілдік ортаның рөлі, ұлттық ерекшеліктердің алғашқы көрінісі және әсер ететін факторлар эксперимент арқылы айқындалады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сөйлеу әрекеті адам баласының қоршаған ортамен танымдық және практикалық жағынан тығыз байланыста іске асатын әрекеттерінің ішіндегі маңыздысы болып табылады. Сөйлеу әрекеті тілдік құбылыстың динамикалық тұрғыда қалыптасуын қарастыруға мүмкіндік береді.
Ересек адамның сөйлеу әрекетін зерттеуде дайын қалыптасқан тілдік құбылыс қарастырылса, сөйлеу әрекеті онтогенезі адам баласының сөйлеу механизмдерінің бастапқы кезеңде шығып қалыптасуының өзіндік сипаты бар ерекшеліктерін тек эксперименттік бақылау арқылы айқындауға болады.
Бала тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы адам баласы сөйлеу әрекеттерінің ерекшеліктерін, адам баласы сөйлеуінде сөйлеу әрекеті компоненттерінің қайсысы бұрын және қай кезде қалыптасатынын, олардың шығу ретін, оған әсер ететін тілдік ортаның рөлін, ұлттық ерекшеліктердің тілдік бейнесінің көрініс беруін дәлелді байқап және де адам баласының алғашқы сөйлеуіне тән басқа да заңдылықтардың бәріне жауап табуға болады.

1. Леонтьев А.А Психолингвистические единицы и порождения речевого высказывания. -М.: Наука, 1969.-108с.
2. Выготский В.С Мышление и речь .Собр. Соч.: В 6 т. ТII.- М.: Педагогика, 1982. -260с
3. Мещеряков Б.Г., Зинченко В.П. Большой психологический словарь // Психологическая энциклопедия. - М.: Алма-Пресс. 2003. -666 с.
4. Степанов Ю.С., Эдельман Д.И. Семиотический принцип описания языка. Принципы описания языков мира.- М., 1976. -260с.
5. Аяпова Т. Т Сөйлеу онтогенезі. –Алматы, 2003. -277бет.
6. Бодуэн де Куртенэ И.А Избранные труды по общему языкознанию.- М.:АН СССР, 1963. -285с
7. Ф. де Соссюр. Курс общении лингвистики. –М., 2004.-280с.
8. Шахнарович А.М. Семантический компонент языковой способности./ Психолингвистические проблемы семантики.- М.: Наука. 1983. -285 с.
9. Гвоздев А.Н Формирование у ребенка грамматического строя русского языка.- М.: АПН. РСФСР, 1949. - 220с.
10. Штерн В. Психология раннего детства до шестилетнего возраста. Пг. 1922. –250 с.
11. Leopold W.E. Speech development of a Bilingual Child: V.2. -Evanston, 1947. -V. 3. Evanston, 1949. –P. 9-241.
12. Stampe D. The acquisition of phonetic representation. Papers from the fifth regional meeting. Chicago, Linguistic Society, 1969. 443-444рр.
13. Olmsted D.L. Out of the mouth of babies. Еarliest stages in language learning. The Haque-Paris Mouton, 1971
14. Waterson.N. Child phonology: a prosodic view. Journal of linguistic.1971
15. Moskowitz.B. The acquisition of phonology. University of California, Berkely, 1971
16. Hall Gas. Aspects of child life and education. N4 appleton 1907.- p.195
17. Рыбников Н. Язык ребенка.- М.: Педагогическая библиотека. 1920. -- 90с.
18. Аймауытов Ж. Псиқология. - Алматы: Рауан, 1995. -312 бет.
19. Ж±мабаев М. Педагогика. -Алматы: Ана тілі, 1992. –156 бет.
20. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. –Алматы, 1982.-247б
21. Оразбаева Ф. Тілдік ќатынас: теориясы жєне єдістемесі. –Алматы, 2000.-207 б.
22. Аяпова Т.Т. Сөйлеу әрекеті онтогенезі: синтаксистік семантика. Док. дис. –Алматы; 2003, -305 бет.
23. В.фонГумбольдт. О мышлении и речи. Избранные труды по языкознанию. -Москва: Прогресс, 1984 .-315
24. В.фон Гумбольдт. Характер языка и характер народа. /Язык и философия культуры. –Москва: Прогресс, 1985.-350 с.
25. Потебня А. Мысль и язык. -Харьков ,1913. -250с
26. Березин Ф.М. История лингвистических учений. Москва, Высшая школа, 1975. –351с.
27. Потебня А.А. Из записок по русской грамматике. Т1-2. М., 1959.-288с.
28. Ломтев А.А. Общее и русское языкознание. М., 1976.-320 с.
29. Колшанский Г.В. Соотношение субъективных и объективных факторов в языке М., 1975.-258 с.
30. Хэмп Э. Словарь американской лингвистической терминалогии М., 1964.-415 с.
31. Хомский Н Синтаксические структуры // Новое в лингвистике. Вып.2, М., 1938.- 235 с.
32. Дж. Лайонз. Язык и лингвистика. -Москва, 2004. –317 с.
33. Щерба.Л.В. О трояком аспекте языковых явлений и эксперименте в языкознаний. –Москва: Наука, 1974. –345 с.
34. Кацнельсон.С.Д. Филология языка и речевые мышление. –Ленинград: Наука, 1972. –280 с.
35. Кубрякова Е.С. Номинативный аспект речевой деятельности. -М.: Наука, 1986.- 250 с.
36. Акимова Е.П. Психолингвистический анализ синтаксических структур детской речи. Автореф.дис.к.ф.н. М., 1988. – 32с.
37. Краевская Н.А. Семантическифй компонент внутренний программ. речевого высказывания. Авт. к.ф.н. М., 1981. –33 с.
38. Гасица А.А. Ассоциативная структура значения в онтогенезе. Автореф. к.ф.н. Ленинград., 1990.-34 с.

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАЃЫ ЌАЗАЌ ХАЛЫЌАРАЛЫЌ ЌАТЫНАСТАР ЖЄНЕ ЄЛЕМ ТІЛДЕРІ
УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 811. 512. 122-23 Қолжазба
құқығында
БУКАБАЕВА БАКЫТГУЛЬ ЕРДЕСБАЕВНА
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ ОНТОГЕНЕЗІ: ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ
10.02.19- тіл теориясы
Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
Д И С С Е Р Т А Ц И Я
Ғылыми жетекші:
филология ғылымдарының
докторы,
профессор Т.Т.Аяпова
АЛМАТЫ
2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 3
1. АДАМ БАЛАСЫ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ ОНТОГЕНЕЗІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Отандық және шетелдік ғалымдардың сөйлеу әрекеті онтогенезін зерттеу
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 3
1. Сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық мағынаның шығып
қалыптасуындағы тілдің негізгі қызметі және оның қалыптасу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2. Сөйлеу әрекеті онтогенезінде тіл мен ойлау ара қатысы
... ... ... ... ... .30
3. Сөйлеу әрекеті онтогенезінде алғашқы сөйлемдердің шығуы ... ... ... 40
1.2 Сөйлеу әрекеті компоненттерінің алғашқы шығуы, қалыптасуы
және олардың дамуындағы тілдік ортаның рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ..47
1.2.1 Сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық мағынаның қалыптасу
барысындағы грамматикалық компоненттің дамуы ... ... ... ... ... ... 54
1.2.2 Сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық
мағынаның қалыптасу барысындағы дыбыстық
компоненттің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ БІРІ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУ ЖҮЙЕСІ
1. Сөз мағынасының онтогенезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
1. Сөз мағынасының адам баласы тілінде алғашқы даму барысы ... ... ... 85
2. Эксперимент нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100
3. Алғашқы лексикалық мағынаның қалыптасуына әсер ететін
факторлар және оның қалыптасуындағы ұлттық ерекшеліктердің
алғашқы көрінісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..117
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...122
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...124
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .129
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..138
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Сөйлеу әрекеті компоненттерінің бірі -
лексикалық мағынаның онтогенезін зерттеу адам баласы тілінің шығуының
ерекшеліктерін тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді, өйткені лексикалық
мағына сөйлеу әрекетінің басқа да компоненттерімен бірге кешенді түрде
көрініп, универсальды сипатқа ие болады. Лексикалық мағына онтогенезде
сөйлеу әрекеті компоненттерінің алғашқысы синтаксистегік семантикадан
кейін, ал грамматикалық мағына мен сөйлеудің дыбысталу жолдары
компоненттерінен бұрын шыққанымен, оның қалыптасуы мен дамуы – ұзақ
процесс, өйткені бұл құбылыс адам баласының когнитивті дамуымен тікелей
байланысты.
Ұсынылып отырған жұмыста сөйлеу әрекеті компоненті лексикалық мағына
мәселесінің тек лексикалық мағынасының онтогенезі, яғни адам баласы тілінде
сөз мағынасының шығуының алғы шарттары, алғашқы көрінісі, даму үрдісі және
қалыптасу мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ лексикалық мағынаның
онтогенезде шығу, қалыптасу және даму барысында тілдің негізгі қызметтері
мен олардың қалыптасу жүйесі, грамматикалық мағына, сөйлеудің дыбысталу
жолы компоненттерінің даму барысы, тілдік ортаның рөлі, ұлттық
ерекшеліктердің алғашқы көрінісі және әсер ететін факторлар эксперимент
арқылы айқындалады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сөйлеу әрекеті адам баласының қоршаған
ортамен танымдық және практикалық жағынан тығыз байланыста іске асатын
әрекеттерінің ішіндегі маңыздысы болып табылады. Сөйлеу әрекеті тілдік
құбылыстың динамикалық тұрғыда қалыптасуын қарастыруға мүмкіндік береді.
Ересек адамның сөйлеу әрекетін зерттеуде дайын қалыптасқан тілдік
құбылыс қарастырылса, сөйлеу әрекеті онтогенезі адам баласының сөйлеу
механизмдерінің бастапқы кезеңде шығып қалыптасуының өзіндік сипаты бар
ерекшеліктерін тек эксперименттік бақылау арқылы айқындауға болады.
Бала тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы адам баласы сөйлеу
әрекеттерінің ерекшеліктерін, адам баласы сөйлеуінде сөйлеу әрекеті
компоненттерінің қайсысы бұрын және қай кезде қалыптасатынын, олардың шығу
ретін, оған әсер ететін тілдік ортаның рөлін, ұлттық ерекшеліктердің тілдік
бейнесінің көрініс беруін дәлелді байқап және де адам баласының алғашқы
сөйлеуіне тән басқа да заңдылықтардың бәріне жауап табуға болады.
Бала тілі - қызықты, өзекті, көп жүйелі мәселе, сондай-ақ бала тілі түрлі
лингвистикалық және әдістемелік мәселелерді айқындау кілті болып табылады.
Cөйлеу әрекетінің негізгі арқауы – тіл. Тілге тән заңдылықтардың бәрін,
яғни оның даму және қалыптасу барысын адам баласы сөйлеу әрекетінен байқай
отырып, терең зерттеп білуге мүмкіндігі зор. Бұл ғылыми- теориялық
тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, эксперимент арқылы ғана нәтиже беретін
күрделі тіл білімі мәселелерінің бірі.
Cөйлеу әрекеті – кешенді құбылыс, бірнеше ғылым салаларының зерттеу
объектісі. Адам баласы сөйлеу әрекеті онтогенезін жалаң лингвистикалық
тұрғыдан зерттеу мүмкін емес, өйткені бала тілінің шығуы мен дамуының cебеп-
салдары адам баласының физиологиялық дамуы және өзінің тілдік ортасымен
қарым-қатыстың дамуымен де байланысты болады. Сондықтан осы зерттеу
жұмысында сөйлеу әрекеті онтогенезі лингвистикалық тұрғыдан қарастырыла
отырып, психолингвистикалық және лингвистикалық түбегейлі зерттеулер
тұжырымдары арқау етілді.
Зерттеу жұмысымыздың барысында сөйлеу әрекеттерін психолингвистикалық
және лингвистикалық тұрғыдан әр қырынан талдап зерттеу негізінде маңызды
теориялық тұжырымдар жасаған Ф.де Соссюр, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
А.А.Леонтьев, Е.Кларк, Д.И.Слобин, А.М.Шахнарович және Е.С.Кубрякова,
Т.Т.Аяпова сынды ғалымдар еңбектері негізге алынды. Сонымен қатар сөйлеу
әрекеті мәселесін физиологиялық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан
қарастырған И.М.Сеченов, М.М.Кольцова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
А.Байтұрсынов, М.Мұқанов, А.Х.Темірбеков, Ф.Оразбаева және т.б. ғалымдар
еңбектері пайдаланылды.
Соңғы жылдары сөйлеу әрекетінің онтогенезде даму ерекшелігі мен
қалыптасуына лингвистердің ғылыми қызығушылығы артып, өздерінің ең маңызды
зерттеу объектілерінің бірі етіп алғанын әлем ғалымдарының көптеген
еңбектерінен байқауға болады [56,67,97,111,124].
Әлемдік және отандық ғалымдар зерттеулерінде баланың алғаш сөйлеуі, яғни
алғаш тілінің шығуы қарапайымнан күрделілене түсетіні айқындалған.
Сөйлеудің онтогенезде дамуы және қалыптасуы баланың өз ортасымен, яғни
адаммен, затпен қарым-қатынасы арқылы таным деңгейінің өсуіне тығыз
байланысты екендігі баса көрсетілген.
Зерттеулер деректеріне сүйенсек, баланың алғашқы іс-әрекеті нәресте
кезінде-ақ басталады. Бұл іс-әрекет алғаш эмоциональдық қарым-қатынас
түрінде анасымен тікелей байланыста көрінеді де, күн сайын бала өмірінде
қарым-қатынас жасаудың маңызы арта түседі. Бала танымы өскен сайын ойлау
қабілеті дами бастайды да, оның сөйлеуге деген қажеттілігі ұлғаяды.
Cөйлеу әрекеті онтогенезін зерттеуде ескеретін бір ерекше жайт,
зерттеушілер кейінректе бала тілін зерттеуде, көбінесе, грамматикалық,
лексикалық құбылыстардың хронологиялық сипатына емес, тілдік категория
жүйесінің қалыптасу механизмдерін айқындауға сүйенеді.
Сөйлеу онтогенезінің зерттелу тарихына қысқаша тоқталсақ, сөйлеу әрекеті
нейрофизиология, психология сынды көптеген ғылымдардың зерттеу нысаны болып
келген, ұсынылып отырған жұмыс лингвистикалық зерттеу болғандықтан тек тіл
ғылымы ауқымындағы зерттеу жұмыстарына мән беріле отырып, басқа ғылым
салаларының зерттеу нәтижелері қажетті түрде қолданылды.
Сөйлеу әрекетінің түрлі аспектілеріне арналған еңбектер зерттеу нысанына
байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мәселен, дәстүрлі лингвистикалық
зерттеулерде бала тіліндегі жеке фактілер алынып, олардың тілде пайда болу
уақыты (қай элементтер бала тілінде ерте, қайсылары кеш пайда болады),
олардың қызметтері, қолданылу жиілігі анықталады. Басқаша айтқанда, баланың
тіл элементтерін меңгеруінің қарапайым сатылары беріледі. Бала тілі дамуын
бұлайша зерттеу тілдік фактілерді, олардың табиғатын танытпай, тек атап
қана қоюмен шектеледі. Мұндай зерттеулерге В.М.Павлов, А.Н.Гвоздев
еңбектерін жатқызуға болады.
Соңғы жылдары лингвистика ғылымы сөйлеу әрекеті онтогенезін зерттеуде
бала тілінің қалыптасуы мен дамуын баланың жалпы психикалық дамуымен, ойлау
қабілетінің қалыптасуымен, практикалық іс-әрекетімен бірлікте қарай
бастады. Мұндай еңбектерге бала тіліндегі тілдік фактілердің қалыптасуына
әкелетін ішкі ќ±былыстар мен механизмдерді ашуға талпыныс тән. Бұл көзқарас
А.М.Шахнарович, Е.И.Исенина, Е.Н.Лепская, М.М.Кольцова, Т.Т.Аяпова т.б.
еңбектерінде көрініс табады. А.М.Шахнарович еңбектері негізінен сөйлеу
әрекеті онтогенезіндегі тілдік белгілердің семантикасының дамуына арналса,
Е.И.Исенина бала тілі дамуының сөйлеуге дейінгі кезеңін зерттеу нысаны
етіп алады. Н.И.Лепская өз ізденістерін тілдік коммуникация онтогенезіне
арнаса, яғни баланың анасымен алғашқы қарапайым қатынасынан қоршаған
ортамен қарым-қатынасына дейінгі сатыларды айқындаса, Т.Т.Аяпова сөйлеу
әрекеті онтогенезінде синтаксистік-семантиканы негізгі алғашқы компонент
ретінде қарастырып, эксперимент негізінде дәлелдейді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере келе, сөйлеу онтогенезін
экспериментальды, ғылыми негізде жан-жақты зерттеудің тіл теориясына
қосатын үлесі мол екенін байқадық. Бала ойының жетіліп, оның белгілі бір
мағына білдіруі – бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі құбылыс, сондықтан
адам баласы сөйлеу әрекетінің даму сатыларын зерттеп көрсетіп, теориялық
негіздерін айқындау қазіргі кезде психолингвистиканың өзекті мәселелерінің
қатарына жатады. Осы мәселелерді тіл ғылымында жан-жақты зерттеп,
анықтамасын беру – бүгінгі таңда тіл білімі саласына аса қажет. Өйткені,
бала тілін лингвистикалық тұрғыдан қарастыру-оның негізгі даму заңдылықтары
мәселесін, әсіресе, сөйлеу әрекеті компоненттерінің қайсысы бұрын, қайсысы
кейінірек шығып, дами қалыптасатынын айқындауға мүмкіншілік туады.
Бала тілінде лексикалық мағынаның алғашқы көрінісі және оның даму барысы
мәселесіне когнитивті, психолингвистикалық, нейролингвистикалық тұрғыдан
кешенді түрде лингвистикалық сараптама жасау бүгінгі таңда тіл білімі
саласына аса қажет.
Біріншіден, бала тіліне жүгіну, әсіресе, бала тілінде лексикалық
мағынаның алғашқы шығуы мен қалыптасуын түбегейлі қарастыруға, адам
баласының сөйлеу тілінің қалыптасу табиғатын айқындауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, осындай тілдік, теориялық жаңа проблемаларды және оның
нәтижелерінің практикалық қолданыстарын көрсететін зерттеуге арналған бұл
еңбек тіл ғылымының дамуына оның ішінде қазақ тіл біліміне өз үлесін
қосады.
Үшіншіден, тіл білімінде сөз мағынасын меңгеру- адам баласының сөйлеуі
мен ойлауының күрделі туындысы. Бұл ќ±былыс табиғаты - адам баласының
қоршаған ортаны танымы арқылы көрініс беретін іс-әрекет - сөйлеу әрекеті
онтогенезін қарастыруға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, баланың мектеп жасына дейінгі ойлауы мен танымы интенсивті
түрде дамып отырады. Сондықтан бала тіліндегі сөз мағынасының шығып
қалыптасуын сараптау, бала дамуының әр кезеңінде сөз мағынасын меңгеру
барысыныњ және баланың ана тіліндегі сөз мағынасын меңгеру ерекшеліктерін
анықтауда маңызды ғылыми әрі экспериментальді зерттеу нәтижелерін береді.
Сондай-аќ сөйлеу әрекеті онтогенезінде адам баласының тілінде алғаш сөз
мағынасының шығу, даму және қалыптасуын қарастыру сөйлеу мен ойлаудың ара
қатыс мәселесін түсінудің жемісті жолының бірі болып табылады.
Әлемдік ғалымдар зерттеулерінде бала ойлауы мен сөйлеуі генетикалық
тұрғыдан қарастырылып, оның себеп-салдарына мән берілген. Сөз мағынасы
мәселесін пайымдау ретінде түсініп, яғни оның шығуы адам баласының өзі
тұрған жағдаятты пайымдаудан басталып әр кезеңде ойлаудың жүйелі дамуын
қамтамасыз ететін логикалық мағына жүйесіне жетелейтіні бұл мәселенің
ерекшелігін көрсетті. Осы бағытта бізге бала тілінде сөз мағынасының
алғашқы шығуы мен дамуын динамикалық тұрғыда қарастырып, оның шығу және
даму барысын теориялық, практикалық және эксперименттік тұрғыдан анықтауға
бізге мүмкіншілік туады. Сондықтан ұсынылып отырған жұмыс сөз мағынасының
қалыптасуын онтогенезде қарастыру арқылы адам баласының тілінің шығып
қалыптасуын, құрылымын және қызметін анықтауда ғылыми сүбелі әрі маңызды
мәселелер шешімін табуға арналады.
Сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық мағынаның шығуы мен қалыптасуын
зерттеу тілдің шығу ерекшеліктерін тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді,
өйткені көрсетілген лексикалық мағыналар универсальды сипаттарға ие болып,
онтогенездің ерте кезеңдерінде пайда болады. Бірақ лексикалық мағыналардың
бала тілінде ерте шыққанымен, оның қалыптасуы мен ұстаруы ұзақ процесс.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыз сөйлеу әрекеті онтогенезінде алғашқы
лексикалық мағыналардың шығу, даму және оның қалыптасу заңдылықтарын
зерттеуге бағытталады.
Сөз мағынасының онтогенезде шығып қалыптасуын біз баланың зат пен тілдік
танымының ерекшеліктерімен жүзеге асырылатын іс-әрекеті деп танимыз.
Зерттеу жұмысымызда бұл процесс екі тұрғыда қарастырылады:
а) бала тілінің шығу кезеңінде алғашқы сөйлемдеріндегі сөз мағыналарының
көрінісі және оның шығуы - тілдік ортадағы баланың сөйлеу әрекетінің
нәтижесі.
б) баланың жас ерекшелігіне және танымдық деңгейінің жетілуіне қарай
алғашқы сөйлемдеріндегі сөз мағыналарының жетілуі.
Зерттеудің нысаны. Сөйлеу әрекеті онтогенезіндегі - бала тілі. Адам
баласы тілінің алғаш шығуында сөйлеу әрекеті онтогенезінің
компоненттерінің бірі - лексикалық (сөз) мағына.
Зерттеудің пәні. Сөйлеу әрекеті онтогенезінде алғашқы сөйлемдердегі
сөз мағынасының шығу, даму және қалыптасу заңдылықтарын лингвистикалық
тұрғыдан талдау, сондай-ақ, оның шығуындағы тілдік ортаның рөлін және
қалыптасуындағы ұлттық ерекшеліктерді эксперимент арқылы айқындау.
Сµздіњ лексикалыќ маѓынасыныњ ќ±рылымдыќ жаѓын сµйлеу єрекеті
онтогенезінде ќарастыру ењ к‰рделі де ќызыќты мєселелердіњ бірі. Ол адам
баласы алѓаш тілі шыќќанда семасиология мєселелері, яѓни т‰сінік, ±ѓым,
маѓына жєне сµздіњ табиѓаты, олардыњ араќатынасы. Сµздіњ лексикалыќ
маѓынасыныњ ќ±рылымдыќ элементтері – денотаттыќ, сигнификаттыќ
компоненттерін жєне олардыњ бала тілі шыѓуындаѓы сипатын арнайы
ќарастырдыќ.
Адам баласы тіліндегі алғашқы лексикалық мағынаның көрінісі, оның шығу,
даму және қалыптасу сатыларын, заңдылықтарын эксперимент нәтижелері арқылы
анықтау, тіл біліміне жаңа бір маңызды ғылыми тұжырымдар арқылы үлес қосу
зерттеу ж±мысымыздыњ маќсаты болып табылады.
Зерттеудің көрсетілген мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- сөйлеу әрекеті онтогенезінің лингвистикалық, когнитивті
лингвистикалық, психолингвистикалық, нейролингвистикалық зерттеу
бағыттарына шолу жасай отырып, оларды сыни, тарихи тұрғыдан қарап,
зерттеу жұмысымыздың негізін қалау;
- сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық мағынаның шығуы, дамуы және
қалыптаса бастауында тілдің қызметі мен жүйесін сондай-ақ, оның адам
баласы ойлау түрлерінің қайсысында болатынын және адам баласының
алғашқы сөз сөйлемдерінде, яғни сөйлеу әрекеті онтогенезінің
синтаксистік-семантикалық компонентінде көрініс беруін көрсету;
- сөйлеу әрекеті онтогенезіндегі алғашқы лексикалық мағынаның шығу,
даму және қалыптасу барысында сөйлеу әрекетінің басқа
компоненттерінің (грамматикалық мағына, сөйлеудің дыбысталу жолы)
даму барысын анықтау;

қалыптаса бастауында тілдік ортаның рөлін көрсету;
- т‰сінік, ±ѓым, маѓына жєне сµз категорияларыныњ лингвистикалыќ
табиѓатын аныќтау;
- сµз маѓынасыныњ макрокомпоненттері денотаттыќ мен сигнификаттыќ
бµліктерініњ табиѓатын бір-бірініњ араќатынасы мен айырмашылыќтарын
ќарастыру,
- сөйлеу әрекеті онтогенезінде алғашқы сөз мағынасының шығу, қалыптасу
мен даму сатыларын, заңдылықтарын, оның қалыптасуындағы ұлттық
ерекшеліктерді, оның дамуына әсер ететін факторларды және
информанттардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, эксперимент арқылы
айқындау.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін қазақ тілді балалардың тілінің
шығып қалыптасуын анықтауда екі бақылау және бір экспериментті топқа
дайындалған материалдар қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бүкіл әлемдік ғылымда сөйлеу әрекеті 40-тан
астам тілде зерттелген. Соның ішінде түркі тілді тобынан қазақ балаларының
тілін зерттеу - жалпы тіл біліміне алғаш қосылған үлес. Сөйлеу әрекетінің
онтогенезін, оның ішінде лексикалық мағына онтогенезін қарастыру қазақ тіл
білімінде алғаш болғандықтан бұл - жаңа ғылыми үрдіс. Диссертацияда сөйлеу
әрекеті онтогенезінде лексикалық мағынаның түрлі лингвистикалық себептері
когнитивті, психолингвистикалық аспектілерде пайда болып, қалыптасатындығы
көрсетіліп, әдебиеттер жүйеге келтірілді. 1,0-1,5; 2,5; 3,0-3,5 жас
аралығындағы информанттардың тілінің шығуында сөз мағынасының алғышарттары,
алғашқы көрінісі, пайда болуы және дамуының сатылары, заңдылықтары,
ерекшеліктері эксперименттік бақылау арқылы айқындалды. Адам баласы сөйлеу
әрекетінде пайда болатын компоненттерінің алғашқысы синтаксистегі семантика
болса, одан кейінгі компонент лексикалық мағына сөйлеу әрекетінің дыбыстық
және грамматикалық компоненттерімен қабаттасып, үстемдік жасай отыра
дамитындығы сараланды. Сµздіњ лексикалыќ маѓынасыныњ адам баласы тілініњ
алѓаш шыѓуындаѓы ќ±рылымдыќ сипатын зерттеп, т‰сінік, ±ѓым, маѓына, сµз
категорияларына талдау жасалды. Сµз маѓынасыныњ макрокомпоненттері
денотаттыќ, сигнификаттыќ ќ±рылымдардыњ табиѓаты ќарастырылып, олардыњ бір-
бірініњ араќатынасы мен айырмашылыќтары т‰сіндірілді. Сонымен қатар, сөйлеу
әрекеті онтогенезінің алғашқы сатысында ұлттық ерекшеліктер барлық
компоненттерге тиесілі болғанымен, олардың шығып дамуында айырмашылықтар
болатыны көрсетілді. Сөйлеудің дыбыстық жолы сөйлеу әрекеті компонентінің
қалыптасуында баяу жетілетін компонент болса, сөйлеу әрекетінің ұлттық
ерекшелігінде алғашқы болып көрініс беретіні анықталды. Бала тілінде тілдік
компоненттердің шығып қалыптасуына тілдік ортаның, яғни балаға бағытталған
тілдің (ересек адамның балаға сөйлеуі) маңызды екені тағы бір дәлелденді.
Зерттеу нәтижесінде қазақ тіл білімі саласына жаңа лингвистикалық
терминдер: лексикалық мағына онтогенезі; адам баласының тілінің шығуы;
алғашқы лексикалық мағына; сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық
мағынаның қалыптасуы; сөйлеу әрекеті онтогенезінде сөз мағынасының ұлттық
ерекшеліктерінің алғашқы көрінісі қосылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Сөйлеу әрекеті онтогенезінде сөздің
алғашқы мағынасының шығу, қалыптасу және дамуының лингвистикалық сипатын
ашу, қалыптасуына әсер ететін тілдік ортаның рөлін, көрініс беретін ұлттық
ерекшеліктерін айқындау бұрын-соңды арнайы зерттеу нысаны болмады.
Сондықтан, бұл зерттеудің теориялық тұрғыдан жалпы тіл білімі ғылымына,
қазақ тіл біліміне, оның ішінде лексикологияға, сол сияқты тіл білімінің
басқа салаларына өзіндік үлесі болады деп санаймыз. Сонымен қатар
диссертацияның зерттеу материалдары, теориялық жиынтығы мен қорытындылары
психолингвистика, психология, педагогика ғылымдары салаларына үлес қосады.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы тіл білімі,
қазақ тіл біліміндегі лексикология курстарында, психолингвистика,
дефектология, педагогика мәселелеріне байланысты ғылыми зерттеулерде, шет
тілін оқыту психологиясы, психолингвистика пәндерін оқытуда, сондай-ақ
баланың когнитивті және тілдік дамуының жалпы деңгейін анықтауға
диагностикалық әдіс-тәсілдерді әзірлеуде пайдалануға болады.
Зерттеудің теориялық негізі. Еңбекте адам баласы алғаш тілінің шығуында
сөз мағынасын меңгеру ерекшеліктерін анықтауда қазіргі отандық, әлемдік
ғылыми зерттеу жетістіктері ұтымды пайдаланылды. Жұмыстың теориялық негізін
Л.С.Выготский, А.А. Леонтьев, А.М.Шахнарович, Е.С.Кубрякова, А.Байтұрсынов,
М. Жұмабаев, М.Мұқанов, Ә.Т.Қайдаров,Т.Т.Аяпова сынды ғалымдар еңбектері
құрайды.
Зерттеу материалдары ретінде жұмыста баланың лексикалық мағынаны
меңгеруін анықтау үшін 90 информанттан алынған 90 тілдік материалдар
негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Ұсынылып отырған диссертациялық еңбекте лингвистикалық,
психолингвистикалық, нейролингвистикалық ғылыми зерттеулерді жүйелі
сараптауда сыни талдау әдісі, алғашқы сөз мағынасының шығып даму сатыларын
көрсетуде дескрептивті єдіс, эксперименттік бақылау әдісі, эксперимент
нәтижелерін талдап, қорытындылау, сипаттау әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
- сөйлеу әрекеті онтогенезінде алғашқы лексикалық мағына баланың қоршаған
ортамен қарым-қатынасқа түсуінде, ересек адамдармен бірлескен іс-әрекетінде
қалыптасады;
- бала сөз мағынасын өзінен-өзі меңгермейді, оның тілінде алғашқы сөз
мағынасының пайда болып, дамуы үшін тарихи-қоғамдық, ата-баба тәжірибесі
арқылы қалыптасқан дайын тілдік орта бар;
- лексикалық мағына сөйлеу әрекеті онтогенезінде баланың физиологиялық
танымдық, когнитивтік дамуында шешуші рөл атқарады;
- сөйлеу әрекеті онтогенезінде лексикалық компоненттіњ ќалыптасу барысы
сөйлеудің дыбысталу жолы мен грамматикалық мағыналардың шығуы мен
қабаттаса отырып, оларѓа ықпалын тигізеді;
- алғашқы лексикалық мағынаның шығуына және дамуына көптеген тілдік және
тілдік емес факторлар әсер етеді;
- бала мағынаны өз референтімен ұштастырған кезде, затты белгілі бір
категорияға жатқызған уақытта сөз мағынасы қалыптасады;
- бала тілінде сөз мағынасын меңгеру барысы синкреттік бейнелерден
басталып, бірнеше кезеңдерден өту арқылы өз жас шамасына қарай ересектер
тіліндегі сөз мағынасына көтеріледі. Баланың заттар мен құбылыстар
арасындағы байланысты түсінуі біршама деңгейгежоѓарылайды;
- бала тіліндегі сөз мағынасы қарапайымнан күрделенуге, заттың
формасынан қызметіне қарай жылжу арқылы дамиды;
Зерттеу базасы. Эксперименттік тәжірибенің алғашқы кезеңі 2002-2003
жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының “Әлия”, “Яссы”,
“Сауле” бала бақшаларында 1,0-2,5 жастағы балалардың сөз-сөйлемдері
жазылды. Сонымен қатар 10 отбасының, 10 балабақшаның 1,0-2,5 жас
аралығындағы балалардың айтқан сөз-сөйлемдері ата-анаға немесе балаға
қарайтын адамға берілген бақылау сауалнамасы арқылы жазылды.
Эксперименттік тәжірибе жұмысының келесі кезеңінде 2003-2004 жылдары
аталмыш балабақша және 10 отбасының 1,0-2,0-2,5 жас аралығындағы 30 баланың
сөйлеуіндегі сөз сөйлемдері 90 сөзден тұратын 6 түрлі тақырыптық сөздікке
сүйене отырып ата-анаға немесе балаға қарайтын адамға берілген бақылау
сауалнамасы арқылы жазылды.
Эксперименттік тәжірибенің қорытынды кезеңінде 2004-2005 жылдары аталмыш
балабақшаға баратын 2,0-2,5-3,5 жас аралығындағы 30 баланың суретті
жағдаяттар бойынша берген сөз сөйлемдері, сөздері тәжірибеге енгізілді.
Зерттеу жұмысының кезеңдері.
Бірінші кезеңде (1996-2001 жж.) зерттеу жұмысы бойынша ғылыми-теориялық
материалдар жинақталып талданды, жүйеге келтірілді, жұмыстың ғылыми
аппараты айқындалды; эксперименттік тәжірибеге арналған бағдарлама мазмұны
анықталды;
Екінші кезеңде (2002-2005жж.) мектеп жасына дейінгі 1,0-3,5 жас
аралығындағы балалардың арасында эксперимент жүргізілді; эксперимент
нәтижелері мен еңбектердің ғылыми және ұғымдық жағы салыстырылып, теориялық
және практикалық жұмыстар жасалынды;
Үшінші кезеңде (2004-2005 жж.) жұмыстың ғылыми аппараты жаңа
зерттеулермен толықтырылып, эксперименттік тәжірибе жұмысының соңғы
аяқтаушы кезеңі өткізілді, ғылыми жұмыстың мазмұны жүйеленді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
эксперименттен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалардан
тұрады.
Зерттеудің жариялануы мен мақұлдануы. Жұмыстың жалпы мазмұнын құрайтын
негізгі тұжырымдары мен нәтижелері ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда, атап айтқанда, “Шоқан Уалиханов-ағартушы, ғалым,
зерттеуші” атты халықаралық ғылыми конференцияда (Алматы, 2005), белгілі
қазақстандық ғалым М.М.Копыленконың 85 жылдығына арналған “Тіл әлемі” атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2005), “Қазіргі
таңдағы ғылым мен білім” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда
(М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты. Шымкент,
2005) баяндалды. Орталық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда
диссертацияның жалпы мазмұнын қамтитын 9 мақала жарияланды. Оның сегізі ЌР
Білім жєне Ѓылым Министрлігі Білім жєне Ѓылым саласындаѓы ќадаѓалау жєне
аттестатту комитетініњ басылымдарында: “Ұлт тағылымы”; Қ.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ Хабаршысындағы 2005, 2006 ж.ж.; Абылай хан атындағы Қазақ МХҚжӘТУ
Хабаршысы-2006; “Ақиқат” басылымдарында және “Қазақстан мектебі” жұрналында
жарық көрді.

бағыттары
Қазіргі таңда тілдік құбылыстарды олардың жүйелік байланысын, шығуын,
дамып қалыптасуын жете танып-білуге көмектесетін сөйлеу әрекеті онтогенезі
негізінде қарастыру зор қолдау тауып отыр. Отандық және шетелдік тіл
білімінде тілдерді кешенді түрде зерттеу әдісі кең көлемде жүргізіліп өз
нәтижелерін беруде. Себебі тілдің теориялық және әлеуметтік маңызы тіл мен
сөйлеуді сөйлеу әрекеті мәселесі ретінде алып қарағанда ашылады.
Тіл - адамдардың қатынас құралы ретінде қалыптасатыны белгілі. Тіл
адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің
арқауы болып табылады. Тіл - қоғамдық болмыс және өзінің заттық болмысы
ретінде екі жақтың бірлігі: бірі жеке (адамның) тұлғаның сөйлеу әрекеті
объективті негізі болса, екінші жағынан оның арнайы, тепе-теңді әрекеті
болып табылады.
Сөйлеу әрекетін ғылыми-тәжірибелік тұрғыда зерттеу тек қана
психолингвистиканың, психологияның мәселесі болып қана қоймай, сонымен
қатар лингвистиканың да зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Сөйлеу әрекетін зерттеген ғалымдардың ойларын саралай келсек, сөйлеу
әрекеті дегеніміз, ол – адамның белгілі бір хабарды, ойды, ақпаратты
баяндауы, яғни екінші біреуге жеткізуі. Ой, хабар, ақпарат тілдің басты
қызметі арқылы жеткізіледі. Сөйлеу әрекеті - тіл мен сөйлеудің біртұтас
бірлігі [1,40]. Сөйлеу әрекетінің басқалардан басты ерекшелігін
Л.С.Выготский: “единство общения и обобщения” [2],-деп атайды, адам баласы
қоршаған ортасымен қарым-қатынасқа тіл арқылы түседі, екінші адамға
айтатынын ойлап, пайымдап барып жеткізеді, яғни тек адам баласына тән
жоғарғы психологиялық қарым-қатынас формалары адам баласының ойлауы арқылы
шындықты пайымдаумен жүзеге асырылады.
Сөйлеу әрекеті онтогенезі дегеніміз не? Біріншіден онтогенезге берілген
сипаттамаға тоқталсақ, психологиялық энциклопедияда онтогенезге
төмендегідей түсініктеме беріледі: “Онтогенез (англ. ontogenesіs) –
развитие индивида в отличии от развития вида (филогенеза)” [3, 350].
Онтогенез – процесс порождения речи в общем и очищенном виде повторят
процесс языкового развития ребенка, филогенез – повторяет в общем и
очищенном виде процесс исторического развития ребенка” [4, 213].
Бала тілін зерттеуші ғалымдардың сипаттауы бойынша сөйлеу әрекеті
онтогенезі дегеніміз – баланың алғашқы өз ана тілінде тілінің шығуы, оның
сөйлеп үйренуінің даму жолы, яғни адамның алғашқы сөйлеу тілінің шыққан
кезеңі, түп тамыры [12, 7].
Соңғы жылдары лингвистикада сөйлеу әрекетін кешенді түрде зерттеу қолға
алынып, ол көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені сөйлеу процесі
бір ғана ерекшелікті қамтып қана қоймай, бірнешеуін қамтиды, яғни сөйлеу
ппроцессі мақсатты, қажетті болып сөйлеушінің, тыңдаушының жеке
ерекшеліктеріне, бірнеше ұрпақтың сөйлеу тәжірибесіне, оның түрлі
(биологиялық, әлеуметтік және когнитивтік) даму мүмкіндіктеріне байланысты
болады.
Сөйлеу әрекеті - кешенді түрде зерттеуді қажет ететін көптеген ғылым
салаларымен тығыз байланысты күрделі мәселе. Зерттеу объектісіне қарай
сөйлеу әрекетінің ерекшеліктері лингвистика, психолингвистика, физиология
салаларында қарастырылады.
Сөйлеу әрекеті мәселесін онтогенезде қарастыру соңғы уаќытта отандық және
шетелдік ғалымдардың үлкен қызығушылығын туғызды. Ресей ғылымында 30-шы
жылдардан бастап сөйлеу әрекеті онтогенезін кешенді түрде, яғни ойлау мен
сөйлеу әрекеті мәселесін бірге зерттеу басым болса, шетелдік лингвистика
мен психолингвистика салаларында 80-шы жылдардан бері экспериментальды және
теориялық фактілерге сүйене отырып, трансформациялық және генеративті
грамматикалар теориясының дұрыстығын анықтау зерделенді.
Ресейлік ғалымдар сөйлеу әрекеті онтогенезін зерттеуде баланың ойын
әрекеті мен заттық ара қатысын, когнитивті және ойлау қабілеттерінің
дамуын, тілдік қабілеттерінің қалыптасуын ескере отырып зерттеу
жетістіктеріне қол жеткізді.
Кеңестік дәуірде сөйлеу әрекетін зерттеу психолингвистика мектебінен
бастау алды. Психологиялық тұрғыдан бұл Л.С.Выготский, А.Р.Лурия,
А.Н.Леонтьев мектептері болса, лингвистикалық жағынан бұл И.А.Бодуэн дэ
Куртенэ және Л.В.Щерба ғылыми мектептері болып табылады. Мектептің басты
мақсаты тілді тек лингвистикалық, психологиялық тұрғыдан жеке түрде
қарастырмай бір-біріне қатыстырып кешенді түрде зерттеу болды.
ХІХ ғасырда жалпы тіл білімінде шешімін таппай жүрген қажетті
мәселелердің бірі адам баласының сөйлеуін психологиялық және әлеуметтік
тұрғыдан қатыстыра қарастыру зерттеудің басты талаптары болуға тиісті
екендігін айтты. Сондай-ақ бір тіл білімі саласын бірнеше ғылым салаларымен
байланыста зерттеу қажет екендігін өз еңбектерінде баса көрсетіп берді [6,
16-18].
Демек, тілді тек лингвистикалық тұрғыдан қарастырмай,
оны сөйлеу әрекеті
негізінде зерттеудің тіл теориясына қосары зор.
Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде ХХ
ғасырдан бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен
мәселелердің бірі екендігін Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсетті. Қай
уақытта болса да сөйлеу әрекеті орныққан жүйе мен дамуды білдіреді. Тіл
білімін зерттеуде көтерілген лингвистикалық мәселенің жүйесі мен тарихы,
яғни қазіргісі мен өткенінің айырмашылығы қарастырылады. Әрине, бұл
жаңалық емес, бірақ осы мәселені шешу жолын ХХ ғ. өзінде-ақ Ф. де Соссюр
адам баласы сөйлеу әрекеті онтогенезінен, яғни бала тілінің шығуынан
іздестіру керек деп айтып кеткен-ді [7, 34].
Бала тілінің шығуы мен қалыптасуы сөйлеу әрекеті теориясы үшін бірден бір
қажетті сала. Бала тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу – адам баласының сөйлеу
әрекеттерінің алғашқы дамуын және қалыптасу барысын айқындауға мүмкіндік
береді.
Бала тілін жан-жақты зерттеудің қаншалықты маңызды және керек екендігін
сөйлеу онтогенезін зерттеген ғалымдардың бірі А.М.Шахнарович: “...
исследование детской речи могут существенно расширить нами представления не
только об овладении языком но и а самом языке, о его функционировании в
речевой деятельности, не только о становлении познавательных и других
психологических процессов, но и об их строении, расширить наши знания о
человеке вообще”,- деп сипаттай келе, адам баласы тілінің шығу, даму және
қалыптасуында жеке мәселелерден басқа да жалпы тіл білімі мәселелері, оның
ішінде мағына мәселесі де шешімін табатынын астын сыза көрсетеді [8, 181].
Демек, бала тілін зерттей отырып, жалпы адам баласының сөйлеу әрекеті не
себепті және неде деген сауалға жауап табуға, сөйлеу әрекеті онтогенезінде
тілдік компоненттердің (грамматика, лексика, фонетика) қалай
қалыптасатынын, меңгерілетіндігін көруге болады.
Көне дәуірден осы заманға дейінгі уақытта тіл білімінде ғалымдарды
ойландырған екі мәселе – адамзат қоғамында тілдің шығуы және бала тілінде
алғаш сөздердің пайда болуы орын алып келеді. Бала тілі өзіндік айқындығы,
динамикалылығы және сиректігімен зерттеудің ерекше аймағын құрайды.
Дегенмен ол бүгінгі таңда лингвистикалық зерттеу объектісінен тысқарыңқырақ
қалып отыр.
Бала тілін теориялық тұрғыдан қарастыру екі ғасыр бұрын басталған
болатын. Ғылыми әдебиеттерге көз жүгіртсек, бала тілін жүйелі түрде зерттеу
ХҮІІІ ғ. аяғынан бастау алады. Ғалымдар, көбінесе, зерттеу информанттары
ретінде өз ұлдары мен қыздарын алған. Мәселен, 1787ж. неміс ғалымы
Д.Тидеманн өз баласының тілінің дамуын жабайы адамдардың ойлауының дамуымен
салыстыра бақылау жүргізді [152, 308].
Чарльз Дарвин [153] өз баласының бес-алты айлық және бір жас аралығында
адамның дауыс ырғағына, қимылдарына көңіл аударып түсінетіндігін, жест
арқылы қарым-қатынасқа түсетіндігін анықтаған.
ХХғ. басынан бері бала тілі активті түрде зерттеле бастады. Осы бағытта
бала тілінің шығуы мен дамуына арналған психологтардың, лингвистердің,
нейрофизиологтардың жүргізген бақылаулары мен эксперименттері көрініс
берді. Бұны Ф. де Соссюр, И.А.Бодуэн де Куртэне бастап кеткен адам
баласының сөйлеуін психологиялық және әлеуметтік тұрғыда тілдік
пайымдауларды қамти отырып, қатыстыра сөйлеу әрекеті негізінде қарастыру
ойларының нәтижесі деуге болады. Әлі күнге дейін өз бағасын жоғалтпаған
көптеген құнды зерттеулер баршылық. Осылардың қатарына А.Н.Гвоздевтің
сөйлеу онтогенезін объективті, толық және нақты зерттеу еңбегін [9, 198]
Клара және Вильгельм Штерннің баланың сөздік қорының дамуын анықтауда
жүргізген зерттеулерін [10], В.Ф.Леопольдтің баланың қос тілді меңгеруін
күнделік арқылы бақылауын және бала тілінің алғашқы көрінісі қарапайым
сөйлеу тілі - прототілден бастау алатынын анықтауын [11] жатқызуға болады.
Кеңес Одаѓы және шетелдік тіл білімінде тілді кешенді түрде зерттеу әдісі
кең көлемде жүргізіліп, олар өз нәтижелерін беруде. Бала тілін зерттеуде
психологиялық және психолингвистикалық тұрғыдан құнды бақылаулар мен терең
тұжырымдар жасаған Л.С.Выготский, Ж.Пиажелердің классикалық еңбектерінің
маңызы зор. А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, А.Р.Лурия, Д.Б.Эльконин,
Л.И.Божович еңбектері қазіргі ғалымдардың еңбектерінің классикалық ірге
тасы болып табылады. Аталмыш ғалымдардың ойларын А.М.Шахнарович,
Е.С.Кубрякова, Т.Н.Наумова, Н.В.Уфимцева, Е.Ю.Протасова, Т.М.Рогожникова
және де басқа ғалымдар жүйелі де ұтымды пайдаланып, әрі қарай дамытты. Осы
бағыттағы шетелдік зерттеулердің алғашқысы АҚШ ғалымы Станли Холдың баланың
айтқан сөзі мен ойы жайлы зерттеу жұмысы болды [16].
Структуралық лингвистика өкілдері бала тілін ғылыми түрде зерттеуді 40-шы
және 50-ші жылдары бастады. Алғашқылардың бірі болып Р.Якобсон баланың
алғашқы фонологиялық дағдылары 10-12 айлығында басталатынын көрсетсе, оның
теориясын мақұлдаушы Б.Московиц, өздерінің фонологиялық теориясын
ұсынушылар Д.Стэмп, Д.Л.Ольмстед, Н.Уотерсондар болды [12], [13], [14],
[15].
Бала тілін лингвистика салаларының бірі грамматикалық тұрғыдан қарастыру
Р.Браун, Н.Хомскийдің 60-шы жылдары жүргізген зерттеу еңбектерінен орын
алды. Бала тілінде синтаксистің даму ерекшеліктері лингвистика саласының
межесі болды.
Бала тілінің шығуы мен дамуын жүйелі түрде бақылау бала психикасының
негізгі ерекшеліктері мен өзіндік қүндылықтарын байқауға мүмкіндік
беретінін Н.Рыбников көрсете отырып, бала тілін зерттеу лингвистикаға да
сүбелі жаңалықтар қосатынын нақты көрсетеді [17].
ХХ ғасырдың қазақ зиялылары да тілдің шығу мәселесіне біраз сипаттар
беріп кеткен-ді. Мәселен, бұрынғы психологиялық еңбектерде тілдің қайдан
шыққаны туралы екі түрлі пікір болған: сөйлеу - жоғарыдан берілген сый,
“Құдай сөйлесін деп бізге тіл берді”, екінші пікір: адамның келісіп,
үйлесіп сөйлеуі сол Берекенің нәтижесі” делінген. Ж Аймауытов осы
пікірлерді топшылай отырып: “ тіл-ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал; тіл
біржола, бір күнде, бір жылда туған жоқ, бірте-бірте дамып, өркендеп
жетілді,”- деген тұжырымға келеді. Ғалым адам тілінің өркендеуінің үш
дәуірін сипаттай келе, тілдің алғашқы дәуірі “жанның түрлі күйін”
білдіретін дыбыс, яғни адамның қандай күйге түскенін маңайдағы басқа
адамдарға білдіруін сөйлеудің бастауы деп пайымдайды. Адам тілінің
өркендеуінің екінші дәуірінде адам көзі көрген нәрселердің дыбысына
еліктеуге талпынып, сол еліктеп дыбыс шығару арқылы нәрселерді ұғады.
Мәселен, найзағайдың шартылын, судың сарқырауын, аңдардың дыбысын-бәрін де
еліктеп атайды. Үшінші дәуірде нәрсе мен дыбыс арасындағы байлау үзіледі.
Адам нәрсені атау үшін дыбысына еліктемейді; басқа бір белгісін, басқа бір
нәрсесіне сүйеніп атауға айналады деп тиянақты сипат бере отырып, адам
тілінің осылайша өркендеген үш дәуірін бала да басынан кешіретінін
көрсетеді [18]. Ғалымның психологиялық тұрғыдан қарастырған тілдің өркендеу
жолындағы басты-басты дәуірлерін бала тілін бақылау арқылы талдасақ, тілдік
дамуды тіл білімінде зерттеу құнды мағлұматтар берері сөзсіз. Олай
дейтініміз, аталмыш дәуірлерде сөйлеу әрекеті компоненттерінің қайсысы
бұрын, қайсысы баяу, қайсысы активті түрде қалыптасатынын көруге болады.
Жан көріністерін, М. Жұмабаев тап-тапқа бөле отырып, ересек адам
әсерленулері мен баланың әсерленулері арасындағы айырманы, жанның жайын
жарыққа шығару үшін қажетті құрал - тілді сипаттауда бала тілінің өзіндік
ерекшелігін, даму кезеңдерін жас айырмамен көрсете отырып, бала тілін
ұстартуда ескерілетін жағдаяттарға зор мән бергізеді [19].
М.Мұқановтың баланың нәресте мен бөбек жасындағы психикалық дамуын
нәрестенің тілінің шығуымен, сөйлеу қабілетімен, заттың атқаратын қызметін
түсінуімен байланыстыра қарастыруы отандық ғылымда маңызды орын алады.
Ғалым еңбегінде нәресте мен үлкендердің арасындағы тілсіз қатынастардың өзі
тіпті нәрестенің психикалық байлығын көбейтетінін көрсетеді. Сонымен қатар
баланың нәресте жасында биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік
факторлардың, яғни оның үлкендермен байланысы негізгі рөл атқара бастайтыны
дәлелденген. Нәрестенің тілінің шығуына даярлық оның 10-12 айлығында
басталатынын және де осы уақытта оннан аса сөз білетінін, сол сөздерді “сөз
сөйлем” деп атайтындығын жазады. Бөбек психикасының одан әрі өрістетуде
оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар екендігін көрсетеді
[20]. Демек, сөйлеу әрекеті онтогенезі тек психологияның зерттеу нысаны
болып қоймай, сонымен қатар адам баласының тілінің шығып қалыптасуында
тілдік компоненттерді қарастырудың бірден бір тиімді жолы және тіл
білімінің зерттеу нысаны бола алады.
Қазақ тіл білімінде сөйлеу онтогенезі лингвистикалық мәселе ретінде
арнайы қарастырылмаса да, қазақ бала тілін педагогикалық тұрғыдан зерттеп,
тілді балабақшада дамыту туралы және тілді дамытудың әдістемелік қыры
ескерілген ғылыми еңбектер баршылық. Осы орайда, қазақ тіл білімі тарихында
тілді оқыту мәселесін сөйлеу әрекеті негізінде теориялық тұрғыдан және
әдістемелік жақтан жан-жақты және алғаш рет қарастырған Ф. Оразбаеваның
“Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі” (2000) атты ғылыми еңбегін
атауға болады [21].
Сөйлеу әрекеті онтогенезі қазақ баласы тілінің шығуы мен дамуы тұрғысында
ғылыми мәселе ретінде теориялық және бақылау тәжірибе жағынан арнайы
зерттеуге арналған тұңғыш ғылыми еңбек Т.Аяпованың “Сөйлеу әрекеті
онтогенезі: синтаксистік семантика”[22] атты докторлық диссертациясы болып
табылады. Аталмыш диссертацияда сөйлеу әрекеті онтогенезін зерттеу адам
баласының тілінің шығуын және қалыптасуын баланың ана тілін меңгеру
заңдылықтарын үздіксіз процесс ретінде ашып қана қоймай, сонымен қатар
басқа ұлт өкілдеріне ана тілінен кейінгі екінші тілі ретінде - мемлекеттік
тілді оқытудың әдістемесіне тиімді ықпал ететіні дәлелденген. Әрине, адам
баласының ана тілін меңгеруі және шетелдік екінші тілді үйренуі - бір-
біріне қарама-қарсы жүретін екі түрлі баѓыт. Дегенмен қазақ баласының ана
тілін меңгеру жолының ұтымды заңдылықтарын, қазақ тілін басқа ұлт
өкілдеріне үйрету процесіне телуге болатындығы іс жүзінде еңбектерде нақты
деректермен дәйектелінген.
Бала тілін зерттеу арқылы жалпы адам баласының тілінің шығып, қалыптасу
және даму барысын анықтауда көп көмек береді. Өйткені әр ұлт өкілдері
балаларының тілінің өзгешеліктеріне қарамастан, жалпы адам баласы тілінің
алғаш шығуында кейбір халықаралық бірліктерін, сөйлеу заңдылықтарын
басқарудағы сәйкестіктерін қарастыруға мүмкіндік берді. Себебі адам
баласының тілінің шығып қалыптасуы- универсальды құбылыс. Бұл құбылыс, яғни
баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі, оның танымының өсуі сөйлеу
әрекеті арқылы іске асады.
Сөйлеу әрекеті мәселесін бірнеше ғылымдардың, мәселен, психология,
антропология, лингвистика және де басқа ғылымдарда қарастыруда тіл зертттеу
нысаны және кілті болып табылады. Олай дейтініміз Ф. де Соссюрдің “надо
самого начало встать на почву “языка” и его считать нормой для всех прочих
проявлений речевой деятельности”,- деген пікірі айқындайды [7,34]. Әр түрлі
ғылым саласында тілді негізге ала отырып сөйлеу әрекеті зерттеу
объектісіне қарай әр қырынан қарастырылады. Мєселен, лингвистикада сөйлеу
әрекеті зерттеу объектісіне орай сөйлеу мен тіл ара қатысы тұрғысынан сөз
етіледі. Тіл мен сөйлеудің ара қатысы мәселесін В.Гумбольдт, кейініректе
А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Фердинанд де Соссюр
[23],[24],[25],[6],[7] көтерген болатын.
Тіл, сөйлеу және сөйлеу әрекеті мәселесін қарастыруға үлкен әсер берген
Ф.де Соссюрдің концепциясы. Отандық және әлемдік ғалымдардың Соссюр идеясын
сынға алуға, толықтыруға, жан-жақты түсіндіруге мазмұндалған еңбектерінің
жарыққа шығуы да осыдан. Ғалым тіл мен сөйлеуді екі тұрғыда қарастырады.
Біріншіден, тіл мен сөйлеуді бір-бірінен ажыраған құбылыс ретінде пайымдап,
тіл - әлеуметтік және маңызды құбылыс, ал сөйлеу- жеке тұлғалық қосымша
және кездейсоқ құбылыс деп сипаттай келе: “ ... тіл сµйлеушініњ іс-єрекеті
емес. Тіл сµйлеушініњ пассивті тіркелген дайын µнімі. Ал сµйлеу жеке
т±лѓаныњ ойлауы мен еркіндігініњ іс-єрекеті, нєтижесі.”- деп, көптеген
ғалымдардың көзқарастарына қарсы шығады. Тіл мен сөйлеудің қарама-
қайшылығын генезисінен, яғни олардың шығу тегінен қарастыра отырып, ғалым
сөйлеу тілден бұрын болды деп тұжырымдайды. Екіншіден, ғалым тіл мен
сөйлеуді түбегейлі бір-бірінен ажыратып тастамайды. Мәселен, “...Сµйлеу
тілдіњ шыѓуына ќажет. Біз µзгелердіњ, яѓни жанымызда ж‰рген адамдардыњ
сµйлеуін ести ж‰ріп ана тілімізді ‰йренеміз. Тіл біздіњ ой-санамызда тек
сан жетпес тєжірибе нєтижесінде саќталады ”[7,38],- деп өзара тәуелділігін
көрсетеді. Сонымен қатар ғалым тілдің психикалық табиғатын да ескереді
[26,183-184]. Ф. де Соссюрдің тіл мен сөйлеу туралы ой пікірлері Б. де
Куртэне көзқарастарымен сәйкес келгенімен Ф. де Соссюр тілді әлеуметтік
құбылыс десе, Б. де Куртэне жеке тұлғалық құбылыс деп санайды.
Тіл мен сөйлеуге берілген терминологиялық шектеулері, бұл-
категориялардың ауқымды сараптамасы, олардың бір-бірімен органикалық
тұрғыдан байланысын В. фон Гумбольдт: “Тіл сөйлеу арқылы жасалады ... ., ал
сөйлеу ой мен сезім арқылы құралады” [23,163],- десе, И.А.Бодуэн де Куртенэ
тіл мәселесіне айрықша мән бере отырып, тілді жеке тұлғалық психологизмінің
негізінде қарастырады: “Язык существует только в индивидуальных мозгах,
только в психике индивидов или особей, составляющих данное языковое
общество” [6, 71],- дейді.
Тіл мен сөйлеудің ара қатысын диалектикалық тұрғыдан қарастырушылардың
бірі А.А.Потебня дыбысты тілдік факті деп есептемейтін Бодуэн де Куртэне
және де басқа ғалымдардың пікіріне қарсы шығып: “ ... действительная жизнь
слова ... совершается в речи”[27,15],-деген сипат береді. Демек, дыбыс тілдің
ажырамас бөлігі және оймен құралады.
Ғалымдар тіл мен сөйлеуді бірлікте немесе дифференциалды түрде алып
қарастырады. В.Гумбольдт тіл мен сөйлеудің антиномиясын зерделей келіп:
“Язык, как масса всего произведенного живой речью, не одно и тоже, что сама
речь в устах народа”- дейді [23,58]. тілдің сөйлеу әрекетінің жеке
актілерінен айырмашылығы, ол бөлек бір бүтіндік ретінде болжанады.
Тіл мен сөйлеу ара қатысы мәселесі қазіргі заманғы ғалымдардың да
назарынан тысқары қалмады. Тіл - сөйлеу дихотомиясын диалектикалық тұрғыдан
А.А.Ломтев және Г.В.Колшанскийлер зерттеді. А.А.Ломтев концепциясы бойынша
тіл мен сөйлеу бөлек-бөлек құбылыстар емес, олар бір құбылыстың әр түрлі
жақтарын құрайды [28,57]. Ал Г.В.Колшанский тіл мен сөйлеуді онтологиялық
тұрғыдан шектемей, екеуінің ара қатысын жалпы мен жекенің бірлігі [29, 24]
дегенді айтады.
Американдық лингвистер Э.Хэмп, Н.Хомский, Дж. Лайонз тіл мен сөйлеу ара
қатысын бір тұтас құбылыс деп сипат береді [30], [31], [32].
Тіл мен сөйлеуді зерттеуде эксперименттің орны - ерекше. Отандық ғылымда
ХІХ ғасырдың 70-шы жылдарында сөйлеу мен тілді эксперимент арқылы зерттеу
шыға бастады. Бұл зерттеулердің алғашқы өкілдері И.А.Бодуэн де Куртенэ және
оның шәкірттері В.А. Богородицкий, Л.В.Щербалар болатын.
Л.В.Щерба сөйлеу әрекетін үздіксіз әрекет деп тауып, және ол сөйлеу
‰рдісі мен тыңдап-түсінуден тұратындығын баса көрсетеді [33, 24].
Л.В.Щербаның ой түйінін С.Д.Кацнельсон, Е.С.Кубрякова сынды ғалымдар
өздерінің жүйелі жұмыстарында ұтымды қолдана білген.
С.Д.Кацнельсон сөйлеу әрекетінің ойлау әрекетімен тығыз байланыста
болатынын қарастыра отырып, сөйлеу әрекеті процесініњ қажетті бастапқы
себептерін ойлау, тіл мен сөйлеу механизмдері арқылы іске асатын сананың
жан-жақты әрекеттері десе [34,101], Е.С.Кубрякова сөйлеу мен сөйлеу
әрекеті терминдерін мағыналас ретінде қарастырып, адам баласы тілінің
шығуын және де оның тілді қабылдап түсінуін, айту мен тыңдау құбылысының,
яғни сөйлеу актілерін қолданыста жүретінін көрсетеді дейді [35, 9].
Сөйлеу әрекетін зерттеуде лингвистің негізгі міндеті не? Ф.де Соссюр
сөйлеу әрекетін зерттеуде лингвистің басты міндетін сөйлеуші мен
тыңдаушының арасындағы қарым-қатынасты тудырушы жеке тұлға әрекетін
бағдарлау және де тілді сөйлеуші субъектінің қызметі ретінде емес, сөйлеу
әрекетінің өнімі ретінде қарастыру керек деп табады [7, 36-38]. Демек, тіл
сөйлеу емес, ол түсіну мен еркіндіктің жеке өнімі болып табылады.
Адам баласының алғаш тілінің шығуын зерттеуге арналған ғылыми жұмыстарды
сараласақ, бала тілі айтылымнан басталады деген қағидаға сүйене отырып
жүргізілген жұмыстар баршылық. Мәселен, В.Н.Овчинниковтің диссертациялық
зерттеуінде сөйлеу онтогенезінде айтылымның құрылымдық-семантикалық түрінің
ерекшелігін бала тіліндегі жағдаят арқылы берілетін айтылымға сүйенеді
[154]. Ғалым сөйлеу әрекетінде синтаксистік компонент баланың психикалық
дамуымен бірлікте, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуінің ұлғаюы
мен күрделенуіне байланысты болатынын сөз етеді. Е.П.Акимованың
диссертациялық зерттеуінде бала тіліндегі жай сөйлемнің синтаксистік
құрылымына жеке талдау жасалып, осы сараптаудың негізінде сөйлеу
механизмдері анықталған [36]. Келесі ізденуші Н.А.Краевская сөйлеу әрекеті
онтогенезінде айтылымның ішкі бағдарламасының семантикалық компонентін
қарастырса [37], Т.Т.Аяпова зерттеуі адам баласының алғаш тілінің шығуы
семантикадан, оның ішінде синтаксистегі семантикадан бастау алатынын ашуға
арналған [22].
Cөйлеу онтогенезінде сөз мағынасын құрылымының ерекшеліктерін зерттеуге
арналған Н.А.Гасицаның диссертациялық зерттеуінде 4-8 жас аралығындағы
балалар тіліне ассоциативті эксперимент жүргізу арқылы сөз мағынасының
қалыптасу механизмдері мен қызметі анықталған [38]. Г.И.Николаенко өз
зерттеуінде лексикалық жүйенің онтогенезін қарастырудың маңыздылығы әр
тілдің лексикалық құрылымын жеке-жеке сараптауды қажет ететінін тілге тиек
ете отырып, орыс және белорус тілдеріндегі лексиканың жүйелі байланысының
қалыптасуын сипаттайды [39].
Қазақ тілінде бұл мәселе, яғни сөйлеу әрекеті онтогенезіндегі сөз
мағынасы Т.Т. Аяпованың диссертациялық жұмысы [22] мен бірқатар мақалалар
жүзінде біршама қозғалған [40],[5],[41]. Алайда зерттеу нысаны толығымен
айқындалды деп айту қиын, әрине. Ал аталмыш мәселеге қатысты зерттеулердің
қай тұрғыдан алғанда да, лексикология саласына қосары мол деп ойлаймыз.
Ресей ғалымдарының жалпы сөйлеу әрекеті онтогенезін зерттеулері бойынша
лингвистика саласында бала тілін бірнеше бағытта қарастырады, олар: баланың
алғашқы сөздері мен айтылымдары туралы теориялық пайымдаусыз құнды
мағлұматтар жинау; арнайы эксперимент арқылы алынған бала тіліндегі үлкен
немесе кішігірім мәселелерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz